Исходя из выше сказанного, делаем вывод, что наиболее полезен зеленый чай, так



жүктеу 69.94 Kb.

Дата03.04.2017
өлшемі69.94 Kb.

 

191


целебными  свойствами,  чем  черный,  но  его  употребляют  реже.  С  целью  проверки 

знаний учащихся о чае было  проведено анкетирование. 

Простота  проведения  эксперимента  и  доступность  реактивов,  выбранных  для 

исследования,  позволяют  проводить  данные  опыты  и  в  домашних  условиях.  Таким 

образом, мы получаем удобный метод познания, а ни готовые результаты. 

И  в  заключение  хотелось  бы  сказать.  Несмотря  на  то,  что  чай  очень  полезен, 

следует  ограничить  употребление  крепкого  черного  чая  детям  и  подросткам.  И  если 

вам  не  нравятся  традиционные  сорта  чая,  можно  самим  приготовить  полезные  и 

лечебные травяные чаи. Например  –  смородиновый, шиповниковый и другие на ваш 

вкус.  Это  и  полезно  и  вкусно.  И  еще  чай  используется  не  только  в  качестве  напитка. 

Например,  чайное  масло  по  составу  близко  к  оливковому.  Применяется  в  различных 

отраслях промышленности: в приборостроении, в мыловаренной промышленности, для 

очистки гладких и блестящих поверхностей, в кулинарии и косметологии. 

Чтобы  волосы  были  блестящими  и  здоровыми,  рекомендуется  ополаскивать    их 

после каждого мытья настоями, содержащими чаи. 

Исходя из выше сказанного, делаем вывод, что наиболее полезен зеленый чай, так 

как  он  содержит  больше  веществ,  обладающих  антиоксидантной  активностью. 

Витаминов  С  и  Е  зеленый  чай  содержит  на  порядок  выше.  Этим  объясняется 

возрастающая  последнее  время  популярность  именно  этого  вида  чая.  Однако  стоит 

отметить, что любой чай благотворно влияет на организм человека. 



 

 

 

Литература: 

1.  В.В.Похлебкин. 

Чай, 

его 


история, 

свойства 

и 

употребление 



http://vkus.narod.ru/chai/chai_04.htm  

2.  Мастер-класс  учителя  химии:  уроки.  8-11  классы.  Методическое  пособие.  Под  редакцией 

Денисовой В.Г. – М: Издательство «Глобус», 2010, с.242-244. 

3.  Химия в школе. №9, 2008 г., А.А. Кролевец «Не попить ли нам чайку», с. 7-13. 

4.  Т.П.Кустова,  Кочетова  Л.Б.Методическое  пособие  “Биологическая  химия  и  молекулярная 

биология” (на базе ИвГУ) – Иваново, 2007г.  

5.  Ольгин О.Е. Опыты без взрывов. – М.: Химия, 1986г. 

 

 

 



ОƏЖ 581.1 

 

«ӨСІМДІКТЕР ФИЗИОЛОГИЯСЫ» ПƏНІ БОЙЫНША ЛАБОРАТОРИЯЛЫҚ 

ЖҰМЫСТАРДЫ ӨТКІЗУДЕ ЖАҢА ИННОВАЦИЯЛЫҚ ƏДІСТЕРДІ ҚОЛДАНУ 

 

Ж.Н. Уалиахметова., А.И. Шахисламова  

(М.Өтемісов атындағы БҚМУ) 

 

 



 

Əлемнің жетекші елдерінің көпшілігі білім беру жүйесін, білім берудің мақсатын, 

мазмұны  мен  технологияларын  оның  нəтижесіне  қарап  бағалайтын  болды.  Білім 

берудің қазіргі негізгі мақсаты білім алып, білік пен дағды, іскерлікке  қол жеткізу ғана 

емес,  солардың  негізінде  дербес,  əлеуметтік  жəне  кəсіби  біліктілікке  –  ақпаратты  өзі 

іздеп табу, талдау жəне ұтымды пайдалану, жылдам қарқынмен өзгеріп жатқан бүгінгі 

дүниеде лайықты өмір сүру жəне жұмыс істеу болып табылады. 


 

192


XXI  ғасырда  əлемдегі  қайта  құрулар,  экономиканы  дамытудағы  жаңа 

стратегиялық  бағдарламар,  қоғамның  ашықтығы,  оның  жедел  ақпараттануы  мен 

қарқынды дамуы білім беруге қойылатын талаптарды түбегейлі өзгертті. Сондықтан да 

ғылыми  -  техникалық  процесс  бүкіл  əлемде  «инновациялық  процесс»  -  ұғымымен 

тығыз  байланыста  болуды  талап  етеді.  Инновациялық  процесс  жаңа  бір  өнімнің 

алынуын  білдіреді  де,  ол  идеяның  пайда  болуынан  бастап,  тұрақты  түрде  жүзеге 

асырылуына дейінгі ұзақ жолды қамтиды. 

Қазақстан  Республикасының  «Білім  туралы  Заңында»:  «Білім  беру  жүйесінің 

негізгі  міндеттерінің  бірі  –  оқытудың  жаңа  технологияларын  енгізу,  білім  беруді 

ақпараттандыру,  халықаралық,  ғаламдық  коммуникациялық  желілерге  шығу»  –  деп 

көрсетілген.  Бұл  міндеттерді  жүзеге  асыру  барысында  білім  ордаларында  жаңа 

педагогикалық  технологияларды  пайдаланудың  негізгі  мақсатын  айқындап  алу  əрбір 

педагог үшін ақиқат болып отырғандығы даусыз.Сондықтан білім беру саласы да өзінің 

дамуы  үшін  жаңа  қадамдарға  баруда.  Жаңа  ақпараттық  технологиямен  орындалатын 

қызмет өзінің кез келген нақты формасында тиімдірек орындалады. 

Жаратылыстану ғылымдарының бір саласы –«Өсімдіктер физиологиясы» пəнінен 

лабораториялық  жұмыстарды  өткізуде  жаңа  инновациялық  əдістерді  қолданудың 

мақсаты,  жаңа  технологияны  қолдану  арқылы  білімнің  сапасын  көтеру,  білім  беру 

мазмұнын жаңарту, студенттердің мамандыққа баулу мехнизмін құру. 

Бұл пəнде инновациялық əдістерді қолдануда төмендегідей міндеттер шешіледі: 

- Студенттердің ақпараттық технологияны пайдалану мүмкіндіктерін жетілдіру; 

- Алған білімі мен түсінігін кəсіби деңгейде қолдану; 

- Студенттердің шығармашылық қабілеттерін дамытып, танымдық іс –əрекеттерін 

арттыру. 

Жаратылыстану 

пəндерінен 

жүргізілетін 

лабораториялық 

жұмыстарда 

инновациялық əдістерді қолдану жүйелі түрде оқу үдерісін құрудағы жаңа тəсілдердің 

бірі  ретінде  қарастырылады.  Студенттердің  өз  бетімен  жəне  оқытушының 

жетекшілігімен 

жүргізілетін 

жұмыстарын 

сапалы 

дамытуда 



компьютерлік 

бағдарламаларды  қолдану  үлкен  жетістіктерге  əкеледі.  Студенттер  алдымен  оқытушы 

көмегімен  қабылданатын  теориялық  білімді  игерген  соң,  практикалық  жақтарын 

игеруде «ассоциаграмма», «ой картасын құру», «миға шабуыл», «топтық тапсырмалар», 

«жоба қорғау»,  «пікірталас»,  «топтық жарыстар» т.б. инновациялық оқыту əдістерінің 

элементтерін  де  қолданады.  Мұндай  прогрессивті  педагогикалық  технологияларды 

қолдану студенттердің зерделік көрсеткіштерін көтеріп қана қоймай, оның өзіндік іс – 

əрекетін  қанаттандырып,  шығармашылық  жəне  ізденімпаздылық  қасиеттерін  де 

дамытады.  

Оқытушының  маңызды  міндеттерінің  бірі  –студенттің  шығармашылық 

потенциалын ашу жəне дамыту. Ал студенттің шығармашылық потенциалын ашудағы 

маңызды аспект – жобалар жасау.  

Өсімдіктер физиологиясы пəнін оқып білу лабораториялық сабақсыз мүмкін емес. 

Лабораториялық  сабақта  өсімдіктердің  əр  түрлі  систематикалық  топтар  өкілдері-  

химиялық  ерітінділердің,  жарықтың,  жылудың,  температураның  əсер  етуі  арқылы 

зерттеледі.  Сонымен  қатар  болашақ  биология  пəнінің  оқытушылары  –  бүгінгі 

студенттер  лабораториялық  сабақ  барысында  əр  түрлі  өсімдіктерді  зерттеу  тəсілін, 

түрлі  препараттар  дайындау  техникасын,  тəжірибе  жүргізу  əдістерін  меңгеріп 

дағдыланады.  Лабораториялық  сабақта  студенттер  дəрісте  алған  білімдерін  тереңдете 

бекітеді.  

Əрбір  студент  лабораториялық  сабақ  алдында  өзінің  жұмыс  орнын  дайындауға 

міндетті:  оптикалық  құралдар  (микроскоп),  құрал  –  сайман  жиынтығы,  суретке 

арналған альбом, карандаш т.б. құралдармен жабдықталады.   


 

193


Аталмыш  пəн  бойынша  жүргізілетін  лабораториялық  жұмыстардың  бірнешеуі 

жоба күйінде қорытындыланады. Себебі тəжірибеден алынатын қорытынды белгілі бір 

уақыт  аралығын  қамтиды.  Ал  осы  уақыт  аралығында  студенттер  бақылау,  талдау, 

есептеу  жұмыстарын  жүргізеді.Студенттер  өздерінің  жобаларын  жасауда  ғаламтор 

желісін  белсенді  пайдаланады.  Пəннің  бөлімдерін  аяқтау  барысында  міндетті  түрде 

қайталау,  бекіту  сұрақтары  қойылады.  Осы  элементтерді  жоба  жасау  барысында 

біріктіреді.  Əр  топ  тəжірибеден  алынған  қорытындыны  жобаға  енгізіп,  презентация 

түрінде  қорғайды.Бұл  кезде  студенттердің  бойында  топтық  шығармашылық  жұмысқа 

деген  қызығушылық,  позитивті  көңіл–күй  оянады.  Сонымен  қатар  интернет  желісі 

арқылы  тақырыпқа  сай  отандық,  шетелдік  ғалымдардың  видеофильмдері  тыңдалады, 

бұл студенттердің шығармашылық қабілеттерін шыңдауға септігін тигізеді. 

Енді,  өсімдіктер  физиологиясы  пəнінен  өткізілген  бір  лабораториялық  сабақтың 

өтілуіне қысқаша тоқталсақ: 

Сабақтың тақырыбы: «Су өсімдіктерінің дақылдары» 

Пəн:Өсімдіктер физиологиясы 

Топ, курс, мамандық:01305 – 01306 топтар, III курс «Биология» мамандығы. 

Сабақтың мақсаты:Smart – мақсат 

  нақты (Specific) – силлабус бойынша жүргізілетін лабораториялық тақырыптың 

мақсаты мен жұмыс барысын студенттерге таныстыру. 

  өлшемді  (Measurable)  –  100  минут  уақыт  ішінде    лабораториялық  жұмысты 

қорытындылау. 

  қол  жетімді  (Achievable)  –  шағын  топтарға  бөлініп,  лабораториялық 

жұмыстың қорытындысын жоба түрінде қорғау. 

  ақиқаттылық (Realistic) - үздік қорғалған шығармашылық жобаның нəтижесін 

баспа беттеріне жариялау. 

  уақыты  айқын  (Timed/Timed-bound)  -  10  күн  уақыт  ішінде  жобаны 

қорытындылау.  

Сабақты  өткізу  əдісі:  Өсімдіктер  физиологиясы  пəні  бойынша  жүргізілетін 

лабораториялық сабақта инновациялық əдістерді қолдану. 



Сабақтың  өтілу  барысы:  Ұйымдастыру  бөлімінде  лабораториялық  жұмыстың 

жоспары таныстырылады. 



Лабораториялық жұмыстың жоспары: 

- Сабақ мақсатымен таныстыру; 

- Топқа бөлу; 

- Ассоциаграмма. Ой картасын құру; 

- Миға шабуыл. Топтық тасырмалар; 

- Жоба қорғау. Пікірталас; 

- Эссе; 

- Бағалау; 

Өсімдіктердің  құрамына  кіретін  элементтер  олардың  өсіп  жетілуі  үшін 

қаншалықты  қажет  екендігін  анықтау  мақсатында,  сондай-ақ  бұл  элементтер 

өсімдіктердің  құрамына  кездейсоқ  енбеді  ме  екен  деген  сұрауға  жауап  беру  үшін 

өсімдіктерді  жасанды  ортада  өсіру  əдісі  қолданылады.  Өсімдіктерді  жасанды  ортада 

өсіру  методын  тұңғыш  рет  француз  ғалымы  Ж.Б.Буссенго  (1802-1887)  қолданды.  Бұл 

əдістің  мəні  мынада:  тəжірибе  жүргізілетін  өсімдіктер  сосудтарда  өсіріледі,  оны 

вегетациялық  сосудтар  деп  атайды.  Сосудтың  ішіне  топырақ  немесе  таза  жуылған, 

қыздырылған  құм  салынады,  немесе  су  құйылады.  Оған  қажетті  мөлшерде  қоректік 

ерітінді  құйылып,  өсімдік  отырғызылады.  Көптеген  зерттеушілер  қоректік  ерітінділер 

рецептін  жасап  шығарды.  Кноп,  Прянишников,  Гельригель  қоректік  ерітінділері 

пайдалануға аса тиімді ерітінділер болып табылады. 


 

194


Мысалы,  1  литр  Кноптың  қоректік  ерітіндісін  дайындау  үшін  кальций,  магний, 

калий  және  темір  тұздары  арнайы  мөлшерде  алынады.  Бұл  құрамға  кіретін  жеті 

элемент  ең  қажетті  элементтер  болып  саналады.  Алайда  тәжірибе  барысында 

пайдаланылатын  тұздар  мен  суды  тазарту  әдісінің  жетілдірілуіне  байланысты, 

өсімдіктердің  қалыпты  өсуі  үшін  басқа  да  көптеген  микро  және  макроэлементтердің 

керектігі анықталды.  

Тәжірибе барысында 4түрлі жасанды қоректік орта алынады. Атап айтсақ: 

•  Толық қоректік қоспа – Кноп ерітіндісі. Құрамы (CaNO

– 1гр, KH



2

PO



– 0,25гр , 

MgSO


– 0,25гр , KCl – 0,125гр , FeCl – 5 тамшы). 

• Толық  қоректік  қоспа  –  Азоттан  өзге.  Құрамы(CaSO

–  1,03гр,  KH



2

PO



– 

0,25гр,MgSO

– 0,25гр, FeCl –5 тамшы). 



• Толық  қоректік  қоспа  –  Фосфордан  өзге.  Құрамы(CaNO

–  1гр,  KCl–  0,255гр, 



MgSO

– 0,25гр, FeCl – 5 тамшы). 



• Толық қоректік қоспа – Калийден өзге. Құрамы(CaNO

– 1гр, NaH



2

PO



– 0,25гр, 

NaCl – 0,09 гр, MgSO

– 0,25гр, FeCl – 5 тамшы)[2, 151б]. 



Тәжірибе барысында әр түрлі қоректік қоспада жүргізілген өсімдіктердің өсуі мен 

даму процесіндегі барлық ауытқушылықтарды 1 кестеден көруге болады. 

 

Кесте 1. Өсімдіктерді толық және толық емес қоректік қоспада өсіру. 



 

№ 

Қоректік орта 



Өскін 

тамыры 


Өскін 

сабағы 


Өскін жапырағы 

Толық жетілген 

өскін саны 

Ұзын дығы 

Ені 

1. 


Кноп 

(толық 


қоректік қоспа) 

А) 


12,5 

11,5 


3,5 

2,0 


13 

Б) 


11 


1,5 

11 



С) 



0,8 


11 

Д) 


2,5 

10 


0,5 


11 

2. 


Фосфорсыз қоспа 



1,4 



3. 

Азотсыз қоспа 

4,5 




4. 

Калийсіз қоспа 





 



Тәжірибеге  талдау  жұмыстарын  жүргізсек  толық  қоректік  және  фосфорсыз  

жасанды ортада өсірілген өсімдіктердің мүшелері жоғары дәрежеде жетілгенін көруге 

болады.  Ал  азот  пен  калийсіз  алынған  ортада  жапырақтың  мүлдем  жетілмегендігін 

байқауға болады. Себебі, азот пен калий қоректік минералды элементтердің ішіндегі ең 

негізгісі. Оларды қоректік заттардан шығарып тастаған кезде өсімдіктің өсуі мен дамуы 

тежеліп,  ақуыздар  мен  көмірсулардың  алмасуы  баяулайды.  Азот  пен  калийсіз  бірде  – 

бір  полисахарид  түзілмейтіндігін  тәжірибе  барысы  дәлелдеп  отыр.  Жоғарыда  аталған 

түрлі жасанды қоректік ортада өсірілген өсімдіктерді 1суреттен көруге болады. 

 

 

 



 

195


Сурет 1. Жасанды қоректік ортада күнбағыс тұқымын өсіру. 

Жасанды  ортада  дақылдарды  отырғызғанда  және  ерітінділерді  ауыстырғанда 

тұздардың  шекті  мөлшерін  алу  керек.  Негізінен  ерітіндінің  концентрлі  тұзымен 

тәжірибе жүргізген әлдеқайда тиімді. Себебі, әрбір 10мл ерітіндіде 1л ерітіндіге қажет 

тұз  мөлшері  болады.  Кейін  ерітінділерді  арнайы  мөлшермен  алып,  сәйкесінше 

дистильденген  сумен  толықтырады.  Ерітінділер  жарық  сәулесі  түспейтін  жерде 

сақталуы  тиіс.  Тәжірибе  барысында  күнара  ерітінділерге  шыны  түтік  арқылы  ауа 

үрленеді,  pH  ортасы  анықталады.  Сонымен  қатар  ерітіндіні  әрбір  екі  апта  сайын 

бақылап,  тексеру    жұмыстары  жүргізіледі.  Өсімдіктердің  жерасты  бөліктерінің 

ұзындығын  өлшеп,  тамырлар  жүйесінің  көлемін  цилиндрде  суды  ығыстыру  әдісімен 

анықтайды. Вегетативті мүшелердің саны және ауданы өлшенеді. Әр топ өз жұмысын 

жоба күйінде қорғайды. Өсімдіктерді жасанды ортада өсіру әдісі олардың қоректенуін 

бақылауға  мүмкіндік  береді,  ал  табиғи  жағдайда  мұндай  бақылаудың  жоқ  екендігі 

белгілі. Сонымен қатар бұл әдістің жасанды ортаны табиғи жағдайдан ерекшелендіріп 

тұратын бірқатар кемшіліктері де бар екендігін айтуға болады.  

Қорыта айтқанда,инновациялық әдістердің қай түрін алсақ та, олардың тиімділігі 

тек  қана  оқытушының шеберлігімен  және  осы  шеберлікті  шыңдай түскендігімен  ғана 

шын  күшіне  ие  бола  алады.  Сондықтан  білім  алушылардың  ынтасын  арттыруға 

арналған әдістемелік құралдардың жүйесі мен амалдары әр оқытушыдан оларды терең 

игеруін, іске асыруын және оған сай болатын іскерлікті талап етеді.  

 

 

 



Әдебиет: 

1.  Кенесарина Н. Өсімдіктер физиологиясы және биохимия негіздері. Алматы, 1982 

2.  Қалекенұлы Ж. Өсімдіктер физиологиясы. Алматы , «Қазақ университеті»1996 

3.  Якушкина Н.И. Физиология растений. Москва «Просвещение», 1980 

4.  Генкель П.А.Физиология растений. Москва «Просвещение», 1975 

5.  Полевой В.В. Физиология растений «Высшая школа», 1989 

 

 

 



УДК 619:578:658.512(616-07) 

 

ПОЛУЧЕНИЕ МОНОКЛОНАЛЬНЫХ АНТИТЕЛ 

К РЕКОМБИНАНТНОМУ АНТИГЕНУ VP1 ВИРУСА ЯЩУРА СЕРОТИПА 

АЗИЯ 

 

Шевченко П. В., Турпанова Р.М., Мукантаев К.Н. 

(Национальный центр биотехнологии Республики Казахстан, г.Астана) 

 

 



 

Ящур 


– 

высоко 


контагиозное, 

остропротекающее 

заболевание 

сельскохозяйственных  и  диких  парнокопытных  животных,  наносящая  огромный 

экономический ущерб. Способность вируса ящура к быстрому распространению среди 

восприимчивых  животных  определяет  важную  роль  диагностических  исследований  в 

системе  профилактических  и  карантинных  мероприятий,  применяемых  в  борьбе  с 

ящуром [1]. 

По литературным данным, вирус ящура состоит из плюс геномной однонитчатой 

РНК и 4 полипептидов: VP1, VP2, VP3 и VP4 с молекулярными массами 34, 30, 26 и 14 






©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал