Ілияс жансҥгіров



жүктеу 403.99 Kb.

бет1/4
Дата27.02.2017
өлшемі403.99 Kb.
  1   2   3   4

Sauap.org 



 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ІЛИЯС ЖАНСҤГІРОВ

 

 



 

ӚЛЕҢДЕР

 

 



 

 

 

Sauap.org 



Біздің кҥз 

 

От жақтырды жауратып 



Шыңылтар күзгі тымырсық. 

Маздаған от болмаса, 

Кемпір мен шал ыңырсып. 

Қара қи қалап от жанса, 

Жылынар бала жыбыршып, 

Бүрсеңінен жазылар 

Қызыл қарын, бұғы шыт. 

Кәрі қойдың сорпасы

Таңдайға татыр жылымшып. 

Атасы берген жілікті, 

Келіні тістер қылымсып. 

Қойшыға жылытқан кӛженің 

Бет, ауызы мың қылшық. 

Ылақ, тоқты күйлесе 

«Шашыратқы» дер ырымсып. 

Қора жамап Бекей жүр; 

Ӛзгелерден бүйірсіп, 

Ат майлап мініп Әлі жүр 

Мал тапқыш, арқан ұрысып; 

Қызды ауылда Ержан жүр, 

Баямбайдың ұлысып. 

Барын жӛндеп бақтырмай, 

Жоғын жӛндеп таптырмай, 

Әлі менен Ержанды 

Иектеп жүр бір қырсық. 

 


Sauap.org 



Қыс 

 

Қыс, қар, мұз, қырау, қылау - жерді кӛміп, 

Бұлт бүркеп, тұман тӛніп, баса шӛгіп, 

Жер-кӛкті аяз бүріп, қызыл жалап, 

Бұрқ-сарқ боран құсып, шашып, тӛгіп. 

Кейде аяз, кейде бұрқақ, кейде қырбақ, 

Кейде еркек, кейде күрпік, кейде сырғақ, 

Жер тарпып, аспанды аршып алтын күрек, 

Сапырар сұрапылды кейде бір уақ. 

Ойда омбы, дӛңде қағыл қырдың қары, 

Жылмық, мұздақ болса - қырғындағы. 

Қатындар қалтырасып судан қайтқан, 

Қарғанып қыдырғанға қырдың шалы. 

Кӛл ӛлік, қаз қуы жоқ дауыстаған, 

Қалған құс - қарға, шӛже, сауысқаннан, 

Кӛтеріп кӛтеремін, кӛз түрткі боп, 

Арсыз жоқ азық-шӛбін тауысқаннан. 

Шӛкитіп шӛбін тиеп шанасына, 

Қазақ бар қатынасқан қаласына. 

Ас-тойдың, бата оқырдың бірі де жоқ, 

Мал қамы, ауыл алаш шаруасына. 

Күн күңгірт, аспан шаңғыт. Қылаулаған. 

Қылаудан бұта бұғып қырауланған. 

Ол бір жұт, арамза қой қоздаған

Ол бір құт, сиыр ерте бұзаулаған. 

Қой, жылқы, қайрат қылып жерді қазған, 

Ауыл да жүдеу-жадау қыстан азған. 

Үсініп аяз, боран үскірікте, 

Ӛткізген қырда ӛмірін малшы жазған. 

Қорада жабуланған арық-тұрақ, 

Шӛмшеңдеп шӛп айнала шыбыш, лақ. 

Шанасын шиқылдатып, ит үргізіп, 

Ауылға тартқан қонақ, ымырт уақ. 

Болмаса түлкі алдырған, қасқыр атқан, 

Бір қазақ таба алмайсың қысты ұнатқан, 

Ӛтіпті «ақ қояндай» қырғын қыстар, 

Түкірік түспей қатқан, жұрт жұтатқан. 

Істеген жаздай еңбек Иван мұжық 



Sauap.org 

Базарды асырап тұр мая бұзып. 

Етпеген жаздай еңбек Иса қазақ, 

Сасулы, кӛрінеді қыс құбыжық. 

Жалғыз-ақ мектеп іші қыста қызық, 

Балалар ду-ду оқып, жазып-сызып, 

Үйде тар, далада қар, суық қысан, 

Мектептен басқа жерде кӛңілсіздік. 


Sauap.org 



Кӛктемде 

 

Жауыны жауып, жасылы 



Жарқылдайды - жаз кепті. 

Ӛкіреді ӛзен тасуы, 

Қаңқылдайды - қаз кепті. 

Ширады шымайт, шаң шықты 

Құрғады құмайт, саз кепті. 

Тӛңірек ашық, тұман жоқ, 

Кӛктен нұрын күн септі. 

Тоғайда, кӛлде той қылып, 

Қаптады құстар жер-кӛкті. 

Ауылдың малы балалап, 

Айран шықты аз-кӛпті. 

Қонына құйып қоламта, 

Қоқаң емдеп таз кекті, 

Манаурап мал-жан жадырап, 

Жан-жануар мәз бопты. 

Құлазыған қыстайғы 

Малға толды сай, қоқты, 

Күпісі жалба жабағы 

Тойтаң қағып, тай бопты. 

Ісек шығып есіред, 

Кӛрпелдес кентек кӛк тоқты. 

Есінде шығар, елім-ау, 

Емдеп ед Қоқаң қай кӛкті? 

Қоқаң кӛгі құлпырды, 

Құм сіркеден құтылды. 

Қунаң қақты, қоң бітті, 

Кӛгі кӛкке тойынды, 

Құтырып Қоқаң орғытты. 

Кӛмір жинап, кӛрік жығып, 

Ұсталар, ойдай, іс соқты. 

Ауылдың бейлі биыл кең, 

Үйткені мал-жан дін аман. 

Қисаймай шықты қылшығы 

Қысыңнан да қысаған. 

Азықсыраған ауыл жоқ, 

Ашып алды астық ұрадан. 



Sauap.org 

Ақ шықты, жатыр жағысып, 

Жарлысы жоқ жылаған. 

Шығынсыз шыбыш лақтап, 

Тӛлдеген тоқты бір заман. 

Астығын, малын базарлап, 

Қажетін алды қаладан. 

Кооперативтен кӛздеме ап, 

Киінді ауыл жаңадан. 

Бас-аяғы бір болды

Бастап еді баладан. 

Шаңқиған жейде шал киіп, 

Киінді кемпір аладан. 

Кәрістетті келіншегі, 

Шомытын тастап жамаған. 

Қыдырыңды азайды, 

Қыдырып үйді шұбаған. 

Жалқаулары кӛрінбейд 

Жатып ішіп сұлаған. 

Елдің түрі кӛрінді 

Етек-жеңін жинаған. 

Шаруасына кӛрінед 

Кӛбінің кӛңілі құлаған. 

Тісін сайлап, тырбанып, 

Тіршілік етті тірі адам. 

Қызыл ма, қыз ба, қызғалдақ 

Қырға біткен, кӛз салшы. 

Кӛк масаты кӛрпе кӛк, 

Кӛлпілдейді, ойға алшы. 

Кӛк ала батшәй кӛбелек, 

Кӛбелектей ме ол қайсы? 

Кӛлде тойлап толы құс, 

Қызығына тойсамшы! 

Мал маңырап ӛрісте, 

Қайырып оны жүр малшы. 

Ӛзгесін былай қоялық, 

Онда қайда диқаншы? 

Диқаншы кім ауылда? 

Айтамысың Қоқанды? 

Қоқан байдан қол үзген, 


Sauap.org 

Жалпы шығып, бай қалды 

Тоқпақтаумен тоқалды. 

Тоқал да тұруы екі-ұрық, 

Тоқалға да тақалды. 

Соңында ноқта сүйретіп, 

Қоқаң байдан ақы алды. 

Жалшыға да жар шықты, 

Бай жегенін қақалды. 

Бай жылады, жұлқынды, 

Сатала сауыс сақалды. 

Қосшыға Қоқаң жазылды, 

Қоғам болды, соқа алды. 

Tic темірін тапта деп, 

Оны ұстаға апарды. 

Қазына берген қарызға 

Арбасы мен ат алды. 

Сайлады саймандарын да 

Шұжықтап мойыл шапанды. 

Қырқаға әкеп қос салды, 

Сықыр-сықыр соқасы, 

Солқылдатты сол маңды, 

Қоқаң шашты тұқымды, 

Қоқаң жерді қопарды. 

 


Sauap.org 



Домбыра 

 

Тарт күйіңді, домбыра! 



Тӛгіл, тӛгіл тәтгі күй, 

Тау суындай сылдыра, 

Желпін, желпін жел соқтыр! 

Тауда тұман тұрмасын, 

Кӛкте бұлт ыдыра! 

Тыңдамаған қоймасын, 

Ойды-қырды қыдыра, 

Құлшына тарт, домбыра! 

Екі желі, үш қазық, 

Тоғыз ноқта домбыра, 

Ойнатайын он саусақ, 

Құлындайын құлдыра. 

Бозда-бозда бота күй, 

Қашағанды қудыра, 

Құлшына тарт, домбыра! 

Еңбек елдің күйшісі-ау, 

Құлағымды қиқулат, 

Кӛңілімді қандыра, 

Тәтті-тәтті күйге тарт 

Кӛргеніңді күй қыла, 

Құлшына тарт, домбыра! 

Еңбек елдің жыршысы-ау, 

Жанымды бір жадырат, 

Кӛкейіме қондыра, 

Тәтті-тәтті әңгіме айт 

Жаңа ӛмірді жыр қыла, 

Шежіре, шешен сұңғыла, 

Құлшына тарт, домбыра! 

 

 


Sauap.org 



Арман 

 

Мезгіл бар ма құтылар, 



Шынжырлаулы тағдырдан? 

Бірақ ой жоқ ұмтылар, 

Табылар тағдыр дағдыдан. 

Рахымы жоқ шынжырға 

Байқамастан шалдырған, 

Аяқ, қолы құрсауда, 

Зарлауда жүр «балдырған». 

Желк-желк еткен жас шалғын 

Суық желмен майысып, 

Селк-селк еткен болды күн 

Кӛтермей белі қайысып. 

Ажарлы, нұрлы ақ балғын 

Заманмен тозды сайысып, 

Кӛңіл құрғыр соп-солғын, 

Жылдам суып, жай ысып. 

 

 



 

10 

Sauap.org 



Ағыңды менің Ақсуым 

 

Ағыңды менің Ақсуым, 



Ақырып әлі ағасың, 

Ақиланған ашумен, 

Ақтарды асқар сабасын. 

Тас тарпуын, шапшуын, 

Қарасаң қайран қаласың, 

Жалғыз жазғы бір кеште, 

Жағаладым жағасын. 

Тұнжыраған торғын түн, 

Тӛндім сұлу суына. 

Таңырқап тау-тас тамсанып, 

Жымиды жұлдыз мұңыма. 

Сүмиген сүңгі сұрша тал, 

Шомылды таудың суына. 

Таймандаған тайпақ ай, 

Желегі ме, туы ма? 

Шүйке шарбы бұлтты 

Қалқалай қалды қылмия. 

Аспанды, ай алтын құшағы, 

Қусыра қайың құшады. 

Қарамай қайың, қалайша 

Қаужиған құшсын бұтаны? 

Қайың мен сәуле сүйіссін, 

Сүймегенді нысабы: 

Итмұрыны меңіреп, 

Қудырлап қоңыз ұшады. 

Бауырлаған ағынның, 

Сумаңдап суы сылдырайд; 

Қудиған қоңыр құрақтың 

Саусағы суда судырайд; 

Суға тӛнген бір шыбық 

Дірілдейд, суда сырылдайд; 

Оған қонған бір шымшық 

Шиқ-шиқ етед, шырылдайд... 

 


11 

Sauap.org 



Жетісу суреттері 

 

Жалпы сын 

 

Жер таппан жерде жете Жетісуым 



Күркілдек, Кӛксу, Лепсі, Іле, Шуым, 

Асқардың аспан сүйген сілекейін, 

Жан бар ма татпайтұғын, айтпайтұғын. 

Бӛленген бұлтқа мәңгі меңіреу құз

Ну тоғай, қоғалы кӛл, қоңыр құмым. 

Асқардан ақтарыла арқыраған, 

Жӛкендің кім аңсамас балдай суын. 

Жетісу, кеудең асқар, аяғың кӛл, 

Қоңың құм, мықыныңда бар сексеуіл. 

Тау жайлап, қоңыр күзеп, құмды қыстап, 

Ол бір маң мал ӛсірген ӛлкедегі ел. 

Кӛктемде құмнан әсем жер болсын ба, 

Жайқалып жауқазыны, раң гүлдер. 

Бойдағы бозбаладай асыр салса, 

Қозысы құйрықтанып дӛңгеленер. 

Шӛгіскен шоғар асқар қатпарланып, 

Қия құз, мұсатыр мұз жақпарланып. 

Емес пе кӛк ала бас ақ буралар, 

Оралған шудалары мақпалданып. 

Саятта аң аңдыған ол бір мерген, 

Мылтық ап, бүркіт ұстап, қақпан салып. 

Таудағы тас жаңғыртқан қойшы әндері

Қайырлад еткенімен сақпан саңық. 

Айқыра ала асқарлар жатыр шӛгіп, 

Жер жаншып, кӛктің кӛлбеп тӛсін еміп. 

Ойнақы, құба, тарлан тағы аңдарын. 

Тәбеті тау-тасына қойған теліп. 

Құлпыртар құмда соққан қоңыр самал 

Мәсімнің масатысын желі желпіп. 

Қар кетіп, қара жері жасанғанда 

Қонбасын қалай кұсша ӛлі келіп. 

Ескінің ертегі айтсам ертесінен: 

Жетісу қан малшынған белшесінен, 


12 

Sauap.org 

Алайда, айналармын, айтам әлі, 

Шыға алмай жүрмін әзір жер шетінен, 

Қалмақты, Қоңтәжіні Жӛңкесінен, 

Үркітіп Абылай мен Шоңай шауып, 

Жӛңкенің асырыпты желкесінен... 


13 

Sauap.org 



Тау суреті 

 

Тарбиған Тарбағатай жердің құты, 



Барлық - ол «қыдыр түнеп кӛшкен жұрты». 

Оранған ақ кӛбенек аруақты Алтай, 

Тӛгіліп бізге таман жатыр мұрты. 

Ертеде сол асқардың сәулетіне, 

Қиыспай қырғындасқан талай жұрты. 

Ақшұнақ, Жабағылы, Мыңшұқыр, Таз, 

Бұлардың бәрін тізген Жоңғар тұрпы. 

Аршалы, Амантекше, Қарасырық, 

Қараүңгір, Қалмақасу, Қаражырық, 

Сауыры Салқынбел мен Сайымбӛлек, 

Суығы соғып тұрад аласұрып. 

Қымызын сол жайлаудың ішкен кісі, 

«Бәйгеге» қосад ӛзін таң асырып. 

Шоқысын Бүркітінің Үшбүйенге, 

Қойыпты сәуекендей жарастырып. 

Күрделі қоныс қайда Күреңбелдей, 

Құр жатпас Қора мұзбен жүгенделмей, 

Тегерез тӛңкерілген тегеш, Шажа, 

Шамқой шал қабақ жаба түнергендей, 

Талақтай талаураған Баян - жүрек, 

Тұнжырап тұқырып тұр «тірі ӛлгендей». 

Мұрыны Мұзбұлақтың кӛкте мүлгіп, 

Ақтасты аспанға әдей тірелгендей. 

Қар кете қарлы алаңы қақ айыра

Қаптағай қаптай кӛшед Бүйенді ӛрлей. 

Түйірлі бұршақ нӛсер ұшықтайды, 

«Ши ұшық», «қырық аяқ су» жібергендей. 

Кӛкжамбас, кӛл Кӛпірлі таудың кӛркі, 

Жатқан мұз Шатыртастың кӛкше бӛркі. 

Ақиық Демікпеден алған адам, 

Алдырар Айдарлыдан Алтай түлкі. 

Қоңыртау қорқатыным бала жастан, 

Жыланы түрі жаман - түкі, түрпі. 

Түнімен тау күзеткен, таста айтақтап, 

Дуана заржақ байғыз - шайқы-бұрқы. 

Талғар тау тарғыл ала шоқы биік, 



14 

Sauap.org 

Асқақтайд емшегі, ерін кӛкке тиіп. 

Арқырап асқарынан құлаған су – 

Бауырын балбыратқан еліне иіп. 

Малға жай, елге жайлау Үшқараштың 

Сүбесін мекендеген суыр сүйіп. 

Асы - астау, отырған ел - ӛрелі құрт, 

Құрт жайып қодырайған Бақай биік. 

Албыр бет Алматыда алма әдемі, 

Алғандай ақ тамақты ауызға үріп. 

Қарқара қалың қазақ кебесіндей, 

Албанның албырт - ерке енесіндей. 

Қарағай қапталдағы, жыныс арша, 

Қыдырлы малдың кұтты келесіндей. 

Текестің кӛкке ӛрлеген тік қиясы, 

Сымпиып сол маңайдың тӛресіндей. 

Мың жылқы мыжырая жантайысқан, 

Ӛзгесі жүгініскен тӛрешідей. 

Былшықай, Бесжырғалаң, Түптің түрі 

Қатықтың жаланбаған тегешіндей. 

Қарқара жарасымды жазықжайлау, 

Үй - күлше, құрпың жайған ӛресіндей. 

Алыстан ауыл әрпін абайласаң, 

Сүйекті баймӛңкенің шегесіндей. 

Сүті ағып сорғалаған Үшқарқара, 

Қорғасын қорып тӛстен келетіндей. 

Қарасаң Кӛкбұлақтан күміс қарға, 

Ӛрнегі шербеністің билетіндей. 

Осқырып теріс айналған Түптің суы, 

Сырт беріп қос аяқтап тебетіндей. 

Жыландай ирең қаққан Иірсуда 

Білдірмей тау іргесін сӛгетіндей. 

Лабасы терде жатыр тӛс табандап, 

Шоңқиып малды ауылдың тӛбетіндей. 

Бота жүн, бозғылт күрең шалғын біткен, 

Жайлау жоқ Кӛктӛбенің тӛбесіндей. 

Жарбиып осы ереңге ықтырмалап, 

Қоңырқай Қулық судың бӛгетіндей. 

Ешкідей үркіп шыққан Шӛладыр тұр, 

Қасқырдан бір тықырды кӛретіндей. 


15 

Sauap.org 

Телміртіп Текес аса ай туады

Тайыншаның, тарғыл ала зересіндей. 

Жайлаудың ортасында Тұзкӛл жатыр, 

Жарқырап тӛбел таздың тӛбесіндей. 

Айналсоқ ала асқарда сасық мұнар, 

Тіміскіп тӛс түртпесе ӛлетіндей. 

Қыз емшек қызыл сүйір шоқылары, 

Томсартып тұман сүйіп ӛбетіндей. 

Меңіреу мӛлдір қара бұлт қоршайды, 

Сұлуға жұпар бүркіп себетіндей. 

Баладай балдырлаған сақау самал, 

Қойнына әжесінің енетіндей. 

Тұмсығы Торайғырдың түгел орман, 

Сол таудың тыныс тартар ӛңешіндей. 

Таппайсың Үшмеркіден ұшы-қиыр, 

Қарағай қара шашты ӛретіндей. 

Басы мұз, зәулім жақпар, дүлей тоғай, 

Барлық аң бір шатқалдан ӛретіндей. 

Мақтайтын ертедегі Иран бағын, 

Сол жаққа барған кісі кӛретіндей. 

Томардай тұқыл күйген, тұлан тұтқан, 

Сорлы тау неге болсын Сӛгетідей. 

Қып-қызыл жамағандай тауды мыспен, 

Қорғасын қорығандай су-күміспен. 

Құймақы, қожыр қара жақпарлары, 

Арналып отырғандай алып күшпен. 

Таутеке, марал, бұғы тағылары, 

Тау-тасын мекендеген жазы, қыспен, 

Қартадай қатпар-қатпар қаптал жатыр, 

Тазы ертіп, күзгі қарда шықсаң кұспен. 

Қуыппыз кӛк жайлауда бір күн елік, 

Желіктен кісі аман ба қымыз ішкен. 

Тағыны тастан тауып тарсылдатып, 

Жүргенбіз тауды ұзақ күн қыдырыспен, 

Басына кешке таман Шырғанақтың 

Шыққаным әлі есімде Ыдырыспен. 

Ал, сонда алды-артыңа кӛзді салсаң, 

Онды-сол, кӛз жетерді шолып алсаң, 

Бұлдырап кӛзің шалып Түптің суын, 


16 

Sauap.org 

Албанның қонысына қайта айналсаң: 

Қылқиып қыры кеткен Қызылауыз, 

Кетпен мен Кеңсу кербез жатыр алшаң, 

Томпиып томағадай Сарытау тұр, 

Қарасай - ер қапталы атқа салсаң. 

Елбіреп Елшенбүйрек ел аулақта, 

Ойнамақ жасырынбақ Науша, Наршаң. 

Шалкӛде шүйгін шӛпті құтты жайлау, 

Сонда дейд сүзбе тұзды бара қалсаң. 

Жер бар ма дәу Бақайдан кӛрінбеген, 

Жүйеге тау қалсын ба бӛлінбеген. 

Кӛресің алдындағы дастарқандай 

Жерлерді Теріскей, Сырт, Тӛрің деген, 

Лабастың саласын да шолар кӛзің, 

Тұлымдай тобық соққан ӛрілмеген. 

Аса алмас алғыр қыран ала асқардан, 

Ӛңкілдеп ӛзен қалай тӛгілмеген. 

Шығысқа беттей шӛге жатқан таулар

Құшысып, сүйісіп тұр кӛгіменен. 

Меруерттей жалтылдайды күңгей Мұзарт, 

Кез түгіл үңілесің кӛңілменен. 

Құздары Құдырғының құлдыр шұнақ, 

Ӛрікті - ол боз биедей желіндеген. 

Ақсақал, Байсауырын, Тайсауырын, 

Жалмауыз шығар кӛктің кӛгін жеген. 

Асқардың арғы атасы Хантәңірі, 

Албанның ӛрісінің тӛрінде екен. 

Па, шіркін! Болады екен тау да сұлу, 

Мұз кӛйлек кӛк мұнармен белін буу. 

Кӛлдегі кӛп шағала ортасында 

Тартпасын кӛзді қалай айдында аққу... 

Ӛзгені үйме-жүйме отырғызып, 

Ортада бір ақсақал кеңес құру. 

Қайырып, топты үйіріп бір боз айғыр, 

Жусатып, қалғып кӛзін ашып-жұму. 

Осыған ұқсамаса сӛкші мені, 

Басынан Кіндіктастың қарап тұру. 

 


17 

Sauap.org 



Жетісуда су суреті 

 

Ыстықкӛл жер айнасы мӛлтілдейді, 



Балқашты қамыс қамап желкілдейді. 

Аттанған алты ӛзені Жетісудің 

Балқашқа бауырымдап еңкілдейді. 

Балқаштан ӛзенді ӛрлей жүзген балық, 

Тұмсығын қас қаққанша еркіндейді. 

Бұлқынса анда-санда ала бура, 

Жетісу желпең қағып селкілдейді. 

Шу әне, тауды тарпып шыққан шулап, 

Ойнақтап, ырғи, жосып таудан тулап, 

Асқардың ақтарылған ағы емес пе, 

Қарқ болған қырғыз-қазақ суын сулап? 

Шуылдап жүйткіп жатқан Шудың үні: 

«Қолың бер, құт, береке» дейді «тумақ!». 

Ертеден ірге теуіп ӛскен Шуда, 

Ұлысы Ұлы жүздің Үйсін - Дулат. 

Шымырлап Іле қайнап құмды кезген, 

Қас қақпан ұйық, дойыр, долы безген, 

Алыстан арып кӛшкен керуендей, 

Тоңмойын, томсарулы тұнжыр кӛзбен, 

Елге де, егінге де қарайласпай, 

Жылысып жылжып жатыр бір мінезбен. 

Ел шайқап, ердің қанын ішкен Іле, 

Естісең ертегіні ескі сӛзден. 

Арқырап асау Шелек орыпты тас

Бурадай бұлқынады кӛк ала бас, 

Ол баста Күншығысқа шыға шауып, 

Жалт беріп етекке еңсей сапты құлаш. 

Айдынды айдағардай күміс кӛл бар, 

Алысқан таумен, таспен алып болмас. 

Қожыр тас қопарыла құмға айналып, 

Жарпымен кӛшіп жатыр боп жым-жылас. 

Қысылып қыспақтағы қыл кӛпірден, 

Албандар ӛтеді азар деп «ақсарбас». 

Кӛпірген Кӛксу кӛл бар басы бастау 

Дегенге кӛшпелі әйнек суы ұйқастау, 

Тау жуып, тасты қуған содыр суы, 



18 

Sauap.org 

Аңқылдайд арнасында меруерт астау. 

Жалбасы, Шаған, Бұғы мүлгиді оған, 

Шалдуар шалдай қалғып шала мастау. 

Жар жарып, жерді жиған Кӛксу кӛл бар, 

Бейне бір Жалайырға шабатын жау. 

Арқырап айқай салған Кӛксу алып, 

Жазыққа шыға келсе үркіп ағып. 

Егінші, ылғи диқан Жалайырлар 

Үлесед үй басына тоған алып. 

Сол елдің қыдырынды қыдыры сол, 

Cap бала, қара қазан болып қарық. 

Мӛлтеңдеп мойнақты орай Қаратал да, 

Кӛксуға қойындасад жарды жанып. 

Қосылып екі ерке су, екі сұлу, 

Балқаштап қалың құмға кетед лағып. 


19 

Sauap.org 



Жетісу жәндігі 

 

Баяғы баяғының заманынан, 



Асқарда шың мекендеп, жайлаған аң, 

Тағылар тарғыл тасқа баурын тӛсеп, 

Бар тышқан қоныс алған балағынан. 

Жасанған театрдағы ойыншыдай, 

Құздардың кӛрінеді аң алаңынан. 

Қиынның жынысыңда бар деседі

Сілеусін, ілбіс, аю, бұғы, бұлан. 

Кәдімгі қасқыр серек, қарақұлақ, 

Шуылдайд шүйебӛрі үй артынан. 

Кәдімгі қарсақ, сусар, бұлғын, жанат, 

Сол таудың іздейді аңды ту сыртынан. 

Таутеке, арқар, құлжа, қарақұйрық, 

Кӛруге болад бәрін жайылымнан. 

Маралды мал ішінен атпен қуып, 

Әкеп жүр ауылына айдап Албан. 

Тазқара, балта жұтар, ақбас құмай, 

Бұлақта отырғанын кӛрем ұдай, 

Жарғақ бас жұртшы, саржақ су бүркітер, 

Құмайдың қоғамында құдасындай. 

Лашын, тұйғын, тұнжыр, тыңар, мықи, 

Ителгі, бәрпі, қырғи, құр, тұрымтай. 

Барайық шыңда ғана болад десед, 

Бүркітпен барымталы ел ала жаздай. 

Тығанақ, үкі, ақсары, құладындар 

Сықылды толып жатыр мӛжеп-томпай. 

Албандар атын атап түстейтұғын, 

Мінеки Алатауға біткен торғай: 

Қара, боз, суық, бұқбас, сипті, шымшық, 

Шапшақай, майлық, маубас бұқа, шӛже. 

Тоқылдақ, сұрқұрқылтай, бұлбұл, шымшық 

Шымшықтың сан-сапалақ атаулысы – 

Айтарға сай-салада жүр лықсып, 

Тас жырып, балақ біткен шыңға шықсан

Күй тартар той қылғандай торғай сыңсып. 

Кӛркемі кӛбелектің сол сайларда, 

Гүл шолып, жүрер ойнап ұшып сып-сып. 



20 

Sauap.org 

Үстіңнен аю тасты сылдырлатса, 

Самайдан ішкен қымыз шығар шып-шып. 

Жер түгі Ағашта ӛзің білген қарағай, тал, 

Жалғыз-ақ неше алуан түрлісі бар. 

Долана, ұшқат, шетен, ырғай, арша, 

Ақ сасыр, қызыл қайың, барша, шынар. 

Шырғанақ, сӛңке, терек, сӛгет, емен, 

Үйеңкі, шырғай, балғын тораңғылар, 

Сарыағаш, қойқарақат, жиде, шетен, 

Тобылғы, түйеқұйрық, бауырқұрттар; 

Қараған, бозқараған, шеңгел, шілік 

Сықылды ағаштардың талайы бар. 

Биікте бітед шӛптен сарыкүйік, 

Тістеніп жатыр жұлып малы сүйіп, 

Қымызын сарыкүйіктің ішеміз деп, 

Албандар қоныстайды құстай биік. 

Тауқонақ, шәйшӛп, маңқа, құлынембес, 

Сүттіген, ендік, мейіз, киізкиік, 

Аңшалғын, кӛкемарал, бетеге, раң, 

Жапырақтеңге, бұйра қисық иық, 

Балдырған, уқорғасын, атқұлақты 

Елік жүр сонысында соны қиып

Жұлкеуір, бәрпі, шырыш, шытыр. 

Сауыны биеемшектің кеп тұр иіп. 

Мыңтамыр, жуа, рауаш, жаужапырақ, 

Балауса, сорғыш, селдір, ермен, бақбақ, 

Сыбызғы, жалбыз, құлмақ, қарақияқ, 

Шоқайна, меңдуана, сора, шақпақ, 

Ішінде сол қурайдың сұлу солар, 

Шырмауық, кендір, қылша, жыланқияқ, 

Қанжыға, қоға, сасық, аққой болып 

Бӛлінед жуалар мен таусарымсақ. 

Қымыздық, қызсаумалдық дейтіндерге, 

Ат қойған тау елінде сүйіп шын-ақ. 

Ӛріске біткен осы ӛңкей сүтгің 

Ішінде бір сүйкімсіз отыр бір-ақ: 

Қалақай қара тарғыл ол айтқаным, 

Сүйеді сүйкенгенді шымшып, бұрап. 

Ӛзге жан ӛмірі оған жоламайды, 


21 

Sauap.org 

Тӛңбекшіп түйе жесе қалар құлап. 

Шалқиды шалғын кӛлдің қамысындай, 

Атқұлақ Тасарықтың тарысындай 

Үш қырлы, сұлу сырлы айылқияқ, 

Кіндігі қырғыз ерме қамшысындай. 

Селтеңдеп сепсе қурай сырға қадап, 

Саржағал сәлемдесед танысындай. 

Жуалар шайқаңдаған ол бір кербез, 

Шалма орап мұсылманның абызындай. 

Құс таңдай самал соқса сыбырласад, 

Әзілді әйел, ажын-абысындай. 

Солармен судырласып ойнайды жел, 

Дүрмектің кӛкпар тартқан шабысындай. 

Неше елді аттандырған құтты қоныс 

Әлі тұр әсемдігі таусылмай. 

Суретін сӛз баяндап жеткізе алмас, 

Жерінің Жетісудың бәрі сондай! 

 

 



 

22 

Sauap.org 




  1   2   3   4


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал