Қын аға 80 жаста Жаппар Өмірбектің



жүктеу 32.37 Kb.

Дата09.01.2017
өлшемі32.37 Kb.

Ақын аға - 80 жаста 

Жаппар ӨМІРБЕК 



Жаппар Өмірбектің 

ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫНА 



қысқаша анықтама 

Биыл, 2000 жылдың 20 қарашасында,  қазақтың 

белгілі ақыны,  Қазақ теледидарының негізін салу-

шылардың бірі,  Қарқаралы  қаласының  құрметті 

азаматы Жаппар Өмірбек 80 жасқа толады. 

Ақын 1920 жылы Қарағанды облысының Қарқ-

аралы ауданы Бесоба ауылында туылған. 1939 жы-

лға дейін Жамбыл атындағы орта мектепте оқиды, 

1942 жылы Қарағандының мұғалімдер институтын 

бітірген соң Тельман ауданында мұғалім, мектеп ди-

ректоры, республикалық «Социалистік Қазақстан» 

газетінің меншікті тілшісі, 1947 жылы  Қазақ 

мемлекеттік университетін тамамдағаннан кейін, 

«Жұлдыз» («Ә ж И») журналында бөлім 

меңгерушісі, мемлекеттік  қазақ теледидары және 

радио Комитетінің бас редакторы, «Жазушы» бас-

пасының редакция меңгерушісі, 1982 жылдан бері 

шығармашылық жұмыста әрі еңбек зейнеткері. 

Жаппар Өмірбектің алғашқы өлеңдері «Қара-

ғанды комсомолы» газетінде жарияланған, тұңғыш 

кітабы «Алғашқы сөз» деп аталады. 1958 жылы 

«Батырдың  қалыңдығы» дастаны жарияланды, 

кейін ол «Невеста героя» деген атпен Мәскеуде 

орыс тілінде шықты. «Мың терезе», «Жер  ұшқын-

дары», «Шуақты күндер», «Замандасым сырласым» 

кеншілердің,  Қазақстан магниткасы  құрылысшы-

ларының ерлік еңбектері мен өмірлерін мұқият 

зерттеудің игі жемісі. «Ерлік пен махаббат» роман-

дастаны (1966) Кеңес Одағының Батыры Нүркен 

Әбдіровтың және сол тұстағы жастардың асқан 

ерліктерін сүйсіндіре суреттейді. 

Ж. Өмірбектің еңбек адамы, әсіресе, жастардың 

ерлік тұлғаларын суреттейтін кітаптарынан - «Ер 

туралы жеті жыр», «Замандасым сырласым», «24 

сағат», «Оқ астында туған қыз», «Батырдың қалың-

дығы» поэмаларын, «Қызыл су», «Тастүйін», 

«Сөнбейтін шоқ» хикаяларын атап айтуға болады. 

Соңғы үш хикаяттан тұратын романында Отан со-

ғысы жылдарындағы елдің, ауыл адамдарының, әрі 

кеншілердің ауыр тұрмысын,  қажырлы  қайрат, 

нысаналы, өнегелі өмірлерін шынайы сипаттайды. 

Ақынның «Оқ астында туған  қыз» телепьесасы-

на, 1960 жылы, бүкілодақтық конкурста теле-радио 

мемлекеттік Комитетінің бірінші сыйлығы әрі дип-

ломы берілді. Сол жылдары Сәкен Сейфуллиннің 

революциялық күресін суреттейтін «Азаттық жо-

лында» және «Махаббат үзілмейді» телепьесасының 

қойылымдары да көрермендерге  ұнаған болатын. 

Үш хикаяттан тұратын «Сөнбейтін шоқ» рома-

ны оқырмандар жүрегіне жол тапқан, ел басына 

түскен сұмдық ауыртпалықтан шығу үшін жанта-

ласқан уақыттың куәсі болған адамның ой елегінен 

өткізетін деректі уақиғаларға толы,  қызықты, 

күрделі шығарма. Ал «Қызыл қырғын» роман-эссесі 

«Жұлдыз» журналында 1993 жылы жарияланды. 

Бұл шығармада 1932 жылы  Қарағандыда  қыр 

қазақтарының  қалай  қырылғанын ақын аяныш 

сезім, күйініш көзімен суреттейді. Голощекин әдейі 

душар  қылған қызыл  қырғынды куәлі бейнелеген, 

осы тақырыптағы алғаш прозалық шығарма. Ав-

тор өңдеу, толықтыру жұмыстарын өткен жылы 

ғана аяқтады. 

1980 жылы Жаппар Өмірбектің «Перзенттерім» 

деп аталған екінші таңдамалысы жарық көрді. Бұл 

кітап автордың жарты ғасырлық поэзиясының 

жинақты көрінісі. Осында жастық шақ лирикасы, 

желілі жыр, эпостық поэмалардың әр түрлісін жа-

риялап, ақын оқырмандарын өз шеберлігімен та-

ныстырған. Жаппар Өмірбектің шығармаларының 

негізгі тақырыбы -  қарапайым адамдардың тыңғы-

лықты еңбегі, Отан қорғаудағы ерлігі, табиғат сыры, 

жан сұлулығы, адамгершіліктің сұрқия сұмдықпен 

тынымсыз күресі. 

Жаппар Өмірбектің шығармашылық өмірбаяны 

баспагерлікпен тығыз байланысты. Жетпісінші 

жылдары «Жазушы» баспасында редакция басқа-

рғанда, «Достық» сериясынан - 60 том, «Бауырлас 

жырлар» сериясынан - 15, тағы басқа сериялардан 

20 том ұйымдастырып, сапасын қадағалап шығарғ-

ан болатын. 

Ақынның өзі өңдеп,  құрастырып шығарған 

кітаптардың біразын атасақ - «Сәлем саған, Украи-

на!», «Бейбітшілік жасасын!», «Алатау аясында» 

(қырғыз ақындарының жинағы), Адам 

Мицкевичтің, Сәбит Мұқанов, Ғафур Ғұламның 

таңдамалылары, А. Куприннің «Жекпе-жек», А.С. 

Пушкин, М.Ю. Лермонтовтың бірінші томдары, 

А.Н. Некрасовтың «Русьта кім жақсы тұрады», 

«Қазақ поэзиясының анталогиясы», тың жердің 25 


Ақын аға - 80 жаста 

Жаппар ӨМІРБЕК 

жылдығына орай - «Береке», Кенен Әзірбаевтың 

«Алпыс алты ән» тағы басқалары басылып шықты. 

Жаппар Өмірбек өзі де көркем аудармамен ай-

налысқан - Байронның, Генрих Лонгфеллоның «Га-

явата туралы жыр» поэмасын, Пушкин, Лермон-

тов, Франко, Блок, Маяковский, Исаковский, Сер-

гей Михалков, Самуил Маршак, А. Туманян, Ни-

колас Баратишивили, Марат Раунд, Хамза 

Хакімзада, «Манас» эпосының «Семетейдің еліне 

қайтуы» деген бөлімін,  қытай, моңғол, корей, якут 

және басқа республикалар ақындарының 

өлеңдерін, солармен бірге В. Кавериннің «Екі капи-

таны» (екінші кітабы), В. Богомоловтың «Қырық 

төрттің тамызы», В. Розовтың «Төрт тамшы көз 

жасы» пьесасы, «Тынық Дон», «Эльбадағы кезде-

су» т.б. он шақты кинофильм және әр елдің проза-

лық шағын шығармаларын аударған, небары 43 

елдің 86 ақын-жазушыларының шығармаларын 

қазақ тіліне аударып, оқырмандарға жеткізген. 

Жаппар Өмірбектің  ұстаздық еңбегін де атау 

ләзім,  ҚазМУ-де 11 жыл журналист шеберлігі ту-

ралы, Абай атындағы Мемлекеттік университетте 

бес жылдай «көркем шығарманы аудару тәсілдері 

мен машығы» жөнінде дәріс жүргізген ұстаз. Қазақ 

радиосында балаларға арналған «Жазира» журна-

лын он жыл бойы жүргізіп келді, негізінен табиғат 

сырларына байланысты әңгімелер  ұйымдастыра-

тын. 


Жаппар Өмірбек аспирантурада жүргенде, әде-

би ғылыми-зерттеулермен де айналысқан, «Айқап» 

журналын, Мұхамеджан Сералиннің журналистік 

қызметін алғаш зерттеуші, Абайдың сыншылдығы 

хақында және С. Мұқанов, Г. Мүсірепов, Г. Мұста-

фин, Г. Орманов, Т. Жароков, Бауыржан Момыш-

ұлы, Дихан Әбілов, Сейтжан Омаров, Ж. Молда-

ғалиев, Ғалым Ахмедов,  Қапан Сатыбалдин, М. 

Хакімжанова туралы сыни әрі танымдық-зерттеу 

мақалалардың, көркем очерктердің, көптеген эн-

циклопедиялық, публицистикалық мақалалар мен 

очерктердің авторы, кейбір шығармалары орыс, 

украин, белорус, армян, грузин, латыш, өзбек т.б. 

тілдерге аударылған. 

Ж а п п а р Өмірбек республика мәдениет 

қызметкерлерінің пленум мүшесі, әрі Президиум 

мүшелігіне сайланған, ССРО мәдениет 

қызметкерлері профсоюзының Бірінші съезінің де-

легаты. ССРО теле-радио Комитетінің 60 жылғы 

конкурсында бірінші сыйлық алған лауреат.  Қазақ-

стан Жазушылар одағының бесінші және жетінші 

съездерінде Басқарма мүшелігіне сайланған. Көп 

жыл бойы  Ж а з у ш ы л а р одағы жергілікті 

комитетінің мүшесі әрі төрағасы болып келді. Қазір, 

1994 жылдан бері,  Қазақстан Жазушылар одағы-

ның ардагерлер кеңесін басқарады.  Қарқаралы 

қаласының  құрметті азаматы.  Қазақ әдебиетін да-

мытуға сіңірген еңбегі үшін екі мәрте  Қазақ ССР-

нің Жоғарғы Кеңесінің  Құрмет грамотасымен ма-

рапатталған. 

Жетпесе де күллі елге, 

Күн сайын  қайрат жұмсаймын, 

Күресте тірі жүргенге, 

Жауынгер жанға  ұқсайтын. -

Осы бір жолдар ақынның ғұмырлық мұратына, 

мақсатты  ұстанымына нақты мысал тәрізді.  Ұзақ 

жасау мұрат емес, мән-мағыналы жасау қажет деп 

біледі. 


Алжып өлсең дәрменсіз, 

Болдым деме армансыз. 

Адам тіршілігінің мақсаты -  ұзақ жасарлық 

еңбек жемісі - дегенді барлық шығармасына арқау 

еткен, жасампаздық жан азығы, өлмес, өшпес рух, 

- деп біледі ақын. 



Азия Транзит. - 2000. - N6 . - 16-17 б. 




©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал