Қырық жыл бойына, одан беріректе Қасым



жүктеу 149.81 Kb.

Дата08.06.2017
өлшемі149.81 Kb.

АЛТЫ АЛАШТЫҢ АРДАҒЫ 

қасым 


АМАНЖОЛОВ -

Қырық жыл бойына, одан беріректе Қасым 

Аманжолов дүниеден өтіп, оның мәңгі өлмес 

шығармалары туған қазақ даласының о шетімен 

бұ шетіне тарай жөнелгенде, оның құдіретті рухы 

мен өлеңдері қантамырымызда әлдебір ыстық леп 

туғызып, өзімдікі өз дауысым, өз тынысым дегізгенде, 

менің арғы ми түкпірімде пайда болып, соншама 

мерзім бойына есейіп, толысып, мән-мағынасы кеңейіп 

келген бір ұғым бар еді. Ол ұғымның әзірге ат -есімі 

жоқ болатын. 

Қазақтың белгілі ақыны Ғафу Қайырбеков бұл мақаланы көзінің тірісінде 

жазған болатын. Қасым Аманжоловтың 100 жылдық мерейтойына орай үлкен 

тебіреніспен жазылған осы дүниені оқырмандар назарына ұсынғанды жөн 

санадық. 

Ғафу ҚАЙЫРБЕКОВ 

Қырық жыл бойына, одан беріректе 

Қасым Аманжолов дүниеден өтіп, оның 

мәңгі өлмес шығармалары туған  қазақ 

даласының о шеті мен бұ шетіне тарай 

жөнелгенде, оның  құдіретті рухы мен 

өлеңдері  қантамырымызда әлдебір ыстық 

леп туғызып, өзімдікі өз дауысым, өз тыны-

сым дегізгенде, менің арғы ми түкпірімде 

пайда болып, соншама мерзім бойына 

есейіп, толысып, мән-мағынасы кеңейіп 

келген бір  ұғым бар еді. Ол  ұғымның әзірге 

ат-есімі жоқ болатын. 

Қасым туралы осынау жылдарда 

жазылған  қаншама мақалалар, зерттеу-

монографиялық еңбектер, замандастар 

айтқан естеліктер, оның ішінде өзім жазған 

әр кезең, әр тұстағы толықтырып отырған 

пайымдауларымның ішінен -  қысқасы, бәрі-

бәрісінен мен әлгі көкейімде көптен айты-

лып келген ұғымның, түйін-қорытындының 

атын, есімін еш кездестірген емеспін. Яғни 

бұл  ұғым, бұл пайымдау кәдімгі туып, 

ержетіп, өсіп-өнетін адам тіршілігінің жо-

лындай уақыт кешіп барып, танылатын 

ұғым, түсінік, концепция екен. Енді бүгін 

соның атын айтсам, ол «Қасым Аманжолов 

-  қазақтың  ұлттық ақыны» деген  ұғым екен. 

Мен бүгінгі сөзімде Сіздермен  қосылып 

отырып, өзімді осы  ұғымға бастап әкелген 

дәйектеме, дәлел, топшылауларымды ортаға 

салсам деймін. 

Жағдайдың жалпыға белгілі  қарапайым 

тұсынан бастасақ, жиырмасыншы 

жылдардың аяғынан отызыншы жылдардың 

аяғына дейін - он жыл бойына ұлтшылдық 

деген  ұғым жаман мағынаға айналып, 

тағдырдың  қыл шылбыры талай сабаздың 

мойнына түсіп,  қазақ ырысы, несібесінің 

қара қазанына жаңа қалыңдап түсе бастаған 

қаймақты  қырсық заманның  қырсық  қолы 

сыпыра жөнелген кезеңге кездестік.  Қазан 

ішіндегі  құт,  құнарлы сүт көк шалапқа ай-

нала бастаған тұста тағы да бір  ұлы  қырсық 

душар бола кетті. Ол тіпті жалпы адамзатқа 

келген опат - соғыс еді. «Бір жаманаттың 

бір жақсылығы болады» деген рас болуы 

керек, бүкіл Отан, бүкіл мемлекет басымен 

қайғы болған уақытта жаңағы  ұлтшылдық 

қырғын,  ұланасар науқас сап тиылған сәті 

еді.  Қайтадан отанда  қанша  ұлт бар, со-

лар өздерінің арғы-бергі -тарихын ақтарып,ата-

ерлігін, батырлығын еске алып, 

солардың аруағына сиынсын, намыс, кек, 

ыза, жауға деген өшпенділік отын тұтатсын 

деген  ұран шықты. Орыста сонау Александр 

Невскийден бастап, бері  қарайғы отаншыл 

батырлар, ерлер есімі ауызға алынып, олар 

туралы шығарма, пьеса, кинолар түсірілгені 

естеріңізде шығар. Дәл осы тұста  қазақ 

халқының майдандағы қазақ жауынгерлеріне 

тарихи хаты жарияланды. Онда біздің Едіге, 

Қобыландыдан бастап, бар батырымыздың 

аты аталып, аруағы шақырылды. Шынында, 

мұның соғысып жатқан  қазақтарға әсерін 

әсте жеткізіп болмайды. Осы күн біз сол 

халқымыздың басына күн туғандағы  ұран-

хатын орынсыз  ұмытып жүрміз деп ойлай-

мын. Міне, осы хаттан соң майданда болсын, 

тылда болсын халықтың рухани асқақтауы, 

жанұшыруы, ақтық  қайрат-күшпен арпа-

лыса жанығуы - меніңше, баяғы  қалмақ 

қырғындарының заманынан кем болмаған 

шығар. Ол нені көрсетті? Ол әлі де болса, 

қазақтың халық екенін, ата аруағын,  ұлт 

ұранын  ұмытпағандығын көрсетті. Мұның 

алдында біздің боздақтарымызды 1937 

жылы жеке-жеке бөліп алып, «халық жауы» 

деп  құртты. Халық өзінін жауы дегесін 

үнсіз  қалды. Ал жалпы халықтың өзін «сен 

түгелінмен жаусың» деп көрші,  қалай болар 

екен? Әне, культ, Сталин дәуірінің сұмдық 

айла-тәсілі осында болатын. 

Енді жаппай  құрып кету қаупі туғанда ел 

азаматы, ел аруағы керек болды. Ғаламат жау 

пайда болғанда, мынау «қолдан жасаған жау-

лар» - бер жағында  қалды. Ойлап қараңыз! 

Қашанда Аллаға. Аруаққа

 СИЫНУ -

көшкен  қазағы екенімізді айтқызды. Ал 

оны айтатын сөз иелері кімдер еді? Әрине, 

әдебиет, ақындар мен жазушылар еді. 

Сөйтіп, осы тұста  қазақ әдебиетіне Елім, 

Жерім,  Қазағым,  Қазақстаным деген сөздер 

қайтадан келіп кірді. Біздің музыкамызға да, 

жаңа  қанат  қаққан көркемсурет өнерімізге 

де, тіпті ғылымымызға да  қазақтың елдік, 

ұлттық тақырыбы ене бастады. Мысалға: 

«Жас  қазақ» әні, «Гвардия, алға!» секілді 

опера, «Қарақыпшақ  Қобыланды» пье-

сасы, «Батыр Науан» мен «Мәншүк» 

поэмаларындағы ата-баба ерліктері, тағы 

басқалар. Мен бұл мысалдарды жекелеп 

қана айтып тұрмын.  Қазақ әдебиетінің 

сол кездегі көрнекті өкілдері - Мұхтар 

Әуезов, Сәбит Мұқанов, Әбділда Тәжібаев, 

Ғабит Мүсірепов, Тайыр Жароков, Ғали 

Орманов, Мәриям Хакімжанова, Әбу 

Сәрсенбаев, Дихан Әбілов, Жұмағали Саин, 

Қапан Сатыбалдин, Асқар Тоқмағамбетов, 

Жақан Сыздықов,  Қалижан Бекхожин, 

тағы басқа  қалам  қайраткерлерінің соғыс 

тақ тақырыбындағы шығармаларының дерлік 

бәрінде де  қазақ халқының ерлік тарихы, 

осы күнгі  қайта тіріліп жатқан ата-баба 

қаһармандығы жырланған  қысқа да болса 

бір еркін дәурен еді ол. 

Ал  қазақтың елі мен жерін, Сарыарқа 

самал жайлауын, Ертістей сырнайлы 

өзенін, оралып келуге жазылған Оралы 

мен Жайығын, рухани биіктік пен мәңгі 

ақкөңіл дариялар анасы - ақбас Алата-

уын  қимас көңіл, сарқылмас сағынышпен 

жырлаған  Қасым Аманжолов дауысы осынау 

шоғырдың ішінен алабөтен естілген еді. Тағы 

да айтамыз,  Қасымның  қасымдық атағын 

репрессия, әр елден, әр тұстан жау іздеу 

науқаны  қайтадан басталды да кетті. Оның 

тағы да  Қазақстанға жеткен дүмпуі алды-

мен соғыста тұтқында болғандарға тиіп, 

оны «дұрыстаған соң» - саясатта, ғылымда, 

әдебиет пен өнерде «ұлтшылдық сарын» 

іздеу, олардың иесін тауып, алдымен жазып 

әшкерелеп, артынан тұтқындау, көзін  құрту 

науқаны жүре бастады. 

Кешегі шығармалары, ғылыми еңбектері 

қазақ  ұлтын жеңісті тездетуге шақырған 

адамдардан  ұлтшылдық иісін іздеушілер 

көбейді. Ал олар, шынында,  ұлттың, 

халықтың аяулы адамдары еді, игі жақсылар 

жаңа бас  қосып келе жатыр еді.  Қаныш 

Сәтбаев, Мұхтар Әуезов, Ілияс Омаров, 

Ермұхан Бекмаханов және басқаларының 

соңына «ұлтшылдар» деген  қалжуыр бай-

ланып, тағдыры  қыл  ұшына барып  қалды. 

Олардың сондағы күндері бәріміздің 

есімізде.  Қашанда уақыттың, күн сайын, ай 

сайын  құбылған саясаттың өз белсенділері, 

әшкерелегіштері мен сойылшылары дайын 

тұрады. 


Ду ете  қалған өрттің алғашқы жалыны-

на іліккендердің бірі - ақын  Қасым Аман-

жолов. Кеше ғана таңдайларын  қағып, 

аузының суы  құрып, өлеңдерін  Құрандай 

жаттап жүргендер сол білгіштеріне салып, 

енді бүгін әшкерелегіштер тобына қосылды. 

Шынында, 

Қасым шығармашылығынан 

олар айтқан «ұлтшылдықты» оп-оңай табу-

ға болатын еді. Өйткені ол барлық өлеңінде 

туған  Қазақстанды,  қарапайым да еркөңіл 

туған  қазағын жырлайды, екі өлеңінің 

бірінен «қазақ» деген сөз шығады және оны 

Осынау Қасымның ең күшті өлеңдерінің бірін - «Елге хатын» 

түгін қалдырмай рахаттана оқып шыққың келеді де тұрады. 

Мұнда терең сағыныш, ата алдындағы жауапкершілік, 

қазақы жігіттік, перзенттік борыш, мұңлы сезім, тәкаппар 



намыс - бәрі тұр. 

Сенен артық не табам,  қайда кетем?-

деп бастайды ол 1940 жылғы «Атамекен» 

өлеңінде. Ол енді осы жүйеде алысқа, қиянға 

тартады. Алдында -  Қазақстан, туған ел, 

өскен жер. Бер жағында - соғыс. 

Қош бол, досым, жақыным, 



Уақыт тығыз, сөз қысқа. 

Кетіп бара жатырмын 

Сұрапыл бір соғысқа

Қоян емен, адаммын, 

Қайтып бұғып жатармын. 

«Жаны тәтті жаманның» 

Сыналар күні мақалдың. 

Қош бол, досым, сөз қысқа. 



Зіл боп ойым, мен кеттім, 

Сұрапыл бір соғысқа! 

Бұл - жалғыз  Қасым емес, бүкіл 

қазақтың соғысқа аттануы, психологиясы, 

көңіл-жайы, мақалы да өзінікі. Осы өлеңге 

жабысқанда «сыншылар»: «неге оның ойы 

зіл болып кетеді, ойында жағымсыз бірдеме 

болғаны ғой», - деген. Ертісті суреттеп 

келіп: 


Жаһанның жатқан бұл бір көк жойқыны, 

Ерке қып, еркелетіп  қойған мұны. 

Тербеліп толқынында, ән сап өскен, 

Қайтіп те сорлы болсын қазақ ұлы! — де-

генде де, неге  қазақ  қана, неге Кеңес  ұлы 

емес» дескен. 

Сарыарқа сап-сары алтын жүзген нұрға, 

Қоналқы мекен болған сан ғасырға, 



Сайран тау, самал жайлау, сырнайлы өзен, 

Лебімен олар тартып, шықсаң қырға... 

Сарыарқа, сағындырдың атамекен, 

Сардала - анам едің құшағың кең. 

Тұсыңнан тоқтай алмай барам өтіп, 

Артта - сен, алда - майдан, қайтсем екен? 

Осы өлеңге жабысқанда, мықты жабыс-

ты, «мынау майданға барарында әлі толқып 

жүр, барсам ба екен, бармасам ба екен» 

дейді, «қайтсем екен», - деп әрі-сәрі бола-


Қашанда Аллаға, Аруаққа сиыну -

Адамның рухани бостандығының басты 

белгісі. Өйткені бостандық, ерік жоқ жер-

де «Алла» деп айтып  қап, жалма-жан жан-

жағына  қарап, үркетін әдетті өздерің бастан 

кештіңдер. 

Әне, ел басына  қауіп туып тұрғанда 

«Отан азаттығы үшін» деп  ұран тастадық. 

Ал ел азаттығы үшін күресте Адамның өз 

азаттығы керек болатын. Әлі күнге ойлай-

мын, егер біздің ел болып, тұтас күрескерге, 

жауынгерге айналмағанымызда, не үшін 

соғысатынымызды білмегенде, фашистік 

Германияның маманданған, дүние қаруының 

бойына бәрін жиған алапат армиясына төтеп 

бере алмаған болар едік деп. Соғыстың Отан 

соғысы аталуынын өзінде осындай  ұлы 

мәніс бар. Сайып келгенде, соғыс сенің 

ұлтыңа, ұлтшылдығына мәніс берген жоқ. 

Немістегі «нацист» деген сөздің мағынасы 

мүлдем басқаша. 

Ал жоғарыда жазылған хаттың тарихи 

маңызы -  қазақ жауынгерлерінің бойын-

да  ұлттық намысты, арғы ататекті, аруақты 

оятты. Оның үстіне иесіз  қалған шаңырақ, 

панасыз  қалған  ұрпақ,  қайран алтын  ұя -

бәрі қосылып,  қазақ солдатының солардың 

бәрі үшін отқа түсуіне, ажалға қарсы баруы-

на себеп болды.  Қазақ баяғыда көп  қатын 

алса,  ұрпақ үшін, көбею үшін алды, бірақ 

ешқайсысы осы күнгідей шаңырақ бұзған 

жоқ, отбасын аздырмаған. Сондықтан да 

халқымызда шаңырақ  қасиеті, культ басым 

еді, ағайындық, бауырмалдық одақ күшті 

болатын. 

Қарындастан айырылған жаман екен, 

Қара көзден мөлдіреп жас келеді. 

Негізгі сөзге  қайтып оралсақ, соғыс 

біздің еркімізді, рухымызды босатты, яғни 

кім екенімізді, кең даланың бір кезде еркін 

шығарған осынау алапат соғыс, халық тра-

гедиясын, онын ішінде  қазақтың  қасиетті 

жырлаған дауылды, нажағайлы, нөсерлі 

өлеңдері еді. Соғысты дәл өзінің ішіне кіріп 

алып жырлау - сонау Махамбет дәстүрі, 

үлгісі болса, енді одан жүз есе үлкен де апат-

ты соғысты жырлау, ондағы  қазақ бейнесін 

жасау поэзияда негізінен  Қасым Аманжолов 

үлесіне тиді деген артық сөз емес. 

Қазақтың үлкен поэзиясынан соғыстың 

алып тұлғасын, мінезін, психологиясын, 

жанды кескінін іздесең,  Қасымды оқу ке-

рек.  Қысқасы,  Қасымды ақын етіп, сомдап 

шығарған, соғыс алдындағы өлеңдерінде 

шашырап  қана көрінген алтын сынықтарды 

біріктіріп, сом алтынға, самородокке 

айналдырған соғыс, соғыс тақырыбы екені 

айдан анық. Дәл осының өзінен, үлкен 

жер сілкінісі кезінде мұхит төсінен жарып 

шығып, орнап  қалған жанартаулар секілді 

халық өміріндегі тарихи сілкіністен,  ұлан-

байтақ оқиғадан Адамдардың да үлкені, 

батырлардың, ақындардың үлкені туатынын 

көруге әбден болады. Мысалы, Бауыржан 

мен Қасым секілді. 

Біздің негізгі тақырыбымыз -  ұлттық 

батырлық пен  ұлттық ақындық осы ара-

дан келіп шықса керек. Баукеңнің нағыз 

қазақтың ұлттық батыры екендігі осы күні 

әбден ап-анық секілді болғанымен, ол - әлі 

ғылыми-философиялық, тарихи-әдебилік 

тұрғыдан толық дәлелі, сипаттамасы айты-

лып болмаған дүние. 

Біздің  Қасым Аманжоловтың  ұлттың 

ақыны екені туралы бұл сөзіміздің өзі 

болашақ үлкен әңгіменің басы ғана деп ой-

лаймын. 

Соғыс бітіп, жеңіс тойы өтіп, халық 

енді бүлінген-қираған дүниені  қайта түзеп 

жатқан тұста баяғы үнсіз де қиямет қырғын, 

жырлағанда барлық жүрек, жан  қуатын, 

шабытын аямай, сыншылар айтқандай, 

беріле, өртене, езіле, еңірей жылай немесе 

қуана, мәз бола жырлайды. Ақында алаң 

жоқ, жалтақтау, өлшеп-тамызу, өзін шектеу 

жоқ. «Дүниеде  қазақтан артық халық жоқ», 

«Қазақстаннан артық жер жоқ» дегенге 

әшкерелегіштер дәлел іздеп алысқа барған 

жоқ, далаға шыға салып терген жемістей 

оған мысалдарды аяқастынан тауып алып 

жатты. 

Ал, шындығында, «ұлтшылдық» де-



ген не,  ұлтын сүю деген не? - бұған толық 

анықтаманы осы күнге дейін берген де, 

іздеген де ешкім жоқ. Ау, өз халқын сүймеген 

- өзгені сүйіп оңдыра ма? - деп сұрай 

қалсаң: - «Отанды сүю керек, бәрін бірдей 

көру керек, оңашалаған  ұят болады», - деп 

ақылгөйситіндер осы күнде де бар. 

Енді біз негізгі тақырып -  Қасым 

Аманжоловтың ұлттық ақын екендігіне ойы-

са бастайық. Ұлттық ақын болу үшін, бәлкім, 

бір кезде «ұлтшыл» атанғандығы немесе ұлт 

туралы аса көп жазғандығы түгелдей дәлел 

бола алмас. 

Виссарион Белинский Пушкинді 

«орыстың  ұлттық ақыны» дегенде оның 

«орыс» деген сөзді  қайта-қайта айтуы үшін 

емес, орыс рухын, орыс жаны мен көңілін, 

халық ретінде тарихи даму баспалдақтарын, 

балаң кезі мен дана кезін, тілі мен дінін, 

мінездегі жайсаңдық пен осалдығын -

қысқасы, орыстың  ұлттық  қасиетін  қам-

титын, өзгеде жоқ, өзінен бұрынғы да, кейінде 

де жоқ, тек Пушкинде бар данышпандықпен 

бір жерге тоғыстыруында деп айтқан. Енді 

сөзді Қасымның өзіне береміз. 

Сүйем сені, туған ел — атамекен, 

Абзал анам - сенсің ғой  құшағың кең. 

Жер мен Көктің жаннаты - бір өзіңсің, 

ды», - десті. Және «Сарыарқа», «Ертіс» де-

ген сөздерден  қазақ иісі шығады, баяғы бір 

қазағы айта беретін» деді. «Подполковник 

Әлпинге» деген өлеңде: 

Құттықтаймын бірімен майдың, 

Подполковник жолдас Әлпин, 

Біздің аға жан еді жойқын, 

Жымия күліп оқыр, бәлкім, 

Балтырын таңған, сұр шинель киген, 

Осы бір солдат өтер өрттен. 

Тасқындай еркін поэзиясымен, 

Шығар бір барып келешектен, — деген-

де де, ол  қазақ офицері үшін мақтанатыны 

рас және өзінің де ақындық күшін сонда-ақ 

бағалауы да бар. 

Осы өлеңге де «қазақтан басқа под-

полковникті неге көрмейді» дескен ғой. 



- Ой, Днепро, Днепро!- деген бір дауыс, 

Шыққандай жердің өзегін жарып. 

Тебірентіп ойды, қайнатып намыс, 

Жаңғыра тиді аспанға барып. 

Алдағы жеңіс нұр шұғыласындай, 

Үстінде майдан ту болып шалқып, 

Ұмтылдық біздер батысқа қарай, 

Дауыл боп  ұйтқып, өрт болып шалқып, 

- деп басталып, аяқталмай  қалған Кеңес 

Одағының батыры Мартбек Мамыраев ту-

ралы дастаны өзінің  қуаты мен түр өлшемі 

жағынан болашақ атақты поэмасы «Аб-

долланы» еске түсіреді, соған әзірліктей 

көрінеді. Осыдан осылай ол соғыс суретін, 

оның көрініс-бейнесін «батальные сцены» 

салуға  құштарланғанын байқайсыз. 

Құйрығы алтын снаряд, оқтар, 



Кезіп жүр көкті дамылсыз ұшып, 

Кеудеңе келіп,  қонуға  құштар 

Тұмсығы сүйрік қадала түсіп... 

*** 

- Ат!— деді Мартбек, - айнала бұрқат! 

Тілгіле оқпен құрсауын жаудың. 

|г: АЛТЫ АЛАШТЫҢ АРДАҒЫ 

Желпініп сол кез қақты кеп қанат 

Бүркіті қайсар Ала бір таудың... 

Қасымның негізгі ойы - 

қазақ 

солдатының жоғарыда айтқан соғыстағы 



ерлік сипатын беру болса, оны ол кейінгі 

шығармаларында «Елге хат», «Абдолла», 

«Дариға», т.б. өлеңдерінде тамаша орын-

дап шықса,  Қасымның  қырсық сыншыла-

ры «майданда ылғи  қазақтар ғана батыр, 

ылғи жеңіп жүреді, бәрі соның ақынның 

қазақшылдығынан» деген. Менің әдейі 

Қасымның өзге шығармалары емес, бір 

кезде  ұлтшылдық дәлеліне жұмсалған, 

шындығында,  қазақтық  ұлы мақтаныш жа-

йында айтылған өлеңдерді алуым тегін емес, 

ол - бір кезде  Қасым неге  ұлтшыл атанды 

деген сұраққа жолшыбай жауап беріп отыру. 

Жауап беретін себебім - сонау бастан бастап 

Қасым кітаптарының шығарушысы болып 

келген, соған куәгер болған  қызметім барын 

айтып отыру. 

«Менің бір бар еді ерке тентек ұлым, 

Өлі ме, тірі ме екен сол құлыным ?» 

—Дейтіндей болдың ғой сен, туған елім, 

Жоғалдың зым-зия боп, шықпай үнім. 

Арада өтті үш жыл ойран-топыр, 

Теңіздей тебіренді қала мен қыр. 

Шарықтап аспаныңда жүрген шығар, 

Қанатын от шарпыған өлең мен жыр. 



Көре алмай содан менің қаршығамды, 

«Қан болып, жатырма, - деп, - құшып шаңды?»-

Астынан алақанның алыс қарап, 

Іздер ме ата қазақ - ақсақалды ? 

Бармын мен, бұл дүниеде жүрмін тірі, 

«Жоқсың» деп жала жабар қудың бірі. 

Түссем де отқа, суға тозар емен, 

Солдаттың етігіндей жаным сірі! 

Осынау Қасымның ең күшті өлеңдерінің 

- бір поэма, ақынның соғыс күнделігіндей 

әсер береді. 

Менің бұл өлеңге ұзақ тоқтайтын тағы бір 

себебім, соңғы кезде жазылған мақалаларда 

бұған зерттеушілер көп тоқтамай келеді. 

Біріншіден,бұл өлең Қасымнын бұдан кейінгі 

жазатын атақты шығармаларының негізгі 

тұлғасы, программасы секілді. Екіншіден, 

Қасымды «ұлтшыл» дегенде негізінен 

дәлелді осы кейінгі оқушылардың аттап 

кету себебі де осыдан болар. Үшіншіден, 

Қасымның  қазақты  қалай сүйгендігін, да-

ласын  қалай ардақтағандығын көрсететін, 

оның біз айтып отырған «ұлттық мінезді» 

ақын екендігіне де дәлел өлең - осы. 

Жанымды күйдірсем де жалынға сап, 

Қасқыр боп таласа да мені азап, 



Туған жер топырағында тіп-тік өскен 

Қара емен  қасарысқан мен бір  қазақ, -

дейді. 

Қасекең  Ұлы Отан соғысында  қазақтың 



қалай соғысқаны туралы да үлкен сұраққа 

әдемі жауап береді. Жай декларация емес, от 

ішіндегі ғаламат сурет, өмір мен өлімнің ар-

палысын, сол арпалыстағы қазақтың жолба-

рыс жүрегін айызыңды қандыра жырлайды. 

Тағы да: 



Сарыарқа, самал тау, сырнайлы өзен, 

Сағындың сен де мені - айтпай сезем, 

Айбарлы ақсақалым - Алатауым, 

Күт мені сабырлы оймен, түңілме сен! 

Құс болып ұшар жырым ой-қырыңда, 

Қонақтар сенің алтын тұғырыңда. 

Қымбаттым, халқым деген махаббатым 



Сенемін, қалмас шіріп қабырымда, — дейді 

ол. 


Ылғи да өлеңінен от шашырап отыратын 

Қасым ұста қос өкпесі көріктей гүрілдеп, 

жалаңаш жүрегі дүрс-дүрс соққанын осы 

Ол - біз секілді «ну, ладно!» демеген кісі. 



Жасырмаймын, жасымнан тентек өстім, 

Қайтара алмас бетімді менің ешкім, 



Найзағайдай жарқылдап жүрдім талай 

Ортасында дулаған төбелестің, - деген 

ол ең алғашқы өлеңдерінің бірінде. Тағы да 

сол алғашқы жырларында: 

Ойпырмай, батыл сөзді көп айтамын, -

Тұзсыздың тұзы татыр деп айтамын, 

-деген еді. Ақын мінезіндегі ерекшеліктерге 

байланысты мұндай мысалдарды көптеп 

келтіруге болар еді, негізгі тақырыптан -

ақынның  ұлтқа, халыққа деген махаббаты-

нан алыстап кетуге болмай тұр. 

Қасым көп өлеңінде өзінің ақындық 

портретін жасайды, жасағанда шабыт 

үстіндегі, тебіреніс күйдегі, жыр туғызып 

отырған  қалпын әулиедей көріп,  қасиеттей 

суреттейді.  Қазақ поэзиясында ақындық 

процесті  Қасымдай дәл суреттеген, нақты 

бейнелеген шебер кемде-кем. Оны тек 

Мағжан мен Ілиястан ғана кездестіруге бо-

лады. 

Дүние қандай жап-жарық, 

Осындай ма еді бұрын да ? 

Байқамаппын аңғарып 

Ойдың тапшылығында. 

Дүние қандай жап-жарық, 

Көңілім неге жабырқау? -

Көкірегіме дақ салып, 

Кеттіме соғыс апырм-ау?.. 

Иә, ол жарық, нұрлы дүниеге ғашық еді. 

Оның ең соңғы өлеңдерінің бірі де - «Нұрлы 

дүние» атанушы еді. Осы сексен жылдығына 

арнап шыққан кітаптың аты да - «Нұрлы 

дүние». 


Сайып келгенде,  Қасымның  қазақсыз, 

қазақ сахарасынсыз бірде-бір өлеңі жоқ. 

Солардың бәрінде ол  қазақтың  ұлттың 

бейнесін жасайды. 

алсаңыз да, дауыл, «найзағайлы  қара 

бұлт», от-жалын қаптап жүреді ғой.Оның 

өз атағын аспандатып жіберген, кейін 

«ұлтшыл» атандырған соғыстан кейінгі 

тұңғыш жинағының аты да «Дауыл» бола-

тын. 


Ышқына соққан дауылға 

Құмартушы ем жасымда. 



Нөсерлеп құйған жауында 

Қызығушы ем жасынға. 



Жүгіруші ем жарысып 

Сарыарқаның желімен, 

Ойнаушы еді алысып 

Соққан дауыл менімен. 

Мен дауылдың ұлымын 

Тұра алмаймын дауылсыз. 

Қарсы алуға дайынмын 



Соқса да дауыл дамылсыз, - дейді ғой өзі 

де. 


Қай ақынның мінезіне сай табиғаттан 

таңдап алған  құбылысы, сүйкімді көрінісі 

мен үздіксіз  қолданыстағы сөзі болады. 

Әрине, анық күшті ақындарда Ақындықты 

әулие тұту, оның  құдайшылығына иман-

дай сенудің, оған мақтана  қараудың үлгісін 

Қасымнан көруге болады. 

Қасым Аманжолов шығармашылығы ту-

ралы жазылған еңбектер, берілген бағалар, 

арғысы орыс, бергісі  қазақ әдебиетінің 

қайраткерлерінің аузынан осынау 40 жылға 

жақын уақыт ішінде мол айтылды. Мы-

салы, Твардовский, Тихоновтан бастап, 

қазақта Мұхтар Әуезов, Ғабит Мүсірепов 

бастап, Әбділда Тәжібаев, Ғали Орманов, 

Әбу Сәрсенбаев, Хамит Ерғалиев, Сыр-

бай Мәуленов, Тахауи Ахтанов, Тәкен 

Әлімқұлов,  Қуандық Шаңғытбаев, Мұзафар 

Әлімбаевтардың мақалалары, естеліктерінің 

өзі толық екі том болар еді. Ғалымдардан 

бірін - «Елге хатын» түгін  қалдырмай рахат-

тана оқып шыққың келеді де тұрады. Мұнда 

терең сағыныш, ата - алдындағы жауап-

кершілік, қазақы жігіттік, перзенттік борыш, 

мұнлы сезім, тәкаппар намыс - бәрі тұр. 

Есімде жөнелгенім қанды жолға, 

Туған жер қимағандай мені сонда, 

Жалтақтап, жалпақ дала қарай бердің -

Жүгіріп, еріп зорға эшелонға. 

Секілді сынып құлап аққан жұлдыз, 

Мен кеттім қарауытып үнсіз-тілсіз. 

Білмедім қош дерімді, күт дерімді -

Елестеп екі жақтан мыстан мен қыз. 

Айнала нұрға шомып бір керемет, 

Ашылды жайнап сол кез ғажап сурет. 

Болдым мен туып-өскен тау, даламды 

Көргендей тұңғыш рет не соңғы рет. 

Бұл ғажайып сиқыр өлеңді, ақындық 

қуатты, қиял топшысын жай сөзбен баян-

дау мүмкін емес. Бұдан  Қасымның біз  қазір 

танып отырған бөлекше ақындық тұлғасын, 

жалпы  қазақ поэзиясының осы арқылы 

басқаша сапаға көше бастағанын көруге бо-

лады. Бұл өлең - атақты «Абдолла» поэма-



Сен неміссің - мен қазақпын, 

Сен айтқандай, «азиатпын». 

Сен аспаннан «жүлдыз» қақтың, 

Мен Щң^т^^^қт ым. 

Дэрменің жоқ, көзіңмен жеп, 

Арланасың, қорланасың 

«Тутқын болдым тағыға», — деп. 

Егерде мен туссем қолға, 

Камар ең-ау темір торға, 

Олай болмай, былай болды 

Біздің бақыт, сіздің зорға. 

Сонау бір ауыр күрес жолынан зорға сы-

тылып шығып, елге оралған акын: 

Жақсы екен ғой Алматым, 

Алтын уйек астанам, 

Осы екен ғой жаннатың 

Атам қазақ аңсаған! 

Қасым көп өлеңінде өзінің акріндыц портретін жасайды, 

жасаганда шабыт үстіндегі, тебіреніс кгйдегі, жыр тугызып 

отырган цалпын әулиедей көріп, цасиеттей суреттейді. 

Қазац поэзиясында ещындың процесті Қасьшдай дәл суретте-

ген, накріы бейнелеген шебер кемде кем. Оны текМагжанмен 

Ілиястан гана кездестіруге болады. 

жолдардан анық көруге болады. Өмірге 

достықты, өлімге  қастықты барлық өлеңінің 

күре тамырыңдай тақырып етіп үнемі айтып 

отырады. 

Өлім деген — арсыз сөз, 

Қайдан маған болдың кез? 



Өлім -жауым. Өмір -дос, 

Неге өлейін бостан-бос. 

Бұдан кейінгі «Ғалиға жауап», 

«Ғабдоллаға хат» деген өлеңдері жай хат 

формасында аталғаны болмаса, бұлар да 

- сол соғыс күнделігі, тарихы мен болмы-

сы, суреті толып тұрған поэзия інжулері. 

Жұрттың көбі не себепті екенін білмеймін, 

хат секілді  қарағандықтан ба, атүсті аттап 

өте береді. Ал шынында өлеңнің көкесі, 

Қасым ақындығының керемет көрінісі осы-

ларда ғой. 

Есмағамбет Ысмайылов - 

Қасымның 

ақындық, азаматтық өмірбаянын ең бірінші 

толық жазған кісі.  Қасым шығармаларының 

шығу тарихы, хронологиялық көрсеткіш, 

комментарий, түсініктерін қосқанда өз ал-

дына бір кітап еді. Одан кейін ақын, ғалым 

Т.Абдрахманова  Қасым шығармашылығы 

жайында монография - кітап жарияла-

ды. Жазушы Сәбит Досанов роман жазды. 

Бәрінен де бір айрықша мысал: 

Балқаштың бір әдебиет мұғалімі 

баяғыдан бері  Қасым туралы баспасөзде 

жарияланған (аудандық, облыстық, 

республикалық газет-журналдарда) сөз-

пікірлерді және Қасымға арналған өлеңдерді 

жинап, үлкен бір альбом жасап шығарған. 

Мұның өзі  Қасымға деген ел махаббатының 

куәсіндей емес пе? 

Қасымның әндері «Дариға», «Туған 

жер», «Өзім туралы», «Оралым»-ның 

осы күнге дейін орындалуы өз алдына, 

Қасым сөздеріне жазылған республика 

композиторларының музыкасы бір шоғыр. 

Қасым дүниеден өткеннен кейінгі 36 жыл 

ішінде  Қасымның  қалың  қазаққа молынан 

әйгілі болуын - біз  Қасымның мәңгілікке 

халық баласы болып  қалатынына тамаша 

айғақ деп есептейміз. 



сына апаратын жолдағы шашылған асыл 

маржандардың тағы да бірі. 



Мен кеттім, сол кеткеннен кеттім ұзақ, 

Базарға келіп түстім қанды қасып, 

Бір долы от ауызды, темір тісті 

Қыршын жас өмірлерді жатты асап. 

Немене айтып-айтпай көрген азап 

Қалмадым  қирап-қаусап тек жалғыз-ақ. 

Мың есе білдірдің ғой қадіріңді, 

Атыңнан айналайын, ата қазақ! 

одан әрі: 



Жылытып бауырымды ып-ыстық қан, 

Кезімде елі досты барып құшқан, 

Үстіме сен кеп төніп тұрғандай-ақ 

Болушы ең атамекен Қазақстан! 

Туған ел, бұл дүниеде сен болмасаң, 

Өзімді отқа атар ем әлдеқашан, 

Сен деген қасиетті бір махаббат 

Жүр сақтап, көкірегіме жуытпай шаң. 

Түткілеп жапырағын оқ жегенде, 

Қараушы ем аянышпен сорлы еменге, 

Жанымның жаннат тауын жалын шарпып, 

Достарым, сол емендей болдым мен де. 

Осы жолдардан ақынның бар ішкі са-

райы, мұңы мен сағынышы - бәрі көз 

алдыңа келеді. «Түткілеп жапырағын оқ же-

генде» дегенді тек Қасым ақындығы ғана ай-

тып отыр, көзіңе елестетіп айтады... 



Сырылдап қос өкпесі, іздеп жемтік, 

Самолет сумаң етіп, келсе жетіп, 

Бұлттағы долы сайтан найзасындай 

Қадалса қара бомба жерге кеп тік. 

Осының бәрі  қазақ өлеңіндегі бұрын 

болмаған өзгеше соғыстың бейнесі емес 

пе? Манағы соғыс суреті (батальная сцена) 

дегеніміз - осы. 



Кең далам, дастарқаным - атамекен, 

Зейінді асқар тауым, көкірегі кең, 

Лебіңмен оттай ыстық тартасың кеп, 

Тіріліп іздегендей мені әкем. 

Жалбыр тон жетім болып жүргенімде 

Көтеріп, қаратып ең мені күнге, 

Әкем де, анам да сен, туған елім, 

Сен үшін ырысым да, қасіретім де, - дейді 

ақын. 


«Туған елге хат» деген осынау  қысқа-

қысқа өлеңнен тұратын сыр-толғау, бір өзі 

Қатқан мұз көкірегімде қан аралас, 

Балқып бір кетті тамып, боп ыстық жас. 

От шашқан жанар таудай тебірендім 

Түксиген түсі суық едім құз-тас. 

Елден алған бір кішкене хатқа деген қуа-

ныш сезімі осылай-ақ суреттелер. Мұнда 

ақынның соғыстағы жан жағдайы, соғыс 

психологиясы, күресуші солдат бейнесі тұр 

ғой. 


Қан қатқан қанатымдай шинелімді, 

Қайыра серпіп, ашып көкірегімді, 

Құшып бір тұрғандаймын нақ осы кез 

Назымды, сырымды айтып мен елімді. 

Қараймын отты көзбен жан-жағыма, 

Ой тастап арттағыма, алдағыма, 

Қарлыққан соғыс даусын киіп-жарып, 

Құйқылжып күй келеді құлағыма. 



*** 

Туған ел, сен дегенде жаным жайлау, 

Орнашы зердеме кеп, ұлы Алатау, 

Құйылшы жүрегіме Есіл мен Сыр, 

Өтейін қаптатып сел, қиратып жау. 

Ал осында хат дейін десең, Ғалиға 

тікелей арналған сөз жоқ қой, Ғали арқылы 

ол туған жермен, елмен сырласып отыр. Тек 

хат иесіне сөз арасында ғана оралып келіп 

отырады. 



Көңілімді тебіренттің, ақын аға, 

Жыршы емен жалтақтағыш, жалтырама, 

Елімнің солдатымын қарапайым

Сөз шайнап тұрғаным жоқ сахнада, -

дейді ол. 

Соңғы жолда әдеттегі бос мылжыңды 

«сөз шайнау» деп бірінші рет  Қасым ай-

тып отыр. Елестетіп көріңіз,  қандай күшті, 

әсерлі теңеу!  Қасым ақындығының  құдіреті 

сол - ылғи да буырқанған, тасқындаған 

сезім арасынан ғажайып тосын, жаңа сөздер 

мен теңеулер ытқып-ытқып, шығып  қалып 

отырады. 



Құлдықтың құрсауы емес - баста бөркім, 

Табиғат бөбегімен өскен еркін. 

Жүрегім торда отырған емес тоты, -

Кұлем бе, жылаймын ба - тек өз еркім. 

Ақынның туған елінен кейінгі ең асыл 

байлығы - рухының азаттығы, еркіндігі, 

яғни осы күнгі жариялылық, еркіндікті 

Қасым - баяғыда-ақ туғаннан, жаратылы-

сынан сүйген адам. Оның жауларының ыза-

сын келтіргені де - онын осы  қайсарлығы. 

Келдім сені сағынып, 

Алтын ұям - Алматым. 

Кең көшеңде басар нық, 

Мен бір ақын - солдатың. 

От пен темір сайысқан, 

Келдім майдан төрінен, 

Жер құшам деп, көр құшқан 

Жау жерінен келдім мен. 

Күлкі, жасы аралас 

Ақын да бір жас бала, 

Тербет өзің, мауқың бас. 

Алтын бесік астана! - деп  қандай мәз-

мейрам,  қандай егіле-төгіле  қуанады ақын. 

Күлкісі, қолын шапақтағаны, дауысы естіліп 

тұр ғой. Енді біраздан соң сөйткен астанасы-

нан баспана таба алмайтынын қайдан білсін, 

байғұс ақын. Иә, ол - басқа әңгіме. 

Қымбатгы жыр достары,  Қасымның жа-

нашырлары! 

Мен ақынның атақты жырларына, 

шығармашылығының биік шындары - «Аб-

долла», «Ақын өлімі туралы аңыз», «Біздің 

дастан», «Құпия қыз», «Дариға», «Туған жер», 

«Өзім туралы толғау» деген шығармаларына 

тоқталғаным жоқ, оларды өзге зерттеушілер 

де, менің өзім де бірнеше рет жазғанбыз. 

Солардың барлығынын да негізгі тақырыбы 

- күні бойы біз айтып отырған Ата  қазақ, 

атамекен, батырлар, ақындар елі, барқыт 

тау, бал бұлақ, сырнайлы өзен, жасыл жайлау 

екені бәрімізге аян. 



Қазақстан - дейтін менің бар елім, 

Жатыр алып жарты дүние әлемін. 

Бұл далада атам қолға ту алған, 

Бұл даланы анам жаспен суарған. 

Бұл далаға жылап келіп, уанғам, 

Бұл далада өскен жанда жоқ арман! 

«Қасым Аманжолов -  қазақтың ұлттық 

ақыны», - дегенге,меніңше, енді қол қоюға 

болатын шығар. Өзгелердей «Ұлы ақын», 

«Данышпан ақын» демей-ақ, жоғарыдағы 

анықтаманы  Қасымға байласақ, содан 

артық оның  ұрпақтарының бағасы болмас 

деп ойлаймын. 

Қасымның туған топырағы — 

Қарқаралы елі  Қасымды «Дауылпаз» деп 

атайды екен. Мұнысы да әдемі. Шынында, 

Қасым - өзі айтқандай, «Дауыл мен оттан 

жаралған» ақын еді.  Қасымның  қай өлеңін 

«Сенемін, саған деген махаббатым, 

Ескіріп, жер астында  қалмас шіріп» дегені 

расқа шықты. Мен Қасым рухының, Қасым 

әулетінің атынан осынау ұзақ тізімдегі ақын, 

ғалым  қайраткерлерге және  қарапайым 

оқырмандарға жүректерінің асыл сөздері 

үшін алғыс айтпақпын. Ардақты аға 

Әбділда Тәжібаевтың  Қасым өлгеніне бір 

жыл толғандағы мақаласы естен кетпейтін 

көрегендік деп есептеймін, онда ол: «Жыл 

болды үлкен жүрек тоқтағалы, Біз оны көп 

айтармыз жоқтап әлі», - деген еді, шынын-

да, солай болып келе жатыр. 

Сезімнің соңын  Қасымның ғажайып 

дастаны, қазақ өлең-сөзінің патшасы, Тихо-

новша айтсақ, «қазақ поэзиясынын маржа-

ны» - «Абдолла» поэмасының эпилогынан 

үзінді алып бітіремін, сонда «Абдолла» да 

айтпадың деп өкпелемейді. 



Ата  қазақ ақсақалды, 

Атыңа мін, ал домбыра, 

Жина жырмен ұрпағыңды 

Аш кеудеңді батырыңа. 

Жина, жырла, жина жырла, 

Мынау ұлы бата оқырға. 

Алтын тулы ару таңның 

Жаралғандай шапағынан. 

Жүрегіндей сұлу жардың 

От қанатты ақын ұлан, 

Жан еді бір жатқан жұмбақ. 

Сол бір жұмбақ шешілді енді. 

Қайғы отында қайрат шыңдап, 



Түсір еске есіл ерді. 

Аты оның еді Абдолла, 

Алшы жаттап, балғын бөбек. 

Алтын қалам алшы қолға, 

Ағаң құсап жазшы өлең! 

Аш жүзіңді, шашыңды жи, 

Жас арулар, шық ортаға 

Ойнашы күй, ойнашы күй, 

Жасыңды тый, қарт ата-ана! 

Соқсын дауыл даусымыздан 

Жырлайықшы қосылып бір. 

Көрдің бе, әне, сонау құздан, 

Күліп қарап Абдолла тұр! - деп ақын өзі 

айтқандай,  қазақ халқының  ұлттық ақыны, 

ұран болған  ұланы -  Қасым Аманжолов 

халық көңілінің аласармас  құзынан,  қия 

шыңынан күле қарап тұр, әне, тұра бермек! 

15қазан, 1991 жыл 

Ана тілі. - 2011. - 14-20 сәуір (№ 15). - 6-7 б. 






©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал