Инабат ердің азығы



жүктеу 302.33 Kb.

бет1/4
Дата10.09.2017
өлшемі302.33 Kb.
  1   2   3   4

Калиева Куралай - www.kuralay.kz 

 



   Инабат – ердің азығы, 

                                    Бақыт пенен дәулеттің ұстайтұғын қазығы. 

                                                                                                     Кердері Әбубәкір 

 

Қымбатты ханымдар! Әлемде бақытты әйелдер ӛте кӛп!  

Неге  олар  бақытты  ?..    Иә,  бұл  сұраққа  алысқа  бармай-ақ:  «Оның  жолы 

болғыш»,  «Тағдыры  солай»,  «Ата-анасы  бай,  қуатты  »  деген    неше  түрлі 

ӛзіңізді  ақтайтын  сылтаулар  тауып  аласыз.  Осы  уақытқа  дейін    осындай 

сылтаулар  мен  ақталулар  айтып  келдіңіз  емес  пе?!  Енді  осы  жерден  тоқтай 

қалыңыз. Бақытты әйел болудың әдістері  ӛте оңай және  қолжетімді.Тек сол 

әдістерді  табандылықпен,  сенімділікпен,  білімділікпен    қолдану  қажет.  

Ӛзіңізге қарату, сүйгізе білу, тамсандыру әдістері ӛте қарапайым. 

Ол үшін  ер азаматтардың психологиясын, жан дүниесін  жетік біле отырып, 

олардың нені қалайтынын  білуіміз керек. Әйел кӛзінің нәзіктігімен  мықты, 

қайсар    ер  азаматқа  қарау  -  үлкен  қателік.  Қандай    жағдайға  ер  адамның 

кӛзқарасы еркек ретінде қалай болатынын  ереже сияқты жаттап алу – сіздің 

міндетіңіз.  Ер  азаматымызды  қайтсек  еңбекқор,  жауапкершілігі  мол, 

отбасының  қамқоры  болғанын,  мені,  балаларын  жанымен  сүйетін  азамат 

болса  екен  деп  армандайсыздар.  Егер  сіз  ер  азаматыңыздың  табысты, 

еңбекқор,  жауапкершілігі  мол 

болғанын  қаласаңыз, 

оған  деген 

кӛзқарасыңызды ӛзгертіңіз. Сіздер, нағыз еркек қандай болады деп ойланып 

кӛрдіңіздер  ме?  Нағыз  еркек  кім?  Нағыз  еркек  жауапкершілікті  ӛзіне  ала 

отырып,  отбасы  мен  әйеліне  қамқор  бола  алатын  азамат.  Нағыз  еркек 

қасымда  болсын  десеңіз,  сіз  нағыз  ханым  болуыңыз  керек.  Сонымен  бірге 

бақытты  отбасын  армандамай,  арманыңыздағыдай  отбасына  ӛзіңіздің 

лайықты  екеніңізге  сенбесеңіз,  онда  кешіріңіз,  сіздің  бақытты  болуыңыз  

қиын болады.  

Иә,  өзіңіз  ойлағандай,  бақытты  ханымға  айналуыңыз    сіздің 

құндылығыңызға  байланысты. 

Ендеше,  нағыз  еркекке  ұзақ  жылдар  бойы  қажетті,  сүйікті    жар  болу  үшін   

бойыңыздағы құндылықтарды дамытыңыз.   

 

Ішкі әлем 

        Ер  азаматыңызға  сіздің  әйел  ретіндегі  қызығушылығыңыз  қызықты  . 

Кітап  оқисыз  ба,  аспаздық  ӛнеріңізді  дамытасыз  ба,  ӛзіңізбен  айналысасыз 

ба?  Ӛкінішке  орай,  қазіргі  ханымдардың  болсын,  ханшайымдардың  болсын  

ішкі  әлемі  сериалдар  әлемінде,  одан  қалса,  құрбыларының  әлемінде  ӛмір 

сүреді. Нағыз еркекке жартылай  қолдан жасалған ӛнім, яғни нағыз әйел емес 

адам  керек  емес.Оған  толыққанды  тұлға  керек.  Сол  үшін  ӛзіңіздің  ішкі 

әлеміңізді құрыңыз және қарым-қатынас кезінде қолданыңыз. 



Үнемі риза болыңыз! 

       Ер  азаматыңызға  деген  ризашылығыңыз,  оны  жетістікке  жеткізетін  

сиқырлы  эликсир  сияқты  болу  керек.  Кейбір  ханымдар  ӛзінен  бақыттырақ  

ханымды кӛрсе немесе  отбасын кӛрсе: «Қандай керемет ! Қалай бақытты 



Калиева Куралай - www.kuralay.kz 

 



болды екен. Мен қашан осы ханым сияқты бақытты ӛмір сүреді екенмін?!» -

деп, бос қиялға беріліп жатады. Бұндай қиялмен жүріп бақытты болу мүмкін 

емес. Ондай жанға қарап қызыққаннан гӛрі, оның бақытты болуының себебі 

не,  қандай  күш  кӛмектесті    деп  ойланған  дұрыс.  Егер  сол  сұрақты  ӛзіңізге 

қойған болсаңыз, бірінші кезекте  кішкентай жетістігіне болса да ризашылық 

білдіріңіз. Сонда сіздің ер азаматыңыз үлкен асуларды бағындыра отырып , 

үлкен  жетістіктерге  жетеді.  Мысалы,  күнделікті  тірлікте    орындаған 

жұмысынан  жеткен  жетістігі  кішкентай  ғана  болды  делік.  Сол  кезде  «бары 



осы-ақ па, неге бұдан да кӛп жетістікке жетпейсің, неге бұдан да кӛбірек 

ақша  әкелмейсің»  деген  сӛздердің  орнын,  үлкен    жетістіктер  кішкентай 

жетістіктерден  тұрады,  болашақта    бұдан  да  жақсы  болады  деген  сенім 

қалыптастырып,  қанат  бітіретін    сӛздерді  қолданыңыз.Үнемі  риза  болу  екі 

адамды да жақсылыққа жеткізетініне сеніңіз. Мен сіздерге уәде беремін. Риза 

болу ішкі дүние әдемілігі екенін ұмытпаңыз. 

 

3.Үнемі күліп жүріңіз! 

       Мұңлы болып жүрсеңіз, сіз әдемі кӛрінесіз бе?  Ал керісінше, үнемі күліп 

жүрсеңіз,  сізбен  қарым-қатынас  жасағысы  келмейтін  адам  жоқ.  Қазір  риза 

емес  кейіп  кӛрсетіңізші,  енді  қуанышты  бір  жағдай  ойлап  кӛріңіз.  Ойлай 

алмайсыз.Тура солай керісінше. Күліп жүрген адам негатив ойлай алмайды. 

Есіңізде болсын, сіз күлгенде ағзаңызда бақыт гармоны түзіледі. Сондықтан 

риза болудың айырылмас серігі күліп жүру, жай күліп үйреніңіз. Сіздің бет-

әлпетіңіз - ішкі жан дүниеңіздің айнасы.  

Америкалық  психолог-педагог  Дейл  Карнеги: «Күлкі  -  адамға  қуаныш 



сыйлайды.  Сәттіліктің  ең  бірінші  кілті,  ол  -  күліп  жүру.  Есіңізде  болсын, 

үнемі жымиып жүру сіздің ең құпия, ең басты қаруыңыздың бірі. Тіпті, сізге 

қатты  ашуланған  адам  да  жүзіңіздегі  күлкіні  кӛргенде,  сабасына  түседі. 

Ашуы  басылып,  дауыс  кӛтеруі  бәсеңдеп  қалады»  деп,  сәттілікке  жетудің 

керемет  кеңестерін  береді.  Ауа-райы  нашар  ма,  доллар  кӛтерілді  ме,  сізді 

біреу  ренжітті  ме  маңызды  емес,  күліп  үйреніңіз.  Нағыз  еркек  қасынан 

осындай  әйелді  кӛргісі  келеді.  Ӛйткені  оны  сіздің  ішкі  әлеміңіз 

қуаттандырады.  Бүкіл  әлемдік  статистиканың  кӛрсеткіштері  бойынша    кӛп 

отбасының айырылысуының  79%-ы ақша жетіспеушілігінен екен.  Сонымен 

қатар,  ауыратын    адамдардың  кӛбісі  дерлік    кедей  отбасынан  болатыны 

дәлелденген.  Дейл  Карнеги  жүргізген  зерттеулерге  сүйенсек,  адамның 

ӛмірінде биік жетістіктерге жетуінің 20%-ы іскерлік біліміне,  

80%-ы    қарым-қатынас  жасау    шеберлігіне  байланысты  екен.  Иә,  ешкім 

жаман  кӛңіл-күймен  жүріп,  адамдармен  жақсы  қарым-қатынас  орната 

алмайды.  Тіпті  мамандардың  айтуы  бойынша  кӛңіл-күйдің  дұрыс 

болмауынан  аурудың  80%  -ы  содан  туындайды  екен.  Үнемі  кӛңіл-күйіміз 

кӛтеріңкі  жүру  үшін  денсаулығымыз  мықты  болу  керек.  Денсаулық  мықты 

болсын  десек,  жақсы  кӛңіл-күйде  жүруге  тиістіміз.  Жақсы  кӛңіл  күйде 

жүретін адамдардың отбасы, бақытты болмауы мүмкін емес. 



4. Ешқашан еркек болмысын жасамаңыз. 

Калиева Куралай - www.kuralay.kz 

 



«Салем,  саған  ұят  емес  пе,ӛзім  білем,  мені  үйретпей-ақ  қой,  ӛзім 

шешім  қабылдай  аламын»  -  деген  гүрілдеген  дауыс,  орынсыз  іс-әрекеттер 

сізден  әйелдің  иісін  шығармайды.  Бұл  қылықтар  нағыз  еркекті  тартпайды.  

Қанша  жағымсыз еркек болса да, ӛз болмысыңызды  әйел  ретінде, нәзік жан 

ретінде  сақтап  жүріңіз.  Сіз  сол  жағымсыз  жағдайда  жасаған  әрекетіңіз  

энергетикаңыздың    сапасына  әсер  ету  арқылы    одан  кейін  кездескен  жақсы 

еркекке  әсер  етеді.  Нағыз  әйел  ӛз  болмысын  үнемі  қалыпта  ұстайды.  Кӛп 

ханымдар кездескен жақсы ер азаматтардың ӛздеріне кӛңіл аудармайтынын, 

ауған кӛңілдерінің ғұмыры қысқалығы туралы  айтып жатады. Бұл - жағдай 

сол  ешқандай  мән  берместен  еркекке  тән  болмыс  жасағандықтан,  әйелдік 

энергетиканың  әлсіреуінен  болатын  құбылыс.  Мысалы,  кірпі  жерде  ӛмір 

сүреді,  ал  тиін  ағаш  басында.  Екеуінің  орнын  ауыстырыңыздаршы,    не 

болады? Табиғи қақтығыс болады. Сондықтан нағыз еркекті, нағыз әйел ғана 

қызықтырады. 

 

5. Ер азаматыңыздың алдына шықпаңыз. 

 Ер  адам  -  отбасының  тірегі,  басы.  Қазақта:  "Алтын  басты  әйелден 

бақыр басты еркек артық" дейді. "Жақсы әйел  - ерінің басын тӛрге сүйрейді, 

жаман әйел -  кӛрге сүйрейді"  деген  дана  халқымыз,  аталы  сӛзге  арсыз  ғана 

жауап беретінін айтқан.  

Жауапкершілік  -  жақсы  қасиет.  Отбасы  құрғанға  дейін  ӛз  басыңызға 

ӛзіңіз  жауап  беріп,  кез  келген  мәселені  ӛзіңіз  ретке  келтіріп,  ӛмір  сүріп 

дағдыландыңыз делік. Отбасылық ӛмірде  кездесіп жатқан  проблемалар мен 

шешілуге  тиісті  мәселелердің  шешімін    ер  азаматым  шешеді  деп  отыруға  

шыдамыңыз  жетпей,  жауапкершілік  қасиетіңіз  сізді  алға  сүйреп  жатса, 

ӛзіңізді  дер  кезінде  тоқтатып  үйреніңіз.  Ерінен  билікті  алып,  шаңырағын 

әйелі  билеп-тӛстеген  отбасында  береке  болмайды.  Әйелдің  бойындағы 

шектен тыс жауапкершілік те еркектің болмысын қалыптастырады. Болмаса, 

«отыршы  үйде  ӛзім  барып  шешіп  келемін,  ӛмірі  сен  барсаң,  бір  нәрсені 

бүлдіріп  келесің,  қашан  бір  кӛңілімнен  шығып  едің»  деген    сӛздерді 

қолданысыңыздан  алып  тастаңыз.  Мұндай  сӛздер  ер  азаматыңызды 

қанаттандырмайды. Бұл сӛздердің орнына «иә, осы шаруаны  ӛзің-ақ шешіп 

келетініңді мен білгенмін, бұл істі сенен артық ешкім істей алмас еді» деген 

қанаттандыратын сӛздермен алмастырыңыз. Ер азаматтың қашан да әйелден 

бір бас артық тұратыны белгілі. Ӛйткені әйел адам қашан да сезімге берілгіш 

келеді, ал ер адам қай істі болсын сезімге ерік бермей, ақылмен шешеді.  

 

6.Кешіре білу.  

Ер азаматыңыз болсын, басқа адам болсын кешіре біліңіз. Кешіре білу 

де  -  ӛнер.  Адам  ӛзі  үшін  адамдарды  кешіруі  керек.  Иә,  ондай  жағдайлар 

болады,  егер  сізді  біреу  ренжітіп  тұрса,  яғни  сіз  сондай  жаман  энергияны 

ӛзіңізге  тартып  тұрсыз,  ойланыңыз  .  Сіздің  кӛңіліңізге  қарауға  немесе  тура 

сіз сияқты ойлауға адамдар міндетті емес. Егер ол адам сіз сияқты ойлағанын 

қаласаңыз,  ұрсысқыңыз  келмесе,  сізге  деген  ойын  ӛзгертіңіз.  Біреудің  ойын 


Калиева Куралай - www.kuralay.kz 

 



ӛзгерту үшін алдымен ӛзіңіздің ол адам туралы ойыңызды  ӛзгертуіңіз шарт. 

Ер  адамыңызға  ренжігенде,  бұрынғы  ӛткен-кеткенді  қозғап  алдынан  алып 

шығудың  қажеті  жоқ.  Олар  болған  қақтығыстарды  тез  ұмытып  қалады.  Сіз 

ғана ұзақ уақыт есіңізде ұстап, ренжіп жүруіңіз мүмкін. Ал ол ұмытып қалды,  

сонда сіздің сонша уақыт ренжіп жүргеніңізден пайда келді ме? Кей еркектер 

ұмытпайды  ғой  деуіңіз  мүмкін.  Иә,  ұмытпайды,  егер  сіз  ер  азаматыңыздың 

бойында  нағыз  еркектің  болмысын  қалыптастыра  алмасаңыз.  Оны  нағыз 

еркек ету қолыңыздан келмей жатса, ӛзіңізден кӛріңіз. Ол сіздің қолыңызда. 



 

7. Қабылдау 

Қымбатты    ханымдар,  гүл  болыңыздар.  Гүлдің  жанында  тек  еңбекқор 

аралар  жүреді.  Гүлді  тозаңдандырады,  шырынын  жинайды,  тіл  үйіретін  бал 

жасайды. 

Ішкі  жан  дүниеңізді  таза  ұстап,  тек  нағыз  еркек  қасыңызға  келетін 

ханым  боласыз  ба,  жоқ  болмаса,    ішкі  қоқысым  ӛзімдікі,  ӛзіме  ұнайды  деп 

қоқыс болып, айналаңызға сасықты жақсы кӛретін  нағыз  еркек емес адамды  

жібересіз  бе,    ол  -    ӛз  қолыңызда.  Егер  сіз  айналаңыздағы  адамдардан  сізді 

толыққанды сыйлайтын адамдарды, сонымен бірге ер азаматты жасай алмай 

жатсаңыз,  мен  бұларға  шыдап  жүрмін  деп  ешқашан  айтпаңыз.    «Шыдау» 

деген  сӛздің  орнын  «қабылдаймын»    деген  сӛзбен  ауыстырыңыз.  Иә, 

қабылдау  керек,  ӛйткені  сол  адамды  ӛзіңіз  тартып  отырған.  Ер  азаматыңыз 

қандай болса да, оны қабылдап, ары қарай нағыз еркек етудің жолына түсіңіз. 

Жалау  сіздің  қолыңызда.  Ер  азаматтың  кӛңілін  ӛзіңізге  аудару  үшін    бұл 

кеңестерді    орындаңыз.  Орындау  үшін  72  сағаттан  артық  уақытытыңызды  

ӛткізіп  алсаңыз,  нәтижелілігін  жояды.  Дұрысы  бүгінгі  істейтін  істі  ертеңге 

қалдырып  қажет  емес.  Ең  бастысы  ниеттеніп  кірісіңіз,  мен  сізге  сенемін, 

нағыз еркекке сіз лайықтысыз. 

Әр әйел бақытты болуды, яғни қыз кезінде сәтті тұрмысқа шығуды, ана 

болуды,  бір  сӛзбен  айтқанда,  қамшының  сабындай  қысқа  ғұмырды 

ӛкінбестей етіп ӛткізуді армандайды. 

Бақыт деген не, сіз үшін? Әркім ӛзінің санасындағы «Бақыт» ұғымына 

деген ойларын естеріне түсіріп, оның анықтамасын беруге қиналады. Әркім  

әртүрлі  түсінеді  немесе  әртүрлі  бағытта  бақытты  болады  деп  те  отырған 

шығарсыздар... 

Ӛте  орынды  ойлайсыздар,  ханымдар!  Иә,  бақытқа  әркім  әртүрлі 

анықтама береді, әркім әртүрлі бағытта ӛзін бақыттымын деп сезінеді. 

Біреулеріңіз қыз ретінде бақыттысыздар, ата-ана махаббаты, үлкен армандар, 

қолдарыңызды  сұраған  жігіттер.  Біреулеріңіз  келін  ретінде  бақыттысыздар, 

еріңіздің ата-анасы сізді толық қабылдағаны үшін, біреулеріңіз жұмыста  ӛсіп 

жатырмын  деп  бақыттысыздар,  біреулеріңіз  әйел  ретінде  бақыттымын  деп 

ойлайсыздар. Осы пікірлеріңіз сіздерді қанағаттандыра ма? 



 

8.Қазақта сөз бар:  «Білетінім бір тоғыз,білмейтінім тоқсан тоғыз»  

Калиева Куралай - www.kuralay.kz 

 



Бәрін  білемін  деген  кӛзқарастағы  адам  дамуын  тоқтатады,  яғни  ӛсіп-

ӛнбейді, дамымайды. Ал даму табиғат заңдылығы, ол - тірі ағзаға тән қасиет. 

Ендеше  сіздің  отбасыңызда  кӛзі  ашық  отағасы  мен  қоғамның  жаңа  қазақ 

ханзадалары  мен  ханшайымдары  бар.  Олардың  жанында  жәй  отанасы 

боласыз ба, ханым боласыз ба, ол - сіздің ӛз қолыңызда. 

Қымбатты  ханымдар,  сіздер  әйел  бақытына  қол  жеткізуді  армандап, 

әйел ретінде ӛзіңізді нәзік сезінгіңіз келіп, құрған отбасыңызда ертегідегідей 

ӛмір  сүріп,  шаңырағыңыздың  шайқалмауын  армандап  жүрсеңіз,  осы  кітап 

сіздің  сол  арманыңыздың  орындалуына  үлкен  үлесін  қосады.  Бұл  кітапты 

оқығанда,  сіздерден  ӛтініш  :  әр  бетін  оқыған  сайын  ондағы  айтылған 

кеңестерден  ой  қорытып,  күнделікті  ӛмірде  қолданып  отырыңыз.  Жәй 

сыдыртып оқып шығып,  «жақсы » деп айта салу бір басқа, оқи отырып, оны 

ӛміріңізде қолдана отырып «керемет» деп айту бір басқа. 

 

 



Білім             қолдану             әдет             мінез                 ӛмірдегі орын  

 

 



                                          Жақсы әйел жаман еркекті түзетеді, 

                                           Жаман әйел жақсы еркекті жүдетеді. 

                                                                                       Халық мақалы 

   Отбасының  берекесін  кіргізуде,    бақытты  отбасын  қалыптастыруда 

әйелдердің  ӛзіндік  ерекше  орны  бар.  Мен  бұл  кітапта    сол  нәзік  жандылар 

бақытты  ӛз  ошағының  басынан  іздей  отырып,  қалай  бақытты  болуға 

болатыны  туралы  жазбақшымын.  Әрине,  бақытты  әйел  ӛмір  сүретін  отбасы 

бақытсыз болуы мүмкін емес. Әйел бақытты болды деген сӛз, ол отбасының 

берекесі кіріп, отбасы мүшелері үйлесімділікте ӛмір сүреді. 

Қолыма  қалам  алмас  бұрын  электронды  парақшамдағы    маған  қойылған 

сұрақтарды  зерттеп  шықтым.  Сонда  байқағаным,  сіздермен    махаббат 

туралы, отбасы туралы айтпас бұрын, бір үлкен мәселені талқылап алу керек 

екен деген ойға келдім. 

 

9. Сенімділік 

Сіз ӛзіңізге сенімдісіз бе? Ендеше сіз күніне 15 минут ӛзіңізге уақыт 

бӛліп,  ӛзіңізбен  ӛзіңіз  жұмыс  істеуге,  ӛз  бағаңызды  кӛтеруге  дайынсыз  ба? 

Сіздің  ӛзіңізге  деген  бағаңыз  кӛтерілген  кезде  ғана  ӛміріңіз  қызықты  бола 

отырып,  сенімділігіңіз  артады.  Ӛзіне-ӛзі  сенімсіз  адамдар    істеген  ісімнен 

ештеме  шықпайды  деп  ойлайды.  Негізі  ойға  алған  ісіңіздің    нәтижесіз 

болуының себебі, ӛзіңізге сенбеуіңізде жатыр. Бақытты әйел болғыңыз келе 

ме? Сеніңіз. Ӛзіңізді, ішкі жан дүниеңізді бақытты әйел екеніңізге сендіріңіз. 

Ӛзіңізге  ӛзіңіз  сенгенде  ғана  бәрі  дұрыс  бола  бастайды.  Армандарыңыз 

орындала  бастайды,  қарым-қатынас  болсын,  жұмыс  болсын  маңызды  емес. 

Тіпті  менің  сӛзіме  сену  де  маңызды  емес.  Ең  бастысы  ӛзіңізге  ӛзіңіз  сеніп 

кӛріңізші, нәтижесі сізді таң қалдырады.  



Калиева Куралай - www.kuralay.kz 

 



Данышпан Абай атамыз : 

                              Сенбе жұртқа тұрса да қанша мақтап

         

 

Әуре етеді ішіне қулық сақтап. 



 

 

 



Ӛзіңе сен, ӛзіңді алып шығар, 

 

 



 

Еңбегің мен ақылың екі жақтап, -  

деген тәрбиелі сӛзін 

ӛмірлік ұстаным етіңіз. 

 

10. Сенімділік пен өзіне-өзі сенімділіктің  айырмашылығы 

Сіз, сенімділік пен ӛзіне-ӛзі сенімділіктің айырмашылығын білесіз бе? 

Бұл сезімдер фактімен дәлелденген кезде бақытты әйел болмысын кӛрсетеді. 

Егер  сіз  ер  азаматыңызбен  бақытты  әйел  ретінде,  жақсы  қарым-қатынаста, 

үйлесімділікте ӛмір сүріп жатқан болсаңыз, бұл сенімділік болады. Ал ӛзіне-

ӛзі сену ше? 

Егер адам ӛмірде ӛзіне-ӛзі сенімді болғысы келсе, қиындықпен 

бетпе-бет кездесуден қорықпаған абзал. Үнемі ӛмір сынақтарынан жасқанып, 

қашқақтай  берсең,  кезең-кезең  қиындықтар  туындай  береді,  ӛзіңмен–ӛзің 

әлектене  бересің.  Қиындықты  жеңе  білген  кезде  ғана  ӛзіңе  ӛзің  сенімді 

боласың,  ӛз  құныңды  білесің.  Егер  ұмтылыс  пен  табандылық  жеткілікті 

болса,  адам қандай кедергіні  де  жеңуге  қабілетті болады.  Осының ӛзі  саған 

ӛзіңе  деген  сенімділік  әкелуі  керек.Сондықтан  жеңіл  жол  іздеме, 

қиындықпен  күресе  біл. 

Кейде  ханымдар:  «мен  білімдімін,  қолымнан  бәрі 

келеді»  дейді.  Қарасаң,  қасында  болмысы  еркекке  ұқсамайтын,  сыра  ішіп 

жүрген біреу немесе қасында еркек жоқ. Егер сіздің қасыңызда сізге жағдай 

жасап  жүрген  еркек  жоқ  болса,  кешіріңіз  сіз  әйел  емессіз.  Егер  сіздің 

басыңызда  осындай  жағдай  болса,  сенімді  болу  үшін,  мына  тапсырманы 

орындап  кӛріңізші,  қалай  болар  екен.  Комфорт  аймағынан  шығып  кӛріңіз. 

Шабыттанасыз, энергияңыз кӛтеріледі.



 

Кӛшеге  шығып  танымайтын  еркектерден  сұраңыз,  күлмеңіз,  байсалды 

кейіппен сұраңыз. «Айтыңызшы, ӛтінемін, менің айлық құным күйеуім үшін 

қанша?  Ойыңызға бірінші не келеді, соны айтыңыз, сырт кӛрінісіме қарап» 

деген  сауалды  кӛп  еркектен  сұрау  керек.  Бұл  статистика  заңдылығы.  Сырт 

кӛз  сыншыл  болады,  бірінші    айтылған    пікір  қашанда  дәл  болады.  Сіз 

ӛзіңізді  еркектің  кӛзімен  кӛре  отырып,  проблемаларыңызды  анықтайсыз. 

Ӛзіңізді  бағалаған  кезде  ӛз  бойыңыздағы  қасиеттерді  кӛріп,  нені  дамыту 

керек  екенін  білетін  боласыз.  Егер  сіз  ӛзіңізге  берген  бағадан  қымбат 

болғыңыз  келсе,  яғни  сізді  тӛмен  бағалап  тұрса,  онда  қорытынды  жасаңыз, 

статусыңызды кӛтеріп, бағаңызды кӛтеру керек екенін түсінесіз.  

 Күн сайын биіктеген әр сатымыз, 

Біздің 


бір 

тілегіміз 

мақсатымыз.  

      Әрдайым 

ашық 

болсын 


аспанымыз,  

          Сеніммен 

шыға 

берсін 


жақсы 

атымыз.  

Адам  тек  ӛзіне,  ӛзгеге,  қоршаған  ортаға,  болашаққа  сеніп  қана  қоймай, 

бүгінгі ӛмірінің жарқын, шырайлы екендігіне сеніп, әр күнді шаттықпен, 

қуанышпен ӛткізу ӛз қолында екендігін ұмытпау керек.

 

 



      Ендеше сіздермен біздің  жұмысымыздың бағыты : 

Калиева Куралай - www.kuralay.kz 

 



 

11.Өміріңізге мақсат қойыңыз! 

Мақсат -  ол армандарды жүзеге асыру жолдары, қол жеткізер жетістік. 

Адамның  алға  қойған  мақсаты  нақты  болуы  керек.  Сонымен  бірге 

қолжетімді,  сізді      шабыттандыратын,  біреуге  зияны  тимейтін  болу  керек. 



«Үйлену қайда қашады, кішкене жүріп алайық, сосын  бірдемесі болады» деп, 

жастар жүре береді. «Кейбіреулеріңіз үйленем, үй алам, балалы болам  » деп 

жүресіздер.  Кӛп  жағдайда  үйленіп,  үй  алып,  балалы  болғаннан  кейін  

«болды» 



деп, 

отбасындағы 

қарым-қатынас 

дамуын 


тоқтатады. 

Түсініспеушілік  басталады.  Себебі  сіз  мақсатыңызды  сауатты  қоя  алған 

жоқсыз. Неге? Сіз сауатты түрде мақсат қоя алдыңыз ба? Сіз ӛзіңізге кішкене 

ғана мақсат қойып, миыңызға бағдарлама бердіңіз, ол мақсатыңызға жеткен 

соң 

тоқтайсыз. 



Мақсатсыз 

адам 


болмайды, 

оларды 


мақсаты 

шабыттандырмауы  мүмкін.  Қойған  мақсатыңыз  сіздің  толыққанды  ӛмір 

сүруіңізді  қамтамасыз  етуі  керек.  Сіз  сыңар  жақты  мақсат  қойып 

қателеспеңіз.  Жұмысыңыз,  отбасыңыз,  қоғамдағы  орныңыз  қандай  болу 

керек,  сызбасын  жасаңыз.  Жасаған  сызбаңыз  күнде  кӛз  алдыңызда  тұру 

арқылы оның тез орындалуына мүмкіндік береді. 

 

12.Энергетика 

Мен сіздерге бір құпия ӛмірдің қуатын айтып тұрған жоқпын. Жәй ғана 

ӛмірдегі темптеріңіз бен тонустарыңыз туралы, яғни жоғары ӛмір сүру темпі 

туралы айтамын.  

      

Табиғат  әйел  адамды  еркекке  энергия  сыйлау  үшін  жаратқан.  Сіздің 



оған  кӛзқарасыңыз,  жылы  сӛзіңіз,  ӛзіңіз  әзірлеген  тамақ,  сіз  жуған  киімдер 

мен  тӛсек  жабындары,  тағы-тағы  айтса,  сан  жетпес  әйел  істейтін  тірліктер 

еркегіңізге  энергия  береді.  Нағыз  әйел  энергиясы,  ол  махаббатпен  боялған. 

Махаббат  -    ол  әйел  энергиясының  құйылып  тұруының  негізгі  кілті.  Әйел 

энергиясының күші сондай мықты. Генетикалық табиғаттың ерекшелігі сол:   

әйелдер  ӛзінің  энергиясын  жақсы  кӛрген  еркегіне  беруі  керек.  Егер  бұл 

процесс тоқтап қалса, онда әйел ағзасы ӛзін-ӛзі жоя бастайды. Алдымен нерв 

жүйесі  бұзылады,  содан  кейін  бүйрек,  олардың  артынан  қалғандары 

жалғасып  кете  береді.  Кӛп  жағдайда  артық  энергия  семіздікке    әкеліп 

соқтырады.  Әйелдерден  ӛзінде  бар  энергияны  табиғат  еркекке  беруін  талап 

етеді.Энергия  үнемі  қозғалыста  болу  керек,  яғни    жұмсалып,  жұмсалған 

энергия толықтырылып отыруы керек. Егер ол тоқтап қалса, ақырындап әсер 

ететін қауіпке айналады. 

  

  Ал  еркектер  ӛз  энергиясын  әйелін  құшақтау,  сүю  арқылы  ғана  беріп 



қоймай, сізге сүйсініп қарағанда да береді екен. Адам кӛзқарас арқылы 50 %-

ға дейінгі энергиясын береді. Кӛптеген ӛнер туындылары энергия жинайтын 

аккумулятор сияқты таңданып қараған адамдардың энергиясын жинап алады 

да,  келесі  келген  адамға  береді.  Сол  үшін  ол  тамаша  болып  кӛріне  береді. 

Сізге  қараған  адам  қай  қырыңыздан  сізге  қараса,  сол  қырыңыз  дамып, 

тартымды бола түсесіз. 



Калиева Куралай - www.kuralay.kz 

 




  1   2   3   4


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал