ҚЫрағЫ, Қия жазбас, СҰҢҚарым-ай!



жүктеу 58.62 Kb.

Дата23.01.2017
өлшемі58.62 Kb.

ҚЫРАҒЫ, ҚИЯ ЖАЗБАС, 

СҰҢҚАРЫМ-АЙ! 

Қырағы, қия жазбас, сұңқарым-ай! 

Қажымас қашық жолға, тұлпарым-ай! 

Үйілген өлексені өрге сүйреп, 

Шығармақ қыр басына, іңкәрім-ай! 

XIX ғасырдың аяғы XX ғасырдың басындағы қазақ қоғамындағы 

мемлекет қайраткерлерінің ішінен Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейхан-

овтың есімі ерекше аталады. Әлиханның өмірі мен қызметі қазақ 

тарихының сол бір зобалаң, қуғын-сүргін ауыр жағдайында өтті. 

Бөкейханов даланың интеллектуалдық тұрғыдан әзірлігі мол не-

гізгі тобын соңынан ілестірген, қазақ интеллигенциясының көш бас-

шысы, саяси көсемі, бір басында сан түрлі ғылым тоғысқан бірегей 

тұлға, қазақ халқы үшін орасан еңбек етті. Халықтың тәуелсіздігі 

және жарқын болашағы үшін барлық саналы өмірін сарп етті. Қазақ, 

халқының қоғамдық ой-санасын биік белеске көтерген ірі қайраткер. 

Бар ғұмырын ұлтының болашақ бақыты үшін «Жаным-арымның са-

дағасы» деп бел шешіп күрескен ол, сол жолда бойындағы күш-қай-

раты мен ақыл-ойын, білім-парасатын аянбаған ақылман азамат кесек 

тұлға. Әлихан Бөкейхановты саяси іске араласуына халықтың ауыр 

тұрмысы мәжбүр етті. XX ғасырдың басында ұлттық сана, тәуелсіз 

мемлекет туралы ашық айтуға тиым салынды. Сондықтанда «Алаш» 

партиясының Әлихан, Ахмет, Мағжан, Міржақып, Жүсіпбек, т.б көрнекті 

өкілдері халықтың ұлттық санасын оятуды, тәуелсіз қазақ мемлекеті 

болуды армандады. «Алаш» қозғалысы - ұлт-азаттық қозғалысы. 

Ол ғасырдың басындағы ұлттық сана өсуі процесінің құрамдас бөлігі. 

Қазақ сахарасындағы ұлт-азаттық қозғалыс ортағасырлықтан бур-

жуазиялық демократияға бет алған қозғалыс. Ұлтшыл деген сөз ту-

ған халқын жақсы көретін, халқына адал қызмет етуге өмірін арнаған 

қайраткерлерге берілген баға. Мәселе «ұлтшыл» деген сөзде емес, 

оған берілген бағада жатыр. Әлихан Бөкейханов пен оның замандас-

тары өмір сүрген кезеңде қазақ қоғамының алдында тұрған өзекті 

мәселе - ұлттық теңдік, саяси бостандық болды. XX ғасырдың басын-

да халқын прогресс жолына түсіру үшін аянбай күрескен ұлттық 

буржуазия мен интеллигенциясының лидері Әлихан Бөкейхановтың 

жеке көзқарасының, саяси бағдарламасының қоғамдық дамуға ти-

гізген ықпалы болды ма, өзінің ұстанған саясатына нені арқау етті, 

осы мәселелер обьективтік шындық тұрғысынан жан-жақты зерттеу-

ді талап етеді. Аталаған проблема тарихи тұрғыдан жеткілікті дәре-

жеде күн бүгінге дейін зерттелмеген. XX ғасырдың соңында егемендік 

алып бүгінде әлемге аты таныла бастаған қазақ мемлекетінің келешегі 

үшін осындай алып тұлғалы қайраткердің тарих көшінен лайықты 

орнын алуы әбден дұрыс деп есептеймін. Өйткені XX ғасырдың ба-

сында қазақ зиялыларының ұлттық еркіндік пен дамудың алғышарты 

ұлттық мемлекеттің болуы деген тұжырымдарынан өз мемлекеті 

туралы айтып, жазып кеткен ой-пікірлерінен, бүгінгі қазақ мемлекеті 

шешуге талпынып отырған көптеген сұрақтарына жауап табуға бола-

ды. Бүгінде Қазақстан әлемдік өркениетке егеменді ел, мемлекет ре-

тінде танылып отыр. Мемлекеттің осындай дәрежеге жетуіне әрине 

Бөкейхановтың қосқан үлесі қомақты екені даусыз. XX ғасырдың ба-

сындағы саяси оқиғалардың қайнаған ортасында жүріп өзінің білімімен, 

парасаттылығымен үлкен беделге ие болғандығының тағы бір көрінісі, 

қыры белгілі орыс қоғам қайраткері, конституциялық-демократиялық 

партиясының негізін қалаушылардың бірі княз Д.И.Бебутовтың естелік-

терінде Санкт-Петербург масондық ұйымының мүшелерінің аты-жөні 

берілген, солардың ішінде жағыз қазақ, көрнекті қоғам қайраткері, 

ғалым және өз заманының көшбасшысы Әлихан Бөкейхановтың есімі 

бар. Ә.Бөкейханов орыс масондық ұйымының мүшесі болған. Масон-

дық ложа ең алғаш Францияда пайда болған, кейіннен басқа европа-

лық мемлекеттерге тараған. Құпия ұйым - жасырын әрекет жасайды, 

мемлекеттік құрылысқа көңілі толмаған елдің келешегін ойлаған қо-

ғам қайраткерлері саналы түрде топтасып, бас қосып, қоғамға пайда-

лы саясатты уағыздап әрекет жасайды. Масондық ұйымның Бөкейхан-

овты қатарына тарту себебі - дала өлкесіне ықпалды мемлекет 

қайраткері ретінде беделді болуы. Масондардың қатарында кадеттер 

белгілі орынға ие болған. Ал Бөкейханов осы бір кең танымал Ресей 

саяси партиясының көрнекті басшыларының бірі болған. 

Самарада қызмет етіп жүрген кезеңде Әлихан Нұрмұхамедұлы 

болашақ Уақытша үкіметінің басшысы А.Ф.Керенскиймен үш рет арна-

йы кездескен. Бірінші рет 1914 жылдың шілде айында, екінші, үшінші 

кездесулері 1915 жылдың мамыр-қазан айларында. Осы екі көрнекті 

тұлғаны жақындастырған қандай мәселе, әртүрлі партияның өкілдері. 

Кездесуде қандай мақсат қойды алдарына, әлде масондық бауыр-

ластық па, бұл мәселе зерттеуді қажет етеді. 1917 жылғы Уақытша 

үкіметінің басым көпшілігін масондар құраған. Бөкейханов пен Керен-

ский Думаның депутаттары. Егер Думадағы мәселелер жүздестірген 

болса неге саяси альянсқа бармайды. Бірақ фактілер бұлай ойлауға 

жол бермейді. Біріншіден, Ә.Н.Бөкейханов самодержавиеге ұнамайтын 

депутат және ол Думада өзге халықтың, басқа партияның мүддесін 

қорғады. Келесі сайлауға жіберілмеді, ол 1907 жылы барлық 5 млн. 

қазақ халқы жоғарғы 

бұйрық бойынша Думаға 

өз өкілдерін жіберу құ-

қынан айырылды.Екінші-

ден, егерде осы Думаға 

байланысты мәселелерді 

шешу керек болса Бөкей-

ханов басқа да кадет пар-

тиясынан сайланған депу-

таттармен немесе Дума-

дағы мұсылман фракция-

сының бюро мүшелері-

мен кездеспес пе еді. Тек 

бір ғана жауап қалады -

Бөкейханов пен Керен-

скийді біріктірген масон-

дық бауырластық, және көзқарастарындағы ұқсастық. Орыс буржуа-

зиясы мен олардың саяси партияларының, соның ішінде масондық 

ұйымдардың түпкі мақсаты - самодержавиені құлату және саяси би-

лікті алу. Бөкейхановтың мақсатына келсек, жеке ұлттық мемлекет 

құру: жекелеген атрибуттарымен, өзін-өзі басқару, автономия құру 

жеке кәсіпқой парламенті бар. Шыңғысқанның тікелей ұрпағы болса 

да, қазақ халқының көшбасшысы болған Бөкейхановқа бұл орын 

мұрагерлік жолмен келген жоқ, өзінің орасан зор саяси еңбегі мен 

күресінің нәтижесінде келді. Бөкейханов сол XIX ғасырдың соңы, XX 

ғасырдың басындағы қоғамдық, әлеуметтік және саяси жағдайды 

ескере отырып, халқының болашағын Ресей мемлекетінің қатарында 

көрді. Ғасырдың басында мемлекеттің алдында тұрған көкейкесті 

мәселе мемлекет қандай жолмен даму керек, яғни қазақ халқын ты-

ғырықтан алып шығатын қандай жол. Әрине европоцентристік бағыт-

ты таңдады қайраткер. Дәл сол кезеңде бұл дұрыс таңдау еді, өзі-

нің тарихи дәстүріне сеніп отырған халықта ешқашан даму болмайды. 

Тарихи салт-дәстүр қанша ғасыр өтсе де өзгермейді. Өмір жолын 

Россияның жоғарығы саяси алдыңғы қатарлы топтарының арасында 

өткізген Бөкейхановқа орыстың белгілі қоғам қайраткерінің тигізген 

ықпалы мол. Бөкейхановтың көрнекті қоғам қайраткері ретінде қалып-

тасуына әсер еткен, оны қоршаған зиялы қауым және Ресей интелли-

генциясы. Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейханов XX ғасырдың басын-

дағы Ресейдің бетке ұстар, қайраткерлерінің көпшілігімен жақсы қа-

рым-қатынаста болған, өзіндік беделі болғандығын тарихи құжаттар 

көрсетіп отыр. Ресей интеллигенциясының көрнекті өкілдерінің бірі 

М.И.Туган-Барановский, белгілі орыс экономисі және тарихшысы, кадет 

партиясының мүшесі осы адамның саяси ықпалы болған Бөкейханов-

тың саяси көзқарасының қалыптасуына. Мемлекеттік құрылыстың 

даму жолы қандай бағытта жүру керек, батыстың саяси құрылыс ме-

ханизмі туралы пікірлері, интеллигенция және социализм жөніндегі 

тұжырымдарын қолдап, еліктеген сәттері де болған. П.Б.Струве -

орыс саяси қайраткері, публицист, философ, экономист, кадет партия-

сының мүшесі, екінші Мемлекеттік Думаның депутаты. П.Н.Милюков 

ірі тарихшы, көрнекті қоғам қайраткері, кадет партиясын ұйымдас-

тырушылардың бірі, Уақытша үкіметтің сыртқы істер министрі болған. 

Осы қоғам қайраткерлерінің Бөкейхановтың қоғамдық-саяси 

көзқарасының қалыптасуына тигізген ықпалы ұшан-теңіз. Жоғарыда 

атап өткен орыс зиялыларының көрнекті өкілдерін тарихта "батысшыл-

дар" деп атайды. Батысшылардың негізгі көзқарасы, саясаты Ресейдің 

мемлекеттік құрылысын батыс механизмімен қайта құру. Жергілікті 

феодалдық сарқыншақтардан бас тарту, көрнекті озық ойлы батыс 

идеяларын Ресейде кең таратып дамыту, халық ағарту ісін дамыту, 

ғылымның деңгейін көтеру, осында дамыған батыстың тәжірибелерін 

кеңінен қолдану. Бұлардың пікірі бойынша, өткеніне ғана сүйеніп 

отырған халық ешқашан дамымайды. Бұл обьективті шындық. XIX 

ғасырдың соңында Ресейдің мемлекеттік құрылысының дамуы 

жөнінде славянофильдер мен батысшылардың арасында қызу 

дискуссия болды. Әлихан Нұрмұхамедұлының еңбектерімен, 

мақалаларымен таныса отырып көзқарасында батысшылдық элемент 

басым екенін байқаймыз. Мемлекеттің, халықтың ғасырлар бойы 

жинақтаған бай тәжірибесінен бас тартып, озық ойлы Батысқа еліктеу 

бір жағынан дұрыс та, бұрыс та шығар, бірақ уақытты ұмытуға болмай-

ды біз қандай кезеңде өмір сүріп отырмыз. Мұны бүгінде өмір 

дәлелдеп отыр. Әр проблемаға екі жгқты қарау қажет. Сыңаржақты-

лық обьективтілікке апармайды. Мәселенің екі жағын да қарап, ішінен 

дәнін алу керек. Ғұлама ғалымның тоқтауы осы. 1917 жылғы ақпан 

төңкерісінен кейін Уақытша үкімет құрамындағы партиялас жақтас-

тары мен масондық бауырластары "империяның шекарасын сол 

Әлихан Бөкейханның туғанына туғанына 140 жыл 

қалпында сақтау үшін қазақ халқына автономия беруден бас тартты 

Осыған жауап ретінде Бөкейханов кедет партиясының қатарынан шық 

ты, масондық ұйымнан да бас тартты. Осындай жағдайда қалыптас-

қан ол енді «Алаш» партиясын ұйымдастыруға кірісті. 1913 жылдан 

шыға бастаған «Қазақ» газеті партияның саяси органы болды. «Қазақ» 

газеті ғасырдың басында қазақ қоғамының айнасы іспетті болды 

елдегі барлық саяси, әлеуметтік, экономикалық, мәдени, әдеби жаңа-

лықтардың бәрі осы газеттің бетінде жарық көрді. Осы газет бетінде 

қайраткердің 300 ден астам еңбегі жарияланған. «Қазақ» газеті 1917 

жылғы 24 маусымдағы санында бірінші жалпы қазақ съезінің күн 

тәртібіне арналған бас мақаласында болашақ қазак саяси партиясы 

туралы былай деп жазды; "Ресейде осы күнде түрлі саяси партиялар 

бар. Олардың көздеген мақсаттары бағдарламаларында айтылған 

Оны білетін адамдарға мағлұм, қай партияның болса да бағдарлама-

сы түп-түгел қазақ мақсаттарына үйлеспейді. Сондықтан біздің қазақ 

мақсаттарын түгел көздейтін, өз-алдына жеке партия құрылмайынша 

болмайды". Ә.Бөкейханов Сібір автономистерінің Томск қаласында 

өткен сьезіне қатысады.Томск сьезі Сібір үкіметінің құрамындағы Қа-

зақ Мемлекетіне автономия беруге уәде берді. 1917 жылдың 5-13 

желтоқсан күндері Орынбор қаласында қазақ мемлекеттігі 

туралы мәселе қараған екінші жалпы қазақ құрылтай жиы-

лысында Ұлт Кеңесі құрылды, оның аты Алаш-Орда деп 

аталды. Құрылтайдың күн тәртібінде тұрған ең негізгі мә-

селе - ұлттық автономия туралы Әлихан баяндама жасады. 

Алаш қозғалысына байланысты негізгі мәселелердің 

бірі Алаш-Орда үкіметі мен автономияның пайда болуының 

себептік негіздері қандай еді? 

"Шындығында өте терең, мемлекеттік аппаратының 

әрекет ету механизімі мен тура ұғынуға жол ашатын ғылыми 

принцип". Ал, енді әлемдегі жалпы орталық езгі атаулыға 

қарсы жаппай бас көтеру барысында мемлекеттік құры-

лымның пайда болуының тағы бір аса маңызды себебі бар 

екендігін өмір көрсетіп берді. Ол - ұлттық мүдде. 

«Ұлттық сана ұлттық теңсіздік болған жерде езілген 

елдердің табиғи талаптары мен мүддесін қорғайтын саяси 

институттарға сұраныс та қалыптасқан және соңғылар 

өмірге сөзсіз келеді». (Қойгелдиев М. Алашты бұғаудан 

қашан босатамыз. "Арай" 1990 №9) 

Осы негізде пайда болған мемлекеттің саналы түрде 

жалпы ұлттық мақсат - мұраттарға жол жеткізуді көздей-

тін шараларды іске асыруы да табиғи нәрсе. Өздерінің 

саяси еркіндігін елдердің бәрінде де осылай болған. Осы 

тұрғыдан қарағанда Алаш-Орданың құрылуы, оған Әлихан 

сияқты қайраткердің басшылық жасауы қазақ тарихында 

заңды құбылыс. Яғни ол Кеңес өкіметіне қарсы қол жинап 

соғысу үшін емес, туған халқын тәуелсіз үшін құрылды. 

Қазақ елінің өзінің қуатты дербес және тәуелсіз мемле-

кеті үшін күресі ХҮІІІ ғасырдан бері жүріп жатты. Сырым Датұлы, 

Исатай Тайманұлы, Жанқожа Нұрмұхамедұлы бастаған халықтың 

көтерілістерінің түпкі мақсаты, әрине, саяси бостандық болатын. 

Қазақтың соңғы ханы Кенесары Қасымұлы бастаған қозғалыс 

өткен ғасырдың дербес мемлекеттік үшін осындай күрестің шырқауы, 

шырқау биігі болды. Ал, Алаш қозғалысы осы күрестің жаңа заманда-

ғы логикалық жалғасы, сапалы да саналы жаңа түрі. Кешегі Кенесары 

жаңа замандағы Әлиханның арғы бабасы. Атаның жолын жалғастырған 

Әлихан Бөкейхан да Кенесары Қасымұлы сияқты халық тәуелсіздігі 

жолында өмірін сарп етті. 

1917 жылғы алдымен Ақпан онан соң Қазан төңкерісінің бұл кү-

реске үлкен сипат беріп, қазақ елінің өзінің дербес саяси мемлекеттігіне 

деген ынта-ықыласын ашық - анық білдіруге жағдай жасағандығын, 

алғы шарт қылғанын ешкім де жоққа шығармайды. 

Алаш партиясын қүрып, ұлт-азаттық қозғалысқа бағыт-бағдар 

беруші Әлихан Бөкейхан 1917 жылдың соңына қарай дербес ұлттық 

мемлекет құруға қолайлы сәт келді, қазақ қоғамын тәуелділік пен 

мешеуліктен құтқарудың жалғыз жолы, әрі тиімді құралы өзін-өзін 

басқарудың көрінісі болмақ деп тұжырмдады. Бұл белгілі қоғам 

қайраткерінің өте батыл тарихи шешімі. 

Бөкейханның сіңірген еңбегі алғашқы ұлттық мемлекеттің негізігі 

міндеттері мен мақсаттарымен, бағдарламасымен қазақ қоғамын 

таныстырды. Сол уақыттағы қазақ даласындағы қалыптасқан әлеу-

меттік - саяси, экономикалық ахауалға сүйене отырып, мемлекеттің 

стратегиясы мен тактикасы әзірледі. «Алаш-Орда» мемлекетінің 

тұңғыш басшысы ретіндегі Әлихан Бөкейханның сіңірген еңбегі әлі 

де болса өзінің тиісті бағасын алған жоқ. Бөкейханның шығармашы-

лық мұрасын зерттеушілердің қолында ол кісінің үш-төрт томға же-

терлік әзірге еңбектері мен мақалалары жинақталып отыр. Болашақ 

ғұмырнамашылары Әлихан Бөкейханның қоғамдық және ғылыми 

ағартушылық жұмыстарына белгілі дәрежеде ықпалын тигізген 

деректерін түгел қалпына келтіру керек. Бұл өмір талабы, жарқын 

болашақтың талабы. Сонда ол туралы қалыптасқан солақай саясатқа 

байланысты теріс пікір мен ұзақ уақыт ұмыт қалдырылған шындықты 

салыстыра қарап, әділ шешім жасауға мүмкіндік қалыптасады. 

Әлихан Бөкейхан ғасырдың басында орыс басылымдарында 

қазақтың рухани, әлеуметтік мәселелерін көтерген сан алуан мақала 

жазды. Ал қазақ басылымдарында саяси және экономикалық 

тіршіліктің қилы өзекті мәселелерін қозғай отырып, Ресей интеллиген-

циясын толғантатын озық ойларды аударып бастырды. Бір ғана 

"Қазақ" газетінің бетінде әр түрлі тақырыпқа арналған бізге белгілісі 

400-ден астам мақалаларын жариялаған. Осы еңбектері жан-жақты 

зерттеліп, тарихтан обьективті бағасын алу керек. 

1925 жылы Қ.Кемеңгерұлының еңбегінде Бөкейханның көзқарасы 

қоғамдық ой-пікірі, еңбегі туралы 

мәселе қозғалады: "Жүрегі бала, иманы 

таза, шыншыл, сенімшіл дариядай 

білімді Әлиханға қара тұрмыстың кіріне 

былғанып саясат сандарына түскенше, 

пән ғылым жолына түсіп жоспар 

көрсету керек еді, себебі ол кемеңгер 

білімімен Европаның таңдамалы 

алдыңғы қатарлы оқы-

мыстыларымен тең түс-

кен ғажайып ғұлама" -

деп баға береді. 



Камшат ЖАҚСЫЛЫҚҚЫЗЫ. 

ҚММ-ның қоғамдық ғылымдар 

кафедрасының оқытушысы. 

Балқантау.-2006.-11 сәуір.-5 б. 






©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал