Ислам мәдениеті мен білімін қолдау қоры имани гүЛ ҚАйрат жолдыбайҰЛЫ



жүктеу 2.53 Kb.

бет12/27
Дата09.01.2017
өлшемі2.53 Kb.
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   27

ИМАНИ ГҮЛ
бойларына  ерекше  күш  кіріп,  жаралы  жүректеріне  үміт 
қанаты бітеді.
6. Ақ жаулықты ана мен асқар таудай әкенің, ешкім 
орнын толтыра алмайтын бауырдың және басқа да сүйікті 
адамдардың  бұл  дүниеден  қайтуы  кез  келген  адамның, 
әсіресе,  жас  бүлдіршіндердің  нәзік  жүрегінде  оларға 
деген  үлкен  сағыныш  сазын  қалдырады.  Иә,  өмірдегі 
тірегіңнен,  қысқа  айтқанда,  соққан  жүрегіңнен,  қимас 
адамыңнан  айырылу  –  адамның  нәзік  болмысына  ауыр 
соққы,  жүрегіне  үлкен  айықпас  жара.  Мұндай  ауыр 
соққының, айықпас жараның орнын тек қана сол сүйікті 
адамдарыңмен қайта қауышуға, ақыретке, қайта тірілуге 
деген иман ғана толтырады. Ақыретте бұл дүниеден өткен 
сүйікті адамдарымен қайта табысып, қайта қауышатынына 
иланған кез келген адамның жүрегі орнына түсіп, солған 
гүлі  қайта  тіріледі.  Иманы  кәміл  жандар  бұл  дүниедегі 
қимасының  қайтқанын  естіген  сәтте  «Күмәнсіз,  біз  Ұлы 
Жаратушымыздан  келдік,  әрі  Ұлы  Жаратушымызға 
қайта қайтамыз» мағынасындағы аятты көкейінде түйіп, 
Құранда  мақталған  «сабыр»  нәрін  жүрегіне  қорек  етіп, 
қимасына  деген  ыстық  сезімі  мен  сағынышын  ертеңгі 
ақырет күніндегі қауышуға, мәңгілік өмірге аманаттайды. 
Қысқасы, өлім хабарын естіген сәтте иманнан нәсібін ала 
алмаған  жандар  не  істерін  білмей  абдырап  қалған  сәтте 
иманды адам әрқашан сабыр сақтап, байсалдылық таны-
тады.
Ақ киім
Асқармен жолда кездескенімде азан шақырылып жа-
тыр еді.
– Бүгін жұма, білесің ғой. Сені мешітке апарайын, – 
дедім.
Бұдан бұрын да бірнеше рет өтінішімді қабылдама-
ған болатын. Сондықтан ол:

164
ИМАНИ ГҮЛ
– Менің мешітке бармайтынымды білесің ғой, – деп 
асыға-үсіге жауап берді.
– Білемін, бірақ бармауыңның себебін білгім келеді.
– Қайдан білейін, әйтеуір барғым келмейді де тұрады. 
Қысқасы, ол жаққа тартпайды. Бәлкім, араласып жүрген 
айналамдағы  адамдардың  да  әсері  бар  шығар.  Оның 
үстіне шалбарымның қыры бұзылып, тізесі шыға ма деп 
қорқам.
Мен болсам таң қалған бойда:
–  Қалжыңдап  тұрған  шығарсың?  Шалбарымның 
қыры бұзылады деп мешітті тастауға бола ма?
–  Шынымен айтып тұрмын, – деді. Киімдеріме қатты 
көңіл бөлем әсіресе ақ түсті киімді қатты ұнататынымды 
білесің ғой.
Шынымен солай еді. Үнемі шырттай киініп жүретін. 
Қашан көрсең де киген киімдері ақ түсті, қыры пышақтың 
қырындай болатын.
–  Жарайды,  өміріңде  бір  рет  болса  да  мешітке  бар-
дың ба?
–  Бала кезімде атаммен бір-екі рет ілесіп барғанмын. 
Бірақ  мұнан  кейін  мүлде  бармайтын  шығармын,  –    деп 
жауап берді.
Айтқан  жауабынан  қатты  шошындым.  Тіпті  бұл 
тақырыпты  қозғағаныма  өкіндім.  Сөйтіп,  бір-бірімізбен 
қол қысысқан бойда өз шаруамызбен кете бардық.
Осы  кездесуімізден  екі  айдан  кейін,  оның  бүгін 
мешітке  келгенін  естіп,  қатты  таң  қалдым.  Дереу  апыл-
ғұпыл мен де мешітке келіп жеттім. Тіпті, мешітке мүлде 
бармайтын  шығармын  деген  жолдасым  мешіт  сыртын-
дағы намаз қатарларының ең алдынан орын алыпты. Міне, 
бүгін де үстінде сол баяғы үйреншікті ақ киімі. Тіпті, бүгін 
мүлдем ерекше.
Ақырындап  қасына  жақындадым  да,  сыбырлаған 
бойда:

165
ИМАНИ ГҮЛ
– Қане, мешітке мүлде бармайтын шығармын деп едің 
ғой, – дедім.
Еш  жауап  қатпады.  Өйткені  ол  табыттың  үстінде 
ақ  кебінге  оранған  күйде  жатқан-ды.  Жұрт  жаназасын 
шығаруға жиналыпты
71

Ақырет әлемі
Ақырет  сөзі  сөздікте  «бір  нәрсенің  соңы,  ақыры, 
кейіннен болған нәрсе» деген мағыналарды қамтиды. Ал 
шариғаттағы  терминдік  мағынасы  жаратылыстағы  жал-
пы  жүйенің  Ұлы  Жаратушының  бұйрығымен  быт-шыт 
болып бұзылып, күл-талқан болғаннан кейін басталатын 
жаңа мәңгілік өмірге айтылады. Бұл күн қиямет-қайымнан 
кейін басталуына байланысты «қиямет күні» деп те атала-
ды.
Құранда  ақырет  күніне:  мұсылмандардың  Алла-
мен  қауышып,  жүздесетін  күні  болуына  орай  «қауышу 
күні»
72
;  адамдар  бір  жерге  шоғырланып,  жиналатын 
уақыт  болғандықтан  «махшар  –  жиналу  күні»
73
;  қайта 
тірілгеннен  кейін  адамдардың  бәрі  қабірден  қайта 
шығатындықтан  «шығу  күні»
74
;  мына  дүниеде  Алла 
Тағалаға  иман  етіп,  бұйрықтары  мен  тыйымдарына 
құлақ  салмағандардың  алданып  қалғандықтарының 
белгілі болатын күні болуына орай «алдану күні»
75
 және 
кәпірлердің бұл дүниеде істеген істерінің босқа кеткенін 
көрген кезде қатты өкініп, мына дүниеге қайта қайтып, 
иман келтіріп, жақсы амал жасағысы келгенімен бұл ар-
мандары  орындалмайтын  болғандықтан  «қасірет  күні, 
71 
Хайатын ишинден, Гунейд Суави
72
   Мүмин сүресі, 40/15.
73
  Тағабун сүресі, 64/9.
74
  Қаф сүресі, 50/34.
75
  Тағабун сүресі, 64/9.

166
ИМАНИ ГҮЛ
өкініш  күні»
76
;  дүниеде  істелінген  ізгі  немесе  жаман 
істердің қарымының, есебінің берілетін күні болғандықтан 
«есеп күні»
77
; мына өткінші жалған дүниеден кейін мәңгі 
шынайы өмір болуына байланысты «шынайы өмір»
78
 деп 
те аталды.
Исрафил періштенің сырнайды екінші рет үрлеуінен 
кейін  барлық  адамдар  қайта  тіріліп  Ұлы  Алла  алдын-
да  есепке  тартылады.  Сосын  дүниедегі  иман  және  іс-
әрекеттеріне қарай жұмаққа, яки тозаққа барады.
Қабір немесе Барзах әлемі
Өлімнен  кейін  қайтадан  тірілуге  дейін  жалғасатын 
өмір – қабір немесе барзах әлемі деп аталады.
Кез  келген  адам  өлгеннен  кейін  топыраққа  көмілсе 
де, яки көмілмей суға батып балықтарға жем болып не-
месе отқа жанып күл болып кетсе де, міндетті түрде қайта 
тірілгенге  дейін  қабір,  яғни,  барзах  өмірін  бастарынан 
өткізеді. Өйткені рух сол бөлек-бөлек боп шашылып кет-
кен  денемен  байланыс  құра  алатындай  қабілетте.  Мы-
салы, бір жерден жіберілген радио толқындар дүниедегі 
миллиондаған  радиолармен  байланыс  құрып,  бір  хабар-
ды  әлемдегі  миллиардтаған  адамға  таратып  жатқанда, 
рухтар  неліктен  өз  денесінің  бөлшектерімен  белгілі  бір 
байланыста  бола  алмасын?  Негізінде  өлген  адамдардың 
денелерінің қабірге жерленуіне байланысты барзах өмірі 
–  қабір  өмірі  делінген.  Өйткені  рух  қабірдегі  денесімен 
белігілі бір байланыста болады. 
Қабір,  барзах  әлемі  ерекше  бір  әлем  болғандықтан, 
өзіне  тән  заңдылықтары  мен  өлшемдері  де  болуға  тиіс. 
Сондықтан барзах әлемінде болатын азапты яки рахатты, 
76
  Марям сүресі, 19/40.
77
  Фатиха сүресі, 1/4.
78
  Анкабут сүресі, 29/64.

167
ИМАНИ ГҮЛ
адамдардың иманына қарай қабірдің қысуы мен қараңғы 
болуын  немесе  керісінше  кең  және  жарық  болуын  бұл 
дүниеге  тән  заңдылықтармен  түсіну,  әсте,  мүмкін  емес. 
Оны  түсінуге  біздің  шектеулі  ақылымыздың  да,  мына 
дүниедегі  физикалық  заңдылықтарының  да  өлшемі  сай 
келе бермейді.
Адам  баласы  қабірге  жерленгеннен  кейін  Мункәр 
және Нәкир деп аталатын екі періште келіп оған: «Раббың 
кім?  Пайғамбарың  кім?  Дінің  не?»  сияқты  сұрақтарды 
қояды.  Сұрақтарға  жауап  берген  иманды  жандар  дүние 
өмірінен де тамаша, жұмақ өміріне жақын дәрежеде, рақат 
және  ләззат  ішінде  болады.  Ал,  сұрақтарға  жауап  бере 
алмаған имансыз яки күнәһар жандар дүние өмірінен де 
бетер, тозаққа жақын кейіптегі азап ішінде ғұмыр кешеді. 
Демек,  қабір  адамдардың  дәрежелеріне  қарай  жұмақ 
бақшаларынан  бір  бақша  яки  тозақтың  шұңқырларынан 
бір шұңқырға айналады. Бір хадисте: «Кісі жан тәсілім 
еткен уақытта таңертең және кешкісін оған отыра-
тын жері көрсетіледі. Егер жәннаттық болса, жәннат, 
тозақтық  болса  тозақ  көрсетіледі.  Сосын  оған,  міне, 
Алла сені қиямет күні қайта тірілткенге дейін отыра-
тын жерің осы делінеді»
79

Дүниеде  мұсылман  құлдардың  басына  келетін  әр 
түрлі  аурулар  мен  қиыншылықтар  дүниеде  істелген 
кішігірім  күнәлардың  кейбіреулеріне  кәффарат  болып, 
сол күнәлардың тазалануына себеп болса, дүниеде де та-
заланбайтындай  кейбір  күнәларға  қабір  азабы  кәффарат 
болмақ.  Қабірде  де  тазаланбайтындай  үлкен  күнәлар 
ақыретке, үлкен есеп күніне аманатталады. Бір хадисте: 
«Қабір ақырет аялдамаларының алғашқысы, кімде-кім 
осы аялдамадан аман-есен өтсе, кейінгі аялдамалардан 
да оңай өтеді, ал өте алмаса кейінгілерді өту одан да 
79
  Әл-Бухари, Жәнайз/1379.

168
ИМАНИ ГҮЛ
қиын болады», - делінеді. Басқа бір хадисте: «Мүшріктер 
(Аллаға  серік  қосқандар)  қабірлерінде  қатты  азапқа 
душар болуда. Олардың (шыңғырған) дауыстарын тек 
қана  жануарлар  естиді»
80
,  -  деп  қабір  азабының  ауыр 
екендігін білдірілген.
Қайтыс  болған  кісі  үшін  артында  қалған  адамдар 
көбірек дұға жасап, күнәларының кешірілуін тілеу керек. 
Пайғамбарымыз  (с.а.у.)  адамды  жерлеп  болғаннан  кейін 
қабірдің  жанына  тұрып  былай  дейтін:  «Бауырларыңыз 
үшін Алладан кешірім тілеп (иманында) тұрақты етуі 
үшін дұға етіңдер. Еш күмәнсіз ол қазір сұраққа тар-
тылып жатыр»
81

Мына дүниеде оқыған құранымыз бен түнде оқыған 
тәһажжуд намазымыз тар орнымызды кеңейтіп, қараңғы 
қабірімізді ерекше нұрға бөлейді.
Қабір азабына себеп болатын  
кейбір күнәлар
Қабір  азабына  күнәлардың  барлық  түрі  себеп  бола 
алады. Хадистерде айтылған қабір азабына себеп болатын 
күнәлар мыналар:
•  Ғайбат,  өсек  айту,  біреудің  сөзін  екінші  біреуге 
жеткізу.  Кез  келген  адамның  артынан  оның  көңіліне 
келетін әрі ренжитін сөздер айту қабір азабына себеп бо-
лады.
• Кіші дәретті сындырғаннан кейін тазаланбау.
•  Мойнында  қарызы  болған  күйде  жан  тапсыру. 
Пайғамбарымыздың (с.а.у.) «Мүминнің рухы мойнындағы 
борышы  өтелгенге  дейін  сол  борышымен  байлаулы» 
хадисінен мойнында қарызы бар борыштының қабір аза-
бын  тартатынын  аңғарамыз.  Пайғамбарымыз  (с.а.у.)  бо-
80
  Муснәд, 6/362
81
  Әбу Даауд, Жәнайз 73.

169
ИМАНИ ГҮЛ
рышты кісінің қарызы өтелгеннен кейін ғана жаназа на-
мазын оқыған.
•  Жалған  сөйлеу,  Құранды  біле  тұра  ішіндегі 
айтылғандарға  теріс  әрекет  ету,  зина  жасау,  пайыздық 
өсім жеу.
Адамдарды  алдау,  жетімдердің  ақысын  жеу, 
мұсылмандардың  қателерін,  кемшіліктерін  іздеу,  туған-
туыстардан  қатынасты  үзу,  жалған  куәгер  болу,  жан-
жануар,  жәндіктерге  зұлымдық  жасау,  ұрлық  жасау,  ар-
намысты  пәк  әйелге  жала  жабу,  нәсібіңе  разы  болмау 
сияқты күнәлар да қабір азабына себеп болады.
Қиямет күні
Қиямет  деп  Исрафил  атты  періштенің  сырнайға 
алғаш  рет  үрлеуінен  кейін  жалпы  жаратылыстың,  жан-
жағымыздағы жүйенің күл-талқан болып қирауын, барлық 
жан  иелерінің  өлім  құшуын  айтады.  Қияметтің  болуы 
ақыл қабылдай алмайтындай теріс құбылыс емес. Өйткені 
барлық жаратылысты жаратып, күллі болмыс атаулыдан 
үйлесімді  таңғажайып  жүйе  құрған  Ұлы  Жаратушымыз 
бұл  жүйені  бұзамын  десе  кім  кедергі?  Кім  алдын  орап 
«жоқ» деп айта алады? Кез келген жұлдыздың орбитасы-
нан шығып кетіп Жер шарына соғылуы қияметтің болуы-
на  себеп  емес  пе?  Қияметтің  қашан  болатыны  Құранда 
яки хадисте білдірілмегендіктен, нақты уақыты бір Аллаға 
ғана мәлім. Құранда: «Олар сенен қияметтің қашан бо-
латынын сұрап жатыр. Оларға айт: Оның қашан бола-
тыны жайлы мәлімет тек қана Раббымның жанында 
ғана.  Оның  уақытын  Одан  басқа  ешкім  білдіре  ал-
майды. Қиямет көктегіге де, жердегіге де (қиындығы, 
қорқыныштылығы  соншалық)  ауыр  келеді.  Қиямет 
сендерге  кенеттен  келеді.  Сен  оны  білетіндей  олар 
сенен  (қашан  болатынын)  сұрастырады.  Оларға  бы-

170
ИМАНИ ГҮЛ
лай деп айт: Қияметтің уақыты жайлы білім тек қана 
Алланың  жанында.  Бірақ  адамдардың  көбісі  мұны 
білмейді»
82

Адам баласы үшін қияметтің қашан болатынын білу 
өте  маңызды  емес.  Қияметтің  қашан  болатынын  білсек 
те, білмесек те әрбір адамның өлімі сол адам үшін қиямет 
емес пе? Міне, сондықтан әр адамның қияметі саналатын 
өлімінен  кейін  басталатын  мәңгілік  өмірде  бақытқа  қол 
жеткізуіміз үшін ізгі істер істеп, күнәлардан аулақ болуы-
мыз ләзім.
Алла  Тағала  өзінің  сүйікті  құлдары  үшін  жәннат 
мекенінде мына дүниеде бұрын-соңды көзіміз көрмеген, 
құлағымыз  естіп-білмеген,  ақылымыз  ойлап,  елестете 
алмаған мәңгілік сый-сыяпат әзірлеген.
Қиямет немесе ақырзаман көріністері
Ұлы  Жаратушының  белгілеген  уақыты  келіп  жетіп, 
дүниедегі  сынақ  мерзімі  бітіп  тоқтаған  мезет.  Исрафил 
періште Ұлы иесінің бұйрығын алар-алмас ғажайып сыр-
найын үрлеп кеп жіберуі мұң екен дүниенің астаң-кестеңі 
шығып  тас-талқан  болды.  Еш  түгесілместей  көрінген, 
тіпті  мәңгілік  деп  болжалған  Күн  де  бүгінде  пәнилікке 
бел  бүгіп,  мәңгіліктің  шынайы  Иесін  адам  баласына 
ұқтырғандай. Ғасырлар бойы әлемді жарыққа бөлеп, жы-
луын  толассыз  төгіп  тұрған  күннің  де  бүгін  осылайша 
нұры  сөніп,  жер  мен  қоса  көптеген  әлем  қараңғылыққа 
қамалды.  Көктегі  жымыңдаған  сансыз  жұлдыздардың 
жарығы  сөніп,  тас-талқан  болған  күйде  күл  боп  ша-
шылып    үрейге  үрей  қосты.  Жердің  қазығы  кейпінде 
жаралған  биік-биік  асқар  таулар  да  көкке  көтеріліп  ба-
рып, жерге құлап, бір-біріне ұрылып, шаң-тозаңға айна-
82
  Ағраф сүресі / 187.

171
ИМАНИ ГҮЛ
лып,  Құранның  тілімен  айтқанда  «түтілген  жүндей» 
болды.  Таулар  көшіп,  сынаптай  толқып,  әр  жерден 
атқылап шыққан жанартаулар сай-сайды қуалап, алдынан 
шыққанды өртеп, жұтқан күйде ағып барады. Әшейінде 
отты сумен өшірсек, бүгін, міне, су атасы теңіздер де өртке 
айналып,  жалын  шашып  тұр.  Жай  уақытта  аз  ғана  жер 
сілкінуден үрейі қашып, жүрегі жарылатын адамның бұл 
күнгі жағдайын бір ойлаңызшы?! Жер беті қап-қараңғы. 
Тек  әр  жерден  аққан  жанартаулар  мен  теңізден  шыққан 
қалың  өрттің  қорқынышқа  толы  қызғылт  түсті  жарығы 
ғана  бірде  сөніп,  бірде  жанып,  бірде  күшейіп,  бірде 
әлсіреп тұр. Бұл көріністерге куә болған тау-тастағы, ну 
ормандағы жай уақытта бір-бірінен үрке қашатын жабайы 
аңдар да қорқыныштан бір-біріне үйездеп, бүріскен бойда 
шоғырланып әр жерде топ-топ боп, шыңғыра шыққан әр 
түрлі дауыстарымен қорқынышқа қорқыныш қосқан.
Иманнан  нәсібін  ала  алмаған  «шығайбайлардың» 
бір-бірімен бәсекелесіп, жарыса соққан ұзын-ұзын, қабат-
қабат үйлері күлдей үгітіле құлап, ішіндегі адамдар «ой-
бай» деген үйреншікті сөзді ғана айтуға шамалары келіп, 
жермен-жексен  болып,  бетондардың  астында  мыж-тыж 
боп  жаншылған  бойда  көміліп  жатыр.  Қорқыныштан 
не  істерін  білмей,  жүректері  аузына  келіп,  өне  бойы 
қалтырап,  не  болып  кеткенін  түсінбей  абдырап  қалған 
адамдар. Ары-бері сабылып шырқырай жүгірген жандар 
бір-бірін  танымайды.  Бұл  күні  қорқыныштан  аяғы  ауыр 
жүкті әйелдер де түсік тастайды.
Күн-түн демей тер төгіп қол жеткізген байлықтарға 
да, асыл, құнды дүниелерге де бұл күні ешкім пысқырып 
та  қарамайды.  Бұл  сәтте  асыл  тастардың  да,  алтын-
әшекейдің  де  ешкімге  керегі  жоқ.  Хадисте  айтылғандай 
«масаның сынық қанатынан да құнсыз». Кедей, жарлы-
жақыбайларға соқыр тиынын да қимаған «шығайбайлар» 

172
ИМАНИ ГҮЛ
бұл  күні  амалсыз  артта  қалып  бара  жатқан  мал-мүлік, 
дүниелеріне қараған бойда «неліктен бұл күн келіп жет-
пес бұрын Алла жолында жұмсап, ізгілікке сарп етпедім?» 
деп өкініштен бармақтарын шайнайды. Бірақ оларға осы 
сағатта жасаған бұл өкініштерінен не пайда? Не қайыр?
Айқайлаған  құлындағы  дауыстар,  түсініксіз  сөздер. 
Әшейінде тәкаппарланып Ұлы Жаратушысына қарсы шы-
ғып, бұл күнді ескертіп келген Құранға да, Пайғамбарға 
да  жалған  деп,  намаз  оқып,  ораза  ұстап  дінге  бас  иіп, 
осы  күннен  қорыққан  құдайшыл  жандарға  мысқылдай 
күле қарап, оларға «кері қалған, артта қалған байғұстар» 
лақабын тағып, менсінбей қарайтын кәпірлер де бұл күнде 
тілі келсе де келмесе де «Лә иләһә иллаллаһ Мухаммадур-
расулуллаһ» деу үшін аузындағы қызыл етті алай да бұлай 
да бұрап көріп, жанталасып, бір өліп, бір тіріліп қылғынып 
жатыр.  Бірақ,  олардың  Құдіреті  шексіздің  осындай 
дүниедегі  сынақ  уақыты  біткен  сәтте,  әр  нәрсенің  Оны 
ашықтан-ашық паш еткен мезгілде келтірген имандары-
нан не пайда?! Не үміт?!
Бірақ  осы  күн  келмес  бұрын  Ұлы  Жаратушысына 
иман етіп, өмірлерін ізгі істермен кестелеген адал жандар 
бұл қорқынышты оқиғаны, үрейлі құбылысты көрместен
Рахман Иелері тарапынан жіберілген ғажайып хош иісті 
иіскеген бойда жан тапсырады. Иә, шынайы мұсылмандар 
осы бір сұрапыл оқиғаны көрмек емес, хадисте бұл жай-
лы:  «Қиямет  тек  адамдардың  жаманына  болады»
83
,  - 
делінеді.
 
83
   Муслим, Фитән 131.

ПЕРІШТЕЛЕРГЕ ИМАН
«Оның жанындағылар (періштелер) Ұлы  
Жаратушыларына ғибадат жасаудан бас тартып
паңданбайды және құлшылық жасаудан шарша-
майды. Олар жалығып, шаршамастан күндіз-түні 
Алланы (күллі кемшілік атаулыдан пәктеп) 
тәсбих етеді»
«Әнбия» сүресі
«Періштелер Алланың бұйырған нәрселеріне 
қарсы шықпайды және не бұйырылса соны 
қалтқысыз орындайды»
«Тахрим» сүресі
 

174
ПЕРІШТЕ
Періштелерге  иман  –  Ислам  дініндегі  иман 
негіздерінің бірі. Періштелер ғайып әлемінен, яғни, бізге 
көмескі әлемнен болғандықтан, біз оларды көзбен көріп, 
ақылмен толық қамтып түсіне алмаймыз. Сондықтан олар 
жайлы  мағлұматты  Құранның  бізге  жеткізген  қасиетті 
аяттары  мен  Алла  елшісінің  (с.а.у.)  хадистері  арқылы 
білеміз.
Құранда:  «Алла  елшісі  Раббы  тарапынан  өзіне 
түсірілгендерге  иман  келтірді  және  мүміндер  де 
(иман  келтірді).  Барлығы  Аллаға,  періштелеріне, 
кітаптарына,  пайғамбарларына  және  ақырет  күніне 
иман келтірді...»
84
 - делінсе, басқа бір аятында: «Кімде-
кім  Аллаға  және  Оның  періштелеріне,  кітаптарына, 
пайғамбарларына  және  ақырет  күніне  иман  етпесе, 
қатты адасады...»
85
 - деп періштелерінің барлығынан ха-
бардар етіп және оларға еш шартсыз иман етуді бұйырады. 
Негізінде  періштелерге  иман  етпеу  –  Алла  Тағаланың 
жер  бетіне  жіберген  пайғамбарларына  және  оларға 
түскен  кітаптарға  иман  етпеумен  бірдей.  Себебі,  Ұлы 
Жаратушының адам баласына ақ пен қараны ажыратып, 
тура жолды көрсетіп, ақиқат пердесін ашу үшін түсірген 
барлық кітаптары уахи жолымен пайғамбарларына осы 
періштелері арқылы келіп жеткен.
Періштелердің ерекшеліктері
Періштелер  –  нұрдан  жаратылған  рухани  болмыс. 
84
  Бақара сүресі/285.
85
  Ниса сүресі/136.

175
ИМАНИ ГҮЛ
Пайғамбарымыздың  хадисінде:  «Періштелер  нұрдан 
жаратылған...»
86
 – делінген.
Періштелер  адамнан  бұрын  жаратылған.  Олардың 
өздеріне  тән  денелері  бар.  Олар  адамдар  секілді  ішіп-
жеуге,  ұрпақ  көбейтіп,  көбеюге,  шаршап-шалдығып, 
ұйықтауға  мұқтаж  емес.  Жынысқа  бөлінбейді.  Қызғану, 
ашулану,  ренжу,  тәкаппарлану  сияқты  жаман  сипаттар 
олардың  пәк  дүниесінен  аулақ.  Олар  үнемі  Ұлы  Жа-
ратушыларына  ғибадат  жасайды.  Ғибадат  –  олардың 
қорегі. Олар Алланың бұйрықтарын бүге-шігесіне дейін 
бұлжытпай,  айна-қатесіз  орындайды.  Олар  ешқашан 
күнәнің кішісін де, үлкенін де жасамайды. Барлық күнә 
атаулыдан  қорғалған.  Құранда:  «Оның  жанындағылар 
(періштелер)  Ұлы  Жаратушыларына  ғибадат  жасау-
дан  бас  тартып,  паңданбайды  және  құлшылық  жа-
саудан  шаршамайды.  Олар  жалығып,  шаршамастан 
күндіз-түні Алланы (күллі кемшілік атаулыдан пәктеп) 
тәсбих  етеді»
87
.  «Періштелер  Алланың  бұйырған 
нәрселеріне  қарсы  шықпайды  және  не  бұйырылса 
соны қалтқысыз орындайды»
88
, – делінеді.
Періштелер  Алланың  рұқсатымен  әр  түрлі  бейне-
пішінге  кіре  алады.  Періштелер  пайғамбарларға  негізгі 
бейнелерімен  және  басқа  да  бейнелерімен  көрінген. 
Мысалы,  Жебірейіл  періште  Пайғамбарымызға  және 
жанындағы  сахабаларға  жолаушы  кейпіндегі  адам 
бейнесінде  көрінген
89
.  Ибраһимге  қартайған  шағында 
Алла  тарапынан  сәби  берілетінін  сүйіншілеп  келген 
періштелер  де  адам  бейнесінде  келгендіктен,  Ибраһим 
(а.с.) оларды қонақ етпек болып арнайы тамақ дайында-
тады. Бірақ олардың тамақ жемей отырғандарын көрген 
86
  Муслим, Китабуз-зуһд/2996
87
  Әнбия сүресі/19-20.
88
  Тахрим сүресі/6.
89 
Муслим, Иман.

176
ИМАНИ ГҮЛ
уақытта жүрегіне үрей ұялайды. Кейіннен барып олардың 
сөздерінен періште екенін аңғарады
90
.
Алла  Тағала  періштелерге  адамның  қолынан 
келмейтін  қабілеттер  мен  мүмкіншіліктер  берген.  Олар 
аз ғана бір мезеттің ішінде ұзақ жерлерге жылдам барып 
келе  алады.  Таудай  ауыр  жүктерді  көтеретіндей  күш-
қуатқа ие.
Құранда  және  пайғамбарымыздың  хадистерінде 
періштелердің  қанаттары  жайлы  әңгіме  қозғалады. 
Бірақ  олардың  қанаттарының  қандай  қанат  екені  бізге 
беймәлім.  Періштелердің  жаратылысы  мына  дүниедегі 
жаратылыстарға  ұқсамағандықтан  олардың  қанатын 
дәлме-дәл  құстардікіне,  яки  басқа  нәрселерге  ұқсайды 
деп айта алмаймыз.

1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   27


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал