Ислами әдебиеттің жанрлық ерекшеліктері



жүктеу 76.93 Kb.

Дата09.09.2017
өлшемі76.93 Kb.

94 

 

ИСЛАМИ ӘДЕБИЕТТІҢ ЖАНРЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ  



(Мұхаммед пайғамбардың көркем образы негізінде) 

 

Т. Қыдыр 



филология ғылымдарының кандидаты, доцент 

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ 

Қазақстан Республикасы, Алматы қ. 

kydyr_77@mail.ru 

 

Аңдатпа. Мақалада Ислами әдебиеттің жанрлық ерекшеліктері туралы сөз болады. Ортағасырлық түркі 

жазба ескерткіштерінен мысалдар келтіріліп, діни шығармалардың жанрлық ерекшеліктері кеңінен талданады. 



Аннотация.  В статье рассматриваются жанровые особенности духовной литературы казахских народов. 

Приводится  примеры  из  средневековой  письменной  литературы  и  анализируется  жанровые  особенности 

художественного произведения. 

 

Мұхаммедтің  (с.ғ.с.)  ардақты  тұлғасы  мен  көркем  мінезін,  ерекше  қасиеттері  мен 



пайғамбарлық  мұғжизасын  насихаттау  мұсылман  шайырларының  басты  назарында  тұрды. 

Исламның  алғашқы  жылдарында  араб  тілінде  жазылған  мадақ  жырлар  бертін  келе  Ислам 

дінінің  таралу  аймағының  кеңеюімен  ажам  (арабтан  өзге  халықтар)  халықтарының 

тілдерінде де көрініс тапты. Әсіресе, парсы мен түркіден шыққан шайырлар Алла елшісінің 

асыл  қасиеттерін  асқақтата  жырлап,  мұсылман  үмбетінің  жүрегінде  пайғамбарға  деген 

сүйіспеншілікті  оята  білді.  «Он  сегіз  мың  ғаламға  басшы  болған  Мұхаммед,  Отыз  үш  мың 

асхабқа  көсем  болған  Мұхаммед»  деп  жырлаған  Ахмет  Иасауи  қыпшақ  даласында 

пайғамбарды  мадақтаған  алғашқы  ақындардың  бірі  болды.  Осылайша  Мұхаммедтің  (с.ғ.с.) 

асыл  қасиеттерін  өлең  сөзбен  өрнектеу  –  түркі  жазба  әдебиетіндегі  басты  тақырыптардың 

біріне айналды. Иасауи секілді шайырлар пайғамбарды мадақтап арнайы даналық сөз жазса, 

кейбір ақындар өз шығармаларында Аллаға мадақ, пайғамбарға салауат айтып өтуді өздеріне 

міндет  санады.  Содан  ортағасырларлық  ақындарда  әуелі  Алланың  барлығы  мен  бірлігін 

айтып  ұлықтау,  кейін  пайғамбардың  ерекше  сипаттарын  айтып  мадақтау,  шығарманың 

жазылу  себебін  ашып  көрсету,  содан  соң  ғана  негізгі  бөлімге  кірісетін  дәстүр  қалыптасты. 

Ислам  өркениетінің  аясында  дүниеге  келген  діни-сопылық,  діни-танымдық  шығармаларды 

айтпағанның  өзінде,  ғашықтық  һәм  дидактикалық  туындыларда  да  бұл  дәстүр  қатаң 

сақталды.  Яғни,  шығарманың  бас  жағында  пайғамбарға  мадақ  айту  –  орта  ғасырлық  әдеби 

ескерткіштердің  негізгі  құрылымдарынан  саналды.  Ақындар  өз  туындыларындағы  Алланы 

ұлықтаған жерді «Сәна» (яғни, ұлықтау, мадақтау) деп атаса, ал пайғамбарға мадақ айтылған 

жер «Нәғт» деген атпен белгілі болды. Нәғт – сөздікте біреуді мақтау, мадақтау деген мағына 

бергенімен  де,    көркем  шығармада  тек  пайғамбардың  тұлғасына  ғана  қарата  қолданылды. 

Мысалы, «Құтты білікте» Жүсіп Баласағұн: 

Рахымды ием пайғамбарын жіберді, 

Кісі ізгісі, ел сарасы жігерлі. 

Түнек түнде шамы болды халықтың

Саған, жұртқа нұрын шашты ол жарықтың. 

Ол Алланың жаршысы, ерім, білгейсің, 

Сен содан соң тура жолға кіргейсің [1, 67]. 

деп Алла елшісін асқақтата жырласа, Ахмет Жүйнеки «Ақиқат сыйында» Мұхаммедке 

(с.ғ.с.) былайша салауат жолдады: 

Оны мадақтап тәтті етемін бұл тілді

Оның мадағы шекер татырар ұртымды.  

Бүгін жетсін менен салауат сан көркем, 

Жаратушым менің қамымды жесін таңертең [2, 7]. 

Көркем  шығармалардағы  Алла  елшісінің    асыл  қасиеттерінің  кейбірін  бірнеше  бәйіт 

көлемінде  айтып  өту  –  нағт  деп  аталса,  пайғамбардың  өнегелі  өмір  жолын  тұтас  қамтыған 

туындылар  –  Сияр  (жол,  әдіс,  тұлға,  келбет)  деген  атпен  жазылды.  «Сирәтун-нәби» 

(«Пайғамбар  жолы»),  «Сиәри  нәбәуи»  («Пайғамбарлық  жол»),  «Сияр  шәріп»  («Қасиетті 



95 

 

жол»)  деген  атпен  танымал  болған  мұндай  шығармалар  мұсылмандар  арасында  кеңінен 



сұранысқа  ие  болған.  Себебі  Алла  елшісінің  өнегелі  өмір  жолын  оқып-үйрену  –  тек  сауап 

қана  емес,  сонымен  бірге  мұсылмандар  үшін  мәнді  де  мағыналы  өмір  сүрудің  негізі. 

Хронологиялық  тәртіппен,  жүйелі  түрде  баяндалған  мұндай  туындылар:  Алла  елшісінің 

туылуы, пайғамбарлықтың келуі, Меккеден Мединеге һижрет етуі, Миғражға көтерілуі және 

дүниеден өтуі секілді негізгі бөлімдерден тұрады. Сияр шығармалар қара сөзбен (проза) де, 

өлең сөзбен (поэзия) де жазылды.  

Түркі  жазба  тілінде  пайғамбар  өмір  жолын  тұтас  қамтыған  алғашқы  шығарма  Алтын 

Орда  тұсында  дүниеге  келді.  Араб  тарихшысы  Әбулхасан  ибн  Хишамның  «Сияри  нәбәуи» 

деген  еңбегі  1388  жылы  Мұстафа  ибн  Жүсіп  тарапынан  көркем  тәржімаланып,  сол  заман 

билеушісі  Барқуққа  сыйға  тартылды.  Содан  ХХ-шы  ғасырдың  басында  Шәді  Жәңгірұлы 

«Сияр шәріп» дейтін шығарма жазып, әдеби дәстүрді қайта жалғады.  

Сираның халыққа мәлiм көп сырлары, 

Төменде бiлдiремiн айтып оны. 

Осындай ұлық iске қол ұрды деп, 

Артымнан қылмаңыздар өсек менi. 

Себебi кiтап болған хикаяның, 

Әртүрлi сөз айтады iшiнде оның. 

Расулдың туылғанынан өлгенінше, 

Сирадай  зiкiр  айламас  тамам  бәрiн,  [3,  282]  -  деп  жырлаған  ақын,  пайғамбардың 

ғибратқа  тола  ғұмырын  өлең  сөзбен  өрнектеп  шықты.  Бұл  шығарма  қадими  услубпен 

жазылғандықтан да, барша түркі мұсылман жұртына белгілі болды. 

Әдетте, ақын не жазушы өзінің қиялындағы «ұлы» кейіпкерін жасау мақсатында оның 

өмірінің  кейбір  сәттерін  бұрмалап,  тым  әсірелеп  жататын  тұстары  да  болады.  Алайда 

пайғамбардың  өнегелі  өмір  жолын  суреттеуде  әдеби  шығармалардың  талабымен 

көркемдеуге,  әсірелеуге  рұқсат  етілгенімен  де,  тарихи  оқиғаларды  бұрмалауға,  артық-кем 

мәлімет қосуға, Алла елшісі айтпаған сөздерімен жалған диалог құрастыруға тиым салынған. 

Мұндай  күнәлі  істен  аулақ  болуы  үшін  сияр  тақырыбына  баратын  жазушылар  мына  үш 

дерекке  арқа  сүйеген:  Қасиетті  Құран,  пайғамбар  хадистері  және  ғалым-ғұламалардың 

зерттеулері. Сондықтан да ақындар көбінесе белгілі бір ғалымның сенімді еңбегін көркемдеп 

бергенді  жөн  көрген  және  шығарманың  «Тәлиф-е  сәбәб»  яғни  «Жазылу  себебі»  деген 

бөлімде қандай еңбектерге сүйеніп жазғанын ашып көрсетуге тырысқан. Мысалы, жоғарыда 

айтып  өткен  Шәді  ақын  «Бiр  кiтап  «Алты  бармақ»  қойған  аты,  Сирадан  алынған-дүр  асыл 

заты.  Шығарып  бұл  кiтапты  одан  айттым,  Мұғтабар  болғандықтан  риуаяты»,  [3,  ??]  -  деп, 

өзінің «Сияр шәріп»деген шығармасын қай деректер негізінде жазылғанын ашып айтқан. 

Мұхаммедтің (с.ғ.с.) ғибратқа тола ғұмыры сияр тақырыбындағы шығармалардан бөлек 

пайғамбарлар  тарихынан  сыр  шертетін  «Қиссаларда»  да  кеңінен  баяндалған.  Әдетте, 



«Қиссасул-әнбия»  яғни  «Пайғамбарлар  қиссасы»  деп  аталатын  прозалық  һәм  поэзялық 

туындыларда Адам атадан бастап, Мұхаммедке (с.ғ.с.) дейінгі аралықта өмір сүрген жиырма 

бес  пайғамбардың  өмір  тарихы  беріледі.  Адам  ата,  Нұх,  Лұт,  Ибраһим,  Дәуіт,  Сүлеймен, 

Мұса, Иса секілді Алла тарапынан өз қауымдарына жіберілген пайғамбарлар көшінің соңғы 

өкілі  ретінде  Мұхаммедтің  (с.ғ.с.)  ғибратты  ғұмыры  да  «Қиссалардың»  қатарынан  орын 

алған.  Мысалы  ретінде  ХІV-ші  ғасырда  түркі  тілінде  жазылған  Бурһануддин  Рабғұзидың 

«Қиссасул-әнбия»  (кейде  «Қиссаси  Рабғузи»  деп  те  аталады)  [4]  атты  туындысын  ерекше 

атап өтуге болады.   

Екі  дүние  сәруары  болған  Мұхаммедтің  (с.ғ.с.)  өмір  жолы  туралы  шығарма  жазу  – 

шығармашыл адамнан терең діни біліммен қатар, тиянақтылық пен ыждағатты да қажет етері 

анық. Сондықтан да көптеген шайырлар Алла елшісінің өмірін бастан-аяқ баяндап шықпаса 

да,  оның  өмірінің  ең  әсерлі  тұстарын  әдемі  суреттеп  беруге  тырысқан.  Пайғамбардың 

ғибратқа  тола  ғұмырының  ішіндегі  сондай  ең  бір  жарқын  тұстарының  бірі  –  Миғраж 

оқиғасы.  Пайғамбардың  пыраққа  мініп,  бір  түннің  ішінде  жеті  қат  көкті  шарлап  шыққаны, 

Сидрәтул-мунтаһада Жаратушымен дидарласқаны – Алла елшісінің негізгі мұғжизаларының 

бірі.  Сол  түні  Исламдағы  негізгі  құлшылық  амалдарынан  саналатын  бес  уақыт  намаз 



96 

 

мұсылмандарға  парыз  болып  бекітілген  әрі  Мұхаммедке  (с.ғ.с.)  о  дүниеде  өз    үмбетіне 



шапағат  ету  хұқықы  берілген.  Сондықтан  да  бұл  тақырыпқа  көптеген  шайырлар  ат  басын 

бұруға тырысқан. Тіпті пайғамбардың өнегелі өмір жолын бастан-аяқ жырлаған ақындар да, 

Миғраж оқиғасына жеткен уақытта, қайтадан «Тәсмие» айтып, («Бисмиллә», яғни Алланың 

атымен)  жаңа жолдан бастап отырған.  

Өлең сөзбен өрнектелген «Миғражнамалар», негізінен, үш композициядан тұрады:  

Біріншісі,  Исра.  Алла  елшісінің  бір  түннің  ішінде  пырақтың  көмегімен  Меккеден 

Мешіт Ақсаға баруы, онда екі ракағат намаз оқып, одан ары көкке қарай жол тартуы;  

Екіншісі,  Миғраж.  Онда  Мұхаммедтің  (с.ғ.с.)  көкке  ұшуы,  пайғамбарлар  һәм 

періштелермен сұхбаттас болуы, Сидратул-мунтаһаға жетіп, Алла дидарын көруі;  

Үшіншісі,  Нузул,  яғни,  пайғамбардың  жолда  келе  жатып  бірнеше  оқиғаларды  көруі, 

содан өз үйіне қайта келуі.  

Осылайша образдарының саналуандығы және сюжеттерінің тартымдылығымен көркем 

шығармаға  сұранып  тұрған  Миғраж  оқиғасы  шығыс  мұсылман  әдебиетінде  кеңінен 

жырланды.  Сондықтан  да  орта  ғасырлық  әдеби  ескерткіштерді  зерделеген  ғалымдардың 

кейбірі «Миғражнаманы» діни әдебиеттің жеке бір жанры ретінде де қарастырған.  

Түркі  халықтарының  ішінде  бұл  тақырыпқа  алғаш  барып,  «Миғражнама»  деген 

шығарма жазған Сүлеймен Бақырғани болатын.  Ол ХІІ ғасырда: 

Құл Сүлеймен хош айтты, 

Расул миғражын жайды, 

Расул миғражын айтып, 

Досына жәдігер қойды-йә, [5, 421] -  

деп жырласа, ХХ ғасырда  Мәшһүр Жүсіп: 

Әуелі бисмиллада сөзім басы, 

Тыйылмас булықса да көздің жасы. 

Миғражын әнхазіретінің тамаша қып, 

Сөйлеген ақын Мәшһүр хикаясы, - 

деп, Миғраж оқиғасын қазақ даласында қайта жаңғыртты [6, 164]. 

Мұхаммед  пайғамбардың  басқа  адамзат  балаларынан  басты  айырмашылығы  – 

пайғамбарлық  қасиеті,  өзіне  тән  ерекше  сипаты  мен  көркем  мінезі.  Тумысынан  ізгілік  пен 

мейірімге жақын Мұхамметдің (с.ғ.с.) бойында сабырлылық, туралық, байсалдылық секілді 

көркем  мінезге  тән  барша  қасиеттер  бар  болатын.  Өмірінде  жалған  сөйлеп  көрмеген  оны 

айнала-төңірегіндегілер  пайғамбарлық  келместен  бұрын-ақ  «Сенімді  Мұхаммед» 

(«Мухәммәдул-әмин»)  деп  атап  кеткен.  Сондай-ақ,  оның  үстінде  үнемі  бір  бұлттың  еріп 

жүретіндігі, көлеңкесінің жерге түспеуі, екі жауырынының ортасында пайғамбарлық мөрдің 

болуы секілді өзіне ғана тән ерекшеліктері тағы болатын. Ал, пайғамбарлық келгеннен кейін 

айды  екіге  бөлуі,  көктен  Құранның  түсуі,  Миғражға  көтерілуі  секілді  мұғжизалары  пайда 

болған. Пайғамбардың осы үш қасиеті көркем әдебиетте кеңінен жырланды. Кейбір ақындар 

пайғамбардың барлық мұғжизаларын тізбектеп көлемді шығарма жазса, келесі бір шайырлар 

оның бір ғана қасиетін суреттеп қысқаша жазуға тырысты. Ғалымдар Алла елшісінің көркем 

мінездері  жырланған  шығармаларды  «шәмаил»  (көркем  мінез,  жақсы  қасиет  деген  мағына 

береді)  деп,  ал  болмыс  бітімі  мен  мұғжизалары  өлең  сөзбен  өрнектелген  туындыларды 

«хилиә»  (адамның  келбеті,  болмыс  бітімі  деген  мағына  береді)  деп  атаған.  Ал,  кейбір 

ғалымдар  пайғамбардың  өзіне  тән қасиеттері  мен  мұғжизалары  суреттелген  шығармаларды 

бөліп-жармай, бәрін «хилиә» тақырыбындағы шығармалар аясында қарастырған.  

Қазақ даласында пайғамбардың өмір тарихын асқақтата жырлаған Шәді төре:  

Расулдың «харижи» жүз мұғжизасын, 

Бiлдiрген ақырында қылып қысқа. 

Мен-дағы назым етiпсиратiлiн

Бұл жерде бiлдiрейiн бағзы бiрiн. 

Кейiнгi ынтық болған үмбеттерi, 


97 

 

Iстеген  iстерiнiң  көрсiн  түрiн,[3,  285]  -  деп,  Алла  елшісінің  өзіне  тән  асыл  қасиеттері 



мен  мұғжизаларын  затия,  сифатия  және  харижия  деп  үш  топқа  бөліп,  әдемі    суреттеп 

шыққан.  

Алла  елшісінің  айтқан  сөздерін  оқып  үйрену,  және  онымен  амал  ету  –  әрбір 

мұсылманның  басты  міндеті.  Сондықтан  да  әдебиет  айдынында  қалықтаған  ақындар 

халықтың  көкейінде  тез  жатталып,  ұзақ  сақталуы  үшін  пайғамбар  сөздерін  өлең  сөзбен 

өрнектеп беруге тырысқан. Ондағы мақсат – мүшайраға қатысып, сөз жарыстыру емес, қайта 

Алла  елшісінің  өсиетін  өскелең  ұрпаққа  жеткізіп,  сауап  алу,  о  дүниеде  пайғамбардың 

шапағатына  бөлену.  Мұхаммедтің  (с.ғ.с.):  «Кімде-кім  менің  хадистерімнен  қырық  хадисті 

естімегендерге жеткізсе, білмегендерге үйретсе, Хақ Тағала оны ғалымдар қатарына жазады 

және қиямет күні болғанда шаһидтер қатарында тұрғызады», - деген сөзі ақындарды осындай 

қайырлы іске үндеген. 

Ислам әлемінде пайғамбардың қырық хадисін зерделеп, еңбек жазған ғалымдар көптеп 

саналған.  Солардың  қатарында  Имам  Ғазалидің  «Қудси  қырық  хадис»,  Имам  Науауидің 

«Қырық  хадис»  секілді  еңбектерін  атап  өтуге  болады.  Ғалымдар  пайғамбардың  хадистерін 

қара  сөзбен  талдап  жеткізсе,  ақындар  ел  арасына  өлең  сөзбен  өрнектеп  таратты.  Соның 

нәтижесінде «Әрбәғин» жанры дүниеге келді. «Әрбәғә» – араб тілінде қырық деген мағына 

бергенімен  де,  термин  ретінде  пайғамбардың  қырық  хадисін  көркем  сөзбен  насихаттауды 

айтады.  Түркі  дүниесінде  Хазини,  Науаи,  Физули  секілді  шайырлар  қырық  хадисті  өлеңге 

айналдырса,  Алтын  Орда  тұсында  өмір  сүрген  Махмұт  Кердері,  пайғамбардың  қырық 

өсиетін қара сөзбен түркі тілінде жазып шықты. Прозалық туындыларда, көбінесе, пайғамбар 

хадистерінің  аудармасымен  бірге  түсініктемесі  де  қатар  беріледі.  Ал,  поэзиямен  жазылған 

«Әрбәғин»  жанры  жазылуы  жағынан  екіге  бөлінеді.  Науаи,  Физули  секілді  шайырлар 

пайғамбар  хадисін  түркі  тіліне  тәржімалап,  өлең  сөзбен  өрнектеп  шықса,  Хазини  аударып 

қана  қоймастан,  қасына  хикаялар  қосып,  түсініктемесін  де  қатар  берген.  Тәржіма  көп 

орынды  алмайтындықтан  да,  шайырлар  шығыс  мұсылман  әдебиетіндегі  ең  қысқа  форма  – 

рубаиды  қолданса,  пайғамбар  хадисін  түсініктерімен  берген  ақындар  мәснәуи  өлең 

құрылысына жүгінген. 

Пайғамбардың  ғибратты  ғұмырын  насихаттайтын  шығармалардың  бірі  –  мәуліт. 

Сөздікте  «туылу,  дүниеге  келу»  деген  мағына  бергенімен  де,  діни  термин  ретінде 

пайғамбардың  туылған  күнін  атап  өтуді  айтады.  Мәулітте  Алла  елшісінің  өнегелі  өмірі 

туралы  жазылған  шығармалар  оқылып,  мадақ  жырлар  айтылады.  Пайғамбардың  туылған 

күніне  арнайы  жазылған  шығармаларды  «Мәуліп  шәріп»  деп  атайды.  Әдетте  мәулітте 

оқылатын  жырлар  қасида  жанрының  өлең  құрылысымен  жазылатындықтан  да,  кейде 

«Қасида» деп те аталады.  

Мәуліт  –  синкретті  жанр.  Себебі  мәуліт  шәріптерде  пайғамбарды  мадақтап,  салауат 

айтылады  (нағт),  ғибратты  ғұмырынан  үзінділер  оқылады  (сияр),  пайғамбарлық 

мұғжизалары  қатарында  көкке  көтерілгені  дәріптеліп  (миғражнама),  ерекше  қасиеттері 

(хилиә)  мен  көркем  мінезі  (шәмаил)  насихатталады.  Сондай-ақ,  мәуліт  белгілі  бір  мақам 

үстінде орындалып, бір сюжет не оқиға желісі аяқталар тұста пайғамбарға салауат айтылып, 

қошаметке тола жыр жолдары арналады: 

Мархамат, қош алып тұр үмметіңіз, ей, мархамат, 

Мархамат, ей, мархамат, ей, мархамат! 

Мархамат бізге қабыл сүннәтіңіз, ей, мархамат, 

Мархамат, ей, мархамат, ей, мархамат! 

Дүниеге зұлмат басқан, жарық сәуле, кел мархамат! 

Мархамат, ей, мархамат, ей, мархамат! 

Сол себеп бізге қымбат құрметіңіз, ей, мархамат, 

Мархамат, ей, мархамат, ей, мархамат [7, 11]! 

 

Мәуліттің  басқа  діни  жанрлардан  айырмашылығы  –  тек  қана  өлең  сөзбен  жазылып, 



белгілі бір мақам үстінде оқылатындығында.  

Дін  –  насихат.  Үгіт-насихат  дұрыс  жүргізілгенде  ғана  дін  шынайы  имани  сенімге 

ұласады. Осы жағын ескерген шайырлар пайғамбардың ардақты тұлғасын, көркем мінезі мен 


98 

 

ерекше  қасиеттерін  жырлау  арқылы  Исламды  таратуға  атсалысты.  Соның  нәтижесінде 



Шығыс  мұсылман  әдебиетінде  әуелі  арнаулармен  басталған  бұл  дәстүр  ХІІ-ХV  ғасырларда 

мазмұн,  форма  жағынан  кеңейсе,  ХVІІІ-ХІХ  ғасырларда  кемеліне  келді.  Алаш  ардақтысы 

А.Байтұрсынұлының  «Қазақтың  өлеңді  сөзді  сүйетін  мінезін  біліп,  дінді  халыққа  молдалар 

өлеңмен  үйреткен.  Дін  шарттарын,  шариғат  бұйрықтарын  өлеңді  хикая,  өлеңді  әңгіме 

түрінде  айтып,  халықтың  құлағына  сіңіріп,  көңілдеріне  қондырған»,  [8,  316]  деп 

жазғанындай,  қазақ  даласынан  шыққан  ақындар  Алла  елшісінің  асыл  қасиеттерін  жырлау 

арқылы Исламды кеңінен насихаттады. 

Әдебиеттер: 

1.

 



Жүсіп Баласағұн. Құтты білік. «Әдеби жәдігерлер» сериясы. 5-том. Алматы: Таймас, 2007. – 536 б. 

2.

 



Ахмет Жүйнеки. Ақиқат сыйы. «Қазыналы Оңтүстік» сериясы. Алматы: Нұрлы әлем, 2013. – 320 б. 

3.

 



Шәді  төре  Жәңгірұлы.  Сияр  шәріп.  «Қазыналы  Оңтүстік»  сериясы.  Алматы:  Нұрлы  әлем,  2012.  – 

320б.  


4.

 

Бұрһануддин  Рабғұзи.  Пайғамбарлар  тарихы.  «Әдеби  жәдігерлер»  сериясы.  8-том.  Алматы:  Таймас, 



2008. – 480 б. 

5.

 



Сүлеймен Бақырғани. Ақырзаман. «Әдеби жәдігерлер» сериясы. 7-том. Алматы: Таймас, 2008. – 480б. 

6.

 



Көпейұлы Мәшһүр-Жүсіп. Шығармалары. 2-том. Алматы: Алаш, 2003. – 432 б. 

7.

 



Жолдасұлы Абдулла. Мәулид шәріп. Алматы: Арыс, 2000. – 186 б. 

8.

 



Байтұрсынұлы Ахмет. Шығармалары. 1-том. Алматы: Алаш, 2003. –408б. 

 

Б. КҮЛЕЕВ ШЫҒАРМАЛАРЫНДАҒЫ ҰЛТТЫҚ РУХ 

 

Ғ.М. Ниязова, филология ғылымдарының кандидаты, доцент 



С.А.Кожина, магистрант 

Қ. Жұбанов атындағы АӨМУ,   

Қазақстан Республикасы, Ақтөбе қ. 

 

Аңдатпа.  Мақалада  ХХ  ғасырдың  басындағы  қазақ  әдебиетінің  көрнекті  өкілі  Б.Күлеевтің  саяси-

әлеуметтік  лирикасы  талданады.  Ақынның  бостандық,  азаттық  тақырыбын  арқау  еткен  өлеңдеріндегі  ұлттық 

идея сөз етіледі. 



Аннтотация. В статье анализируется социально-политическая лирика видного представителя казахской 

литературы  в  начале  ХХ  века.  Рассматривается  национальная  идея  в  произведениях  поэта  темой  которой 

является свобода, незавизимость. 

Annotation.  The article analyzes  the socio-political lyrics prominent representative of  Kazakh literature in the 

early twentieth century. We consider the national idea in the works of the poet whose theme is freedom, independant. 



 

Қазақ әдебиеті тарихында бүгінгі күн тұрғысынан қарайтын болсақ, түйіні шешілмеген 

мәселелер  баршылық.  Себебі  әділетсіз  қоғамның  шыншыл  беттерін  сынай  суреттеп, 

заманынан  ерте  қол  үзуге  мәжбүр  болған  ақын  ұлдарының  орны  әлі  де  ойсырап  тұр.  Бұл 

әсіресе  қазақ  әдебиетінің  ХХ  ғасырдың  басындағы  тарихына  қатысты  мәселелерде  айқын 

көрінеді.Осы  кезеңдегі  тұлғаларға,  олардың  іс-қимылдарына,  шындыққа  негізделген 

ойларына  айыптаулар  тағылып,  бір  жақты  қисынсыз  көзқарастар  орын  алды.  Міне,  сындай 

кінәлаулардың  бел  ортасында  қалған,  небары  жиырма  төрт-ақ  жас  ғұмыр  кешкен  ХХ 

ғасырдың басындағы әдебиеттің тағдыры талайлы өкілдерінің бірі – Бернияз Күлеев. 

Бернияз  өмір  сүрген  заманның  әдебиеті  күрделі,  қоғамы  қараңғы,  саясаты  үстемшіл 

екені  белгілі.  Біз  бүгін  өз  нысанымызға  үстемшіл  заманның  еңсесін  жырымен  жебе  боп 

қайырған Бернияздың ұлт, халық, ел тақырыбындағы өлеңдерін алдық.Бернияз қолына қалам 

алған тұстан бастап замана ағысына қарсы жүзді, халқының мұң-мұқтажын таразыға салып, 

жолы  мен  бағдарын  айқындамақ  болды.  Бұл  заңды  құбылыс  та.  Себебі  ақын  өз  ортасында 

жалғыз болса да, алдына келген қиындықтан имене қоятын жан емес еді. Оның осы қасиеті 

азаттыққа ұмтылған саяси-әлеуметтік өлеңдерінен байқалады.С.Садырбаев өз еңбегінде: « Ел 

басына күн туғанда «бостандықты көктен бере гөр» деп, ешкім тілеген жоқ, оны күллі қазақ 

халқы күреспен, айқаспен жеңіп алды. Сыртқы жаудың жүгенсіздігіне көп халық көніп отыра 

алмады,  тыныштық  кездегі  ру  тартысы,  отбасылық  араздықтың  барлығынекінші  қатарға 

жиып  тастап,  халықтың  тәуелсіздік  ұранының  астына  жиналды»  -  дейді  [1,  40-б.].  Түптеп 



келгенде, ел басына күн туып, заман азған шақтарда халықтың рухы мен күшіне жан бітіріп 




©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал