«Қыран елім – қазағым!» мәнерлеп оқу сайысы 1-жүргізуші



жүктеу 18.02 Kb.
Дата02.11.2022
өлшемі18.02 Kb.
#23222
сценарий манерлеп оку

«Қыран елім – қазағым!» мәнерлеп оқу сайысы


1-жүргізуші:
Армысыздар, құрметті ұстаздар мен оқушылар, бүгінгі мерекеміз Республика күніне арналған,«Қыран елім – қазағым!» атты мәнерлеп оқу сайысымызды ашық деп жариялаймыз!
2-жүргізуші:
Қайырлы күн, кұрметтi достар!
Республика! Ерiктi ел Қазақстан!
Келдi ақыры көптен күткен жаз алыстан,
Келдi аңсатып, алыстатып, армандатып.
Гиорды бұзған, мен де бiр аз арыстан
1-жүргізуші:
Сайыстың мақсаты: оқушыларды туған жерін, туған елін, халқын ардақтап өтуге үйрету. Бақытқа жетер даңғыл жолдың бірі – туған отанды сүюден басталатынын түсіндіру, атамекенге деген патриоттық сезімдерін өлең шумақтары арқылы ояту.
2-жүргізуші:
Адам шыр етіп дүниеге келгенде, кіндік қаны тамған жерін – Отан дейді. Әрбір адамда Отанға, туған жерге деген ыстық сезім, үлкен махаббат болады. Алысқа жолаушылап кетіп, туған жеріне оралған сәтте тауы да, тасы да саған ыстық болып тұрады. Адамзаттың парызы – туған отанын гүлдендіріп, сақтап, ұрпақтан-ұрпаққа жеткізу.
1-жүргізуші:
Отан дейміз от жаққан жерімізді,
Отан дейміз өсірген елімізді.
Отан дейміз туған жер атамекен,
Биік тау, орман, тоғай көлімізді
2-жүргізуші:
Алғаш рет Республика күні мемлекеттік мереке болып 1995 жылы қазанда жарияланды. Бұл жарлыққа Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қол қойған. 25 қазан Республика күні болып кездейсоқ таңдалған жоқ. 1990 жылдың дәл осы күні Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасы Жоғарғы Кеңесінің No307-XII жарлығымен Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының мемлекеттік егемендігі туралы Декларация қабылданған болатын. Декларацияда Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының егемендігі жарияланып, Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретіндегі саяси-құқықтық негіздері жарияланды. Ал 2009 жылы аталған заңға өзгерістер енгізілді. Сөйтіп, 30 тамыз - Қазақстан Республикасының Конституциясы күні, ұлттық мереке болып жария етілді. Ал Республика күні мемлекеттік мерекелер тізімінен алынып тасталды.
1-жүргізуші:
2022 жылдың 16 шілдесінде Ұлттық құрылтайда Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ұлттық мереке мәртебесін Республика күніне қайтаруды ұсынды.
Ол: «Ұлттық мерекелер мен атаулы күндер тізбесіне бірқатар өзгеріс енгізген жөн. Мен Республика күніне ұлттық мереке мәртебесін қайтаруды ұсынамын. Сондықтан, қазанның жиырма бесі күні жыл сайын Егемендік күнін еліміздің басты мерекесі ретінде атап өтуіміз керек» деген болатын
2-жүргізуші:
Жүрегінде жалын бар оу қазағым,
Құтты болсын мерекең келіп жеткен.
Республика күнінде жайна елім,
Куә болып сәттерге күлімдеткен дей келе ортамызға сайысқа қатысушы, мәнерлеп оқушылар 8-11 сынып оқушыларын шақырамыз.
1-жүргізуші: Ендеше барлығыңызды бүгінгі сайыстың әділқазы алқаларымен таныстырып өтсек:
(Әділқазыларды таныстыру)


(Оқушылардың өлеңдерін оқуы)


2-жүргізуші:
Барлық оқушылар өз өнерлерін тамаша көрсетті, енді кезекті оларды бағалау үшін әділқазылар алқасына сөз кезегін берсек:
(Әділқазылар өз бағаларын береді)


1-жүргізуші:
Ең керемет әрі оқушыны қызықтырар сәт мараппаттау кезеңіне де таяп қалдық. Осы сәтте әр оқушының жүрегі дүрсілдеп, көңілі алабұртып тұратыны жалған емес. Сіздерге айтарымыз бұл сайысқа қатысып отырған әр оқушының өзі бір жеңімпаз, себебі дүйім жұрттың алдына өз сыныбының намысын қорғап шығу кез-келген адамның қолынан келе бермейтін үлкен батылдық. Сол үшін де қатысушылардың барлығына өз алғысымызды білдіреміз. Сөз кезегін әділқазыларға берсек:
(Әділқазылар оқушыларды марапаттайды)


2-жүргізуші:
Тәуелсіздік мәңгілікке сақталсын,
Алдымыздан барлық үміт ақталсын.
Тату тәтті бірлік болып қашанда.
Бейбіт өмір бар халықпен жақталсын – деп «Қыран елім – Қазағым» атты мәнерлеп оқу сайысымызды жабық деп жариялаймыз!
1-жүргізуші:
Әрқашан күн сөнбесін, аспанымыз ашық болып, еліміз тыныш болсын деп тілейміз. Сау болыңыздар!
жүктеу 18.02 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет