Ынтымақтастықтың жаңа кезеңі



жүктеу 11.79 Kb.

Дата09.09.2017
өлшемі11.79 Kb.

Ынтымақтастықтың жаңа кезеңі 

 

Қазіргі уақытта Қазақстан мен Вьетнам арасындағы мәдениет пен білім 



саласындағы белсенді ынтымақтастық байланыс өз деңгейінде даму үстінде.  

Әсіресе, білім саласында атқарылған шара аз емес.   

Жуырда  әл-Фараби  атындағы  Қазақ  ұлттық  университетінің  жоғары 

оқу  орнына  дейінгі  білім  беру  факультетінде  шетелдіктердік  тілдік  және 

жалпы  білім беру  дайындығы  кафедрасының ұйымдастыруымен  «Қазақстан 

мен Вьетнам арасындағы ғылыми-мәдени байланыс» тақырыбында дөңгелек 

үстел өтті.    

Іс-шараға  факультет  оқытушы-профессорлары  және  Қазақстандағы 

Вьетнам  елшісінің  кеңесшісі  Хуин  Чан  және  Астана  қаласындағы  Вьетнам 

іскер  адамдар  қоғамының  жетекшісі  Фук  Нгуен  және  Астана  қаласындағы 

Вьетнам  елшілігінің  өкілдері,  Вьетнам  елінен  келіп  білім  алып  жатқан 

студенттер құрметті қонақ ретінде шақырылды.   

Кездесу  барысында  ЖОО-ға  дейінгі  білім  беру  факультетінің  деканы 

Ж. Е. Жаппасов факультет тарихымен, жалпы жағдайымен, білім жүйесімен, 

оқу-әдістемелік  жұмыстарымен  таныстырды.  Шетелдіктердің  тілдік  және 

жалпы  білім  беру  дайындығы  кафедрасының  меңгерушісі,  филология 

ғылымдарының докторы, профессор Г.Қ. Ихсангалиева кафедрада жүргізіліп 

жатқан  ғылыми  зерттеулердің  жаңа  бағыттарымен  таныстырып,  оқу-

әдістемелік  жабдықталуы,  ерекшеліктері  мен  басым  тұстары  туралы 

мәлімдеме  жасап,  тәжірибе  алмасу,  біліктілікті  арттыру,  ғылыми 

байланыстар орнату туралы ұсыныстар ұсынды.    

Қазақстандағы Вьетнам елшісінің кеңесшісі Хуин Чан «Қазақстан мен 

Вьетнам  арасындағы  ғылыми-мәдени  байланыс»  тақырыбында  баяндама 

жасап,  сондай-ақ  Астана  қаласындағы  Вьетнам  іскер  адамдар  қоғамының 

жетекшісі Фук Нгуен Вьетнам халқының тарихы мен дамуы жөнінде құнды 

деректер  келтіре  отырып,  екі  елдің  арасындағы  жоғары  оқу  орындарының 

тарихымен,  білім  берудегі  өзіндік  жүйесімен,  әдіс-тәсілдерімен,  қазіргі 

заманғы жаңалықтарымен таныстырып, ой бөлісті.  

Қазақ  халқының  қонақжайлығының  зор  ризашылық  сезіміне  бөленген 

Вьетнам  қонақтары  Қазақстан  мен  Вьетнам  елдерінің  ынтымақтастық 

байланыстарының одан әрі қарқынды дамуына үлкен сенім білдіретіндіктерін 

айтты.  


Тәжірибе алмасу және біліктілікті арттыру мақсатында өткен кездесуде 

екі жақты студенттермен және білікті, тәжірибелі оқытушылармен тәжірибе 

алмасу  туралы  әңгіме  жалғасын  тауып,  келген  қонақтар  факультеттегі 

мұражайды аралап, өз қызығушылықтарын білдірді.     

 

Шетелдіктердің тілдік және жалпы білім  



беру дайындығы кафедрасының доценті                            А.Е. Саденова 

 

 



 

 

 






©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал