Қиындық тудырмайды



жүктеу 1.3 Mb.

бет1/12
Дата14.01.2017
өлшемі1.3 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

www.ar-ay.kz

E-mail:aray2008 @mail.ru

Алло, «Арай» тыңдап тұр! Байланыс телефоны: 8 (7262) 43-69-06, 43-69-04

Газет 2005 жылдың 13 қазанынан бастап шығады

ЕНДІ «ҚОРДАЙ» АСУЫНАН ӨТУ 

ЕНДІ «ҚОРДАЙ» АСУЫНАН ӨТУ 

ҚИЫНДЫҚ ТУДЫРМАЙДЫ

ҚИЫНДЫҚ ТУДЫРМАЙДЫ

18 қыркүйек, бейсенбі, 2014 жыл

№38 (466)

индекс


66250

21 қыркүйек – Қазақстан халқы тілдерінің күні

6-бет

6-бет


7-бет

ҚАЗАҚТЫҢ ҚҰШАҒЫ КЕҢ, КӨҢІЛІ ДАРХАН

Несіпкүл ОМАРБЕКОВА, 

облыстық қазақ драма 

театрының актрисасы, ҚР 

Мəдениет қайраткері

7-бет


4-бет

Біздің оқырман

Театр 

– нақты 


өмірдің көрінісі. 

Сахна мәдениетін 

меңгеру арқылы 

әрбір адам тұтас 

ұлттың мәдениетін 

бойына сіңіре 

алады. Сахнадағы 

қайнаған өмір, түрлі 

тағдырлар, тосын шешімдер 

өмірдің өзі. Өнерді сүйген, 

оны құрметтеген адам 

парасатты, сұлу. Адам 

бойына барлық қасиет 

өнер арқылы қонады. 

Өнері өрелі, мәдениеті 

биік халықтың болашағы да 

жарқын. 

Жылдан жылға халыққа  ең қажетті  жарық, 

су, жол, байланыс мәселелеріне билік 

тарапынан  көңілдің  жоғары деңгейде 

бөліне  бастағанын  тұрғындар  сезініп 

отыр. Алайда, облыс  орталығынан 

 

шалғай жатқан, ауылдардың 



 

 

мәселелері күрделі күйінде қалуда. 



Оны «Тараз-Ақкөл-Қамқалы» бағытымен 

бір жүріп  өтсеңіз, өзіңіз де байқайсыз.

ТҰЗ ТАСЫП, «ТРАССАНЫ» ТАЛҚАНДАҒАНДАРҒА 

ТОСҚАУЫЛ БОЛА МА?



2-бет

ƏЙЕЛІНЕ ƏЛІМЖЕТТІКТІҢ 

ƏЙЕЛІНЕ ƏЛІМЖЕТТІКТІҢ 

ƏҢГІРТАЯҒЫН ОЙНАТАТЫНДАР

ƏҢГІРТАЯҒЫН ОЙНАТАТЫНДАР

Қоғам өркениетке ілгерілегенімен адамдар 

арасында әлі де әйелге төменгі сатыдан 

қарау қалған жоқ. Айталық, ішкілікке әуес ер 

азаматтар масайрағанда сөзіне мойынсұнып 

құлақасатын әйеліне ғана күші жететіндіктен, 

үйінің берекесін қашыратын қылықтар осы 

күнде де көптеп кездеседі. 

«Батыс Еуропа – Батыс Қытай» 

КӨКПАРШЫЛАРДЫҢ 

КӨКПАРШЫЛАРДЫҢ 

ЖАСАНДЫ СЕРКЕ ТАРТҚАНЫНА 

ЖАСАНДЫ СЕРКЕ ТАРТҚАНЫНА 

ҚАЛАЙ ҚАРАЙСЫЗ?

ҚАЛАЙ ҚАРАЙСЫЗ?

-

Көптен  бері  көкпар  сүйер  қауымның  қызу  талқысында 

жүрген,  дегенмен  əлі  күнге  шешімін  таппаған  мəселелердің  

бірі – талапай тартысқа түсетін серкені жасанды баламасымен 

алмастыру. 

Ұлттық 

құндылықтарымыздың 

өміршеңдігін 

ойлағандар  жасанды  серке  тартудың  керек  еместігін  айтып 

дабыл  қақса,  Қазақстан  Республикасы  Ұлттық  спорт  түрлері 

қауымдастығы  көкпар  ойынында  жасанды  серке  тартудың 

тиімділігін айтуда.  

Біздің полюс



Жапар САТЫЛҒАНОВ,  

этнограф,  натуралист-

құсбегі:

– «Қазақстан. 

Ұлттық 

энциклопедия» кітабында қазақтың ұлттық 



ойындарының  мəн-маңызы  туралы  былай 

деп жазылған: «Қазақ ұлты – негізінен ұрпақ 

қамын басты мақсат етіп қойып, балалардың 

нағыз  азамат  болып  қалыптасуына  аса  зор  мəн  берген.  Бала 

тəрбиесінің басты құралы ретінде ұлттық ойындарымызды алған»  

–  деп,  астын  сызып  тұрып  көрсеткен.  Ұлттық  ойындарымыз 

төрге  озып,  көкпарымыздың  көші  енді  түзелді-ау  деп  желпініп 

жүргенімізде,  жасанды  серке  мəселесі  жағамызды  ұстатты.  Біле 

білсеңіздер,  көкпар  ойынында  тартылатын  серке  аса  қасиетті 

саналады.  Ойын  аяқталғаннан  кейін  Құдайдан  бала  тілеп 

жүрген  отбасыларға  жігіттердің  тақымына  түскен  серкенің  етін 

үлестіріп  беретін  болған.  Ол  дəстүр  əлі  де  бар.  Көнекөз,  ескі 

құлақ қариялардан көкпарға түскен серкенің етін жеп, жүкті болып, 

нəрестелі  болған  отбасылар  туралы  өз  құлағыммен  естігенмін. 

Мінекей,  серкеміздің  маңыздылығы  қандай  екендігін  осыдан-ақ 

аңғаруға болатындай.

Көкпар – тек  ойын  ғана  емес,  ұлттық  дəстүріміз.  Ал  көкпарға 

өзгеріс енгіземіз деп дəстүрімізге қиянат жасауға мүлдем болмайды. 

Ұлттық  ойынымыздың  ерекшелігін  сақтай  білуіміз  керек.  Бүгін  оқу-

жаттығу жұмыстарына пайдаланылса, ертеңгі күні көкпаршыларымыз 

жасанды серкемен көкпар шабуы да бек мүмкін. Сондықтан, жасанды 

серке жасап, жаңалық ашудың қажеті шамалы.  



7-бет

Нұрдəулет МОМЫНОВ, «Əулиеата»  

көкпар клубының директоры:

–  ҚР  Ұлттық  спорт  түрлері 

қауымдастығы  3 ақпан мен 1 мамыр 

аралығында 

көкпар 

ойынында 



тартылатын 

серкенің 

пішініне 

байқау 


жариялаған 

болатын. 

Еліміздің 

түкпір-түкпіріндегі 

өнертапқыштар  шама-шарқынша  жасанды  серке  жасап 

бақты.  Дегенмен,  шарттарына  сəйкес  келетін  жасанды 

серке  жасалмағандығына  байланысты  байқау  мерзімі 

1  шілдеге  дейін  ұзартылған  болатын.  Бірақ,  көңілге 

қонымды жасанды серкелер жасалған жоқ. Сол себепті 

қауымдастық  Жапония  еліне  арнайы  тапсырыс  берген 

болатын.  Алдағы  уақытта  оны  да  көретін  боламыз. 

Біздің жасанды серке жасау арқылы ұтарымыз,  Еуропа 

елдеріне жол ашылатын еді. Себебі, ол жақтарға бара 

қалсақ, шынайы серке тартқанымызды көріп, бізге үрке 

қарайтындар  көп.  Сондықтан,  көптеген  жарыстардан 

шеттетіліп жататын жағдайлар орын алған. Жəне де бір 

ескеретін жайт, жасанды серке оқу-жаттығу жұмыстары 

кезінде  ғана  қолданылатын  болады. 

Мəселен,  көкпаршыларымыз  дайындық 

жұмыстарын  жүргізу  барысында  бір 

емес,  бірнеше  серке  союға  тура  келеді. 

Сол  үшін  жасанды  серке  керек  деп 

есептеймін.  

+

с

50



ЕКОВА, 

драма

исасы, ҚР 

кері

н 

с 



н 

ғы

үрлі



н шешімдер

рді сүйген, 

адам 

Адам 


қасиет 

нады. 


ениеті 

лашағы да 

Облыс əкімдігі тілдерді  дамыту басқармасының 

ұйымдастырумен  облыс  əкімдігінің  мəжіліс 

залында  «Қазақстан  халқы  тілдерінің  күніне» 

орай облыс əкімінің бірінші орынбасары Бекболат 

Орынбеков  облыстағы  мемлекеттік  тілді  жетік 

меңгерген өзге ұлт өкілдерін салтанатты жағдайда 

қабылдады.  Кездесуге  ғалым,  ұстаз,  дəрігер 

сияқты  түрлі  мамандық  иелері  мен  студент  жəне 

оқушы  жастар  да  қатысты.  Алдымен  Бекболат 

Серікбекұлы  қабылдауға  келген  азаматтарды 

«Қазақстан  халқы  тілдерінің  күні»  мерекесімен 

құттықтады.



–  Елбасы  Нұрсұлтан  Назарбаев  «Біз 

барша  қазақстандықтарды  біріктірудің  басты 

факторы  болып  табылатын  қазақ  тілінің  одан 

əрі дамуы үшін барлық күш-жігерімізді салуымыз 

керек»  деп  атап  көрсеткенін  білесіздер. 

Конституциялық  статусқа  ие  мемлекеттік 

тілді жетік меңгерген сіздер əрине қазақ тілінің 

қолдану аясының кеңеюіне өз тараптарыңыздан 

үлес  қосып  отырсыздар.  Татулығы  жарасқан 

қасиетті  Əулиеата  жерінде  сексеннен  астам 

ұлттың тағдыры тоғысып, олардың ұрпағының 

өмірі  жалғасып  келеді.  Қазақстанның  болашағы 

–  қазақ  тілінде  екендігін  ұрпағына  ұғындырған 

этнос өкілдері өз балаларын қазақша тəрбиелеп, 

қазақ  мектептерінде  білім  алуға  жағдай  жасап 

отыр.  Оған  дəлел,  бүгінде  бес  мыңнан  аса  өзге 

ұлт баласы қазақ мектебінде оқыса, төрт мыңға 

жуық бүлдіршін қазақ топтарында тəрбиеленуде. 

Бұл  көрсеткіш  жыл  санап  арта  түсетіндігіне 

сенім мол. Оған дəлел бүгінгі біздің басқосуымыз 

деп білемін, – деді ол өз сөзінде.

Одан  əрі  облыс  əкімінің  бірінші  орынбасары 

облыс əкімінің Құрмет Грамотасымен облыс əкімдігі 

тілдерді  дамыту  басқармасы  мемлекеттік  жəне 

ұлттық тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Мөлдір 

Ахметова  мен  Жамбыл  ауданы  əкімдігі  мəдениет 

жəне  тілдерді  дамыту  бөлімінің  басшысы  Бақыт 

Сырлыбаев марапаттады.

Облыс әкімдігінде

Хамит ЕСАМАН

xamit.esaman@mail.ru

МҮЛІКТІ ЖЕКЕШЕЛЕНДІРУДЕ 

МҮЛІКТІ ЖЕКЕШЕЛЕНДІРУДЕ 

ЖАЙБАСАРЛЫҚҚА ЖОЛ ЖОҚ!

ЖАЙБАСАРЛЫҚҚА ЖОЛ ЖОҚ!

Облыс  əкімдігінің  мəжіліс  залында  облыс  əкімі 

Кəрім Көкірекбаевтың қатысуымен аппараттық кеңес 

отырысы  өтті.  Жиында  аймақтағы  коммуналдық 

меншіктің  жай-күйі  мен  облыстық  Халыққа  қызмет 

көрсету орталығының биылғы сегіз айдағы атқарған 

жұмысы сараланды. 

Күн  тəртібіндегі  алғашқы  мəселе  бойынша  облыс  əкімдігі 

қаржы басқармасының басшысы Асқар Қырықбаев хабарлама 

жасады.  Асқар  Санатұлының  айтуы  бойынша, 2014 жылдың 

1  қыркүйегіндегі  ахуал  бойынша  облыстың  коммуналдық 

меншігінің  есебінде 1380 мемлекеттік  заңды  тұлға  болса, 

оның  ішінде:  мемлекеттік  коммуналдық  кəсіпорындар – 79, 

мемлекеттік  коммуналдық  қазыналық  кəсіпорындар – 271, 

коммуналдық  мемлекеттік  мекемелер –1006, мемлекеттің 

қатысуымен акционерлік қоғамдар – 2, жауапкершілігі шектеулі 

серіктестіктер – 22, оның  ішінде  облыстағы – 4-еу  екен.  Ал 

коммуналдық  меншіктегі  негізгі  құралдардың  бағасы 92 

миллиард  теңгені  құрапты.  Басқарма  басшысы  өз  кезегінде 

облыстың коммуналдық меншігін басқарудан түсетін түсім 2014 

жылдың 8 айына жасалған болжам бойынша 65 миллион теңге 

болса, нақты түскені 109 миллион теңгеге жуықтағанын тіліне 

тиек етті. 

Дегенмен, 

жиын 

барысында 



белгілі 

болғандай 

жекешелендіру мəселесі төңірегінде аудандарда əлі де болса 

ширата түсетін жұмыстар баршылық екен. 



–  Үстіміздегі  жылы  жекешелендіруге  шығарылған 

10  ұйымның  сауда-саттығына  сатып  алушылардан 

өтініштердің  түспеуіне  байланысты  өтпей  қалды.  Сауда-

саттықтың  өтпей  қалуы,  ол  жекешелендіруге  жауапты 

мекемелердің түсіндіру, жарнамалау сияқты жұмыстардың өз 

деңгейінде жүргізбегендігін көрсетеді.

2 -бет

Дəулет ТӨЛЕНДІ

билік 


 

ТАРАЗДАН ШЫҚҚАН ҚАЛДЫҚ СУ ҚАЙДА 

ТАРАЗДАН ШЫҚҚАН ҚАЛДЫҚ СУ ҚАЙДА 

КЕТІП ЖАТЫР?

КЕТІП ЖАТЫР?

Көне Тараз шаһары су тазалау қондырғысы жоқ 

еліміздегі жалғыз ғана қала екені рас. Сонау Кеңес 

заманында Жамбыл ауданының Қостөбе деген 

жерінен 207 га жер беріліп, ол 92 картаға бөлініп 

қойған. Қаладан барған сулар сол карталарға 

барып бөлек-бөлек құйылады. Қазір ол жердегі 

сулар тек табиғи жолмен, яғни, жерге сіңу және буға 

айналу процестері бойынша ғана азайып отыр. 

АУДАН ƏКІМДЕРІ БҰЛАҚ СУЫНА БАС 

АУЫРТУЫ КЕРЕК

Бабаларымыздың «Бұлақ көрсең көзін аш» 

деген қанатты сөзін қаперге алу құптарлық 

дүние. Өйткені, уақыт озған сайын ауыз су 

және егістікті суғару мәселесі күрделеніп 

келеді. Бұл мәселені шешуде бұлақ суының 

алар орны ерекше. Сондықтан аудан 

әкімдері бұлақ суына бас ауыртқаны абзал. 

ар

ан

ер



ып

ен,


сы 

АС 


н аш» 

лық 


су 

ніп 


ның 

дан 


ал. 

18 қыркүйек

№38 (466)

2

АЛУАН АҚПАРАТ

ТАРАЗ ҚАЛАСЫ ƏКІМДІГІНІҢ БӨЛІМДЕРІНЕ 

АРЫЗДАНУШЫЛАР НЕГЕ КӨП?

Форум


«ТІЛ – ТАТУЛЫҚ ТІРЕГІ»

Құттықтаймыз!



ОБЛЫС ƏКІМДІГІНІҢ 

ТІЛДЕРДІ ДАМЫТУ 

БАСҚАРМАСЫНЫҢ ҰЙЫТҚЫ 

БОЛУЫМЕН ҚАЗАҚСТАН 

ХАЛҚЫ ТІЛДЕРІ КҮНІ 

МЕРЕКЕСІНЕ ОРАЙ «ТІЛ 

– ТАТУЛЫҚ ТІРЕГІ» АТТЫ 

ОБЛЫСТЫҚ ЖАСТАР ФОРУМЫ 

ӨТТІ. АТАЛҒАН ФОРУМДА 

ОБЛЫС ƏКІМІНІҢ БІРІНШІ 

ОРЫНБАСАРЫ БЕКБОЛАТ 

ОРЫНБЕКОВ СӨЗ СӨЙЛЕП, 

КӨПШІЛІКТІ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ 

ТІЛДЕРІ КҮНІ МЕРЕКЕСІМЕН 

ҚҰТТЫҚТАДЫ.

Биыл 1989 жылдың 22 қыркүйек  күні 

қабылданған Қазақстан Республикасының 

Тіл  туралы  заңына 25 жыл  толып  отыр. 

Осы  қабылданған  заңда  ана  тіліміздің 

айбыны 


асқақтап, 

мерейі 


тасыған 

болатын. 

Осылай деген Бекболат Серікбекұлы 

қазіргі  таңда  Қазақ  елінің  қабырғасы 

қатайып, 

пікіріне 

халықаралық 

қоғамдастық  өкілдері  құлақ  асатынын 

тілге  тиек  кетті.  Сондай-ақ  ол  мемлекет 

басшысы  Н.Назарбаевтың  сарабдал 

саясатымен  құрылған  Қазақстан  халқы 

Ассамблеясының  орны  ерекше  екенін 

атап өтті.

– 

Ассамблея 

сессиялары 

əр 

кезеңде  еліміздегі  қоғамдық    ахуалдың    

тұрақтылығына,  ұлтаралық  қарым-

қатынастың  тығыздығына,  халықтар 

достығының 

айнымас 

беріктігіне 

баса  назар  аударып  отыр.  Қазақ 

елінің  бір  бөлшегі,  ежелден  халықтар 

достығының 

дəстүрі 

қалыптасқан 

Əулиеата    жерінде    де  80-нен  астам 

ұлттардың тағдыры тоғысып, олардың 

ұрпағының  өмірі  жалғасып  келеді.  Бұл 

ретте,  Қазақстан    халқы  Ассамблеясы 

мен  облыстағы  этномəдени  орталық 

ұлттық  салт-дəстүр  мен  тілдің, 

мəдениеттің сақталуына, этносаралық 

қатынастарды  үйлестіруге,  рухани 

мəдени 

байланыстарды 

дамытуға 

өзіндік 

үлестерін 

қосуда. 

Бүгінгі 

ұйымдастырылып  отырған  «Тіл – 

татулық  тірегі»  атты  облыстық 

жастар  форумының    мақсаты  да  əр 

халқының 

ұрпақтан-ұрпаққа 

мирас 

болып  келе  жатқан  ұлттық  салт-

дəстүрі мен əдет-ғұрпы, ана тілі – оның 

өткені  мен  бүгінін  жалғастырар  алтын 

көпір  екендігін  насихаттау, – деп  атап 

өтті.


Сондай-ақ, ол Орынбеков мемлекеттік 

тілді  жетік  меңгерген  өзге  ұлт  өкілдерін 

тілге  тиек  етті.  Мəселен,  ұлы  Абайдың 

тілінде  Светлана  Бойко  мен  Вероника 

Ким,  Виктория  Муртазина  мен  Марина 

Устинова  сынды  азаматтар  сөйлеп  жүр. 

Өзге  жұрт  осы  азаматтардан  үлгі  алса, 

нұр үстіне нұр болар еді.

Бұдан 

кейін 


ол 

этномəдени 

бірлестіктерге  «Алғыс  хат»  тапсырды. 

«Əулие  ата»  қазақ  мəдени  орталығы, 

«Полонез» 

Жамбыл 


облыстық 

поляктардың 

тілі 

мен 


мəдениеті» 

қоғамдық 

этномəдени 

бірлестігі, 

«Өзбек  мəдени  орталығы»  қоғамдық 

этномəдени  бірлестігі, «Радонеж»  орыс 

қауымдастығы»  қоғамдық  этномəдени 

бірлестігі,  «Жамбыл 

облысының 

немістер  қоғамы»  қоғамдық  этномəдени 

бірлестігі  «Алғыс  хат»  алды.  Сондай-ақ, 

дəл  осы  марапатқа  «Вынхуа»  дүнгендер 

ассоциациясы  мен  «Коре»  Жамбыл 

облысының 

корей 

ассоциациясы 



қоғамдық  этномəдени  бірлестігі  жəне  де 

М.Х.Дулати  атындағы  Ұйғыр  этномəдени 

бірлестігі ие болды.

Облысымызда  өзге  ұлт  өкілдері 

арасында 

қазақ 


тілінде 

емін-еркін 

сөйлейтін 

азаматтар 

баршылық. 

Мəселен,  солардың  ішінде  Жамбыл 

аудандық  Ішкі  істер  бөлімінің  учаскелік 

инспекторы  Шерзат  Раимовтың  есімін 

ерекше  атап  өтуге  болады.  Бұдан  бөлек 

Жуалы аудандық əзірбайжан этномəдени 

бірлестігінің 

мүшесі 


Сүлейман 

Сүлейманов  та  мемлекеттік  тілді  тəп-

тəуір  меңгергенін  байқатты.  Өз  кезегінде 

сөз  алған  аталған  екі  азамат  ниет  болса 

қазақ  тілін  үйренудің  қиын  емес  екенін 

жеткізді.

Аталған  форумның  соңы  жастардың 

облыс  тұрғындарына  жасаған  үндеуімен 

түйінделді.  Облыс  жастары  атынан 

қабылданған  үндеуді  Абай  атындағы 

Жамбыл 

гуманитарлық 



колледжінің 

студенті əрі «Абай оқулары» байқауының 

бас жүлдегері Марина Устинова жасады. 

Аталған  үндеуде  «Біз – бəсекеге 

қабілетті  жастар,  мемлекеттік  тілді 

кеңінен  қолдануды  көпшілікке  тарату 

мақсатында    қазақ  тілінде  сөйлеуді 

күнделікті  өмірдің  мəніне  де,  сəніне 

де  айналдыруға  міндеттіміз.  Облыс 

тұрғындарын, 

Қазақстан 

азаматы 


ретінде  əрқайсысының  мемлекеттік  тілді 

«отбасы  құндылығы»  ретінде  көпшілікке 

танытуға  жəне  насихаттауға  белсенділік 

танытқанын қалаймыз» делінген. 



Серік ЖОЛДАСБАЙ

Билік пен бұқара



ҚАЗІРГІ ТАҢДА СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ КҮРЕС МЕМЛЕКЕТТІК САЯСАТТЫҢ 

БАСЫМ  БАҒЫТТАРЫНЫҢ  БІРІ  БОЛЫП  БЕЛГІЛЕНГЕН.  БҰЛ  БАҒЫТТА  БҮГІНДЕ  АУҚЫМДЫ 

ЖҰМЫСТАР  ЖҮРГІЗІЛІП  КЕЛЕДІ.  ДЕСЕ  ДЕ,  ƏЛІ  ДЕ  БОЛСА  АТАЛМЫШ  ІНДЕТТІ  ТҮП-

ТАМЫРЫМЕН  ЖОЮ  МҮМКІН  БОЛМАЙ  ОТЫР.  ОСЫҒАН  ОРАЙ  КЕШЕ  ҚАЛА  ƏКІМДІГІНІҢ 

МƏЖІЛІС  ЗАЛЫНДА  ЖЕМҚОРЛЫҚҚА  ҚАРСЫ  КҮРЕС  ЖƏНЕ  ЖЕМҚОРЛЫҚ  СИПАТЫНДАҒЫ 

ҚЫЛМЫСТАРДЫҢ  АЛДЫН  АЛУ  МƏСЕЛЕЛЕРІ  ТАҒЫ  БІР  МƏРТЕ  КҮН  ТƏРТІБІНЕ  КӨТЕРІЛІП,  

КЕҢЕЙТІЛГЕН КЕҢЕС ОТЫРЫСЫНЫҢ ТАЛҚЫСЫНА ТҮСТІ. 

Бірден  айта  кету  керек,  қала  əкімдігіне 

қарасты  бірқатар  бөлімдерде  сегіз  айдың 

қорытындысы 

бойынша 

 

аталмыш 



заң 

бұзушылықтың  көріністері  орын  алыпты.  Міне, 

осыған баса назар аударған қала əкімі Нұржан 

Календеров ең алдымен Тараз қаласы  бойынша  

денсаулық  сақтау  бөлімінің  басшысы  Серік 

Қасмақасовтың  баяндамасын  тыңдады.  Оның 

сөзіне  сүйенсек,  осы  уақытқа  дейін  бөлімге 

қала  тұрғындарынан 91 шағым  түскен  екен.  

Оның 59-ы дəлелін тапқан. Шағымдардың дені 

дəрігерлердің  жауапсыздығы  мен  науқастарға 

бей-жай  қарауына  жəне  тегін  берілуі  тиіс 

дəрілердің  берілмеуіне  байланысты  болған. 

Тексеріс  барысында  арыздар    дəлелденіп, 27 

дəрігер жазаланыпты. Сондай-ақ, облыс əкімінің 

атына  жазылған 10 шағым  мен  басқарма 

басшысының  тарапына  жолданған 12 арыз 

толықтай  тексерістен  өткен.  Осылайша,  бөлім 

жартыжылдықтың қорытындысында жүзге жуық 

арыздың  астында  қалған.  Бұл  мəселеге  қала 

басшысы  да  назар  аударып,  емханалар  мен 

ауруханаларда  мемлекет  тарапынан  берілетін 

тегін  дəрілер  өз  деңгейінде  таратылмай  халық 

арасында дау туғызып жатқанын ескертті. Жəне 

квота  мəселесін  де  бір  жақты  етуді  тапсырды. 

Айтылған сынға бөлім басшысы Серік Қалиұлы 

науқастарды 100 пайыз  тегін  дəрімен  қамту 

мүмкін  емес  екендігін,  ал  квоталар  өз  тəртібі 

бойынша  беріліп  жатқандығын      алға  тартып 

ақталды.  Десе  де,  жиынға  қатысушылар  

«порталға қою», дəрігерлердің жұмыс кестесінің 

дұрыс  еместігі  жəне  жедел  жəрдемнің  кешігуі 

сияқты  бірнеше  мəселелерді  көтеріп,  бөлім 

жұмысын қатаң сынға алды. 

Келесі 


кезекте 

қала 


əкімдігінің 

жер 


қатынастар  бөлімінің  басшысы  Бақытжан 

Сүгірбеков сөз алып, есепті кезеңде атқарылған 

жұмыстарға  тоқталды.  Оның  баяндамасынан 

білгеніміз, қазір 53860 азамат тұрғын үй тұрғызу 

үшін жер кезегінде тұр екен. Ал, биылғы жылы 

1500  адамға  жер  беру  жоспарланыпты.  Жəне 

шағымдардың  дені  осы  кезек  мəселесіне 

байланысты  туындайтын  көрінеді.  Дегенмен, 

бөлім  жемқорлық  фактісін  болдырмау  үшін 

мекеме 


ішіне 

толықтай 

бейнекамералар 

орнатыпты.  Сондай-ақ,  сенім  телефонын    іске 

қосқан.  

Əрине,  бұл  құп  көретін  тірлік.  Алайда, 

қалалық  соттарда  қала  əкімдігіне  қатысты 

қарастырылып  жатқан  азаматтық  істердің 

сексен    пайызы  жер  телімдерін  беру  туралы 

қаулыға  байланысты  екен.  Ал,  қаулыларды 

қала  əкімдігіне  ұсынатын  жер  қатынастар 

бөлімі. Оған қоса, бұл мəселе ең алдымен жер 

комиссиясында қаралады. Алайда, іс мəресіне 

жеткенде  мемлекетке  төленген  баж  салығы  

қала əкімі аппараты тарапынан төленіп жатады 

екен.  Міне,  осы  мəселені  шегелеп  тұрып 

көрсеткен  қала  басшысы  аталмыш  жайтты 

реттеуді  бөлім  басшысына  міндеттеді.  Жəне 

игерілмей  жатқан  бос  жерлердің  тізімін  жасап, 

тексерісті күшейтуді тапсырды. 

Бұдан        кейін  баяндама  жасаған 

қала  əкімдігінің  тұрғын  жай  коммуналдық 

шаруашылық, 

жолаушылар 

көлігі 

жəне 


автомобиль  жолдары  бөлімінің  басшысы 

Бақытжан 

Жақсылықовтың 

есебі 


тіпті 

«тамашаға»  кенелтті.  Себебі,  мұнда  есепті 

кезеңде  тұрғындардан 1400 арыз  келіп  түскен. 

Жəне  бөлім  қала  əкімдігіне  қарасты  өзге 

бөлімдерге  қарағанда арыздың астында қалған 

мекеме  ретінде  көш  бастап  тұр.  Бұл  мəселеге 

қатысты Бақытжан Алпысұлы бөлімнің жұмысы 

күрделі 


болуына 

байланысты 

шағымның 

көп  түсетіндігін  айтты.  Сондай-ақ,  мекеме 

қызметкерлері  арасында  жіті  түсіндіру  дəрісі 

ұйымдастырылғанын    жəне  заңды  бұзған  төрт 

маман жауапкершілікке тартылғанын баян етті. 

Бұған  қала  басшысы  мекеме  жұмысы  күрделі 

деп  сылтау  айтып  ақталғанша,  сыннан  сабақ 

алып,  нəтиже  шығару  қажеттігін  ескертті. 

Жəне  бөлімнің  бас  маманы  Г.Тлепованың 

үстінен  қозғалып  жатқан  қылмыстық  істі  

назарға  алып,  мекемеде  өзге  сыбайластары 

жоқтығын  анықтауды  міндеттеді.  Өз  кезегінде 

бөлім  басшысы    мекемедегі  қызметін  асыра 

пайдаланып,  жалған  құжат  жасаған  маманға 

қатысты  қылмыстық    іс  қадағада  тұрғанын, 

ал 


сыбайластары 

тексеріс 

барысында 

анықталмағанын жеткізді. Десе де, бұл мəселе 

толықтай бақылауда болатындығына уəде етті. 

Басқосу 


соңында 

қала 


əкімдігінің 

ветеринария  бөлімінің  жұмысы  тыңдалды. 

Баяндама  жасаған  бөлім  басшысы  Сəкен 

Жұманқұлдың  сөзіне  сүйенсек,  есепті  кезеңде 

мекеме  жұмысына    бірде-бір  шағым    түспепті. 

Тек  өткен  жылы  екі    факт    тіркелген    екен. 

Алайда,  ол  да  дер  кезінде  өз  шешімін  тапқан. 

Осы қырынан қарағанда басқарма жұмысына оң 

баға  берсе  болады.  Дейтұрғанмен,  қала  əкімі 

ветеринариялық анықтама мен паспорт беруде 

жалған  құжаттар  ағымының  таралуына  жол 

бермеуді  бақылауға  алуды  тапсырды.  Сондай-

ақ,  қаңғыбас  иттер  мен  атжалмандар  санының 

артып кетпеуін  қадағада ұстауды  міндеттеді. 

Ал,  жиын  соңында  құзырлы  бөлімдерге 

қала  əкімінің  сайтында  бюджеттік  қаражаттың 

жұмсалуы,  мемлекеттік  сатып  алуды  өткізу 

тəртібі,  тұрғын  үй  бөлу,  жер  бөлу  жəне 

балабақша  кезегіне  қою  сияқты  мəліметтерді 

үнемі жариялап тұруды жүктеді. 




  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал