Ислам мәдениеті мен білімін қолдау қоры имани гүЛ ҚАйрат жолдыбайҰЛЫ



жүктеу 2.53 Kb.

бет13/27
Дата09.01.2017
өлшемі2.53 Kb.
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   27

Періштелердің міндеттері
Алла  Тағала  періштелерге  әр  түрлі  міндеттер 
жүктеген.  Алла  Тағаланың  оларға  міндет  жүктеуі  – 
олардың  көмегіне  мұқтаждығынан  емес,  керісінше, 
олар  өз  міндеттерін  орындаулары  арқылы  Ұлы 
Жаратушыларының 
құдіретін, 
ұлылығын 
және 
шексіздігін  күллі  әлемдерге  паш  етіп,  теңдессіз 
патшалығының  сән-салтанатын  жалпы  жаратылысқа 
жар салып, куәлік етеді. Алла Тағала ешнәрсеге, ешкімге 
мұқтаж  емес.  Періштелер  өздеріне  жүктелген  міндет-
терін орындау арқылы өздеріне тән ғибадаттарын жасап, 
Ұлы Жаратушыларының рақымына бөленеді.
Періште түрлері
1.  Жебірейіл  періште.  Алла  тағаланың  барлық 
пайғамбарларына  уахи  жеткізуші  періште.  Яғни,  Алла 
90
  Һуд сүресі/69-70.

177
ИМАНИ ГҮЛ
елшісі мен пайғамбарларының арасындағы елші. Жебірейіл 
періште  Құранда  «рух»  деп  те  аталады.  «Әлбетте  бұл 
(Құран)  –  әлемдердің  Раббысының  түсірген  кітабы. 
Оны  сенің  жүрегіңе  ескертушілерден  болуың  үшін 
Сенімді Рух (Жебірейіл) әкелді»
91

2.  Микайл  періште.  Жаратылыстағы  оқиғалардың, 
жалпы  әлемдегі  жан  иелерінің  рызықтары  мен 
рызықтарының  жел,  бұлт,  жаңбыр  секілді  себептерін 
қадағалайтын періште.
3. Исрафил періште. Бұл періште қиямет күні Алла 
Тағаланың  бұйрығымен  сырнайды  алғаш  үрлегеннен 
кейін  Ұлы  Жаратушының  қалаған  кейбір  жаратылы-
старынан  тыс  көктегі  және  жердегі  барлық  жаратылыс 
пәнилікке бас иеді. Сосын екінші рет сырнайға үрлеген 
уақытта бәрі қайта тіріледі.
Құранда: 
«Сырнай 
үрленді, 
Алланың 
қалағандарынан  тыс  жердегі  және  көктегі  барлығы 
дереу жансыз жерге құлады. Сосын сырнай тағы бір 
рет  үрленген  мезетте  адамдар  қабірлерінен  аяққа 
тұрып жан-жағына қарап қалады»
92
- делінеді.
4.  Әзірейіл  періште.  Барлық  ажалы  жеткен  адам-
дардың  рухын  алумен  міндеттелген  періште.  Әзірейіл 
періштенің  бұйрығына  бағынатын  басқа  да  періштелер 
бар.
5. Құрсақтағы сәбиге жанын үрлейтін және рызқын, 
ажалын,  дүниеде  істейтін  амалдарын,  бақытты  яки 
бақытсыз болатынын жазумен міндеттелген періштелер-
дің бар екенін хадистерден аңғарамыз
93
 (тағдыр бөліміне 
қараңыз).
91
  Шуғара сүресі/192-195.
92
  Зумар сүресі/68.
93
  Бухари, Бәдул-халқ, Муслим, Китабул-қадар.

178
ИМАНИ ГҮЛ
6.  Кираман-Катибин.  Құлдарының  жақсы-жаман 
амалдары мен істерін жазумен міндеттелген періштелер. 
Алла Тағала әрбір адамның оң жағы мен сол жағына екі 
періштені  жақсы-жаман  амалдарын  жазу  үшін  өкіл  етіп 
қойған. Бұл екі періште адамның істеген үлкенді-кішілі, 
жария яки құпия, жақсы-жаман әрбір ісін, сөйлеген әрбір 
сөзін қадағалап, амал дәптерлеріне жазып тұрады. 
Құранда:  «Сендерді  (жандарыңнан  ажырамай-
тын)  арнайы  бақылаушылар  бар.  (Олар)  ардақты
94
 
жазушылар. Сендердің не істегендеріңді біледі»
95
.  «Еш 
күмәнсіз адамды біз жараттық және біз нәпсісінің оған 
не сыбырлайтынын да білеміз. (Өйткені) Біз оған күре 
тамырынан да жақынбыз. Оның оң жағында және сол 
жағында отырған әрбір ісін жазатын екі періште бар. 
Бір сөз сөйлер-сөйлемес жанында оны (сөзді) жазушы 
және балқылаушы дайын тұрады»
96

Адам  баласы  жиырмасынша  ғасырда-ақ  дыбысты 
және әр түрлі көрініс, қимылдарды жазатын құралдар тау-
ып шығарды. Әрине, Алла Тағаланың періштелері мұндай 
құрал-жабдықтарға  мұқтаж  емес.  Дегенмен,  адам  бала-
сының  өзі  бойындағы  шектеулі  қабілеттерімен  осындай 
жазатын құралдар тауып шығарып жатса, Алла Тағаланың 
адамның істеген әрбір ісі мен әрбір сөзін жазатын жазу-
шылары неге болмасын? Есеп күні періштелердің жазға-
ны бейне бір жазып алынған бейне таспадай көрсетіледі. 
Қиямет күні адам баласы өз құлағымен дүниеде сөйлеген 
жақсы-жаман әрбір сөзін естіп, істеген әрбір амалдарын 
94
  Яғни,  ардақты  жазушылар  деп  бұл  періштелердің 
адамдардың  арасынан  ешкімді  алалап  жақтамайтын  бейтарап 
екендіктеріне,  болған  оқиғаны  жасырып  яки  асырып  өтірік 
жазбайтындықтарына, ешбір нәрсені ұмыт қалдырмайтындарына 
ишарат етіліп отыр.
95
  Инфитар сүресі/10-12.
96
  Қаф сүресі/17-18.

179
ИМАНИ ГҮЛ
өз  көзімен  көреді.  Күнәһарлар  істеген  күнәларын  көріп 
тыныстары тарылып, өн бойынан шып-шып аққан суық 
терге көміліп, қызарып-сазарып, қорқыныштан жүректері 
діріл  қағып  жатқанда,  тақуа  жандар  жасаған  игіліктерін 
көріп  жан  жүректерімен  «әлхамдулиллаһ»  деп  Раббы-
ларына  шүкір  етіп,  көңілдері  жұбаныш  тауып,  шексіз 
қуанышқа  бөленеді.  Демек,  ақыретте  адам  баласының 
әрбір істеген істеріне өзі істеген амалдары куәлік етпек. 
Күнәларын  мойындағысы  келмей,  тұра  қашқысы  келген 
адамдардың алдынан дүниедегі әрбір ісі «Қайда барасың? 
Мені істеген сенсің» деп шыға келеді.
7. Мүнкәр-Нәкир періштелері. Қабірдегі адамдарға 
«Раббың  кім?  Пайғамбарың  кім?  Кітабың  не?»  сияқты 
сұрақтарды қоятын әрі адамдардың осы сұрақтарға берген 
жауаптарына қарай қарым-қатынас жасайтын періштелер. 
Мүнкәр-Нәкир  «бейтаныс,  бөтен»  деген  мағыналарды 
білдіреді. Қабірдегі адамға бұрын-соңды көрмеген кейіпте, 
бейтаныс көрінетіндіктен осы атпен аталған.
8.  зәбания  періштелері.  Ақыретте  тозаққа 
барғандарды азаптау ісі міндеттелген періштелер.
9. Ридуан періштелері. Жәннатқа кіру бақытына ке-
нелгендерге қараушы періштелер.
Басқа да періштелер
Ұлы  Жаратушының  аршын  таситын,  сүйікті 
құлдарының жүрегіне туралықты, ақиқатты илһам ететін, 
намаз  оқығандармен  бірге  «фатиха»  сүресінің  соңында 
«Амин»  деп  дұға  ететін,  әрбір  таң  және  екінді  намаз-
дарында  мүминдермен  бірге  болатын,  Құран  оқылған 
уақытта арнайы жер бетіне түсетін, ғылым алқалары мен 
өз араларында Алланың кітабын оқып, уағыз айтып, Оны 
еске алу үшін жиналған барлық жерлерді арнайы аралап, 

180
ИМАНИ ГҮЛ
сол  жердегілерге  Алладан  рақымдылық  тілеп,  кешірім 
өтінетін, әрбір адамды қорғап жүретін, Бәдір шайқасында 
көмектескендей  шынайы  мұсылмандарға  қиын  кезеңде 
Алланың рұқсатымен көмектесетін періштелердің де бар 
екенін хадистер мен аяттардан аңғарамыз. Періштелердің 
жалпы саны бізге беймәлім.
 

ТАҒДЫРҒА ИМАН
«Еш күмәнсіз Біз барлық нәрсені арнайы
есеппен жараттық»
«Қамар» сүресі
«Тағдырға иман еткен адам – басынан барлық 
уайым-қайғы кеткен жан»
Қанатты сөз

182
ТАҒДЫРҒА ИМАН
Ислам дініндегі иман негіздерінің соңғысы – тағдыр-
ға  иман.  Пайғамбарымыздан  (с.а.у.)  «Иман  дегеніміз 
не?»  –  деп  сұраған  уақытта:  «Аллаға,  періштелеріне, 
кітаптарына және пайғамбарларына, ақырет күніне, 
тағдырдың жақсысы мен жаманына иман ету»,  – деп 
жауап берген.
Тағдыр сөзі – бір нәрсені белгілі бір өлшем, мөлшерге 
қарай  реттеу,  арнайы  есеппен  жүйелеу,  жобалау  деген 
мағыналарды білдіреді.
Ал,  шариғаттық  термин  бойынша:  өткен  шақ,  осы 
шақ және келер шақтан, яғни, жалпы уақыт ұғымынан пәк 
– Ұлы Алланың әу бастан қияметке дейін және қияметтен 
кейін болатын барлық нәрсені, барлық оқиғаны жаратпас-
тан  бұрын  шексіз,  әзәли  ілімі  арқылы  егжей-тегжейіне 
дейін  білуін  және  оларды    белгілі  бір  өлшем,  мөлшерге 
қарай реттеуін, белгілі бір есеппен жүйелеуін, арнайы бір 
жобамен тағайындап белгілеуін «тағдыр» дейміз.
Ұлы  Жаратушының  тағдыры  тек  адамға  ғана  бай-
ланысты  емес,  жалпы  болмысты,  күллі  жаратылысты 
қамтиды.
Жалпы жаратылысқа байланысты тағдыр
Жалпы  ғаламға  көз  жүгірткен  уақытта  әр  нәрседегі 
арнайы  өлшемді,  нәзік  есепті,  жалпы  әлемді  қамтыған 
таңғажайып жүйені байқаймыз. Әр нәрсе өзінің бойына 
берілген  бағдарламамен  жүруде.  Мысалы,  өрік  ағашы 
кішкене дәнегіне қойылған бағдарлама арқылы жер бетіне 
қылтия шығып, күннен-күнге жайқала өсіп, көктем кіре 
бүршігін атса, артынан жемісінің сүйіншісі іспетті гүлін 

183
ИМАНИ ГҮЛ
ашады. Сосын сол бағдарламаға қарай өзіне тән аңқыған 
исімен,  көзді  тартар  реңімен,  балдай  тәтті  дәмімен 
құлпыра  өскен  жемісін  береді.  Күн  Алланың  қойған 
бағдарламасына  қарай  арайлап  атып,  алаулап  батады. 
Сол бағдарламаға қарай сәулесін шашып, жылуын төгеді. 
Жердегі судың бу боп көтеріліп, артынша бұлтқа айналып, 
уақыты жеткенде жерге қайта жаңбыр боп жаууы, құрғақ 
топырақтың,  жалпы  суға  мұқтаждардың  қажетіне  жара-
уы  –  Ұлы  Жаратушының  арнайы  бағдарламасына  қарай 
жүзеге  асады.  Судағы  ағу,  тастағы  қаттылық,  жердегі 
тартылыс заңдары – бұл әрқайсысының өзіндік тағдыры. 
Құстардың ұшуы, балықтың жүзуі, еліктің жүгіруі – бәрі-
бәрі Ұлы Жаратушының әрқайсысына лайық етіп қойған 
заңдары, арнайы тағдыры болмақ.
Құран  Кәрімде:  «Еш  күмәнсіз  біз  барлық  нәрсені 
арнайы есеппен жараттық»
97
.  «...Барлық нәрсені жа-
ратып, әрқайсысына белгілі бір өлшем берді»
98
, -  деп 
жалпы әлемдегі осы арнайы есепке, тағдырға назарымыз-
ды аударады.
Демек,  Ұлы  Жаратушымыз  әр  нәрсеге  өзіндік 
тағдырын  жазған.  Жаратылыстағы  әрбір  нәрсе  сол 
тағдырдан, арнайы бағдарламадан асып, жалпы жүйеден 
шығып  кете  алмайды.  Әлемдегі  бас  айналдырар  мына 
теңдессіз  сұлулық,  ерекше  жүйе  алдын-ала  белгіленген 
арнайы жобаны, дәлме-дәл есепті, яғни, иләһи тағдырды 
нұсқайды.
Жымыңдап, жарқыраған сансыз жұлдыз белгіленген 
өз  межесінен  еш  ауытқымай  қозғалып,  ғарышта  жүзіп 
жүрсе,  жан-жануар,  өсімдік,  жалпы  жаратылыс  Алла 
Тағаланың  жазған  арнайы  бағдарламасын  айна-қатесіз 
қайталап ғұмыр кешеді.
97
   Қамар сүресі/49
98
  Фурқан сүресі/2.

184
ИМАНИ ГҮЛ
Адамға байланысты тағдыр
Адамға  байланысты  тағдыр  мәселесі,  задында, 
күрделі  болғандықтан  кейбір  адамдар  қате  түсінеді. 
Бәзбіреулер  істеген  күнәларынан  «Тағдырымда  осылай 
болса,  не  істеймін?»  деп  ақталып  жатса,  енді  біреулер 
әр  істеген  ісімді  өз  қалауыммен  істеймін,  «олай  болса, 
тағдыр жоқ» деп шектен шығып жатады. Бұл екі пікірдің 
біреуі астамдық болса, екіншісі нұқсандық. Орта жолды, 
дұрыс тағдыр ұғымын түсіне алмаған.
Адам  баласы  басқа  жаратылыстардан  өзіндік  ақыл-
ойымен,  айрықша  ерік-қалауымен  екшеленгендіктен 
Оның тағдыры да өзгеше.
Адамға байланысты тағдырдың екі жағы бар.
1. Адамның еркінен тыс жағы
Адамның  еркінен  тыс  Алла  Тағаланың  қалауы,  ар-
найы белгілеуі арқылы болатын құбылыстар осыған жа-
тады.  Мысал  ретінде,  адамның  ұлты,  туылған  жылы, 
жынысы,  денінің  сау,  яки  ауру  болып  дүниеге  келуі, 
бойының ұзын немесе қысқа болуы, зерек және әр түрлі 
қабілеттерге ие болуы, басына жер сілкінісі, өрт секілді 
пәлекеттердің  келуі,  жетім  қалуы  тәрізді  қалауынан 
тыс  болатын  нәрселерді  айтуға  болады.  Адам  баласы 
қалауынан тыс бұл істерден ақыретте сұраққа тартылмай-
ды. Бірақ тағдырдың жанында адамның ерік-қалауының 
бар екенін де ұмытпағанымыз жөн. Мысалы, бір адамның 
тағдырында жетім қалуы жазылғанмен, сол жетімдікке са-
быр етіп, қиындықтарға мойымай адамдығын, арын таза 
ұстап,  сынақты  жіберген  Ұлы  Жаратушысына  бас  иіп, 
имеуі  –  өз  еркінде.  Ол  жетім  қалғандығы  үшін  сұраққа 
тартылмағанымен,  өзінің  қалауы  мен  еркі  арқылы  іске 
асатын басқа істерден сұралмақ.

185
ИМАНИ ГҮЛ
Алла  белгілі  бір  адамға  сәтін  салып,  барлық  шарт-
тарды  ыңғайлап,  күні-түні  жүгіріп  істеген  істеріне  бе-
рекет беріп, бай етті делік. Яғни, Алла Тағала оның бай 
болуын қалап, тағдырына байлықты жазды. Демек, Ұлы 
Иесі  бұл  құлына  мына  дүниеде  «байдың  рөлін»  беріп, 
байлықпен  сынағысы  келді.  Бірақ  бұл  байлықты  жақсы 
жолда  қолданып,  жетімдердің  басын  сипап,  кедей-
кепшікке қол ұшын беріп, Ұлы Иесіне шүкіршілік етуі не-
месе керісінше байлықтың буына мастанып, Жаратқанды 
ұмыт қалдырып, тәкаппарлыққа бой алдыруы – бәрі-бәрі 
құлдың өз қолында, өз еркінде. Құл екі жолдың біреуін өз 
қалауымен таңдап, жәннатқа яки тозаққа қарай жол сала-
ды.
Иә, пешенеге жазылған тағдырдың жанында адамға 
берілген өзіндік ерік-қалау бар. Тағдырдың өзіне жүктеген 
рөлін дұрыс жолда, салиқалы мағынада ойнап-ойнамауы 
әркімнің өз еншісінде.
2. Адамның қалауына байланысты жағы
Алла  Тағала  әу  баста  әр  адамның  қай  жерде,  қай 
уақытта не істейтінін бастауы жоқ әзәли әрі шексіз ілімі 
арқылы білген. Өйткені Алла үшін өткен шақ, осы шақ, 
келер шақ деген ұғым жоқ. Міне, Ұлы Жаратушымыз сол 
білгенін адам үшін тағдыр етіп «Ләухул-Махфузға» жазған. 
Басқаша  айтқанда,  адамның  қалауы  –  Алла  Тағаланың 
жазған тағдырында есепке алынған.
Адам баласы күнә немесе ізгі іс істеуге мәжбүр емес. 
Өйткені  адамда  таңдау  еркі  бар.  Мысалы,  жолда  кетіп 
бара жатып, түсіп қалған ақшаны көрдік делік. Осы сәтте 
адамның  таңдауына  бірнеше  нұсқа  келеді.  Біз  соның 
біреуін өз қалауымызбен таңдаймыз.
1. Ақшаны ақырын ғана қалтамызға сүңгітіп жіберіп, 
ол жерден дереу қарамызды батырамыз.

186
ИМАНИ ГҮЛ
2. Ақшаны алып, иесін тауып қайтарамыз.
Жоғарыдағы таңдаулардың қайсысын таңдасақ та өз 
еркімізбен, дербес қалауымызбен іске асырамыз. Бірінші 
таңдауды  істеп  күнәға  батуымыз  да,  екіншісін  таңдап 
сауапқа кенелуіміз де мүмкін.
Алла  Тағала  Құранда:  «Оған  (адамға)  жақсылық 
және  жамандық  жолдарын  көрсетпедік  пе?»  «Кім 
жақсылық істесе пайдасы өзіне, ал, кім жаманшылық 
істесе  оның  зияны  да  өзіне.  Раббың  құлдарына 
ешқашан  зұлымдық  жасамайды»
99
,  -деп  жақсы,  жа-
манды таңдаудағы адамға берілген ерікті білдіреді. Ақын 
Майлықожа  да  осы  ақиқатты  мына  жыр  жолдарымен 
жеткізген:
«Алла берді екі жол
Бірі оңда, бірі сол.
Ойланыңдар, бауырлар!
Дүние қысқа, ақырет мол».
Алла  Тағаланың  бұйрықтарын  орындаған  адам 
Жаратушының 
салиқалы 
құлдарының 
тұғырына 
көтеріледі. Ал бұйрықтарына қарсы шыққан пенде күнә-
һар болады. Алла Тағала әу баста күнәһар және салиқалы 
құл  болудың  жолдарын  осылай  тағайындап  белгілеген. 
Сондықтан кімде-кім осы екі жолдың қайсысын ұстанса, 
жазылған нәтижесіне жетеді. Міне, осы құлдың қалауына 
қарай таңдалған нәтиженің Алла Тағала тарапынан әу ба-
стан білінуіне «тағдыр» делінсе, білінген нәрсенің уақыты 
жеткен мезетте Алла Тағаланың құдіретімен жүзеге асуы-
на «қаза» делінеді.
Жоғарыда  Ұлы  Жаратушымыз  әзәли  ілімі  арқылы 
біздің  мына  дүниеде  не  істейтінімізді  біліп,  білгенін 
тағдыр  етіп  «Ләухул-Махфузға»  жазған  дедік.  Демек, 
біз бұл дүниедегі барлық істерімізді Алла Тағала алдын 
99
  Фуссилат сүресі/46

187
ИМАНИ ГҮЛ
ала  білгені  үшін  істемейміз,  керісінше,  Алла  Тағала  не 
істейтінімізді  білгені  үшін  тағдырға  жазған.  Яғни,  Алла 
Тағаланың біздің істейтін ісімізді алдын ала білуі – бізді 
сол істі істеуге мәжбүр етпейді.
Мысалы,  біз  күннің  шығу  сағатын  астрономия 
ғылымы  арқылы  алдын  ала  біліп,  күнтізбеге  жазып 
қоямыз.  Уақыты  жеткен  мезетте,  дәл  сол  минутта  күн 
шығады.  Ал  енді  осы  күннің  шығуы  біздің  алдын  ала 
есептеп  білгеніміз  үшін  жүзеге  асты  ма?  Жоқ,  әлде  сол 
уақытта шығатын болғаны үшін біз білеміз бе?
Тағдырды сылтау ету дұрыс па?
Кейбір адамдар өз ерік, дербес таңдауларымен істеген 
күнәларынан  «тағдырымда  осылай  жазылып  қойса, 
қайтем?! Немесе тағдырымда ғибадат жасау болғанда 
ғибадат етер едім» деп, тағдырды сылтау етіп ақталып 
жатады. Тағдырымен осылай ақталып, әрбір жаман ісіне 
жазмышты  сылтау  еткен  әлгі  адамдар  өздерінің  өмірде 
қолы  жеткен  кейбір  жетістіктерімен  «Мен  істедім,  мен 
жасадым»  деп  көкірегін  қағып  мақтанып  жатады.  Ал, 
енді әрбір ісін тағдырда жазылғаны үшін жүзеге асырып 
жатса,  бұл  мақтануларын,  паңдануларын  қалай  түсінуге 
болады?  Тіпті,  басқа  бір  адам  үйіне  кіріп  мал-мүлкін 
ұрлап кетсе, сот алдында «Бұл байғұс тағдырында ұрлау 
болған соң мәжбүрлікпен ұрлаған ғой», – деп ұрыны ақтау 
– әлгі әрбір жаман ісін тағдырға сілтеушінің үш ұйықтаса 
түсіне  де  кірмейді.  Тағдырды  себепші  етіп  көрсеткен 
ешбір  адам  кішкентай  баласын  қылқындырып  өлтірейін 
деп жатқан адамды көріп: «Бұл кісінің тағдырында менің 
баламды өлтіру жазылған екен, қаласа да, қаламаса да 
баламды өлтіреді» деп баласын айналып өте шықпайды. 
Демек,  мұның  бәрі  ғибадаттан  қашу  үшін  көрсетілген 
арзан сылтау мен күнәлардан оп-оңай ақталу үшін шай-

188
ИМАНИ ГҮЛ
тан  «ұстаздың»  үйреткен  қисық  жолы  ғана.  Әйтпесе, 
тағдырдың  жазмышына  мәжбүр  болғандықтан  емес. 
Өйткені  адам  әрбір  ісін  өз  қалауымен  істейді.  Және 
ертең  тағдырында  не  бар  екенінің  ол  үшін  көмескі, 
беймәлім екенін ескерсек, «Тағдырымда болса қайтем?» 
деу – іші қуыс салмақсыз әшейін сылдыр сөз ғана. Егер 
адамдардың  бәрі  әрбір  істерін  ежелден  Алла  Тағала  та-
рапынан  жазылған  тағдырларына  мәжбүр  болғандықтан 
атқаратын  болса,  Ұлы  Жаратушымыздың  пенделеріне 
пайғамбар жіберіп, кітап түсіруінің, адамдарды тозақпен 
ескертіп, жәннатпен сүйіншілеуінің ешқандай мағынасы 
қалмас еді.
Тағдырдан тағдырға қашып барамын...
Бір кездері Омар (р.а.) Мәдина қаласындағы бірнеше 
сахабаны  жанына  ертіп  Шамды  бақылап,  тексеру  үшін 
жолға шығады. Шамның сол кездегі бастығы Әбу Убәйда 
ибну  Жәррах  Омар  (р.а.)  мен  жанындағы  жолдастарын 
қаланың  сыртынан  күтіп  алады.  Әбу  Убәйда  Омарға 
(р.а.)  Шамда  оба  ауруының  етек  алғанын  жеткізеді.  Ха-
барды естір-естімес хазреті Омар жанындағы сахабалар-
мен  ақылдасады.  Сахабалардың  кейбіреуі:  «Осы  жер-
ге  дейін  келдік  қой,  Аллаға  тәуекел  етіп  қалаға  кіріп, 
жұмысымызды бітіріп кетейік», - десе, енді біреулері: 
«Кері қайтайық», - деген ойларын ортаға салады. Хазіреті 
Омар да осы кері қайтайық деушілерге қосылады. Сонда 
Әбу Убәйда:
–  Уа,  Омар  Алланың  тағдырынан  қашқаның  ба?-
дейді.
Омар (р.а.):
–  «Бұл  сөзді  сенен  басқа  біреу  айтқанда  ғой!  Иә, 
Әбу  Убайда,  Мен  Алланың  тағдырынан  оның  басқа 

189
ИМАНИ ГҮЛ
бір  тағдырына  қашып  бара  жатырмын»,  -  деп  жауап 
қатады. Сосын түсінікті етіп ойын ашпақ ниетпен:
– Уа, Әбу Убәйда, сенің түйелерің бар делік. Мына 
жердің бір жағы жасыл-желек, балғын шөп, ал екінші жағы 
құрғақ, сусыз тап-тақыр жер делік. Сен егер түйелеріңді 
жасыл желек, балғын шөпке жайсаң Алланың тағдырымен 
жайған  боласың.  Ал  егер,  керісінше,  құрғақ  жерге  жаяр 
болсаң Алланың тағдырымен жайған болмайсың ба?
Бұл  әңгімеге  кейіннен  қосылған  Абдуррахман  ибн 
Ауф былай дейді:
–  Уа,  Омар,  менің  бұл  турасында  мағлұматым  бар. 
Бұл мәселеге байланысты Пайғамбарымыздан (с.а.у.) мы-
нандай хадис естідім. Пайғамбарымыз былай деді:
«Бір  жерде  оба  ауруының  бар  екенінен  хабар-
дар болсаңдар, ол жерге бармаңдар, ал егер сол жерде 
болсаңдар сыртқа шықпаңдар».
Омар  (р.а.)  бұл  хадисті  естігеннен  кейін  қатты 
қуанады.  Пікірінің  дұрыс  шыққаны  үшін  Алла  Тағалаға 
шүкір етеді.
Тәуекел
Тәуекел сөзі «сенім арту, істі біреуге тапсыру» де-
ген  мағыналарды  білдіреді.  Ал  шариғаттағы  терминдік 
мағынасы: «Белгілі бір мақсатқа, нәтижеге қол жеткізу 
үшін  қажетті  заттық  және  рухани  барлық  себеп-
салдарларды орындағаннан кейін нәтижесін Аллаға тап-
сыру, күту» дегенге саяды.
Мысалы,  диқан  уақыты  келгенде  жерін  жыр-
тып,  тұқымын  сеуіп,  сосын  суарып,  содан  соң  арам 
шөптерін  жұлып,  қажет  болса  түбін  қопсытып,  керекті 
тыңайтқыш  дәрілерін  шашқаннан  кейін  жақсы  өнім 
беруін  Ұлы  Жаратушыдан  тілеп,  еңбегінің  нәтижесін 
Одан  күтуі,  құдіретіне  сенім  артып,  тапсыруы  Ислам 

190
ИМАНИ ГҮЛ
құптаған тәуекелге жатады. Бұлардың ешқайсысын орын-
дамай  жатып  «тағдырымда  не  болса,  сол  болады»  деп 
қол  қусырып  қарап  жату  –  тәуекел  емес,  жалқаулықтың 
дәл  өзі.  «Атыңды  арқандап,  тұсаулағаннан  кейін  ғана 
Жаратқанға тәуекел ет» деген атам қазақтың мақалы – 
дәл Исламдағы осы тәуекел түсінігіне сай айтылған. Тіпті 
бұл мақал пайғамбарымыздың (с.а.у.) хадисінен алынған.
Тәуекел  –  мұсылмандардың  тағдырға  деген  бекем 
сенімдерінің табиғи нәтижесі. Тәуекел еткен адам – Ұлы 
Жаратушысына ешбір шартсыз бас иіп, тағдырына, өзіне 
берілген үлесіне риза болған иманды жан. Тағдырға иман 
етіп,  тәуекелге  бел  байлау  –  жалқаулық  етіп,  ай  қарап, 
жұлдыз  санау  емес,  керісінше,  бар  күшіңді  салып,  бар 
мүмкіншіліктеріңді қолданғаннан кейін нәтижесін Жара-
тушыдан күту. Себебі, Алла Тағала әрбір істің нәтижесіне 
жету  үшін  белгілі  себептер  мен  заңдар  жаратқан.  Яғни, 
бидай екпей, егін өспейді, ауру емделмей, жазылмайды. 
Игі істер істеп, күнәлардан аулақ болмайынша, Алланың 
ризашылығы да болмайды, жәннат та қашық. Олай болса, 
тәуекел – еңбек етіп, тер төгіп, барлық керекті себептерді 
орындағаннан  кейін  нәтижесін  Аллаға  тапсырып, 
Жаратқанның берген үлесіне риза болу, бас ию.
Алла Тағала Құранда: «...Шешіміңді қабылдағаннан 

1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   27


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал