Ислам діні бейбітшілік діні ретінде ортақ Отанымыз Қазақстанда тұрып



жүктеу 60.25 Kb.

Дата20.02.2017
өлшемі60.25 Kb.

350

Ислам діні – бейбітшілік діні ретінде ортақ Отанымыз Қазақстанда тұрып 

жатқан ұлттар мен ұлыстардың бір мүдде жолында өмір сүріп, өздерінің ұлттық 

және діни құндылықтарын жаңғырту жолында өмір сүру ісіне мол үлес қосып 

отырғанда оны оқып-білмеуіміз көңілімізге қаяу түсіреді. 

Пайдаланылған әдебиеттер:

1 Әл-Фараби. Тәрбие туралы трактаттар. Алматы. «Жазушы», 1993 ж. 122 б.

2 Туси Насраддин. «Білім жолындағы оқушыға кеңес және оқушыны тәрбиелеу 

жайлы» трактат. Алматы. – 1236 ж.

Алтынсарин Ы. Қазақтың болыстық мектептері туралы записка. 1879.

Таңдамалы шығармалары (Текст). – Алматы. «Ғылым», 1994. – 289 б.

3 Құнанбаев А. Қалың елім қазағым... Алматы. «Мектеп», 1998. – 138 б.

4 Бебель А. «Женщина и социология». Москва.1953. – 187 стр. 

5 Байтұрсынов А. Таңдамалы шығармалары (Өлеңдер) – Алматы. «Ғылым», 1994. 

– 156 б.

6  Құран  Кәрім    қазақша  мағына  және  түсінігі  (Екі  харамның  қызметкері  Фаһд 

патшаның Құран Шәриф басым комбинаты. Аударған: Халифа Алтай. 1991 –604 б.) т.б.

ИСЛАМ ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАН МӘДЕНИЕТІ

Шаңбаева А. Н.,

Алматы қ., Қазақстан

Ұлт  тәрбиесінің  басты  құралы  -  өнер.  Жас  ұрпақ  ислам  дінінің 

негізінде  калыптасқан  тәрбиенің  құнды  қасиеттерін  бойына  сіңіріп,  бүгінгі 

өмір талабына керекті жақтарын іздестіреді.

Ислам  дінінің  берік  орын  алып  күш  қуатының  дамуына,  оның  жас 

ұрпақ  тәрбиесіне  деген  ізденістердің  тәжірибелік  ғылыми  көзқарастың 

жақындасуына  әсерін  тигізетін  тіке  жол,  ол  —  өнер,  яғни,  музыка  арқылы 

ислам дінінің негізінде көптеген табыстарға жетуге болады.

Ислам  дінінің  түпкі  сырының  өзі  адамгершілікті,  тазалықты, 

шыншылдықты,  қамқорлықты,  аяушылықты,  жанашырлықты,  біліктілікті, 

еңбекқорлықты, өнерпаздықтарды қалаған. Ал қатыгездік пен зұлымдықтардан 

арылудың  жолын  уағыздаумен  келді.  Адамзаттың  құндылығын  сақтайтын 

қасиеттерді  іздестірген  ислам  діні  тудырған  құран  сүрелерінің  бәрі  дерлік 

ауызекі әуеннің негізінде жатталып айтылды.

«Мұхаммед  Пайғамбар  өз  тұсында,  кажет  кезінде  сүрелерді,  аяттарды 

ауызекі айтьш, оны тыңдаушылар сол айтылған аяттарды жаттап алып, ауыздан 

- ауызға, бірінен - біріне таратьш отырған еді» [1].

Құран сүрелері саф тазалығымен ауыздан - ауызға әуен негізінде  жетіп, 

халық  арасына  кең  тарады.  Құран  оқылған  кезде  жігерлі  дауысқа  салып, 

жоғарғы диапазондағы регистрмен әрбір әріпттің накты естілуін салмақты 

кадғалаған. Жатталған сүрелер тыңдаушылардың құлағына тез жетіп сіңімді болуы 

үшін әуеннің атқарған рөлі өте жоғары болды.

«Аңыздарға  қарағанда,  Әбу  Бәкір  Құранды  жылап  отырып,  әндетіп 

оқығанда, естушілер еріксіз денелері балқып, көздеріне жас алатын болыпты» 

[2. 43 б].

Құран сүрелерін әуен негізінде вокалды қойылым арқылы жүзеге асырса, 

дауыс  ерекшелігі  тұрақталып  оның  тез  жатталуына  мүмкіндік  беріп  отыратын 


351

көмекші  құрал  бола  алады.  «Бірде  мерекелік  намаздан  кейін  біздің  әулие 

Пайғамбарымыз өзінің жақын досы Әбу - Бәкірмен бірге отырады. Осы уақытта 

Мұхаммед  Пайғамбардың  жұбайы  Айша  қурайда  сол  кездегі  ұлттық  әуенді 

ойнайды.  Әбу  –  Бәкір:  «Ойнауды  тоқтат,  Пайғамбардан  ұялсаңшы»  деп  оған 

ашуланады.  Сонда  Пайғамбар:  «Әр  тайпаның  өз  қуанышты  күні  бар,  ал  бізде 

бүгін осындай үлкен, қуанышты мереке» деген екен. Бұл айтылған сөз музыкалық 

құралды пайдалануға болатындығын анық дәлелдей алатын шығар. Егер бұл күнә 

болса, онда Пайғамбар ойнауға рұқсат бермеген болар еді» [ 2 ] .

Діни  әдет  -  ғұрыптарды  белгілі  бір  музыкалық  мақаммен  орындау 

ежелден келе жатқан діни - мәдени құбылыс екенін өз мәдениетімізден де көруге 

болады.


Музыка  мен  өлеңнің,  яғни,  сөздің  тығыз  байланыста  болғандығын  әнші 

ақындар  өнерінен  байқауға  болады.  Ақындықпен  қатар  әнші,  бата  оқу,  жыр, 

терме,  күй,  сазгер,  би,  спорт  өнерлерін  дамытып,  құран  сүрелерін  қоса  жаттап 

біліп  отырған.  Жеке  тұлғаны  дамытып  қалыптастыруда  музыканың  атқарар 

қызметі  үлкен.  Ол  ислам  дінінің  жалпы  заңдылықтарына  сүйене  отырьш, 

ұлттық мәдениетке табан тірейді. Бұл тұрғыда қазақ музыка өнерінің синкретті 

сипаты аса қолайлылық туғызады, әсіресе, музыканың Құранмен байланысын 

синтезді әдіспен қолдану ізгілік мұраттарды шешуде тиімді жол болып табылады.

Жас ұрпаққа ислам дінінің негізінде тәрбие беру құралы ретінде музыка 

тек өнердің басқа түрлерімен, соның ішінде Құранмен, кешенді түрдегі байланыста 

ғана өзінің бұл қызметін атқара алады.

Өнер тек өзінің синкретті сипатының арқасында ғана қазақ өмірінің реттеуші 

құралы  деңгейіне  көтеріле  алған.  Сондықтан  қазақтың  құран  сүрелері  таза 

музыкалық туынды ретінде бір жақты ғана қаралмай, оның егізінің сыңарындай 

өзімен  бөлінбей  өмір  сүріп  келген  әдебиеттік  әңгімелерімен,  яғни  халықтың 

тарихи  -  әлеуметтік  болмысымен  шендестіре  қарау  көзделеді.  Бұл  орайда 

Құранмен қосарлана айтылатын уағыз аңыздарының орыны үлкен, олар тек нақты 

шығарма мен оны шығарушы туралы ғана емес, халық тарихының жанды шежіресі 

ретінде танылады.

«Құранды жатқа білумен қатар, оны мақамдап айта білу де міндетті болған. 

Мұның өзі оларға қойылатын көптеген талап - тілектер тудырып отырған. 

Біріншіден, молданың тәп - тәуір ән (мақам) айта білуі қажет болған. Демек, 

оның музыкалық кабілеті болуы шарт. 

Екіншіден, молданың айналасындағы жұртқа әсер етерлік дәрежедегі анық 

та қоңыр даусы болу керек. Мінбарға шығып азан шақырғанда, молдалар даусы 

шаһар тұрғындарына еркін жететін болған. 

Үшінші ерекшелігі, кейбір молдалар Құран мақамын ете күрделі, ауыспалы, 

аумалы - төкпелі мақамдармен (ладтармен) айтатын болған. Арнайы музыкалық 

білімі  бар  мамандардың  өзіне  ауыр  соғатын  мұндай  мақамдарды  еркін 

орындаған молдалардың музыкалық қабілеті өте жоғары болғаны осыдан - ақ 

байқалса керек» [4]. Міне, осындай шарттарды алға қойған ислам діні медресе 

оку орындарынннда музыкалық білім берудің бағдарламасын алға қойғаны белгілі.

«Медресе  оқу  мекемесі  ретінде  мұсылман  әлемінің  астанасы  Бағдаттың 

өзінде  тек  XI  ғасырдың  екінші  жартысында  пайда  болды...,  Ал  бұл  кезеңде 

Мауранахрда  Медресе  жаңалық  болудан  қалған»  (Академик  В.В.  Бартольд). 


352

Наршаһидің  «Бұхара  тарихы»  атты  кітабында  937  жылы  Бұхарада  алапат  өрт 

болғандығы, сол өрт ішінде қаладағы ірі Медреселердің өртеніп кеткені туралы 

деректер келтіреді.

Түркістан  өлкесінің  халықтары  ресми  түрде  ислам  дінін  қабыдаған 

кезеңнен  бастап  мұсылмандық  оқу  жүйесінде  өз  миссиясын  бастады.  Ағарту 

саласындағы  «Медресе»  институты  ең  алғаш  рет  Түркістан  өлкесінде  пайда 

болған. Медресенің пайда болу тарихы VIII ғасырлардан, өлкеде ислам дінінің 

таралған  кезінен  басталғанын  ескерсек,  медресе  арабтар  ортасынан  шыққан 

деген  көзқарастың  пайда  болуы  заңды.  Алайда  араб  жазбаларында  мектеп, 

медреселер  туралы  деректер  тек  ІХ  -  ХІ  ғасырларда  болғанын  ғана  көрсетеді. 

Ал медреселердің пайда болу дәуірі Бартольдтың еңбегінде VIII ғасырда болған 

дейді. Бұдан шығатын көзқарас, мұсылмандардың оқу ісі араб дүниесіне шеттен 

келген, ягаи ҮІП - Х ғасырларда шығыс мәдениетінің ошағы болған Түркістан 

қалаларында патша болған деген объективтік көзқарас өзінен - өзі туындайды [5].

Әсемдік  әлемін  түсіндіретін  музыканың  құдіретін  қанаттандырып  өнерді 

алға тартудың орнына оны одан әрі әлсірету көзделді. Бүгінгі жастардың қатыгез, 

мейірімсіз бояуына әкеліп соқтырды. Мұның өзі эстетикалық тәрбие мәселесіне 

немкұрайлы  қарағанымызды  екенін  өмірдің  өзі  дәлелдеп  берді.  Өнер  саласы 

өзінің төл мәдениетінен айтылып, оның ескерусіз құлдырауы және эстетикалық 

тәрбиенің  көзі  әлсіреп,  жалған  тәрбиенің  босағаға  енуі  ислам  мәдениетіне 

деген  сүйіспеншіліктің  аздығынан  деп  білу  керек.  Сахарада  туып,  сол  сахара 

тілінде сөйлеген, мәдениеті мен өнерін артындағы ұрпакқа тастап кеткен дана 

бабаларымыздың әсемдік, талғамдық, тәлімдік сияқты тәрбие түрлері бүгінде өз 

орнында ма?

Казақ мәдениетінде сал, серілер әнсіз өлең айтпаған. Бұлардың ақындық 

дәстүрінде әншілік шешуші орын алады. Ақындық сөзден гөрі әншілік, музыкалық 

шығармашылығы басым болып отырады. Жырлаймын деп өлең бастамайды, ән 

шырқаймын, ән саламын деп бастайды.

Қазақ  халқының  аспаптық  шығармаларының  бірі  күйдің  орындаушылық 

тәсілі мен тарихи әңгімесі сияқты қазақ әндерінің де синкретті сипатында сөз 

өнері, би, музыка өнері, сахналық, артистік өнер, шежірелік өнер, философиялык, 

ой  бояулары  топтасқан.  Әннің  әсерлілігі  —  оның  осы  синкреттілінде.  Қазақ 

әніндегі  мелодиялық  интонациялық  әуен  әсемдігі  мен  өлең  сөздің  бірлігінен 

эстетикалық сұлулық мазмұнынан құралады.

  Түркі  тілдес  халықтардың  мәдениетіндегі  еңбектерге  елеулі  сипатта-

ма  беріледі.  әл  -  Фарабидің  «Музыканың  ұлы  кітабында»  музыканы  түзетін 

элементтердің әдебиетті түзетін еңбектерге ұқсастығы айтылады. әл - Фарабидің 

ән,  (Өлең  -  Е.Ж.)  мен  музыканың  эстетикалық,  этикалық  әрекеттер  мен 

көзқарастардың  қалыптасуына  әсері,  үздіксіз  жаттығудың  ғана  нәтижесі  екенін, 

ол  үшін  адамның  есіту  түйсіктерін  дамыту  қажеттілігін  көрсеткен.  Бірде  -  бір 

адамзат  қоғамы  өзінен  бұрынғы  аға  буынның  ақыл  -  ой,  тәрбиелік  тәжірибесін 

пайдаланбай өмір сүрген емес. Халық келер ұрпағын жан - жақты жетілген азамат 

етіп тәрбиелеу үшін өзіне дейінгі қоғамда қолы жеткен тәрбиенің жақсы жақтарын 

жинақтай  отырып,  еңбек  сүйгіш,  адамгершілігі зор азамат етіп баулуды мақсат 

еткен.


Халықтың ғасырлар бойғы бай қазынасы — ауыз әдебиетінің асыл үлгілері: 

өлең - жыр, аңыз - әңгімелер, мақал - мәтелдер, афоризм - сөздер мен ән - күй, 



353

би  өнері,  зергерігік  қол  өнері,  ұлттық  ойын  түрлері  т.  б.  өнер  атаулының  бәрін 

ұрпақтәрбиесінің пәрменді құралы етіп пайдаланған [6].

Қазақтың  халық  педагогикасында  болмысқа  эстетикалық  көзқарасты, 

эстетикалық  талғамдарды  қалыптастыру,  балалар  мен  жастарды  бай  әдеби 

және  музыкалық  мәдениетке  тарту  құралдары  сан  алуан.  Халықтың  ауызекі 

творчествосының түрлі жанрлары да, ұлттық әдет - ғұрыптар да, қазақ семьясының 

ішкі қарым - қатынастары да, халықтың қолданбалы өнері де, ұлттық ойындар 

да соның жарқын айғағы болып табылады [3].

Қазақтың халықтық шығармаларында көркем - эстетикалық, этносимволдық 

(рәміздік),  сакральдық  (діни  -  нанымдық),  коммуникативтік,  информациялық, 

ырымдық және тағы басқа әлеуметтік функциялар, сондай - ақ, ең бастысы – 

эстетикалық  -  тербиелік  функциялар  кешенді  синтездікте орын алған. Өнер та-

рихында  көркемдік  синтездің  бірнеше  түрі  қалыптасты.  Синтездеу  барысында 

бейнелі көркем ойды жеткізуде сан алуан өнердің бірігуі мүмкін. Сәулет, мүсіндеу, 

монументті  кескіндеу,  сәндеу  -  әшекейлеу  өнері.  Сондай  -  ақ  саз  өнері  мен  сөз 

өнері, пластика (соғу, шабу) мен бейнелеу өнерінде барынша дәстүрлі біртұтастық 

бар [1].


Ән өнері жеке адам сезімінен бастап тұтас халық тағдырына дейін сергек үн 

қосуға мейлінше оңтайлы. Адам қоғамындағы үлкенді – кішілі барша кұбылыс әнге 

арқау бола алады. Ұлы Абай ән өнерінің бұл қасиетін: «Туғанда дүние есігін ашады 

өлең, Өлеңмен жер қойнына кірер денең» деп түйіндеген [2].

Ән қазақ халқы өмірінің ажырамас белгілі болған. Жас нәрестені алғашқы 

үш күнде жын - перілер қоршап жүреді деген үғымнан барып, олардан қорғау үшін 

өлең айтып, ән мен жыр, күй мен би шалқытып, ойын - сауық өткізген, келе - кете 

кейіннен ол шілдехана тойы сипатын алған. Ұрпақ жалғастығын қадірлеуді жастар 

санасына сіңіруде ол дәстүрдің тәрбиелік әсері күшті болған. Сондай - ақ, бесік 

тойы да, тұсау кесу тойы да, атқа мінгізу, сүндет, қыз ұзату, келін түсіру, құда күту, 

наурыз, көшіп қону, ерулік т.б. тойларда ән мен күй, жыр мен термелер қызмет 

атқарған.

Қазақ халқының ділін айтқанда, оның басты бір ерекшелігі — ол тәрбиелік 

қасиеті. Қазақ халқының бүкіл салт - санасы, әдет - ғұрпы, мақал - мәтелдері, ертегі, 

жыр - термелері, ойын - сауығы, жұмбақтары мен жаңылтпаштары, айналып келгенде, 

тәрбиелік мәселеге келіп тіреледі. Олар адамгершілікке, көпшілдікке, азаматтыққа 

баулыған  [3].  Сөйтіп  қазақ  отбасында  балалар  әнмен  өсті.  Ән  мен  жырды  ести 

жүріп, соларға еліктей отырып, өздері де өнерді үйренлі. Музыкалық - эстетикалық 

және рухани бай болып қалыптасты, сөзге шебер, әнге ұста болды, суырып салма 

өнерін меңгерді. Қазақтың өмірі, тұрмысы, әдет - ғұрпы, салт - дәстүрі, өскелең 

ұрпақтан әншілікті, ақыңдықты, шешеңдікті, күйшілікті, өнерпаздықты талап 

етті.


...Ән   мен   күйдің   әуені   сөйлеу  тіліндегі   сөздердің интонациясына — дауыс 

өзгеріс - қозғалысыз негізделеді.  Бірақ  әр  дыбыс  (өлеңде  сөздің  әр  жеке  буыны) 

бірінен  -  бірі  жоғарылы  -  төменді  сатылап,  әр  түрлі  үнімен  беріледі де, ерекше 

музыкалық қасиетке ие болады. [3].

Міне,  осындай  өнерлі  халықтың  сезімталдық  қасиетінің  болуы  да 

шартты  еді,  өйткені  жүз  пайыздық  музыка  негізін  құрайтын  халық  өнерінің 

арқасында бойып таза ұстау, тез үйрену, тез қабылдау, тез түсіну, тез сөйлеу, т.б. 

әсемдік қалауын толық меңгерген халықты дана деп айтуға болады.



354

VII  ғасырда  ислам  діні  шығыс  көгіне  өрлеп  шыққанда,  да  осы  ежелгі 

дәстүр ізімен дамып, дауысталып, арнайы мақаммен оқылатын болған. Қандайда 

бір ырғақты қозғалыс болмасын, барлығы дерлік дыбыс негізінде құрылып 

өркеңдеп отырған. Алайда дін иелері Құранды жатқа білумен қатар оны мақамдап 

әуендетіп айта білуді міндеттеген.

«Құран сүрелері әр түрлі мақаммен айтылған. Мысалы, Дәуріш Әли өзінің 

«Музыкалық  трактатында»  12  мақамның  бірі  —  рехауи  әуенімен  Мұхаммед 

пайғамбардың Құран оқитын болғанын айтады. Әрбір дін иесі Құранды белгілі 

бір мақаммен айтатын болған» [4].

Сөз бен музыканың біртұтастығы бақсылық дәсіүрде де пайдаланылып, 

әлеуметтік тұрмысқа берік енген.

Қазақтың ауыз әдебиеті өзінің барша бітім - болмысында музыкамен 

тығыз байланысты [4].

«Поэзия мен музыка өнерінің синкреттік бірлігінен туындаған ашушылық 

өнер» [5] орындаушылар бойында да тоғысып келген. Сөйтіп өнерпаздардың 

өздері де синкрегизм аңғарында танылған. Олардың әркайсысы жырау және 

суырып  салма  ақын,  теңдессіз  күйші  және  домбырашы,  ғажап  орындаушы 

әнші, және термеші болған.

Халық  поэзиясының  жаны  —  сөз,  сөз  өнері,  сөздің  бейнелі,  суретті 

кестесі  десек,  бұл  ауыз  әдебиетіне  эстетикалық терең, нәзік сезім дарыта-

тын көркемдік құралдарының бірі. Ұтымды, шебер қолданылған әрбір сөз, әрбір 

буын,  бунақ,  дыбыс  өрнектері  өлеңге  бейне  бір  жан  бітіріп,  әуезділік  береді, 

келісімді, ширақ ырғақ дарытады, сөздің үнділігі мен әуеңділігін, әсерлілігі 

мен көркін күшейтеді. Сөйтіп сөз өзінің әуездігімен музыкаға жақын тұрған.

Осындай мың салалы өнер - білім қазынасы бар халық — бай. Ал оны 

жүзеге асырушы кім? Әрине, өзінің жергілікті ата -бабасынан жалғасын тапқан 

қазақ елі. Олай болатын болса, халық мұрасын жас ұрпаққа ғана оқыту аздық 

етеді, оны  бүгінгі   өскелең  жас  буын   өкіліне  де  үйрету  керек сияқты.

Ислам  дінінің  білім  саласында  алар  орны  ерекше,  сондықтан  оны  жалпы 

білім  беретін  мектептерде  өнер  саласының  бір  түрі  ретінде  оқыту  -  жастардың 

салиқалы болуына көмектесетін бірден - бір жол. Ислам дінін оқыту кезінде музыка 

мамандарының білім беруге араласқаны дұрыс болар еді.

Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Н. Өсеров, Ж. Естаев. Ислам және қазақтардың әдет -  

ғұрпы – Алматы. 1992 ж.

2. Ибрагим Дамира Өмірзаққызы. Адамзаттың асыл тәжі Мұхаммед (с.а.у.) 

Пайғамбардың өмірі. Мәдина кезеңі. Алматы 2003 ж.

3. Мавлюгов Р.Р. Ислам - М. 1969 ж. 

4. Қоңырабаев Ә..,   Қоңыратбаев Т. Көне мәдениет 

жазбалары — Алматы. 1991 ж.  

5. Қалиев С.Қ,  Халық педаготикасы  және  оның   ауыз 

әдебиетіндегі көрнісі // Қазақ   халқының тәлім - тәрбие 

тарихынан, - Алматы. 1992 ж. - 



6. Ұзақбаев С. Өмірдің өнер өрісі. - Алматы, І99І. 

 




©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал