Ысмағұлов. Қоныстандыру аймақтарының зерттелуі. //Қазақ тарихы. №1(132), қаңтар-ақпан, 2015. 18 б



жүктеу 59.13 Kb.

Дата26.03.2017
өлшемі59.13 Kb.

 

73 


осының  барлығы  қазақ  халқын  ашаршылыққа  əкеліп  тіреген.  Мысалы,  1921-1922 

жылдары  аштықтан  кейінавтономияның  өз  ішінде  халық  санағы  бір  рет  жүргізілген. 

Бұл  санақ  мəліметтері  мен  1920  жылы  жүргізілген  халық  санағының  мəліметтерін 

салыстырсақ,  жалпы  Қазақстан  халқының  саны  азайғанымен,  тікелей  қазақ  халқының 

саны 371 мың 460 адамға кемігенін байқаймыз. Бұл дерек тарихи демографиялық санақ 

тұрғысынан  алғанда  шындықтан  мүлде  алыс  жатыр.  Ал  шын  мəнісінде  бұл  жылдары 

аштықтан 1 миллионнан аса қазақ қаза тапты. [4, 15]  

Əрбір  тəуелсіз  мемлекеттің  жоғын  түгендеп,  тарихи  санасын  жаңғыртуы  заңды 

нəрсе. Халқымызда «өлі разы болмай, тірі байымас» деген аталы сөз бар. Сондықтан да 

ХХ  ғасырдың  20-30  жылдарындағы  аштық  құрбандарына  арналған  мемориалдық 

ескерткіштерді  əр  қалада  орнату,  аштық  құрбандарын  еске  алу  күнін  белгілеп,  азалы 

күн  ретінде  мемлекеттік  дəрежеде  атап  өту  миллиондаған  құрбандарының  рухы 

жолындағы парызымыздың басы болады. 

 

 



 

Əдебиет: 

1.

 



Қарақат Белгінова. Қазақстанға қоныс аударылған халықтар. //Қазақ тарихы. №4(121), шілде-

тамыз, 2013. – 36 б. 

2.

 

Тəттігүл Картаева. Тарихи демография. Алматы, 2012. – 73 б. 



3.

 

Досалы Салқынбек. Тарихи демография. //Қазақ тарихы. №4(97), шілде-тамыз, 2009. – 5 б.  



4.

 

Ұзақбай  Ысмағұлов.  Қоныстандыру  аймақтарының  зерттелуі.  //Қазақ  тарихы.  №1(132), 



қаңтар-ақпан, 2015. – 18 б. 

 

 



 

УДК 811.512.122 (075.8) 

 

«ЖАҢА ИННОВАЦИЯЛЫҚ ОҚЫТУ - БІЛІМ 

БЕРУДІ ЖАҢА САПАМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДІҢ КЕПІЛІ» 

 

Тұрбекова Ұ.Қ., ф.ғ.к., доцент 

(Л.Б.Гончаров атындағы Қазақ автомобиль-жол академиясы) 

 

 



 

Бүгінгі  ғаламдану  кезеңінде  Қазақстан  Республикасының  білім  беру  жүйесін 

əлемдік  білім  беру  кеңестігінің  даму  тенденциясынан  ажыратып  қарастыру  мүмкін 

емес.  Əлемдік  білім  кеңістігіне  толығымен  кірігу  білім  беру,  даму  жүйесін 

халықаралық деңгейге көтеруді талап ететіні сөзсіз. 

Елбасымыз  Н.Ə.  Назарбаевтың  Қазақстан  Республикасының  2015  жылға  дейінгі 

білім  беруді  дамыту  тұжырымдамасының  жобасында:  қазіргі  білім  берудегі  басты 

мəселе-білім  мазмұнына  жаңалық  енгізудің  тиімді  де  жаңа  əдістерін  іздестіру  мен 

оларды жүзеге асыра алатын болашақ мамандарды даярлау екенін [1]. атап айтқандай, 

заман  талабына  сай  оқыту  мен  тəрбиенің  соңғы  түрлерін  жедел  игеріп,  кəсіби 

шеберлікті  ұштап,  оқытудың  жаңа  технологияларын  меңгермейінше  сауатты,  жан-

жақты  маман  болу  мүмкін  емес.  Еліміздің  білім  моделі  ұлттық  идеяға,  ұлттық 

құндылықтарға  негізделіп  құрылып,  ұлт  мүддесін  басым  бағытта  бере  отырып 

дамытылуы тиіс.  

Инновация  сөзі  латын  сөзінен  аударғанда  жаңалықты  ендіру  деген  ұғымды 

білдіреді. Ал инновациялық оқыту дегеніміз – жаңалықты ашу, оны игеру жəне өмірге 



 

74 


енгізу.  Қазіргі  кейбір  жаңалық  жүйесі  ескінің  айналып  келуі  немесе  өзгеріске  еніп 

қайталануынан  туған  мəселелер.“Инновация”  ұғымын  қарастырсақ,  ғалымдардың  көбі 

оған əртүрлі анықтамалар берген. Мысалы, шетелдік Э.Раджерс инновацияны былайша 

түсіндіреді:  “Инновация-  нақтылы  бір  адамға  жаңа  болып  табылатын  идея”[2].  десе, 

п.ғ.д.,  профессор  Р.Р. Масырова:“Жаңару  –  белгілі  бір  адам  үшін  əділ  түрде  жаңа  ма, 

əлде ескі ме оған байланысты емес, ашылған уақытынан бірінші қолданған уақытымен 

анықталатын жаңа идея» [3]. деп түсіндіреді.  

Жаңа  инновациялық  оқыту  технологиясы  кəсіптік  қызметтің  ерекше  түрі  болып 

табылады.  Оқыту  технологиясы  -  дегеніміз  ғылым  мен  техниканың  жетістіктері 

негізінде  оқыту  қызметін  оптимизациялау.  Ал  «инновацияға»  келетін  болсақ  ол 

педагогикадағы жаңа бағыт.  

Əрбір  педагогтің    инновациялық  іс-əрекетін  қалыптастырудың  педагогикалық 

шарттары:  инновация туралы білімі; инновацияны жан-жақты меңгеру; инновациялық 

іс-əрекет 

диагностикасын 

меңгеру; 

инновацияны 

тəжірибеге 

ендіру 

жұмыстары;инновацияны  практикада  дұрыс  қолдану  болып  табылады.    Сондықтан 

тұлғаның  қабілетіне  қарай  білім  беруді,  оны  дербестікке,  ізденімпаздыққа, 

шығармашылыққа  тəрбиелеуді  жүзеге  асыратын  жаңартылған  педагогикалық 

технологияны  меңгеруге  үлкен  бетбұрыс  жасауымыз  қажет.Инновациялық  оқыту 

технологиясын меңгеру үшін педагогикалық аса зор тəжірибені жұмылдыру қажет. 

Өткен  тарих  парақтарына  үңіле  қарасақ,  мұғалім  өзін  үнемі  жетілдіріп  отыруы 

қажеттігін  қазақтың  ағартушы  ғалымдарының  көрнектісі  А.Байтұрсыновтың  мына 

пікірінен көреміз: «Бала оқытуын жақсы білейін деген адам, əуелі балаларға үйрететін 

нəрселерін  өзі  жақсы  білерге  керек,  екінші  -  баланың  табиғатын  біліп,  көңіл  сарайын 

танитын  адам  боларға  керек.  Оны  білуге  баланың  туғаннан  бастап,  өсіп  жеткенше 

тəнімен  қатар  ақылы  қалай  кіретін  жолын  білерге  керек.  Баланың  ісіне,  түсіне  қарап, 

ішкі  хəлінен  хабар  аларлық  болу  керек»  [4].  Бұл  пікірдің  қазіргі  таңда  да  əдістеме 

ғылымы  үшін  өзгермейтін  заңдылық  екені  даусыз.Əсіресе  теорияны  практикамен 

бйланыстыруда  негізгі  ақпарат  көзі  болып  табылатын  арнайы  пəндерді  инновациялық 

технологияларды  пайдалана  отырып  жүргізу  білім  сапалылығын  арттырып  қана 

қоймай,  білім  алушының  танымдық  көзқарасын  да  кеңейтеді.Сондықтан  əрбір 

оқытушыға  жəне  оқушыға  "оқыту"  мен  "үйрену"  процестерін  игеру  үшін  3  тілді 

меңгеруі қажет: ана тілін, ғылым тілі жəне технология тілі. Ол бүгінгі заман талабы.   

Іс – тəжірибемде аудиториядағы өзге ұлт студенттеріңе қазақ тілінен сабақ беруде 

ақпараттық  –коммуникациялық  технологиялардың  барлық  мүмкіндіктерін  пайдалана 

отырып,  олардың  ынтасын  жəне  қабылдау  жылдамдығын  ескеру  арқылы  оқыту 

процесінде интерактивті құрылғылардың мүмкіндіктерін пайдаланамын.  

Білім  алушылардың  шығармашылық  жұмысын  ұйымдастыру  төрт  кезеңге  бөлу 

керек: 


1.

 

Білім  алушы  жұмысты  бастамас  бұрын  оның  негізгі  мақсатын  айқындап  алуы 



керек 

2.

 



Білім алушы интернеттен алынған материалды сұрыптау алуды үренуі керек 

3.

 



Білім алушы өз бетінше жұмыс істеуге дағдылануы керек 

4.

 



Білімалушы  өзінің  іздеп  тапқан  материалын  слайд,  проект,  флипчарт  арқылы 

қорғауға дайындала алуы керек. 

А.Эйнштейннің  «Мен  шəкірттерімді  ешқашан  да  үйретпеймін;  мен  тек  олардың 

үйренуіне  тиімді  жағдайлар  жасауға  тырысамын»  [5].  -  дегеніндейқазіргі  сабақ  

бұрынғы  дəстүрді  жоғалтпаған,  өзекті,  заман  сабағы  болуы  керек.Бүгінгі  күні  

интербелсенді  оқыту  іскерлік  пен  ынтымақтастықты,  білім  алушылардың    мүдделері 

мен 

қызығушылығын, 



өзара 

сыйласымдылығын 

бірлескен 

іс-əрекеттерге 

негізделетіндіктен  қазіргі  уақытта  керекті,  қажетті  жəне  қоғамның  талаптарын, 


 

75 


қоғамдық  сұранысты  жүзеге  асыратын  сабақ  болуы  керек.  Қандай  пəнді  болмасын 

оқытудың  негізі  ең  алдымен,  оның  ғылыми  мəнін  саралаудан  басталатыны  заңды 

құбылыс.Бұлай  етпей  тұрып  оқытудың  əдіс-тəсілдерін,  үйрету  жолдарын  анықтау 

мүмкін  емес.  Ендеше,  инновациялық  технологиялар  арқылы  қазақ  тілі  сабақтарын 

тиімді  ұйымдастыру  жолдарын  меңгеру  үшін  əуелі  осы  инновациялық  оқытуды, 

технология,  оқытудың  жаңа  технологияларының  өзіндік  заңдылықтары  неге  сүйенеді 

деген  ғылыми-теориялық  жүйені  тұжырымдап  алу  маңызды.Ұстаз  студенттердің  кез 

келген өзіндік ұстамын қабылдауы қажет. 

Тіпті  шəкірттердің  пікірі  қолданыстағы  даусыз  пікірлерге  қайшы  болса  да. 

Оқытушының  бұл  жердегі  негізгі  ұстанымы  «Мен  Сізбен  келіспеймін,  алайда  Сіздің 

пікіріңізді  сыйлаймын!»  сыңайда  болғандығы  дұрыс.  Егерде  студенттің  пайымдауы 

қате  немесе  жаңсақ  болса,  оны  оқытушының  өзі  түзетуге  ұмтылмай,  Сократтың 

«майевтика»[6]. əдісіндегідей «Ал егерде Сіздің пікіріңіз дұрыс болмаса ше? Егер олай 

болмай, бұлай болса ше? Ал егер былай жасаса, не өзгерер еді? Мүмкін былайша болуы 

қажет  болар,  Сіз  қалай  ойлайсыз?  Бұл  жерде  мен  (немесе  басқа  автор,  ғалым,  маман) 

мынандай  ұсыныс  жасайын,  ал  сіздер  оның  дұрыс-бұрыстығын  қалайша 

дəлелдейсіздер?»  деген  секілді  сұрақтар  қойып,  студенттерге  (студентке)  өз  қателерін 

өздері  түзету  мүмкіншілігін  беру  керек.  Немесе  осы  жұмысқа  басқа  студенттерді 

«Сіздер  алдыңғы  айтылған  пікірмен  келісесіздер  ме?  Олпікірге  қандай  өзгерістер 

енгізередіңіздер?  Ол  пікірдің  оң  жəне  теріс  жақтары  қандай  деп  ойлайсыздар?»  деген 

сынды сұрақтар арқылы жұмылдырған дұрыс. 

Конфуций  еңбек  процесін  ұйымдастырудың  барысында  үнемділік  пен 

тиімділіктің  маңызын  ерекше  атап  көрсетеді.  Оның  пікірінше,  табысқа  білімділік  пен 

ғылымы  барлар  тез  жетеді.  Конфуцийдің  осы  ойына  назар  салсақ  «тыңдай  білу, 

сыйластық – үлкенге құрмет – еңбекқорлық – білімқұмарлық»[7].сияқты құндылықтар 

жинақтала синтезделініп адамгершілік деген аса мəнді адами сапаны жасайды екен. 



1.  Жағымды  психологиялық  климат  құру  –  аудиториядағы  əр  сабақтың  жəне 

жалпылама алғанда бүкіл білім игеру процесінің басты мақсаты, яғни: 

-  үйрену  процесіне  қатынасушылардың  əрқайсымен  өзара  сыйластық  пен  сенімге 

негізделген жеке қарым-қатынас орнатуға мүдделі болу; 

-  əрбір  студент  пен  бүкіл  топ  жұмысына  көмек  пен  жəрдем  жасау,  қол  ұшын  беруге 

дайындық, əрбір пікірді тыңдай білу, оны сыйлау жəне онымен санасу; 

- жұмысқа əртүрлі тəсілдер мен құралдарды қолдану арқылы үнемі жаңалықтар енгізіп 

отыру; 


-  шығармашылыққа  негізделу,  шығармашылық  тұрғыдан  қатысушылардың  ашылуына 

мүмкіндік беру; 



2. Мотивация тудыру жəне қызығушылықты ояту түсінігі: 

Мотивация  -  əр  үйренушінің  білімге  деген  қажеттілігі  мен  мұқтаждығы, 

құлшынысы мен ұмтылысы, ынтасы мен көңілі, қызығушылығы мен құмартушылығы, 

оның  білім  процесінде  алдына  қойған  мақсаттары  мен  мүдделері.  Осы  орайда,Ж. 

Аймауытовтың  «Сабақ  беру  –  үйреншікті  жай  шеберлік  емес,  ол  –  ҥнемі  жаңадан 

жаңаны  табатын  өнер»[8].

-

деп   айтқанындай,үйренген    жаңалығымызды   қолдана  



білуіміз  –ол   əр   ұстаздың  өз   еншісінде.Мотивацияны  тудырмай,  қызығушылықты 

оятпай тақырыпты терең игеру мақсатына жету екіталай. 

-

 

əр  тақырыптың  басында  «мен  осы  тақырып  бойынша  не  білемін?  Не  білгім 



келеді?  Бұл  білім  маған  қалайша  жəне  қаншалықты  қажет  болады?»  деген 

сұрақтарға жауап іздеу орынды; 

-

 

сабақта алған білімдердің практикалық маңызына ерекше көңіл бөлу керек. Əр 



сабақ прагматикалық (пайда тұрғысынан) сипат алуы керек; 

-

 



студенттерді қолпаштап, қолдап отыру керек; 

 

76 


-

 

мұғалім өзі де шабыттанып, сол көтеріңкі күйін студенттерге  көрсетуі керек; 



3. Сəттілікке бағытталу - өмірге оптимистік көзқарас қалыптастыру. 

- басты назарды жұмыстың сəтті шыққан жерлеріне аудару; 

-  жіберген  қателерді  кемшілік  ретінде  қабылдамай,  оларды  үйренудің  заңды 

көрінісі деп түсіну, қателерді түзетуді студенттердің  өздеріне тапсыру; 

-«сөйлеу»  ұғымын  «əңгімелесу»  ұғымымен  алмастыру,  «ұстамды»,  «сабырлы» 

қарым-қатынастық тəсілдерді қолдану; 



4.  Бірлескен  топтық  жұмыс  –  əрекеттесу,  қарым-қатынас,  бірлесе  жұмыс 

істеу.  Қарым-қатынас  дегеніміз-  өзімізді  басқаларға  бейімдеу,  яғни  өзгенің  пікіріне, 

идеяларына, көзқарасына, мінезіне бейімделу. 

- қарым-қатынас жасау жəне өзара əрекет ету машығын дамытады; 

- топтың бағалық-бағыттаушылық бірлігін қалыптастырады; 

- студенттер  арасында еркіндік жəне сенім атмосферасы қалыптасады; 

-  студенттер  топ  жұмысында  позитивтік,  конструктивтік,  шығармашылық 

қағидаларды ұстанады. 

Осындай  топта  бірлесіп  жұмыс  жасап  үйренген  студенттердің  тəжірибемде  қол 

жеткізген нəтижелері: 

-студенттің ең алдымен есте ұстау қабілетінің жоғарылауы; 

-ойлау арқылы өз ойларын жетік жеткізу; 

-сабақта өз бетімен бақылаусыз отырғаннан гөрі, студенттің  жұмыс басты болуы; 

-бір нəрсені үйренуге саналы түрде қызығушылығының оянуы; 

 - уақыт үнемделеді, үнемделген уақыт қосымша тапсырмалардыорындауға 

жағдай жасайды.т.б. 

Қорыта  айтқанда,  инновациялық  технологиялардың  қай  түрін  алсақ  та,  олардың 

тиімділігі  тек  қана  мұғалімнің  шеберлігімен  жəне  осы  шеберлікті  шыңдай 

түскендігімен ғана шын күшіне ие бола алады. 

ЕгеменҚазақстанның  келешегі  жастарымыздың    қолында,  ал  жастарымыз    – 

ұлттың  ұлт  болып  қалуының  кепілі.Соған  сай  ұстаз  —  ізденімпаз  ғалым,  нəзік 

психолог,  тынымсыз  еңбеккер,  ортаның  ұйтқысы,  жан-жақты  шебер,  терең  қазыналы 

білімпаз,  гуманист,  белсенді  патриот  болғанда  ғана  қоғамның  білікті,  жоғарғы 

мəдениетті, шығармашылығы жоғары азаматтарды қалыптастырып, тəрбиелейтінімізге 

нық сенімдімін. 

 

 

 



Əдебиет: 

1.

 



«Қазақстан – 2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты //Ел Президенті 

Н.Ə.Назарбаевтың 2012 жыл 14-желтоқсандағы Қазақстан халқына Жолдауы. 

2.

 

Раджерс Э.Иновация туралы түсінік.-//Қазақстан мектебі, №4,2006. 



3.

 

Масырова  Р.Р.  Инновации  в  среднем  общем  образовании  Казахстана:  анализ  и  тенденции 



развития. Монография. – Алматы:КазГосЖенПИ, 2008. – 320 с. 

4.

 



Байтұрсынұлы А. Бес томдық шығармалар жинағы. Алматы, 2003-2006 ж. 

5.

 



Эйнштейн. А.  Собрание научных трудов, т. III. М., «Наука», 1966. 

6.

 



«Сократ,  Платон,  Аристотель,  Сенека»  Жизнь  замечательных  людей,  биографическая 

библиотека Ф. Павленкова. Москва, Издательство «Республика» 1995. 

7.

 

Конфуций. Уроки мудрости: Сочинения. – М.: Экомо-Пресс, 1999.  



8.

 

Ж.Аймауытов Тəрбиеге жетекші. Орынбор 1924 ж. 



 

 

 



 

 




©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал