Ілияс жансҥгіров



жүктеу 403.99 Kb.

бет3/4
Дата27.02.2017
өлшемі403.99 Kb.
1   2   3   4

Әншіге 

 

Ӛлеңге кӛңілің құмар, даусың жытар, 



Созылтып ән мұржасы созсаң зытар. 

Ән сүйгіш, жылы кӛңіл, сӛзге таңсық 

Жылпыңдар жылы сӛзді неге ұмытар? 

Тамырды солқылдатып, ойды қозғап, 

Жүректі тебірентіп, ішті жылытар. 

Қайғылы, мұңды, ӛнерлі, шерлі жанға 

Ой салар, ойын түртер, жыбыршытар. 

Еліртер, екілентер, елжіретер, 

Толғантар, толғақ салар, толықсытар. 

Аспанға ащы даусың шырқап, қалқып, 

Қоңырлап, кӛмей қайта аңыратар. 

Зарлының екі кӛзін мӛлдіретіп, 

Болса да елжіретер бейлі шын тар. 

Салған ән магниті тұрған кӛпті 

Баладай тербеу жеңген бір тыншытар. 

 


47 

Sauap.org 



Желді қарағай 

 

Жайлауым желді қарағай, 



Жайлауында елі жарасқан. 

Жанымда жайлау жағалай

Жанса, қалай жақ ашпан. 

Қарағайың сыңысып, 

Қалың малың қаптаған. 

Қара бұлт бураң бұлықсып, 

Қара інген тауды қапсаған. 

Туырлықтай тұманда 

Тұмшаланды тұғыл сай, 

Тобылғы торы құнандай, 

Томсарды қасы қапсағай. 

Шоқшиған шұбар шоқының 

Шоғырланса ұшпа ұшынан. 

Шолақгың лоңқа шоқтығын 

Шолады кӛкте күшіген. 

Ол күнде біз бала едік, 

Оздыра құнан шауып ек. 

Орғыта ойнақ caп едік, 

Ойнай қозы бағып ек. 

Жалбағай тұмақ, жауқияқ 

Жауырынымызға жабысқан, 

Жая шыққан қозы-лақ 

Жамырауға жарысқан. 

 


48 

Sauap.org 



Жайлау 

 

Кӛк кілем қатипадай жасыл жайлау, 



Қаз-қатар ауыл арты желі байлау. 

Жайлаудың жаз мезгілін елестетіп, 

Мақтаншақ мінезім бар жұртқа айқайлау. 

 

Айы алтын, кӛк жайлаудың күні күміс. 



Ақ тасы бұлағының маржан, күріш. 

Етегін шалғын шалып, жел шайқаса, 

Бейне той секілденер жасқа жүріс. 

 

Құлын, тай кісінесіп шіңгір-шіңгір, 



Тас бұлақ жайлау мақгар қағып сылдыр. 

Тырайып кӛк жотада қой шетінде, 

Мастанған қатық ішіп қойшы құрғыр. 

 

Қарағай қалың отыр қарсы бетте, 



Қарашы Қалиман мен Бейсембекке: 

Теңселіп, тебісіп тұр алтыбақан 

Байлап ап отын жібін әлпеншекке. 

 

Айналған аспанында алғыр бүркіт, 



Қатындар күрпілдетіп піскен іркіт. 

Әуені анда-санда бұлты торлап, 

Жайлауды шомылдырар жұпар бүркіп. 

 

Сапырып бәйбіше отыр сары қымыз, 



Бай отыр жалшы жұмсап, сӛзі нығыз. 

Ӛзекте мұрын жарып, мастандырар, 

Қой үзген таңқурайдан аққан уыз. 

 

Үңілген қыз, келіншек бүлдіргенге, 



Қуқыл мәз тебеде елді күлдіргенге. 

Жапар таз қой, қозыны жамыратгы, 

Әуей боп бүлдіргенде бір жүргенде. 

 

Үй басы құрт қайнатқан, ӛре жайып, 



Күнделеп бие сауған келін, зайып. 

49 

Sauap.org 

Дауылда жел қапсырған арқаны жоқ

Кедейдің қауешегі тұр қисайып. 

 

Іңірде жылқы жиған жылқышылар, 



Сызылтып кӛңіл тербеп әнге шырқар. 

Ән толғап бойжеткенді қыбылжытса, 

Күрсініп кӛзден кекіл кейін сипар. 

 

Қысырақ үйірленген бӛрте бурыл, 



Саяқсып шет жайылып емес жуыр. 

Қайнатқан қазан түспей, таң білінсе, 

Азанды сықақ қылар таста суыр. 

 

Алады түнгі ұйқыны күндіз сәске, 



Сәскеде сары қымыз түсер бәске: 

Манаурап гүл толқытқан самал жұтып, 

Ақ сұлу ірге жақта тігіп кесте... 

 

 



50 

Sauap.org 



Арыным 

 

Алқынамын, басылмайды арыным, 



Тау селінде екпін қайрат, сарыным. 

Жарлы-жалшы, жақыбайды жарылқау 

- Жандағы ауру, жүректегі жалыным. 

 

Егер салсам қос ӛкпеден тепкіні, 



Елең емес тау жақпары, тек тұры. 

Жау жапырар, кӛк дауылша бұрқырар, 

Шүу дегенде кер бедеудің екпіні. 

 

Толас болмас топ жасаққа тиіспей, 



Семсер ұрып, ақ найзаны үзіспей. 

Бет-аузым шаң, қанжарым қан қайрылып, 

Ұмсындырып жау сұлуын, су ішпей. 

 

Аял болмас айқай-сүрен салыспай, 



Қашқан жауды ат баурына алыспай. 

Қан сусаған болат сүңгім ашылмас, 

Шұрқылтайдан шұрылдата шанышпай. 

 

Тыншу болмас қалың қайрат қайнамай, 



Қанжығаға қанды басты байламай. 

Қара жүрек, қара қошқыл қанменен

Үш тосарлы, қанды ауызды майламай. 

 

Улы кӛкірек жиған сүтін тамызбай, 



Қызыл қылыш қырқа турап ағызбай. 

Басылмас бұл алқындаған арыным, 

Адал сүтпен жарлыларды жағызбай. 

 

«Мен» емеспін, мен де кӛптің бірімін, 



Мендейлердің міне қостық бірлігін. 

«Мен» құралып «біз» боп шықпай күреске, 

Мен тудырман бұқарама тірі күн. 

 

Арылтамыз аспанды аршып тұманнан, 



Тазалаймыз жерді жонып жуаннан. 

51 

Sauap.org 

Тапсыз, тату, мерекелі, ӛнерлі, 

Ел жасаймыз еңбегіне қуанған. 

 


52 

Sauap.org 



Оқимын 

 

Бесікке бӛлеп бӛбегін, 



Шӛките қойып шүмегін, 

Бауырсақ шайнап жегізген. 

Жая десем жал беріп, 

Шекер десем бал беріп, 

Аялап мама емізген, 

Аяулы анам аман бол! 

Ұлықсат қыл, оқимын. 

Оқығанда кім болам? 

Жанарыңа нұр болам. 

Ашамайлап тай байлап. 

Тай терлетсем бай-байлап, 

Азырақ ағат іс қылсам, 

Әуліккен әкем айғайлап. 

Қозыда ұйықтап қалғанда, 

Ат баурына алғанда, 

Айырған анам қой-қойлап. 

Алапқа мені айдаушы ең, 

Ұзақ күн ӛзің дойбы ойнап

Жүре алман, әке, той-тойлап, 

Әзірге, әке-ау, аман бол, 

«Жол болсын» айт, оқимын. 

Оқығанда кім болам? 

Заманыма ұл болам. 

Желегімен желпіген, 

Жеңешетай-ау, жылама, 

Тұлымшағы селтиген – 

Қарындасым Нұрбала, 

Балада сендей бола ма, 

Сағынба, сәулем, келемін. 

Айналып сені сүйемін, 

Аман бол деші ағаңа... 

Жеңешең, қарғам, қарайды, 

Шашыңды шашпай тарайды. 

Оқимын, кетем қалаға. 

Оқығанда кім болам? 

Дейсіңдер ме күн болам? 



53 

Sauap.org 

Мен сендерге тіл болам. 

Қарта бұйрат, қос қолат, 

Құмсағызды құмым-ай. 

Тауым, сүттей суың-ай, 

Сылдарлай тұр әзірше, 

Ойланармын әлімше, 

Заңы заңғар заманым, 

Беті-қол саған жуғызбас. 

Қояны қойдай ақ ӛзек, 

Кӛгалы кӛлдей кӛк ӛзек – 

Кӛбелек сенде қуғызбас. 

Қой-серкеш, қолхат оқытып, 

Қоралы қойды қоқитып, 

Желілеп жылқы жиғызбас. 

Есім кірді, есейдім, 

Ендей алман еліме, 

Бекер жүрмен белімде. 

Батпағында ойнап күміс кӛл, 

Балшығым түйе құйғызбас. 

Қол-аяғым босанып, 

Дәуірледі дәуірім, 

Білімді қуа бет алмай, 

Басыла алмас әуірім. 

Алып ұшад кӛңілім, 

Ӛзгеленді ӛмірім, 

Жұлып ұшад жүрегім, 

Телегейленді тілегім, 

Тұнығында ойнатып, 

Түбегім шыбық қиғызбас, 

Аман бол, мекен, аттандым, 

Аттанғанға шаттандьм. 

Қабағыма қарамай, 

Қалайша қала сыйғызбас. 

Құтты қоныс қош-есен! 

Ұмтылдым ерте, оқимын. 

Оқығанда кім болам? 

Күркіреп жауар күн болам. 

Қараша аулым шошайған, 

Кӛшесін қашан сол сайдан? 


54 

Sauap.org 

Жоқшылық пен жалқаулық 

Кешірер ме екен сол сайтан? 

Бекемге байлап белімді

Айналам оңға осы айдан. 

Тарыққан әлем табына 

Қолымды қоса шошайтам. 

Осы бетпен, ниетпен, 

Ауылға әзір қош айтам. 

Аман бол ауыл, оқимын. 

Оқығанда кім болам? 

Ауылыма ай, күн болам. 


55 

Sauap.org 



Ел шетінде, жау бетінде 

 

Бұлт қалың, ай қараңғы, 



Куілдеп соғып тұр дауыл... 

Тӛңірек, маңай, ғаламды 

Жамылшы жапты бір ауыр... 

Қалың тоғай, қара орман, 

Су салдыры недәуір, 

Жаңа жұрт, жапан, жар қонған 

Жадағай қора, жарлы ауыл... 

Қорада қойлар қорқулы, 

Мӛңіреп сиыр, кӛк теке 

Бақылдайды, у-шулы... 

Алдымда от алакӛлеңке. 

Тӛңіректеген тӛбетім, 

Тығылып үйде ықтайды. 

Күзетер деген күзетшім 

Бүркеніп быр-быр ұйықтайды. 

 


56 

Sauap.org 



Жанартау 

 

Зәулім-зәулім заңғар тау 



Шығыс-батыс шегінде, 

Лапылдақ жалын, іші қау 

От ойнақшыл тегіңде. 

Қарындай кепкен қампайып, 

Борсып, бықсып, булыққан. 

Ашылып аузы аңқайып, 

Түтектен түтін, бу шыққан. 

Ұшқыннан от бұлқынып, 

Күрс-күрс, быж-быж оқ... 

Жалаңдап жалын жұлқынып, 

Айнала түскен қызыл шоқ. 

Лаба жалын жандырды 

Тас, қоқыр, тікен, сіріні. 

Тұншыққан жылан түтінге, 

Кӛзінен ақты іріңі. 

Қызыл жалын тазалап, 

Қуарған қорданы ӛртеді. 

Жас балдырған жаңалап, 

Жайқала шықты ӛртеңі. 

Жанардың жанған жалыны, 

Жердің жүзін жарық етер. 

Жарылқар жалшы-жарлыны, 

Жаңа жұрт жасар, қарық етер. 

 


57 

Sauap.org 



Жауын 

 

Кӛк шатырлап, жел қарпып, 



Жайлар түсті жайнақтап. 

Қап-қара сұр мұнартып, 

Бұлт аспанда ойнақгап. 

Қырыққан ешкі бүржектеп, 

Күзеген түйе тайрақтап, 

Боранды бұршақ шүмектеп, 

Жер су болды тайғақтап. 

Құздардан құйды күңіреніп, 

Сай-саладан ылайтып, 

Сұрғылтым бұлты түнеріп, 

Моланы езді шұнайтып. 

Жадыраған жазғы күн, 

Қоштасты бізге «мұң» айтып. 

Арық, әлсіз наз-мұңын, 

Жылады, шырқап шын айтып. 

Қараңғы перде қанаты 

Аспанды шалып, жерді алды. 

Меңіреу ұйқы қуаты 

Ұйтты жеңіп, елді алды. 

Қышқыл уайым, ащы сӛз, 

Бойдағы сіңген терді алды. 

Болжаған түс болып кез

Ел ұйқысын енді алды. 

 


58 

Sauap.org 



Жас жалшыға 

 

Туғанда алғаш анаңнан, 



Балапан едің ақ үрпік. 

Құндағың тері, саламнан, 

Жеткіншек едің жез кірпік. 

 

Әкең қойшы, шешең күң, 



Жылы орны да жоқ еді. 

Қазан жалап сен үшін, 

Әйтеуір анаң «тоқ» еді. 

 

Азаппен жиған ақ сүтін 



Мезгіл-мезгіл сорушы ең, 

Жұмыста анаң, жоқ күтім, 

Ӛксікпен ӛкпе соғушы ең. 

 

Шӛп тӛсекпен шығысып, 



Денең тастай шираған. 

Күн қағып, жел жеп, отқа ысып, 

Бейнеттен күш жинаған. 

 

Аязды суық боранда 



Қалшылдап ӛстің сүмсиіп. 

Таңды атырдың қораңда, 

Қар құшақтап, мұз сүйіп. 

 

Ақ бәтестей ақ денең 



Ыстаған бейне қара кӛн. 

Қабағың салық, жоқ ӛлең, 

Ойнамайсың баламен. 

 

Ұрсу, соғу, зықынау, 



Жүректің қалған тоты боп, 

Ӛстірген шайып жас былау... 

Ӛмірлік сӛнген оты жоқ. 

 

Үміті біткен тірліктің, 



Жас басыңнан шалдайсың. 

59 

Sauap.org 

Қызығу, талап, ерліктің 

Біреуін де ойға алмайсың. 

 

Жасыңнан-ақ құлдыққа 



Ыңғайланып алыпсың, 

Мұқтаждыққа, мұңдыққа 

Мұңайыпсың, қалыпсың. 

 

Емес пе ең жазғы кӛбелек, 



Кӛгалда кӛлбеп ұшпайсың. 

He себеп, мұнша уһілеп, 

Қу таяқты ұстайсың? 

 

Ӛзіңдей жанның баласы, 



Оқып жүр ғой мектепте. 

Бет, білек қолдың саласы

Абайлашы, аппақ па? 

 

Мектебі жақсы, кӛңілді, 



Арқалап боқша барады. 

Киімі бүтін жып-жылы, 

Ойнап асыр салады. 

 

Жабырқаусың, жасықсың, 



Ондай кӛңіл сенде жоқ. 

Жалынды жастай басыпсың, 

Пендеге де пенде боп. 

 

Ұйымы қайда жастардың, 



Әлде сені білмей ме? 

Әлде, асусыз асқардың 

Жібермей желі үрлей ме? 

 

Бұған қандай мәніс бар? 



Сен бұл күйде отырсың. 

Еске алар, аяр, танысар, 

Оқырсың қарғам, оқырсың! 

 

Ұран жақсы, үміт кӛп, 



60 

Sauap.org 

Жамырар жастар, бас құрар. 

Ӛнерсің кӛпке жігіт боп, 

Жасыма жаным, жас құрғар. 

 

 



61 

Sauap.org 



Кім екен? 

 

Бауырым, сәулем Күләнда! 



Неліктен солғын ажарың? 

Тұтылған айдай тұманда, 

Неліктен тӛмен назарың? 

Ақ дидарың тотығып, 

Ақша бетің солыпты. 

Жігерің жасып, от құрып, 

Жанбастай болып сӛніпті. 

Жазық жаурын қайқайып, 

Шыбық белің бұралып, 

Құлағың қапты қалқайып, 

Тамағың, жағың суалып. 

Бүлдірген бетің сұрланып, 

Тыржиып қабақ қатыпты. 

Алмадай піскен нұрланып, 

Тартылып ұртың батыпты. 

Мӛлдір тұнық қара кӛз, 

Ажарсыз тартқан алайып. 

Келте қара шашыңыз 

Түбіт бопты шолайып. 

Ақ білегің азғындап, 

Білезіктерің босапты. 

Қарағанға байымдап, 

Саусақта жүзік бос қапты. 

Ұзақ, сары таң кӛрмен тең, 

Кірпігінде жоқ ұйқы. 

Ұзақ, сары күн шермен тең, 

Езуінде жоқ күлкі. 

Кӛзіңнен аққан суық жас 

Айғыздап бетті шайыпты. 

Суық жаспен аралас 

Жүректен талап тайыпты. 

Тамаша сауық, жиын той – 

Біреуі де кӛңілсіз. 

Достық, қастық, қызықты ой 

Біреуі де сенімсіз. 

От лебіндей ып-ыстық 



62 

Sauap.org 

Аузыңнан шыққан аһы-зар! 

Кеудеңді кернеп, дерт қысып, 

Кӛзіңнен сығып ағызар. 

Ӛз жӛніңді ұмытып, 

Итке басыңды иесің. 

Ұзақ таңға у жұтып, 

Аһлап жастық сүйесің. 

Айт шыныңды, сәулежан, 

Кім мұңайтгы? Кім соқты? 

Айырып ажар ақылдан 

Әлде пері, жын соқты? 

Шыныңды айт, неге бӛгелдің, 

Жүрекке жара салған кім? 

Махаббат, талап, жігердің 

Тамырын қиып алған кім? 

Кім сарғайтты, налытты, 

Айт, жасыма, жасқанба! 

Дауыл менен жауыздың 

Ұшқан күлі аспанға. 

Ӛсекшіл жауыз қас дұшпан 

Деді-ау әлде: күң екен. 

Біз бұғаусыз арыстан – 

Күң қылатын кім екен? 

 

 



63 

Sauap.org 



Шаттық жыры 

 

Шаттық жыр ағыл-тегіл, жаз қаламым, 



Шат ӛмір шалқауыңа аз ба, жаным! 

Байғұс-ау, баяғы күн есіңде ме, 

Қорлықпен құлап қала жаздағаның? 

Тұзың cop, еңбегің еш болған күнде, 

От кӛңілім осындай боп мұздамадың. 

Ӛлеңнің ӛнерінен ӛзен кӛрмей, 

Шӛліркеп, шұқанақгы қазбаладың. 

Білімнің бұлағы аққан заманында 

Жарай ма, жосылта жыр жазбағаным? 

Халқымның қуанышы қиқулады, 

Ер кӛңілім, енді қашан қозғаламын. 

Елімнің екі туған ерке шалы – 

Жамбыл да күйінде отыр бозбаланың. 

Жан жаппай жақсы еңбекте жарысқанда, 

Ұят-ау, осылардан озбағаным? 

Алғанда халқым тауып күткен бақытын, 

Қалайша қарыштамай күйбең қақтым? 

Ақынның айқайы аспанды алмайтын ба, 

Дауысы жарғанда жер біздің жақтың. 

Байтақ ел, байсалды ӛлке – Қазақстан! 

Біріміз - он бірінің ұлы одақтың. 

Дәуірлеп, дәурен ӛрлеп тұрған елміз, 

Азат боп түрмесінен қанды азаптың. 

Таңынан тарихының толғаны осы – 

Ерікті ел қазақтың, ер қазақтың. 

Елімнің шаттығынан шалқып жырым, 

Мен де айдап ӛлеңімді ӛрге тарттым. 

Бай жерім, бақытты елім - ұлы одағым. 

Отаны азаттықтың, адамзаттың! 

Табысқан туысқандай алуан халық 

Астында бақыт тудың - балға, орақтың! 

Ырысты, еркін, азат елім қандай, 

Кең-байтақ, кең дәулетгі жерім қандай! 

Ӛлкемнің оңы мақта, солы қырман, 

Бітетін біздің жерге егін қандай! 

Ӛрбіткен алуан түрлі асыл тұқым, 



64 

Sauap.org 

Тӛгілген ойда, қырда тӛлім қандай! 

Бал еткен малдың сүтін, аңның етін 

Гүл, жұпар, күшті дәрі - шӛбім қандай! 

Алатау, Алтай, Арқа, Қаратаудан 

Қазынам, халқым, алған кенім қандай! 

Былқыған балығымен, байлығымен 

Атырау, Арал, Балқаш кӛлім қандай! 

Үсті ырыс, асты қазына Қазақстан

Уа шіркін, ӛлкемдегі ӛмір қандай! 

Біз бір бай ұлы одақтың ӛлкесіміз – 

Бақытты елі осындай, жері сондай! 

Уа халқым, он жылыңда «Далаңды» айттым, 

Ой, қырың, орман, тауың, салаңды айттым. 

Ертіс, Сыр, Есіл, Жайық - ел қонысым, 

Алатау, Алтай, Балқаш, Аралды айттым. 

Ақтабан-шұбырынды, шулаған жұрт, 

Қаратау, қансыратқан заманды айттым. 

Би, болыс, ояз, ұлық билегенде 

Қара күн, қараңғылық, қамауды айттым. 

Ақ жорық - «Алаш» жалау кӛтергенде 

Халқыма қанша тиген залалды айттым. 

Жауды айдап, жақсы ӛлкемді жасамаққа 

Лениннен қазақ мандат алғанды айттым. 

Шал кӛңіл, тарих атты шежіре шал 

Құшақтап, кұттықтаған балаңды айттым. 

Ӛлкем шат, ӛмірім қызық екендігін 

Сол кезде-ақ айналаға абайлаттым. 

Ӛткен күн құл мен күңнің базарындай, 

Қан кешкен халық бар ма, қазағындай? 

Хан заман - қараңғылық, ойран заман – 

Түнерген Түркістанның мазарындай. 

Қарғаймыз хан, патшаның қара күнін, 

Халықтың, ауыр дерті, ажалындай. 

Ерді - құл, әйелді - күң, елді - қор қып, 

Артқан күн ажырағын жазалыдай. 

Тартып ең талай қорлық қайран жұртым, 

Заманда абақтының азабындай! 

Қалдырған қараңғының қамауында 

Халқыма болды ма ауыр жаза мұндай? 


65 

Sauap.org 

Бұл күнде елім азат, жерім абат, 

Заманды кӛрді қашан қазақ мұндай? 

Айта ма дені дұрыс адам ұлы

Жетті деп бұл дәуірге қазақ оңай? 

Кең далам, кемеліне келген, далам, 

Гүлденген шат, шадыман елмен, далам! 

Жадырап жаз ӛмірдің күні астында, 

Жамырап, жайраңдасып ӛрген, далам! 

Артыңда қалды-ау талай қара күндер, 

Аң болып, а Құдайлап жүрген заман. 

Бақтына бал аштырып, бақсы ойнатып, 

Таңдағы тәңірімнен деп сенген заман. 

Бақ іздеп, желмаямен жел шалдыртып, 

Асанның қайғысымен желген заман. 

Ұшырап ұлы апатқа ойы, қыры 

Ӛртеніп, жанып күл боп, сенген, далам. 

Жасарған жақсы ӛмірдің жазы жайнап, 

Кӛп заман күткен күнін кӛрген, далам. 

Шаттығын сол даланың жел қайық қып, 

Шалқы жыр, шалқы кӛңіл, тебірен, қалам 

Шаттығым, мақтанышым, бақытты елім, 

Атанған Қазақстан байтақ жерім, 

Тобыңнан тойға ұласқан кӛрсін жан-жақ 

Отанның шын ұлдарын, ел ерлерін! 

Еркін ел, ерікті еңбек ерлері деп 

Отырсың омырауларда орден - Ленин. 

Ырысы еңбегімнің, елім кӛркі, 

Кӛмейі, күйі шатгық ӛлеңдердің. 

Осылар жаңа заңын жариялап, 

Кӛрсетсін әлемге елім кенелгенін. 

Шығыста шын үлгісі біздің аймақ, 

Ерік алып, ел болайық дегендердің. 

Халқымның қуанышы қалтыратсын, 

Қас дұшпан, қалған жаудың ӛлерменін. 

Мойныма бұршақ салып ӛткен күнде 

Осындай ел болуын тілегенмін. 

Күніміз әлемді алсын жарқылдаған, 

Үніміз жерді жарсын саңқылдаған. 

Шуымыз шаттығымен шалқып кӛкке, 


66 

Sauap.org 

Туымыз тұрсын биік алтындаған. 

Бақытты жаңа заман, жаңа заңым

Халқымның қаңдайлығын айқындаған. 

Күшті Отан, ӛнерлі ӛлке біз боламыз, 

Қуанып досы, жауы қалтыраған. 

Қалмасын халқымызда жалқау, надан, 

Еңбегін ел ырысына сарф ұрмаған. 

Шырқалсын шаттық үні әншілердің, 

Ақыннан сӛз қалмасын айтылмаған. 

Тӛгілсін тәтгі жырлар, күшті күйлер! 

Асыл сӛз, аңқып лебіз, шалқыған ән 

Отанның ұлдарынан шыға берсін, 

Үні деп бақытты елдің жан тыңдаған! 

 

 



67 

Sauap.org 



Саптыаяқ 

 

Қарынсау, қара тегештей, 



Қара қоңыр саптыаяқ. 

Дӛңгелек қарын, кемештеу, 

Ақжем ернеу, ақ қабақ. 

Шағыршығы шыңғырлап, 

Айнымайды арбыздан, 

Тау суындай салдырлап, 

Құйылса қымыз құндыздан. 

Бауырдай қатық балбырап, 

Қоймалжың қою құйып құрт, 

Жұмып кӛзді жұтқанмын, 

Мӛлтілдетіп малып мұрт. 

Қабаққа біткен қайыңның 

Беріші еді, безі еді. 

Ӛтіндей-ақ аюдың 

Әкемнен қалған кӛз еді. 

 

 



68 

Sauap.org 



Толғау 

 

Қозғауы қозған қоғамым, 



Қолқалап әңгіме айт десең, 

Қобалжимын, қозғалам. 

Қозғайын десем далаңды, 

Домбыраң емес, қаламды, 

Қобалжимын, қолға алам. 

Кӛңілдің күйі келмесе, 

Кӛп мылжыңға мен сараң. 

Кӛңілдің күйі кернесе, 

Кӛтерілем, ән салам. 

Бүгінгі топты жара алмас

Болдырған сӛзге шаршаған. 

Әңгімем менің бүгінгі, 

Бүгінгі жиын аңсаған. 

Ағытылды әңгімем, 

Ал әлеумет, ал жаран! 

Әңгімем алды тыңдасаң: 

Осы бір заман, қай заман? 

Бұл заманың сол заман, 

Күңіренген Күреңбел, 

Күйзелтіп «құты ұшқан» күн. 

Басы биік бәйтерек, 

Құлатып отқа жағуға 

Кедейлер кеулеп кескен күн. 

Алаштан озған алаяқ, 

Әдейілеп атқан оқ тиіп, 

Бәйге алмай, ұраны ӛшкен күн. 

Қанды балақ, мұз қабақ, 

Топшысынан томырылып, 

Түлкі алмай, тасқа түскен күн. 

Желпілдеген Алатау 

Желкілдемей, жел шығып, 

Жиырылып жерге түскен күн. 

Жез қарғылы құба арлан 

Жез қарғыдан айрылып, 

Жеркеніп уын ішкен күн. 

Алатаудың бауырынан 



69 

Sauap.org 

Аспанды аршып, жел желпіп, 

Алтын күрек ескен күн. 

Аруақтының аулынан, 

Арыстан айдан мерт болып, 

Ауырған аруақ кӛшкен күн. 

Тау сілкініп, мұз босап, 

Тас желіні иген күн. 

Қыр қорқауы бӛріге 

Құл «жапалақ» шүйген күн. 

Аунаған аруақ қордаға 

Жиылып, тастай түйіліп 

Ашынғандар тиген күн. 

Борт-борт сынып босаға

Орнаған аруақ ордаға, 

Күң тепсініп кірген күн. 

Алтын, күміс алынып, 

Шынжырлы шен табылып, 

Тығулы тенді тілген күн. 

Мырза мінген жорғаны 

Құл шайқалтып мінген күн. 

Ханыша киген торқаны 

Күң найқалып киген күн. 

Бұл заманың сол заман, 

Сүйтіп-сүйтіп түрленген, 

Күннен-күнге, күннен-күн! 

Бұл заманың сол заман, 

Күннен күнге түрленген. 

Ақ ордалар ойран боп, 

Ақсүйектер сүрілген. 

Аруақты белдің үстіне 

Ел еркіндеп қоныстап, 

Қараша үй қалың тігілген. 

«Бауырды бауыр пышақтап

Жарылған ауыл, бүлінген», 

Есік пен тӛр егесіп, 

Біріне бірі жүгірген. 

Ата мен бала алысып, 

Бірі - мәз, Бірі - күңіренген, 

Бір жағы шу... Күңіренген. 


70 

Sauap.org 

Бір жағы ду Ду күлген... 

Ауылды мұндай кім кӛрген? 

Я, мұны кім кӛрген! 

Бұл бір белең бір кӛрген. 

Бұл бір мерей біз кӛрген. 

Айналаға қарасам, 

Оралған нұрға әуе, аспан. 

Күн кӛрем де, нұр кӛрем, 

Нұр кӛргенде не кӛрем: 

Тандыры қайнап, бұлақтап, 

Тақыры жайнап шуақтап, 

Бӛленген нұрға жер кӛрем. 

Нұр үстіне нұр қосып, 

Нұрлы дала жерлеген 

Еңбекші қазақ - ел кӛрем! 

Ел шетінде кім кӛрем: 

Қақпандағы қасқырдай, 

Мылқау... кӛзін тӛңкерген, 

Мал, мүлікті алдырып, 

Елден, жерден айрылып, 

Күйзеу, жүдеу, меңдеген, 

Айналада жау кӛрген, 

Алдында азап, кӛр кӛрген, 

Қаңғырып қалған бай кӛрем. 

Еміс те еміс есітсем, 

Зарлаған үні, еңіреген, 

Еңірегенде не деген: 

Бүліндім, біттім, таусылдым! 

Енді ӛлемін! енді ӛлем... 

Ел ішінде кім кӛрем: 

Қабандағы қорқауға, 

Қан қозып, кек кернеген, 

Құралысып, байды айдап, 

Қуанысып, малды айдап, 

Кедей кӛрем кенелген. 

Ел иесі ӛзімсіп, 

Масайраған құл кӛрем. 

Үй иесі ӛзімсіп, 

Гүл жайнаған күң кӛрем. 


71 

Sauap.org 

Еңбегін қорғап жегеннен, 

«Бірлесейік» дегенмен, 

Еңбекші кӛрем ӛрлеген!.. 

Бұл кӛргендер кӛңілді 

Бүгінгі күн тербеген, 

Тербетер бұл талайды, 

Кӛрмеген мұны кемде-кем. 

Қозғауы қозған қоғамым, 

Қолқалап әңгіме айт десең, 

Қобалжимын, қозғалам. 

Қозғайын десем далаңды. 

Домбыраң емес, қаламды, 

Қобалжимын, қолға алам, 

Кеше ғана ойнаған, 

Темір емес, ӛмірді 

Ӛзгеше соққан балғадан 

Ойнаған да күй алғам. 

Мінекей біздің алған күй, 

Мінекей біздің салған ән. 

Мінекей біздің әңгіме, 

Әлі де талай толғанам. 

 

 



 

72 

Sauap.org 




1   2   3   4


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал