Инновациялық технологиялармен үздіксіз жұмыс жасау – Ұстаз тәжірибесінің белсенділігі



жүктеу 20.68 Kb.
бет3/4
Дата03.11.2022
өлшемі20.68 Kb.
#23232
1   2   3   4
ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРМЕН ҮЗДІКСІЗ ЖҰМЫС ЖАСАУ – ҰСТАЗ ТӘЖІРИБЕСІНІҢ БЕЛСЕНДІЛІГІ
Ақпараттық технологиялар. Ақпараттық технологиялар ақпаратты алудың, қайта жасаудың, жеткізудің, сақтаудың және пайдаланудың әдістері мен құралдары. Апараттық технологияларды білім беру ісінде пайдаланудың мақсаты оқу процесіне қатынасушылардың дер кезінде тиянақты білім алуын қамтамасыз ету және оқытудың жоспарланған сапасына қол жеткізу болып табалады.

  • Проблемалық оқыту технологиясы. Проблемалық оқыту өзінің мазмұны мен құрылымы бойынша педагог пен білімгерлердің шығармашылық процестерін жинақтайтын оқытудың педагогикалық технологиясы болып табылады.

  • Кейс-стади технологиясы. Кейс-стади технологиясы кез-келген пәнді оқыту барысында қолдануға болады. Нақты жағдаят нақты дұрыс немесе дұрыс емес жауапқа ие бола алмайд, ол тек оқу материалы қызметін атқарады, сол арқылы білімгерлер талдауға, сөз сөйлеуге, пікір таластыруға, өз ойларын негіздеуге үйренеді.

  • Рефлексия. Өзін-өзі тану, өзіне-өзі баға беру әдісі және білімгерлердің оқу материалын белсенді қабылдауын қамтамасыз ететін педагогикалық технология.

  • Интеграциялық технологиясы. Курстар, оқу тақырыптары, оқу проблемалары және баска да оқытуды ұйымдастыру формалары деңгейінде әртүрлі пәндік білім, білік, дағдының интеграциясын қамтамасыз ететін дидактикалық жүйелер.

  • Тренинг технологиясы. Белгілі бір шешімдерді орындауға бағытталған іс-әрекеттер жүйесі. Оған тұлғаны санаткерлік дамыту және басқару міндеттерін шешу бойынша жүргізілетін психологиялық тренингтерді, іскерлік қарым-қатынас, тұлғаны дамыту, коммуникативтік біліктер тренингтерін де жатқызуға болады.

  • Жобалау әдістерін қолдану арқылы оқыту. Оқытудың басқа әдістерін толықтыру ретінде пайдаланылады. Жоба негізінен пәнаралық сипатқа ие болып, білімнің әр саласынан ақпаратты байланыстырып тұруды көздейді.

  • Этномәдениет технологиясы. Этнопедагогика материалдары арқылы гуманизм принципіне негізделген оқу-тәрбие процесін жетілдіру жүйесі.


  • жүктеу 20.68 Kb.

    Поделитесь с Вашими друзьями:
  • 1   2   3   4




    ©emirb.org 2022
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет