Қылмыстық жауапкершілік түсінігі



жүктеу 20.02 Kb.
бет3/4
Дата03.11.2022
өлшемі20.02 Kb.
#23270
түріҚұрамы
1   2   3   4
ОН 2 3 Тақырып 7
О Н 2 4 Меншік түрлері, О Н 2 3 14 Тақырып
Қылмыс істеу сатылары

Кез келген қылмыс белгілі бір кезеңдерден немесе сатылардан өтеді. Көп жағдайда адам қылмыс жасауға даындалып барып, өз ниетін іске асырады. Ниет жүзеге асса, толыққанды аяқталған қылмыс, жасаушыға қатыссыз себептермен жүзеге аспай қалса, не өзі бас тартса, аяқталмаған қылмыс болып табылады. Қылмыстық құқық теориясында бір бірінен әрекет сипаты мен аяқталу дәрежесіне қарай ажыратылатын қасақана қылмыстың үш сатысы көрсетіледі. Олар:
1. Қылмысқа дайындалу;
2. Қылмысқа оқталу;
3. Аяқталмаған қылмыс.
Осы үш саты тек қана тікелей ниетпен жасалған қысқаша қылмыстарда болады.
1. Қылмысқа дайындалу деп «тікелей ниетпен қылмыс құралдарын немесе бейімдеп жасау, қылмысқа қатысушыларды іздестіру, қылмыс жасауға сөз байласу не қылмыс жасау үшін өзге де қасақана жағдайлар жасау» объектіге жанасу жолдарын іздестіру танылады. Ол қылмысқа оқталу мен аяқталған қылмысқа қарағанда қауіптілік дәрежесі төмен. Қылмысқа дайындалушы бұл жағдайларды өз қолымен жасайды, бірақ еркіне байланысты емес мән-жайлар бойыншаақырына дейін жеткізілмейді. Егер де бұлай болмай қылмыстық өзгерістерді дайындалу сатысынан доғарса, қылмыстан өз еркімен бас тарту болар еді.
2. Қылмыс жасауға оқталу. «Тікелей қылмыс жасауға тура бағытталған ниетпен жасалған іс-әрекет (әрекетсіздік), егер бұл орайда қылмыс адамға байланысты емес мән-жайлар бойынша ақырына дейін жеткізілмесе, қылмыс жасауға оқталу болып табылады».
3. Аяқталған қылмыс. Егер адам әрекеттерінде қылмыстық кодекстің ерекше бөлімінде келтірілген баптың диспозициясындағы барлық объективті және субъективтік белгілердің бәрі болса, аяқталған қылмыс болып есептеледі.
Анықталған қасақаналық тұлғаның өзі жасайтын қоғамдық қауіпті әрекетінің немес әрекетсіздігінің сипатын және саласының мөлшерін анық түсуімен сипатталады. Мысалы, пышағын жүрекке жұмсайтын кісі өлтіруші, өлімнің орын алатын алдын ала біліп, қарапайым анықталған қасақаналықпен әрекеттенеді. Ал пышақты жәбірленушінің ішіне салатындар екі ұшты қасақаналықпен әрекет жасайды. Анықталған қасақаналық кезінде кінәлі тұлға қылмысты салдарды көре білгенімен, нақтыламаған. Мысалы, жәбірленушінің басынан таяқпен ұру, таспен ұру, аяқпен бастан, кеудеден, іштен тебу. Мұндай жағдайларда әртүрлі салдар-денсаулыққа жеңіл зақым келтіруден бастап өлімге дейін орын алуы мүмкін. Алайда мұндай бағалау тек анықталмаған қасақаналық дәлелденген жағдайда ғана негіз болып табылады.
Егер, жәбірленушінің басынан таяқпен ұру кезінде оны өмірден айыруға бағытталған тікелей қасақаналық анықтама, жәбірленушіге шын мәнінде келтірілген онша ауыр емес зиянның өзінде (айталық, денсаулыққа орташа ауыр зақым келтіру) қасақана кісі өлтіруге оқталғандық деп бағалануы тиіс. Қасақана қылмыс жасаудың үш сатысы бар: қылмысқа даярлану, қылмыс істеуге оқталу, қылмыс істеу. Ойлаған қылмысты істеу үшін алдын ала қасақана жағдай жасалса-даярлану болады. Қылмыс істеу үшін қылмыскер құрал-жабдық дайындауы мүмкін. Мысалы, біреуді ату үшін мылтық сатып алады; біреудің үйіне түсу үшін кілт жасайды; қылмыс істеуге жағдай туғызу үшін сыбайластар ізтестіреді; ұрланған нәрсені тығу үшін орын әзірлейді. Қылмыскер қауіпті әрекет жасауға қасақана барлық күш-жігерін қолданса да, оған байланыссыз себептермен қылмыс аяғына дейін жүзеге аспауы мүмкін. Мысалы, қылмыскер адамға оқ атса да, ол өлмеуі мүмкін немесе дүкенге түскен ұрыны күзетші ұстап алуы мүмкін. Демек, қылмыстың ақырына дейін бітпеуі мұндай жағдайда қылмыскерлерге байланысты емес. Сондықтан, қылмыс істеуге даярланған және оқталған адам сол қылмыс үшін жауаптылық белгіленген заң бойынша сотқа тартылады.

жүктеу 20.02 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет