Ілияс жансҥгіров



жүктеу 403.99 Kb.

бет4/4
Дата27.02.2017
өлшемі403.99 Kb.
1   2   3   4

Жҥдеу жҥрек 

 

Былапыт, Ылат, Былжыр күз. 

Тұнжыр қабақ, Қылжыр кӛз. 

Қыр қызықсыз, Тау түрсіз. 

Су сұрықсыз, Сүйкімсіз. 

Жылауық кӛз - Сылбыр күз. 

Кӛріксіз, Әрсіз, Ажарсыз. 

Сілбірең Тұман, Кӛңілсіз, 

Жауын Айсыз, Жұлдызсыз. 

Түн, Түнек Түтін... Үй жалғыз. 

Отын дым, От бықсиды. 

Үрлейді қатын, Сықсиды. 

Қайнамай қазан, Түксиді, 

Мұқаш Бүкшиді. 

Ірге күңгірт Кӛлеңке. 

Бұрылды солай Шүй желке. 

Кӛрдей күңгірт Үңгірде 

Жатыр тӛсек, Кір кӛрпе. 

Кеше ғана үйге енген 

Кеткен тоқал сүйгенмен. 

Жүрегі сыздап, Бой мұздап, 

- Үһ! - деді Іші күйгеннен. 

 

 


73 

Sauap.org 



Қырман 

 

Қылмыңдап қырға сұлу күн, 



Қызуы қыздай жайнады. 

Сәлемдесіп сәулемен 

Су сумаңдап ойнады. 

Салалы талдар салбырап, 

Сайда самал еседі. 

Қарағай кӛкке маужырап, 

Бұлт керуендей кӛшеді. 

Алатау беті шұп-шұбар, 

Шырғанақ, дүлей бадалды, 

Алатау бауыры егіндік – 

Бұрқыратқан сабанды. 

Тӛскейде бұлақ сылдырап

Оятады далаңды. 

Тӛбеңде торғай жыр жырлап, 

Тербетеді мазаңды. 

Естіледі жалғыз-ақ: 

«Ӛк! шүу!»- Бекең сарыны. 

Бес сиыр қоста, жалғыз ат, 

Бекен айдайд тарыны. 

Кӛкшолақты қақпалап 

Қара пұшық баласы. 

Қараша үйде қап жамап 

Отыр оның анасы. 

Діңгекті сиыр айналса 

Бақайлары сыртылдап, 

Қызыл маржан жайнаса, 

Мұз қырманда жылтылдап. 

Мұртынан күліп Бекеміз, 

Кӛлеңкелеп бұтаға. 

Қожалақ қолды қоялы 

Ышқырдағы шытаға. 

Қос айдаған баланың 

Құрықшасы тақымда. 

Бекем қағып шытасып, 

«Сусын!» дейді қатынға. 

Жамаған қабын доғарып, 



74 

Sauap.org 

Басады Балдан жүгіре, 

Мелшиген мес шұбалып, 

Жетеді жығыла-сүріне. 

Саптыаяқ қалған саламда, 

Қоқымға кӛже сынысып, 

Топанды кӛже жұтқанда 

Күреден шығып тер шып-шып. 

Сусын жұтып, қырманды 

Жаңалап қайта шешеді. 

Қырмандап қайта шешеді. 

Қырмандап қыдыр диқанды, 

Диқаншы қызыл кӛшеді. 

 

 

 



75 

Sauap.org 



Кӛші-қон 

 

Буалдыр бұлт ыдырап, 



Сүңгілі су сылдырап, 

Сабылған сабыр кепкенде. 

Бӛртіп бұта бүрленіп, 

Тӛлдеп түлік түрленіп, 

Кӛгерші гүл тӛккенде 

Ел қыстаудан кӛшеді. 

Аспанды тандақ таң сӛгіп, 

Қырға қызыл нұр тӛгіп, 

Түн түнегі кеткенде. 

Қойшылары қобырап, 

Қой-қозысы маңырап, 

Ауыл даң-дұң еткенде 

Үй байлауын шешеді. 

Тепкішегі қимылдап, 

Жеткіншегі жымыңдап, 

Тақымға тай жеткенде. 

Келіншегі керіліп, 

Еріншегі ерініп, 

Ренжіп маза кеткенде 

Ауыздары айран ішеді. 

Үйдің бауы шешіліп, 

Кӛш жӛнелді кешігіп, 

Кешегі ел кӛше кеткенде. 

Қопарған қуып кұмдарды, 

Құлатқан жуып шыңдарды, 

Ӛзені күрілдеткенде 

Кӛш кӛсіле ӛтеді. 

Шудалы шӛп шүйкелей, 

Бұлтты айдай, тӛтелей, 

Жібек жел дірілдеткенде. 

Желдірте жедел жетелей, 

Тараудан тоқсан тӛтелей, 

Ұлы ӛткелден ӛткенде: 

Жӛн осылай деседі. 

Бұлттай кӛш жӛңкіліп, 

Асауды малшы мӛңкітіп, 



76 

Sauap.org 

Дӛңесті дүбірлеткенде. 

Жамырап жастар қысылмай, 

Қылымсып қызы қымтынбай, 

Қабағын күлімдеткенде. 

Жар жанаспай не етеді! 

Сағанағы салдырлап, 

Сақалдысы самбырлап, 

Кӛштің күйін шерткенде. 

Сары ұзын күн сарылып, 

Адасқан ит қаңғырып, 

Ұлы жол ұзап кеткенде. 

Кӛш қонаға жетеді. 

Жадырап жапан, жаз маздап, 

Жарлауыттан қаз-қаздап, 

Жамырасып жеткенде. 

Күн астында алыстан 

Басшы барлап шанышқан, 

Кӛріне кӛзі жеткенге 

Найза қылт-қылт етеді. 

 

 



 

77 

Sauap.org 



Сабын 

 

Сақарың еді сексеуіл, 



Сабыным, сағызша оралшы. 

Сабыннан ырым етуші ек, 

Оралсаң, ісім оңалшы. 

Кӛйлегім кӛптен жуылмай, 

Кимешек кірлеп кетіп ед. 

Бырт-бырт (бидай қуырмай), 

Биттің де бейнеті ӛтіп ед. 

Жабағы болды жібек шаш, 

Жабылып жаман жабысқақ. 

Сыңысып сірке бұрымда, 

Қаптап ед қалың қайызғақ. 

Сабам сауыс, қасық қақ, 

Сатала самсып бӛзде тұр. 

Орамалым он батпан, 

Баланың басы кӛз қотыр. 

Арулансын астауым, 

Мұнтаздансын саптыаяқ. 

Ӛңезден күбім арылсын, 

Оны біреу айтпай-ақ. 

Ауру-ылас, кір-қолаң 

Ауыртып еді мазаны ап. 

Арылта жуып, сабындап, 

Алайын бәрін тазалап. 

Базарда сабын кӛп дейді, 

Адыра қалсын, арзан ба? 

Аларлық арзан болмаса

Жазғы жұт тағы мал-жанға. 

Сығалама, қарама, 

Еркек аулақ! Қыз қашық! 

Абысын байғұс қайда жүр, 

Алатын болса бұзаушық. 

Сақырла қазан, былғауыш, 

Сағыздай сабын оралсын. 

Сабыннан ырым етуші ек, 

Оралсаң, ісім оңалсын. 

 


78 

Sauap.org 



Тас шешей 

 

Жын қаққандай долданып, 



Су жұлқына соғады. 

Салдыр-гүлдір күркіреп, 

Судан боран борады. 

Қалбақтап қалақ бұлқынса, 

Бұрқақтайды бораны. 

Тас сырылдап айналып, 

Бірін-бірі жонады. 

Тас ұршықтың тесігі 

Мамадан бидай сорады. 

Суыра сорған бидайын 

Шайнап, жұтып, обады. 

Майда, мапа мамық ұн 

Тас толғақтан туады. 

Сырғыта айдап ақ ұнды 

Кең шанаққа құяды. 

Сабақта ине, дайындал, 

Қарағым, қабың толады. 

Бұрқылдақ ұн борасын 

Бет-ауызға қонады. 

Кірген кісі боз кемпір 

Болады да қояды. 

Бауырсақ, тоқаш, май шелпек 

Әнекей әжең соғады. 

Құймақ жеген кәрі атаң, 

Кекіріп, қылды тобаны. 

Күйік күлше-күлдемеш 

Қойынға қойшы орады. 

Жеген адам жетісті, 

Нан екен бар болғаны. 

Бітеуіңді уатқан, 

Балаларды жұбатқан, 

Кемпір-шалды қуантқан, 

Тіршілік екен тиірмен, 

Аңырмай астық салалы... 

Ағызып ағын тӛсінен, 

Шайнап беріп ӛсірген, 



79 

Sauap.org 

Асыраған анаң кім? – 

Тас шешей сол болады. 



80 

Sauap.org 



Қақпан 

 

Жамылып иығына жамаулы тон, 



Далаға Иса шықты таң атқан соң. 

Оранып ақ кебінге ӛліпті ӛлке, 

Шымқанып шаңқан киіз, қалыпты құм. 

 

Әуенің тиірмені түнде жүріп, 



Тастапты ақ ұлпаға жерді кӛміп. 

Қадап тұр үскебегін таңғы ызғырық

Аспанның, артын ашып, таңын түріп. 

 

Атқан таң, ақша қарлы ала кеуең, 



Жылмиып жұмыртқадай қыр мен ӛзен. 

Тұйықтап туырлығын терең кӛлдер, 

Қалтырап тал, қамыс тұр ренжіген. 

 

Антұрған, арамза туып жатып, 



Күшігін қаншық жатыр шуылдатып. 

Қыстауға кӛтеремдей жабу жауып

Қойыпты қар кірпігін қимылдатып. 

 

Қайтадан қапыл-құпыл үйге кіріп, 



Уа қатын! – деді, жылдам кӛжені жылыт, 

Әуе ашык, қалғып жатыр қанды сонар, 

Мұндайда отыра ма үйде жігіт! 

 

Па, шіркін! Қырда қызық міне бүгін, 



Жортар ма ед Ақӛзектің тарғыл құмын. 

Түлкіні алтай қызыл бұлаңдатып, 

Қуатын қайда менің ат-айғырым. 

 

Шаңқиып сонар дүние, ертеңгі уақ, 



Қыстаудан шықты малтып құзғын тұмақ. 

Айғыздап ақпа тӛсте малтады аяқ, 

Жылытпа ішкен маңдайынан бу бұрқырап. 

 

Қамысты жара-мара, түре-мүре, 



Түндегі жетті малтып түбегіне. 

81 

Sauap.org 

Жеткенде қақпан құрған жемтігіне, 

Ырылдап қоя берген міне бір не?.. 

 

Жортқанда ойды-қырды, тамақ айдап, 



Қалыпты қанды қақпан, қасқыр шайнап. 

Қақпанды қазықгаған, арс-ұрс қауып, 

Ызалы долы шіркін жатыр шайнап. 

 

Тұқырта тұмсығынан ұрды қатгы, 



Қаңқ етті, серейді де, дір-дір қақты. 

Кӛкжалға қанды қақпан ажал болып, 

Жылы қан тұмсығынан жылжып ақты. 

 

Жалмауыз, жауыз қорқау түзде жүрген, 



Тентек, сұм, теріс азу, тентіреген. 

Қылғаны ұрлық-зорлық ӛмірінде, 

Несібін елден жеген, жерден жеген. 

 

Қораға қашаннан бұл шапқан қатты, 



Жарып жеп жабағыны, жылқы тартты. 

Адасқан жалғыз-жарым адамды алып, 

Қуалап қой сорлыға талай шапты. 

 

Бӛрі етті, бӛлтірігін жемір етті. 



Жарлының жалғызын жеп еңіретті. 

Боздатып боз інгеннің ботасын жеп, 

Бұзаусыз не сиырды мӛңіретті. 

 

Тиіп ап бала алдынан бес ешкіні, 



Жеп кеткен кеше ғана жемтік міне. 

Алғанда жау жағадан, бұл етектен, 

Қабынған қыс аңғары жаман жылы. 

 

Қу қақпан, күйсіз қақпан, жарлы қақпан, 



Майланып, бүгін қасқыр алды қақпан. 

Сілейіп, қанжулы боп жатты кӛкжал, 

Ығыр қып елге шапқан, зар жылатқан. 

 

Тасқындап тас жүрегі, тулап тайдай, 



82 

Sauap.org 

Жарқылдап, жабырқау жүз, күліп айдай, 

Кезі ойнап, желбезегі желбелеңдеп: 

«Болатын болды-ау,- деді,- кӛйлек пен шай. 

 

Қақпаным! Жауымды алдың, алдың азық». 



Деді де, әлді қолын алды жазып. 

Сүйретіп құзғын тұмақ үйге қайтты, 

Орнында қан, сауысқан, қалды қазық. 


83 

Sauap.org 



Тас 

 

Кӛгілдір, мӛлдір кӛк аспан – 



Кӛлеңке, сәуле ойнағы. 

Ойнаса онда жылпың жел

Жыртылад шарбы, қаймағы. 

Жел қуалау, бұлт қашу – 

Жігіт-қыз айтса, тойдағы. 

Кӛк күмбезде күнде ойнақ, 

Ойнады да қоймады. 

Бұлт бір мезгіл бұрқырап, 

Астарлады аспанды. 

Асқарға соққан асқақ жел, 

Тас сүзді де жасқаңды. 

Нӛпір нӛсер шүмектеп, 

Жасылдан жалтыл басталды. 

Балбыраса да барлық зат, 

Тас күйінде тас қалды. 

 

 



84 

Sauap.org 



Орақ науқаны 

 

Күн шыжып, жалпақ егін кетті пісіп, 



Ораққа жан жабырлап жатыр түсіп, 

Қым-қиғаш қыруар жұрт орып жатыр, 

Жел шықса, күн бұлттанса зәресі ұшып. 

Шоқпардай cap тары тұр басын иіп, 

Кӛрінбес ат құлағы тоғай биік. 

Судырлап теңселеді, сұлу сұлы

Сумаңдап сылдырлаған суды сүйіп. 

Шалғыны шыңғырлатып жанып-жанып, 

Жоңқабай жоңышқаға қалды салып. 

«Әлінің кеуір қырған зүлперіндей», 

Үйіріп қырып-жойып кетгі жарып. 

Аспаннан күн тӛгеді алтын сәуле, 

Науқанға жер құртгаған қылып тәубе, 

Ине іліп, күміс тізген жиде шамкес, 

Үскі алып аулақ жүрлеп боп тұр әуре. 

Бидай тұр ӛткір мұртын тікірейтіп, 

Қонақ тұр шал жауырынын бүкірейтіп. 

Сыланған бойжеткендей күнбағыстар 

Кәмшетін шекесінде шекірейтіп. 

Қозыдай қауын, қарбыз кӛгендегі, 

Тай тұяқ алма күміс тӛбеңдегі, 

Қол жайғыш бая қуып тақыс шалдың 

Ұстады қойын, тонын шегелдегі. 

Дүрдитіп інжу тағып доланасы

Әлі бар шырмауықтың оралысы. 

Суырып суыртпақты қаршылдата, 

Жоқанның жоғарғы айтқан торы аласы. 

Қоралы қоңыр қойдай орылған бау, 

Қара жал жиылған бау, қырман қорсау. 

Ӛзенге дамылдауға қаздар қайтты, 

Қаңқылдап қатар түзеп, істеп жемсау. 

Жоңқабай айтады ақыл Сүйеубекке: 

- Ор, баула, айда, тасы, таңда, епте. 

Жем байла, жауырын жаз, жаныңды ашыт, 

Қоңырдың қолтық, қоңын толтыр етке. 

Қырманның күндіз-түні басында бол



85 

Sauap.org 

Мал жейді, құс шоқиды, шықпа шетке. 

Батаоқыр, той-томалаққа әуейленбе, 

Күпілдеп кӛкпар кӛрсең қуып кетпе. 

Әңгіме, әзіл, сияз, қымыз аулап, 

Дау даулап, желбезекті желпеңдетпе. 

Қылжақбас, қыдырыңды, жалқауларды, 

Ашаңмен салып жібер басқа, кӛтке. 

Науқанды тӛкпей-шашпай жинап алсаң, 

Бермейсің ханға сәлем, бар дүрмекте. 

 

 



 

86 

Sauap.org 



Не кҥйде 

 

Ылғал тұман шағында, 



Құздардан жауын сырылдап, 

Қиядан сорғалауында... 

Самалшыл, сауқым, сауықшыл, 

Саятшы Сартай не күйде? 

Теңіз кӛшкен дауылда, 

Асты терең, үсті жел, 

Толқын соқты баурында... 

Балтыры ақ жем балықшы, 

Қайықшы Қалтай не күйде? 

Дай-дай даукес ауылда, 

Жесір, намыс тартыстың 

Үзілмес ұзын дауыңда, 

Жаралы жүрек, жарымшыл, 

Мұңды Күнтай не күйде? 

Жӛңкенің таз тауында... 

Қымызшылға қызық боп, 

Күндіз-түні сауында... 

Жалсыз арық, желін сау, 

Мана кӛнек не күйде? 

 

 




1   2   3   4


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал