«ҚЫРҒИ-Қабақ соғысы» кезеңіндегі ақш пен жапонияның Əскери-саяси ынтымақтастығЫ



жүктеу 96.73 Kb.

Дата16.02.2017
өлшемі96.73 Kb.

KÜLTÜR EVRENİ - UNIVERSE OF CULTURE - ВСЕЛЕННАЯ КУЛЬТУРЫ 

 

 



65 

 

 



 

 

«ҚЫРҒИ-ҚАБАҚ СОҒЫСЫ» КЕЗЕҢІНДЕГІ 



АҚШ ПЕН ЖАПОНИЯНЫҢ ƏСКЕРИ-САЯСИ 

ЫНТЫМАҚТАСТЫҒЫ 

 

 



İKİNCİ DÜNYA SAVAŞI SONRASI ABD VE JAPONYA 

ARASINDAKİ ASKERİ VE SİYASİ İŞBİRLİĞİ 

 

ВОЕННО-ПОЛИТИЧЕСКОЕ СОТРУДНИЧЕСТВО США И 

ЯПОНИИ В ПОСЛЕВОЕННЫЙ ПЕРИОД 

 

 



Yrd. Doç. Dr. Raihan O. SADIKOVA

*

 

 



 

Özet 

İşbu yazı  İkinci Dünya Savaşından sonraki dönemdeki ABD ve Japonya ara-

sında askeri ve siyasi işbirliğin oluşması sorunuyla ile ilgilidir. Yazar İkinci Dünya 

Savaşından sonraki uluslararası düzen meselesini ele almakla başlar ve ABD ve 

Japonya arasında Güvenlik Anlaşmasının yapılmasının esas nedenlerini belirtir. 

Japonyanın savaş sonrası dönemde ABD ile temeli atılan politika, güvenlik, eko-

nomi, global ve özel problemlerin çözümü dahil olmak üzere birkaç sahadaki ilişki-

leri şimdi de Japonyanın dış politikasının çekirdeğini oluşturmaya devam etmekte-

dir. Yazının sonunda ABD ve Japonyanın askeri ve siyasi sahalardaki ikili ilişkile-

rinin 1951 tarihli Güvenlik Sözleşmesi gibi temel hukuki esasları incelenmektedir. 

Ayrıca İdari sözleşme de ele alınmaktadır. İşbu yazı okuyucular için çok aktüel ve 

önemli konuları içermektedir. 



Anahtar Kelimeler: Askeri ve siyasi işbirliği, 1951 tarihli Güvenlik Garantisi 

Anlaşması, 1952 tarihli İdari Sözleşme, San-Fransisko Anlaşması, cumhurbaşkanı 

Тruman idaresi. 

                                                 

*

 Al-Farabi Kazak Ulusal Üniversitesi Uluslarası İlişkiler Fakültesi, Uluslarası İlişkiler 



ve Dünya Ekonomisi Bölümü, tarih bilimleri kandidatı, yardımcı doçent/KAZAKİSTAN 

Т.ғ.к.,  əл-Фараби  атындағы  ҚазҰУ,  халықаралық  қатынастар  факультеті, 

халықаралық  қатынастар  жəне  əлемдік  экономика  кафедрасының  аға  оқытушысы 

(Р.О. Садықова) 

К.и.н.,  КазНУ  имени  аль-Фараби,  факультет  международных  отношений  (Р.О. 

Садыкова) 



KÜLTÜR EVRENİ - UNIVERSE OF CULTURE - ВСЕЛЕННАЯ КУЛЬТУРЫ 

 

 



66 

Резюме 

Данная  статья  посвящена  проблеме  формирования  японо-американского 

военно-политического  сотрудничества  после  второй  мировой  войны.  Автор 

начинает  свою  статью  с  рассмотрения  проблемы  международного  порядка 

после  второй  мировой  войны  и  определяет  основные  причины  заключения 

договора безопасности между Японией и США. Отношения с США в самом 

широком  спектре  областей,  включая  политику,  обеспечение  безопасности, 

экономику,  решение  глобальных  проблем  и  многие  другие,  которые  были 

заложены  в  послевоенный  период  неизменно  продолжают  оставаться 

стержнем 

современной 

японской 

внешней 

политики.  

Далее  в  статье  рассматривается  основная  договорная-правовая  база 

двусторонних отношений Японии и США в военно-политической сфере как 

договор  безопасности 1951-го  года  и  административное  соглашение.  Статья 

актуальна и интересна для широкого круга читателей. 



Тірек  Сөздер:  Əскери-саяси  ынтымақтастық, 1951 жылғы  қауіпсіздік 

кепілдігі  туралы  келісім-шарт, 1952 жылғы  əкімшілік  келісім,  Сан-

Францисско келісім-шарты, президент Трумэн əкімшілігі. 

 

Ключевые Слова  

Военно-политическое сотрудничество, договор о гарантиях безопасности 

1951  года,  административное  соглашение 1952 года,  Сан-Франциский 

договор, администрация президента Трумэна. 



Мақаланың тақырыбы: Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі кезеңдегі 

АҚШ пен Жапонияның əскери-саяси ынтымақтастығы 



 

Abstract  

This article is devoted to the problem of the formation of military-political 

cooperation after the Second World War. The author starts by telling about the 

international order after the Second World War and defining the main reasons of 

concluding the treaty between Japan and the USA. The relations of Japan with the 

US in a wide range of areas, including politics, security, economics, global issues 

and many others which established in the post-war period, has consistently remain 

the core of modern Japanese foreign policy. Further the author considers the legal 

base of bilateral relations between Japan and the US n military-political sphere as 

1951 year’s treaty on security and Administrative agreement. Besides the author 

considered the administrative agreement which had become the juridical bases of 

military-political cooperation between two states. The article is actual and 

recommended to the general public. 

Key Words: Military and political cooperation, Security Guarantee Agreement 

dated 1951, Administrative Contract dated 1952, San-Francisco Agreement, 

President Truman  

 

 

 


KÜLTÜR EVRENİ - UNIVERSE OF CULTURE - ВСЕЛЕННАЯ КУЛЬТУРЫ 

 

 



67 

 

Екінші  дүниежүзілік  соғыстың  аяқталуы  халықаралық  жүйенің 

дамуындағы  əлемдік  саясаттағы  маңызды  кезеңге  айналды.  Себебі  осы 

кезеңде  əлемдік  саясатта  жетекші  мемлекеттердің  көптігімен  анықталған 

тəртіпте өзгерістер орын алды. Вестфаль бейбіт реттеуі кезінде қалыптасып, 

бірнеше  ғасыр  бойы  сақталып  келген  көпполярлы  жүйе  орнына  АҚШ  пен 

КСРО  үстемдік  еткен  екіполярлы  əлемдік  тəртіп  дүниеге  келді.  Вестфаль 

жүйесінің орнын басқан бұл жаңа əлемдік жүйе тарихта Ялта-Потсдам жүйесі 

атына ие болды. Ялта-Потсдам жүйесі екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі 

əлемдік  дамуды  анықтаған  маңызды  екі  конференцияның  қызметімен 

байланысты  болды:  бірі - 1945 жылы 4-11 ақпанында  өткен  Ялта 

конференциясы, екіншісі - 1945 жылы 17 шілде-2 тамызында өткен Потсдам 

конференциясы.  Ялта-Потсдам  жүйесінің  ерекшелігінің  бірі - осы  жүйенің 

əрекет етуі барысында «қырғи-қабақ соғыстың» орын алуы еді. «Қырғи-қабақ 

соғыстағы» негізгі актор ретінде АҚШ КСРО-ға қарсы күресте өзінің əскери 

күш-қуатына ғана емес, сондай-ақ, əскери одақтастарға да сүйенді. Осындай 

тарихтағы ұзақ жылдық тарихы бар, əрі «қырғи-қабақ соғыс» жылдарындағы 

АҚШ-тың  аймақтық  саясатының  негізі  болған  Жапониямен  əскери-саяси 

одақ еді. 

АҚШ  пен  Жапонияның  əскери-саяси  ынтымақтастығының  негізі  екінші 

дүниежүзілік  соғыстан  кейінгі  кезеңнен  бастау  алады.  Екінші  дүниежүзілік 

соғыстан  кейігі  екі  мемлекеттің  арасындағы  одақтастық  байланыстардың 

қалыптасуына  ең  алдымен,  Азия-Тынық  мұхиты  аймағындағы  (АТА) 

геосаяси жағдай ықпал етті. Яғни, АҚШ-тың АТА-дағы қауіпсіздік саясатын 

анықтаған келесідей геосаяси өзгерістер орын алды:  

- Қытайда азаматтық соғыс басталды жəне осы соғыс кеңестік сипаттағы 

əрі  КСРО-мен  саяси-экономикалық  байланыстарды  тығыз  дамытуға  мүдделі 

жаңа мемлекеттің пайда болуымен аяқталды; 

- 1945 жылы 17 тамызда тəуелсіз Индонезия Республикасы құрылды; 

- 1945 жылы 2 қыркүйекте  Вьетнам  Демократиялық  Республикасы 

құрылды; 

- 1945 жылы қазанда Лаостың тəуелсіздігі жарияланды.  

Аймақтағы  геосаяси  өзгерістерді  ескере  отырып,  АҚШ  «коммунизмді 

тежеу»  доктринасын  жүзеге  асыруға  кірісті.  Коммунизмді  тежеу» 

доктринасын  сыртқы  саясатта  басымдық  етіп  алған  АҚШ  президенті  Г. 

Трумэн  əкімшілігі  оны  жүзеге  асыруға  кірісті.  Доктринаның  қолданысынан 

Азия-Тынық  мұхиты  аймағы  да  шет  қалмады.  Трумэн  əкімшілігі  билік 

басында болған 1945-1952-ші жылдары Құрама Штаттардың сыртқы саясаты 

екінші  дүниежүзілік  соғыстан  кейінгі  əлемдік  тəртіпке  бейімделуге 

бағытталды.  Гарри  Трумэн  билік  басына  келген  жылдар  «қырғи-қабақ 

соғыстың»  басталуына  сəйкес  келді.  Сол  себепті  Трумэн  əкімшілігі  сыртқы 

саясатта  алдына  АҚШ-тың  əлемдік  ықпалды  мемлекет  ретінде  беделін 

қалыптастыру жəне кеңестік жүйеге қарсы күресті бастау ұранын мақсат етіп 

қойды.  Трумэн  билік  басында  болған  кезеңде  американдық  сыртқы  саясат 



KÜLTÜR EVRENİ - UNIVERSE OF CULTURE - ВСЕЛЕННАЯ КУЛЬТУРЫ 

 

 



68 

Кеннанның  жеделхатында  ұсынылған  «коммунизмді  тежеу»  доктринасына 

сүйеніп  жүзеге  асты  (Бухаров 1963: 58). Трумэн  əкімшілігі  КСРО-ның 

ықпалына  қарсы  тұруда  аймақтық  саясатта  Қытайға  сүйенуге  ұмтылған 

болатын.  Алайда, 1949 жылы  Қытай  Халық  Республикасының  құрылуы 

Құрама  Штаттардың  аймақтық  саясатта  кеңестік  ықпалға  қарсы  тұруда  өзге 

одақтастарды 

іздеу 


қажеттілігін 

байқатты. 

Мұндай 

одақтастыққа 



американдық  басшылық  Жапонияны  тартуды  жөн  деп  тапты.  АҚШ-тың 

Жапонияны əскери-саяси одақтасқа айналдыру саясаты оның жапон еліндегі 

оккупациялық  саясатынан  бастау  алған  болатын.  Жеңімпаз  мемлекеттерден 

құралған  Қиыршығыстық  комиссияның  бас  қолбасшысы  Макартурдың 

жетекшілігімен  жүзеге асқан Құрама  Штаттардың оккупациясын  екі  кезеңге 

бөліп  қарастыруға  болады:  біріншісі - АҚШ-тың  Қиыр  Шығыстағы  негізгі 

қарсыласы  мен  бəсекелесін  жоюға  ұмтылған 1945-1948 жылдар  аралығын 

қамтиды.  Екіншісі - Трумэн  əкімшілігінің  Жапонияны  өзіне  бағынышты 

одақтасқа  айналдыру,  яғни  «кері  бағыт»  деп  аталған  саясат  жүзеге  асқан 

1948-1952 жылдар аралығын қамтиды (Japanese-American relations 1970: 40). 

Жапониядағы  оккупацияның  алғашқы  кезеңіндегі  АҚШ-тың  мақсаты 

Жапонияны 

демократизациялау 

жəне 


демилитаризациялау 

болды. 


Американдық  басшылықтың  бұл  мақсаты  «Оккупацияның  бастапқы 

кезеңіндегі  АҚШ-тың  Жапонияға  қатысты  саясатының  негізгі  қағидалары» 

деген  құжатпен  анықталды.  Құжаттың  мазмұнында  оккупация  мақсаттары 

төмендегіше  анықталған: «Жапонияның  АҚШ-қа  жəне  əлемдегі  бейбітшілік 

пен  қауіпсіздікке  қауіп  төндірмеуін  қамтамасыз  ету,  сондай-ақ,  өзге 

мемлекеттердің  құқықтарын  құрметтейтін  жəне  онда  БҰҰ  Жарғысының 

идеалдары  мен  қағидаларында  көрініс  тапқан  американдық  мақсаттарды 

қолдайтын бейбіт əрі жауапты үкімет құру» [Основные принципы политики 

США  в  отношении  Японии  в  начальный  период  оккупации // Сборник 

документов  связанных  с  капитуляцией  Японии 1947: 85]. Құжатта 

көрсетілген  мақсаттарды  жүзеге  асыру  үшін  американдық  үкімет  əр  алуан 

ішкі  саяси-экономикалық  реформаларды  жүзеге  асырды.  Солардың  бірі - 

Жапонияның  соғыстан  кейінгі  тағдырын  анықтаған  жаңа  Конституцияның 

қабылдануы. Конституцияға 1946 жылы қазанда қол қойылып, екі палатаның 

бекітуімен  өз  күшіне 1947 жылы 3 мамырда  енді.  Осы  құжаттың  мазмұнын 

дайындауда  Жапонияда  оккупациялық  саясатты  жүзеге  асырған  Трумэн 

əкімшілігі  шешуші  рөл  атқарды.  Сол  себепті  оның  мазмұнында  көрініс 

тапқан  өзгертулер  ең  алдымен,  американдық  мүдделерді  қамтамасыз  етуге 

бағытталды.  Атап  көрсетерлік  осындай  маңызды  өзгертулердің  бірі - 

Жапония  Конституцияның 9-шы  бабына  сəйкес  мемлекеттің  халықаралық 

дауларды  шешудің  жолы  ретінде  соғыстан  бас  тартуы  жəне  өзінің  қарулы 

күштерінің  болуына  тыйым  салынуы.  Бұл  бап  арқылы  американдық 

басшылық  Жапонияның  екінші  дүниежүзілік  соғыс  барысында  ерекше 

байқалған  əскери  жоспарларынан  бас  тартып,  американдық  мүдделермен 

санасатын əрі экономикалық нарықтың сұраныстарын қамтамасыз eтe алатын 

мемлекет  ретінде  қалыптастыруын  көздеген  болатын.  Жапониядағы  АҚШ-



KÜLTÜR EVRENİ - UNIVERSE OF CULTURE - ВСЕЛЕННАЯ КУЛЬТУРЫ 

 

 



69 

тың  ықпалына  бағынышты  мемлекетке  айналдыру  мақсатында  генерал 

Макартурдың  бастауымен  ел  ішінде  жер  реформасы,  жаңа  Додж  линиясы 

бойынша  экономикалық  көрсету  сияқты  шаралар  да  жүргізіле  бастады. 

Сонымен  қатар,  милитаристік  идеялар  мен  кеңестік  ойларды  ұстанған 

қозғалыстардан  саяси  тазалау  жүргізіле  бастады.  Осы  саясаты  арқылы 

Трумэн  əкімшілігі  оккупацияның  бірінші  кезеңінде  АТА-дағы  ықпал  ету 

аймағын кеңейту мақсатында Жапониядағы қатысуын күшейтуге əрекеттенді. 

Генерал  Макартурмен  жүзеге  асқан  оккупацияның  екінші  кезеңі 

Жапониядағы 

Құрама 

Штаттардың 



белсенділігімен 

сипатталды. 

Американдық  басшылық  үшін  Жапонияны  кешегі  қарсыластан  соғыстан 

кейінгі  одақтасына  айналдыру  қажеттілігі  туындады.  Трумэн  əкімшілігі 

Жапонияның  қайта  əскери  күш-қуатын  қалпына  келтіру  мақсатында 

экономикалық  көмек  көрсетіп  қана  қоймай,  Жапониядағы  АҚШ-тың  əскери 

қатысуын  қамтамасыз  ететін  жəне  екі  тараптың  əскери-саяси  одағын 

қалыптастыратын құқықтық негізді орнату қажеттілігін ұғынды (Лешке 1983: 

50).  

Гарри  Трумэн  əкімшілігі  АҚШ  пен  Жапонияның  əскери-саяси  қарым-



қатынастарының құқықтық негізін қалыптастыруға бағытталған дайындыққа 

қызу  кірісті.  Осы  əкімшілік  тұсындағы  екі  мемлекеттің  əскери-саяси 

одағының  дамуы  барысын  анықтаған  келесідей  маңызды  құжаттар 

қабылданды: 

- 1951 жылы 4 қыркүйекте қабылданған Сан-Францисскодағы Жапонияға 

қатысты бейбіт келісім-шарт; 

- 1951 жылғы 8 қыркүйекте  қол  қойылған  АҚШ  пен  Жапонияның 

арасындағы қауіпсіздік кепілдігі туралы келісім-шарт;  

- 1952 жылғы 28 ақпанда  жапондық  территорияда  американдық  қарулы 

күштердің орналасу шарттары туралы əкімшілік келісім. 

1951  жылы 4 қыркүйекте  қабылданған  Сан-Францисскодағы  Жапонияға 

қатысты  бейбіт  келісім-шартқа  келісу  туралы  ресми  мəлімдеме  АҚШ-тың 

мемлекеттік  хатшысы  Д.  Ачесонның  ағылшын  сыртқы  істер  министрі 

қызметін  атқарған  Э.  Бэвинмен  кездесуінен  кейін 1949 жылдың  күзінде 

жасалынды.  Олар  біріккен  мəлімдемеде  АҚШ  пен  Англия  қысқа  мерзімде 

Жапониямен  бейбіт  келісім-шартты  дайындауға  кірісу  қажеттілігі  туралы 

ортақ  пікірге  тоқтады.  Жапониямен  жасалынатын  келісім-шарт  туралы 

мəселе  Трумэн  мен  Макартурдың  Уэйк  аралындағы 1950 жылдың 

қазанындағы кездесудегі келіссөздердің кезінде де талқыланды. Бұл сұхбатта 

бейбіт  келісім-шарттың  жалпы  ережелері  анықталды.  КСРО  мен  Қытайдың 

осы  шартқа  қол  қоюға  қатысудан  бас  тарту  мүмкіндігіне  қарамастан, 

конференция  міндетті  түрде  өтуі  тиіс  деп  шешілді.  Қандай  да  жағдайда 

болмасын  американдық  əскерлерді  Жапонияның  территориясында  тағы  да 

бірнеше жылға қалдыру мəселесі шешілді (Лешке 1983: 52).  

1951  жылы 4 қыркүйекте  Сан-Францисскода  Жапонияға  қатысты  бейбіт 

келісім-шарттың  шарттарын  қарастыру  мақсатында 52 мемлекеттің  өкілдері 

бас  қосты.  Конференцияға  ҚХР,  Моңғол  Халық  Республикасы,  КХДР  жəне 


KÜLTÜR EVRENİ - UNIVERSE OF CULTURE - ВСЕЛЕННАЯ КУЛЬТУРЫ 

 

 



70 

Қиыршығыстық Республика шақырылмады. Үндістан жəне Бирма қатысудан 

бас  тартты.  Конференция  барысында  Жапонияның  тағдырын  анықтаған 

бейбіт  келісім-шартқа 1951 жылы 8 қыркүйекте  КСРО,  Польша  жəне 

Чехословакиядан  басқа 48 мемлекет  қол  қойды.  Шарт 7 бөлім, 27 баптан 

құралды. Бірінші бөлімнің шарттарына сəйкес келісім-шарттың күшіне енген 

мерзімінен  бастап  Жапония  мен  одақтастар  арасындағы  соғыс  жағдайы 

аяқталған  деп  жарияланады.  Жапония  Корея  тəуелсіздігін  мойындады  жəне 

Куриль  аралдары,  Сахалиннің  оңтүстік  бөлігі,  Спратли  аралдары,  Формоза 

аралы,  Тынық  мұхиттағы  өзге  де  аралдардан  бас  тартты.  АҚШ  үшін  аса 

маңызды  болған  баптарға  келер  болсақ,  бұл  Трумэн  атағандай  «келісім-

шарттың жүрегі» болған 5-6-шы баптар еді. 5-ші бапқа сəйкес Жапония БҰҰ 

Жарғысындағы  негізгі  қағидаларына  сүйене  отырып,  əрекет  етуге 

міндеттенді. 6-шы  бапқа  сай  барлық  оккупациялық  əскер  Жапониядан 

міндетті  түрде 90 күндік  мерзімде  шығарылуы  тиіс.  Алайда  бұл  шарт 

Жапониямен  жасалынған  екіжақты  немесе  көпжақты  келісімдердің 

нəтижесінде  жəне  соларға  сəйкес  жапондық  территорияларда  шетелдік 

қарулы күштердің орналасуы мен сақталуына кедергі бола алмайды» (Бунин 

2000: 224). Яғни, осы  бап  арқылы АҚШ-тың  қарулы  күштерінің  Жапонияда 

əскери  қатысуын  жалғастыруына  жəне  сол  арқылы  «коммунизмді  тежеуге» 

бағытталған саясатын жүзеге асыруға жағдай жасалынды.  

АҚШ пен Жапонияның арасындағы əскери-саяси одақтың негізін қалаған 

келесі  маңызды  екіжақты  құжат - 1951 жылғы  қауіпсіздік  кепілдігі  туралы 

келісім-шарт.  Оған 1951 жылы 8 қыркүйекте  Жапония  тарапынан  премьер-

министр  Есида  мен  АҚШ  тарапынан  мемлекеттік  хатшы  Ачесонның 

қатысуымен  Сан-Францисско  бейбіт  келісім-шартының 6-шы  бабына  сəйкес 

АҚШ-тың  жапондық  территориядағы  əскери  орналасуын  сақтау  туралы 

бабын толықтыру мақсатында қол қойылды. Жапония мен АҚШ арасындағы 

əскери-саяси байланыстарды орнатқан бұл келісім-шарт преамбула жəне бес 

баптан құралды. Келісім-шарттың преамбуласында: «Өзіндік жəне ұжымдық 

қорғанысқа  құқығы  бар  егемен  ел  ретінде  Жапония: «өзінің  қорғанысы 

бойынша  уақытша  шара  ретінде  Құрама  Штаттардың  өз  əскерлерін 

Жапонияға  жасалынатын  шабуылдың  алдын  алу  үшін  Жапонияға  жақын 

аумақтағы территорияда орналастыруын қалайды», - деп атап өтілуі арқылы 

келісім-шартқа  қол  қойылудың  себебі  түсіндіріледі.  Басты  бапқа  айналған 

бірінші  бапқа  сəйкес, «АҚШ  өзінің  жерасты,  əуедегі  жəне  теңіз  күштерін 

Жапония  мен  оған  таяу  жатқан  аймақта  орналастыруға  құқылы  болды.  Бұл 

күштер  халықаралық  жағдайдағы  бейбітшілік  пен  Қиыр  Шығыстағы 

қауіпсіздікті  қамтамасыз  ету  жəне  Жапонияға  сырттан  жасалынатын  əскери 

шабуылдан  қауіпсіздікті  қамтамасыз  ету  үшін», «Жапониядағы  ішкі 

тəртіпсіздіктер  мен  төңкерістерді  басу  үшін»  пайланылмақ.  Яғни,  аталмыш 

бап  арқылы  іс  жүзінде  екі  тараптың  одағының  əскери  сипатқа  ие  болып, 

пайда  болған  мəселелерді  АҚШ-тың  қарулы  күштерінің  қолдауымен  шешуі 

анықталды. 2-ші  бапқа  сəйкес  Жапонияға  Құрама  Штаттардың  алдын-ала 

келісімінсіз  басқа  мемлекеттердің  базаларын  орналастыруға  жəне  өз 


KÜLTÜR EVRENİ - UNIVERSE OF CULTURE - ВСЕЛЕННАЯ КУЛЬТУРЫ 

 

 



71 

территориясын  үшінші  бір  мемлекеттің  қарулы  күштеріне  тасымал  айлағы 

ретінде пайдалануына рұқсат беруге тиым салынды. Екінші баптың негізінде 

АҚШ  Жапонияда  өзге  мемлекеттердің  ықпалының  болуына  кедергі  жасап, 

өзінің  толыққанды  бақылауын  орнатуға  əрекеттенді.  Келісім-шарттың 3-ші 

бабы бойынша Құрама Штаттардың Жапониядағы жəне оған таяу аймақтағы 

қарулы  күштерінің  орналасуын  реттейтін  нақты  шарттар  екі  үкіметтің 

арасындағы əкімшілік келісіммен анықталады. Соңғы 4-5-ші баптарға сəйкес 

келісім-шарттың  мерзімі  шектелмеді  жəне  оның  күшіне  енуі  өзара  бекітілу 

грамоталарымен  алмасуынан  кейін  жүзеге  асатындығы  жайлы  айтылған 

(Бунин 2000: 227). Яғни, осы бап арқылы АҚШ Жапониямен əскери одақты 

ұзақ мерзімде сақтауға мүдделілігін байқатты.  

Жапония  мен  АҚШ-тың  əскери-саяси  одағының  қалыптасуына  ықпал 

еткен  келесі  құжат - 1952 жылы 28 ақпанда  жапондық  территорияда 

американдық  қарулы  күштердің  орналасуы  шарттары  туралы  əкімшілік 

келісім.  Бұл  келісімге  АҚШ  пен  Жапония 1951 жылғы  қауіпсіздік  кепілдігі 

туралы келісім-шарттың үшінші бабына сəйкес қол қойған болатын. Келісім 

мазмұнына  сəйкес  Құрама  Штаттар  жапон  территориясында  кез-келген 

көлемдегі əскерлерді ұстауға жəне қалаған қаруды пайдалана алатын болды. 

Сондай-ақ,  АҚШ  қауіпсіздікті  қамтамасыз  ету  мақсатында  əскери  база 

ретінде  территорияны  кеңейте  алу  құқығына  ие  болды.  Яғни,  əкімшілік 

келісім  Америка  Құрама  Штаттарының  Жапониядағы  ықпалын  күшейтіп, 

оның  толыққанды  бақылауын  орнатуына  мүмкіндік  туғызды.  Бұл  келісім-

шарттың  негізінде  Жапония  өз  юрисдикциясындағы  біраз  жерлерінен 

айырылды.  Американдық  əскери  қызметшілер  мен  олардың  отбасыларына 

экстерриториалдық  құқығы  жəне  өзге  де  маңызды  басымдылықтар  берілді» 

(История войны на Тихом океане.1958. 370). 

Трумэн əкімшілігі тұсында қол қойылған Сан-Францисско бейбіт келісім-

шарты, 1951 жылғы  қауіпсіздік  кепілдігі  туралы  келісім-шарт  жəне 1952 

жылғы  жапондық  территорияда  американдық  қарулы  күштердің  орналасуы 

шарттары  туралы  əкімшілік  келісімдердің  нəтижесінде  АҚШ  Жапонияның 

территориясында  қарулы  күштерін  еркін  қолданып,  АТА-дағы  болашақ 

əскери  жоспарларын  жүзеге  асыруда  плацдарм  ретінде  Жапонияны 

пайдаланудың  негіздерін  қалай  бастады.  Біріншіден,  Кореядағы 1950-1953 

жылдары  соғыс  барысында  жапондық  компаниялар  американдық  қарулы 

күштердің  тапсырыстарын  орындап,  АҚШ-тың  стратегиялық  жоспарларын 

жүзеге  асыруға  септігін  тигізді.  Жапония  территориясы  Кореяда  БҰҰ-ның 

туының  астында  əрекет  еткен  американдық  əскерлердің  маңызды  шебіне 

айналды.  Американдық  басшылық  əскери  тапсырыстардың  көлемін 

арттырды. 1952 жылдың  мамырынан  Эйзенхауэр  билік  басына  келген 1953 

жылдың  маусымына  дейінгі  аралықта  Жапониядан  Кореяға 2 мыңдай  əр 

алуан  калибрлі  қарулар, 7656 танкіге  қарсы  қолданылатын  «Базук»  сияқты 

мылтықтар, 400000 реактивті снарядтар, 2,3 млн. миналар, 2,2 млн. гранат т.б. 

дайындалып,  жіберілген.  Яғни, 1950 жылдың  маусымында  басталған 

Кореядағы  соғыс  барысында  қару-жараққа  жəне  əскери  шикізатпен 


KÜLTÜR EVRENİ - UNIVERSE OF CULTURE - ВСЕЛЕННАЯ КУЛЬТУРЫ 

 

 



72 

қамтамасыз  етуде  жапон  өнеркəсіптеріне  сұраныс  арта  түсті.  Нəтижесінде 

Құрама  Штаттардың  оккупациялық  кезеңіндегі 1950-1952 жж.  жапон 

экономикасына  американдық  тапсырыстардан  түскен  табыс 2,5 млрд. 

долларға  жетті (Gallicchio//www.gwu.еdu).Сонымен  қатар,  осы  жылдардағы 

американдық  əскери  тапсырыстар  «қырғи-қабақ  соғыс»  барысындағы 

Жапонияның əскери-өндірістік күш-қуатының қалыптасуына жағдай жасады. 

Екіншіден,  Жапония  мен  АҚШ-тың  арасындағы 1952 жылғы  жасалынған 

əкімшілік келісімнің негізінде шешім қабылдаудың механизмі ретінде жапон-

американдық  біріккен  комитет  құрылды.  Үшіншіден,  АҚШ-тың  жапон 

территориясында  əскери  қатысуына  жағдай  жасалынды  жəне  Жапонияның 

дербес  қарулы  күштерінің  негіздері  қалана  бастады.  Яғни,  американдық 

əскерлер 18 аймақ, 35 аэродром,  теңіздегі  жаттығулар  үшін  тұрақтар, 

айлақтар  мен  тағы  басқа  да  əскери  жаттығуға  қажетті  көлік  жəне  байланыс 

құралдарымен  қамтамасыз  етілді.  Сонымен  қатар,  Трумэн  əкімшілігі  АҚШ 

пен  Жапонияның  əскери-саяси  одағы  мəселесінде  одақтасының  да  əскери 

қарулануы мəселесіне ерекше көңіл бөлді. 1951 жылғы қаңтардағы жапондық 

тараппен  «қауіпсіздік  келісім-шартына»  келісу  туралы  келіссөздерде-ақ, 

американдық  үкіметтің  арнайы  өкілі  Дж.  Даллес  Құрама  Штаттармен 

екіжақты  əскери  одаққа  келісудің  шарты  ретінде  Жапонияның 350000 

армияны құруын жəне өз қорғанысы мен аймақтық қауіпсіздікті қамтамасыз 

етуде  басты  жауапкершілікті  алуын  талап  етті.  Алайда  Жапония  үкіметі 

Конституцияның 9-шы  бабын  ескере  отырып,  елдің  əскери  күш-қуатын 

арттыру  саласында  өзіндік  бағыт  ұстанып,  ұлттық  қарулы  күштерді  бірте-

бірте  жəне  реттелген  дамытуды  көздеді.  Сол  себепті  Жапониядағы  қарулы 

күштерге  байланысты  өзгертулер  енгізілді. 1950 жылғы 8 шілдедегі 

оккупациялық əскерлердің штабы негізінде 1950 жылғы 10 тамыздағы жапон 

кабинетінің  жарлығына  сəйкес  құрылған 75000 адамдық  «резервтік 

полицейлік корпус» атауы өзгертілді [Steven 2002 : 98]. 

Қорытындылар  болсақ,  Трумэн  əкімшілігі  Жапонияда  оккупациялық 

саясаты  барысында  өзінің  толыққанды  бақылауын  орнатты.  Құрама 

Штаттардың  АТА-дағы  геосаяси  мүдделерін  жүзеге  асыру  мақсатында 

Жапониямен  əскери-саяси  одақтастық  байланыстардың  құқықтық  негізін 

қалады.  Сондай-ақ,  АҚШ  осы  құжаттарға  сəйкес  алғашқы  Корея  соғысында 

американ  əскерлерін  шикізатпен  қамтамасыз  етуде  Жапонияны  плацдарм 

ретінде  пайдалануға  кірісті.  Яғни,  АҚШ  президенті  Трумэн  билік  басында 

болған 1945-1952 жж.  аралығы  екі  мемлекеттің  арасындағы  əскери-саяси 

саладағы  құжаттардың  қабылдануы  мен  бірлескен  əрекеттерінің  негізінде 

əскери-саяси ынтымақтастықтың қалыптасу кезеңі болуымен ерекшеленді.  

 

1 Бухаров Б.И. Образование американо-японского союза (1945-1952) - М.: 

Издательство восточной литературы, 1963  

2 Japanese-American relations. - Washington, 1970 

3 Основные принципы политики США в отношении Японии в начальный 

период оккупации // Сборник документов связанных с капитуляцией Японии. 



KÜLTÜR EVRENİ - UNIVERSE OF CULTURE - ВСЕЛЕННАЯ КУЛЬТУРЫ 

 

 



73 

1943-1946 гг. - М.: Наука, 1947 

4  Лешке  В.Г.  Японо-американский  союз:  итоги  трех  десятилетий. - М.: 

Наука, 1983  

5  Договор  о  взаимном  сотрудничестве  и  безопасности 1960 года  между 

Японией  и  США // Бунин  В.Н.  Японо-американский  союз  безопасности». - 

М.: ИДВ РАН, 2000 

6  Административное  соглашение 1952 года // История  войны  на  Тихом 

океане. - М.: Наука, 1958. - Т. 5 

7 Marc Gallicchio. Japan in American security policy: a problem in 

perspective. Part 3. Working paper No.10 // www.gwu.еdu/~nsarchiv/japan/ 

gallicchiowp.htm 

8 Steven K. Vogel. U.S.-Japan Relations in a Changing World, - Washington 

DC: Brookings, 2002 



 

 

 



 

 




©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал