Ислам мәдениеті мен білімін қолдау қоры дін мен діл қАйрат жолдыбайҰЛЫ



жүктеу 2.6 Kb.

бет1/19
Дата01.02.2017
өлшемі2.6 Kb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19

ИСЛАМ МӘДЕНИЕТІ МЕН БІЛІМІН  
ҚОЛДАУ ҚОРЫ
ДІН МЕН ДІЛ
ҚАйРАТ ЖОЛДЫБАйҰЛЫ
 
Алматы, 2010

УДК 28 
ББК 86.38
Ж 69
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының 
cараптау комиссиясы мақұлдаған
Пікір жазған: Қарақұлов Еркебұлан
Ғылыми талдау және сараптау бөлімінің меңгерушісі.
Жолдыбайұлы Қ.
Ж 69  Дін мен діл – Алматы; 2010 – 288 бет.
 Дінтанушы Қайрат Жолдыбайұлы бұдан бұрын «Ал-
тын  қалам»  баспасынан  бірнеше  рет  жарыққа  шыққан 
«Ислам ғылымхалы», «Ақиқат шуағы», «Күдікпен күрес» 
кітаптары  арқылы  оқырман  қауымға  таныс.  Бұл  жолғы 
жаңа еңбегін қазіргі қоғамдағы  өзекті мәселеге айналған 
қалың  көпшіліктің  көкейкесті  діни  күрделі  сауал-
сұрақтарына  жауап  беру  түрінде  жазып  отыр.  Еңбек 
дін  мамандары  мен  имамдарға  және  кітапта  көтерілген 
мәселелерге қызығушылық танытқан  көпшілік қауымға 
арналған.
Ислам мәдениеті мен білімін қолдау қорының сыйы 
ретінде халыққа тегін таратылады.
УДК 28
ББК 86.38
© «Ислам мәдениеті мен білімін қолдау қоры», 2010 

3
Алғы сөз
Ата-бабаларымыз  сан  жылдардан  бері  аңсаған 
тәуелсіздікке  қол  жеткізгелі  руханиятымыздың  тамыр-
тамырына қан жүгіріп, елімізде Ислам дінінің қарқынды 
дамып келе жатқаны баршамызға белгілі. Бұған республика 
көлемінде жүріп жатқан оң өзгерістер дәлел. Айталық, діни 
баспалардың ашылуы, бірқатар діни газет-журнал, интер-
нет сайттары, БАҚ-та рухани тақырыптарға мақалалардың 
көбеюі, телеарналар мен радиода діни бағдарламаларға 
мүмкіншілік  беріліп,  мектептерде  дінтану  пәнінің 
енгізілуі, жер-жерде мешіттеріміздің көптеп бой көтеріп,  
ішіндегі  жамағат  қатарының  күннен  күнге  көбеюі  т.б. 
Осылардың қатарында тағы бір айта кететін қуанышты 
жайт  ол  діни  әдебиеттеріміздің  де  там-тұмдап  қара 
молайтып  келе  жатқандығы.  Осы  орайда,  Қазақстан 
мұсылмандары  діни  басқармасының  қызметкері,  білікті 
исламтанушы  Қайрат  Жолдыбайұлының  кезекті  еңбегі 
«Дін мен діл» деп аталған екен.    
Осы  тұста  біз  кітаптың  атауына  көңіл  аудартпас 
бұрын әуелі мына жағдайды ескерте кеткенді жөн көріп 
отырмыз. 
Жоғарыда  атап  өткендей,  дін  саласында  мақтанып 
айтатын  оң  өзгерістер  көп  кездескенмен  көлеңкелі 
жақтар  да  жоқ  еместігі.  Мәселен,  қазір  елімізде  түрлі 
жамағаттар  бой  көтере  бастады.  Кейбірі  бірден  ата-
бабаларымыздың  сан  ғасырлардан  бері  ұстанып  келе 
жатқан  салт-дәстүріне  шүйлігіп,  «Батадан  кейін  бет 
сипауға  болмайды,  ол  бидғат»,  «Келіннің  сәлем  салуы 
ширк», «Домбыра тарту күнә» деген секілді «жерден жеті 

4
Дін мен Діл
қоян тапқандай» жаңалық ашып, байыпсыз пікірлер тара-
туды  әдетке  айналдырды.  Осы  пікірлерге  еріп,  дәстүрлі 
құндылықтарды жатсынып, қырын қарайтындар да пайда 
бола бастағаны жасырын емес. Ал бұның ел ынтымағына 
қатер  төндіріп,  мұсылмандардың  татулығына  сына 
қағары  белгілі.  Себебі,  көптеген  жерлерде  осындай 
біржақты  түсініктердің  нәтижесінде  мұсылмандар  ара-
сында  түрлі  түсініспеушіліктер  орын  алып,  арты  дау-
дамайға, ренішке соқтырып жатқан жағдайлар да кезде-
суде. Сонда ғасырлар бойы халқымыздың ұстанып келе 
жатқан ханафи мәзһабы мен мәтуруди ақидасы һәм озық 
дәстүрлеріміз  бен  әдет-ғұрыптарымыз  іске  жарамсыз 
болып  қалмақ  па?  Халқымыздың  дәстүрлі  мәдениеті 
мен  әдет-ғұрпы  дінге  қатер  туғызып  отыр  ма?  Аясы-
на түрлі ұлттар мен ұлыстарды қамтыған Ислам діні әр 
елдің  өзіндік  салт-дәстүрін  қалай  реттестірген?  Ханафи 
мәзһабының    ерекшелігі  неде?  Міне,  осының  аражігін 
ажырату  қазіргі  өзекті  мәселелердің  бірі  болып  отыр. 
Осы орайда, Құран аяттары мен хадистер негізінде, діни 
ереже-қағидаттар  аясында    осы  сұрақтарға  кең  көлемді 
әрі  нақты  жауаптар  берілген  «Діл  мен  діл»  кітабының 
қазіргі қоғамға қаншалықты қажет екені сөзсіз. Өйткені 
еңбек қоғамдағы жауабын таппай отырған осындай келелі 
сұрақтарға жауапқа құрылған. 
Осы тұрғыдан келгенде, кітаптың аты да затына сай 
қойылған деуге болады. 
Дін адамға екі дүние де дұрыс өмір сүрудің, Хақтың 
разылығына  бастайтын  ереже-қағидаларды  қамтыған 
иләһи бұйрықтар мен тыйымдар жиынтығын құраса, діл – 
халықтың ғасырлар бойы қалыптасқан дүниетанымы мен 
салт-дәстүрін, менталитеті мен әдет-ғұрыптарын, тұрмыс-
тіршілігінің ерекшеліктері мен өзіндік ойлау жүйесін, жан 
дүниесін,  адамдардың  белгілі  бір  қоғамдастығына  тән, 
нақтылы тарихи-мәдени ортада қалыптасқан мінез-құлық 

5
Дін мен Діл
пен  іс-әрекеттердің  біркелкі  сипатын  білдіреді.  Бүгінгі 
күні  дін  жанашырларының  алдында  тұрған  міндет  – 
осы  екеуінің  біріккен  тұсын  таба  біліп,  халыққа  діннің 
де,  дәстүрдің  де  ортақ  тіл  табысатын  игіліктерін  ашып 
көрсету болып отыр. 
Сондықтан  аталмыш  еңбекте  «Мәзһаб  ұстану 
неліктен қажеттілік?», «Оқылған Құранды бағыштауға 
бола  ма?»,  «Мәуліт  бидғатқа  жата  ма?»,  «Музы-
ка  тыңдау  харам  ба?»,  «Әлем  пайғамбарымыздың 
құрметіне бола жаратылған деген сөз дұрыс па?» деген 
секілді бірқатар қазіргі қоғамда тұшымды жауабын тап-
пай отырған діни мәселелерге жауаптар қамтылған.  
Кітапқа көз жүгірткенімізде, ұзақ жыл Мысыр елінде 
араб тілін жетік меңгергені автордың қажетіне жарағанын 
көреміз. Бұны араб тіліндегі сексенге жуық ислами құнды 
дереккөздерін  еркін  қолданғандығынан  байқаймыз.  Бұл 
үлкен біліктілікті талап ететін, әрбір дін маманының тісі 
бата бермейтін жайт. 
Қорыта  келгенде,  мақалаларымен  түрлі  діни 
тақырыптарға  қалам  тартып,  БАҚ-тағы  үгіт-насихат 
жұмыстарымен  халықтың  рухани  сауатын  арттыру  жұ-
мыстарына белсене кірісіп жүрген Қ. Жолдыбайұлының 
«Дін  мен  діл»  кітабы  –  қазіргі  қоғамның  сұранысы  мен 
талабынан туған таптырмайтын еңбек. Ылайым, дінімізге 
тыныштық,  халқымызға  амандық  тілеймін!  Ел  іргесі 
бүтін, ауызбіршілігіміз мықты болсын!    
Шейх Әбсаттар қажы Дербісәлі
Қазақстан мұсылмандары
діни басқармасының төрағасы
Бас мүфти
 

7
Кіріспе
Бисмиллаһир-рахманир-рахим!
Адамзаттың  адаспай  Ұлы  Иесін  табуы  үшін  ғалам 
атты  алып  кітап  жаратып,  ондағы  әрбір  жаратылысты 
Өзінің  құдайлығын  паш  етер  жеке-жеке  мөр,  құдіреті 
мен  шеберлігін  нақыштаған  бөлек-бөлек  өрнек  етіп 
безендірген  Алла  Тағалаға  шексіз  мадақ  арнап,  жан-
тәнімізбен  мақтау  айтамыз.  Осынау  ғалам  атты  алып 
кітапты  адамзаттың  қатесіз  оқуы  һәм  ақ  пен  қараны 
ажыратып, жаратылуындағы асыл міндеті мен мақсатын 
айқындауы үшін қолына Құран атты пәрмен беріліп, ар-
найы елші етіп жіберілген жаратылыстың гүлзәры, Хақтың 
сүйікті құлы – соңғы пайғамбар, ұлы ұстаз Мұхаммедке 
(саллаллаһу алейһи уә сәллам) сансыз сәлем жолдап, шын 
жүректен  салауат  айтамыз.  Сондай-ақ,  Алла  елшісінің 
(саллаллаһу  алейһи  уә  сәллам)  пәк  отбасы  мен  ардақты 
сахабаларына Жаратқанның игілігін тілейміз. 
Ислам  діні  –  соңғы  дін,  Мұхаммед  пайғамбар 
(с.а.у.) – ақырғы елші. Алла Тағала Құранда өзінің нұрын 
тәмамдайтындығын уәде еткен. Міне, сондықтан ғасырлар 
қойнауында Ислам дінінің басынан қаншама нәубет, небір 
сұрапыл замандар өтсе де, әлі күнге дейін ол өзінің пәктігі 
мен өзіне тән ерекшелігін жоғалтқан емес. Қайта уақыт 
өткен сайын бір түлеп жаңарғандай адамзаттың көңіліне 
көктем сыйлауда. Адамзат одан алыстаған сайын өздерінің 
қаншалықты  құдайылық  нұрдан  қашықтағандықтарын 
сезіне  түсуде.  Сезінген  сайын  бұл  иләһи  нұрға  құштар 
ұлты мән нәсілі бөтен, тілі мен ділі өзге, тіпті діні бөлек 
жандардың қатары күннен күнге көбейе түсуде. 

8
Дін мен Діл
Кешегі  ұлт  санасын  улап,  рухани  құндылық-
тарымыздан  айырған  кеңестік  дәуірде  «өлді,  бітті,  кел-
меске  кетті»  делінген  Ислам  діні  қайта  келді.  Тіпті 
келгенде  де  мүлдем  өзгеше  кейіпте.  Құдды  қыстың 
күнгі  ақ  қардың  астында  қалған  ағаштар  көктем  келіп, 
күннің  нұрына  малынған  сәтте  қалай  бүршік  атып,  ке-
лер  жемісті  сүйіншілегендей  гүлдерін  шашу  етіп  ша-
шып, әп-сәтте жайқала түсетіні тәрізді Ислам да кешегі 
кеңестік  қыстан  соң  лезде  құлпырып  шыға  келді.  Жас-
тарымыз  көптеп  мешітке  бет  бұруда.  Олар  мешіттердің 
аздығынан  қыстың  қақаған  аязына  қарамастан  жерге 
сыртқы  киімдерін  төсеп,  аулада  намаздарын  өтеп  жа-
тыр.  Олардың  бұл  іс-әрекеттеріне,  нұрға  толы  имани 
жүздеріне  қарап  тұрып  сүйсінесің.  Сүйсінесің  де  «дін 
дұшпандарының  ақпараттық  түрлі  жолдармен  күндіз-
түні «ислам терроризмі» сынды нахақ жала жабуларына 
қарамастан  бұларды  құдайлық  нұрға  жүгірткен  қандай 
күш?  Жаһанданумен  бірге  келген  жастық  отын  шарпып 
өтіп, бойдағы нәпсани асау сезімдерді қытықтайтын жаңа 
өмірдің қызылды-жасылды сән-салтанаты тұрғанда, олар-
ды осынау мұсылмандық парызға бет бұрғызған нендей 
құдірет?»  деген  ойға  батасың.  Осы  сәтте  Жаратқанның: 
«Кәпірлер  қаламаса  да  Мен  нұрымды  сөзсіз 
тәмамдаймын»
1
    деген  уағдалы  аяты  жадыңда  жауап 
болып жаңғырады да, бойыңды әлдебір рухани сезім би-
леп, «Уа, құдіреті күшті Жаратқан Ием!» деген үнмен 
көңілің бір толқып тасиды. 
Тәуелсіздіктен  кейін  жастарымыздың  арасында 
шет елдерге діни білім алуға кеткендері де болды. Енді 
сол  қарлығаштар  бүгінде  елімізге  оралып,  руханиятқа 
шөліркеген халқымызды ислам құндылықтарымен сусын-
датуда.  Көптеген  азаматтарымыз  дінді  ғылыми  тұрғыда 
1
  «Тәубе» сүресі, 32-аят, «Саф» сүресі, 8-аят.

9
Дін мен Діл
терең меңгеріп, кешегі жоғалтқан құндылықтарымыздың 
орнын толтыруда. Бұл қуанарлық жайт. Әйтсе де, көңілге 
кірбің түсіретін екінші бір жағдай сол шет елдерде діни 
білім  алған  кейбір  жастарымыз  діни  сауаты  әлі  толық 
жетіле қоймаған халқымызды өздері оқыған елдің мәзһабы 
мен діни мектебі бойынша үйретуге көшті. Елдің, жердің 
ерекшеліктері мен тарихтың өзгешелігіне  назар аударып 
та жатпады. Тіпті, кейбір біржақты оқып келген жастары-
мыз халқымыздың ғасырлар бойы ұстанып келе жатқан, 
шариғатқа қайшы емес озық әдет-ғұрыптарына «бидғат» 
деген желеумен қарсы шыға бастады. «Нағыз қазақ қазақ 
емес,  нағыз  қазақ  домбыра»  деп  өзінің  жан  дүниесін 
домбыраға  сөйлетіп  келген  қазақтың  домбырасына  «ха-
рам»  деді.  Ғасырлар  бойы  халқымыздың,  тіпті  әлемнің 
жартысынан  көбі  ұстанып  келе  жатқан  діни  мектебі 
–  ханафи  мәзһабын  толық  зерттеп,  зерделемей  жатып, 
сыңарезулікпен  оның  дәлелдерін  әлсізге  санап,  өздері 
оқыған жердің мәзһабтарын орынды-орынсыз халықтың 
санасына  тықпалауға  көшті.  Соның  салдарынан  дінге 
құлшыныс  артып,  мешіттерді  лық  толтырған  жамағат 
ынтымағына сызат түсті. Мешіттің төңірегінде дау-дамай 
орын  алды.  Әйгілі    мұсылман  ғалымдары  әлдеқашан 
жауап берген мәселелер қайта қопсытылды. Діндегі ұсақ 
мәселелер күн тәртібіне қайта келтіріліп, жамағат арасын-
да шешімі қиын мәселеге айналдырылды. 
Дін  ғылымы  өте  нәзік  әрі  күрделі  мәселе.  Ислам 
дінінде мәселелер «Муттафақун а`лайһ», «Мухтәлафун 
фиһ»  деп  екіге  бөлінеді.  Біріншісі  –  нақты,  бұлтартпас 
дәлелдермен дәлелденген барлық Ислам ғұламаларының 
бірауыздан  келіскен  мәселелері.  Мұсылмандардың  бір 
көзқараста  болған  осындай  мәселелеріне  қарсы  шыққан 
адамға: «Сенікі дұрыс емес, сен адасудасың», – деп айта 
аламыз. Бірақ «Мухтәлафун фиһ», яғни мұсылмандардың 

10
Дін мен Діл
әу бастан әр түрлі көзқараста болған тармақ мәселелерінде 
белгілі  бір  көзқарасты  Құранның  нақты  үкімі  секілді 
қабылдау  әрине  қате.  Шариғаттың  осындай  тармақ 
мәселелерінде  өзінің  түсінген  немесе  үйренген 
көзқарасынан  өзгеше  ойлайтын  адамдарды  жаппай  ис-
ламнан  шығару  тәрізді  сыңай  таныту  –  адасушылық. 
Шындығында, діннің тармақ мәселелерінде кеңшілік бар 
емес пе? Мысалы, музыка аспабын харам деген ғалымдар 
кездеседі. Ал адал деген ғұламалар бар ма? Бұған кейбір 
бауырларымыз көп мән берген жоқ. Келді де «домбыра 
харам» деді. Ең болмаса, «кейбір ғалымдар дұрыс әуенге 
адал деген» деп те айтпады.
Батадан кейін бет сипаудың негізі жоқ, «бидғат» деп 
түсінген  бәзбір  бауырларымыз  дәл  осы  түсінігін  халық 
арасында  жая  бастады.  Бет  сипау  –  көптеген  мұсылман 
елдерінде бар. Ендеше олар қандай негіздерге сүйенеді? 
Бет  сипаудың  дұрыстығын  айтқан  ислам  ғұламалары 
бар ма? Оны зерттеп-зерделеуге сәл де болса құлшыныс 
танытпады.  Нәтижесінде  ғасырлар  бойы  батадан  кейін 
бет  сипап  келген  халқымызға  «бет  сипауға  болмай-
ды»  деген  пікірді  айтып  жүргендер    өзге  дінді  насихат-
тап  жатқандай  көрінді.  Содан  барып  халық  әлгіндей 
бауырларымызға түрлі айдарлар таға бастады. «Балақты 
тобықтан асып тұратындай ұзындықта киюге болмай-
ды»    деген  фәтуаны  ұстанған  кейбіреуі  елге  келген  соң 
мұсылмандардың  балағына  жармасты.  Осыдан  барып 
халық пен олардың арасында түсінбеушілік орын алды. 
Осы  орайда  өз  басымнан  өткен  мына  бір  оқиғаны 
айта кеткім келеді. 
Бірде маған араб елдерінің бірінде оқып жүрген жас 
жігіт  келген  еді.  Аз-кем  сөйлескеннен  кейін  мен  оған 
ағалық ақылымды айта бастадым. Қарасам, шалбарының 
балағын  шолтитып  кесіп  тастаған  екен.  Мен  оған 
«Інім  Қазақстан  араб  елі  емес.  Сенің  мына  жүрісіңді 

11
Дін мен Діл
көпшілік дұрыс түсіне бермейді. Бір балақтың кесірінен 
уағызыңның пәрмені азайып кетеді. Балақты қысқа етіп 
кию  –  бәлкім  үстіне  ұзын  ақ  көйлек,  астыңғы  жағына 
тобыққа  жетпейтін  штан  мен  жалаң  аяқ  тәпішке  киген 
климаты  ыстық  араб  жерінде  өзінше  жарасып-ақ  тұрар. 
Алайда  бізде  үстіңе  костюм  киіп,  шалбарының  балағын 
шолтитып қысқартсаң көзге ерсі көрінеді» дегендей шы-
найы  жанашырлық  ниетімді  айттым.  Балақты  тобықтан 
асырып  киюге  болатындығына  байланысты  бірқатар 
ислам  ғұламаларының  көзқарастарын  да  келтірдім. 
Қарасам, әлгі жігіт менің айтып отырған сөздеріме де, ис-
лам ғұламаларының пікірлеріне де назар аударар сыңайы 
жоқ. Мен дереу оған кітап сөрелерімдегі Ибн Тәймияның 
жиырма томдық фәтуалар жинағынан «Балақты тобықтан 
төмен  түсіріп  киюдің  харамдығы  тәкәппарлық  ниетіне 
байланысты» деген мәндегі фәтуасы жазылған бетін аш-
тым да, «Ибн Тәймияның мынандай да фәтуасы бар,  оқып 
көрші» дедім. Әлгі жігіт Ибн Тәймия дегенде барып селт 
етті. Оқып болғаннан кейін «Мен Ибн Тәймияның мұндай 
фәтуасы бар екенін білмеппін» дегендей сыңай танытты. 
Мен  қатты  таңғалдым.  Ислам  әлемінде  Ибн  Тәймиядан 
басқа  қаншама  ғалым,  ғұлама  бар.  Ибн  Тәймияны 
қателеспейтін  тұлға  іспетті  көру,  оның  айтқандарынан 
өзгеше  ойлауды  исламнан  шығу  секілді  сыңай  таныту 
әрине  қате  пікір  әрі  ғылыми  ұстанымға  да  жатпайтын 
біржақты қыңырлық. 
Белгілі  бір  ғалымдардың  пікірінен  өзгеше  ойлауды 
исламнан  шығудай  көретін  немесе  мүлдем  қате  санай-
тын әлгіндей бауырларыма пайдасы тиер деген ниетпен 
осы  кітапта  кей  мәселелерді  түсіндіру  барысында  діни 
көптеген  көзқарастарына  қосылмасақ  та,  Ибн  Тәймия, 
Насруддин  Әлбани  секілді  тұлғалардың  пікірлерінен  де 
үзінділер келтірдім. 

12
Дін мен Діл
Мен бұлардың бәрін әлдебіреулерді жамандау үшін 
тізбектеп айтып отырған жоқпын. Айтпағым, жастарымыз 
діннің  «мұхталафун  фиһ»  мәселелерінде  кеңірек  ойла-
нуы  қажет.  Тармақ  мәселелердегі  белгілі  бір  көзқарас 
үшін ағынға қарсы жүзбей, елдің ынтымағы мен бірлігін 
басты  назарда  ұстап,  бүлікке  жол  бермесе  екен  деймін. 
Халқымыздың  ұзақ  жылдар  бойы  аңсап  келген    Ис-
лам  діні  енді-енді  қарқындап  дамып  келе  жатқанда, 
танымымыздың таяздығы мен санамыздың саяздығынан 
оған кесір тигізіп алудан абай болған жөн. 
Құдайға шүкір, кейбір азаматтар алғашқы келген кез-
де жоғарыда айтылған қателіктерді жіберсе де, кейіннен 
уақыт өте келе өз ағаттықтарын түсінді. Елдің жағдайын 
көріп, шынайы өмірге араласа бастағаннан соң ойланды. 
Ислам  дінінде  өздері  үйренген  мектептерден  басқа  да 
дұрыс  мектептердің  бар  екенін,  Ислам  әлеміндегі  өзге 
ғұламалардың  пікірлері  мен  көзқарастарымен  де  санасу 
қажеттілігін ұқты. Мұндай азаматтарға Алла разы болсын 
дегеннен басқа айтарымыз жоқ. 
Сондай-ақ  қазіргі  үлкен  проблемалардың  бірі 
жоғарыда айтылған ұлттық бояуға, әдет-ғұрыпқа қайшы 
келетін  көзқарастарға  реакция  ретінде    арнайы  исла-
ми  білімі  жоқ  кейбір  ұлтжанды  азаматтардың  ешбір 
діни  ереже-қағидаға  сүйенбестен,  нұрлы  ақылмен 
емес,  жалаң  сезіммен  аттандап  қарсы  шығулары  бол-
ды.  Олар  «ғұрыптың  да  озығы  мен  тозығы  бар»  деген 
шындыққа  қарамастан  дінге  анық  қайшы  келетін  кей 
әдеттер  мен  ырымдарды  да  арашалауға  кірісті.  Шет  ел-
ден оқып келгендердің барлығын жаппай халық жауына 
айналдырып,  оларға  түрлі  айдар  тақты.  Өздері  секілді 
ойламайтындардың  бәрін,  тіпті  ханафи  мәзһабын 
ұстайтындарды  да  адасқандардың  қатарына  қосып, 
бұқаралық ақпарат құралдарында ғайбат пен өсектің түр-

13
Дін мен Діл
түрін  өрбітті.    Ғылымилықтан  алшақ  сыңарезу  мұндай 
пікірлер  қоғамдағы  мәселені  шешкен  жоқ.  Керісінше, 
ушықтырды.  Ел  арасында  жаңа  түсініспеушіліктер 
туғызды. 
Мұсылман баласы қандай да бір түйткілді мәселені 
аттандап, құр айқаймен  шешпеуге тиіс. Парасаттылыққа, 
түсіністікке, сондай-ақ ғылымға сүйенген ағартушылық, 
бұл  –  кез  келген  дерттің  емі.  Бір  жақты  ойлау, 
астамшылдық  жасап  артық  кету,  бұл  –  шынайы 
ғылымның  жолы  емес.  Өзін  ақтап,  ұстанымын  жақтау 
үшін өзі секілді ойламайтындардың бәрін түрлі жолмен 
қаралап, тілін былапыт сөздермен былғау, жеке басының 
мәселелерін  араластыру  мұсылманшылыққа  жат.  Он-
дай жолдың пайдасынан зияны басым. Ендеше, ең әуелі 
тақырыпты жан-жақты зерттеп, зерделеу арқылы халыққа 
мәселенің мәнісін ашып көрсетуіміз ләзім. Сонда әлгіндей 
бауырларымыз ойланар. Ең болмаса, олардың да өзіндік 
шариғи дәлелдері бар екен деп астамшылдықтан қайтар. 
Қолыңыздағы  кітапта  қазіргі  қоғамда  көп  сұралған 
өзекті мәселелердің жауабы беріліп отыр. Шынтуайтын-
да, бұл сұрақтардың көбісі исламның негізгі тақырыптары 
емес,  ұсақ  мәселелері.  Бірақ  кейбір  адамдар  мұны  жөні 
жоқ даурықтырғандықтан, бүгінгі таңда жамағат арасын-
да өзекті мәселеге айналып отыр. 
Сұрақтарға  берген  жауаптарымыз  исламның  белді 
ғалымдары мен классикалық қайнар көздерінен таңдалды. 
Мақсатымыз  –  халқымыздың  бірлігі  мен  ынтымағына 
ұйытқы  болып,  сол  жолда  аз-кем  өз  үлесімізді  қосу. 
Қай  жолдың  дұрыстығын  біле  алмай,    абдырап  қалған 
халыққа  жол  көрсетіп,  бағыт  сілтеу.  Сұрақтарға  ханафи 
мәзһабы мен мәтуруди ақидасы, әһлі сүннет бағыты бо-
йынша жауап берілді. Алайда біз бұл жауаптарымызбен 
басқа сүнниттік мәзһабтарды түгелдей жоққа шығарудан 

14
Дін мен Діл
да аулақпыз. Мақсатымыз ханафи мәзһабы мен мәтуруди 
ақидасының да өзіндік шариғи дәлелдерге сүйенетіндігін 
білдіріп,  қазақ  жерінде  ғасырлар  бойы  халқымыздың 
ынтымағы мен бірлігін сақтап, діни дүрдараздықтан аман 
ғұмыр  кешкен  тарихын  аңдату  болмақ.  Құдай  қаласа, 
кітаптың  екінші  томында  бұл  жолы  қамтылмай  қалған 
басқа да мәселелердің жауабын жазу  жоспарда бар. 
Сөз  соңы,  Ұлы  Жаратушымыздан  баршамызды 
ақиқаттың  ауылынан  адастырмай,  ынтымағы  жарасқан 
ел  болып  ғұмыр  кешуді,  өзіне  шынайы  құл  болып,  екі 
дүниеде  де  бақытқа  қол  жеткізуді  нәсіп  етсін  деп  тілек 
тілейміз. 
Осы  кітаптың  жазылуы  мен  жарыққа  шығуына 
септігі тиген баршаға алғысымды білдіріп, Жаратқанның 
разылығын жалбарына сұраймын.
Қайрат Жолдыбайұлы
Алматы қаласы, 31/12/2009 ж. 

15
Мәзһаб  ұстанбай-ақ  қойсақ  бола 
ма? Оның қандай қажеттілігі  бар? 
Мәзһаб  –  жол,  бағыт,  көзқарас  деген  мағынаны 
білдіреді. Шариғатта арнайы тәсілдер, ережелер арқылы 
Құран мен сүннеттен шығарылған үкімдер мен көзқарастар 
жиынтығына «мәзһаб» делінеді. 
Мәзһаб  ұғымын  жете  түсіне  алмаған  кейбір  кісілер  
халық арасында: «Сен Пайғамбардың (с.а.у.) сүннетімен 
жүресің бе, жоқ әлде Ханафи мәзһабын ұстанасың ба?» 
дегендей  сөздерімен  Ханафи  мәзһабын  ислам  дінінен 
бөлек етіп көрсетуге тырысуда. Әрине, мұндай сөздердің 
астарында  мәзһаб  ұстанушылардың  адасқандығы 
меңзелгендіктен,  ел  арасында  діни  дүрдараздық  пен 
бүлікке себеп болуда.
Ханафи  мәзһабы  Пайғамбар  (с.а.у.)  жолынан 
бөлек,  жеке  басына  дара  жол  емес.  Мұхаммед  Ғазали: 
«Мәзһабтар  –  Исламның  теңдессіз  мәдениеті  һәм 
тіректері»  десе,  Ибн  Тәймия:  «Ислам  мәзһабтары  – 
жұмаққа  жетелер жолдар»
2
  деп, мәзһабтардың ислам-
ды түсіндіруші мектептер екенін білдірген.
Шариғат  үкімдерінің  қайнар  көзі  болып  табылатын 
Құран және хадистің әрбір сөзінің тілдік негізгі бірнеше 
мағыналарымен  қатар  ауыспалы  мағыналары  да  бар. 
Тіпті, кейде аят пен хадистердің бір әрпінің өзі бірнеше 
мағынаны білдіреді.
Мысалы,  басқа  мәсіх  тартуды  әмір  еткен  «Маида» 
сүресінің  6-аятында:  «Ей,  иман  еткендер!  Намазға 
2
  Әбдул Желил Жандан, Мүслүман Ве Мезһеб, 13-бет. «Елест» 
баспасы, Стамбул, 2004 ж.

16
Дін мен Діл


  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал