Ілияс жансҥгіров



жүктеу 403.99 Kb.

бет2/4
Дата27.02.2017
өлшемі403.99 Kb.
1   2   3   4

Сапарда 

 

Тӛніп әуе, 



Тұнып теңіз, 

Қызықтырған басында, 

Ыңсыз, желсіз, 

Теңіз елсіз... 

Үміт ілгері асуда. 

Қайықты сырып, 

Кеттік бұғып 

Алыс жолға - жыраққа! 

Кӛзді жас қып, 

Қош-қоштастық 

Қара кемер - құраққа. 

Үздік-создық 

Жүрдік, жүздік. 

Кӛк теңізді айырып

Су да шусыз. 

Біз қайғысыз. 

Кеттік ұзақ ай жүріп. 

Таппай жаға, 

Су сақыраға, 

Күн жығылып сүңгиді. 

Жылдам, шапшаң 

Жамырап сам, 

Түн түнжырап мүлгиді. 

Желпіп теңіз, 

Шықты лебіз, 

Кӛкті бұлт торлады. 

Қайық қылпылдап. 

Су ылпылдап, 

Бізге безгек орнады. 

Біз шалқалап, 

Желді арқалап, 

Кеттік бетсіз түу-түуге. 

- Аһу-ұу-шу! 

Салды бізді шүу-шүуге. 

Сапырып теңіз 

Жел соғады. 



23 

Sauap.org 

Қалтыл қайық толқында. 

Ақырын теңіз, 

Сең соғады, 

Кеткен жүрек қорқуда. 

Таудай қайқаң, 

Шұңқыр, ойпаң, 

Әлсіз отпен кӛз түсті. 

Кӛлденеңдеп, 

Кӛкке ӛрмелеп, 

Жынды толқын сүзісті. 

Қара жаңбыр, 

Сыр-сыр, сыр-сыр... 

Сорғалады, сорлады. 

Үпі әулие, 

Сүлеймен де 

Түк септігі болмады. 

Мәңгі-мәңгі, 

Қап-қараңғы, 

Соқыр кӛзді жұмғандай. 

Үсті желең, 

Асты терең... 

Ӛмір зымиян зындандай. 

Әлдеқайда? 

Қандай жайға? 

Келдік, кеттік белгісіз. 

Қандай мекен? 

Қай жақ екен? 

Ажыратып ми бергісіз. 

Кетті сүрек, 

Ӛлді жүрек, 

Сезім-сана қалған жоқ, 

Еш шықпаған 

Ӛлімтік жан, 

Сенде аһлау, арман жоқ. 

Жүздір-жүздік, 

Соққы кӛрдік, 

Бәсеңдеді жел-дауыл. 

Соққан толқын, 

Тартқан опқын, 


24 

Sauap.org 

Ақырындады жай ауыр. 

Жыртылды бұлт, 

Етті жылт-жылт, 

Сығалайды «босаға», 

Маған әлі 

Қап-қараңғы. 

Бетсіз-шетсіз осы ара. 

Үріккен үркер 

Ұшқан арқар, 

Ол да біздей адасқан. 

«Жетіқарақшы»- 

Кӛталақшы, 

Кімге тауып жол ашқан? 

«Ақбозат» та, 

«Кӛкбозат» та. 

Арқандаулы, байлаулы. 

Алыс па арал? 

Қоңыр самал 

Бұлтты түріп айдаулы. 

Біз сенбейміз, 

Бос «жел» дейміз, 

Үркер-арқар, ӛңгені. 

Біз іздейміз, 

Біз кӛздейміз 

Аумас қазық шегені. 

«Темірқазық» 

Бойын жазып, 

Шықты бұлттан жалтылдап. 

Бет түзедік, 

«Ал жүзелік!» 

Дестік қайық қалтылдап. 

Қажып-талма, 

Жеттік таңға. 

Жел басылар, түн де ӛтер. 

Аумас қазық, 

Талма қажып, 

Ел қарасын кӛрсетер. 

 

 



25 

Sauap.org 



Ауылдың алды 

 

Ауылдың алды айдын кӛл, 



Айдын кӛлде шағала, 

Айдын кӛлді жағала 

Айнала қонған қалың ел. 

Ауылдың алдын абайла, 

Ауылдың алды ұлы кӛш, 

Алдында ӛткел, оны кеш. 

Аяңда, ауыл, аяңда! 

Ауылдың алды айқын жол. 

Аңқылдар ауыл, аңырмас. 

Аңыртпай бастар бауырлас 

Қозғалармыз қалың қол. 

Ауылдың алды асқар тау, 

Асқар таудан асармыз. 

Асып жайлы жасармыз, 

Ел ер жетіп есен-сау. 

 

 



 

26 

Sauap.org 



Бұлақ бойында 

 

Сылдыр-сылдыр су сылдырар бұлақтан, 

Тәңірі ме екен тауды-тасты жылатқан 

Анда-санда кӛңіл айтып «Кӛк!» Кӛк!» деп, 

Шығар даусы кӛкектің де жұбатқан. 

Ертелі, кеш сыңқылдайды, жылайды. 

He кӛксейді! Қыңқылдайды, сұрайды? 

Кӛк жүлгемен кебелесе кӛбелек, 

Тӛсін тӛсеп «кӛбешім» деп шулайды. 

Сыңқылдау не? Бұлақтағы зар ма екен? 

Бұлақ тілін білетін жан бар ма екен? 

Сықылықтап күліп жатқан ӛмірге, 

Әлде бұлақ бір ойнақы жан ба екен? 

Жоқ, бұл асқар Алатаудың ӛлкесі, 

Бұлақ соның ойнақтаған еркесі. 

Бұлақтың да сырласатын жаны бар, 

Онысы, анау: келе жатқан тәтесі. 

Айым Жамал ақгайлақтай монтайып, 

Екі кӛзі жылап ісіп томпайып, 

Сыңқыл қағып жылап жатқан бұлақпен, 

Жыласатын жанына кеп жантайып. 

Жамал қыз ед, қыздың шолпан жұлдызы ед, 

Шашы қолаң, қасы қара құндыз ед. 

Бұршақ салып тілеп алған құдайдан

Есекеңнің ұл қып сүйген бір қызы ед. 

Есекең де бәйбішесі Динамен 

Жылқы жылы қайтып кеткен дүниеден. 

Малды үлесіп, үйді бұзып ағайын 

Жамалды да талқылаған, сүйреген. 

Ӛз шешесі, ӛз әкесі болмаса, 

Ӛзі ұнатып сүйгеніне бармаса, 

Қараңғы елде қаңғып қалған жетім қыз, 

Сӛгіс пе екен, сумен бірге зарласа. 

Жетім Жамал тоқалдыққа сатылған, 

Теперішті... кӛрген күндес қатыннан. 

Қойнына алып Қожағұл шал жататын, 

Сабадай боп күнге кӛннен қатырған. 

Күндес қатын шағыстырса күңкілдеп, 



27 

Sauap.org 

Шал қоятын зекіп, нұқып, желкелеп, 

Мӛлдір кӛзден мӛлтіл қағып меруерт жас, 

Келетұғын бұлағына ертерек. 

Еңіреп жүрек, майыса басып ӛлкелеп, 

Кӛк шалғынды құшақтады кӛрпе деп. 

Жұбатқандай, жылатқандай бал бұлақ, 

Сылдыр қақты тәтесіне еркелеп. 

Сырласқандай сырды шешіп сылдыры, 

Жылатса да, жұбатса да су жыры. 

Сырды, шерді, мұңды, зарды толғайтын 

Сондай да бір судың бар ғой құрығы. 

Сылдырлады, сыр жылады, сӛгілтті, 

Кӛздің жасын кӛк майсаға тӛгілтті. 

Су сылдырап, торғай шырлап, күн сүйіп, 

Жел сыбырлап ауыр ойлы жеңілтті. 

Сорлы Жамал тұрды жерден «аһ!» ұрып, 

Суға еңкейді жүресінен отырып. 

Қолды малып, жүзіктерді ағытып, 

Аузын шайды күміс сумен толтырып. 

Салқын сумен жуды бетін, білегін, 

Сергіткендей болды жастың жүрегін. 

Салқын сылдыр сергітер деп жүректі, 

Су тәтесі келетұғын күнбе-күн. 

Қарап еді ауыл жаққа «Аһ!» ұрып, 

Күндес қатын жұлқынып тұр шақырып. 

- Әке... баба... боқтап сойыл сүйретіп, 

Қожағұл да шықты ауылдан ақырып. 

Салқын сылдыр сергіте алмай жүрегін, 

Дауыл айқай алды жастың жүрегін. 

Ӛмірге қор, ӛмірге ез боп жас Жамал, 

Ұялады жүрегіне тірі ӛлім. 

 

 



 

28 

Sauap.org 



Ақшам 

 

Кӛкше кӛкте ақша бұлт 



Кӛміліп күн нұрына, 

Жел байырқау, жер сұлық, 

Қызғыл алтын шұғыла. 

Ақ шашты ана - ала асқар 

Оқыды сам жығыла. 

Жау кӛргендей жартастар 

Жамылды тұман дулыға. 

Қабағын түйіп қоңыр күз, 

Қарағай, қайың қалтырап. 

Талда аңырап әнші құс

Таста суыр тантырап. 

Жазыла есінеп жапан қыр, 

Маужырар сұлап, балбырап, 

Даладан, таудан, кӛшті нұр, 

Салбырап, сам жамырап. 

Тауды тұман бӛкселеп, 

Ӛзен тӛлі жамырайды. 

Кӛз жұмғанда кӛкше кӛк, 

Кӛсіліп жер тымырайды. 

 

 



29 

Sauap.org 



Боранда 

 

Қарлатып қатты боран қарпылдап тұр. 



Үскірік-аяз қызыл шартылдап тұр. 

Қой ығып, басын қоршап ыққа тығып, 

Кӛміліп қалың қарға қарқындап тұр. 

Сүйеніп таяғына қой қасында, 

Дірілдеп Таймас сорлы қалтылдап тұр. 

Аяқта жуан жіппен буған шарық, 

Сүйреліп киіз шұлғау жалпылдап тұр. 

Ашылып қабырға-омырау қарға қарсы, 

Тақымы шалбарынан жалтылдап тұр. 

Денесін қалыбымен суық ұстап, 

Ызың жел селкілдетіп, аңқылдап тұр. 

Мойнына жабысқан қар ери қатып, 

Иекте мұз сүңгілер салпылдап тұр... 

Жылы ішік, түлкі тұмақ, саптамалы, 

Дүйсек бай дӛң басында салқындап тұр. 

«Ары таман қойды қозғап, жайсаңшы!»- деп, 

Таймасқа қожайынсып шаңқылдап тұр 

«Алғаның ас болмағыр, ит-шошқа» деп, 

Қарғадай қармен бірге қарқылдап тұр. 

 

 



 

30 

Sauap.org 



Гималай 

 

Сұрақ 

 

Ақшалап басын қар кӛміп, 



Аспанның тӛсін арда еміп, 

Анасындай алтын күн, 

Сел жіберіп бір жауып

Жел жіберіп бір желпіп, 

Ауық-ауық құшақтап, 

Әлсін-әлсін нұр сеуіп, 

Есейген асқар Гималай... 

Сол күннен нұр ала алмай, 

Басы мұнар, бауры тар... 

Гималай асқар неге олай? 

Буырқанып, бұрсанып, 

Бұлттанып, құрсанып, 

Бірде жылы, нұрланып, 

Бірде ашулы, томсарып, 

Бірде торғын жұмсарып, 

Кӛк үйрілген анадай... 

Сол анадан сүт алмай, 

Кӛзі соқыр, кӛңілі тас, 

Гималай асқар неге олай? 

Ырғалып, тулап, тербеліп, 

Тербетсе асқар күңіреніп, 

Жазықта аттай жарысып, 

Иықта жіптей күрмеліп, 

Тауды бұзып, тасты айдап, 

Сылдыр-сылдыр сӛз сӛйлеп, 

Ӛзендер салған неге айқай? 

Сол судан сыр ала алмай 

Қабағы құз, мұрны мұз, 

Гималай асқар неге олай? 

Жемісі жерде мәуелеп 

Терегі кӛкке әуелеп, 

Тағысы таста ойнаса, 

Қырдан қыран әуелеп, 


31 

Sauap.org 

Андыздап ара бал сорып, 

Шешегін шымшып кӛбелек. 

Құндағы ну, қарағай 

Сол сәулетке оранбай. 

Борбайы борша, арша арқа, 

Гималай асқар неге олай? 

Бұлт тамшылап, қамшылап 

Бұрқақтатып күн шығад. 

Сол бұрқақтың астында 

Қиналған бір үн шығад. 

Қиналад та, күңіренед. 

Асқар әлде тұншығад, 

Басқан оны қай кұдай? 

Түсті ме екен найзағай? 

Жатыр ма екен жау жайлап? 

Гималай асқар неге олай? 

 

Жaуап 

 

Гималай - кӛктің кіндігі. 



Гималай - жердің түндігі. 

Мұз туырлық, қар үзік, 

Түрілмеген бір күні. 

Қалған құсы басында – 

Сауысқаны, құзғыны. 

Ол құлаған құландай. 

Күшігім, қорқау, құмайдай 

Жемтігіне жабысқан. 

Гималай сорлы, cop маңдай. 

Күнін кӛміп, батырған, 

Ӛзенін тас қатырған. 

Құзын, мұзын шеңгелдеп, 

Тегеурінін батырған. 

Апшысын аяз қуырып, 

Қақалса қан қақырған. 

Бар бір басқан тұмандай. 

Сол тұманнан шыға алмай, 

Жүрегі жара, кӛзі кӛл 

Гималай сорлы, cop маңдай. 


32 

Sauap.org 

Жерін жайлап, у қылған, 

Ерін қанап, құл қылған, 

Елін талап, еңбегін 

Жалмап, теуіп, жүн қылған, 

Құлдың жанын құм қылған, 

Құлдың қанын қылғыған, 

Бар бір зәрлі жыландай... 

Сол жыланнан жылжымай, 

Қабағы жабық, қаны арық 

Гималай сорлы, cop маңдай. 

Тоқ қарыны басылған, 

Аш қарыны ашынған. 

Тұман әдет, қар сәлде 

Арылмаған басынан. 

Құлғанасы құл жайлап 

Ғасырдан шіріп сасыған, 

Дертке дене толғандай... 

Сол бір дертке ем қонбай, 

Жаны жара, тәні ауру 

Гималай сорлы, cop маңдай. 

Тауды, тасты қашатып, 

Ойды, қырды жасатып, 

Ойбай!- десе тас атып, 

Қойдым десе босатып, 

Жалынса табан жалатып

Қарысса қан асатып, 

Бар құлданған зор Құдай... 

Сол Құдайдан құтылмай 

Заманы дозақ, қанды азап, 

Гималай сорлы, cop маңдай. 

Батыста қауырт бір қол бар, 

Қол алдында бір ту бар, 

Ту жазуы «Коминтерн» 

Шығыста қалың бір құл бар, 

Құл аузында бір шу бар, 

Шудың туы «Коминтерн». 

Сол туды шу қолға алмай

Тау толғанбай, қозғалмай 

Дерт жыланнан, тұманнан 


33 

Sauap.org 

Айыға алмас Гималай! 

Гималайда қуат бар, 

Қозғалды оны құрауға. 

Гималайда ұлы от бар

Таянып тұр, тұтауға. 

Гималайда улы оқ бар, 

Құл атады Құдайға. 

Болса болар, болғандай... 

Кӛксеп күн мен кӛк орай, 

Дейтіндерге неге олай? 

Айтар сонда Гималай! 

 

 



 

34 

Sauap.org 



Әнші 

 

Арғынмын, атым Әсет арындаған, 



Арындап ән сала ма дарымаған? 

Аспанның аясында ән шалқытқан, 

Бұлбұлмын, даусы кӛкте дамылдаған. 

Кӛмекей кӛк қапысын әнмен ашса, 

Тӛгіліп меруерт, маржан сауылдаған. 

Тұлпармын, топтан озған, тосырқаман, 

Шаршы топ, шаршы ерім жоқ шабылмаған. 

Жорғамын, жұрттан озған, жортарманмын, 

Майдамын, майда желіс мамырлаған. 

Жұртымның аса топыр жиынында 

Бүгінгі ән адыра қалсын салынбаған!.. 

Тауықпын, тары тердім Найман шалдан, 

Найман ел - айы туған маңдайшадан. 

Үйректей, қаздай қалқып жүрмін жүзіп, 

Кӛл елде, кӛп жұртымда қыдыр шалған. 

Ертіс, Сыр, Есіл, Іле ӛзендерім, 

Тау ӛтпес Тарбағатай, Тянь-Шаньнан. 

Ми дала, меңіреу шӛл, күміс кӛлдер, 

Мекенім, ертеде елім ірге жайған. 

Құм-қыстау, ӛлке кӛктеу, ӛзен күзеу, 

Жайлауым - жалпақ дала қарлы таудан. 

Желғабыз, сол ортаның заржағымын, 

Толқытып тоқсан бунақ әнге салған. 

Асқақ ән аспанға ӛрлеп, асқар тербеп, 

Күңіренткен cap даланы, күндер жалған! 

Әнқұмар әлеуметім анталап тұр, 

Сайра тіл, аңыра әнім, «Інжу-маржан». 

Ән салсаң ӛзімдей сал аңыратып, 

Жайлантып, қоңырлатып, жамыратып. 

Аққудай аспандағы әнді ӛрлетіп, 

Қондырып қоңыр қаздай мамырлатып. 

Боздатып саулы інгендей күңірентіп, 

Нӛсердей нӛпір тӛккен жауындатып, 

Қазандай қарсы соққан дауылдатып, 

Қамыстай дауыл жыққан сауылдатып. 

Соқтырып ай астынан алтын күрек, 



35 

Sauap.org 

Қақтырып, бұрқақтатып, қағылдатып. 

Жүйткітіп, сонарлатып, саяттатып, 

Қыранды қыр жонында шаңқылдатып. 

Жүгіртіп, жүрдектетіп, жорғалатып, 

Аңқытып, аңқылдатып, ағындатып. 

Қаусырып қағып, түйіп, тӛгіп әнді, 

Қайырып, қалтылдатып, қалтыратып. 

Ән салсаң Әсеттей сал әсемдетіп, 

Қоздырып делебені дәсерлетіп. 

Шырқатып, шығандатып, шалықтатып, 

Шапшытып, шүмектетіп, нӛсерлетіп. 

Талдырып, талықсытып, тамылжытып, 

Орғытып, орағытып, баса ӛрлетіп. 

Самғатып, саңқылдатып, cap желгізіп, 

Ұрынтып, ӛршелентіп, бәсеңдетіп. 

Серпілтіп, сумаңдатып, сексен ырғап, 

Қырық қырпып, тоқсан толғап, бес ӛрлетіп. 

Қарқынды үн - қан қайнатып, жүрек жұлып, 

Жан жалмап, кӛңіл тербеп, әсерлетіп. 

Сүйе бер, сілекейін секерлетіп. 

Сарайым - сабам құям пісіп-пісіп, 

Қойдырман ән қымызын ой кернетіп. 

Сӛз жаңбыр, даусым дауыл, әнім ескек, 

Ойнақтап басылайын аз желдетіп! 

 

 


36 

Sauap.org 



Бұлбұлға 

 

Сайрадың құйқылжытып, кұбылжытып, 



Тамсандым, таңдайымның суын жұтып, 

Толқытып, толықсытып, емірентіп, 

Қиқуға қызықтырдың, қылдың ынтық. 

Ерікті алып, ес шығарып, екілентіп, 

Кӛңілді кӛлбектетіп, ойды ұмтылтып. 

Қанды қозғап, тамырды солқылдатып, 

Кӛңіл мұңын, жүректің лебін тінтіп. 

Малда дыбыс, кӛлде шу, желде ызыл жоқ, 

Маңайды манаурадым мүлде ұмытып. 

Судың сылдыр, тоғайдың дыбыры жоқ, 

Басқаны, қойдың, әншім, тақа құртып. 

Шырқатып, шыңғыртасың, шымырлатып, 

Тӛмендеп түсіресің сыбырлатып. 

«Мұңдым-ау! Мынау сенің мұңың ғой» деп, 

Жіберіп жер астына ызылдатып

Маған да әкелесің қыңырлатып. 

Қайтадан кӛтересің қимылдатып: 

Жүрегім, қаным, миым, кӛмейімде, 

Қосылтып, қос құлақты шыңылдатып. 

Сен сондай, ә, мен қандай сол мезгілде? 

Елжіреп ішім, бауырым кеткен мүлде. 

Қаныма қосып кетгің бір ауру, 

Осылай сайрамасаң күнде-күнде. 

 

 



37 

Sauap.org 



Бұлт 

 

Түнгі жаймен жуынып, 



Кӛгілдір кӛк күлімдер, 

Шӛгіп шоқ-шоқ тұман, бұлт, 

Шоқы сүйіп, дірілдер. 

Кӛк мұнарлы белбеуін 

Алып тау бел буына. 

Сәлем беріп бұлт керуен

Таңда тауға жығыла. 

Қабағы мұз, суық шал 

Қолын алып, қас қаға. 

Желде, құзда несі бар, 

Қалғыды тас жастана. 

Бұлт - бӛбек, тау - ана, 

Ана тӛсін аймалай, 

Ұйықтай тұрсын ол бала, 

Шыққанынша жел қалай. 

 


38 

Sauap.org 



Кӛлге 

 

Кӛмкеруің кӛк кӛгал, 



Күлмеңдеген күміс кӛл, 

Кӛнерең кесте - құрақ, тал. 

Кестеңді ӛртер күзгі жел. 

Оранып ұлпа ойдымды, 

Ойпанда жатып етгің наз, 

Тӛсінде құстар той қылды, 

Той бастады қу мен қаз. 

Сүңгуір, сұқсыр сүмеңдеп, 

Қасқалдағың қалтылдап, 

Шүрегейің шүмеңдеп, 

Шағалаң шулап шаңқылдап. 

Шомылған сұлу суыңа

Шапылдатып алақан. 

Мықшиған мерген қуыңа, 

Балалар қуып балапан. 

Кӛк құндақты күміс кӛл, 

Күбірлеме, жыр айтам. 

Сал құлақты, кӛңіл бӛл, 

Болды сендей бір қалқам. 

Ол да сендей сұлу ед, 

Жасы да оның жас еді. 

Жаз ӛмірімде туып ед, 

Жазы да оның аз еді. 

Бейне біткен қайыңдай, 

Білегі мінсіз балғынның. 

Ақша тӛсі айдындай, 

Шашы сенің, шалғының. 

Қасы сенің қабағың, 

Лебі сенің лебіңдей. 

Саусағы сенің шабағың, 

Шынтағы шыбық ӛрімдей. 

Оның да ӛмірі жартымсыз, 

Болды, лажсыз күз жетгі. 

Ӛмір күзі сұрқынсыз, 

Екі он бестен жасы ӛтті. 

Сен де сондай боларсың



39 

Sauap.org 

Жаздың жақын ӛтері. 

Сен де сондай боларсың, 

Бір боларсың екеуің. 

Күлмеңдемес кӛзің кӛл, 

Ӛлезір де тұнжырар. 

Күй күйлетер күзгі жел, 

Бақа-шаян шыңғырар. 

Толқын бетіңді ажымдап, 

Қартаярсың қалтырап. 

Долы дауыл азынап, 

Жалп-жалп ұшар жапырақ. 

Қиқу салған құстарың, 

Қош айтысар күн болар. 

Құшағыңа құштардың 

Қалмас бірі, жым болар. 

Қарашалап қар жауса, 

Қалармысың қартаймай? 

Қамыс, қоғаң сарғайса, 

Қартаярсың қалқамдай... 

 


40 

Sauap.org 



Қазақ қызы 

 

Маужырап тау, күн күліп, 



Албырап аспан нұрлы кӛк. 

Маужырап қыр, жер жусап, 

Баяулай соқса жел жібек. 

Қырмызы жалау желбіреп, 

Ӛктем-ӛктем басқан топ, 

Октябрь тойы болды топ, 

Он бір жыл оған толды деп, 

Жамырап ду-ду қалың кӛп. 

Сол дүбірдің ішінде 

Топтанған әйел бір бӛлек. 

Қаймақы қабақ қара қыз, 

Жинақы кӛйлек, келте шаш, 

Жаға, жеңін түймелеп. 

Жігерлі даусы саңқылдап, 

Сартылдатып тұр сӛйлеп. 

Тұр десеңдер не сӛйлеп, 

- Анау, анау, заманда, 

Анау қалған атам заманда, 

Ер егер заманда, 

Ел әбігер заманда, 

Хан тағында заманда, 

Халық шабынды заманда, 

Шен шіренген заманда 

Қазақ қызы кім едік? 

Байдың шұлғауы едік, 

Бәйбішенің тулағы едік, 

Мырзаның әуесі едік, 

Тұлпардың бәйгесі едік, 

Найзагердің олжасы едік. 

Саудагердің саудасы едік

Қулардың қуыршағы едік, 

Қазақ қызы күң едік. 

Енді мына, мына атқан таңда, 

Еңбекші жауын құлатқан заманда, 

Ескілікті қиратқан заманда, 

Езілген жұртты қуантқан заманда, 



41 

Sauap.org 

Игілікті орнатқан заманда, 

Келелі кеңес қолға алған заманда, 

Оған он бір толғанда, 

Осы ӛмірдің, осы жұрттың

Қазақ қызы кіміміз? 

Күң емеспіз, азатпыз, 

Азаттық алған қазақпыз. 

Жылағанды уатқанбыз, 

Сұмырай заңды суалтқанбыз. 

Ілгері басқан елі бар, 

Бірлігі күшті, қадамы кұтты, 

Жаңа тұрмысты, жас жұртты 

Жасаушының біріміз. 

 

 



42 

Sauap.org 



Кҥн шыққанда 

 

Шырт ұйқыда жатқанда 



Шырылдады торғайым. 

Ұйқыны ашты, оятты. 

Құлан иек, құлқын сәр, 

Құрылып торғын шымылдық, 

Шырға тартты, таң атты. 

Желі желпіп желегін, 

Жердегі бәйшешегін 

Күлдіре, сұлу күн шықты. 

Шыру, шыру, шіркін!- деп, 

Кӛмекейі бүлкілдеп, 

Торғайдан «тұрлап» жыр шықты. 

Жайшы кӛрпе, жастықты, 

Таста тастай тасбықты, 

Апа-ау, әне күн шықты. 

Шеш қазықтан сиырды, 

Аналар жібін иірді. 

Алсаңшы, апа, ұршықты. 

Оят, кигіз шекпенін, 

Қолына алсын кетпенін, 

Барсын әкем егінге. 

Қызылдап қымыз сабасын, 

Жыртығын үйдің жамасын, 

Айт, апатай, келінге. 

Орамалын оймыштап, 

Оған оқа қойғыштап, 

Тәтеме айт, тіксін кестесін. 

Шүлен шал мал береді

Қырығы қыздан дәмелі, 

Ӛз қызығын ескерсін. 

Текеметін тұйықгап, 

Жатыр ма ағай әлі ұйықтап, 

Барсын, малын кӛздесін. 

Барсын, барсын малына, 

Шаруа! Жалғыз шаруа!.. 

Қойдық сӛздің ӛзгесін. 

Жастық па, әлде мастық па? 



43 

Sauap.org 

Жатыр басы жастықта, 

Інішек мұрны шуылдап. 

Күн әлемді оятқан, 

Күн күлкісін жел айтқан, 

Түр торғайың шырылдап. 

Мал масайрап ӛрісте, 

Құрт-құмырсқа бәрі істе, 

Тұр кӛкешім, күн шықты. 

Малда ағаң, әкең егінде, 

Тәтең кӛргіш керуде, 

Иірді апаң ұршықты. 

Қалыпсың ұйықтап, қарағым, 

Қалады-ау сенің сабағың, 

Жуын, жүгір мектепке. 

Ашасың кӛзді сабақган, 

Аласың білім кітаптан, 

Боласың адам мектепте. 

 

 



44 

Sauap.org 



Бӛбек бӛлеу 

 

Бӛл-бӛл бӛбек, бӛл, бӛбек, 



Бӛлейін бері кел, бӛбек. 

Бедерлі бесік, тӛрт есік, 

Тӛгілте салдым тӛр тӛсек. 

Бӛпешім, бесік - отауың, 

Отауыңа кір, бӛбек. 

Бӛл-бӛл бӛбек, бӛл, бӛбек. 

Бүлдіршін шүмек бәйтерек, 

Балалы үйрек, бас бармақ, 

Кішкене бӛбек, бес бӛлек. 

Саусақайы салбырап, 

Бӛлене қойсын қос білек. 

Бӛл-бӛл бӛпем, бӛл бӛпем, 

Бӛлесем, жӛнге кӛн, кӛкем. 

Кӛк ала жылқы кӛлде екен, 

Кӛк ала тайың сонда екен. 

Торсығыңды тосайын, 

Тұмсық тӛсей cop, кӛкем. 

Бӛл-бел бӛпем, бӛл, бӛпем. 

Бӛлейін бері кел, кӛкем. 

Жұлдызыңды жұм, кӛкем, 

Жуынып ерте тұр, бӛпем. 

Алшая атқа мін, бӛпем. 

Ақтан қара біл, кӛкем. 

Бӛл-бӛл, бӛбек, бӛл, бӛбек. 

Бӛлекен қонған кӛк ӛзек. 

Кӛк ӛзекте кӛбелек, 

Кӛлге кӛк құс шүй, бӛбек. 

Кӛк ӛзекте кӛбелек, 

Кӛбелектей күл, бӛбек. 

Бӛл-бӛл, бӛбек, бӛл, бӛбек. 

Боларсың бӛпем қолкӛмек. 

Әлпештеген ата-анаң, 

Бола қалса мүгедек. 

Таңайын, ұйықта, таң атсын. 

Түнде оянба, түн түнек. 

Бӛл-бӛл, бӛбек, бӛл, бӛбек. 



45 

Sauap.org 

Бӛріден бӛстек ки, бӛбек, 

Ерінбей еңбек ететін, 

Еліңе бол елгезек. 

Елгезек болсаң иісін, 

Ендеше саған екі емшек. 

Бӛл-бӛл, бӛбек, бӛл, бӛбек. 

Бӛгелмей білім біл, бӛбек. 

Білмесең білім бекерсің, 

Бет алдыңа кетерсің, 

Елге есті ер керек, 

Ер жет! Есей ертерек. 

 

 



46 

Sauap.org 




1   2   3   4


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал