Ислам мәдениеті мен білімін қолдау қоры имани гүЛ ҚАйрат жолдыбайҰЛЫ



жүктеу 2.53 Kb.

бет26/27
Дата09.01.2017
өлшемі2.53 Kb.
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   27

ИМАНИ ГҮЛ
Осы  сауалын  ол  екінші  бір  ұстазынан  сұрайды.  Ол 
ұстазы:  Әсем  саз  –  ол  қасиетті  нәрсе  емес  пе?  Мұнда 
аспанның сыры бар, әлемнің үні бар. Қолыңнан келсе бұл 
өнерден жиренбе...», - дейді. Мұны естіп Әбунасыр қатты 
шаттанады. Алайда ол үлкен ұстаз Әбу Мәлік хазіреттің 
өзінен сұрамаққа бекінді. Әбу Мәлік ұстаз былай деп жау-
ап берді:
–  Ол  да  дұрыс,  ол  да  дұрыс.  Екі  айтушының  екеуі 
де  дұрыс  айтады...  Я,  солай...  Жамандық  та,  жақсылық 
та адамның өз бойындағы қасиетке сүйенеді. Азғындық 
пен ізгілік ежелден егіз емес пе? Ән-күйдің әуеніне еріп, 
басқа  өнер-білімнен  қол  үзсең,  сонымен  өміріңді  қапыл 
өткізсең өкініш емей немене. Әсем әуен алпыс екі тамыр-
ды  бірдей  қозғайтын  кереметті,  құдіретті  нәрсе.  Оның 
сені билеп әкетуі ғажап емес. Алғашқы айтушы сені сонан 
сақтандырады. Құдіретті өнерді керекті жерінде өлшеумен 
ұстап,  тізгінді  ақыл-ойға  беріп  ізгілік  іске  қоссақ,  онан 
келер  пайда  тағы  көп.  Көкірек  кеңіп  көңіл  оятар,  қиял 
қоздырып қайрат берер тағы сол... Ғылымның ата тегі әр 
ненің өлшеуін білуде емес пе?! Сен ән-күй үйренсең онан 
менің қаупім жоқ. Құдіретті күйдің сиқырлы үнін тежеп 
отыруға сенің ақыл-қабілетің мол жетеді
216
.  
216
 Ағжан Машанов, әл-Фараби. Жалын баспасы, 1970 ж.

356
Арнайы медициналық түтікшелерде қолдан 
ұрықтандыру  арқылы  сәби  дүниеге  әкелуге, 
әсіресе,  суррогаттық  тәсілге  (құрсақ  ана)  
дініміздің үкімі қандай?
Қолдан  ұрықтандыруға  қатысты  дініміздің  үкімін 
айтпас бұрын қолдан ұрықтандырудың не екендігі жайлы 
оқырманға қысқаша түсіндірме бере кетейік. 
«Қолдан  ұрықтандыру»  –  табиғи  жолмен  өздігінен 
ұрықтана  алмаған  жағдайда,  әйел  жұмыртқа  клетка-
лары  мен  еркек    ұрық  клеткасын  сыртқы  ортада  ар-
найы  медициналық  түтікшелер  көмегімен  біріктіріп 
ұрықтандыру тәсілі. Ұрықтандырылған бұл зигота
217
 ар-
тынша әйел жатырына салынады. 
Бұл  тәсіл  XX  ғасырдың  алғашқы  жартысында  ең 
әуелі  жан-жануарларда  қолданыла  бастады.  Бір  ғана 
еркек  малдың  ұрығымен  мыңдаған  ұрғашы  малдар 
қолдан  шағылыстырылды.  Бұл  ғылыми  жаңалық  мал 
шаруашылығына  айтарлықтай  экономикалық  тиімділік 
әкелді. Мыңдаған сиырларға бір ғана бұқа салу қиындық 
туғызатындықтан,  шаруа  иелеріне  бұрынырақта  көптеп 
бұқа  ұстау,  оларды  арнайы  күту,  бағу  керек  бола-
тын.  Енді  жаңаша  мына  тәсіл  арқылы  оларды  күтуге 
жұмсалатын  шығын  азайды.  Оған  қоса,    бұқаларды 
көптеп  ұстағаннан  кейін  қартайған  бұқалардың  етін 
өткізу  де  қолайсыз  болатын.  Жаңа  тәсіл  арқылы  санау-
лы  ғана  бұқа  ұсталатындықтан  басқа  еркек  малдарды 
жас  кезінде  сойып  етке  өткізу  де  экономикалық  пайда 
217
  Зигота  –  әйелдегі  жұмыртқалық  клетканың  еркек  ұрығымен 
ұрықтанған кезі.

357
ИМАНИ ГҮЛ
әкелді.  Оның  үстіне,  бұқалардың  ұрықтарын  зертхана-
да зерттеу арқылы олардың ішінен аурудан таза, етті, ең 
мықтылары таңдалып, ұрықтандыруға қажетті  бұқалар 
іріктелетін болды. Сөйтіп, жоғарғы сапада мал төлдету 
мен  мал  түрлерін  көбейтуде  бұл  тәсіл  таптырмайтын 
мүмкіндік сыйлады. 
Кейін  келе-келе  бұл  тәсіл  табиғи  жолмен  ұрықтана 
алмайтын  адамдарға  да  қолданыла  бастады.  1978  жылы 
Эдвардс және Стептоу атты дәрігерлер, Джон Браун, Луиз 
Браун  атты  ерлі-зайыптылардың  ұрықтарын  түтікшеде 
ұрықтандырып, оны қайтадан Луиз Браунның жатырына 
салады. Сөйтіп, 1978 жылы 25 тамызда Лесли Браун атты 
алғашқы сәби дүниеге келген. 
Қолдан ұрықтандыру екі тәсіл арқылы жүзеге асады:
1. Қолдан іштей ұрықтандыру тәсілі. Бұл тәсілде 
ер  кісінің  спермасы  алынып,  әйел  жатырының  қолайлы 
жеріне қойылады.
2. Қолдан сырттай ұрықтандыру тәсілі. Бұл тәсіл 
ер  кісінің  спермасы  мен  әйелдің  жұмыртқа  клеткасы 
алынғаннан кейін оларды зертханада арнайы түтікшелер-
де ұрықтандырып, артынша оны әйелдің жатырына орна-
ластыру арқылы жүзеге асады.
Осы негізгі екі тәсілге тән қолдан ұрықтандырудың 
алты  түрі  бар.  Олардың  екеуі  ішкі  ұрықтандыру  тәсілі 
арқылы,  қалған  төртеуі  сыртқы  ұрықтандыру  арқылы 
жүзеге асады.
Іштей ұрықтандыру тәсілі:
Біріншісі,  үйленген  ер  кісінің  ұрығы  алынып, 
оны  әйелінің  жатырының  ыңғайлы  тұсына  орналасты-
ру  арқылы  жүзеге  асады.  Сонда  барып  еркектің  спер-
масы  табиғи  жолмен  әйелдің  жұмыртқа  клеткасымен 
ұрықтанады.  Бұл  еркектің  спермасы  өздігімен  табиғи 

358
ИМАНИ ГҮЛ
түрде  әйелінің  жатырына  жете  алмаған  жағдайда 
қолданылады. 
Екіншісі, ер кісінің спермасын өз әйелі емес, басқа бір 
әйелдің жатырына салу арқылы болады. Бұның әуелгіден 
айтарлықтай  көп  айырмашылығы  жоқ.  Айырмашылығы 
–  ер  адамның  спермасы  өз  некелісінің  жатырына  емес, 
басқа әйелдің жатырына салынады.
Сырттай ұрықтандыру тәсілі:
Біріншісі,  ерлі-зайыптылардың  спермасы  мен 
жұмыртқалары 
алынып, 
арнайы 
түтікшелерде 
ұрықтандырылғаннан  кейін  жұмыртқасы  алынған  әйел-
дің  жатырына  қайта  орналастырылады.  Ұрықтандырыл-
ған  зигота  жатырға  жабысқан  жағдайда  өз  дамуын  ары 
қарай жалғастырады. Бұл әйелдің жұмыртқалық жолдары 
бітеліп қалған жағдайда қолданылады.
Екіншісі,  ер  адамның  спермасы  мен  бөгде  әйелдің 
жұмыртқасын  түтікшеде  ұрықтандырғаннан  кейін  оны 
әйелінің  жатырына  орналастыру  арқылы  болады.  Бұл 
жол  әйел  адамның  жұмыртқалығында  ақау  болса  әрі 
жатыры  зиготаны  қабылдай  алатындай  сау  жағдайда 
қолданылады.
Үшіншісі,  бөгде  ер-әйелдің  спермасы  мен 
жұмыртқасы  түтікшеде  ұрықтандырғаннан  кейін  оны 
басқа  бір  тұрмыстағы  әйелдің  жатырына  салу  арқылы 
жүзеге  асады.  Бұл  тәсілге  жатырына  зигота  қойылған 
әйелдің жұмыртқалығының жұмыс істемеуі әрі күйеуінің 
спермасы жарамсыз болған жағдайда жүгініледі. 
Төртіншісі,  ерлі-зайыптылардың  спермасы  мен 
жұмыртқа  клеткалары  түтікшеде  ұрықтанғаннан  кейін, 
оны  жүкті  болып  босанып  беруге  келісім  берген  басқа 
бір  әйелдің  жатырына  орналастыру  арқылы  болады. 
Яғни, суррогаттық тәсіл арқылы жүзеге асады. Босанып 
беруші  анаға  –  «құрсақ  ана»  делінуде.  Бұл  жолға  ерлі  - 

359
ИМАНИ ГҮЛ
зайыптылардың  сперма,  жұмыртқалары  болғанымен, 
әйелдің жатыры жарамаған яки түгелдей жоқ жағдайда не-
месе бала көтеріп, тууды қаламаған жағдайда жүгініледі. 
Қазіргі  таңда  әлемде  жоғарыда  айтылған  барлық 
тәсілдер  кеңінен  қолданылуда.  Қолдан  ұрықтандыруды  
біреулер  тек  ақша  табу  мақсатында  пайдаланса,  енді 
біреулері  үйленбей-ақ  балалы  болу    үшін  немесе  ерлі-
зайыптылардың  біреуіндегі  яки  екеуіндегі  жүкті  болуға 
бөгет  келтіретін  кей  ақауларға    байланысты  кеңінен 
қолдануда.  Бүгінгі  таңда  танымал  яки  белгісіз  адамдар-
дың  спермаларын  сақтап,  сосын  оны  қажетсінген 
адамдарға  сататын  арнайы    әлемдік  сперма  банкалары 
көптеп құрылған. 
Ислам  ғұламалары  «Рабитатул-аламил-ислам» 
(Әлем  мұсылмандарының  өзара  байланысы)  ұйымы 
ұйымдастырған  фиқһ  (ислам  құқығы)  мәжілісінің 
VIII  кезекті  отырысында  жоғарыда  айтылған    қолдан 
ұрықтандырудың  барлық түрлері мен жолдарын зерттеп 
мынандай пәтуалар шығарған:
1. Ерлі-зайыптылардың спермасы мен жұмыртқа клет-
калары табиғи түрде ұрықтана алмаған жағдайда,  оларды 
қолдан ұрықтандыруға шариғат рұқсат етеді. Яғни, жүкті 
болуға  қажетті  «сперма,  әйелдің  жұмыртқа  клеткасы 
және жатыр» бәрі бірдей бір ерлі- зайыптылардікі болған 
жағдайда  ғана  қолдан  ұрықтандыруға  рұқсат.  Ал  бұған 
жоғарыда айтылған сырттай және іштей ұрықтандырудың 
бірінші жолдары ғана сай келеді.
Рұқсат етілген бұл жолдың өзінде де мынандай шарт-
тар орындалуы тиіс: 
•  Әурет  жерін  көрсетуге  тыйым  салынғандықтан,  
әйелдің  жұмыртқасын  алу  немесе  ұрықтанған  зигота-
ны  жатырына  қайта  салу  істерін  мүмкіндігінше  сенімді 
мұсылман  әйел  дәрігер  яки  басқа  әйел  адам,  әйтпесе, 

360
ИМАНИ ГҮЛ
мұсылман  ер  дәрігер,  ол  да  мүмкін  болмаған  жағдайда 
басқа кез-келген сенімді ер дәрігер атқарады. Бірақ, жа-
нында басқа туысқандары бірге болуы керек. 
•   Ұрықтардың  ауысып,  шатастырылмайтындығына 
нақты  көз жеткізілуі керек. 
•  Қолдан ұрықтандыру күйеуінің көзі тірісінде жаса-
луы керек. Өлгеннен кейін рұқсат жоқ.
•  Ерлі-зайыптылардың бұл іске бірдей рұқсаты  бо-
луы керек. 
2.  Қолдан  ұрықтандырудың  қалған  барлық  түрі 
шариғат  бойынша  –  харам.  Бұл  жолдардың  кез-келгені 
зинаның  бір  түріне  жатады
218
.  Өйткені,  бұл  тәсілдерде 
сперма мен жұмыртқа бірдей ерлі-зайыптыға тиесілі емес 
яки тиесілі болған күннің өзінде жатыр оларға еш қатысы 
жоқ  бөтен  біреудікі.  Мұндай  жолдар  ата-тектің  шата-
суына,  көптеген  келеңсіз  жайттардың  етек  алуына  әкеп 
соғары сөзсіз. Аталмыш тәсілдердің ішіндегі кең тараған 
суррогаттық (құрсақ ана) тәсілмен балалы болуға оң көзбен 
қарайтын адамдар да кездесіп жатады.  Алайда, оның да 
өзіндік  қауіп-қатері  мен  кері  нәтижелері  болатындығын 
ескермей болмайды. Айталық, олардың кейбірі:
•  Батыста  туылған  сәбиді    құрсақ  ананың  зигота 
иелеріне  қайтармау  оқиғасы  жиі  кездеседі.  Расында  да, 
ұрық басқа біреудікі болғанмен өз қанымен қоректендіріп, 
тоғыз ай бойы қиналып көтерген, жан алып - жан берісіп 
барып  толғатып  дүниеге  әкелген  бауыр  еті  баласын  кім 
басқа  біреуге  көзі  қиып  бере  салсын?  Қайтарған  күннің 
өзінде бұл жағдайдың ананың ішкі жан дүниесіне,  пси-
хологиясына  қалай  әсер  ететінін  дүниеге  сәби  әкелген 
аналар жақсы түсінер. Ана баласын табыстағаннан кейін 
218
 әл-Имамул-әкбар Махмуд Шәлтут, Әл-фәтәәуа, 281-бет. Даруш-
шуруқ, Каир, 2004 ж.

361
ИМАНИ ГҮЛ
өмір  бойы  оны  санасынан  өшіре  алмасы  анық.  Ғұмыр 
бойы  рухани  күйзеліске  түседі.  Бала  мен  ана  арасында 
өзара  рухани  тығыз  байланыс  болатындығын  ешкім  де 
жоққа шығара алмайды. Себебі, жаратылысының негізгі 
кезеңдерін  бала  ананың  жатырында  тәмамдайды.  Рухы 
ананың жатырында беріледі. Құранда былай делінеді: 
«Расында, біз адамды нағыз (сүзілген) балшықтан
219
 
жараттық. Сосын оны шәуеттің бір тамшысы күйінде 
мықты  жерге  орналастырдық.  Сосын  ол  тамшыны 
алақаға (жабысқақ ұрықтанған клеткаға) сосын оны 
мудғаға  (бір  тістем  ет  бейнесіндегі  жаратылысқа) 
сосын  мудғаны  сүйектерге  айналдырдық,  сосын 
сүйектерді етпен қаптадық, сосын оны басқа бір жара-
тылыс жасадық. Алла – ең керемет Жаратушы»
220

Құранда баланың анасы ұрығын берген әйел емес, 
оны  дүниеге  әкелген  жан  екені  айтылады:  «Oлардың 
аналары  –  оларды  дүниеге  әкелгендер  ғана»
221
.  «Біз 
адамдарға  әке-шешесіне  жақсылық  жасауды  өсиет 
еттік.  Анасы  оны  қиындықпен  құрсағында  көтеріп, 
сондай  ауыртпашылықпен  дүниеге  әкелді...»
222

«Әлсіреген  үстіне  әлсіреген  күйде  анасы  оны 
көтерді»
223
.
•  Сәби  өскеннен  кейін  әке-шешесіне  қарсы  шығып, 
өзін тапқан құрсақ анасына қайтамын  деп қиғылық салған 
жағдайда не болмақ?
•  Бұған  қоса,  баланың  пікірімен  санаспастан  оны 
туған анасына емес, жұмыртқа иесі әйелге тапсырылуы-
219
 Бұл жерде Адам атамыздың әу баста балшықтан жаратылғандығы 
яки адам денесінің топырақтағы элементтерді қамтитындығына 
ишарат етілуде.
220
 Муминун сүресі,12-14-аят.
221
 Мужадәла сүресі, 2-аят.
222
 Ахқаф сүресі, 15-аят.
223 
Тафсируль-мунир, 13-т, б. 347

362
ИМАНИ ГҮЛ
на  кім  рұқсат  берді.  Яғни,  әр  сәби  өзін  туған  анасының 
құшағында өсуге, ақ сүтін емуге құқылы емес пе? 
•  Құрсақ  ана  алдын  ала  берілген  қаржыны  қанағат 
тұтып, өзгесін керек етпей ішіндегі баласын әдейі түсік 
қып тастаса ше?
• Ал баланың түр-әлпеті ұнамаса немесе дене бітімін-
де бір ақау кездесе қаласа, тіпті, ешбір себепсіз балаға тап-
сырыс берген ұрық иелері баладан бас тартқан жағдайда 
баланың және құрсақ ананың жағдайы қалай болмақ? 
• Құрсақ ана өз өмірінде бірнеше жанұяның ұрпағын 
туып  берсе
224
,  кейіннен  ол  балалары  ер  жете  келе  бір-
бірімен үйленіп жатса қалай болады? Яғни, шешелері  бір 
аға-қарындастар  бір-бірімен  тұрмыс  құрып  жатса  қалай 
болғаны? Олай дейтініміз, құрсақ ана бәрінің бірдей ана-
сы емес пе?
• Құрсақ ана үйленбеген қыз болған жағдайда оның 
тұрмысқа шықпастан жүкті болғанын көрген ел не ойлай-
ды? Бұл бәлкім діні бұзылған батыста ерсі болмағанмен, 
біз  секілді  зинаны  үлкен  күнә  санайтын  мұсылман 
елдерінде өте жиіркенішті қылық. 
•  Батыста  суррогаттық  ананың  өз  күйеуінен  жүкті 
болып  қалу  жағдайы  да  кездесуде.  Германияда  бір  әйел 
суррогаттық ана болуға келісім берген. Сөйтіп, жатыры-
224
 Мысалы, Ұлыбританияның 38 жасар тұрғыны құрсақ ана - Керол 
Хорлок осымен қатарынан сегіз рет өзгелердің баласын босанып, 
енді  тоғызыншысына  аяғы  ауыр.  Ол  -  Childlessness  overcome 
through  Surrogacy  (ұрпақсыздыққа  қарсы  бөтен  кісілердің 
нәрестесін көтеру) ұйымында жұмыс істейтін көп әйелдердің бірі. 
Өздігінен сәби көтере алмайтын жанұяларға жалдамалы құрсақ 
аналарды іздеу мақсатында 1990 жылы құрылған бұл ұйымға Ке-
рол Хорлок 1994 жылы келген. Ол жыл сайын бір нәресте көтеріп 
келеді. АҚШ-та бұл үлкен бизнес көзіне айналған. Заң жүзінде 
төлемнің  ең  жоғарғы  мөлшері  белгіленбеген.  Алайда,    Sunday 
Times – тың хабарлауынша төлем мөлшері 12 мен 18 мың евро 
көлемінде өзгеріп отырады. (бұл мағлұмат Mednovosti.ru  сайты-
нан алынды.)

363
ИМАНИ ГҮЛ
на  келісілген  шарт  бойынша  ерлі-зайыптылардың  зиго-
тасы қойылғаннан кейін аяғы ауырлайды. Алайда, уақыт 
өте  келе  оның  сол  зиготадан  емес,  өз  күйеуінен  жүкті 
боп қалғаны анықталады. Бірақ, ол алдын ала 8000 АҚШ 
долларын  алып  қойғандықтан,  әлгі  ерлі-зайыптыларға 
күйеуінен  жүкті  болған  өз  баласын  табыс  етуге  мәжбүр 
болған. Кейбір адамдар өз балаларын ақшаға осылай сату-
да. Міне,  бұл – дінсіз, рухсыз  ғылымның жетістіктері
225

•  Қазір  батыста  табиғи  жолмен  өзі  босануға 
денсаулығы  жете  тұрып,  әйелдің  баланы  кестіртіп  ал-
дыруы  сәнге  айналды.  Себебі,  толғатып,  қиналып 
туғанша  кестіріп  алдыра  салу  әлдеқайда  оңайырақ. 
Бірақ қиналмай әкелген баланың анасына деген құрмет-
ықыласының  қаншалықты  болары  тағы  белгісіз.
226
 
Себебі, ана мен баланың арасында рухани байланыстың 
бар екені сөзсіз. Ол ғылыми зертханада білінетін нәрсе 
емес. Ананың аналығы да, қаһармандығы да оны тоғыз 
ай бойы қабырғасы қайыса көтеріп, қиналып босануын-
да  емес  пе?  Ал  енді  суррогаттық  тәсілдің  де  бара-бара 
еріккендердің  ермегіне  айналмасына  кім  кепіл?  Бала 
көтеріп қиналғысы келмейтін кей әйелдер баласын тауып 
беретін басқа біреуді жалдауды әдетке айналдыруы мүмкін 
ғой.  Бұл  –  батыста  кең  етек  алған  ауру.  Қазіргі  күннің 
өзінде  елімізде  «Мен  бала  туып  дене-бітімімді  бұзғым 
келмейді», «жасым қырықта, баламды басқа біреу туып 
берсе... Өйткені, мен үшін жұмысым маңыздырақ» деп, 
орталыққа  келетіндердің  бар  екендігін  Қазақстандағы 
«Экомед» клиникасының бастығы Салтанат Берденқызы 
да айтуда
227
. Сонда әйел ана болудан қашса, күйеу бөгде 
225
 Мухаммед Али әл-Баарр, Дин ве тып ачысындан түп бебек. 80-81 
бет. Ауд: Адил Бебек. Несил иайынлары, Стамбул, 1989 жыл.
226
 Әрине, мәжбүр жағдайда кестіріп алу басқа жағдай.
227
 «Қазақстан заман» газеті, 11 қараша 2005.

364
ИМАНИ ГҮЛ
еркектің  ұрығын  өзінің  әйелінің  жатырына  қойылуына 
намыстанбаса,  оны  ұят  деп  қабылдамаса,  ағасының  ба-
ласын  қарындасы  немесе  анасы  тағысын  тағы  жақын 
туысқандары  туып  беріп  жатса  бұл  адам  баласының  
азғындауы емес пе? 
•  Жоғарыдағыларға  қоса,  сперма  мен  жұмыртқаны 
түтікшеде  ұрықтандырғаннан  кейін  оны  үшінші  бір 
әйелдің жатырына қою жолымен дүниеге келген баланың 
жаратылыс,  болмыс,  мінез-құлық,  психология,  ақыл-
есінің  ақаусыз    болатындығына  ешкімнің  кепілдік  бере 
алмасы және хақ
228
. Мұны алдағы уақыт көрсетеді. Бұл өз 
алдына зерттеуді қажет ететін тақырып. 
Қысқасы,  суррогаттық  тәсілмен  дүниеге  бала  әкелу 
мейлі  діни  тұрғысынан  болсын,  мейлі  адамгершілік  
жағынан  болсын  құптарлық  іс  емес  екені  айқын.  Ислам 
ғұламалары  бірауыздан  қолдан  ұрықтандырудың  бұл 
тәсіліне «харам» деп анық пәтуа берген. 
Иә, өмірде бала сүюдің қандай бақыт екені баршаға 
аян.  Алайда,  міндетті  түрде  бала  сүю  керек  екен  деп 
шариғат  тыйымдарын  аттап,  адамгершілікке  жат 
қылықтарға  бару  дұрыс  емес.  Бұл  тұрғыда  батыстық 
экспериментер  мен  адасулар  бізге  үлгі  бола  алмай-
ды.  Батыста  үйленбей-ақ  балалы  болуды  қалайтын 
әйелдер арнайы құрылған сперма банкаларынан белгілі 
бір  мөлшердегі  қаражатқа  қалаған  адамының  ұрығын 
сатып  алып  балалы  бола  береді.  Белсіз  азаматтар  өз 
әйеліне  осы  сперма  банкаларынан  танитын  яки  таны-
майтын еркектердің ұрығын пайдалануына рұқсат ету-
де. Бедеу әйелдер күйеулеріне өзі мүлдем танымайтын 
бөтен әйелдің жұмыртқа клеткаларын қолдануына разы 
болуда. Керек десеңіз, шешесі қызының баласын, қызы 
228
  Мұхаммед  Барада  Ғазиюли,  әл-ихсабус-синағи  мин  манзурин 
исламии.

365
ИМАНИ ГҮЛ
шешесінікін,  қарындасы  ағасының  баласын  босанып 
беретін жайттар да кездеседі.  
Бүгінде батыста құрсақ аналар мен баласыз ерлі-
зайыптылар  арасында  бизнестік  мақсатты  көздеп 
делдалдық  жасайтын  мекемелердің,  әйелдердің 
жұмыртқа  клеткалары  мен  ер  адамдардың  спермала-
рын  саудалайтын  орталықтардың  кең  тарағандығы 
баршаға  мәлім.  Бұлардың  қай-қайсысы  болма-
сын  біздің  адамгершілігімізге  сыйыспайтын,  келер 
ұрпақ  алдындағы  адалдығымызға  нұқсан  келтірер 
жиіркенішті  істер  екені  сөзсіз.  Сұрақтың  жауабын 
Шәкәрімнің: 
«Ғылым деген бұл болса – адыра қалсын,
Демеске бара жатыр ішім толып»
229
- деген даналық 
сөзімен тамамдайын.
229
 Шәкәрім, Өлеңдер мен поэмалар, 139-бет. Жалын баспасы, А -
маты  1988 ж.

366
Пайғамбарға  салауат  айту  деген  не?  Біздің 
салауат айтуымызға пайғамбарымыз мұқтаж 
ба?
«Салауат»  сөзі  араб  тілінде  «береке»,  «құрмет 
көрсету»,  «тілек»  сияқты  мағыналарды  білдіреді.  Ал 
діни  терминде  болса,  салауаттың  айтушыға  байланыс-
ты  мағыналары  да  өзгеріп  отырады.  «Ахзаб»  сүресінде: 
«Сөзсіз, Алла Тағала және Оның періштелері әрдайым 
пайғамбарға  салауат  етеді.  Ей,  иман  еткендер!  Сен-
дер  де  Оған  (Мұхаммедке)  салауат  айтып,  жан-
дүниелеріңмен сәлем жолдаңдар!»
230
 делінеді.
Жоғарыдағы аятта білдірілгендей, Пайғамбарымызға 
тек  адамдар  ғана  емес,  Алла  Тағаланың  өзі  де  және 
Оның  періштелері  де  салауат  етеді.  Сондықтан  са-
лауат  Алла  Тағаладан  болған  жағдайда  «рақым  ету, 
дәрежесін көтеріп, мерейін үстем ету, берекеге кенел-
ту»  мағыналарын  білдіреді.  Ал  періштеден  айтылған 
жағдайда «ізгі дұға және кешірім  тілеу» мағынасында 
қолданылады.  Ал  мұсылман  үмбетінің  салауат  айтуы  – 
ардақты  Пайғамбарымыздың    (с.а.у.)    Алла  Тағаланың 
ерекше  рақымына  бөленіп,  асқақ  дәрежесінің  одан  әрі 
биіктеп,  мерейінің  үстем  болуын  тілеуі  болмақ.  Яғни,  
үмбетінің  пайғамбарына  деген  ізгі  тілегі.  Салауат  тура-
лы қысқаша осылай түсінік бергеннен кейін жоғарыдағы 
сұраққа қайта оралайық. 
Онсыз  да  Алла  Тағаланың  рақымы  мен  берекетіне 
бөленген,  абырой-дәрежесі  жоғары  Пайғамбарға  (с.а.у.) 
салауат айтып, жақсық тілеу не үшін қажет?
230
 Ахзаб сүресі/56.

367
ИМАНИ ГҮЛ
Біріншіден, ақырғы пайғамбар Мұхаммедке (с.а.у.) са-
лауат айтуымыз – мойнымыздағы қарызымыз. Оның (с.а.у.) 
алдындағы  жақындығымыз  бен  сүйіспеншілігіміздің 
белгісі. Оған деген алғысымызды тілек ретінде білдіріп, 
жүрек  жарды  сағынышымыз  бен  құрметімізді  салауат 
түрінде жеткізу болмақ.
Егер  пайғамбарымыз  жіберілмегенде,  біз  Ұлы  Жа-
ратушыны  барлық  кемел  сипаттарымен  танып,  қатесіз 
түсіне  алатын  ба  едік?  Пайғамбарымыз  келмес  бұрын 
адамзат  ай,  жұлдызға,  жансыз,  тілсіз,  меңіреу,  қолдан 
жасалған пұттарға Құдай деп табынғаны баршаға белгілі. 
Ендеше,  адамзатқа  таухид  дінін  үйретіп,  Раббымызбен 
табыстырған ардақты елші хазреті Мұхаммедке (с.а.у.) са-
лауат айту – әрбір мұсылманның пайғамбары алдындағы 
адал  борышы.  Пайғамбарымыз  (с.а.у.)  өзіне  білдірілген 
ақиқаттарды жан шыдатпас қиыншылықтармен қырқыса 
жүріп  адамзатқа  жеткізді.  Сол  жолда  малын  да,  жа-
нын да аямады. Сол үшін апталап емес айлап аш қалды. 
Мүшріктердің:    «Әбдімүттәліптің  жетімегінен  басқа 
пайғамбарлыққа адам табылмай қалып па?!» дейтіндей 
қорлық  сөздерін  естіп,  келеке-мазағына  душар  болды.  
Мүбәрак  жүзіне  дұшпандары  сан  рет  түкіріп,  ғибадат 
жасап  жатқан  кезде  түйенің  қан-жынын  әкеп  төбесіне 
қотарып, айыздары қана алшаң басып кете барған кездері 
де  болды.  Жаңа  дінге  қарсы  шыққан  Мекке  мүшріктері 
Пайғамбарызды  өлтіруге  ант  ішіп,  мүбәрак  өмірін 
қауіп-қатерге  кіріптар  етті.  Жақын  туыстары  мен  жора-
жолдастарын өлтіріп, мал-мүліктерін талан-таражға сал-
ды. Бірақ, хақ діннің адамзатқа жетуі үшін пайғамбарымыз 
(с.а.у.) осының бәріне мойымай шыдады. Пайғамбарымыз 
бұл  жан  түршігерлік  қиыншылықтарға    қияметке  дейін 
келіп-кетер жалпы адамзаттың бақыты үшін душар бол-
ды.  Иә,  ол  ақырғы  дін  исламды  бізге  жеткізбегенде,  ақ 

368

1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   27


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал