Информатика пәні – АҚпараттық ҚОҒам негізі жантілеуов М. О



жүктеу 40.61 Kb.

Дата15.05.2017
өлшемі40.61 Kb.

ӘӨЖ 801.1(342) 

 

 

ИНФОРМАТИКА ПӘНІ – АҚПАРАТТЫҚ ҚОҒАМ НЕГІЗІ 

 

Жантілеуов М. О 

Ш. Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг 

университеті, Ақтау қ-сы 

 

Ғылыми жетекші – Сулейменова Б.Б.,ф.-м.ғ.к., ЖАК доценті  



 

ХХІ ғасыр – бұл ақпараттық қоғам дәуірі, технологиялық мәдениет дәуірі, айналадағы 

дүниеге, адамның денсаулығына, кәсіби мәдениеттілігіне мұқият қарайтын дәуір.       

Қазақстанның  тәуелсіз  мемлекет  ретінде  қалыптасуы  орта  білім  беру  жүйесінің 

дамуымен тығыз байланысты. Қай халықтың, қай ұлттың болсын толығып өсуіне, рухани 

әрі мәдени дамуына басты ықпал жасайтын тірегі де, түп қазығыда – мектеп.         

Ақпараттық  бірлікті  қалыптастыру:  мектептің  материалдық  –  техникалық  базасына; 

ақпараттық  қоғам  саясатының  мақсаты  мен  міндеттеріне;  оқушылардың  ақпараттық 

мәдениетін  қалыптастыру  жүйесіне;  оқушылардың  жас  ерекшеліктері  мен  меңгеру 

қабілеттеріне,  педагог  мамандардың  информатикадан  білім  деңгейлерінің  сапасы  мен 

шеберліктеріне, оқу - тәрбие бағытының ақпараттық қоғам бағытымен өзара байланысына 

тәуелді 1. 

XXI  ғасыр  –  ақпарат  ғасыры  болғандықтан  адамзатқа  компьютерлік  сауаттылық 

қажет.  Бүгінгі  таңда  мектеп  пәндерін  компьютер,  интерактивті  құралдардың  көмегімен 

оқыту нәтижелерін зерттеудегі ғылыми проблемаларды шешу ең басты орын алады. Бұған 

себеп 


оқыту 

процесінде 

туындайтын 

компьютерлендірудің 

педагогикалық- 

психологиялық жаңа проблемалары әлі толық шешілмегені. 

XXI  ғасырда  ақпараттанған  қоғам  қажеттілігін  қанағаттандыру  үшін  білім  беру 

саласында мынадай міндеттерді шешу көзделіп отыр: компьютерлік техниканы, интернет, 

компьютерлік  желі,  электрондық  және  телекоммуникациялық  құралдарды,  интерактивті 

құралдарды,  электрондық  оқулықтарды  оқу  үдерісіне  тиімді  пайдалану  арқылы  білім 

сапасын көтеру. 

           Мектепті  ақпараттандыруға  осылай  мемлекет  тарапынан  үлкен  экономикалық 

қолдау  көрсетіліп,  оны  оқыту,  үйрету  мәселесі  бүкіл  халықтық  деңгейге  көтерілсе  ғана 

біздің  еліміз  өндірістің  жоғары  психологиясын  меңгерген  дүиежүзілік  бәсекеге  төтеп 

беретін,  өндіріс  өнімдерін  өндіре  алатын  алдыңғы  қатарлы  мемлекетке  айналады.  Ол 

дәрежеге  жетуге  қажетті  білім  алуына  біздің  жас  ұрпақтың  қабілетінің  жететініне  сенім 

мол. 

 

Қазіргі  қазақстандық  білім  беру  жүйесіне  жаңа  кредиттік  оқыту  жүйесі  және 



басқада  елдердің  оқу  орындарымен  студенттер  мен  оқытушылардың  2  аптадан  бастап  2 

семестрге  дейін  орын  алмасып  (мобильность)    оқуы  немесе  жұмыс  жасауы сияқты  жаңа 

іс-тәжірибе  алмасу  түрлері  кіріп  жатыр.    Бұл  әсіресе  біздер,  яғни  студенттер  үшін  өте 

қуанышты  жағдай,  себебі  сол  белгілі  бір  шет  елге  барып,  ол  елдің  жоғары  оқу  орнын 

көріп, ондағы оқу ісінің орындалуын, қалай дәріс оқылады, қалай зертханалық  жұмыстар 

жасалатынын, немесе сабақтың басқада түрлерінің орындалу түрлерін студент өз көзімен 

көріп келгені ол студент үшін үлкен бір есте қаларлық, ойға ой қосатын  жағдай. Алған іс 

тәжірибесін  елге  келгенде  басқада  студенттермен  талқыға  сала  отыра  білім  сапасын 

көтеруге қандай тиімділігі барын бөлісіп, қойылған мақсатқа жетулеріне күмән жоқ екені 

белгілі.  Мәселен  мен  Германиянын  Вильдау  деп  аталатын  техникалык  университетіне 

2009-2010  оку  жылында  1  жылга  барып  келдім.  Осы  іс-сапар  кезінен  мысал  келтіре 

кетейін, дамыған Германия еліне қарайтын болсақ, оларда технологиялар жақсы дамыған. 

Студенттерге,  оқушыларға  көптеген мүмкіндіктер  бар.  Интернет  жүйесі,  барлығы  дерлік 


компьютерленген. Ол жерде жас баладан, қарттарға дейін компьютерлік техниканы жақсы 

меңгерген.  Олай  болатын  себебі,  мектеп  жасында  информатика  және  де  басқа  сабақтар 

толық  ақпараттық  технологиямен  қамтамасыз  етуілуінде.  Яғни,  жаңа  ақпараттық 

технологияны  оқу  үдерісіне  тиімді  қолдану-сапалы  білім  берудің  негізгі  факторы  болып 

отыр.  Екіншіден,  білім  сапасының  жоғарылығы  -  сол  жаңа  технологияларды  өз  елінде 

шығаруында.  

Қазіргі  қоғамды  ақпараттандыру  жағдайында  оқушының  жеке  тұлғалығын 

қарастырып,  ақпараттық  қоғамда  өмір  сүруіне,  сонымен  қатар,  оның  ақпарат  ағымында 

дұрыс  бағдар  жасап,  тиімді  шешім  табуына  қажет  жаңа  ақпараттық  технологияларды 

таңдап  алу  және  оларды  қолдану  қабілеттілігін  қалыптастыруда  информатика  пәнінің 

маңызы  зор.  Қоғамда  болып  жатқан  әлеуметтік  демократиялық  өзгерістерге  сәйкес 

компьютерлік  техника  мен  ақпараттық  технологиялардың  қарқынды  даму  салдарынан 

информатика курсын оқытуға қойылатын талаптар күн сайын ұлғаюда2. 

Информатиканы  оқытуда  өзекті  мәселелердің  бірі  –  сыныптан  тыс  жұмыстарды 

ұйымдастыру  болып  табылады.  Олай  дейтін  себебіміз  оқушылардың  шығармашылық 

қызметінің дамуы көбінесе сыныптан тыс жұмыстар барысында жүзеге асады. ХХІ ғасыр 

ақпарат  ғасыры  болғандықтан  мектепте,  арнаулы  оқу  орындарында  оқытылатын 

информатика  пәнінің  орны  ерекше  және  оны  сыныптан  тыс  жұмыстарды  ұйымдастыру 

барысында  жүзеге  асады.  Оқушылардың  информатика  пәніне  қызығушылығын  арттыру, 

ой-өрісін  және  танымдық  қабілеттін  дамыту,  шығармашылыққа  баулу,  өз  ойын  еркін 

жеткізе  білу  және  өткенді  шапшаң  еске  түсіру  дағдыларын  қалыптастыру  мақсатында 

сыныптан тыс өткізілетін түрлі шаралардың маңызы зор. Бүгінгі ақпараттық қоғамда өмір 

сүруге  лайық  жан  -  жақты  дамыған  жеке  тұлғаны  қалыптастыру  үшін  мектепте 

оқытылатын  пәндер  бойынша  оқушының  шығармашылық  қабілетін  дамытатын  әртүрлі 

сабақтан тыс жұмыстар ұйымдастыру қажет екені белгілі3.  

Осындай  жұмыс  түрі  информатика  курсы  бойынша  жүргізілетін  сабақтан  тыс 

жұмыстардың  бірі  -  оқушылардың  ғылыми-зерттеу  жұмысын  ұйымдастыру.  Мәселен, 

Маңғыстау  облысында  Ақтау  қалалық  білім  бөлімінің  ұйымдастыруымен  немесе 

Маңғыстау  облыстық 

білімді  ақпараттандырудың  оқу-әдістемелік 

орталығының 

ұйымдастыруымен мектеп оқушыларының «Ана - әлемдегі ең қастерлі есім!» атты слайд-

шоу  сайысы,  «Жас  зерттеуші»  тақырыбында    қалалық,  облыстық  сайыстар  өткізіліп 

тұрады. Осы сайысқа қатысу барысында оқушы қаншама компьютерлік бағдарламалармен 

жұмыс  жасап  шынығады.  Әсіресе,   Мove  Maker,  CorelDraw,  Macromedia Flash,  FrontPage 

т.б.    Осы  компьютерлік  бағдарламалармен  жұмыс  жасау  -  оқушылардың  түрліше  ойлау, 

шығармашылық қабілеттерін дамытуда маңызды рөл атқарады. Бұдан 5-7 жыл бұрын тек 

Windows  ортасында жұмыс жасап білсе немесе MS Word , MS Excel  бағдарламаларымен 

жұмыс  жасап  білсе,  ал  бүгінгі  таңда  оқушылар  CorelDraw  сияқты  графикалық 

редактормен  жұмыс  жасайды,  немесе  Macromedia  Flash  программасымен  жанбітірім 

жасап  біледі,  немесе  FrontPage  бағдарламасымен  веб-сайт  жасап  дайындатын  дәрежеге 

жетіп  отыр.  Олай  болса,  бұдан  бір  бес  жыл  бұрын  информатика  пәні  бойынша  сабақтан 

тыс  жұмыстарды  зерттеуге  арналған  еңбектер  өте  аз,  тіпті  жоқтың  қасы  еді.  Бұл  мәселе 

бүгінде оң шешімін табуда. 

Егер  информатикадан  ұйымдастырылған  ғылыми  –  зерттеу  жұмыстарын  өткізу 

әдістемесі  оқу  процесіне  енгізілсе,  қоғамдағы  және  табиғаттағы  процестерді  зерттеу 

элементтері 

мен 


ғылыми 

көзқарасы 

қалыптасып, 

информатика 

пәніне 

деген 


қызығушылығы  артады.  Оқушының  оқу  мүмкіндігі  мен  қажеттілігі,  оқуға  мүдделілігі 

толық  іске  асырылуы  негізінде  тұлғалық  даму  мүмкіндігі  пайда  болады.  Өзіндік 

шығармашылық  ойлау  жүйесі  қалыптасып,  білім  деңгейі  жоғарылайды.  Оқушылардың 

информатикадан  алған  теориялық  білімдері  мен  біліктерін  тексеру  мақсатында  – 

сыныптан тыс жұмыстарды, сайыс сабақтарын көп дайындау керек. Сонда оқушылардың 

информатика пәніне деген қызығушылығы артады, өзіндік шығармашылық ойлау  жүйесі 

қалыптасып, білім деңгейі жоғарылайды4. 


Біз бейбіт елде, мемлекеттік білімді жетілдіруге аса мән берген елде тұрамыз. Жалпы 

білім  берудің  мақсаты  –  терең  білімнің,  кәсіби  дағдылардың  негізінде  еркін  бағдарлай 

білуге,  өзін  -  өзі  дамытуға  адамгершілік  тұрғысынан  жауапты  шешімдерді  қабылдауға 

қабілетті  жеке  тұлғаны  қалыптастыру,  яғни  жеке  тұлғаны  қалыптастыруға  негізделген, 

ақпаратты  технологияны  терең  меңгерген,  жылдам  өзгеріп  жататын  бүгінгі  заманға 

лайықты,  жаңашыл  тұлғаны  қалыптастыру.  Бүгінде    қазақстандық  мектептерде 

«Мектептен шығатын түлек  қандай болу  керек?» деген сұрақ туындап отыр. Бұл сұраққа  

2010  жылы    ҚР  БжҒМ  дайындауымен  «ҚР  білім  беруді  дамытудың  2011-2020  жылдарға 

арналған  Мемлекеттік  Бағдарламасы»  қабылданып,    Елбасы  Н.Ә.Назарбаевтың  №1118 

жарлығымен      бекітілді.  Осы  бағдарламада  «Бүгінгі  мектептен  кез-келген  ситуациядан 

шыға 

алатын 


ақпараттық-коммуникациялық 

құзырлылығы 

қалыптасқан 

түлек 


дайындалып  шығу  керек»  -  деп  атап  көрсетілген.  Тағы  айта  кететін  жағдай,  осы 

Мемлекеттік  Бағдарламаның  бір  бағыты:  E-learning  -  электронды  оқыту  жүйесінің 

қазақстандық  білім  жүйесіне  енуі.  Олай  болса  мектепте  информатика  пәні  –  ақпараттық 

қоғам негізі деп айтуға болады 5. 

 

Әдебиеттер 

1.  Бидайбеков Е.Ы., Мұхамбетжанова С.Т  «Тұрақты  даму  үшін білім беру: Ақпараттық-

коммуникациялық технологияларды сапалы білім берудің шарты ретінде оқу үдерісіне 

енгізудің  әдіснамалық  негіздері» Халықаралық  ғылыми-тәжірибелік  конференцияның 

материалдар жинағы, 27-28 шілде, 2010ж., Алматы қ.  

2.  Халықова  К.З  Информатиканы  оқыту  әдістемесі.  Алматы,  2000.Нургалиева 

Г.К.Цифровые  интерактивные  мультимедийные  образовательные  ресурсы.-Алматы, 

2007.-23 с. 

3.   Кудинова  В.И.  Внеклассная  работа  по  информатике.  М.,  2001  N  1.  Информатика  и 

образование.   

4.  Жапарова Г.Ә.Информатика негіздері:Оқу құралы.–Алматы: Экономика, 2006.-296 б. 

5.  «ҚР 


білім 

беруді 


дамытудың 

2011-2020  жылдарға  арналған  Мемлекеттік 



Бағдарламасы»; 

 




©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал