Имам әбу хамид әЛ-Ғазали бақЫТҚа жету әліппесі аударған Тұрсынәлі Айнабеков



жүктеу 0.97 Mb.

бет1/9
Дата19.02.2017
өлшемі0.97 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9

ИМАМ ӘБУ ХАМИД ӘЛ-ҒАЗАЛИ

БАҚЫТҚА ЖЕТУ 

ӘЛІППЕСІ

Аударған 



Тұрсынәлі Айнабеков

Алматы


Баспалар үйі, 2014

3

ISBN 978-601-80386-5-5



Имам Әбу Хамид әл-Ғазали.   

Бақытқа  жету  әліппесі  /  Өзбек  тілінен  аударған  Тұрсынәлі 

Айна бекұлы. – Алматы: 

Баспалар үйі.

 2014. – 152 бет.

ISBN 978-601-80386-5-5 

Жалпы  көпшілікке,  мешіттер  мен  медреселердің  оқытушыларына,  шә-

кірттері не,  мұсылман  және  халықтық  педагогикалық  мектептерге  арналып, 

оқырман қо лына тиіп отырған бұл еңбек мұсылман әлемі әйгілі ғұламасының 

адамның өзін танып білуі арқылы бір Жаратушының бар екенін мойындауы 

керектігі, жантану, тәнтану, ділтану мен тіл жайында руханият мәселелерінің 

шындықтағы көрінісі ту ралы философиялық көзқарастардан тұрады.

Кітаптың ең басты ұйытқысы – мәні терең көптеген мысалдар, дәлелдер 

ар қылы Алланың бар екеніне иландыру, имандылыққа шақыру.

Аударманың  түпнұсқа  қолжазбасы  Әмзе  Қалмырзаұлының  жүйелеуі 

негізін де «Қасиет» баспасынан (Алматы, 1998 жыл, 120 бет) жарыққа шыққан. 

Бұл  ең бек  Қазақстан  Республикасы  Дін  істері  агенттігінің  қолдауымен 

марқұм Тұрсын әлі Айнабекұлының отбасында сақталған нұсқадан құқықтық 

мұрагерлікті иеленуші балаларының келісімі бойынша көшіріп басылды.

З16

© Имам Әбу Хамид 



    әл-Ғазали, 2014

© Айнабекұлы Т., аударма, 2014

© «Баспалар үйі» АҚ, 2014

КІРІСПЕ СӨЗ

Бұл  еңбекте  діни  мәселелер  теориялық  сыни 

көзқараста аса мұқият саралаған. Автор оқырман 

зер десіне терең түсінікті оңай жеткізу үшін мысал-

хикаялар тәсілін кемел дәрежеде пайдалана біл-

ген.  Адамның  адамдық  қасиетін,  Пәруардігер 

Алла тағаланың құдірет күшімен жасалған ерек-

ше  жаратылысын,  ақыл-ойдың  иесі  ретінде  ке-

реметтей ұлылығын, оның тән және жан-ділі, ру-

хани дүниесін жан-жақты талдауда – аз сөзбен кең 

мағынасын  жан-жақты  терең  ашып  көрсеткен. 

Алла сыйлаған адамның алуан түрлі қасиеттерін 

тануды  –  ақиқаттың  анық  жолын  іздеуден  бас-

тайды.  Пенде  алдымен  өзін-өзі  тану  арқылы  – 

Алла тағаланы, әулие-әнбие, пайғамбарларды та-

ниды.  Ғаззали  міне  осы  құбылысты  этика-әдеп, 

психология-жантану,  табиғаттану,  астрономия, 

ана томия, тәуіптік ілімдерді тану мәселелерімен 

бай ланыстыра,  ғылыми  дәйектемелерді  келтіре 

отырып, оқырман қауымға жеткізе білген. Бүгін 

оқырмандар  назарларына  ұсынылып  отырған 

«Әдеп әліппесі», «Бақытқа жету кілті», «Ей пер-

зент» атты ғибратнама еңбектерінде де ис лам діні 

ӘОЖ 297


КБЖ 86.38

      З 16



Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі 

«Әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару» 

бағдарламасы бойынша жарық көрді

ӘОЖ 297

КБЖ 86.38

4

5

негіздерін бұдан мың жыл бұрын хал-қадарынша 



терең  мағынада  талдай  білуі  нәтижесінде  бола-

шақ  ұрпаққа  өлмес  мұра  қалдырғаны  таңданар-

лық жағдай.

Ғазали  адам  тәнін  мемлекетке  теңесе,  ішкі 

жан-ділін оның падишасы, ақыл-ойын – падиша 

уәзірі, көкіректің сол жағындағы бір парша ет – 

жүректі ділдің, яғни рухтың аяқ ұлау көлігі, адам 

тәніндегі басқа да ағза мүшелерін ділдің сарбаз 

қызметкерлеріне теңеген.

Алла тағала адамға сый еткен бес сезім, төрт 

элемент  –  ақыл-ой,  парасат  кереметтерін  кең 

түр де  әңгімелеп,  тек  көкірек  көзімен,  ақыл-ой 

па расатымен  көре  алатын  ділді  рух  деп  атауға 

бо латынын  баяндай  келіп,  дәлелдемелермен  тұ-

жы рымдайды.  Діл,  яғни  рухты  жан-жақты  тал-

дап  дәлелдеуге  шариғат  тыйым  салатынын  айта 

келіп,  оған  адамдық  қасиеттер  тән  екенін  ашып 

айтады... 

Сонда бұл имам Ғаззали кім, қандай еңбектері 

бар, оқырманына қаңшалықты дәрежеде таныс – 

енді соған тоқталайық.

Қазақ  совет  энциклопедиясының  ІІІ  томын-

дағы Әбу Хамид Ғаззали жайында қысқаша мә-

лімдеме  бар.  Онда  «Ғаззали  –  араб  философы, 

ислам діні философияның ірі өкілі, көп жыл мүт-

тәкәлимшілер  жағында  болып,  өмірінің  соңғы 

кезінде  суфизм  жағына  шыққан  ол  «Адасудан 

арылу» атты кітабында өзінің философиялық іш-

кі  сырын  ашып,  тану-білу  теориясы  саласында-

ғы толғаныстарын ортаға салады. Сезім, ақыл-ой 

қабілетін  сын  көзімен  қарап  бағалайды.  Әдіс-

темелік  күмәндану  тәсілін  –  ақиқатты  ашудың 

жолы деп түсіну туралы мәселе қояды» деп жа-

зылған (445-бет, 1973 ж.).

«Исламның төлқұжаты», «Теңіз бауыры» деген 

жоғары  атаққа  ие  болған  Мұхаммад  Ахмад  әл-

Ғаззали  450-хижра  жылында  (қазіргі  1058  жыл, 

екінші деректе 1059 жыл) Хорасанның Туси қа-

ласынан  20  шақырым  солтүстік-батысындағы 

Ғаззали  қыстағында  туылды  делінген.  Ол  жас-

тайынан  ілім-білім  алуға  ерекше  ынта-ықыла-

сымен сусап өседі. Әуелі Тусидегі Ахма ар Рад-

гонийден,  кейін  Нишапурдегі  әл  Жуванийден 

тә лім алады. Ұстазы өмірден өткеннен кейін Ни-

шапурды  тастап,  Самарқанға  қарай  жол  алып, 

сол  жерде  уәзір  Низамул  Мүлікпен  жолығып, 

құрметіне  бөленеді.  Ол  көптеген  ғұлама  ға-

лымдармен  танысып,  сұхбаттас  болады.  Өзінің 

жоғарғы дәрежедегі ғалым екенін танытқан соң, 

484-хижра жылында (1095 міллет жылы) Низа мия 

медресесінде  сабақ  беретін  ұстаз  мұғалім  бола-

ды. Бағдадтта төрт жыл мұғалімдік ісін атқа рып 

1095  міллет  жылында  қажылық  сапарға  шыға-

ды.  Қажылықтан  қайтқан  соң  Дамашық-Сүрия 

қа ласына келіп, тағы біраз жыл мұғалімдік қыз-

метін  атқарады.  Одан  Искандрияға  келіп,  біраз 

уақыт  тұрған  соң,  суфи  Ташифийдің  қарауы на 

бара жатып, жолда сұлтанның қаза болғанын есі-

тіп,  өз  отанына  қайтады.  Тусиде  бірнеше  жыл 

ұстаздық  жасап,  Низамия  медресесіне  барады. 

Бірақ онда көп тұра алмастан, туған жеріне қай-

тып келеді.

Тусиде  Имам  Ғаззали  өзіне  үй-жай  салып, 


6

7

оның  жанынан  медресе  ашып,  қалған  өмірін 



ілім  және  тағат-ғибадатпен  өткізеді.  Хижраның 

505-жылында дүниеден өтеді.

Имам  Ғаззалидің  жазған  шығармалары  өте 

көп.  Оньщ  ішінде  халық  арасындағы  көп  тара-

ғандары  «Жәуһар»,  «Орталық»,  «Қысқа»,  «Қо-

ры тынды»,  «Мұстафа»,  «Жас  шыбық»,  «Фило-

софтардың  бекерге  шығаруы»,  «Адасудан  ары-

лу»,  «Көзқарасты  анықтау»,  «Ілім  өлшемі», 

«Мақ саттар»,  «Өзге  халықтардың  жаңылыс  пі к-

ір лері», «Әдемі есімдер – Алла есімдері», «Шы-

ғыс»,  «Мақсат  пен  уақыт  аралығында»,  «Құс-

тар  жайында  кітапша»  болса,  өмірінің  соңғы 

жылдарында  шәкірттерінің  өтініші  бойынша 

«Хақ  жолының  бастамасы»,  «Ей,  перзент», 

«Діни ілімдердің тірілуі», «Алла есімдерінің ма-

ғынасы», «Түсінулер» деген кітаптар жазды. Ал 

бүгінгі қазақ оқырмандарына жол алып отыр ған 

ғибратнамалық  дүние  «Бақытқа  жету  алхимия-

сы»  кітабы  мен  «Ей  перзент»  кітапшасынан 

тәржімаланған...

Мысалы, үшінші бөлім – ілім және оны іске қо су 

жайында. Адам өмірінің әрбір сәтін босқа өткіз бей, 

барлық күш-қайратын жақсы істерге жұмсау, есіл-

дерті дүние жинауға ауып кетпеу, айтқан наси хат 

сөзге сай болуға – берген уәдесі үдесінен шығуы 

керектігін, алған ілімі пайдаға аспаған ғалым ның 

ақыретте азабы көп болатынына тоқталады.

Ей, перзент, ісіңде амалсыз болма,

Сопылардың сөзінен хабарсыз болма, – дейді. 

Яғни, «жүз жыл ілім үйреніп, мың кітапты оқып 

шықсаң да ондағы айтылғандарды іске асырма-

саң,  Алланың  шапағатынан  үміт  етуге  хақың 

жоқ» дейді. Бұл ойлар Елбасымыз Н.Назарбаев-

тың  «Қазақстан  –  2030»  жылға  дейін  жоспар-

ла ған  стратегиялық  бағдарламасымен  үндесіп 

жа тыр.  Осынау  бағдарламаны  жүзеге  асыруда 

мың даған жылдар бойы қазақ халқының рухани 

игілігіне  айналып,  тұрмыс-тіршілігімен  біте-

қайнасқан  мұсылман  қауымының  идеология-

сын  насихаттау  да  артық  болмаса  керек.  Ха-

лықтың  көкейіне  қонатын  Құран  Кәрімдегі  сү-

релердің  мән-мағынасына,  пайғамбарымыздың 

ха дистеріне терең түсінік беретін Имам Ғаззали 

сияқты ірі ғұламалардың жас ұрпаққа ғибратта-

ры арқылы қоғамымызда салауатты өмір салтын 

қалыптастыру  қажет.  Сонда  ғана  бүгін  кез  кел-

ген  елде  бой  көрсетіп  жатқан  маскүнемдік,  на-

шақорлық, парақорлық, дүниеқоңыздық, екіжүз-

ді  жалтақтық  пен  опасыздық  сияқты  қоғамдық 

дерттерден  мемлекетіміздің  алтын  тамыры  – 

болашақ  жас  ұрпағымызды  таза  сақтарымыз    

хақ.


Міне,  осындай  үлкен  мәнді  идеяға  ие  Имам 

Ғаззали, өзінің қысқа өмірінде өнімді еңбек етуі-

мен қатар, дүние жүзіне шығыс ойшылдары ішін-

дегі  ең  ірі  Алланы  танушы  ғалымдығымен  бел-

гілі болды. Оның ислам діні жөніндегі керемет-

тей  танымдық  шығармалары  тоғыз  ғасырдан 

ас там қолдан-қолға тимей, дүние жүзі тілдеріне 

тәржімаланып, қайта-қайта басылып шығарылу-

да.  Ислам  дүниесінде  «Ғаззалиға  Алладан  аян 

келмеген. Уахи-аян келсе, ол пайғамбар болар еді» 

деп бұл ұлы білімдардың терең еңбегіне лайық ты 


8

баға  берген.  Осыған  қарағанда,  имамның  қазақ 

тіліне тұңғыш тәржімеленген бұл жинағы ғибрат 

аларлық  қымбат  баға,  рухани  азық  болатынына 

кәміл сенуге болады.

Манап Өтебайұлы,

Шымкент экономика және құқық колледжінің         

 Бас директоры, экономика ғылымдарының кандидаты

БІРІНШІ БӨЛІМ

ӘДЕП — БАҚЫТҚА 

ЖЕТУ ӘЛІППЕСІ

Жақсы  перзент  –  ата-ана  қолындағы 

аманат.

Барлық  жамандық  –  нашар  мінез-құ-

лықты адамдармен сұхбаттас болудан пай-

да болады.

Жалған сөйлеу және жалған ант беру – 

екіжүзділіктің иәтижесі деуге болады.


10

11

Бірінші тарау



СӨЗДІҢ АПАТЫ ЖӘНЕ 

ТІЛДІҢ ЗИЯНЫ

Аңғарсаңыз,  тіл  –  бір  жапырақ  ет.  Алайда 

ақи қатқа  жүгінсек,  онда  көптеген  мәселелердің 

түйі ні жатыр. Өмірге келген, келмеген нәрселер-

дің көбісіне себепкер – тіл. Мүмкін амалдардың 

кеңесші уәзірі, оның қызмет басындағылары, әр 

нәрсені  ақыл-ой  елегінен  өткізіп  істегісі  келсе, 

оны тіл арқылы ғана жүзеге асыра алады.

Тіл мен діл – сөз гауһарының негізі. Діл де, тіл 

де – ақыл-ой, ар-ұят жауһарының сәулесін қажет 

етеді. Мысалы, кейде тіл тотысы налынған зар лы 

сөздерімен  сайрап  кетсе,  шуақты  көктемдей  діл 

айнасына  қайғы-қасіреттің  көлеңкесін  түсі ріп, 

үкім  етуімен  көз  бұлағынан  жас  ағызар;  Кері-

сінше, тіл дұрыс сөйлесе – діл тіктеліп, ақиқат ты 

айтса – раушан болар; Егер жалған айтса – көңіл 

ділі  көр  болар.  Білген  жақсы,  сөз  апаты  есепсіз 

көп,  одан  сақтана  білу  қажет.  Адам  сөздерінің 

залалсызы  болмайды.  Пайғамбары мыз  былай 

деген  екен:  «Кісі  үндемесе,  үйдей  пәле ден  құ-

тылар» және «Кісі – қарын, нәпсі, тіл апаты нан 

сақтана білсе, басқа апаттардың бәрінен де өзін 

аман сақтайды».

«Қайсы  амал  дұрыс?»  деп  сұрағандарға  пай-

ғамбарымыз аузынан тілін шығарыпты да қайта-

дан аузын жауыпты, яғни «үндемеген дұрыс» де ге-

ні екен. Пайғамбарымыз «Адам баласы ның көп те-

ген қатесі себебінен, сіздерге айтаты ным – ғибрат-

тың ең жақсысы тілді тістей сөйлеп, үндемеу және 

құш көңіл бөлу» десе және бірде «Бақытты деп 

сөздің сарасын сақтап, малдың сарасын беретін, 

яғни әмиянын ашып, аузын жауып, тілін байлай 

білетін адамды айтамыз» – деген екен.

Білген  адамға  тілдің  ұзындығынан  зиян  еш 

нәрсе жоқ.

Екінші тарау

ӨСЕКШІЛІК – КЕСАПАТ

Өсекшілік, яғни сөз тасымақ. Алла оның сұм-

дығы  жөнінде  көптеген  хабар  берген.  Пай ғам-

барымыз  «Өсекші  жұмаққа  жуый  алмас  және 

сендердің араларыңдағы жаман адам – сөз таси-

тындар»  депті.  Біреу  бір  әкімнен  былай  деп 

сұрапты:  «Аспаннан  кең  не?  Оттан  ыстық  не? 

Темірден  қатты  не?  Жетімнен  қор  не?».  Сон-

да әкім: «Ақ іс – аспаннан да кең, күнәсізді ба-

лағаттау  –  жерден  ауыр,  ұрық-аймағында  кек 

сақтап,  өшпенділікпен  қарау  –  мұздан  суы-

ғы рақ,  қаскөйлік  –  оттан  да  қызулы,  кәпірдің 

көңілі  –  темірден  де  қаттырақ  және  өсекші,  сөз 

тасушылар – жетімнен де қор» деп жауап беріп-

ті. Білген жөн, өсекшілік – екі кісі арасында сөз 

тасу ғана емес, ол  кісінің сөзі мен пейіл-құнын 

әшкерелеп,  ренжіту.  Біреу  әкімнің  алдына  келіп 

«Пәлен  кісі  сізді  жамандады»  дегенде,  әкім: 

«Маған бұл хабарды айтып үш қиянат жасадың: 

бірі – көңілсіздендірдің, ашық көңілімді уайым-

ға  қалдырдың  және  өзіңнің  жылпостығың-

ды  көрсеттің»  депті.    Хасан  Басри  айтқан  екен: 



12

13

«Егер  саған  біреу  сөз  жеткізсе,  ол  сенің  сөзіңді 



де біреуге жеткізер»  деп. Сондықтан да өсекші-

ден өзіңді аулақ ұстап, оны дұшпаным деп есеп-

теу  қажет.  Оның  құны-пейілі  –  қиянат,  қастан-

дық,  тазалықтан  жұрдай.  Өсекшіліктің  үлкен 

апат екенін білген жақсы. Оның себебінен нақақ-

тан қан төгіледі. Мысалы, біреу құл сатып аларда 

«Мұның  қандай  айыбы  бар?»  деп  сатушы дан 

сұрағанда:  «Өсекшіліктен  басқа  айыбы  жоқ» 

деп ті. Сатып алушы «Айыбы ауыр екен» деп қа-

былдайды.  Келген  соң  құл  қожасының  әйеліне 

«Қожайынның  саған  деген  махаббаты  кем  екен 

және бір сұлуды алғысы келетінін байқадым. Қо-

жайын  ұйықтап  жатқанда  сақалының  астынан 

ақырын  ұстарамен  қыл  кесіп  алып  берсең,  мен 

оған жады дуасын оқып, саған ғашық етіп қояр 

едім»  дейді  де,  қожайынына  барып  «Қатыны-

ңыз  бір  кісіге  ғашық  болыпты,  сізді  өлтірмекші 

ниетте,  егер  сөзіме  күмәндансаңыз,  ұйықтаған 

адам  сияқты  жатыңыз,  өзіңіз  байқайсыз»  депті. 

Қожайын  жалған  ұйықтаған  кісі  болып  жата-

ды. Сөйтсе, әйелі ұстара алып келіп, қожайыны-

ның  сақалынан  ұстай  береді.  Осы  кезде  «Мені 

өлтірмекші екен» деп ойлаған қожайын орнынан 

секіріп тұрып, әйелін табанда мерт етеді. Сөйтіп, 

бір  өсекшінің  жала  сөзінен  соң  жазықсыз  кісі 

қаза табады.



Үшінші тарау

ПЕРЗЕНТ ТӘРБИЕСІ

Жақсы  перзент  –  ата-ана  қолындағы  аманат. 

Діл  гауһары  сияқты  сап  таза,  момақан,  әртүрлі 

өр нектегі жаңалықты қабылдауға құштар, лайық 

және  жерден  өнім  өндіргендей  әр  нәрсені  үйре-

нуге бейім болады. Әр нәрсенің ұрығын сепсең, 

оның  дақылын  егерде  ұрықтың  асылын  тапса, 

дү ниенің  де,  ақыреттің  де  шарапатын  табасың. 

Ата-анасы ұстаз ретінде оған серік болады. Пер-

зент  тәрбиелеп,  оған  ілім,  әдебиет  үйрету  – 

жақсы  тағлым  берумен  қатар,  жаман  сұхбаттан 

сақтандыру  қажет.  Барлық  жамандық  –  жаман 

мінез-құлықты  адамдармен  сұхбаттас  болудан 

пайда  болады.  Перзентті  тәтті  тағам,  жақсы 

киімге  үйір  қылмаған  жөн.  Ондайға  үйренген 

пер зент  бар  өмірінде  жақсы  киім,  тәтті  тағамды 

таңдап, босқа уақытын өткізеді. О бастан баланың 

жан-дүниесін рухани пәктікке тәрбиелеген аб зал. 

Сондықтан  баланың  тәрбиешісі  сыпайы  да  адал 

болуы шарт. Сонда ол дәйім жаман қылықтар дан 

аулақ  ұсталады.  Артық  ет  –  арам  сүттен  пайда 

болар,  арамдық  –  бұзықшылық,  күнәкәрлік-

тің  анасы  деуге  болады.  Мұндай  апаттар  тағам-

ды  тоя  жеуден  пайда  болады.  Тамақты  аз-аздап 

жеуді  үйреткен  жөн.  Сонымен  қатар,  тағамды 

оң  қолымен  «Бисмилла»  деп  алып,

 

балдырап 



сөй лемей,  артығымен  тоя  жемесін.  Біреудің  ал-

дындағыға  көзін  тікпей,  қолына  алғанын  жеп 

болмағанша,  басқа  кесеге  қол  ұзатпау,  еңсесін 

асқа қарай түсіріп жібермей, нанды халықтан ар-



14

15

тық  жемеу  сияқтылардан  көңілін  суытқан  жөн. 



Қалыптан  артық  тоя  жеу  –  хайуандар  мен  на-

дандардың  ісі  деп  түсіндіру  керек.  Перзентіңді 

бейәдеп  балаларға  үйір  қылмай,  аулақ  ұстап, 

әдепті балалардан үлгі-өнеге алуды үйрету керек. 

Тек  жібекпен  ғана  киіндіруден  сақтан.  Жаман 

балалармен  сұхбаттас  болуға  тыйым  сал.  Әрбір 

баланы  жаман,  бейбас  балалармен  бірге  жүргіз-

сең,  өтірік  айтуды  үйреніп,  жаман  жолға  түсіп 

кету ге душар болады.

Егер  бала  қателессе,  екі-үш  рет  көрмегенсіп, 

білмегенсіп  қоя  салғын.  Оған  жауап  беретін  дә-

лелі  болмауы  да  мүмкін.  Оқтын-оқтын  жаман 

іске  үйір  болып  әдеттенсе,  кемшілігін  бетіне 

басып  ұялтқын,  түсіндіргін.  «Егер  бұл  ниеттен, 

бұл  бағыттан  тез  қайтпасаң,  адамгершіліктен 

шығасың  да  халық  арасында  масқара  боласың» 

деу  қажет.  Әкесі  өзінің  перзентіне  сабыр,  шы-

дамдылық  пен  айбаттылығын  өнеге  ете  білсін. 

Күндіз  ұйықтаудан  сақтандырса  жақсы  болады. 

Түнде  жұмсақ  төсекке  жатқызуға  әдеттенбесе, 

денесі  қуатты  болып  өседі.  Әр  күні  бір  сағат-

тан ойнатып, болмашыға алаңдаушылық, жаман 

қылық,  қара  көңілділікке  салындырмау  қажет. 

Жас  балаларға  біреулерден  тілеп  алу  лажы  жоқ 

қайыршының  ісі  екенін  ескертіп,  біреуден  бір 

нәрсе  дәме  қылмауын  ескерту  керек.  Көпшілік 

ара сында  ісіп-кеуіп  мақтанбасын,  отырғанда  кі-

сіге  арқасын  беріп  отырмасын.  Қолын  жерге 

таянбасын.  Лепіріп  сөйлеп,  сұрамағанға  жауап 

бермесін.  Өзінен  үлкенді  құрметтеп,  тілін  қыл-

жақы мазақ сөзден сақтай білсін. Әрдайым ыж-

даһатпен  тәрбиеленсе,  тасқа  қашап  жазған  жа-

зудай  баланың  көңілінде  өрнектеліп,  берік  ор-

наласып  қалады.  Егер  әдепсіз,  дөң  мінезді  бол-

са,  үйге  топырақ  шашқандай,  бұл  сөздер  жан-

дүниесіне жайлана алмайды.



Төртінші тарау

УӘДЕГЕ ОПА ЕТПЕУ

Пайғамбарымыз айтқан екен «Мынау үш нәр-

сенің бірі – адам бойында кездесе қалса, тіпті на-

маз оқып, ораза тұтса да екіжүзділікке жата ды: 

біріншісі – жалған сөйлесе, екіншісі – уәде сіне 

опа қылмаса, үшіншісі – аманатқа қиянат жаса-

са. «Уәде – қарыз». Оны орындамауға болмайды.

Әзіреті Исмаил әлейһиссалам бір кісіге бір жер-

ге барып тұрмаққа уәде қылыпты. Ол кісі келмеп-

ті. Солай болса да үш күн бойы оны кездестіру ге 

ынтызар болып, күтіп жүріпті. Білген жақсы – әр 

уақытта кінәлі, залалды іске уәде бермегін. Егер 

адал  іске  уәде  қылсаң,  өте  зәру  жағдай  болма-

са,  уәдеңді  орындауға  әрекеттен.  Білгенің  жөн, 

кісіге  бір  нәрсе  беріп,  оны  өндіріп  алу  уәдеге 

опа қылмаудан да жаман. Пайғамбарымыз ондай 

кісіні өз қиын өзі жеген итке балаған.

Бесінші тарау

КӨРЕ АЛМАУШЫЛЫҚ

Пайғамбарымыз «Көре алмаушылық – жақ сы 

қызметкерді  пішенге  түскен  от-жалындай  жай-


16

пап түсіреді және үш жаман нәрсе бар, одан кей-

бір пен де құтыла алмас: ол – күмәндану, жаман 

пейіл ділік,  көре  алмаушылық»  депті.  Бұлардан 

құтылу дың жолын үйретіп: «Егер күмәнданушы-

лық пайда болса – алдымен өз нәпсіңді мұқият 

тексеріп, байқап көргін. Жаман пейіл жаныңнан 

жай ала бастаса – оны жүзеге асырмауға әрекет-

тен. Күншілдік, көре алмаушылық пайда болса – тіл 

мен  қолдарыңды  сақтай  біліңдер.  Өйткені  көп-

теген Пайғамбарлардың үмбеттері жойы лып ке-

туіне басты себепкер – осы: күншілдік, көре ал-

маушылық» депті.

Алтыншы тарау

ЖАЛҒАН СӨЙЛЕУ

Жалған  сөйлеу  және  жалған  ант  беру  –  екі-

жүзділік тің  нәтижесі  деуге  болады.  Пайғам-

барымыз  «Пенде  бір  рет  жалған  айтса,  жарат-

қанның  кең дігінде  тағы  да  бір  өтірікші  пайда 

болып, оның ризық-несібесі кеми түсер. Екіншісі 

саудагер  кү нәһарлардан  деуге  болады.  Өйткені, 

олар  әр дайым  жалған  айтып,  жалған  ант  ішеді. 

Олар  кісінің  хал-жағдайы  жөнінде  жалған  сөй-

лейді» депті.

Абдулла  Әмир  «Е,  расуллах  момын  (мұсыл-

ман) зінә қыла ма?» деп Мұхаммед пайғам барға 

сұрақ қойғанда: «Зінә қылуы ықтимал» деп жауап 

қайтарыпты. Және «Момын жалған сөй лей ме?» 

дегенде,  «Жалған  сөйлемейді,  жалған  сөз ді  тек 

иманы жоқтар айтады» депті.



ЕКІНШІ БӨЛІМ

БАҚЫТҚА ЖЕТУ КІЛТІ

Сенің қалыбың екі нәрседен құралады. 

Бірі  –  көзіңе  көрініп  тұрған  дене  құры-

лысың: мұны тән деп атайды, мұны көзбен 

анық көруге болады; екіншісі – ішкі жан-

дүниең: оны жан деп те, діл деп те атайды.

Ақиқатында  адам  денесіне  тән  төрт 

сипат  бар.  Олар  –  иттік,  доңыздық  және 

диюлік пен періштелік.

Ділдің шарапаты – салыстыра қарасаң, 

барлық  нәрселерден  ғажайыптығымен 

ерекшеленеді.  Көптеген  адамдар  оның 

қыр-сыры ақиқатынан хабарсыз.

18

19

Бөлімге кіріспе тарау



МҰСЫЛМАНДЫҚ ДӘРЕЖЕСІН 

ДӘЛЕЛДЕУ

Ол негізінде төртке бөлінеді: әуелгісі – адам өз 

жан-дүниесін  танымақ.  Білген  жөн,  хазіреті-һақ 

тағаланы  танымақтың  кілті  –  өз  жан-дүниенді 

тани білу. Әр кісі өз жан-дүниесін таныса, шын 

мәнінде, ол пәруардігерді де таниды. Бұл ту ралы 

нұрлы  Алла  тағаланың  хабарлаған  Фус сулят 

сүресінің  53-аятында  «Көрсетермін  оларға  құ-

діретімнің  ғаламат  нышандарын  –  өздерін  қор-

шаған  жер  мен  көк,  жан-дүниесін  –  кітаптың 

шын дық  екені  оларға  мәлім  болғанша»  депті. 

Бұл сөздің шешуі – бар нәрсе өзіне-өзі жуық, әр-

уақытта алдымен өзіңді танымасаң, өзгені қалай 

танығайсың?  Әрдайым  өзімді  танимын  деп  ай-

тасың. Танданарсың һақ нұрлы Алла тағаланы та-

нымауға ешқандай себеп жоқ деп, төрт аяқтылар 

да өздерін-өздері таниды ғой дерсің.

Ей  адам!  Сырт-сипатыңды  тануда  –  бас,  бет-

пішін,  аяқ,  қол,  сүйек,  еттен  басқаны  танымай-

сың. Ішкі жан-дүниеңнің ахуалын білуден: уақы-

ты келіп, қарның ашса – нан жерсің, шөлдесең – 

су ішерсің, кейде ашуың келсе – бір кісіге тиісіп 

зәбір  берерсің,  шауһат  талабымен  қатын  алар-

сың – бұлардың бәрі төрт аяқты хайуанаттар да 

да бар қасиет.

Енді сен өз ақиқатыңды жан-жақты білуге та-

лап  қылғайсың.  Өз  нәсілің  не,  ол  қандай  нәрсе, 

қай  жерді

 

кездің  және  қай  жерге  барасың?  Бұл 



ғаламның қонақжайына не үшін келдің? Соңың-

дағы ұрпақ сені не үшін мадақ етпек? Мұрат-мақ-

саттарың не?

Бұл істерді білгейсің. Бұл сипаттар, жұмбағы 

көп  ішкі  жан-дүниеңе  жайласқан.  Оның  кей-

бірі  төрт  аяқтылар  сипатында,  бағзысы  дию-

лер  сипатын да,  бағзысы  періштелер  сияқ ты 

та за лардан.  Сен  осы  сипаттардың  қай  тобы-

нан сың?  Көңіліңнің  гауһары  бұл  сипаттардың 

қай сысын  қайтарып  тұр  және  қай  сипаттарды 

өзіңе  лайықты  не  лайықсыз  дейсің?  Бұларды 

білгеннен соң, өзіңнің мұрат-мақсат, бақытың ды 

іздегейсің.  Бұл  сипаттардың  аялап  асырайтын 

қамқор  қорегі  бар.  Мәселен,  төрт  аяқтылардың 

мұрат-мақсат қорегі – ішпек, жемек, ұйықта мақ, 

жыныс қатынасы талабын орындамақ. Егер сен 

төрт  аяқтылардан  болсаң,  ертелі-кеш  зор  беріп 

ішіп-жеу  мен  нәпсіңді  қанағаттандыру  қамын 

жей бергін.

Ал  жыртқыштардың  басты  мұрат-мақсаты  – 

тістемек, ғазап беру, өлтірмек. Ал диюлардің мақ-

саты – қулық, сұмдық, айла-шарғы, азғыру ісі мен 

шұғылдану.  Егер  сен  төрт  аяқтылар,  яғни  хай-

уандар  мен  жыртқыштардан  болсаң,  со лар дың 

ісімен шұғылдана бер де, солардың істеген ісін 

өзіме  лайықты-ләзім  деп  біліп,  төрт  аяқтылар-

дың мұрат-мақсатына жете бер.

Періштелердің  мұрат-мақсаты  мен  қорегі  – 

Алла  тағаланың  дидарына  қарай,  тамсана  таң-

дану,  оның  кемелдігіне  әуестену.  Ғазап,  шауһат  – 

төртаяқтылар  мен  жыртқыштардың  және  шай-

танның  сипаттары.  Олардың  табиғи  болмысы  

егер сен періштелер гауһарынан болсаң, маңайы-

ңа жол тауып, жуи алмас. Өз әсіліңді періштелер-



20

21

дің  әсіліндей  етуге  тырысқан  күнде  ғана,  Хақ 



тағаланы  танығайсың.  Оның  көрікті  жамалын 

та нымаққа  жол  тапқайсың.  Хайуанат  сипаттары 

бол мысы  жаратылысының  ішінде  нендей  қа-

сиет тердің бар екенін біліп алғын. Олардың ай-

уандық  сезімі  сені  тұтқын  етпек,  өз  қызметіне 

пайдаланбақ,  ертелі-кеш  сені  өзіне  тәуелді  ету 

әрекетінде  екенінен  хабарың  болсын.  Ал  бұл 

жаман  қасиеттерді  жөнге  салып,  өзіңе  тұтқын 

етіп  бағындырып  ала  алсаң,  ол  дастарқандай 

се нің  алдыңда  болар.  Бұл  сипаттарды  өзіңе 

мойын  ұсындырып  пайдаланғайсың.  Қанша  күн 

бұл  ғаламның  қонақжайында  болсаң,  бұл  си-

паттарды қызметіңе жегіп, бұлардың жәрдемі ар-

қылы  алға  қойған  мұрат-мақсат,  бақыт  ұрығын 

қолыңа  келтіре  біл.  Уақтылы  сәтімен  мақсаты-

ңа  жетіп,  бақыт  ұрығын  қолыңа  келтірсең,  жа-

ман қасиеттерді аяғыңның астына салып, ол ба-

қытыңды  баянды  еткейсің.  Ғалымдардың  мұ-

раты,  баянды  бақыты  –  Әзіреті  күллі  ғаламның 

па дишасының жамалының нұры. Ал қара пайым 

халықтың мұрат-мақсаты – жұмақ жайынан ірге 

тебу  болып  табылады.  Міне,  бұлардың  бәрінің 

мән-мағынасын  толық  білгенде  ғана  өзіңді-өзің 

таныған  боларсың.  Әрбір  кісі  бұл  жайттардың 

мән-мағынасын  тани  бермейді.  Олардың  несі-

бесі,  иманы  –  кәміл  сенімді  жолдан  аулақ  және 

ақи қат дін жолын танудан құралақан болар.



  1   2   3   4   5   6   7   8   9


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал