Ислам мәдениеті мен білімін қолдау қоры имани гүЛ ҚАйрат жолдыбайҰЛЫ



жүктеу 2.53 Kb.

бет16/27
Дата09.01.2017
өлшемі2.53 Kb.
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   27

ИМАНИ ГҮЛ
адамның  рухын,  қуану,  қайғыру  сезімдерін  және  ақыл-
ойын,  әлемдегі  тартылыс,  гравитация  күшін  көзімізбен 
көре алмағанымызбен бұлардың бар екендігіне ешкім кү-
мән келтірмейді. Өйткені, біз нәтижесіне қарап бұлардың 
бар екендігіне көз жеткіземіз. Айталық,  жүзіміздің реңіне, 
даусымыздың шығу ырғағына, бет-жүзіміздің құбылуына 
қарап адамның қуанғанын яки қайғырғанын білеміз. Бірақ 
қуаныш пен қайғы сезімдерін көзімізбен көре алмаймыз.
Көзбен  көру  үшін  көрінетін  заттың  қарсы  алдыңда 
тұруы  және  оның  материалдық  нәрсе  болуы  шарт.  Де-
мек, көзіміздің көруі осы тәрізді бірқатар заңдылықтарға 
тәуелді.  Ал  Алла  Тағала  шектеулі  әрі  материалды 
болмағандықтан,  Оның  тек  қарсы  алдымызда  яки  басқа 
белгілі бір мекенде болуы да мүмкін емес. Себебі, барлық 
мекен атаулы кейіннен жаратылған. Ал Алла Тағала сол 
жаратылған  мекендер  жоқ  кезде  де  бар  еді.  Міне,  гәп 
осында.  
Олай  болса,  көру  аясы  тар,    көру  қабілеті  кейбір 
заңдылықтарға  тәуелді  әлсіз  көзімізбен    Алла  Тағаланы 
мына дүниеде көруіміз мүмкін емес. Демек, Ұлы Жарату-
шыны көре алмауымыз – Оның жоқтығының белгісі емес, 
керісінше,  көз  көре  алмайтындай  Оның  ұлылығы  мен 
шексіздігінің,  сондай-ақ  біздегі  көздің  тым  әлсіздігінің 
белгісі. 
Алла Тағала Құран Кәрімде:  «Көздер Оны көре ал-
мас, бірақ Ол көздерді көреді»
111
- делінген. 
Алла Тағала бізді бұл дүниеге Өзін мына жаратылыс-
қа  қарап,  тапсын,  танысын,  білсін,  Өзінің  құдіретінің, 
шеберлігінің,  ілімінің  алдында  таң  қалып  бас  исін, 
құлшылық етсін деп, сынақ үшін жіберген. Ал енді бізге 
ерекше  көру  қабілетін  беріп  бұл  дүниеде  өзін  көрсетер 
болса, бізді бұл дүниеге жіберуіндегі сын-сынақтың мәні 
болмас  еді.
111
 Әл-Әнғам сүресі/103.

221
Алла Тағала неге адамдарды  бай-кедей етіп 
жаратқан. Оның сыры неде?
Байлық – мұрат емес,
Кедейлік – ұят емес.
Халық мақалы
Ең  алдымен,  бұл  бес  күндік  пәни  дүниенің  адам-
зат  үшін  үлкен  «сынақ  мекені»  екенін  бір  сәт  естен 
шығармауымыз қажет. 
Сондай-ақ,  ақыретті  есепке  алмастан  тек  қана  осы 
пәни  дүниенің  күрмеуге  келмейтін  қысқа  өлшемдерінің 
шеңберінде  мұндай  сұрақтарға  жауап  беруге  тырысу  да 
бос әурешілік. Ондай жағдайда сұрағымыз да тұщымды 
жауабын  таба  алмай,  бейнебір  мағынасы  аяқсыз  қалған 
кітап яки екінші бөлімі көрсетілмей қалған фильм іспетті 
жарымжан күй кешері даусыз.  
Алла  Тағала  өзі  қалаған  кейбір  пенделерін  мал-
мүлік, байлық, дәулетке кенелтіп, қайсыбіріне кедейліктің  
қамытын  кигізеді.  Бұған  қоса,  адамның  білімінің, 
тәжірибесінің,  еңбегінің  де  байлыққа  қол  жеткізу  үшін 
керекті  себеп  екенін  ұмытпағанымыз  жөн.  Бірақ  бай 
болу үшін адамның бұл қасиеттерге ие болуы жеткілікті 
емес.  Өйткені,  Алла  Тағала  дүние мүлікке  ие  болудың 
барлық  себептері  мен  шарттарын орындап, күндіз- түні 
зыр жүгірген адамға байлық бермеуі де мүмкін. Яғни, бұл 
тұста пешене, рызық мәселелерін де ескерген жөн. 
Әрбір  адам  мол  рызыққа,  несібеге  жету  үшін 
қолынан  келер  бар  іс-әрекетті  жасауы  тиіс.  Сосын 

222
ИМАНИ ГҮЛ
Раббысының  нәсіп  еткен  азды-көпті  үлесіне  разы  бо-
лып, соған қанағат етуі ләзім. 
Байлықты  әрдайым  Алланың  құлдарына  берген 
жақсылығы  деп  түсінбеуіміз  қажет.  Әсіленде,  Оның 
құлдарына берген байлығы да, кедейлігі де – сынақ. Құран 
Кәрімде:  «Сендердің  малдарың  да,  бала шағаларың 
да  сынақ  ретінде  берілді»
112
  делінеді.  Байлыққа  қол 
жеткізу – бақытқа кенелу деген сөз емес. Бай бола тұра, 
жан дүниесі байыз таппай бақытсыздықтан басы қатып, 
тіпті, өздеріне қол жұмсаған адамдар да аз емес. Қаншама 
байлар кедейдің бір күнгі алаңсыз бақытты өміріне зар, 
тіпті сол бақытты бір-ақ күн үшін барлық  дүниесін бере 
салуға пейіл. Қара нан мен қара шайды қайғысыз ішкен 
қанағатшыл кедейдің қол жеткізген рахаты мен ләзззатын 
дәулетті кісілердің көбі небір тәтті мен дәмдіні жесе де, 
қол жеткізе алмай жатады.  
Бірақ, кедейлікті де бақытқа  жетудің төте жолы деп 
түсініп қалмайық. Кедейліктің салдарынан басын тастан-
тасқа ұрып, өмірден түңілген жандар да қаншама. Демек, 
байлық та, кедейлік те адамды бақытты ететін негізгі се-
бептер  емес.  Себебі,  адам  тек  асқазаннан  ғана  тұратын 
жаратылыс емес. Оның рухы, жүрегі, ішкі сезімдері, ар-
ожданы  бар.  Негізінде  адам  баласын  басқа  жаратылы-
стардан үстем ететін ерекшеліктері де адамның, міне, осы 
жақтары. Адам баласының осы ішкі рухани жан-дүниесі 
қанағаттандырылмайынша,  бүкіл әлемді жалғыз өзі уы-
сында  ұстаса  да,  оның  бақыты  бәрібір  баянсыз,  күлкісі 
жалған. 
Шынтуайтында,  әр  адам  жағдайы  өзінен  жоғарыға 
емес,  өзінен  де  нашар  адамдарға  қарап  өз  жағдайына 
қанағат  етуді,  шүкіршілік  жасауды  ғұмырының  негізгі 
112
 Тағабун сүресі/15.

223
ИМАНИ ГҮЛ
ұстанымы  ете  білсе,  өмірден  опық  жемейтіндігі  ақиқат.  
Мысалы, кез-келген адам өзінен  де жағдайы жақсы адам-
ды өмірде кездестірері шындық. Сонда әлгі адам өз басына 
жетерлік жағдайы болса да, ана адамға қарағанда өзінің ке-
дейлеу болғанын ойлап, ішін әлдебір қызғаныш тырмалап, 
өз-өзін  кедей  санап,  Құдайға  назалануы  мүмкін.  Ал  ана 
бай өзінен де бай басқа адамды көріп, ол да бәсекелестік 
пен қызғанышқа шырмалуы ықтимал. Алайда,  өздерінен 
де төмен жағдайдағы адамдарға бір сәт көз тастап, өзіне 
берілген жақсылықтарға ой жүгіртсе, Құдайға мұң шағуды 
қойып, шүкіршілікке бет бұрар еді. Адам көбіне есепсіз 
Құдай  Тағаланың  берген  теңдесі  жоқ  өз  бойындағы 
байлықтан хабарсыз. Зағип адам ешқашан үйдің тарлығын 
айтып  шағымданбайды.    «Япырай,  «көз»  деген,  айна-
лайын,  басқа  ешбір  байлықпен  өлшенбейтін  Құдайдың 
берген  керемет  сыйы  екен  ғой,  мен  мұны  неліктен  ерте 
сезінбеді екенмін» деп Құдайдан жатса да, тұрса да басқа 
дүниені емес, тек көзінің айығуын тілейді. Ашаршылыққа 
душар болған жұрт та «шіркін, бір үзім нан болса ғой» деп 
аңсайды. Ол алтын мен күмісті яки  жақсы машинаны емес, 
тек соны тілейді. Демек, кедейлік пен байлық адамның өз 
жүрегіндегі    «қанағат»  сандығында  жатыр.  Байлық  та, 
кедейлік те өзгелерге қарап өлшенгендіктен, бұлардың 
бәрі салыстырмалы түрде болмақ. Пайғамбарымыз бір 
хадисінде:  «Өздеріңнен  көп  берілгендерге  емес,  аз 
берілгендерге қараңдар! Сонда ғана Алла Тағаланың 
сендерге  нәсіп  еткен  нығметтердің  қадір-қасиетін 
ұғынасыңдар»
113
  десе,  басқа  бір  хадисінде:  «Нағыз 
113
  Муслим,  Китабуз-зуһд.  Бухари,  әр-Риқақ.  Бухаридегі  риуаятта 
былай  делінеді:  «Сендерден  де  көп  дүние  берілгендер  мен  жа-
ратылыстары  сендерден  де  артық  болғандарды  көрген  уақытта 
өздеріңнен де төмен болғандарға қараңдар!». Және қараңыз: Әбу 
Зәкария Мухиддин Иахия Ән Нәуәуий, Нузһатул Муттақин, 1 том, 
353 бет. Муәссисәтур Рисәлә, Байрут 1991ж.

224
ИМАНИ ГҮЛ
байлық  мал-мүліктің  көптігінде  емес,  жүректің, 
жан  дүниенің  кеңдігінде»
114
  деп  шынайы  байлықтың 
мән-маңызын дәлме-дәл ашып берген. 
Иә, қанағат – түгесілмейтін қазына. Қанағатсыз адам 
қанша  бай  болса  да,  дүниеге  тойымсыз  келеді.  Өйткені, 
ондай адамның ішкі дүниесі кедей. Ал қанағатшыл  адам 
қара нан жесе де, дүниесі түгел. Себебі, оның жан дүниесі 
бай.
Ыбырай  Алтынсариннің  «Сақып»  атты  мына  бір 
қысқа әңгімесі осы айтқанымызды дөп басып суреттеген-
дей:
«Сақып  деген  бір  жақсы  кісі  мал  жинамай  жүріп, 
ақырында  әл  кеткенде  қатты  кедейшілік  тартып,  бір 
күні  етігі  болмаған  соң  жалаңаяқ  далада  жүргенінде, 
аяқтарын тас жыртып ренжіңкірепті. Сөйтіп келе жа-
тып, екі аяғы жоқ ағаш балдақпен жүрген бір тіленшіге 
жолықты. Мұны көріп, Сақып аһ ұрып айтты дейді:
–  Әй,  Құдайым,  ренжігеніме  тоба  қылдым,  шүкір 
саған  – менің жүруге аяғымды аман сақтағаныңа; мынау 
балдақты бишараға жаңадан аяқ табылса, жалаңаяқ та 
болса жүруді дүниенің бір қызығы деп білер еді-ау деді,-
дейді»
115

«Алла  Тағала  барлық  құлдарын  неліктен  бірдей 
бай  етіп  жаратпаған?»  деу  де  орынсыз.  Өйткені  жал-
пы жаратылыстың өзі позитив және негативтік жүйеден 
құралған.  Токтағы  минус- плюс,  бұлттардағы  негатив-
позитив  ағымдары  және  қатты жұмсақ,  суық ыстық, 
қараңғы жарық,  әйел- еркек  сияқты  көптеген  мысал 
келтіруге болады. Міне, осы кереғар заңдылықтар  арқылы 
жалпы  ғаламда  тамаша  үйлесімділік,  керемет  жүйе 
114
 Хадисті Имам Муслим жеткізді.
115
  Ыбырай  Алтынсарин,  Таңдамалы  шығармалары,  125-бет. 
«Ғылым» баспасы, 1994 ж.

225
ИМАНИ ГҮЛ
сақталуда. Олай болса жалпы ғаламның негізгі бір бөлшегі 
саналатын адамзат та ғаламдағы осы кереғар  заңдылыққа 
бағынуы  тиіс.  Сөйтіп  қоғамның  біртұтастығы,  өзара 
үйлесімділігі  сақталады.  Қоғамдағы  әрбір  тұлға  басқа 
бір тұлғамен бірігіп селбескенде ғана өз қажеттіліктерін 
қамтамасыз етеді. Барлық адам басшы болып кетсе, кім 
кімге  басшылық  етіп,  кім  кімге  жұмыс  істемек?  Міне, 
сондықтан қоғамда біреуі басшы болса, екінші бірі соған 
тәуелді жұмысшы, енді бірі дәрігер болса, басқа бірі ау-
ырып ем қабылдайды. Бұлардың бәрі табиғи түрде Ұлы 
Жаратушының  қойған  белгілі  заңдылықтарымен  жүзеге 
асып  жатады.  Сондықтан  бір  адамның  бай,  екінші  бір 
адамның  кедей  болуы  –  табиғи  нәрсе  болумен  қатар, 
жалпы  ғаламдағы  Ұлы  Жаратушының  қойған  кереғар 
заңдылығының бір көрінісі. 
Барша  адам  бірдей  бай  немесе  кедей  болсын  деу  – 
барлық  адам бірдей басшы яки бәрі  ер кісі немесе түгел 
әйел болсын дегенге саятын күлкілі жайт. Осы жобалас істі 
жасамақ болған кешегі коммунизмнің немен аяқталғаны 
бәрімізге белгілі.  
Түптеп келгенде, Алла Тағаланың адамға байлықты 
беруі де, бермеуі де игі һәм қайырлы. Адам егер берілген 
мал мүлік,  дүниені  жақсы  жолда  жұмсап,  сол  байлықты 
берген  оның  шынайы  Иесіне  үнемі  шүкір  етіп,  кедей-
кепшіктерге  қол  ұшын  созып,  ғұмырын  ізгілікпен, 
қайырымдылықпен өрнектей білсе, онда байлық ол адам 
үшін  әлбетте  қайырлы.  Алайда  байлықтың  буына    мас-
танып,  оны  берген  Жаратқанды  естен  тарс  шығарып, 
небір  күнәға  батып,  айналасындағы  кедей -кепшік,  мұң-
мұқтаждарға  мұрнын  шүйіре  қарап,  өзге  байлармен 
бәсекелесіп,  бақ  таласқандар  үшін  байлық  әрдайым 
қатерлі, әрі ақыреттік өмірін тамұқ ететіндіктен қайырсыз. 
Кедейлік те дәл осылай. Егер кедей адам қара нанның өзін 

226
ИМАНИ ГҮЛ
қадір тұтып, қара суды қанағат ететін иман нұрына шомған 
жан болса, кедейлік мұндай адам үшін қайырлы. Өзінің 
әлсіздігін түсініп, Ұлы Жаратушысына деген мұқтажды-
ғын әр сәт естен шығармауға итермелейтін кедейшілікті 
қалай  ғана  қайырсыз  дей  аламыз?  Оразада  күні  бойы 
ауызға  нәр  татпай,  ауыз  ашарда  ішкен  бір  жұтым  суды 
тұла бойымыз шымырлап, бар жан-тәнімізбен сезінеміз. 
Жоқшылық та Ұлы Жаратушының адамға берген сансыз 
нығметтерінің қадір -қасиетін түсіндіреді. 
Иманды жан Ұлы Иесіне «неге кедейлік бердің?» деп 
шағым жасауы былай тұрсын, «маған байлық бергеніңде, 
бәлкім,  сол  байлықтың  буына  мастанып,  Сені  естен 
шығарып,  Саған  деген  мұқтаждығымды  қазіргідей 
сезінбес пе  едім?»  деп,  кедейлікпен  сынаған  Раббысына 
шүкір  етеді.  Кедейлікті  әрдайым  Раббысы  тарапынан 
тарту  етілген  сансыз  сауаптың  қазынасы  мен  мәңгілік 
байлықтың  қайнар  көзі  деп  біледі.  Себебі,  кедейлігіне 
сабыр  етіп,  шүкір  ете  білген  жан  Раббысының 
ризашылығына  бөленіп,  ақыретте  мәңгілік  бақытқа 
кенеледі. 
Ал,  керісінше,  жүрегі  иманмен  нұрланбаған  жан-
дар  үшін  кедейлік  те  қайырсыз.  Күн  сайын  байлардың 
байлығына  қызыға  қарап,  өзі  ондай  мал -мүлікке  ие 
болмағандықтан,  ішін  қызғаныш  өрті  шалып,  үнемі 
өзгелердің ақшасын сырттай санап әуре болады. Мұндай 
жандар  уақыт  өте  келе  Раббысына  қарсы  шығып, 
күпірліктің тас түнегінен бір-ақ шығады. Сөйтіп, кедейлік 
сынынан сүріне құлап, ақыретін де ойран етеді.  
Міне,  Ұлы  Жаратушының  байлығы  да  кедейлігі  де 
адамдар  үшін  сын -сынақ.  Байлықты  да,  кедейлікті  де 
жақсы, жаман дей алмаймыз. Өйткені, бұлардың қайырлы 
яки қайырсыз болуы адамның өзіне байланысты.

227
ИМАНИ ГҮЛ
Иә, мына қысқа дүниеде бір айлық жалақы алу үшін 
күні  бойы  барымызды  салып  жұмыс  істейміз.  Ендеше, 
ана  дүниеде  мәңгілік  бақытқа,  көз  көріп,  құлақ  есті-
меген,  ойша  елестете  алмаған  Раббымыздың  ғажайып 
сыйына  қауышу  үшін  мына  дүниеде  кездескен  кейбір  
қиыншылықтар  мен  кедейшілікті  ауырсынып,  өкпе  ар-
туымыз былай тұрсын, ризашылықпен күле қарсы алуы-
мыз керек емес пе? Бұл дүниедегі уақытша кедейліктің 
есесіне  ақыретте  мәңгілік  бақытқа  қауышуға  кім  разы 
болмас?!
Мәселенің  екінші  жағы  –  кедейлер  ғұмыр  кеш-
кен  қоғамға  байланысты  болмақ.  Егер  сол  қоғамда 
өмір  сүретін  әрбір  дәулетті  адам  тек  өзінің  қара  ба-
сын  ғана  ойламай,  Құранның:  «Тақуа  жандар  –  Алла 
Тағаланың  өздеріне  берген  нәсібесінен  (кедейлерге, 
қажетті  жерлерге)  жұмсайды,  (игілік  жолында  сарп  
етеді)»
116
,  «Олардың  байлықтарында  кедейлердің 
белгілі  мөлшерде  үлесі  бар»
117
  секілді  аяттары  мен 
Пайғамбарымыздың  (с.а.у.):  «Жанындағы  көршісі  аш 
екенін біле тұра өзі тоқ ұйықтаған адам толық иман 
еткен болмайды»
118
 секілді хадистерін әрдайым жадын-
да  сақтап,  байлықтарының  қырықтан  бірін  зекет  етіп 
мұқтаждарға  берер  болса,  мұндай  қоғамда  кедейліктен 
түңіліп, үміті үзілген пенде қалмас еді.
Бұған  қоса,  кедейлердің  де  оқып-білуіне,  жұмыс 
істеп, тұрмыстарын жақсартуларына мүмкіншілік жасап, 
жол  ашу  әрі  олардың  мүддесін  қорғау  –    сол  қоғамның 
басшыларының  міндеті.  Ақыретте  олар    да  қарамағын-
дағы адамдар үшін жауапқа тартылары сөзсіз.
116
 Бақара сүресі, 3-аят.
117
 Мағариж сүресі, 24,25-аят.
118
 Хадис Ибн Аббастан риуаят етілді.

228
ИМАНИ ГҮЛ
Иә, мұсылман қоғамында «мен ғана жейін, өзім ғана 
қызығын көрейін» секілді өзімшілдік түсініктер емес, өзара 
көмектесу мен мейірімділік, адамгершілік, шыдамдылық 
қағидалары  үстемдік  етеді.  Мұндай  қоғамда  дәулетке 
кенелген  жандардың  жүрегінде  әрдайым  мейірімділік 
самалы  ессе,  кедейлердегі  қызғаныш  сезімі  өз  орнын 
«бәрекелді,  байлығың  тасығыр»  деген  игі  тілектер  мен 
шынайы лебіздермен айырбастайды. 

229
Алла Тағала біздің ғибадатымызға зәру ме? 
Неліктен біздің ғибадат етуімізді талап етіп
орындамағандарды азаптайтынын ескертуде?
Ұлы Жаратушымыз біздің құлшылығымызға да, тіпті 
жаратылыстағы  еш  нәрсеге  де  мұқтаж  емес.  Керісінше, 
барлық жаратылыс атаулы Оған мұқтаж. Ол – «Самад», 
яғни ешкімге мұқтаж емес, керісінше, барлық нәрсе Оның 
жәрдеміне,  мейірімі  мен  шарапатына,  түгесілмейтін 
қазынасына мұқтаж.
Адамзатты жоқтан жаратып, жерді оған құтты мекен, 
көкті  жымыңдаған  жұлдыздармен  безендіріп,  бейнебір 
өрнектелген күмбездей төбесіне көтеріп, алып Күнге жы-
луы мен жарығын толассыз төккізкен Ұлы Жаратушының 
өзі  жаратқан  әлжуаз  адамның  құлшылығына  қандай 
мұқтаждығы болсын?! Өсімдік әлеміне, сан алуан жеміс-
жидегін  шашу  етіп  шашқызып,  күллі  жан жануарды 
қызметіне жүгіртіп, алдына салып берген Ұлы Құдіреттің 
өзі  жаратқан  әлсіз  адамзаттың  ғибадатына  нендей 
мұқтаждығы болуы мүмкін?! 
  Иә,  біздің  болар-болмас  құлшылығымыз  арқылы  
күллі  болмыс  әлемін  басқарып  тұрған  құдіретті  Ұлы 
Иеміздің  даңқы  мен  теңдессіз  ұлылығына  нендей  даңқ 
қосылмақ?!  Немесе  біз  ғибадат  жасамасақ,  оның  шексіз 
ұлылығына қандай нұқсан келіп, таңғажайып cалтанатты 
патшалығынан  не  кеміп  қалмақ?  Біз  ғибадат  жасасақ 
та,  жасамасақ  та  Ол  задында  даңқты,  барлық  мадақ-
мақтауларға нағыз лайық, күллі ұлылықтың шынайы иесі 
емес пе?!

230
ИМАНИ ГҮЛ
Ғибадат  –  Ұлы  Шебердің  мына  ғаламдағы  жараты-
лыс туындысына қарап, ондағы нақышталған құдіретінің, 
шеберлігінің,  білімінің  алдында  таң  қалып,  бас  шайқап, 
қайран қалудың нәтижесі, тіпті нағыз өзі болмақ.
Құлшылықтың түп мәні – Ұлы Алланың тегін бер-
ген  сансыз  ырыс -берекесі  мен  есеп- қисапсыз  төккен 
жақсылығына құлдың мадақ айтып, Оны ұлықтап, зікір 
етуі арқылы алғыс, рақметін білдіруінде. Ал енді адамның 
Ұлы Иесіне осылай алғысын білдіруіне, адамдығына сай 
борышын  өтеуіне,  Оның  алдында  қарыздар  екендігін 
мойындауына Ұлы Жаратушыны мұқтаж деу ақылға сыя 
қояр ма?! 
Ғибадат –  адамның жүгі зіл-батпан мына дүниедегі 
барлық    мұқтаждығы  мен  қыжалат -керегін  Ұлы  Жа-
ратушысына  білдіруі,  Оның  алдында  қолын  жайып 
мінәжат  етуі.  Осы  ісі  арқылы  адам  баласының  жүрегі 
жай тауып, шексіз рахатқа қауышады. Бойындағы ауыр 
жүк жеңілдейды. Ал бұған Алла емес, адамның мұқтаж 
екені айтпаса да түсінікті. 
Ғибадат  –  адамның  кемелденуіне,  еш  нәрсеге 
қанағаттанбаған  рухы  мен  жүрегінің  жай  тауып, 
шексіз  рахатқа  қауышуына,  денінің  саулығына,  сан-
алуан  сезімдерінің  жетілуіне,  мінез -құлқының  толысып 
көркеюіне ықпал етеді.
Һәм ғибадат – «адал арам» деп ажыратпай, «жақсы-
жаман»  деп  талғамай  әр  нәрсені  татқысы  келетін  то-
йымсыз  асау  нәпсісінің  тізгінделіп,  тәрбиеленуіне, 
қоғамда  тыныштықтың  орнауына,  зуылдап  өтіп  жатқан 
уақытымыздың  реттелінуіне,  күнделікті  ісіміздің 
жүйеленуіне ықпал жасайды. Ал мұның бәрі Алла Тағала 
үшін емес, біз үшін қажет.
Әрі  ғибадатымыз  арқылы  уақытша,  пәни  әрі  сан 
алуан қиыншылықтарға толы мына дүниенің орнына ана 

231
ИМАНИ ГҮЛ
дүниеде мәңгілік рахатқа, шексіз бақытқа қол жеткіземіз. 
Сөзсіз, мұндай мәңгілік бақытқа Алла Тағала емес, біз 
зәруміз.
Алла Тағаланың мына дүниеде қойған белгілі заңдары 
мен шарттары бар. Осы заңдармен жүрудің пайдасы яки 
оны орындамаудың зияны тек бізге, яғни пенделерге тән. 
Мысалы, бау -бақшадан өнімді жеміс, егістіктен берекелі 
егін алу үшін оны жақсылап суғару, түбін қопсыту, түптеу, 
зиянды  жәндіктерден  қорғау  үшін  дәрі дәрмек  шашу 
сияқты  белгілі  заңдылықтарды  орындауымыз  керек.  Иә, 
бұл  шарттарды  орындаудың  пайдасы  да,  жалқауланып 
жатудың  зияны  да  сол  бау- бақшаның  иесіне  тән.  Міне, 
осы  тәрізді  Ұлы  Жаратушы  біздің  о  дүниеде  мәңгілік 
бақытқа қол жеткізуіміз үшін, жәннатқа лайық болуымыз 
үшін Өзінің бұйрықтары мен тыйымдарын қамтыған заң-
қағидаларын, белгілі шарттарын қойған. Бұл бұйрықтарға 
құлақ  асып,  мойынсұнудың  пайдасы  мен  сый -сыяпаты 
адамға тимей қоймайтыны секілді, қарсы шығып, күнәға 
батудың да жазасы сол адамға тиеді. Бұл заңдарды бекіткен 
Ұлы Жаратушыға ешбір зиян да, пайда да келмек емес.
Иә,  парыз  етілген  намазды  оқудың  сауабы  мен 
оқымаудың  жазасы  адамға  тиесілі.  Адам  баласы  Хақ 
Тағаланың  құзырында  күніне  бір  сағат  намаз  оқуымен 
яки Оның берген мал- мүлкінің қырық та бірін зекет етіп 
мұқтаждарға  таратуымен  немесе  Рамазан  айында  бір 
ай аш жүруі арқылы еш нәрсеге мұқтаж болмаған Алла 
Тағалаға нендей жәрдем беріп, Оның қандай қажетін өтей 
алмақ? 
Адамға  алма  берген  ағашқа  қарап  «Бізге  күні 
түскендіктен берді» дей алмасымыз анық. Ал енді адамға 
қызмет  етіп  тұрған  барлық  өсімдік  әлемін,  жалпы  жан-
жануарды,  күллі  ғаламды  жаратқан  Ұлы  Құдіретке 
қалайша  «Мұның  бәрін  біздің  ғибадатымызға  мұқтаж 

232
ИМАНИ ГҮЛ
болғандықтан жаратты» дей алмақпыз?!
Мейірімді дәрігер ауру жандарға жаны ашып, көмек 
көрсетпек    ниетпен  тегін  емдесе,  ауру  адамдар:  «Бұл 
дәрігер бізді емдеуге зәру» дей ала ма?! Немесе, мейірімді 
дәрігер  сол    ауру  адамның  ауруларына  шипа  болар  әр 
түрлі  дәрілерді  «іш»  деп    бұйырса,  әлгі  ауру  жан:  «Бұл 
дәрігер  маған  бұл  дәрілерді  ішкізуге  зәру-ау,  шамасы» 
демесі анық. Міне, тура осы сияқты Алла Тағала біздің екі 
дүниеде де бақытты болуымыз үшін, рухани дертіміздің 
дауасы ретінде намаз,  ораза,  зекет  сияқты ғибадаттарды 
біздерге парыз еткен. 
Сөз түйіні, Алла Тағала «Самад», «Ғани» яғни, ешбір 
нәрсеге  мұқтаж  емес,  керісінше  өте  бай.  Күллі  жараты-
лыс атаулы Оған мұқтаж. Сұрақтың жауабын осы жерде 
нүктелеп, мына бір тұсты баса айта кетуді жөн көріп от-
ырмыз. 
Егер Ұлы Жаратушымыз адам баласына  ғибадат жа-
сауды парыз етпеді деп санаған күннің өзінде біздер Оның 
ұлылығы  мен  шексіз  құдіретінің,  теңдессіз  шеберлігі 
мен  ұлықтығының  алдында  таң  қалып,  өз  еркімізбен 
бас иіп, Оның жалғыз Құдайлығын (улуһиәтын) мойын-
дап  жан  тәнімізбен  ұлықтауға,  сан  түрлі  мақтау  айтып 
ғибадат жасауға тиіс болар едік. Адамды жоқтан жара-
тып, һәм оған өзге жаратылыстардан үстем етіп ақыл-ой, 
сана-сезім сыйлаған, сан  алуан жақсылығы мен рызық -
несібесін толассыз төгіп, айналасындағы күллі жараты-
лысты қызметіне жүгірткен Ұлы Иесіне адам баласының 
өз  еркімен  алғыс -шүкірін  білдіруі,  Оның  алдындағы 
қарыздар екенін мойындап тағзым етуі оның ұмытылмас 
міндеті  әрі  адамдық  қасиетінің  асыл  талабы  болса  ке-
рек.

233
Намаз,  азан  сияқты  ғибадаттар  неге  
тек  қана  араб  тілінде  орындалады?  
Әр ұлт өз тілінде орындаса болмай ма?
Намазда  мұсылмандардың  Құран  Кәрімнен  сүрелер 
оқуға міндеттілігі бәрімізге белгілі. Мұсылмандардың өз 
тілдеріне, жергілікті жеріне қарамастан сонау Мұхаммед 
(с.а.у.)  пайғамбар  заманынан  бұлжымай,  заңдасқан  бұл 
қағида келешекте де дәл осылай жалғаса бере ме?
Ең  алғашында  кез-келген  адам  үшін  ана  тілінде 
құлшылығын  орындау  –  әрі  жеңіл,  әрі  орынды  көрінері 
рас. Алайда, мәселені егжей-тегжейлі қарастырар болсақ, 
кең көлемді түсінікке қол жеткізеріміз анық.
Ең  алдымен  тілек-дұға  мен  намаздың  ара  жігін 
ажыратып алған жөн. Намаздан тыс жасалатын тілектер 
мен  дұғаларда  мұсылман  кісіге  ішкі  тілегі  мен  мұң-
мұқтажын қай тілде айтып жеткізем десе де, бұған тыйым 
салынбаған.
Өйткені,  бұл  Жаратушы  мен  құл  арасындағы  жеке 
мәселеге қатысты. Ал намаз болса, ол жалпыға, жамағатқа 
тән  құлшылық  болғандықтан,  намазға  қосылатын  басқа 
да  мұсылмандардың  қажет  тілектерімен  санасу  керек. 
Негізінен  намаз  жамағатпен  оқылуға  тиіс.  Бірақ  жалғыз 
оқуға да рұқсат етілген.
Егер Ислам діні қандай да бір белгілі аймақтың яки 
белгілі бір ұлттың діні болса, онда ешқандай күмәнсіз сол 
аймақтағы сол ұлттың ғана тілі қолданылар еді. Алайда, 
төрткүл  дүниеге  тараған,  бір-бірін  түсінбейтін  қаншама 
ұлт  өкілдеріне  ортақ  діннің  өзіндік  ерекшеліктері  мен 
қасиеттері болатыны сөзсіз.

234

1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   27


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал