Қиссашылардың (қуссас)



жүктеу 254.22 Kb.

бет2/2
Дата04.02.2017
өлшемі254.22 Kb.
1   2

Кейбір күмәнді дәйектерге жауап

Бұл жұмыста қазіргі заман қуссастары өздерін және өзінің негізі әртүрлі қиссалар 

мен әңгімелер болған дағуатын ақтайтын дәйектерді қозғау қажет.

Сөйтіп, олар өзінің негізгі дәйегі ретінде Құранның:

«Қиссаларды баянда, мүмкін олар ойланатын шығар», – деген аятын келтіреді. 

(әл-А’раф 7: 176).

Алайда бұл аятта қуссастар үшін ешқандай дәлел жоқ, өйткені бұл аятта сөз кез-

келген қиссалар туралы емес, ал Аллаһ Тағала Өзінің Елшісіне (Аллаһтың оған 

игілігі мен сәлемі болсын) баяндаған қиссалары туралы болып тұр. Біріншіден, 

бұған аяттың өзі және оған дейінгі аят нұсқайды:

«Оларға берген аяттарымызды сиырып тастаған біреу туралы қиссаны оқып 

бер. Шайтан оған ілесті, және ол адасушы болды. Егер біз қаласақ, оны осы 

арқылы көтермелеп биіктетер едік. Бірақ ол, жерге еңкейіп, өз қалауларын 

мақұлдауға түсті. Ол ит сияқты: егер оны қусаң – ол тілін салақтатады, ал 

оны тиіспей қойып қойсаң да – тілін салақтатады. Аяттарымызды өтірікке 

шығарған елдің мысалы осы. Осы қиссаларды баянда, – мүмкін олар ойланатын 

шығар». (әл-А’раф 7: 175-176).

Екіншіден, бұл жөнінде Құранның мұсылман әлемі мойындаған тәпсіршілері де 

айтады. Имам Ибн Джәрир әт-Табәри бұл аятқа қатысты былай деп айтты: “Аллаһ 

Өзінің пайғамбары Мухаммадқа (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын): «Йә, 

Мухаммад, Біз аяттарымызды сыйлағандар туралы хабарлардан Мен саған баяндаған 

осы қиссаларды баянда. Және Мен саған осы сүреде хабарлаған бұрынғы қауымдардың 

қиссаларын жеткіз!» – деп айтуда”. “Тәфсир әт-Табәри” 10/589.


Сондай-ақ, қуссастар ‘Аишадан келген мына хабарды қисас рұқсат етілгендігі 

ретінде қолданады: ‘Ата былай деп баяндайтын: “бірде мен және ‘Убайд ибн 

‘Умайир ‘Аишаға, Аллаһ одан разы болсын, келдік, және ол: «Бұл кім?» – деп 

сұрады. Ол: «Мен – ‘Убайд ибн ‘Умайир», – деді. ‘Аиша: «Мекке тұрғындарының 



қиссашысы ма?!» – деді. Мен: «Ия, сол», – дедім. Сонда ол: «Мұны сиректеу істе, 

ақиқатында, ескерту – ауыр нәрсе!» – деді»”. Ибн Хиббән 1/58.

Бұл дәйекке сондай-ақ бірнеше ескертулер бар:

Біріншіден, бұл хабарда сөз кез-келген қуссастар жайында емес, ал дәл ‘Убайд ибн 

‘Умайр деген кейбір деректерге сәйкес Аллаһтың Елшісі (Аллаһтың оған игілігі 

мен сәлемі болсын) көзі тірі кезінде туылған атақты табиғин туралы болып тұр. Ол 

– кезінде Мекке тұрғындарының имамы болды, және өзінің салиқалылығымен 

танылып, мухаддистерде сенімді риуатшы (жеткізуші) болды. Сонымен қатар, 

оның мәжілістеріне қисастарға тыйым салатын және қуссастарға қатаң сөгіс 

айтатын Ибн ‘Умардың өзі қатысатын еді деп жеткізіледі! “Тарих әл-Исләм” 3/190, 

“Асад әл-ғабә” 3/353, “әс-Сияр” 4/156.

Имам Ибн әл-Джәузи айтатын: “Ертерек заманда қуссастар ғалым және фақих еді, 

және ‘Абдуллаһ ибн ‘Умар ‘Убайд ибн ‘Умайрдың мәжілістеріне қатысатын, және 

‘Умар ибн ‘Абдул-‘Азиз де қуссастардың мәжілістеріне баратын. Алайда бұл іс тексіз 

болып кетті және надандарға өтті, ал сонда олардан қатындар мен қарапайым 

халықтан басқасының барлығы алыстады. Олар біліммен айналыспады, және 

қисастардан және надандарды таң қалдыратын нәрселерден басы шықпады, содан кейін 

бұл саладағы бидғаттар әртүрлі болды”. “Тәлбису иблис” 1/151.

Сондықтан білімге ие және сенімді адам өзінің құтпаларында кейде қисас 

қолданса, оған тыйым жоқ. Бұл жөнінде, Аллаһ қаласа, келесі тарауда сөз 

жүргізіледі.

Екіншіден: ‘Убайд ибн ‘Умайр қисасқа мұсылмандардың әмірінің рұқсатымен 

ғана жүгінгені – шүбәсіз, мұны Сабит, жеткізген мына хабардан түсінуге болады: 

Қиссаларды баяндайтын алғашқы адам – ‘Убайд ибн ‘Умайр еді, ол мұны ‘Умар ибн әл-

Хаттабтың кезінде істей бастады”. Ибн Са’д в “әт-Табәқат” 5/463.

Ал мұсылмандардың әмірінің рұқсатымен адамдарға уағыз-насихат айтуда қисас 

пайдалануға тыйым жоқтығы жөнінде де, Аллаһ қаласа, келесі тараудан айқын 

болады.


Үшіншіден, бұл хабарда дәл қуссастардың өздеріне арналған насихат бар, өйткені 

‘Аиша ‘Умайрға мұны жиі істемеуге, және осыған деген қажеттілік болған кезде 

ғана сирек қолдануға насихат беріп тұр.

Сондай-ақ, қуссастардың дәйектеріне, Хасан әл-Бәсриен жеткен, мына хабар да 

жатады: “Қисас – бұл бидғат, бірақ жақсы бидғат, өйткені мұнымен оларға жауап 

қайтарылатын қанша намаздар және мұсылман алатын қанша пайдалар болуы 

мүмкін!”

Біріншіден, Хасан әл-Басриден жеткен бұл хабардың сахихтығында 

(сенімділігінде) күмән бар, өйткені дәл соның өзінен көптеген имамдар қиссасты 


сөгетін сөздер жеткізеді! Әбу әт-Таях былай деп баяндайтын: “Бірде мен Хасан әл-

Бәсриге: «Біздің имам қисас айтады, және бұл үшін ерлер мен әйелдер қосылып 

жиналады және дұға етіп дауыстарын көтеріп шығарады», – дедім. Хасан әл-

Бәсри: «Қисас бұл – бидғат, дұға еткенде дауыстарды көтеру бұл – бидғат, және ерлер 



мен әйелдердің ортақ мәжілісі де – бидғат!» – деді.”. “Тахзир әл-хаууәс” 84.

Екіншіден, бұл сөздер Хасан әл-Басриге тиісті болса да, оларда, шүбәсіз, оларды 

рұқсат ететін шарттарымен орындалған қисас туралы айтылуда, ал кез-келген 

қуссастардың кез-келген қиссалары емес!

Сондай-ақ, қуссастардың дәйектерінен бұл – имам Әхмәдтің одан әл-Халләл және 

Ибн Муфлих жеткізген, мына сөздері де: “Адамдар шыншыл қиссашыға 

қаншылықты мұқтаж, өйткені олар өлім мен қабір азабы туралы ескертеді». Одан: 

“Егер сен шыншыл қиссашыны көрсең, онымен бірге отыратын едің ба?!» – деп 

сұрайды. Ол: «Ия», – деп жауап береді.

Біріншіден, Әхмәдтан бұл хабарды көптеген имамдар әртүрлі жеткізеді. Бұл 

хабардың толық сөздері мынау: «Адамдардың ең өтірікшілері бұл – қайыршылар 

мен қуссастар! Адамдар қаншалықты шыншыл қиссашыларға мұқтаж, өйткені 

олар өлім мен қабір азабы туралы ескертеді». Одан: “Егер сен шыншыл 

қиссашыны көрсең, онымен бірге отыратын едің ба?!» – деп сұрайды. Ол: «Жоқ», – 

деп жауап береді. Қараңыз “әл-Хауадис” 112, “Тахзир әл-хаууас” 251, 255.

Сөйтіп, осы хабардан имам Әхмәд қуссастардың арасын ажыратқаны және 

олардың арасынан шыншылдарын ғана бөлек еткені көрініп тұр!

Екіншіден, бұл риуаятта оған: «Шыншыл қиссашымен бірге отыратын едің ба?» – 

деген сұрақ қойылғанда, ол: «Жоқ, отырмайтын едім!» – дегені айтылады. Яғни, 

имам Әхмәд адамдар шыншыл қиссашыға мұқтаж деп айтқанына қарамастан, өзі 

олармен бірге отырмайды және бұған өз уақытын кетірмейді.

Және мұны, сондай-ақ, оның құссастармен бірге отыратын адамға берген мына 

кеңесі де жақсы түсіндіреді: “Бауырыңа айт: ол Құран оқысын, Аллаһ Тағаланы зікір 

етсін және Аллаһтың Елшісінің (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) хадистерін 

үйренсін!” Қараңыз “әл-Мадхәл” 2/149.

Дағуатта қисасты қолдануға рұқсат беретін шарттар 

Жоғарыда айтылғандардың барлығынан дінде негізінде қисас – саләфтар қатты 

сөгетін, тыйым салынған бидғат болып табылатындығы шығады! Мұның себебі – 

қисас бұл – яхудилердің жолы, олар қиссаларды адасушылыққа түскеннен кейін 

пайдалана бастады, бұл жөнінде Пайғамбар (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі 

болсын) былай деп айтқандай: «Ақиқатында, Исраил ұрпақтары опат 



қылынғанда, олар қисса-әңгімелер айтуды бастаған еді». Әбу Ну’айм “әл-Хиля” 

1681, әт-Табәрани “әл-Кәбир” 3705.



Сондай-ақ, мұның себебі – қисас бұл – Пайғамбардың (Аллаһтың оған игілігі мен 

сәлемі болсын) тұсында болмаған діндегі бидғат болуында. Ибн ‘Умар айтатын: 

Пайғамбардың (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) кезінде де, Әбу Бакрдың 

кезінде де, ‘Умардың кезінде де, ‘Усманның кезінде де қисса айтылмаушы еді. Қисса-

әңгімелер алғаш болып бүлік (фитна) орын алған кезде пайда болды«. Ибн Әбу Шәйбә 

5/290, Әбу Ну’айм 164. Хафиз әс-Суюты және шейх әл-Әлбәни сахихтығын 

растады. “Тахзир әл-хаууәс” 60, “Сахих әл-Мәуәрид” 97-111.

Алайда бұл тақырыпқа қатысты жалпы мәтіндер «қисас» пен «қуссас» түсініктері 

өздігінше тыйым салынған еместігіне нұсқайды, және егер оларды шариғат 

бекіткен шекараларда қоданса, онда бұл рұқсат етіледі. Егер уағызшылардың қай 

бірі білімге ие болса және негізінде шақыру ретінде тек Құран мен Сүннетті 

қолданса, алайда әркезде және қажетті моменттерде шындығында да орын алған 

оқиғаны немесе қиссаны келтірсе, оған тыйым жоқ. Бұған дәлел – ‘Али ибн Әбу 

Талибтан жеткен, ‘Абдуллаһ әс-Сәлми былай деп айтқан хабар: “Бірде ‘Али ибн 

Әбу Талиб қисса-әңгімелер айтып отырған адамды көріп, одан: «Сен үкімін 

жоюшы мен үкімі жойылғанды ажырата білесің бе?!» – деп сұрады. Ол: «Жоқ», – деп 

жауап берді. ‘Али (сонда) былай деп айтты: “Онда сен өзіңді және өзгелерді опат етіп 



жатсың!” Әбу Хайсама “Китаб әл-‘илм” 130, әл-Байхақи “Мифтах әл-джәннә” 45. 

Шейх әл-Әлбәни сахихтығын растады.

Имам Ибн Әбу ‘Асым былай деп айтты: “Осыда қиссашының білімін тексеруге 

рұқсат етілгендігіне нұсқау бар”. “әл-Музаккир уә-ттазкир уә-ззикр” 36.

Сондықтан да, имам Ибн әл-Джаузи «әл-Қуссас уәл-музаккирин» деген еңбегінде 

былай деп айтты: “Ақиқатында, қисасты (адамдар) Құран мен фиқхқа залал 

келтіріп, оған салынатындықтан сөгеді, немесе білімге ие болмай қисас 

айтушыларды сөгеді”.

Ал қандай да маңызды уақиғаларға байланысты адамдардың алдына шығып 

қиссалар айтуға келер болсақ, бұған аталған шарттардан басқа, сондай-ақ, 

мұсылман әмірлерінің рұқсаты да керек, бұған Сүннет нұсқау береді! Аллаһтың 

Елшісі (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) айтатын: ««Адамдарға 

қиссаларды мұсылман әмірлерінен, әмір бұйырған адамнан, немесе өзін өзі 

(мақтанып) көрсетушіден басқа ешкім айтпайды!» Әхмәд 6661, Әбу Дауд 3665, 

Ибн Мәжжәһ 3753. Хадистің сахихтығын әл-Хайсами, хафиз әл-‘Ирақи, имам әс-

Суюты, шейх Әхмәд Шәкир, шейх әл-Әлбәни және шейх Шу’айб әл-Арнаут 

растаған.

Әбу ‘Амир әл-Хузани рассказывал: ““Бірде мен Му’ауия ибн Аби Суфянмен бірге 

қажылық жасауға бардым, ал біз Меккеге келгенде оған Бану махзум тайпасынан 

болған бір қиссашы Меккенің тұрғындарына қисса-әңгімелер айтып жүр деген 

хабар жеткізілді. Му’ауия оны алып келуді бұйырды да, ол келтірілген кезде ол 

одан: «Саған мұны істеу бұйырылып еді ма?!» – деп сұрады. Ол: «Жоқ», – деді. 

Му’ауия: «Онда менің рұқсатымсыз адамдарға сөйлеуге сені не итермеледі?» – деді.» 

әл-Хаким “әл-Мустадрак” 1/128, Ибн Наср “әс-Суннә” 51. Иснады хасан.


Мухаммад ибн Сириннен қисас айту өтініш етілгенде ол: «Мен әмір емеспін, және 

мұны маған әмір бұйырмады, сондықтан (мұны істеп) ақымақ боламын ба деп 

қорқамын!» – деді.

Имам Ибн Әбу ‘Асым былай деп айтты: “Егер қусасстардан болған біреу 



мұсылмандардың әмірінің рұқсатынсыз бір нәрсе баяндаушы болса, әмір оған мұны 

істеуге тыйым салу керек! Өйткені, әмірдің келісімінсіз адамдарға қисас айтушы – қу, 

тәкаппар және өзін көрсетуші! Бұл сипаттардың барлығы – күнәлі болып табылады, 

және әмір бұған тыйым салу керек!” “әл-Музаккир уә-ттазкир уә-ззикр” 46.

Сөйтіп, егер бір нәрсені біліміге ие адам баяндаса, және ол шындығында да болған 

нәрсені ғана баяндаса, және мұны сирек жағдайларда ғана істесе, ал оның 

шақыруының негізі – Құран мен Сүннет болса, онда мұнда ешқандай күнәлі нәрсе 

жоқ! Атап айтқанда бұған тарихи уақиғаларды, және сондай-ақ шариғаттың 

қандай да бір үкімін түсіндіру үшін қандай да бір мысалды келтіруді жатқызуға 

болады.

Сондай-ақ, бұл тараудан «қасс» немесе «қуссас» деген атаулар өздігінше сөгіс және 



айыпты болып табылмайтыны айқын болады. Және саләфтардың арасында қуссас 

деп аталатын атақты имамдар мен хадис жеткізушілер бар еді. Мысалы, Ибн 

Хаджәрдың «Тахзиб әт-тахзиб» кітабында былай делінген: «Имам Әхмәд айтатын: 

“Сабит әл-Бунәни хадистердеге сенімділігі куәләнған, және ол қисас айтатын, 

сондай-ақ, Қатада да қисас айтатын”. Имам әз-Зухри ‘Аизу-Ллах ибн ‘Амр туралы: 

“Шам тұрғындарының қасы және қадыйі еді”, -деп айтатын. Сондай-ақ, Са’иде 

ибн Хасан әл-Мәхзуми туралы: “Мекке тұрғындарының қасы еді, ал Ибн Ма’ин, 

Әбу Дауд және ан-Насаи ол туралы былай деп айттын: «Ол шыншыл»”, – деп 

айтты. “Тахзиб ат-тахзиб” 2/3, 4/15, 5/74.

Қорытынды

Са’д ибн Әбу Уәкқас былай деп баяндайтын: “Пайғамбарға (Аллаһтың оған игілігі 

мен сәлемі болсын) Құран түскен кезде ол оны адамдарға ұзақ оқитын, және олар: 

«Йә, Аллаһтың Елшісі, бізге оданда қандай да бір қиссалар айтып берсең еді», – 

деп айтты. Сонда Аллаһ мына аяттарды түсірді:

«Әлиф, ләм, ра. Бұлар ап-айқын Құранның аяттары. Расында, біз мұны арапша 



Құран түрінде, сендер оны түсіну үшін түсірдік. Саған қиссалардың ең 

жақсысын баян етеміз». (Юсуф 12: 1-3). Аллаһтың Елшісі (Аллаһтың оған игілігі 

мен сәлемі болсын) тағы да оны адамдарға ұзақ оқыды, олар былай деп 

айтпайынша: «Йә, Аллаһтың Елшісі, сен бізге қиссалар баяндап бергеніңде болар 

еді». Және сол кезде Аллаһ Тағала:

«Аллаһ аяттары бір-біріне ұқсас және қайталанып отыратын, сөздің ең 

көркемін Кітап түрінде түсірді», – деген аятты түсірді. (әз-Зумәр 39: 23). Ибн 

Әбу Хатим 11323, әл-Бәззар 1152. Хадистің сахихтығын имам әл-Хаким, әз-Захаби, 

шейхул-Ислам Ибн Таймия, хафиз Ибн Хаджар және шейх Муқбил растады.


Мына ұлы хадиске назар аударыңдар, йә, мұсылмандар! Бұл хадисте не нәрселер –

адамдарға пайдасы мол, ең жақсы қиссалар және әңгімелер болып 

табылатындығына айқын нұсқау бар. Өйткені, сахабалар Пайғамбардан 

(Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) қиссалар мен әңгімелер сұраған әрбір 

кезде Аллаһ Тағала оларға не Құранның аяттарын түсіріп отырды, өйткені Құран 

өзіне ең жақсы қиссаларды қамтиды!

Және оларды ешкім сөкпейтін және олардың мәжілістеріне кейбір сахабалар 

қатысқан саләфтардың қатарынан болған қуссастарға да, Құран мен Сүннетке 

негізделмеген қисастағы шектен шығушылықтан сақтандырып ескерту айтылатын. 

Қайс ибн Са’д былай деп баяндады: “Бірде, ‘Убайд ибн ‘Умайр қиссалар айтып 

отырғанда Ибн ‘Аббас келді де, оған:

«Кітапта Ибраһимді еске ал» (Марям 19: 41),

«Кітапта Исма’илды еске ал» (Марям 19: 54),

«Кітапта Идристі еске ал» (Марям 19: 56), – деп оқи бастады”. ‘Абд ибн Хумайд 

“әт-Тәфсир”. Қараңыз “Тахзир әл-хаууәс” 57.

Біз көріп тұрғанымыздай, Аллаһ адамдарды олар мұқтаж болған қиссалар мен 

әңгімелерден үлессіз қалдырмады. Алайда, бұл қиссалар пайда келтіретін 

даналық пен шариғат біліміне толы, ал надандардың ауызынан ауызына өтіп 

жүрген қиссалар мен әңгімелер тақуалыққа, кешірімге және тәубеге шақырса да, 

алайда сонымен бір мезгілде олар, түсінікке ие болмаған адамдар көре алмайтын, 

дінге деген сәйкессіздіктерге толы болады. Бұл олардың жалпы дінді бұрмалаумен 

түсінуін қалыптастырады, ал ол кейіннен адасушылыққа алып келеді.

Шариғат мәтіндері адамның жүрегі мен ақылына бағытталады, және олар бұл 

екеуінің біреуін де тастап қоймайды, ал қиссашылар өз әңгіме-қиссаларында 

негізінен сезімдерге бет бұрады, эмоциялық тұрғыдан рух береді және көз 

жастарын шақырады. Бірақ, қалайша шариғат мәтіндері адамдарды тәубеге, 

зухыттыққа, адамгершілікке және барлық игі нәрселерге талпындыру үшін 

жеткіліксіз болмақ?! Қалайша ислам үмметі ақиқатты ақиқат деп, ал жалғанды 

жалған деп тану үшін, парыздарды қабылдап, күнәлардан бас тарту үшін Құран 

мен Сүннетке залал келтіріп, жан түршіктіретін қиссалар мен әңгімелерге мұқтаж 

болмақ?!

Алайда қиссашылардың проблемасы – шайтан оларды жаңадан дінге келген 

мұсылмандар және кәпірлер Құран мен Сүннетті, олар қиссалар мен әңгімелерді 

қабылдағандай, қабылдамайды деп алдап түсіруінде. Шайтандар оларды надан 

мұсылмандарға таухид, фиқх, харам мен халәл мәселелері туралы дәрістерді 

тыңдау қызық емес дегенге, және осылар оларды діннен бет бұрғызады, тәубе 

етуден алшақтатады және олардың жүрегінде Исламға деген қызығушылықтың 

ұшқынын сөндіреді дегенге иландырады. Сондықтан-да, олар өздерінің 

қиссаларымен және әңгімелерімен осы ұшқынды үлкен отқа айналдырғысы 

келеді. Алайда, олар осындай, сезімдер мен эмоциялардың үстінде жандырылған 



от жалын тез жанғанындай тез өшіп қалатыны туралы ойланбайды. Бұл 

қиссашылар Аллаһтың Елшісі (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) 

кәпірлерді де, мұсылмандарды да, мейлі олар жаңадан діңге келген, мейлі 

тұрақталған мұсылмандар болсын, не арқылы дінге шақырғандығы жайында 

ойлануы керек еді!

Бірақ, тіпті, қуссастардың айтып жатқанын, яғни дінде сауатсыз болған 

мұсылмандарға таухид туралы дәрістерді тыңдау ауыр және олар қиссаларды 

қалайды дегенін жөн десек те, Құранда және Сүннетте қиссалар жоқ па?! Құран 

мен Сүннеттегі қиссалар жеткіліксіз ба?! Бір ғана Құранда пайғамбарлар, 

бұрыңғы өткен қауымдар және жеке адамдар туралы қаншама ғибратты және 

олардан едәуір қызықтырақ болған киссалар бар. Осы қиссалардың барлығы – 

ақиқат ғой, және оларда, қуссастардың сенімділігінде үлкен күмән болған 

көпшілік қиссаларынан айырықша, көптеген пайдалар бар!

Немесе Мухаммад пайғамбардың (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) 

өміртарихынан қиссалар және оның сахабаларының өмірінен алынған көптеген 

уақиғалар. Міне осының барлығы түрлі қиссалардан қызықтырақ ғой, сонымен 

қоса пайғамбардың (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) және оның 

сахабаларының өмірбаяны шариғаттың заңдарын Пайғамбардың өзі (Аллаһтың 

оған игілігі мен сәлемі болсын) және оның сахабалары қалайша түсініп, өмірде 

қолданғанын түсінуге көмектесетін ең маңызды діни білім болып табылады. Имам 

Ибн әл-Джәузи айтатын: “Барлық білімнің негізі және ең пайдалы ғылым – Елшінің 

(Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) және оның сахабаларының өмір тарихын 

(сираны) оқып үйрену болып табылады! 

«Олар Аллаһ оларды тура жолмен жүргізгендер. Ендеше олардың тура жолымен 



жүр» (әл-Ан’ам 6: 90)”. Қараңыз “Сайд әл-хатыр” 64.

Сондай-ақ, осыған салиқалы имамдардың өмірінен деректер де жатады, өйткені 

оларда да көптеген ғибрат пен пайдалар бар. Алайда, осының барлығын баяндау 

үшін, алдымен осының барлығын білу керек ғой, ал қиссашылардың қасіреті – 

олардың игі ниеттерімен қабаттасқан надандығы.

Және, әрине, дінге шақырушы Пайғамбардың (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі 

болсын) және сахабалардың өмірінен барлық уағиларды кез-келген көздерден 

алып айта бермеуі керек, өйткені осындай болған жағдайда, бұл – жалғанды 

сахихтан ажырата алмайтын және өзінің айтып жатқан нәрселерінің сенімділілігін 

зерттеуге басын қатырмай барлық нәрсені жеткізе беретін қуссастардың 

амалдарына ұқсап кетеді. Сондықтан, шақырушы өзінің сенімділігімен танылған 

және тексерілген хабарларға сүйенуі керек.

Және мұсылмандарға тағы бір айтар насихатымыз: егер қандай да бір дінге 

шақырушы мұсылман қисаспен артық әуестенсе, оны адасушылықта айыптап 

одан басқаларды сақтандырып ескертуге асықпау керек, өйткені бұл адам бұл 

мәселенің Исламдағы үкімін білмеуі мүмкін. Оған осыларды жеткізу керек және 

жұмсақтықтықпен, даналықпен оған ол өзінің шақыруының негізі ретінде 


алдыңғы салиқалы буын өкілдерінің түсінуіндегі Құран мен Сүннетті алуын, және 

қиссаларды еш бір жағдайда негіз емес, қосымша ретінде пайдалану керетігін 

насихат ету керек.

Ал Аллаһ Тағала былай деп айтты:

«Және ескерт, өйткені ескерту мүминдерге пайда әкеледі!» (аз-Зәрият 51: 55).

Және соңында Әлемдердің Раббысы – Аллаһқа мадақ айтамыз!

Пайғамбарымыз Мухаммадқа,

Оның отбасына және барлық сахабаларына Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын!

Құдыретті Аллаһ Тағала былай деп айтты:

«Менің азабымнан қорқатындарға Құран арқылы үгіт бер». (Қаф 50: 45).

Әдебиет

1. «


әл-Музаккир уә-ттазкир уә-ззикр» Ибн Әби ‘Асым.

2. «


әс-Суннә» Ибн Наср әл-Маруази.

3. «


Китаб әл-Бида’» Ибн Уәддах әл-Әндәлуси.

4. «


Тахзир әл-хаууәс мин акәзиб әл-қуссас» Джәмалюддин әс-Суюты.

5. «


Тарих әл-қуссас уа асарухум фил-хадис ән-нәбәуи уә әра әл-‘уләмә фихим» Мухаммад 

ас-Саббағ.

6. «

әд-Да’уа илә-Ллах билл-мәу’иза әл-хасана, лә бил-қисас» Са’д әл-Хусайн.

7. «


әл-Әджибә әл-муфидә ән асидә әл-манахидж әл-джәдидә» Салих әл-Фәузан.

8. «Л


әммә дурарул-мәнсур мин қаул әл-масур фил-и’тиқад уә-ссуннә» Джәмәл ибн 

Фурайхан әл-Хариси.

9. «

әл-Кәуәшиф әл-джәлия ли фуруқи бәйнә саләфия уа-дда‘ауәтил-хизбийә әл-бид‘ия» 

Мухаммад ибн Рамазан әл-Хаджири және Халид ибн ‘Абдул-А’ля әл-Мисри.




1   2


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал