Инклюзивті білім беру жағдайында бастауыш сынып оқушыларымен жүргізілетін логопедиялық Қызмет көрсету



жүктеу 86.86 Kb.

Дата10.05.2017
өлшемі86.86 Kb.

243 

ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУ ЖАҒДАЙЫНДА БАСТАУЫШ СЫНЫП 

ОҚУШЫЛАРЫМЕН ЖҮРГІЗІЛЕТІН ЛОГОПЕДИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ 

ЖҮЙЕСІНІҢ МАҢЫЗЫ 



 

Мусеева Г.Н., п.ғ.м., оқытушы; Аймуханова А.Б., 2-курс магистранты; 

Садвакасова Н.А., п.ғ.м., аға оқытушы; Кударинова А.С., п.ғ.м., аға оқытушы; 

Ашимханова Г.С., п.ғ.м., аға оқытушы; Жусупбекова З.Д., п.ғ.м., аға оқытушы 

Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекетік университеті 

Қарағанды қ., Қазақстан Республикасы 

 

Бұл мақалада инклюзивті білім беру жағдайындағы логопедиялық қызмет көрсету жүйесі, оның мазмұны 



мен  мақсат-міндеттері  көрсетілген.  Сонымен  қатар,  кіші  мектеп  жасындағы  балалардың  сөйлеу  тілінің 

ерекшеліктері анықталып, оларға берілетін логопедиялық көмек түрлері айқындалған. 



Кілттік  сөздер:  инклюзивті  білім,  логопедиялық  қызмет  жүйесі,  сөйлеу  тілінің  бұзылыстары, 

логопедиялық түзету жұмысы, мұғалім-логопед. 



 

Инклюзивті  мектептегі  логопедиялық  қызмет  жүйесі  бастауыш  сынып  оқушыларының  сөйлеу 

тілі бұзылыстарын түзету үрдісінде маңызды орынның бірін алады. Логопедиялық қызмет жүйесінің 

негізгі  мақсаты – сөйлеу  тілінде  кемшіліктері  бар  балаларды  дер  кезінде  анықтап,  оларға  тиісті 

түзету-педагогикалық  көмек  жүйесін  көрсету  болып  табылады.  Осы  мақсаттарға  орай  бірқатар 

міндеттері  жүзеге  асырылып,  түзету-педагогикалық  жұмыстар  жүйелі  түрде  жүргізіліп  отырады. 

Логопедиялық  қызметтер  жүйесінің  міндеттері  жұмыс  бағытымен  өте  тығыз  байланыста  болады. 

Жалпы  логопедиялық  қызметтің  келесідей  бағыттары  бар:  диагностикалық,  түзету  жəне  алдын  алу 

бағыттары.  

Соңғы  жылдары  ғылым  мен  практиканың  жаңашыл  жетістіктерін  ескере  отырып,  нақты 

теориялық  негізделуі  бар,  алынған  нəтижелерді  бағалауды  біршама  жеңілдететін  сандық 

көрсеткіштер  жəне  саралауға  ұсынылған  диагностикалық  əдістемелер  кешенін  құрастырудың 

бастамалары  жасалып  келеді.  А.Р.  Лурия  ұсынған (1973), яғни  балаға  қойылған  диагноз  бен  түзету 

əдістемесін  нақтылайтын  неврологиялық  симптоматиканы  анықтаушы  нейропсихологиялық 

əдістемелер кешенін қолдану аса маңызды қызығушылықты тудырады. Сөйлеу тілі бұзылыстары бар 

балаларды  терең  зерттеу  үшін  И.Ф.  Марковская  жеке  тапсырмаларды  орындаудың  сандық 

көрсеткішерін қолданады (1977), ал ол өз кезегінде қойылған диагнозды нақтылайды.  

Дефектология  ғылымында  маңызды  орынды  кіші  мектеп  жасындағы  балалардың  сөйлеу  тілі 

дамуын  бағалауға  арналған  диагностикалық  жүйені  құру  тəжірибелері  алады.  Диагностикалық 

əдістемелерді  дəрігерлер  қолданады:  психоневрологтар,  психиатрлар,  невропатологтар  жəне 

дефектологтар,  сонымен  қатар  психологтар  мен  логопедтер.  Қолданылатын  диагностикалық 

əдістемелердің тиімсіздігі, диагностиканың əлсіздігі клиникалық, педагогикалық жəне логопедиялық 

тексеру мəліметтерімен көрінбей қалады. Көптеген жағдайларда дəрігер патологияның қандай да бір 

маңызды неврологиялық белгілерін таппай қалатынын жəне дамудағы ауытқушылық ерекшеліктерін 

анықтау  үшін  əдістемелерді  қолданатынын  айта  кеткен  жөн.  Қолданыстағы  тəжірибелердегі  тілдік 

бұзылыстарды  дифференциалды  түрде  диагностикалау  қиындатылған,  себебі  барлық  ұсынылған 

əдістемелер вербалды болып келеді [1, 43-48 б.].  

Диагностикалық  жəне  түзету  əдістемелеріне  келесідей  талаптар  қойылады:  материалдар  мен 

оларды  орындау  шарттары  балалар  үшін  барлық  көрсеткіштері  бойынша  барынша  қолжетімді  əрі 

түсінікті  болуы  керек;  əдістемелерге  кездейсоқ  себептердің  əсерін  болдырмайтын,  бірқалыпты 

тапсырмалар сериясы қосылуы керек.  

Қойылған  талаптарға  сəйкес  сөйлеу  тілін  диагностикалау  жəне  түзету,  артикуляциялық 

моториканы,  мимикалық  қимылдарды,  тілдің  просодикалық  жағын  (дауыстың  тембрі,  күші, 

интонациялық  мəнерлілік,  логикалық  екпін)  дамыту  бойынша  əдістемелер  таңдалып  алынды, 

бейімделді  жəне  өзгертілді.  Диагностикалық  жəне  түзетушілік  əдістемелер  бірнеше  өзара 

байланысқан  блоктардан  тұратын  жүйелік  ықпалды  болжайды.  Əр  қайсысына  өзінің  мақсаты, 

міндеттері, əдіс-тəсілдері, стратегиясы мен тактикасы тəн. 

І  блок – диагностикалық.  Мақсаты:  əрбір  отбасының  қауіп  факторын  анықтау,  түзету 

бағдарламасын  өңдеу.  Əдістері:  биографиялық  ақпараттарды,  медициналық  құжаттарды  талдау, 

балаларды  бақылаудың,  əңгімелесудің көмегімен тексеру,  сөйлеу  тілі  бұзылыстарын  (фонетикалық, 

лексикалық, грамматикалық) жəне неврологиялық симптоматиканы анықтау, перспективті жоспарды 

əзірлеу. 

Ре

по



зи

то

ри



й К

ар

ГУ



244 

ІІ  блок – түзетушілік.  Мақсаты:  түзету  үрдісінің  үйлесімділігі;  ішкі  отбасылық  дағдарысқа 

төтеп  беру;  тəрбиелеу  мотивтерін  саналы  түрде  тану  сферасын  кеңейту;  қарама-қайшылықтарды 

жою;  ата-аналардың  қаулысы  мен  ұстанымдарын  өзгерту;  ата-аналарға  баламен  қарым-қатынас 

жасасудың жаңа формаларын үйрету. 

Түзетушілік  болгы  екі  кезеңнен  тұрады:  біріншісі – дайындық,  оның  мақсаты – түзету 

жұмысының  қаулысын  құру,  сенімділікті  көтеру,  артикуляциялық  аппаратты  дайындау, 

фонематикалық  қабылдауды,  өзін-өзі  бақылауды  тəрбиелеу,  тілдік  диафрагмалық  тыныс  алуды 

қалыптастыру; екіншісі – негізгі кезең, мақсаты – тілдік бұзылыстарды түзету: өзіндік сөйлеу тіліне 

дыбыстарды дайындау, автоматтандыру жəне енгізу; сөйлеу тілінің лексикалық-грамматикалық жағы 

бойынша  жұмыстар.  Балада  сенімділік,  толыққандылық  сезімдері  пайда  болады.  Сөйлеу  тілін 

түзетумен  қатар  тұлғалық  түзетушілік  те  жүреді.  Əдістері:  балалар  үшін  топтық  жəне  жеке  түзету 

əдістемелері,  топтық  ата-аналарды  түзету  əдістемелері: «Ата-аналар  семинары»,  ата-аналар  мен 

балалардың біріккен сабақтар əдістемесі [2, 72 б.]. 

ІІІ  блок – бағалау,  бақылау.  Мақсаты:  тілдік  жəне  тұлғалық  даму  динамикасын,  тұрақтылық 

дəрежесін,  рецидивтің  жоқтығын  бағалау.  Əдістері:  ата-аналардың  есептері,  екіншілік  тексеру, 

бірінші жəне екіншілік тексеру нəтижелерін салыстырмалы түрде талдау. 

Сөйлеу тілі бұзылыстарын диагностикалау. Қазіргі таңда сөйлеу тілі бұзылыстарын түзету жəне 

диагностикалау мəселесі – аса өзекті мəселелердің бірі. Бұл таңғаларлық жайт емес, себебі Қазақстан 

өз  тарихында  ең  күрделі,  кеселді, сонымен  қатар динамикалық  кезеңді  басынан  өткеруде.  Күнкөріс 

деңгейі  төмен  отбасылардың  саны  шарықтап  кетті.  Сөйлеу  патологиясы,  оның  этиологиясы  мен 

логопат  балалардың  əлеуметтік  бейімделуі  мəселесі  бойынша  ғылыми  əдебиеттің  талдауына 

жүгінсек,  қазіргі  Қазақстандағы  балалардың  жағдайы  жұртшылықтың  көңілінде  негізделген  үрей 

тудырады. Балалардың тек 14%-ның дені сау, жартысының денсаулық жағдайында кемістіктері бар 

болса,  балалардың 35% созылмалы  сырқаттарға  шалдыққан. 1990 жылдары  «децелерация»  термині 

пайда болды. Ол балалардың дамуы мен өсуінің тежелуімен, яғни даму мен өсудің баяу қарқынымен 

сипатталады.  Бұл  қатерлі  топтың  балаларында  аса  жиі  кездесетін  құбылыс.  Əсіресе  көшіп-қонуға 

мəжбүр  болған  қашқындардың,  жалғыз  басты  аналардың,  жұмыссыздардың,  сондай-ақ  тұрмыс 

жағдайы нашар отбасылардан шыққан балалардың жағдайы аса мүшкіл.  

Логопедиялық тексерудің негізгі мақсаты – сөйлеу тілінің кемістіктерін анықтау, сөйлеу тілінің 

даму  ерекшеліктерін,  деңгейін,  оның  ойлау  деңгейіне  сəйкестілігін,  логопедиялық  түзету 

жұмыстарына қажетті жағдайды айқындау. 

Логопедиялық қызмет төмендегі бағыттарда жүзеге асады: 

1.  Диагностикалық  тексерудің  негізіне  сай  балаларды  арнаулы  білім  ұйымдарына  іріктеу  жəне 

балалардың  даму  деңгейіне,  психологиялық  даму  ерекшеліктеріне,  мүмкіншіліктеріне  сай 

педагогикалық қолайлы жағдайды анықтау. 

2.  Сөйлеу  тілінің  дамуында  əртүрлі  кемістігі  бар  туғанынан 18 жасқа  дейінгі  балаларды 

диагностикалау,  жеке  кеңестер  беру  (солардың  ішінде  арнаулы  түзету-педагогикалық  мекемелерге 

бағытталмаған балалар да жатады). 

3.  Мүмкіншілігі  шектеулі  балаларды  айқындау  жəне  статистикалық  есепке  алу,  оларға  қажетті 

көмек  беру  үшін  білім,  денсаулық  сақтау,  əлеуметтік  қорғау  мекемесімен  бірге  тығыз  байланыста 

жұмыстар жүргізу. 



Сөйлеу тілін тексеруге арналған əдістемелік нұсқау: 

Балалардың сөздерді дұрыс дыбыстау ерекшеліктерін анықтау үшін кеңінен танымал стандартты 

əдістемені  қолдануға  болады.  Балалардың  тек  жекелеген  сөздерде  ғана  емес,  фразаларды  айтқанда 

дыбыстарды  қалай  айтатынын  тексеру  аса  маңызды.  Осы  мақсатта  атауларында  тексерілетін 

дыбыстар  əр  түрлі  позицияларда  орналасқан  сюжеттік  суреттер  мен  заттардың  жиынтығы 

қолданылады.  Дыбыстарды  дұрыс  ажырату  дағдысын  қалыптастыру  үшін  балаға  атауларында 

жіктелетін  дыбыстардың  екеуі де болатын  суреттер  (з-с.  ж-ш,  б-п,  г-к,  л-р)  жəне атаулары бір  ғана 

дыбыспен ажыратылатын сөздер (тар-тал, ас-аш) ұсынылады [3, 58-61 б.]. 

Дыбыстардың  дұрыс  айтылуын  тексерген  кезде  дыбыстың  айтылмауын  немесе  алмастырылып 

айтуын  ғана  емес,  сондай-ақ  айтылудың  айқындығына,  нақтылығына,  олардың  жіктелуіне,  сөйлеу 

тілі қарқынының ерекшеліктеріне, сөйлеу тынысына да назар аудару қажет. 

Сөйлеу тілін зерттеу қорытындысы кестеге толтырылады, онда (+) белгісімен дұрыс дыбысталу, 

дыбыстарды жіктей білу, сөйлеу мен тыныс алудың қарқынын бағыттай білу дағдылары белгіленсе, (-

)  белгісі  дыбыстарды  түсіріп  айту,  оларды  жіктей  алмау,  сөйлеу  қарқынын  бағыттай  білуде 

бұзылыстарды білдіреді. Дыбыстар алмастырылып айтылғанда, тиісті торкөзде алмастырыған дыбыс 

көрсетіледі. 

Ре

по

зи



то

ри

й К



ар

ГУ


245 

Сөйлеу  тіліндегі  кемшіліктерді  дұрыс  түсініп,  тиімді  ықпал  жасауы  үшін  оны  жоюдың  ең 

ұтымды  жəне  үнемді  жолын  таңдап,  мүкістіктің  ішкі  сырының  ерекшелігін  жəне  оның 

ауқымдылығын  анықтап,  сөйлеу  тілі  жүйелерінің  қай  бөлігінің  зақымдалғанын  талдай  білуі  қажет. 

Тіл  кемшіліктері  сөйлеу  тілінің  фонематикалық,  лексикалық  жəне  грамматикалық  жақтарын  да 

қамтитыны  белгілі.  Бұл – сөйлеу  тілінің  фонематикалық  барысын,  сөздік  қорын,  грамматикалық 

құрылысын  жан-жақты  тексеру  деген  сөз.  Сөйлеу  тілі  кемшіліктерін  талдауға  жүйелі  тəсілді 

қолданудың,  сөйлеу  тілінің  қандай  да  бір  бөлігінің  бұзылғанын  анықтаудың,  сонымен  бірге  оның 

басқа  бөлімдерімен  қандай  байланысының  бар  екенін  шамалауға  мүмкіншілік  беретін  ерекшелігін 

маңызды  екендігін  мамандар  да  айтып  жүр.  Біздің  ойымызша,  сөйлеу  тіліндегі  дыбыстардың 

бұзылуы  көп  жағдайларда  сөйлеу  тілінің  фонетикалық  жағын,  ал  кейде  тіпті  фонетикалық-

фонематикалық  жəне  лексикалық-грамматикалық  жақтары  сияқты  жалпы  дамуын  да  қамтиды. 

Себебі,  сөйлеу  тілі  дыбыстарды  естіп  қабылдаудың,  ажыратудың  жеткіліксіздігі  дамуы  жекелеген 

дыбыстардың  айтылуындағы  бұзылысына  жəне  баланың  фонематикалық  түсінігінің  кешеуілдеп 

қалуына себепші болуы əбден мүмкін [4, 92-95 б.].  

Бастауыш  сынып  оқушыларымен  жүргізілетін  логопедиялық  жұмыстың  тиімділігін  арттыру – 

қазіргі кезде логопедияның негізгі мəселелерінің бірі болып отыр. Бала тұлғасын жан-жақты зерттеу 

сөйлеу  тіліндегі  бұзылыстарды  нақты  анықтауға  жəне  оларды  түзетуде  тиімді  əдістерді  қолдануға 

мүмкіндік  береді.  Оқушылардың  білім  алудағы  типтік  дербес  ерекшеліктері  жайлы  жазылған 

əдебиеттер  көптеп  кездеседі:  адамның  жоғарғы  жүйке  қызметінің  қасиеттері  туралы,  психикалық 

үрдістер  мен  танымдық  əрекеттерде  көрініс  беретін  темперамент  ерекшеліктері,  қабілеттілік 

жайында.  Сонымен  қатар,  сөйлеу  тілін  дамытудың  алғышарттары  жайлы  да  атап  өткен  жөн. 

Бастауыш сынып оқушыларының сөйлеу тілін дамытудың алғышарттары болып адекватты қоршаған 

орта, генетикалық бағдарламалау жəне талдағыштар жүйесінің саулығы болып табылады, толығырақ 

1-суреттен көруге болады. 

 

 



 

Сурет 1. Сөйлеу тілін дамытудың алғышарттары 

 

Логопедиялық түзету жұмысының мақсаты мен міндетіне байланысты төмендегідей кезеңдерге 



бөлу тиімді: 

Дайындық кезеңі; 



Дыбысты қою кезеңі; 

Дыбысты дұрыс айтуға машықтандыру кезеңі; 



Дыбысты ұқсас дыбыстардан ажырату кезеңі. 

Аталған  кезеңдердің  арасында  айқын  шекара  жоқ – біріншісінің  аяқталуы  екіншісінің 

басталуына ұласып кетеді.  

Дайындық кезеңі. Бұл кезеңнің негізгі мақсаттары: 

баланы түзету жұмысына ынталандыру; 



тапсырмаларды саналы түрде орындауға үйрету; 

зейінін, қабылдау, есте сақтау, ойлау қабілеттерін дамыту; 



артикуляцияны дұрыс қалыптастыру; 

дыбысты қабылдау жəне ажырату. 



Дайындық  кезеңінде  артикуляцияны  дұрыс  қалыптастыруға  бағытталған  арнайы  жаттығулар, 

ұсақ  моториканы  дамытуға  арналған  саусақ  жаттығулары  жəне  тыныс  алу  жаттығулары  жасалады. 

Жаттығулар балаға түсінікті, қолжетімді, жəне мүмкіндігінше, алдын ала жатталған болуы қажет. 

Түзету жұмыстарының табысты жүзеге асуы мұғалім-логопед пен бастауыш сынып оқушылары 

арасындағы тығыз байланысқа тəуелді болады. 

Ре

по



зи

то

ри



й К

ар

ГУ



246 

Мұғалім-логопедтің сыныпқа келуін сынып жетекшілер əдетте аса абайлықпен қарайды. Себебі 

мұғалімдер, əсіресе жоғарғы буын мұғалімдері мектептегі логопедиялық қызметтің мақсатын дұрыс 

түсіне  бермейді.  Олар  логопед  тек  дыбыс  айту  кемшіліктерін  ғана  түзету  керек  деп  ойлап,  барлық 

дыбыстарды  дұрыс  айтатын  балаларды  логопедиялық  сабаққа  тіркеген  себебін  түсінбейді.  Соның 

салдарынан қарама-қайшылықтар туындайды. 

Мұндай  жағдай  болмауы  үшін  мұғалім-логопед  педагогикалық  кеңестерде  сөз  сөйлеп, 

оқушыларда  кездесетін  сөйлеу  тілінің  бұзылыстары  туралы,  олардың  қалайша  сабақ  үлгерімдеріне 

əсер  ететіндігі  жайлы  хабардар  етуі  керек.  Логопед  өзінің  хабарламасында  сонымен  қатар,  түзету 

жұмысының мазмұны, оның ұйымдастырылуы, ана тілі мен тіл дамыту сабақтарымен байланыстарын 

атап  өткені  жөн.  Тəжірибе  көрсеткендей,  бастауыш  сынып  мұғалімдері  мектептегі  логопедиялық 

қызметтің мақсаты мен міндеттерін жақынырақ білгеннен соң, олар логопедтің жұмысына объективті 

жəне жоғары қызығушылықпен қарай бастайды.  

Оқу  жылы  бойы  мұғалім-логопед  бастауыш  сынып  оқушыларының  əдістемелік  бірлестіктеріне 

қатыса  отырып,  өзінің  хабарламаларын  айта  алады.  Логопед  толық  жəне  детальды  түрде  бастауыш 

сынып  мұғалімдеріне  сөйлеу  тілі  бұзылыстарының  спецификасы  мен  түрлері  туралы  айтып,  сол 

бұзылыстар  оқушылардың  жазу  жəне  оқу  іскерліктеріне  қаншалықты  əсер  ететіндігін  сипаттап 

береді. Сонымен қатар, үлгермеуші оқушыға мұғалімнің дифференциалды ыңғайды қолданғаны жөн 

екенін ескереді.  

Əдістемелік  бірлестіктерде  бастауыш  сынып  мұғалімдеріне  логопедиялық  жұмыстың  əдістері 

мен  тəсілдері  туралы  мақсатты  түрде  айту  керек,  өйткені  бастауыш  сынып  мұғалімдері  логопед 

жұмысының жеке тəсілдерімен қаруланып, оларды тиімді түрде өз сабақтарында пайдаланады. 

Логопедиялық жұмыстың ерекшелігімен бастауыш сынып мұғалімдері толық таныс болуы үшін 

логопед бір немесе бірнеше ашық сабақтар өткізе алады. 

Мұғалім-логопед ана тілі мен тіл дамыту сабақтарына оқытудың мазмұны мен əдістерін жақсы 

білуі  керек,  сонымен  қатар  сыныпта  қандай  уақытта  жəне  қандай  тақырып  бойынша  өтетінін  білуі 

қажет,  себебі  логопед  өзінің  сабақтарында  ана  тілі  жəне  тіл  дамыту  пəндерінің  бағдарламалық 

талаптар деңгейін ескеруі міндетті [5, 35 б.]. 

Түзету  жұмысының  маңызды  жағдайларының  бірі  логопат-оқушыға  мұғалім  мен  логопед 

жағынан  бірдей  талаптардың  берілуі  болып  табылады.  Логопат-оқушының  жұмыстарын  өте 

абайлықпен  бағалау  керек  екендігін  логопед  бастауыш  сынып  мұғаліміне  барлық  күшін  салып, 

көндіруі  қажет.  Себебі  мұндай  оқушылар  қанша  тырысып,  қызығушылығын  танытса  да, 

тапсырмаларды, əсіресе мектепте қабылданған нормаға сəйкес жазу жұмыстарын орындай алмайды. 

Сондықтан  логопедтің  ең  бірінші  міндеті – мұғалімнің  барлық  зейінін  логопаттық  сипатындағы 

қателерді  оқушының  жұмыстарын  бағалау  барысында  саналмауға  аудару  керек,  екіншіден  педагог 

логопаттық  қателерді  оқушының  грамматикалық  ережелерді  меңгермеуімен  шартталған  қателерден 

айыра білуін үйрету қажет.  

Мұғалім-логопедтің жұмысына логопедиялық пунктке тіркелген балалардың ата-аналары үлкен 

көмек көрсете алады.  

Логопед алғаш рет логопедиялық пунктке тіркелген оқушылардың ата-аналарымен қыркүйектің 

ортасында, яғни логопедиялық топтарды топтастырып болғаннан соң кездеседі. Көп жылғы тəжірибе 

көрсеткендей,  көптеген  ата-аналар  мұғалім-логопедтің  балалармен  қандай  жұмыс  жүргізетінін 

білмейді.  Сонымен  қоса,  кейбір  ата-аналар  өз  баласының  логопедиялық  пунктке  тіркелгеніне  теріс 

көзқарасын  білдіріп,  түсінбеушіліктер  туындап  жатады.  Сондықтан  мұндай  жағдайлар  туындамас 

үшін,  мұғалім-логопед  қыркүйектің  басында  ата-аналар  жиналысына  қатысып,  логопедиялық 

жұмыстың  мақсаты  мен  міндеттерін  қысқаша  түрде  айтып,  ата-аналарды  таныстырғаны  дұрыс. 

Əдетте  логопед  сөйлеу  тілінің  фонематикалық  жəне  лексикалық-грамматикалық  бұзылыстары 

барлық жағдайда дыбыс айту бұзылыстарымен қатар жүрмейтіндігін, сондықтан ата-аналары ондай 

бұзылыстарды  көрмейтіндігін  айтады.  Алайда,  дəл  осы  бұзылыстар  оқушының  мектеп 

бағдарламасын  толық  меңгеруіне  əсер  етіп,  бірқатар  пəндер  бойынша  тұрақты  түрде 

үлгермеушіліктер пайда болып жатады.  

Балаларда  кездесетін  сөйлеу  тілінің  бұзылыстары  көп  жағдайда,  ерте  жасында  дұрыс  тілдік 

тəрбие  алмағандығы  салдарынан  болатыны  бұрыннан  белгілі.  Көп  жағдайда  олар  сөйлеу  тілінің 

лексикалық-грамматикалық  жағы  бұзылыстарына  жатады.  Ғалымдардың  зерттеулері  бойынша, 5 

жасқа дейінгі қалыпты дамып келе жатқан бала 2,5-3 мың сөзді меңгеруі керек. Осылайша, баланың 

дамуында  отбасындағы  дұрыс  тəрбиенің  маңызды  рөлге  ие  болады.  Жəне  бұл  ойды  ата-аналардың 

қаперіне  логопедтен  басқа  ешкім  жақсылап  жеткізе  алмайды.  Тəжірибеде  мынандай  жағдайлар 

болған:  мектепте  үлгермейтін  жасөспірім  баласы  бар  ата-ана  логопедтің  сөз  сөйлеуін  тыңдағаннан 

Ре

по

зи



то

ри

й К



ар

ГУ


247 

кейін «Егер де мен мұны ертерек білгенімде ғой!» деп, көзіне жас алып, қайталаған. Логопедиялық 

білімдерді үгіттеу логопед жұмысының ажырамас бөлігі болуы керек.  

Бұл іс-əрекетті мақсатты түрде балабақшаларда, яғни мектептің логопунктіне сол балабақшадан 

келетін балалардың ата-аналарына арналған дəрістерді оқудан бастау керек. Өзінің мектепке дейінгі 

жастағы  балалардың  ата-аналары  алдындағы  сөз  сөйлеуі  барысында  логопед  сөйлеу  тілінің 

бұзылыстары,  олардың  көбінесе  отбасындағы  бұрыс  тəрбиемен  шартталатындығы  туралы  айтады, 

жəне бұл бұзылыстар баланың мектепте үлкен жетістіктерге жетуіне кері əсер ететіндігін ескертеді. 

Сонымен  қатар,  дəрісте  баланың  дұрыс  тілдік  дамуына  қажетті  орта  құру  бойынша  əдістемелік 

ұсыныстарды  да  ашып  айтқан  дұрыс.  Балаларының  жанында  үнемі  ата-аналары  болатындықтан, 

олармен  əрдайым  сөйлесіп,  оның  зейінін  қоршаған  ортадағы  заттардың,  яғни  олардың  аттарын 

атауға,  олар  қандай  мақсатта  қолданылатыны  жəне  бұл  заттар  қандай  материалдардан  жасалғаны 

туралы сұрағаны жөн екенін логопед ата-аналарға айтуы тиіс. Баланың сөздік қоры ауқымды əрі бай 

болуы оның ойлау қабілетін терең етеді [6, 102 б.]. 

Мүлдем  түсініксіз  сөздерді  ересектерден  сұрау  керек  екендігін  кішкентай  балаға  үйретіп  қою 

керек. Кез келген балаларға арналған кітаптарда, яғни ата-аналары баласына оқып беретін кітаптарда 

оған түсініксіз сөздер жиі кездеседі. Сондықтан, бала түсінбеген сөзінің мағынасын сұраса, оқылған 

мəтінді  тек  тыңдап  қана  қоймай,  оны  терең  ойлап,  түсінгісі  келеді  деген  тұжырымдамаға  тоқталу 

қажет. Сөздік жұмыссыз, түсінбеген сөздерін жəне сөз тіркестерін түсіндермейінше кез келген кітап, 

соншалықты өте қызық кітап болса да еш пайдасы болмайды [7, 25 б.]. 

Əрі  қарай  логопед  баланың  кітап  мазмұнын  дұрыс  əрі  бірізділікпен  айтып  беруі,  өзінің  ойын 

толық жеткіз алуы өте маңызды екенін айтады. Бұл іскерлік те мектепке дейінгі кезеңде қалыптасуы 

керек. 

Логопедиялық  үгіт-насихат  мақсатында  логопед  логопунктке  тіркелген  мектептерде  жалпы 



мектептік  жиналыстарға  қатысады.  Бұл  хабарламаға  арналған  материалдарды  логопед  өзінің 

педагогикалық  кеңестерде,  əдістемелік  бірлестіктерде  жəне  ата-аналар  жиналыстарында  сөйлеген 

сөздерін таңдай алады.  

Сонымен  қатар,  логопедиялық  білімдерді  үгіттеу  мақсатында,  яғни  логопед  өзінің  мектептегі 

орнын,  мектептік  білімдерді  меңгерудегі  тілдік  бұзылыстардың  маңыздылығын,  сонымен  қатар 

логопед мамандарға дер кезінде қаралу қажеттігі туралы жалпы ақпараттар құралдарын (журналдар, 

газеттер, радио, телебағдарламалар) пайдалану арқылы жүзеге асыруға болады.  

Логопед педагог ретінде өз жұмысының шебері ғана болып қоймай, сонымен қоса ағартушы да 

болуы  керек,  себебі  ағартушылық  іс-əрекет  балалардағы  сөйлеу  тілінің  бұзылыстарын  алдын  алу 

(профилактикасы) бойынша жұмыс болып табылады. 

Бaлaның тiлдiк жүйeнi мeңгepyi oның нeгiзгi пcихикaлық пpoцecтepiн қaйтa құpaды, cөйтiп, cөз – 

пcихикaлық  əpeкeттi  қaлыптacтыpaтын  күштi  фaктop peтiндe  қoлдaнылaды. Oл  зepдeнiң, ecтiң, 

қиялдың, oйлay мeн əpeкeттiң жaңa түpлepiн жacaп шығapaды. Бaлaның тiлдi тoлық мeңгepyi – oның 

қapым-қaтынacының  жoғapы  дeңгeйгe  көтepiлгeндiгiн  көpceтeдi, oның  жeкe  тұлғacының 

қaлыптacyынa  жoл  aшaды.  Қopытa  кeлгeндe,  тiл – əлeyмeттiк  бeйiмдeлyдiң  eң  тaмaшa  жoлы.  Тiл 

дaмытy жұмыcтapы бapлық caбaқтapдa өткiзiлуі тиіс.  

 

Əдебиеттер: 



1.  Багель  О.А.  Индивидуальный  подход  при  коррекции  речевых  нарушений  у  младших  школьников // 

Школьный логопед. – 2007. – №1(16). – Б. 43-48. 

2.  Лaлaeвa P.И.,  Бeнeдиктoвa  Л.В.  Диaгнocтикa  и  кoppeкция  нapyшeний  чтeния  и  пиcьмay  млaдших 

шкoльникoв. - Caн.- Пeтepбypг. Изд-вo «Coюз», 2003.- 254 б. 

3.  Кopнeв A.Н.  Нapyшeния  чтeния  и  пиcьмay  дeтeй  (диaгнocтикa,кoppeкция,  пpeдyпpeждeниe). - Caн.- 

Пeтepбypг, Издaтeльcкий Дoм «МиМ», 1997.- 265 б. 

4.  Aхyтинa  Т.В.  Тpyднocти  пиcьмa  и  их  нeйpoпcихoлoгичecкaя  диaгнocтикa. // Пиcьмo  и  чтeниe: 

тpyднocти oбyчeния и кoppeкция. - М.-Вopoнeж, 2001. – 208 б. 

5.  Өмipбeкoвa  Қ.Қ.,  Өмipбeкoвa C.Ж.  Фoнeтикacы,  фoнeмaтикacы  тoлық  дaмымaғaн  бaлaлapды  oқытy 

жəнe тəpбиeлey.A.2002. – 50 б. 

6.  Лaлaeвa P.И. Лoгoпeдичecкaя paбoтa в кoppeкциoнных клaccaх. — М.: ВЛAДOC, 2001. – 451 б. 

7.  Карапетян  С.Г.  К  проблеме  ранней  диагностики  речевых  нарушений // Открытая  школа, 2012, №9 

(120), Б. 24-26. 

 

 

 



 

Ре

по



зи

то

ри



й К

ар

ГУ






©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал