Индек с 75579 Табиғат тосын мінез танытты. Қараша айында қар жауып, жерге мұз қатты. Суретті түсірген Айбек ЖҮзбай c m y k c m y k тарихи суреттер



жүктеу 0.6 Mb.

бет1/6
Дата24.02.2017
өлшемі0.6 Mb.
  1   2   3   4   5   6

C

M

Y



K

6

2015



Индек

с 75579

Табиғат тосын 

мінез танытты. 

Қараша айында 

қар жауып, 

жерге мұз қатты.

Табиғат тосын 

мінез танытты. 

Қараша айында 

қар жауып, 

жерге мұз қатты.

Суретті түсірген Айбек ЖҮЗБАЙ



C

M

Y



K

C

M



Y

K

Тарихи суреттер

Қостанайдағы Ақ мешітте

Алдыңғы қатарда: жазушылар Әбіш Кекілбаев, 

Бексұлтан Нұржекеев және Төлен Әбдік.

Сезім мен сенім



Отбасы дегеніміз не? Бұл сұраққа 

әртүрлі жауап беруге болады. Ең 

бастысы, отбасы – адам өміріндегі 

ең  алғашқы  әлеуметтік  топ. 

Мәдени байлықтар мен қоғамдық 

байланыстар  отбасында  пайда 

болады. Осы ортада адам баласы 

тәй-тәй  басып,  тәрбие  алып, 

жетіледі. 

Ерте  заманнан  бері  отбасыға 

баса мән берілген.  Мысалы, ежелгі 

грек  ойшылы  Платон  былай  де-

ген:  «Егер  ерлер  35  жасқа  дейін 

үйленбесе,  онда  мемлекеттің 

қазынасына үлкен айыппұл төлеуі 

тиіс.  Бұл не үшін жасалған? Бұл – 

мықты отбасы мен сау ұрпақтың 

қамы үшін жасалған қадам». Әрине, 

отбасын құру өз уақытымен жүзеге 

асуы тиіс. Сонда ғана дүниеге дені 

сау  ұрпақ  келеді.  Алайда,  қазіргі 

жағдай  мүлдем  басқа.  Жастар 

мансап  қуып,  тұрмысын  түзеп 

алуды  көбірек  ойлайды.  Шаңырақ 

көтеру екінші орынға қалып қояды. 

Нәтижесінде көптеген отбасылар 

бір-екі  баламен  шектеледі.  Бұл 

дегеніміз елдің дамуына, демокра-

тиясына кері әсерін тигізері анық. 

Батыстан  енген  азаматтық 

неке  кейінгі  кезде  біздің  қоғамға 

да  сіңіп,  кең  тарала  бастады. 

Азаматтық некеде жауапкершілік 

жоқ,  жәй  ғана  қарым-қатынас. 

Шынайы отбасы дегеніміз – сезім 

мен сенім, мейірім мен сыйластық. 

Осы  аталған  қасиеттер  болса 

жас  отаудың  босағасы  берік, 

шаңырағы  шаттыққа  толы  бо-

лады. 

Әдемі СЫЗДЫҚ,

ГӘФ журналистика 

мамандығының 3 курс студенті.  

Шаңырақ

РЕДАКЦИЯНЫҢ 

МЕКЕНЖАЙЫ:

11000, Қостанай қаласы, 

А.Байтұрсынов көшесі, 

47-үй, 220 бөлме. 

Медиа – студия.  

“Жас өркен - Қостанай” 

журналының редакциясы.

Байланыс телефондары: 

қалааралық  

8-7142-51-11-67, 

Факс 51-11-95

Ұялы 8(701) 1509443

Редакция оқырман 

хаттарына жауап бермейді, 

кері қайтармайды.

Журналдың қажетті 

сандарын редакциядан сатып 

алуға болады. 

Бағасы келісімді. 

«Жас өркен-Қостанай» 

журналына демеушілік 

көрсетем деушілерге мына 

есеп-шотымызды ұсынамыз: 

РМҚК «А.Байтұрсынов 

атындағы Қостанай 

мемлекеттік университет»

ИИК KZ838560000000079688

РНН 391700052352,

БИН 990240005319

БИК KCJBKZKX

РНН банка 391700078345

БИН банка:980841000472

 Кбе 16

Журнал редакцияның 



компьютерлік орталығында 

теріліп, беттеліп 

«Қостанайполиграфия» ЖШС 

баспаханасында басылды. 

110007, Қостанай қаласы, 

С.Мәуленов көшесі, 16.

Басуға 30.10.15 ж. 

қол қойылды. 

Көлемі 32 бет, 

Офсеттік басылым.

Тапсырыс № 5752

Таралымы 1000 дана.

Баспахана түпнұсқасы нашар 

суреттердің сапасына жауап 

бермейді. 

C

M



Y

K

Туған жер тұлғалары

Байеке Наурызбайұлы

Наурызбай бидің баласы  Байеке   болыс 

болып,  ел  билеген,  қазақ  арасында  орыс 

мектептерін салдыруға көп үлес қосқан кісі. 

Кейін қажылық парызын өтеген, Меккеге 

екі рет барған. 

Бейімбет Майлин «Жалбыр» повесінде 

(«Ел  суреттері»,  Алматы:  «Жазу-

шы»,  1994  ж):  «Қазыбай,  Қарақыз 

деген  көрші  отырған  ел  ғой.  Қазыбайда 

атышулы Наурызбай бидің тұқымы бар, 

Наурызбайдың Байекесі орысша білім алып, 

орыс төрелерімен жақын болып, ертеректе 

бірнеше сайлауда болыс болып келген адам 

еді. Осы Байқанның Дүйсембайымен ақтық 

рет таласқа түскен жолы, Дүйсембайдай 

штатқа ақша шаша алмады да, Байеке 

болыстықтан  айырылды.  Соның  күйігіне 

шыдай алмағандай сол жылы қажыға кетіп, сүйегі Меккеде қалды...» 

– деп жазады. 

Көккөз Досжан ақын Наурызбай биді жоқтағанда:“Қара қазақ ішінде 

ханға теңес Науаным, сыпыра қайың ішінде еменге ұқсас Науаным, көп 

түйенің ішінде нар секілді Науаным, бақиға, сабаз, аттандың, жауынан 

халқын қорғайтын, өзіңдей бізге тұлғаны бұйыртар ма екен заманым?! 

Сегіз ұлы ішінен Байеке тартса әкеге,көрсетер көпке таланын”- деп 

жырлаған Байеке Романовтардың 300 жылдық тойына қатысып, 

мейрам кезінде қазақ байларының сөздерін патшаға аударып беретін 

тілмаш болады, сол еңбегі үшін алтын медальмен марапатталады.

Байеке Ы.Алтынсаринның ағартушылық жұмысына қатты қолдау 

жасаған адамдардың бірі. Меккеге қажылыққа барып, қайтып келе 

жатқан сапарында кеме үстінде жан тапсырады. Орыс тілдік жетік 

білген және аса сыйлы болған Байеке жан-тәсілім етер алдында кеме 

капитанына өтініш айтып, қаза болған жағдайда тәнін суға тастап, 

балыққа жем қылмай, жағаға шығып, жер қойнына тапсыруды сұрайды. 

Капитан оның айтқанын орындайды. Байекенің сүйегі сол жақта Фе-

одесия деген мекенде қалған деседі.



C

M

Y



K

C

M



Y

K

МЕНШІК ИЕСІ: 



Ахмет Байтұрсынов

атындағы  

Қостанай мемлекеттік 

университеті   

АҚЫЛДАСТАР АЛҚАСЫ:

Кенжеғали САҒАДИЕВ (төраға)

Төлен ӘБДІКОВ

РЕДАКЦИЯ АЛҚАСЫ:

Хұсайын УӘЛИЕВ

Ақылбеқ ШАЯХМЕТ

Медиа-студия меңгерушісі

Қымбат ДОСЖАНОВА

шығарушы редактор

Жадра ЖУЛМУХАМЕТОВА

менеджер-дизайнер

Гүлнұр КӘКІМБЕК 

бас маман

Журнал ҚР Мәдениет

ақпарат және  

қоғамдық келісім

министрлігінде  

2002 жылы 

18 қарашада тіркеліп,

3386-Ж куәлігі берілген.  

Екі айда бір шығады.

Редакцияға келіп түскен 

хаттар әдеби өңделеді, 

қысқартылады, 

ойы сақталып түзетіледі. 

Көлемі үш компьютерлік 

беттен асқан материалдар 

қабылданбайды.

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ, ҒЫЛЫМИ - ТАНЫМДЫҚ, ƏДЕБИ-КӨРКЕМ ЖУРНАЛ 

Журнал 2003 жылғы 28 қаңтардан шыға бастады

5(78) қыркүйек-қазан 2015 жыл  

Университетке жаңа ректор келді

2015  жылғы  24  қараша  күні  А. 

Байтұрсынов  атындағы  Қостанай 

мемлекеттік  университетіне  ҚР 

Білім  және  ғылым  вице-министрі 

Тахир Балықбаев іс-сапармен келді. 

Бұл  іс-сапарында  Тахир  Оспанұлы 

Университеттің  жаңа  ректоры 

Хұ сайын  Хасенұлы  Уәлиевті  жа ңа 

қызметімен құттықтап, уни вер си тет-

тің  жеке  құ рамымен  кездесу  ұйым-

дастырды. 

Мәжіліс  залында  жеке  құраммен 

жиын өткізген вице-министр, Хұ сай-

ын  Хасенұлының  қызметтік  өмір-

баянымен таныстырды.

Уәлиев  Хұсайын  Хасенұлы 

(26.3.1948 ж.т., Қостанай облысы, Әу-

л и екөл  ауданы,  Семиозерное  кен ті) 

–  техника  ғылымдарының  док то-

ры,  профессор,  ҚР  Жоғары  мек-

теп  ғылым  академиясының  кор-

респондент  мүшесі,  Халықаралық 

ақпараттандыру академиясының мүшесі. ҚР Парламентінің экс-сенаторы. 

«Құрмет» орденімен және медальдармен марапатталған. 2001 жылдан 

2008 жылға дейін Ахмет Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік 

университетінің ректоры болды. Бүгінгі күнге дейін  Қ. Сәтбаев атындағы 

Қазақ Ұлттық техникалық университетінің проректоры қызметін атқарды.

Вице – министр Т. Балықбаев, өз сөзінде университет туралы да жақсы 

лебізін білдірді.

«Университеттің қазіргі таңдағы жетістіктерін айта отырып, бұрынғы 

ректор А. Нәметовтің еңбегінің зор екенін және осындай биік шыңдарға 

Сіздер арқылы жеткенін тілге тиек еткім келеді. Алдағы уақытта бұданда 

биік жетістіктерге жете берулеріңізге тілектеспін. Қазіргі таңда Сіздердің 

университеттеріңіздің  ИИДМБ-2  (индустриялды  инновациялық  даму 

мемлекеттік  бағдарламасы)  бағдарламасы  арқылы  атқарып  жатқан 

қызметтеріңіз орасан зор. Тіпті «Серпін» бағдарламасын да ойдағыдай 

жүзеге  асырып  жатырсыздар.  Сондықтан,  алдағы  уақытта  Сіздерге 

шығармашылық табыстар тілеймін», -  деді вице-министр.

Кездесуден кейін Т. Оспанұлы университетте ИИДМБ-2 бағдарламасы 

аясында  ашылған  «Азық-түлік  өнімдері  ғылыми  өндірістік  орталығы» 

зертханасының жаңадан сатып алынған заманауи техникаларымен  және 

қызметімен  танысты.  Ғылыми  зерттеу  орталығынан  кейін,  студенттер 

үйіне барып, студенттермен сұхбаттасып, тұрмыс-тіршілігімен танысты.

C

M

Y



K

Қазақ хандығына - 550 жыл

соңына ілесіп көшкен құйындай аласұрып халықтың 

көшуі жан жағынан жалмап жұтардай күн көрсетпеген 

Жоңғар    елінің  ықпалы  еді.  Қазақтың  шұрайлы 

жеріне  жалмауыз  кемпірдей  жанталасып  көз  тіккен 

Жоңғар елінің алапат күшін жеңу қазақ еліне онайға 

соқпады. Жауырыны қақпақтай, сом білікті  батыр-

лар,  сөзуар  би-шешендер  мен  ақылгөйлер  жауға 

кіріпьтар  болмау  жолын  ойлай  бастады.  Ел  басы-

на  қаралы  күн  туып,  қанды  ауыз  қылыш    қаһарын 

төккен шағында тығырықтан шығар жол табу қажет 

болды.  Жастайынан жалын шашқан, жігері жайсан 

жауынгер  жігіттер  атқа  қонып,  ел  қорғап,  алмас 

қылыштарын  жарқыратып  жауға  аттанып  жатты. 

Жоңғар қыспағынан құтыламыз деп қаншама көзден 

жас,  жүректен  қан,  көңілден  қайғы  шері  болып 

төгілді.  Осындай  бір    қайғылы  заманда  сахарадай 

сар  даланың  төсінде  сергелдеңге  түсіп,  бас  ауған 

жаққа бытыраған жұртты жұрт болып жұмылдыруға 

талпынғандар  қатары  да  жоқ  емес.  Солардың  бірі 

қазақ даласында алғашқы рет жеке хандық құруға 

күш жұмылдырған Жәнібек пен Керей еді. 

«Көшпенділер» трилогиясының бірінші кітабы «Ал-

мас қылыш». Бұл шығармада халық тарихы, елдің 

ахуалы мен жауға қарсы күресу жолындағы оқиғалар 

көрініс тапқан.  Шығарма оқиғсы Шынғыс ханның билік 

құрған  кезеңдерімен Әбілқайыр, Мұхаммед Шайбани, 

Жәнібек пен Керей, Қасым, Хақназар хандардың  ел 

билеу әдістері, елді қорғау, жаудан сақтау әрекеттері 

баяндалған. «Алмас қылыш» кітабының бірінші бөлімі  

Шыңғыс ханнның ұрпағы Дешті Қыпшақтың билеушісі 

Әбілқайырдың өткен өмір туралы, Шыңғысхан билік 

құрған заманнға ой арқылы көз жүгірткенінен бастау 

алады.    Әбілқайыр  билік  құрған  кезең-  ел  басы-

на  қатер  төнген  шақтың  алғашқы  кезеңі  еді.    Сол 

кезеңде Әбілқайырдан басқа да би-төрелер  халықты 

басқарып,  билікке  қол  жеткізгісі  келгендер  болды. 

Олардың қатарының көпшілігі Әбілқайырдың бала-

ларымен  ағайын-туыстары.    Әбілқайыр  балалары 

да  ел  билеу  ісінен  кемде  қалғысы  келмеді.  Оның 

Рабиға- Сұлтан –Бегімнен  он ұлы болған. Шығармада 

көрсетілген Әбілқайырдың бәйбішесі атақты Ақсақ –

Темірдің немересі, Ұлықбектің қызы  Рабиға –Сұлтан-

Бегім.  Әбілқайырдың  зор  үміт  артқан,  болашақ  ел 

тұтқасын ұстар, орынның басар сүйікті мұрагерлері 

ұлы  Сүйінішпен  немересі  Мұхаммед-Шайбани  еді. 

Немересі  Мұхаммед-Шайбани  тарихтан  белгілі 

Әбілқайырдан кейін ел билеу ісіне араласып, көптеген 

Сыр  Ташкент бойындағы қалаларды бағындырды. 

Бірақ ел билігін сақтай алмады, халқына пана, еліне 

сыйлы  бола  алмады.  Мұның  бірден-бір  себебі  бар 

мақсаты- жан-жағын жалмау, көрші елдерді жаулау 

болды.  Атасы  Әбілқайырдың  да  бар  армнан-тілегі 

осы  еді.  Әбілқайырдың  да  Мұхаммед  Шайбанидің 

де  бұл  қателігі-халықты  зарлы  үнге  толы  қасіретті 

тарихтың тағдырына алып келді.  «Алмас қылыш» 

романындағы  Әбілқайырдың  бар  мақсаты  елдерді 

бағындыру,  ал  Жәнібек  пен  Керейдің  мақсаты 

халықты біріктіру, ел тыныштығын сақтап қалу болды.

Жәнібек  пе  Керей  бастаған  қазақ  рулары  бір 

тудың  астына  жиналып  жауға  қарсы  қорғану 

мақсатын  ұстанды.    Бөрік  астынан  бөрі  шыққан 

дүрбелең  заманда  елді  елдікке,  бірлікке  бастау 

онайға соқпады.  Жәнібек пен Керейдің  даналығы 

мен батылдығының арқасында ұлт болып ұйып, жұрт 

болып жұмылу мақсатымен көптеген қазақ рулары 

бір тудың астына жинала бастады.  Еділ мен Жайық 

бойынан  Жәнібек  пен  Керей  Әбілқайырдан  бөлініп 

жеке  хандық  құрған  болатын.  Халық  азаттықтың 

алтын күніне біраз уақыт бөленгенімен,  аяушылықты 

білмейтін    заманның  айуандық  дәстүрі,  халықтың 

басынан өткерген ауыр  жағдайлары тарихтың басқа 

кезеңдеріне жалғасын тауып жатты. «Алмас қылыш» 

кітабының    ең  басты  мазмұны  осы  ел  тағдыры, 

халықтың басын бір тудың астына біріктіруді мақсат 

еткен қазақ хандары  Жәнібек пен Керей және оның  

ұрпақтары туралы.   Қазақ халқының үлкен бір тари-

хи оқиғаларын үш кітаптан тұратын «Көшпенділер» 

трилогиясына  сиғыза  баяндаған  Ілияс  Есенберлин 

әдебиет әлемінің шоқтығы биік тұлғасы екені даусыз.  

Ерең елдің, өр ұрпағы елінің есіл Ері Есенберлинді 

шығармашылықтың  шырқау  шынына  көтеріп, 

мақтан  тұтып,  әрдайым  әдебиет  шынына  көтеріп, 

шығармашылығымен  жете    танысып,  қадір  тұтып, 

көкке көтерсе нұр үстіне нұр болар еді.

   Мөлдір Есенғұл,



ГӘФ қазақ филологиясы мамандығының 3 

курс студенті

34


C

M

Y



K

C

M



Y

K

 



Ел тағдырын 

арқау қылған



Жазушылық    дарынымен  шоқтығы  биік  ту-

ындылар    қалдырған  танымал  жазушылардың  

бірегейі  Ілияс  Есенберлин  еді. Биыл  танымал 

жазушы  Ілияс Есенберлиннің туғанына 100 то-

лып отыр.  Қазақ хандығының 550 жылдығымен 

қатар келген мерейтой біз үшін айтулы күндердің 

бірі.  Есенберлин  шығармашылық  әлемі де қазақ 

хандығының тарихымен тығыз байланысты. 

Қазақ    халқының    құрылу  тарихы  жөнінде  

алғаш    тарихи  трилогия  жанрында    қалам  тербе-

ген    жазушылардың  бірі  Есенберлин  десек,  артық 

айтқандық емес.  Қаламгер  аты  аталған сәттен-ақ 

,  ойымызға    еріксіз    оның    жазушылық    қарымын 

шыңдаған  биік  белес  пен  заңғар шыңға  жетеле-

ген  шығармасы,  яғни  «Көшпенділер» трилогиясы 

еске  түседі.  Оның  шығармалары  күрделілігімен, 

көлемділігімен,  мазмұндық    сипаты    жағынан  

ерекшеленеді.  Жазушы  туындылары  тылсым  бір    

әлемнің    жұмбаққа    толы    шиеленістерін    шешу,  

мазмұнның  ашу,  мәнің  түсіндіру  үшін  қолданылатын  

ұғым, ең басты тетік  тәрізді. Оның  ең  басты  тетігі – 

сол  тылсым  әлемнің  сырын ұғына білу,  танғажайып 

туындының  тұңғиығына  үніле  отырып,  шығарма  

жазу  барысындағы  жан  дүниесін  түсіну  арқылы  

шығарма  әсерлілігін  сезіну. Тылсым сырдың  сырын 

ақтару дегеніміз сол шығармада баяндалатын қазақ 

халқының азаттық жолындағы шиеленіске толы хал-

ахуалының  шешімін іздеу жолындағы жағдайларды  

шығарма  кейіпкерлері  арқылы  жеткізу,  ашық  ба-

яндау.  Бұл  жағын  әр  оқырман  өз  түйсігіне  салып  

ойланар,  ал  менің  түсінігімдегі  жазушы  туынды-

сы  дәл  осы  пікірге  негізделген. Оқырман  өз  ойы  

арқылы  шығармадан  алған  әсерін әр  түрлі  жолмен:  

ауызша    немесе    жазбаша    жеткізуі  әбден  мүмкін.         

Бұл  шығарма  турасында  ойыммен  бөліспес бұрын, 

шығарма авторы  Есенберлин  жөнінде,  яғни  өмір 

дерегінен ақпар  бергім  келеді.  «Өмір-өзен» демекші, 

жазушы  болсын  мейлі  әртіс, ақын-жырау болсын,  

өмірбаянсыз  оны танып білу қиынның қиыны. Өткені 

мен бүгіні, бүгіні мен болашағы  бар  адам  ғана өмір-

өзен  өткелінен қиналмай өте алады.  Қиналмайды  

дегенім    артық    айтқандық  шығар,  сірә,    қиындық  

арқылы өзін сол өмір өткелінде қажырлы да қайратты 

жан ретінде қалыптасуға үйренеді. 

Есенберлин  шығармалары  1940 жылдан бастап  

жарық  көрген  болатын.    Ол    әдебиет    жанрының 

поэзия,    проза,    драматургия,  кинодраматургия  

салаларында    қалам  тербеді.    Шығармалары:  

«Айқас»,  «Қатерлі  өткел»,  «Ғашықтар»,    «Қыран  

қазасы  қияда»,  «Маңғыстау майданы»  және  соңғы  

жазған  романы «Мұхиттан  өткен  қайық». «Құйма»  

киносценарийі бойынша  фильм  түсірілген, оны  М.  

Ерзинкянмен  бірігіп    жазған.    Қырыққа    жуық    ән  

мәтіндерінің  авторы.  Шығармалары  орыс, қытай, 

өзбек  тілдеріне  аударылған.  К.Д.  Ушинский  мен  М. 

Жулявскийдің  еңбектерін тәржімалап, орыс  тілінен  

қазақ  тіліне  аударма  жасаған.  Ілияс  Есенберлин  

шығармалары  оқырманды  елең  еткізбей  қоймайды,  

әр    туындысыда    әдемі    әсермен  салмақты  ой  

қалдырады.  Оның  шығарма  жазудағы  тілі  күрделі  

әрі  көркем,  әр  жазған  сөз  иірімдеріне  әдебиет  

өнерінің  тұрақты  сөз  тіркестерін,  табиғи жараты-

лыспен  байланысты  теңеулерін мол  әрі  ұтымды  

қолдана  білген.    «Мақал  сөздің-мәйегі»    демекші  

жазушы    шығармасындағы    ашық  ойларын  мақал  

сөз    арқылы    мәнерлі  жеткізгендігін,    шығарманы  

оқу    барысында    оның    әр    тарауынан    байқауға  

болады.  «Көшпенділер»    трилогиясы    туралы      ой  

қозғар  болсақ,  бұл  шығарма  баршанызға  белгілі 

үш    кітаптан    тұрады:  «  Алмас  қылыш»,    «Жанта-

лас»,    «Қаһар».    Шығарма    тамыры    терең    қазақ  

халқының  тарихына  негізделіп  жазылған.  Шығарма  

желісі  тарихи  шындықпен  астасып  жатыр. Басқа 

шығармалардан  өзгерек  бұл  туынды    жазушының  

әдебиет  әлеміндегі  жемісі.    Көшпенділер  деп    аты 

айтып тұрғандай, шығарманың бірінші бөлімі  бұқара 

халықтың көш соңынан  еруінен бастау алған. Көш 

33

Қазақ хандығына – 550 жыл

C

M



Y

K

1 желтоқсан – ҚР Тұңғыш Президенті күні

Мәңгілік ел – 

болашағы біртұтас мемлекет

Қай уақытта, қай заманда болмасын қоғамның 

қозғаушы күші, аға буынның сенім артары-жастар. 

Себебі  жас  өрендер  алдыңғы  толқын  бастаған  

істі әрі қарай жалғап, іліп әкетуші. Өз заманының 

заңғары Мағжан Жұмабаев «Арыстандай айбатты, 

жолбарыстай қайратты мен жастарға сенемін» деп 

бекерден  бекер  айтпаса  керек.  Бүгінгі  Тәуелсіз 

Қазақстанның жастарына жүктелер міндет қомақты. 

Соның бірі-ортақ Отанымыздың «Мәңгілік ел» ата-

нуына  үлес  қосу.  Ол  үшін  әрбір  жастың  бойында 

отаншылдық, тұлғалық даму, білімге ұмтылу, еңбек 

ету, кәсіби даму, отбасы құндылықтарын қастерлеу 

сияқты қасиеттер болуы тиіс. Жаңа Қазақстанның 

алғашқы буыны бетке алар бағыты осы. Бұл туралы 

Елорда төрінде өткен республикалық патриоттар 

форумында айтылды. Аталмыш іс-шараға Қостанай 

облысының атынан бір топ делегат барып, қатысып 

келдік.


Патриоттар  форумы  2007  жылдан  бері  ұйым-

дастырылып келеді. Жылдың айтулы даталарына 

орай еліміздің әр аймағында өтіп отырады. Биылғы 

форум  Мемлекет  басшысы  Н.Ә.Назарбаевтың 

«Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеясына арналды. 

Республикамыздың түпкір-түпкірінен келген 2000-

нан астам делегат «Қазақстан» орталық концерт 

залына  жиналды.  Олардың  арасында  өз  ісінің 

үздік мамандары, дәрігерлер, әскерилер, өнеркәсіп 

жұмысшылары, ғалымдар, жас көшбасшылар, ауыл 

шаруашылығы қызметкерлері, қоғам қайраткерлері, 

спортшылар,  өнер  адамдары,  мәдениет  майта-

мандары,  этномәдени  бірлестіктердің  өкілдері 

бар. Қатысушылардың әрқайсысы  өз 

еңбегімен еленіп, өз ортасына үлгі болып 

жүрген  азаматтар.  Форумның  салта-

натты түрде ашылуынан соң Қазақстан 

Республикасы  Президенті  Әкімшілігі 

басшысының орынбасары Бағлан Май-

лыбаев  Елбасы  Н.Ә.Назарбаевтың 

ф о р у м   қ а т ы с у ш ы л а р ы н а 

а р н а л ғ а н   ү н д еу і н   о қ ы д ы .   Ұ л т 

Көшбасшысының құттықтау хатында:

«Бүгінгі форум ерекше, ол еліміздің 

Кон ституциясының  20  жылдығы  мен 

Қазақстан  халқы  Ассамблеясының 

20  жылдығы  аясында  өтуде.  Бұл 

халқымыздың  бірлігі  цмен  келісімінің 

бірегей дәстүрін, туған жеріміз  «Ұлы 

дала  елін»  қастерлеп  қадірлеуіміздің 

жемісі.  Форум  қазақстандықтарды 

«Мәңгілік  Ел»  жалпыұлттық  идея-

сына  ұйыстыруға  және  қоғамның 

тұрақтылығы  мен  бірлігін  нығайтуға 

қызмет етеріне  сенемін», - делінген.

Бұдан  кейін  сөз  алған  Қазақстан 

халқы  Ассамблеясы  төрағасының  орынбасары 

Ералы  Тоқжанов  «Мәңгілік  ел»  жалпыұлттық 

идеясының маңыздылығына толығырақ тоқталды.

- Елбасы Н.Ә.Назарбаев 2014 жылғы Қазақстан 

халқына  арнаған  Жолдауында  «Мәңгілік  ел» 

жалпыұлттық  идеясын  ұсынған  болатын.  Екі 

жылдың ішінде Елбасымыздың бастамасы еліміздің 

барлық  өңірінде  қызу  талқыланды.  Қазақстан 

халқының  жан-жақты  қолдауына  ие  болды. 

Оған  өздерiңiз  тiкелей  куә  болып  жүрсіздер.  Біз 

сiздердiң ұсыныстарыңызды, сiздердiң жүрекжарды 

тiлектерiңiз  бен  ниеттерiңiздi  баянды  тарихы  бар 

«Мәңгiлiк  Ел»  идеясының  негiзiне  айналдыруға 

тырыстық,-деді  Қазақстан  халқы  Ассамблеясы 

төрағасының орынбасары Ералы Тоқжанов. 

Отанын  шексіз  сүйетін  патриоттардың  айтулы 

жиынында қоғам және мемлекет қай-рат¬кері, ҚР 

Парламенті Мәжілісінің депутаты Қуаныш Сұлтанов 

«Мәңгілік  Ел»  идея¬сы¬на  қатысты  ой-пікірін 

білдіріп,  ұсынысын  да  айтты.  Халық  қалаулысы 

өз  сөзінде  «Мәңгілік  Ел»  бағдарламасын  немесе 

«Мәңгілік  Ел»  телеарнасын  құруды  ұсынған  бо-

латын.

- Осы күндері қазақстандықтар Елбасы, Тәуелсіз 



Қазақстанның  Тұңғыш  Президенті  Нұрсұлтан 

Әбішұлы  Назарбаевтың  әлемнің  ең  жоғарғы,  ең 

мәртебелі  төрі  мен  мінбері  –  БҰҰ-ның  70-сесси-

ясында қазақ тілінде сөйлеген сөзінен асқақтаған 

ұлт  абыройын  сезінуде.  Қазақ  тілі  тұңғыш  рет  

дүниежүзілік дәрежеге көтерілді. Бұл - мем¬лекеттің, 

тәуелсіздіктің жемісі, Елбасының ерлік жеңісі! Мың 

4


C

M

Y



K

C

M



Y

K



  1   2   3   4   5   6


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал