Информатика мамандығы ҥшін Алматы, 2012




бет9/15
Дата22.04.2017
өлшемі6 Kb.
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   15

4.
 
Ӛлшемді жазу қҧралдары. 
5.
 
Редакциялау қҧралдары. 
6.
 
Жҧмыс ортасын баптау қҧралдары. 
7.
 
Объектіні қисыққа тҥрлендіру. 
 
a.Қисық моделі  
CorelDRAW  жұмыс  істейтін  сызықтар  модельінде  екі  түсінік негізге  алынады:  түйін 
және  сегмент.  Бейне  жазықтығындағы  қисық  сегменттің  бір  ұшын  кӛрсететін  нүктені  - 
түйін  деп  атайды.  Сегмент  -  деп  екі  қатар  орналасқан  түіндерді  қосатын  қисықтың  бір 
бӛлігін  айтады.  Түйіндер  мен  сегменттер  бір-бірімен  тығыз  байланыста:  тұйықталған 
сызықтарда  сегменттер  саны  мен  түйіндер  саны  тең,  ал  тұйықталмаған  сызықтарда 
түйіндер саны 1-ге артық. 
    Кез  келген  сызық  CorelDRAW-да  түіндер  мен  сегменттерден  тұрады,  қисықтарға 
қолданылатын  барлық  операциялар  солармен  жұмыс  істейді.  Жалпы  сипаты  бойынша 
түйіндер  үшке  бӛлінеді:  тұйықталмаған  қисықтың  бастапқы  түйіні,  түзусызықтың  және 
қисықсызықтық түйіндер.    

 
72 
Тҥйін сыну 
Түйін  сыну  нүктесі  деп  аталады,  егер  түйінде  оның  жанындағы  екі  сегментке 
жүргізілген жанамалар бір түзудің бойында жатпаса, яғни олардың арасында бұрыш бар 
болса.  
Жайылған тҥйіндер 
Түйін  жайылған  деп  аталады,  егер  оның  жанындағы  екі  сегментке  жүргізілген 
жанамалар бір түзудің бойында жатса.   
Симметриялық тҥйіндер 
Жайылған  түйін  симметриялық  деп  аталады,  егер  бағыттаушы  нүктелер  одан  бірдей 
қашықтықта  орналасқан  болса.Симметриялық  түйіндер  сыну  нүктелері  мен  жайылған 
түйіндерге қарағанда сирек қолданылады. 
Тҧйықталған, тҧйықталмаған және біріктірілген сызықтар 
Сызықтың шеткі түйні деп, бір ғана сегментпен жанасатын түйінді айтады. Алдыңғы 
жағында  сегмент  жoқ  түйін,  бастапқы  түйін  деп  аталады.  Бастапқы  түйіні  бар  сызық, 
тұйықталмаған  деп  аталады.  Шеткі  нүктелері  жoқ  сызық  тұйықталған  деп  аталады. 
Біріктірілген  сызықтар  әрқайсысы  тұйықталған  немесе  тұйықталмаған  сызықтардан 
тұратын бірнеше тармақтардан құралған объектілер.  
10.2.Сызықтар және қолмен сызу мен Безье қҧралдары.  Қолмен сызу құралы түзу 
кесінділері мен сынған түзулерді және еркін формалы қисықтар сызу үшін қолданылады. 
Қисық сызу үшін, құралды таңдағаннан соң, тышқан бағыттауышын сол жақ батырманы 
басып тұрып жұмыс  бетінде жылжытамыз. Түзу сызық  сызу үшін құралды таңдаған соң 
тышқанның  сол  жақ  батырмасын  кесіндінің  басында  және  соңында  шерту  керек.  (13-
сурет).    
                                       
 
              13-сурет. Қолмен сызу құралы кӛмегімен сызықтар сызу.  
 
  Безье  құралы  сызылатын  қисықтың  түйіндерінің  орнын  тағайындайды  және  сызу 
барысында  бағыттаушы  нүктелерге  әсер  етіп,  қисық  формасын  ӛзгертуге  мүмкіндік 
береді. (14-сурет).                              
   
                           
 
қисықтың 1-ші нүктесін құру                                қисықтың 2-ші нүктесін құру     
   
                        
 
қисықтың 3-ші нүктесін құру                                 қисықтың 4-ші нүктесін құру        
                              
 
қисықтың 5-ші нүктесін құру 
                              
14-сурет. Безье қисығы құралы кӛмегімен сызықтар сызу. 
 

 
73 
10.3.  Суперсызық  қҧралы  "суперсызықтар"  құрамындағы  объектілерді  салу  үшін 
қолданылады.  Құралды  таңдаған  соң  экранның  сол  жақ  жоғарғы  бұрышында  қосымша 
құралдар  пайда  болады.  (показать  рисунок)  (дайын  суреттер,  шашыратқыш,  кисть, 
каллиграфия). (15-сурет). 
Бұл  қосымша  құралдар  тӛгілмелі  тізімнен  таңдалынған  объектілерді  қайталап  салу 
мүмкіндігін береді. (15-сурет). 
 
 
15-сурет. Суперсызық құралының кӛмегімен сызықтар сызу. 
          10.4. Ӛлшемді жазу қҧралдары 
Бейне масштабын тағайындау 
Бейне  масштабын  Options  сухбат  терезесінің  кӛмегімен  тағайындалады.  Ол  терезе 
View/Grid And Ruler Setup мәзірі бойынша ашылады. Терезеде Rulers қатпарын таңдап, 
Edit  Scale  батырмасын  басу  қажет.  Drawing  Scale  деген  сухбат  терезесі  ашылады.  Осы 
терезенің басқару элементтері арқылы беттегі бейне ұзындығының бірлігіне сәйкес оның 
шынайы ӛмірдегі бірлікке жақындатуға болады.  
 
Ӛлшемді кӛрсететін сызықтармен жҧмыс 
 
                                
1,38"

 
 
Ӛлшемді жазу құралдарын ашу үшін графика панелінде ӛлшем батырмасын басу 
қажет.  
Горизонталь, вертикаль және кӛлбеу ӛлшемдерді кӛрсету ҥшін

 
Dimension тӛбе құралдарының Vertical Dimension (Horizontal Dimension, Slanted 
Dimension) батырмасын басу керек. «Snap To Object» (Объектілерге байлау) командасы 
іске қосылып тұруы қажет. 

 
74 

 
ӛлшемді бастайтын нүктеде тышқан батырмасын басу қажет. 

 
тышқан кӛрсеткішін қозғалта отырып, ӛлшем сызығын соңғы нүктеге 
жылжытыңыз және тышқан батырмасын шертіңіз. 

 
кӛрсеткішпен ӛлшем сызығын жоғары, тӛмен жылжытсаң, ӛлшемдік жазудың 
қандай жерде орналасқанын кӛрсететін кӛрсеткішті кішкентай тіктӛртбұрыш қоршайды.  

 
ӛлшем сызығын объектіден біраз қашықтықта ұстап, кӛрсеткішті шамамен 
ортасында тағайындап, тышқан батырмасын шертеміз. 

    бұрыштық ӛлшемді салу үшін 

 
тышқан бағыттауышын бұрыш тӛбесіне апарып, шерту қажет. 

 
бұрыштың қабырғаларының біреуіне апарып шерту қажет.  

 
кӛрсеткішті бұрыштың екінші қабырғасына апарып шерту қажет.  

 
тағы бір шерту арқылы ӛлшем жазуын тағайындау керек.  
 
        10.5. Редакциялау қҧралдары 
Графикалық  объектілер  құрылымын  болған  соң,  олармен  редакциялау  құралдарын 
қолданып жұмыс істеуге болады. 
        «Pick»  қҧралы.  Бұл  объектілерді  таңдау  құралы.  Бұл  құрал  екі  тәртіпте  жұмыс 
істейді.  
1.  Таңдау  тәртібінде,  оның  кӛмегімен  объектілерді  жылжыту,  реттестіру,  топтау 
немесе біріктіру үшін белгілейді. 
2.  Түрлендіру  тәртібінде  бұл  құрал  белгіленген  графикалық  объектілерде:  бұруға, 
созуға, айнадағы бейнесін алуға, масштабын қоюға мүмкіндік береді 
        «Shape»  қҧралы  объектілердің  формасын  ӛзгертуге  арналған.  Оның  кӛмегімен 
объект  контурын  жоюға  немесе  сындыруға,  тіктӛртбұрыштың  бұрыштарын 
доғалдандыруға,  шеңберді  секторға  немесе  доғаға  айналдыруға,  қисық  формасын 
ӛзгертуге  болады.  Бұл  құралдың  ашылып  тұрған  панелінде  "Kinige"  (пышақ),  "Smudge 
Brush" (ластик), "Free Transform" (еркін түрлендіру) режимдерінің батырмалары бар.   
        «Outline»  қҧралы  және  оған  сәйкес  құралдар панелі  мен  сухбаттар  графиканық 
объектілердің  контурын  сызу  түрлерін  таңдау  үшін  қолданылады.  Сонымен  қатар 
стандартты  емес  графикалық  құралдарды  объектілермен  текстердің  контурын  сызатын 
параметрлерін баптау үшін қолданылады.   
       «Fill»  қҧралы  және  оған  сәйкес  құралдар  панелі  белгіленген  графикалық 
объектілермен шектерді стандартты түс бояулармен бояу. Бұл құралдар стандартты емес 
түс бояуларын баптауға мүмкіндік береді. 
b.Жҧмыс ортасын баптау қҧралдары 
Бұл  құралдар  кӛмегімен  жұмыс  бетін  ӛзіңе  ыңғайлы  етіп  ӛзгертуге  болады.  «Zoom» 
құралы бейненің кез келген графикалық объектісін үлкейтуге және кішірейтуге мүмкіндік 
береді.  «Zoom»  құралысының  ашылған  панелінде  «Hand»  құралының  батырмасы  бар. 
Осы  құралды  таңдағанда  тышқан  кӛрсеткішінің  түрі  адамның  қолы  түріне  айналады, 
қолды  жылжытқанда  терезедегі  бейне  горизонтальді  және  вертикальді  бағыттарда 
қозғалады.  
Бейнені  баптау  үшін    «Zoom»  масштаб  құралы  пайдалынады.  «Zoom»  құралын 
таңдағанда терезенің сол жақ жоғарғы бұрышында тӛрт 7 құралдар пайда болады. 
 «Zoom  In»  қҧралы  -  бейненің  кез  келген  аймағын  құжат  терезесі  ӛлшеміне  дейін 
үлкейтеді. 
 «Zoom Out» қҧралы - экрандағы объектінің ӛлшемін екі есе азайтады.  
 «Zoom  To  Selected»  қҧралы  -  экранға  белгіленген  объектілерді  бейне  толық  құжат 
терезесін алып тұратындай ӛлшемге дейін шығарады. 
 «Zoom  To  All  Objects»  қҧралы  -  экранға  барлық  объектілерді,  бейне  толық  құжат 
терезесін алып тұратындай ӛлшемге дейін шығарады. 
 «Zoom To Page» қҧралы - бейненің экрандағы бастапқы күйіне алып келеді. 
«View  Manager»  қҧралы  -  күрделі  бейнелермен  және  техникалық  сызбалармен 

 
75 
жұмыс істегенде бір мезгілде бірнеше  құжаттардан деректер алу қажеттілігі тууы мүмкін. 
Бірнеше  құжаттармен  жұмыс  істегенде  бір  терезеден  екінші  терезеге  кӛшу  қажеттілігі 
тууы мүмкін. Осы құрал View Manager (Қарау диспетчері) құжат түрлерінің кітапханасын 
тұрғызуға  мүмкіндік  береді.  Терезе  Tools,  Tools  мәзірінің  -    View  Manager  командасы 
арқылы шақырылады.  
c.Объектілерді қисыққа тҥрлендіру 
CorelDRAW-дың  әр  түрлі  объектілеріне  әр  түрлі  операцияларды  қолданғанда, 
қисықтар (тұйықталған және тұйықталмаған) объектілердің базалық тобы деп айтуымызға 
болады.  Мысалы,  біріктіру,  шығарып  тастау,  қиылыстыру  операциялары  орындалғанда 
белгіленген немесе кӛрсетілген объектілердің жиынына қандай объектер кірседе нәтижеде 
алынатын  объект  қисықтар  тобына  жатады.  Қисықтарға  CorelDRAW  графикалық 
редакторындағы  барлық  объектілерді  түрлендіру  операцияларын  қолдануға  болады. 
Сондықтан  кӛп  жағдайларда  объектіні  қисыққа  айналдыру  қажет  болады.  Белгіленген 
объектіні  қисыққа  айналдыру  үшін  объект  контурының  үстіне  тышқан  кӛрсеткішін 
апарып,  сол  жақ  батырманы  басқанда  шыққан  мәзірден  Convert  to  Curves  командасын 
таңдау  керек.  Содан  соң  "Shape  Toll"  құралының  кӛмегімен  қисықты  қалауымызша 
түрлендіруге болады. 
  
Бақылау сҧрақтары: 
1. Түйін дегеніміз не? Сыну нүктесі, жайылған түйін және симметриялық түйіндер 
дегеніміз не? 
2. Қолмен сызу, Безье,Суперсызық құралдары не үшін қолданылады? 
3. Қандай жағдайда экранда бірнеше обектілермен жұмыс істейтін құралдар пайда 
болады? 
4. Объектілерді қисыққа қалай айналдыруға болады? 
5. Түстердің қосымша реңдерін шақыру үшін не істеу керек? 
6. Объектілерді таңдап белгілеу үшін қандай пернені қолдану керек? 
7. Объектілерді жалғау және объектілерді біріктіру операцияларының 
айырмашылығын кӛрсетіңіз.  
8. Стандартты объектілердің формасын қалай ӛзгертуге болады? 
9. Кез келген қисықтың түйіндерін қалай редакциялауға болады? 
10. Экран палитрасында бар түспен объектіні қалай бояуға болады?  
 
11-ші лекция. CorelDraw графикалық редакторында мәтінмен жҧмыс істеу 
негіздері 
 
1. Мәтін қҧралы. 
2. Мәтінді енгізу. 
3. Абзацтармен жҧмыс істеу. 
 
        11.1.Мәтін қҧралы. 
Бұл құрал мәтіндік объектілердің екі типін құру үшін қолданылады: Фигуралық мәтін 
- қысқа жазулар үшін , қарапайым мәтін - үлкен ауқымды мәтін үшін. Фигуралық мәтінге 
арнайы эффектердің кез келгенін қолдануға, қисық бойымен орналастыруға, кез келген 
түрлендірулерді қолдануға, оларды және редакциялауға болады.  
Қарапа  йым текст  
Фигуралық текст сияқты, қарапайым текстте кӛпдеңгейлі біріктірілген объект сияқты 
болып келеді. Фигуралық тексттен айырмашылығы, қарапайым текст баспаға басылатын 
бетте орналаспайды. CorelDraw-да кез-келген қарапайым текст ерекше объект - 
қарапайым мәтін торының ішінде орналасады. Осы торлар бір-бірімен жалғасып шынжыр 
құруы мүмкін . Қарапайым мәтінді құрудың алдында қарапайым мәтін торын құру 
жұмысын орындау керек.(18-сурет). Қарапайым текст абзацтардан тұрады. Бұл абзацта 

 
76 
32000 таңбаға дейін болуы мүмкін. Ал файлда 32000 абзацқа дейін болу мүмкіндігі бар. 
 
 
 
18-сурет. Қарапайым мәтін мысалы. 
 
        Фигуралық мәтін. 
      Фигуралық мәтін кӛпдеңгейлі біріктірілген объект түрінде сипатталады. 
Фигуралық мәтіннің ұзындығы 3000 таңбадан аспауы керек. Әрбір таңба үшін бірнеше 
атрибуттар анықталған. 
      Гарнитура - дизайнерлер ойлап тапқан шрифтегі алфавит таңбасының 
суреті.Гарнитураның әрбір таңбасының ӛзіндік нӛмірі бар. Кегл - деп мәтін таңбаларының 
биіктігін айтады. Кейде гарнитура мен кеглді бірге шрифт деп те атайды.  
Сызып жазу (начертанием) - деп мәтіндегі таңба суретінің қалыңдығын ӛзгерту және 
кӛлбеу қисайту сияқты түрлендірулерді айтады.  
Сонымен "Text" құралы CorelDraw-да бейнеге әртүрлі жазбалар енгізу үшін 
қолданылады. Егер басқа бетінің ұзын қабырғасы вертикаль бойынша орналасқан болса, 
онда Grid And Ruler Setup командасын орындап, Page қатпарын, содан соң  Size 
командасын таңдап  Landscape белгілесек, басқа бетін горизанталь бағытта 
орналастырамыз. 
        CorelDraw графикалық редакторында қара түсті бояуды құйып бояйтын тәртіпті 
тағайындайық. Ол үшін алдымен графика панелінде Fill құралдар панелін таңдапFill 
Cokor Dialog құралын таңдасақ, экранға Fountain Fill (Бір түспен бояу) сухбат терезесі 
шығады. (Тӛмендегі суретте CorelDraw- дың орыс тіліндегі терезесі кӛрсетілген). Осы 
терезедегі фигуралық мәтін, қарапайым мәтін екі объект типін де белгілесек, экранға 
Uniform Fill терезесі шығады. Осы терезеден қара квадратты таңдаймыз. Енді мәтін 
құралымен жұмыс істей беруге болады.  
      11.2. Мәтінді енгізу 
CorelDraw-да мәтінді басқа бетіне енгізуге немесе Text-Edit Text (мәтінді ӛзгерту) 
командасы бойынша ашылатын терезедее енгізуге болады. Edit Text сухбат терезесі 
ашылғанда автоматты түрде (кӛпқатарлы ӛріс) текст енгізетін аймақ ашылады, ӛзіндік 
курсорымен бірге. Бұл терезені ашу үшін Ctrl+Shift+T пернелерді бір мезгілде бассақта 
жеткілікті.  
 CorelDraw фигуралық мәтінмен қарапайым мәтінді баспа бетінде теріп жұмыс істей 
беруге мүмкіндік береді. Бұл жағдайда алдын ала таңдалынған форматтау атрибуттары 
қолданылады.  
11.3.Абзацтармен жҧмыс істеу 
Абзацты форматтау атрибуттары Формат сухбат терезесінде тағайындалады. Бұл 
терезені Text-Format Text командасы арқылы шақыруға болады. Содан соң 
интервалдарды, мәтінді баспа бетінде тегістеп орналастыру, сӛзді тасымалдау, табуляция 

 
77 
орнын (солға, оңға, басқа беті ортасына) таңдау, тізім жазу таңбаларын таңдау т.с.с. 
форматтау атрибуттары тағайындалады. Format Text терезесінде екі санаушы бар: Before 
Paragraph (абзац алдында) және After Paragraph (абзац соңында). Кӛп абзацты қарапайым 
мәтінмен жұмыс істегенде абзац алдында және абзац соңында атрибуттар вертикаль 
бойынша абзацтар арасындағы ара қашықтықты анықтайды. Мысалы, абзац алдында 
100% кегл, және 0% абзац соңында болса, онда кегл 10 пунктен терілген болса, абзацтар 
арасындағы ара қашықтық 10 пунк болады. Ара қашықтықты 0,1% ӛсіншесі арқылы 
ӛзгертуге болады.  
Мәтіндерді эксперттеу  
CorelDraw-да бейнедегі мәтінді алып және оны мәтіндік процессормен ӛңдеп, 
қайтадан CorelDraw-ға желіп қоюға болады.  
Мәтінді бағандарға бӛлу 
 CorelDraw-да брошюра, жарнамалық парақ жасағанда мәтінді бірнеше бағандарға 
орналастыру қажеттілігі туады. Ол үшін:  
1. Мәтіннің екі абзацын Ctrl+Shift+Home пернелері арқылы белгілеу керек. 
2. Text-Format Text терезесін шақыру керек. Ашылған сухбат терезесінде Columns 
қатпарын тышқанмен шерту керек.  
3. Equal Column With (екі бірдей бағандар) белгілеу, Number On Colomns (бағандар 
саны)-2 енгіземіз. Үнсіз келісім бойынша CorelDraw бағандар еніне 4,25 дюйм береді, 
қажет болса ӛзгертуге болады. 
4. Format Text  терезесін жабу керек. 
    Экранда мәтін екі баған түрінде шығады. Бізге фигуралық мәтінді эллипстың 
жоғарғы жартысы бойында жазу керек болсын. Экранда эллипс сызамыз. Алматы 
экономикалық және статистикалық академиясы деп жазамыз. Екі объектіні де белгілейміз. 
Text-Fit Text to Path (мәтінді қисық бойымен орналастыру) командасын таңдаймыз. 
19-суретте кӛрсетілгендей нәтиже аламыз. 
 
 
 
 
Фигуралық мәтінді контейнер ішіне орналастыру,ол үшін: 
1. Мәтін тереміз 
2. Контейнер дайындаймыз 
3. Мәтінді белгілейміз 
4. Effects-PowerClip-Place Lnside Container (Эффектілер- PowerClip-мәтінді контейнер 
ішіне орналастыру) 
5. Экранға шыққан жуан бағыттауышпен контейнерге кӛрсетеміз (20-сурет). 
 

 
78 
 
 
Бақылау сҧрақтары: 
1. Фигуралық мәтін және Қарапайым мәтін дегеніміз не? 
2. Гарнитура, Кегл, Сызба жазу дегеніміз не? 
3. Фигуралық тексті контейнер ішіне қалай жазуға болады? 
4. Қарапайым мәтінді басқарудың қосымша элементтері қай терезеде шығады? 
5. Байланысқан мәтін торларын қалай құруға болады? 
 
 12-ші лекция. CorelDraw-да объектілермен жҧмыс істеу 
 
1.
 
Объектілерді белгілеу. 
2.
 
Объектілерді реттестіру. 
3.
 
Перспектива. Кӛлеңке тҥсіру.  
4.
 
Клондар және эффектер клонын салу 
 
         12.1.Объектілерді белгілеу. 
         Объектілерді Ріск құралының кӛмегімен ғана белгілеуге болады. Егер Ріск 
құралын алдын ала тышқанның кӛмегімен алып алған болсаңыз, онда объектілерді 
мынадай тәсілдермен белгілеуге болады. 
- бірнеше объектілерді Shift пернесін басып тұрып, кезек-кезек тышқан кӛрсеткішін 
басу арқылы; 
- бірнеше объектілерді бірмезгілде тіктӛртбұрышты пунктир контур арқылы. 
         Белгіленген объектілер экранда сегіз тіктӛртбұрышты қара торлармен 
қоршалады. Бұл маркерлер объект ӛлшемін ӛзгертуге: созуға, үлкейтуге, кішірейтуге 
мүмкіндік береді. Сонымен қатар объект контурында бір немесе бірнеше кішкентай 
квадратты түйіндер пайда болады. Олардың саны белгіленген объектер санына 
байланысты. Экранның тӛменгі жағындағы қалып-күй қатарында белгіленген объектінің 
түрі (тіктӛртбұрыш, эллипс, кӛпбұрыш, қисық және т.с.с.) немесе белгіленген объектілер 
саны кӛрінеді. 
         Графикамен жұмыс істеу барысында Ріск құралын алсаңыз (сурет.1), автоматты 
түрде басқа құралмен жұмыс істеген соңғы объект белгіленеді. Объектінің белгіленгенін 
жою үшін тышқан кӛрсеткішін жұмыс бетінің кез келген бос жерінде шертуге болады. 
Немесе келесі, басқа объектіні белгілеу, алдыңғы объектінің белгілеуін жояды.  
 

 
79 
 
Сурет.1. Ріск құралы кӛмегімен объектілерді белгілеу. 
  
         Объектілер жиыны. Кӛп жағдайда бір операцияны бірнеше объектілерге 
қайталап орындағаннан барлық объектілер жиынын бір рет орындаған тиімді. 
Мысалы, жоғарғы суреттегі дельфин мен балықты басқа жерге жылжыту қажет 
болсын, оларды жеке-жеке жылжыту, уақыт алады және олардың арақашықтықтары 
ӛзгеріп кетуі мүмкін.  
        Бұндай  есептерді  шешу  үшін    CorelDraw-да  ҥш  тәсіл  бар:  объектілерді  бірге 
белгілеп,  операция  қолдану.  Жоғарыда  айтылған  белгілеуден  басқа  Edit-Select  All 
командасымен  де  барлық  объектілерді  белгілеуге  болады.  ''Ріск''  құралын  екі  рет  шерту 
арқылы  да  бірнеше  объектілерді  белгілеуге  болады.  Егер  объектілер  жиынына  бірнеше 
операцияларды орындау қажет болса, оларды бір топқа біріктіріп алу тәсілі тиімді болады.  
      CorelDraw  графикалық  редакторында  белгілеудің  жаңа  тәсілі,  маркерлік  тор 
кӛмегімен белгілеу қосылған. Егер объектілерді торға алу процесінде Alt пернесін басып 
тұрсақ,  CorelDraw  маркер  торының  ішіндегі  барлық  объектілерді  белгілеп  қоймай, 
сонымен  бірге  осы  объектілермен  қиылысатын,  жанасатын,  тор  ішіне  кірмейтін 
объектілерді де белгілейді. Маркерлік тор ішіне қажет емес объектілер кіріп кеткен болса, 
онде Shift пернесін басып тұрып, олардың белгілеулерін алып тастауға болады.  
Объектілерді аттап кету. Жоғарыда айтылған белгілеулерді кӛп мәселелерді шешу 
үшін қолдануға болады, бірақ күнделікті ӛмірде, күрделі бейнелермен жұмыс істегенде 
кейбір объектілерді аттап, белгілемей кету қажеттілігі туады. Бұндай жағдайда:  
1. Ӛзіңізге қажетті объектіні немесе қасындағы жақын орналасқан объектіні 
белгілеңіз.  
2. Тав пернесін басыңыз. Сол сәтте CorelDraw бірінші объектінің белгілеуін жойып, 
қасындағы бізге қажетті объектіні белгілейді.  
     Екі немесе бірнеше, формалары мен ӛлшемдері бірдей, бірінің үстіне бірі 
орналасқан объектілер болмаса кӛбінесе объект контуралары бір-бірінен айырмашылықта 
болып келеді. Бұндай жағдайда астындағы объектіні белгілеу үшін, бірінші кӛрініп тұрған 
объектіні белгілейміз, содан соң Тав пернесін басамыз. Егер бірнеше объектілер қабаты 
бар болса Тав пернесін бірнеше рет басамыз. Қай объектінің белгіленгені туралы 
ақпаратты қалып-күй қатарынан кӛруге болады.  
      Тав пернесі арқылы бейнелерде, күрделі сызбаларда майда объектілердің 
жиынының ішінен қажетті объектіні белгілеу жұмысы да жоғарыда айтылғандай 
орындалады.  
Объект белгіленген соң, оны басқа орынға жылжытуға болады. Координата торының 
және қалып-күй қатарының кӛмегімен объектіні бейне ішінде басқа орынға жоғары 
дәлдікпен жылжытуға болады. 
   12.2. Объектілерді реттестіру 
      CorelDraw-да объектілерді реттестірудің мынадай түрлері бар: басқа объектіге 

 
80 
салыстырмалы реттестіру, бірінің үстінде бірі орналасқан объектілерде сурет бетіне шығу 
тізбесін ӛзгерту, топтасу және объектілерді біріктіру. Ол үшін қажетті командалардың 
бәрі Arrange (монтаж) мәзірінің ішінде орналасқан. Объектілердің тізбегін ӛзгертетін жеті 
команда бар: 
      Ол  Arrange-Order (рет) командасы арқылы шақырылады. Бұл  командалар:  алдына 
шығару,  артына  шығару,  алға,  артқа,  тізімді  бастапқы  қалпына  келтіру,  объект  алдына, 
объектіден  кейін  объектілерді  топтау  және  топталған  объектілерді  бастапқы  қалпына 
келтіру.  
     Бірнеше объектілерді бір топқа біріктіру үшін, алдын ала ол объектілерді жоғарыда 
айтылған тәсілдердің бірімен белгілеу керек. Содан соң Arrange-Group (топтастыру) 
командасын орындау керек. Осы топталған объектіні қайтадан бастапқы қалпына келтіру 
үшін Ungroup (топты жою) командасын орындау қажет.  
     Топтастыру мен біріктіуден басқа екі немесе бірнеше объектілерден бір объекті 
немесе бірнеше жаңа объекілер алудың үш тәсілі бар. Бұлар: біріктіру, қиылыстыру және 
шегеріп тастау.  
     Біріктіру. Бұл операция орындағанда бірнеше объектілер бір контурмен қоршалып, 
араларындағы бастапқы объектілер контурлары жойылады да, бір объект болып шығады.  
Қиылыстыру. Бұл операция нәтижесінде екі немесе бірнеше объектілердің 
қиылысуында пайда болған объект шығады.  
Шегеріп тастау. Бұл операция орындалу барысында таңдалынған объектінің 
белгіленген объектімен кесілген бӛліктері жойылады.  

1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   15


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал