Ііі. М. Шоқай дүниетанымындағы азаматтық ҚОҒАМҒа тән рухани ұстанымдар мен алғышарттар



жүктеу 166.67 Kb.

Дата15.09.2017
өлшемі166.67 Kb.

130

ІІІ. М. ШОҚАЙ ДҮНИЕТАНЫМЫНДАҒЫ АЗАМАТТЫҚ ҚОҒАМҒА 

ТӘН РУХАНИ ҰСТАНЫМДАР МЕН АЛҒЫШАРТТАР

3.1 М. Шоқай шығармашылығындағы ғылыми зерттеудің 

рухани-этикалық принциптері және ақпараттық жүйенің 

әлеуметтік-философиялық мазмұны мен сөз бостандығы

М. Шоқай Түркістан ұлттық тәуелсіздігі жолындағы күресінде 

өзінің әрбір жарияланымында, ресми сөйлеген сөздерінде, тіпті іс-

қимылдарында да үнемі ақиқаттылықты, шыншылдықты қалтқысыз 

берік  ұстанды.  Ол  оның  бүкіл  ой-жүйесінің  ішкі  рухани  ұйтқысы 

болды деуге болады. Басқаша болу оның бүкіл өмірлік болмысына 

сыйыспайтын қасиет болған болар еді. Болуы мүмкін емес еді. Егер 

Түркістан халқының, басқа да кез келген халық сияқты өз тағдырын 

өзі шешуге, сол үшін тәуелсіз мемлекет құруға құқығының барлығы 

ол  үшін  түпкі  ақиқат  әрі  түпкі  мақсат  болған  болса,  сол  жолдағы 

күреске байланысты жасалған әрбір іс, қадам, айтылған сөз ешбір 

көлгірлікпен,  қитұрқылықпен  жанаспайтын  барынша  шын,  адал, 

мөлдір  болып  тұруы  керек.  Олай  болмаса,  ондай  істер,  сөздер 

өздерінің түпкі мақсатына көлеңке түсіреді, оның ақтығына кір кел-

тіреді. Олай болмау ұлы, қасиетті мақсатқа лайық емес. 

Осылай болғандықтан М. Шоқайдың әрбір шығармасы, мақа-

ласы, өзі тіпті бір нақты мәселеге арналған күнде де ғылыми шы-

ғармадай  әсер  қалдырады.  Және  бұл  шынында  да  солай.  Бұл 

жалпы алғанда ең ұлы ойшылдарда кездесетін қасиет. 

Түркістан ұлттық тәуелсіздігі күрескерлеріне қарсы большевик-

тердің  жапқан  сантүрлі  жалаларын  әшкерелеуде  оның  өз  шығар-

маларына  деген  осы  талаптары  әсіресе  айқын  көрінеді.  Бұндай 

большевиктік «әдіс» тіпті марксизмнің негізгі теориялық қағидалары-

нан  туындайтыны  белгілі.  Әлеуметтік  зерттеулерде  танымның  ба-

сты  принципі  ретінде  марксизм  таптық  тұрғыны  ұсынғаны  белгілі. 

Оған сәйкес қоғамдағы құбылыстарды көбінесе осы тұрғыдан түсін-

діру  керек  деп  есептейді.  Мысалы  Қоқанда  құрылған  Түркістан  ав-

тономиясын  большевиктік  тарихшылар  жалпы  ұлттың  билік  емес, 

Түркістан  буржуазиясының  үкіметі  деп  жазып  жүрген.  «Бір  ғылыми 

өтірікке қарсы» деген «Яш Түркістанның 1931 жылғы 25-санындағы 

мақаласында ол ғылыми зерттеу әдістері туралы тікелей ой қозғаған. 

«Тарих жазудың екі жолы бар, – дейді ол. Бірінші жолы: Зерттеуші 

өмірде болып өткен оқиғаларды көңіл қойып жинастырады. Оларды 

хронологиялық  тәртібі  бойынша  заманның  жағдайына,  ахуалына 

қарай зерттейді. Мәліметтер мен ақпараттардың бұлақтарын іздейді. 

Жиналған  мәліметтерді  өзінің  ғылыми  зердесінен  өткізеді,  орнына 



131

салады және ол мәліметтерден өзін бейтарап ұстай отырып талдау 

жүргізеді. Шын мәніндегі ғылыми тарих, міне, осындай тәсілмен жазы-

лады. Екінші жол: зерттеуші көздеген мақсаттарын күні бұрын белгілеп 

алады да, соған жету үшін оқиғалар құрастырады. Тіпті мақсаты қажет 

етіп  жатса,  оқиғаларды  ойдан  шығарады.  Мақсатқа  қайшы  келетін 

бұлақ  көздеріне  жуымайды.  Мұндай  тарихшылар  өзін  бейтарап 

ұстаудың орнына оқиғаларға партиялық тұрғыдан талдау жасайды. 

Кеңес тепкісіндегі халықтардың ұлттық қозғалыстары туралы жазып 

жүрген большевик тарихшылар осы екінші түрге жатады. 

Большевиктер жалпы ғылымда бейтараптықты мойындамай-

ды. Ғылым олар үшін таптық күрестің баламасы. Сондықтан олар 

тарихты өздерінің болашақ таптық мақсаттары үшін пайдалануға 

тырысады»  /1/.  М.  Шоқайдың  ғылымға,  ғылыми-танымның  ру-

хани  қызметтің  өзге  салаларынан  өзгеше  табиғатына,  соған 

сай  танымның  методологиялық  табиғатына  әрі  оларды  қатаң 

ұстанудың  әлеуметтік  моральдық-этикалық  маңызы  жөніндегі 

көзқарастарын  айқындауда  осы  келтірілген,  ұзағырақ  болса 

да,  сөздерін  айрықша  орын  алатындықтан  толығырақ  келтірдік. 

Оның шығармаларында  ғылымға тікелей байланысты болмаған 

мәселелерді талқылауда осы ұстанымы үнемі тек сезіліп тұрады. 

М. Шоқайдың идеологиялық тартыста болсын, ғылыми пікір 

жарыстарында болсын ең ұтымды деп қарайтыны тек ақиқаттылық, 

ал оның түпкі мәні – объективтілік. Бұл принциптің маңыздылығы, 

оның  түсінуінше,  идеологиялық  күресте  ғылыми  танымдағыдан 

ешбір  кем  емес,  тіпті  белгілі  бір  мағынада  –  артығырақ.  Өйткені 

идеологиялық тартыста кейбір келтірілген фактінің, айтылған тұжы-

рымның жалғандығы ашылып қалса, ол соны айтқан жеке автордың 

абыройына ғана емес, ең зияндылығы – оның бүкіл бір әлеуметтік 

қозғалыстың мән-мағынасына өз дағын түсіреді. Ондай жалғандық 

бүкіл  қозғалыстың  бағдарының  жалғандығы  болып  көрінуі  мүмкін. 

Және солай болады да. Сондықтан да М. Шоқай большевик зерттеу-

шілерінің, авторларының ойдан шығарған жалаларын, «фактілерін» 

әшкерелеу  үшін  дәлелдерді,  фактілерді  большевиктік  баспалар-

дан,  олардың  өз  жазғандарынан  келтіріп  отыратыны  тегін  емес. 

Оның уәждерін теріске шығару мүмкін емес еді. Өйткені олар үнемі 

бұлтартпайтын фактілерге құрылған. 

Бастан-аяқ жалғанға құрылатын идеология тек тоталитарлық 

жүйелерде ғана іске аса алатыны белгілі. Ондай жүйелерде билік-

тің іс-әрекеттері тек жабық жағдайда, астыртын, құпия түрде іске 

асып жататыны анық. Қалың бұқара, қоғам мүшелерінің көпшілігі 

ақпарат,  дерек  көздерінен  аулақ  ұсталынады.  Үстемдік  ететін 

идеологиядан басқа көзқарастарға орын жоқ. Большевизмге жат 


132

көзқарастағылардың  бәрі,  тіпті  сол  тұрғыдағылардың  көрнекті 

өкілдері де 30-шы жылдардың соңына дейін жойылған. Сонда да 

болса, большевиктер өздері құрған саяси жүйені демократияның 

ең биік үлгісі деп уағыздайтын. 

Басқа идеологияға құрылған Германиядағы фашистік тәртіп те 

осындай еді. Яғни белгілі бір көзқарасқа ғана рұқсат етілген, ал оған 

қарсылардың бәрі бәрі де жойылатын, ондаған жылдар бойы күн 

сайын, сағат сайын барлық жерде, ақпарат көздерінде жалғандықты 

ойдан  шығарылған  «деректермен»  уағыздап,  дәлелдеген  болып 

жатқанда  ғана  ондай  жүйелер  өздерін  белгілі  кезге  дейін  сақтай 

алады. Оларды тек өмірдің шындығы ғана теріске шығаруы мүмкін. 

М.  Шоқайдың  шығармаларында  осы  айтылған  ой  үнемі  көрініс 

беріп отырады. Аталмыш мақаладан бұрынғы 1930 жылдағы «Яш 

Түркістанның» сандарында большевик тарихшыларының Түркістан 

автономиясын тек «қалталылардың» ықпалындағы өкімет болды деп 

жазғандары туралы айтқанын көрсетеді. Онда Алексеенко дейтін 

тарихшы  «Бұл  автономияны  Түркістан  ұлттық  буржуазиясының 

шатыры  астында  жергілікті  және  орыс  ауқаттыларының  ықпалы 

мен беделі арқылы жүргізілген мүліктілер мен буржуазия табының 

әрекеті  етіп  көрсетуге  тырысады,  –  деп  жазды.  Өздерінің  осы 

айтқандарын дәлелдеу үшін Алексеенко ештеңеден де тартынбай-

ды. Ұятты қайырып қойып Вадяков, Пателияев, Иосифов, Давыдов 

және  «Кнопиф»  фирмасының  бастығы  Зигельді  Қоқан  үкіметінің 

мүшелері  деп  көрсетеді»  /2/.  Яғни  автономиялық  үкіметті  бүкіл 

Түркістан халқының өкілі емес, тек бай таптың ғана билігі, еңбекші 

таптарға  жау  өкімет  деп  дәлелдеу  осындай  зерттеулердің  басты 

мақсаты.  Ендеше  Қоқан  үкіметі  халықтың  көпшілігінің  мүддесін 

емес,  азғана  ауқатты  топтың  мүддесін  қорғады  демекші.  Екінші 

жағынан  Түркістанда  халықтың  байырғы  тұрғындарының  қанын 

суша  ағызған,  оларды  зорлық-зомбылық  пен  аштыққа  душар  ет-

кен  большевиктердің  билігін  солардың  мүддесін  қорғайтын  етіп 

дәлелдеуге  тырысады.  Сонымен  бірге  М.  Шоқайдың  айтуынша, 

бұл Түркістанда пролетариат диктатурасын орнатуды орыстардың 

Түркістан  халқына  үстемдігі  екендігін,  басқаша  айтқанда  Ресей 

отаршылдығының  басқаша  бір  түрі  ғана  екендігін  бүркемелейтін 

жол,  басқа  еш  нәрсе  де  емес.  Оқиғаларға  таптық  тұрғыдан  баға 

беру  марксистердің  субъективтік,  яғни  олардың  объективтік 

мазмұнын субъектінің өзіндік мұқтаждығы, мүддесінің, тіпті өткінші, 

танылатын  объектіге  ешбір  қатысы  жоқ,  оған  жуыспайтын  көңіл 

күйінің  тұрғысынан  көруі  деп  айыптайтын  тұрғы.  Оның  ғылыми 

танымға ешқандай жақындығы жоқ. Қоқан автономиясының тари-

хынан ғылыми еңбек түрінде жазылған Ахмет Заки Валидидің осын-


133

дай  жалғандықтың  тұрғысынан  көрінгенін  ол  «Яш  Түркістанның» 

осы  1931  жылғы  25  санында  аса  күйінішті  сезіммен  жазды. 

«Большевиктердің Қоқан автономиясы хақындағы өтірік, өсектерін 

біздің Ахмет Заки бек сынды адамдарымыз қайталап отырса, бұған 

не айтуға болады?... Заки бек Түркістан туралы бір көлемді кітап 

жазыпты», – деп бастайды ол осы мақаласында. 

Бір  кезде  автономиясын  құрған  Түркістан  мұсылмандарының 

төтенше  съезіне  қатысқан,  кейін  сол  өңірдегі  большевиктер  «бас-

машылар» деп атаған ұлт азаттық көтерілістерінің басшыларының 

бірі болған, «Түркістан ұлттық бірлігі» ұйымының да біраз уақыт ба-

сында болған адамның сол оқиғалар жөнінде большевиктердің арам 

пиғылмен жапқан жалаларын сол күйінде өз кітабында қайталауын 

М. Шоқай оның ғылыми шындықтан көрі өз тұлғасының рөлін зорай-

тып, басқаларды қаралау жолына түсіп кеткендігінен көреді. Мысалы, 

аталған  кітабында  ол  «Қоқан  үкіметінің  басында  басмашылар 

төрағасы Ергеш тұрды. Полковник Чанышев милицияны басқарды. 

Ол  кейін  өлтірілді...  Үкімет  бүкілдей  қалталылардың  ықпалымен 

құрылды...» деп жазған. Яғни, бұл білместіктен біреулердің жазғанына 

сеніп, соның деректерін жәй қабылдай салу емес. Ахмет Заки бек 

жазып  отырған  оқиғаларының  көбісінің  өзі  ішінде  болып,  әрекет 

еткендердің бірі. Тек Түркістан (Қоқан) автономиясында бірінші рөл 

атқармаған. Солай бола тұра болған нәрселердің өңін теріс айнал-

дырып, олардың мағынасын жағымсыз етіп көрсетсе, онда оларды 

қаралау оның саналы түрде алдына қойған мақсаты еді деуге бола-

ды. Мұның солай екендігіне М.Шоқайдың өзі бұлтартпас дәлелдер 

келтіреді. Оның үстіне Ахмет Заки бектің өзі де бір айтқанына екінші 

айтқаны қайшы келіп, өзін-өзі теріске шығарып отырады. Мысалы, ол 

бірде Қоқан үкіметі қалталылардың байлығына шомылды десе, кейін 

сол қалталылар үкіметті қолдауға ықылас танытпады деп көрсетеді. 

Оның  үкімет  мүшелері  болды  деген  адамдары  оның  құрамында 

болмаған, Чанышев деген ол үкіметте қызмет атқармаған. Ергеште 

солай.  Ахмет  Заки  бектің  кейін  Мысырда  (Египетте)  басылған 

осы  «ғылыми»  еңбегі  Түркістандағы  оқиғалардан  бейхабар  басқа 

өлкелердегі  түрік  тілдес  оқырмандарға  бағышталғандықтан  оның 

Түркістан тәуелсіздігі үшін қозғалысына келтіретін зардабы орасан 

еді. Ол шығарманы ол неміс тілінде де жарияламақшы болған. 

Бірақ,  Заки  бектің  ең  сорақы,  көзге  көрініп  тұрған,  төтенше 

құрылтайдың шешімдерінде, құжаттарында жазылған автономия 

бағдарламасының болғанын теріске шығаруы еді. Ол «Үкіметтің 

ұстанатын идеясы мен бағдарламасы жоқ еді. Орыс мектептерінен 

тәлім алған кадрлардың бір тобы ұлттық автономиясы талапта-

ры тұрғысынан большевиктерді разы ету және Керенский үкіметі-


134

не  адалдық  көрсету  негізінде  үкімет  жұмыстарына  тартылды. 

Шоқайұлы Мұстафа басып шығарған еңбектерінде өкімет құрыл-

ғанымен, бірақ оны ресми жариялауға асықпағанын, Керен-ский 

өкіметі  құрығаннан  кейін  де,  сол  өкіметтіңң  құрамында  жұмыс 

жүргізбек болғанын айтады...» /1, 228 б./ – деп жазды. Осындай 

әлеуметтік, логикалық, адамгершілік т.б. қандай тұрғыдан алсаң 

да ешбір қарапайым сауаттылыққа сай келмейтін қарабайырлыққа 

тек күлуге болар еді, бірақ саяси, идеологиялық күрестің міндеттері 

ондай жеңіл-желпі әдістерге жол бермейді. Ондай тіпті күлкі ту-

дыратын  жеңілтек  ой  түйіндерге  оның  әлеуметтік  болуы  мүмкін 

зардаптарына  сай  байсалды  жауап  беруге  тура  келеді.  Ондай 

ауқымды  әлеуметтік-саяси  қозғалыс  түгіл  ең  қарабайыр  ұры-

құрылардың тобында да белгілі бір мақсат, соған жетудің белгілі 

бір жоспары болады, – дейді М. Шоқай. Түркістанның тәуелсіздігі 

үшін қозғалысындағы адамдарда айқын идея мен бағдарлама бол-

мады деу оларды бір ақыл-есі бүтін жандар деп қабылдамағандық 

болар еді. 

Түркістан  ұлттық  қозғалысының  айқын  идеясы  –  ұлттық  тә-

уелсіздік  екені  белгілі.  Оған  жетудің  сол  кездегі  формасын  біз, 

соның ішінде А. Заки бектің өзі де бар, Ресей демократиялық фе-

дерациясының  ішіндегі  автономия  түрінде  көрдік,  –  дейді  ол.  Ол 

сол кездегі өткінші бір тәжірибеміз болып артта қалды. Енді оны 

біз дербес ұлттық мемлекет түрінде көреміз. Бұдан басқа қандай 

айқын идея болуы мүмкін, – дейді ол. 

Бұрын  да  атап  өткеніміздей  ғылыми  объективтік  қоғамдық 

қызметтің  осы  саласында  ақиқатқа  жетудің  бірден  бір  жолы  ғана 

емес, ол әрбір зерттеушінің шын көңілімен ұмтылатын ізгі мақсаты 

әрі  оның  қоғам  және  өзі  алдындағы  адамгершілік  міндеті,  құқығы 

мен жауапкершілігі және солардың барлығының тұтастығында оның 

эстетикалық жан сезімін бастан кешетін ләззаты да. Олай десек ол 

объективтік танымның ақиқат жолындағы адалдығы және де зерттеу 

нысанын оның ішкі үйлесімдігі, жарасымдығы күйінде көре алатын 

эстетикалық принципі. 

Не нәрсе туралы жазса да, тек сол туралы ақиқатты көзде ұстай-

тын М. Шоқайдың шығармасының әр тұстары оның ішкі ұйтқысын құ-

райтын ойдың қажетті бөліктері болып шашау шығып тұрмайды. Сол 

себепті де әр шығармасы іштей бірлікте логикалық баянды түрде бола 

тұрып, белгілі бір эстетикалық көркем дүниедей әсер қалдырады. 

Ұлттық  тәуелсіздік  қозғалысының  басында  тұрған  адам  шы-

ғармашылығында ғана емес, іс-әрекеттерінде де шындыққа, ақиқатқа 

адалдығы  арқылы  сондай  рөлге  лайықты  бола  алады  дегенді  ол 

қатаң ұстанған. 


135

1917  жылы  Түркістанда  болған  бір  оқиға  жөнінде  ол  былай 

дейді:  «...орыстың  әскері,  жұмысшы,  шаруаларын  бізге  қарсы 

жаққа,  Кеңес  үкіметі  жаққа  өткізбей  бейтарап  ұстай  тұруға...»  «...

мен, үкімет большевиктер қолына өткен соң да, бірнеше апта бойы 

Уақытша Үкімет өкілі құқығымды пайдаланып жүрдім. Біздің осын-

дай саяси әрекетімізді большевиктер бірден сезді. Олар маған те-

леграмма жіберіп Ташкентке шақырды. Ташкентте жаңа құрылып 

жатқан  Кеңес  үкіметіне  кіруім,  тіпті,  төрағалық  міндетін  мойныма 

алуым жөнінде ұсыныс жасады. Большевиктердің түпкі мақсатын 

жақсы білетінім себепті, олардың ұсынысын қабыл алмадым. Менің 

мұнымды жолдастарым да құптады» /1, 235 б./. Саясатта қандай да 

болмасын қозғалыстың басында тұруды көксейтіндер соншалықты 

сирек  кездеспейді.  Қайта  сондайлар  көбірек  болады  десе,  ол 

қателік бола қоймас. Ал өз басының тарихи орнын барынша зорайту 

мақсатында екінші саяси қайраткерлерге, тіпті тұтас қозғалысқа көпе-

көрінеу жала жабу, қаралау, дегенмен сирек кездесетін жағдай. Оның 

үстіне болған оқиғалардың іздері адамдар жадында әлі өшпеген әрі 

сол оқиғалардың басында жүргендер әлі көзі тірі кезінде болса, бұл 

тіпті айрықша. Ол тұтас Түркістан ұлттық қозғалысына, оның басшы-

ларына жасалған зиянкестік еді. М. Шоқай – мына сөздері тап осы 

мағынаға айқын дәлел – «Ой еркіндігін құрметтеу бұлжымас заңға 

айналған батыстың ең демократиялы деген елдерінің өзінде, егер 

сол ойда қылмыс жасаудың бір белгісі сезілсе, біреудің мүддесіне 

қауіп төндіру немесе нұқсан жеткізу сыңайы байқалса, онда жаңағы 

«еркін ойға» заң жүзінде тыйым салынады. Мынау да соған ұқсап 

кететін жағдай» /1, 227 б./. Бұдан көрініп тұрған нәрсе: 1) М. Шоқайдың 

еркін ойдың бұлжымас заң екендігіне бас июі, оны қастерлейтіндігі 

және 2) ой еркіндігін демократиялық тәртіптің түпқазығы деп, оны 

әрбір  азаматтың  негізгі  құқықтарының  бірі  деп  қарайтындығы,  3) 

демократия принциптері мен нормаларын адамдардың түпкі еркін 

табиғатынан туындайтындығын, 4) демократиялық нормалар адам 

еркіндігін іске асырудың тек құралдары екендігін, яғни ол нормалар-

ды жақсылыққа да, жамандыққа да қолдануға болатындығы, оларды 

не нәрсеге жұмсау, кез келген басқа құрал-қаруларды жұмсағандағы 

сияқты  –  оларды  жұмсаушы  адамдардың  пиғылына  бағынышты 

болатындығы,  5)  егер  олар  бір  жаман  пиғылды  іске  асыру  үшін 

қолданылып жатса, басқаларға зиян келтіретін болса, оларға тыйым 

салу қажеттігі, 6) басқаша айтқанда жеке адамның еркіндігінің белгілі 

бір  шегі  бар  болатындығы,  7)  ол  шекті  бұзу  еркіндікті  қылмысқа 

айналдыратындығы. 

Осының барлығы М. Шоқайдың дүниеге көзқарасы, ғылыми 

танымдық,  моральдық-адамгершілік  және  саяси  ұстанымдары 


136

жағынан  көптеген  саяси  қайраткерлерден  оны  өзгеше  етіп  тұр-

ғандығын  көреміз.  Бұл  жағынан  ол  әсіресе  А.Заки  Валидиге 

бүтіндей  қарама-қарсы  тұлға.  М.  Шоқай  о  бастан  таңдап  алған 

саяси жолынан ешбір танған емес. А. Заки Валиди болса, оның 

саяси  жолы  қиыр-шиыр.  Әуел  баста  ол  ұлттық  қозғалыстардың 

ортасында жүрді, башқұр автономиясының басшылығында болып, 

Түркістан қозғалысына да қатысты. 1918 жылдың соңына таман 

Орынбор казактарының атаманы монархист Дутовты құлату үшін 

М. Шоқай, В. Чайкин т.б. бірге құпия төңкерістік әрекетке қатысып, 

бірақ оларды сатып кетіп, Дутовпен одақтасып, өз қарамағындағы 

башқұрт  әскерлеріне  қару-жарақ,  қаржы  алып,  қызылдарға 

қарсы ұрыстарға жұмсады. Бірақ 1919 жылы ол өз әскерлерімен 

кеңестер  жағына  өтіп  кетіп  Дутовтарға  қарсы  соғысқа  кірістірді, 

өзі  коммунистік  партияға  мүше  болып  алды.  Башқұрт  автоно-

миясы  төңкерістік  комитетінің  (ревком)  төрағасы  болды.  Бірақ 

1920-21  жылдары  Түркістанға  кетіп,  басмашылар  деп  аталған 

көтерілістердің ортасынан көрінеді. Кейінірек төңкерісшіл солшыл 

социалистер  партиясына  кіріп,  Ташкентте  астыртын  құрылған 

«Түркістан ұлттық бірлігі» (ТҰБ) ұйымының төрағасы болып сай-

ланады.  Осы  төрағалықты  кейін  шет  елде  (Түркия,  Германия) 

жалғастырады  (1929  жылға  дейін).  1929  жылдан  бастап  бұл 

ұйымды іс жүзінде М. Шоқай басқарғаны белгілі. 

Осылай  әртүрлі  және  тіпті  қарама-қарсы  жақтарда  болып, 

іс-әрекеттер  жасауды  А.З.Валиди  ұлттық  мүддені  қорғау  мен 

өткізудің  уақытша  болған  өткінші  тактикалық  әдіс-амалы  деп 

түсіндіріп жүрсе керек. Бірақ соңынан ерген, оған сенген топтар-

ды, әсіресе башқұрт күштерін біресе монархистер, біресе боль-

шевиктер  жағында  соғысып,  қан  төгуге,  қырылуға  душар  етуді 

қандай  тактикамен  түсіндіруге  болады?  Мысалы,  монархист 

Дутов  башқұрттардың  ұлттық  мүддесін  автономиясын  қалайша 

мойындап, қалай қамтамасыз етер еді? Егер ондай уәде берілген 

болса, оны қитұрқылық емес деп қалайша сенуге болар еді? 

Үлкен  саяси  қозғалыстың  басында  жүрген  адамның  ұлттық 

мүддеге  тіпті  жау  жақтарға  үнемі  шарқ  ұрып  қосылып,  солар 

жағында  өзі  басқаратын  қарулы  күштерді  соғысуға  мәжбүрлеуі 

жәй  саяси  аңғалдықтың  нәтижесі  дегеннің  өзінде  де  аса  ауыр 

қылмысқа жатады. А. Заки бекті ұзақ жылдар бойы жақсы білетін 

М.Шоқай оның осындай қадамдарын жәй қателік деп есептемейді. 

Олар А.Заки бектің өмірлік пиғылы мен моральдық-адамгершілік 

ұстанымдарынан туындайды. Мұны М. Шоқай өзінің А. Заки бекпен 

өзара қатынасынан шыға отырып дәлелдеуден аулақ, Заки бектің 

өзінің ресми жариялаған моральдық саяси ұстанымдары туралы 


137

айтқан сөздерімен дәлелдейді: «Заки бек 1924 жылы желтоқсанда 

«Түркістан қоғамы» атты ұлттық демократиялық одақтың социа-

листер  фракциясы  атынан  солшыл  социалист-төңкерісшіл  пар-

тиясы мен социалист-төңкерісшілдер – максималистер одағының 

Берлинде жиналған өкілдеріне жазбаша ұсыныс енгізген. Заки бек 

осы ұсынысында Түркістандағы социалист емес автономияшыл-

дар мен тәуелсіздік тараптарын қаралап, өзінің жаңа «социалист» 

саяси моралін былай деп түсіндіреді: 

«Түркістандықтар  –  ерте  замандарда  Қытайға  әскер  тар-

тып  барған  кездерінде,  Қытай  өз  ішінде  қырқысып  жатқан  бол-

са,  мұндай  жағдайда  шабуыл  жасауды  ерлік  дәстүрге  мін  санап 

кері  қайтатын,  жаулары  ұйықтап  жатқан  болса,  алдымен  оятып 

алып, онан соң атына мініп, қаруын алғанша мүмкіндік беріп күтіп 

тұратын бабалардың ұрпақтары. Бірақ өмір мұндай философияның 

жарамсыздығын дәлелдеді және жауың еместерге де қарсы өтірікті, 

сатқындықты,  екіжүзділікті,  арандатушылықты  қолдануға  құқық 

берді» /3/. Ашығын айтайық, «ұйықтап жатқан» саяси «дұшпанды» 

біз  де  оятып  жүрмес  едік.  Алай  да  «дұшпан  еместерге  қарсы 

жалғандық,  сатқындық,  екіжүзділік,  арандатушылық»  жасау  үшін 

адам ар атаулыдан біржола безген болуы керек» /1, 231-232 б./. 

Саяси күрестегі объективтікті, ұстаған жолдың түпкі мақсат-

тарына  адалдықты  М.Шоқай  ғылыми  ақиқаттан  ажыратқан 

емес.  Ақиқаттылық  танымның  ғана  принципі  емес,  ол  ең  алды-

мен  өмірдің  принципі.  Ол  адамгершіліктің  түпкі  негіздерінің  бірі 

екенін  үнемі  іс  жүзінде  көрсетіп  отырды.  Және  осылардың  бар-

лығы  әсіресе  саясаткерге  қойылатын  талаптар.  Саясаткерлер 

саяси практикалық істердің басында жүргендіктен болып жатқан 

өзгерістерден, қалыптасқан жағдайлардан туатын қауіп-қатерлер 

мен  мүмкіншіліктерді  байыпты  саралай  білмесе,  объективтік 

бағасын  бере  алмаса,  қателіктер  жіберсе,  ал  кейде  тіпті  өз 

жеке  басының  мүддесін  ғана  күйттейтін  болса,  онда  ол  тұтас 

қозғалыстарға үлкен қасіреттер әкелетіні даусыз. Үзеңгілес жүрген 

саяси  тұлғалар  тарапынан  өз  басына  ғана  қатысты  жағымсыз 

сөздер мен әрекеттерге М.Шоқай көбінесе мән бермей, көңіл ау-

дармай жүре берген. Тек Түркістан азаттық қозғалысына, онымен 

одақтас  басқа  қозғалыстармен  бірлікке  зиян  келтіре  бастағанда 

ғана ол ондай әрекеттерге тойтарыс беруге мәжбүр болған. Ахмет 

Заки  бекпен  қатынастарында  да  осылай  болған.  А.Заки  бектің 

Түркістан ұлттық қозғалысына келтірген залалдығы, іштей ірітуге 

әкелген  әрекеттері,  идеологиялық  бейберекетсіздігі  т.б.  бәрі  де 

қозғалысқа үлкен қауіп туғызған еді. Қоқан автономиясының та-

рихы  жөніндегі  ойдан  шығарылған  оқиғалар,  адамдардың  атта-


138

ры  т.б.  тұжырымдар  ешбір  дәлелсіз,  негіздеусіз  айтыла  береді. 

Польшаның ресми қызметкерлері Т. Голувко, Т. Шецелге жазған 

хаттарындағы оның өз пікірлеріне ешбір дәлелдер келтірмейтіндігін 

көреміз. Бүкіл түріктердің бірлігі үшін күресіп жүретін М.Шоқайды 

сол хаттарының бірінде «рушыл» деп кінәлайтыны бар /4/ және 

оның солай екендігіне бірде бір айғақ көрсетпеген. 

М. Шоқайдың объективтікті әрқашан ұстанатындығы әсіресе 

Түркістан  қозғалысының  өткеніне  талдау  жасауында  көрінеді. 

1917 жылғы төңкерістің қарсаңында да, соның кезінде де Ресей 

төңкерісшіл  демократтарына,  федеративтік  демократиялық  Ре-

сейдің  құрамында  автономия  құра  алатындарына  қалтқысыз 

сенгендеріне тоқтала келіп, ол сенімнің ақталмағандығын, қозға-

лыстың әлі тәжірибесіз дәуіріндегі бастан өткен қателік екенін ай-

тады. «Ескі тәртіпке біздің өшпенділігімізді орыстың төңкерісшіл 

демократиясына деген соқыр сенімімізді ақтай алатын. Көп адам-

дар осыны қазір жасырып жүр. Өткенді өзіне ұят көретін сияқты. 

Мен мұны дұрыс емес деп есептеймін. Саяси істерде, әсіресе ба-

стан кешкен сатылар жөнінде белгілі бір шыншылдық қажет дер 

едім, өйткені өткенді шынайы көре білу ғана келешекке дұрыс жөн 

сілтей алады» /5/.

Большевиктердің  ғылымда  бейтараптықты  мойындамайтын-

дығына, өтірікшілдігіне М. Шоқай С.Брайнин мен Ш.Шафиро сынды 

авторлардың «Очерки по истории Алаш-Орды» (Алма-Ата, 1935) 

тақырыбында жазылған кітабының қалай қатаң сынға ұшырағанын 

мысалға келтіреді. Бұл кітап шығардан бұрын Советтер Одағындағы 

барлық дерлік коммунистік ғылыми, идеологиялық електерден өтіп 

жарық  көрген  екен.  Соған  қарамастан  «Мәскеудегі  «Правда»  га-

зетінің редакциясы бұл кітапты «алашорданың ақтаушысы» деп атап 

сұрапыл сынға алды» /1, 465 б./. Неліктен? Себебі авторлар «Алаш» 

партиясының біраз құжаттарын, соның ішінде оның бағдарламасын 

да пайдасыз болмас деп ойлап, өзгертпестен, түсі-ніктеме берместен 

кітапқа қосып басып жіберген екен. Ол құжаттар, әсіресе бағдарлама 

алашты,  оның  көсемдерін  еңбекші  бұқараның  жаулары,  байшыл, 

буржуазияшылдар дейтін большевиктердің жалаларын жоққа шыға-

ратын  еді.  «Орыстың  ұлтшыл,  кері  төң-керісшіл  партияларының 

бағдарламалары кеңестік Ресейде баршаға мәлім нәрселер» /1, 466 

б./. Олардың халыққа, әсіресе Түркістан халықтарына жау екендігін 

сол құжаттардың өздері-ақ анық көрсетіп тұрады. Сондықтан да олар 

басылып, жарық көріп жатады. Олардан қорқатын ешнәрсе жоқ. Ал 

алаш партиясының құжаттары оның өз халқының нағыз шын, өз пар-

тиясы екендігін әйгілеп тұрады. Сондықтан да олар большевиктер 

үшін қауіпті. 


139

Олай болса, большевиктік идеология бастан-аяқ жалғандыққа 

құрылған.  Олар  объективтілікті  «объективизм»  деп  атап  ғылыми 

ақиқаттылыққа қарсы қоюға тырысады. Кезінде В.И. Лениннің өзі 

«партияшылдық» принцип («принцип партийности») деп атап, тео-

риялық  деңгейде  негіздеуге  тырысқан.  Партияшылдықтан  ауыт-

қып объективизмге ұрынған деп есептелген қоғамдық, гуманитар-

лық  бағыттағы  шығармалар  авторлары  жәй  қателескендер  ғана 

емес, қылмыскер деп қаралып репрессияға ұшырады. Қазақстанда 

сондай қудалаушылықтардың бір ғана мысалы ретінде Кенесары 

бастаған көтерілістің тарихын зерттеген Бекмахановтың тағдырын 

келтіруге болады. 

М. Шоқайдың эмиграциядағы кеңестік билікке қарсы күресінің 

басты  саласы  –  большевиктердің  жалған,  екіжүзді  идеологиялық 

ұстанымдарын,  Ресейдің  отарлық  саясатының  басқаша  бір  түрі 

екендігін  әшкерелеу  майданын  ашу  еді.  Бұл  бағытта  оның  бірте-

бірте  қол  жеткізген  нәтижелері  таң  қаларлық  деуге  болады.  Ол 

кездегі ақпарат тарату құралы болса, ол негізінен газет, журналдар 

ғана  болған.  Түркістанның  өз  аймағында  олар  да  әлі  бірен-саран 

еді. Ал Түрік халықтарының өз арасында хабар тараудың жолы әлі 

сол  байырғы  «ұзынқұлақ».  Оның  үстіне  Түркістан  автономиясы, 

Алашорда  өкіметтері  құлатылғаннан  кейін  ұлттық  дербестік  үшін 

тікелей  күрес  жүргізудің  мүмкін  болмай  қалғандығы  идеологиялық 

тартысты күрестің басты жолына айналдырды. Бұл жағдай больше-

виктерге қарсы барлық күштердің жеңіліс тауып, олардың үстемдігінің 

щеңберінде басқа көзқарастарға алаңсыз орын қалмаған кезде айқын 

болды. Большевиктік зұлымдықтарды ол қоғамдық ойдың неғұрлым 

еркін өрістей алған аймақтарда ғана әшкерелеу мүмкін деп есептеді. 

Ал мұндай алаңның тек Батыс елдерінде ғана бар екендігі мәлім. 

Ондай ой еркіндігінің Жаңа дәуірде ең алғаш бастау алып, орныққан 

мекендерінің  бірі  –  әрине,  Франция,  Париж.  Революцияға  дейінгі 

Мемлекеттік  Думаның  мұсылман  бюросында  атқарған  жұмысы  – 

әртүрлі деректер жинап, мұсылман депутаттарының дума мінбесінен 

сөйлейтін сөздері үшін айғақтарды қамтамасыз ету М. Шоқайды көп 

нәрсеге үйретті. 

Дерек көздерін таба білу, оларды жүйелеу, шығатын қорытын-

дыларды өрбіте білу, заңдарға қатысты жақтарын ғана емес, олардың 

логикалық желісін түзе білу, әрине, үлкен мектеп, саяси күрес сабағы. 

Ташкентте, кейін Грузияда, ал ақырында Еуропада көптеген газет, 

журналдардағы жан-жақты қызметі – оның дерек тарату жолындағы 

тәжірибесін  шыңдады.  «Түрікшілдік  белгілі  бір  қоғамдық  құбылыс 

ретінде танылды. Ресейдің отарлау саясатына қарсы бағытталған 

азаттық қозғалысты бастаушы ұлт зиялыларының түрікшілдік бағыт 


140

ұстауына  ұлы  түрік  рухының  өлмегендігі,  ғасырлар  қойнауынан 

бері қарай түрік халықтарымен бірге жасасып келе жатқан азаттық 

философиясының  санада  сақталғаны  негіз  болды»  /2,  5-8  б./  де-

ген пікірге ден қойсақ, түрік зиялыларының халқы үшін қаншалықты 

еңбек сіңіргенін байқаймыз. 

М. Шоқай өзі қолданған деректердің шыншылдығына айрықша 

жауапкершілікпен қараған. Әрбір жасаған тұжырымдарын ешбір 

шүбә туғызбайтын деректер жүйесіне құруда ол аса ыждағатты-

лық танытып отырады. М. Шоқайдың 1928 жылы француз тілінде 

жарық көрген «Советтер қол астындағы Түркістан» деген еңбегіне 

алғы сөз жазған Француз социалистік партиясы басшыларының 

бірі  Пьер  Ренодель:  Шоқай  мырза  ешбір  большевик  авторлары 

теріске шығара алмайтын әдісті қолданған, өйткені өз тұжырым-

дарын  большевиктік  газет  т.б.  баспа  туындыларынан  алған  ци-

таталар,  фактілер,  жәдігерлермен  куәландырып  отырады  деп 

жазған /2, 320 б./. Өзіне және әсіресе Алаш көсемдеріне тағылған 

көптеген өрескіл жалаларды ешбір бұлтартпайтын фактілермен 

әшкерелеп отырды. 

Деректік  ағымдар  мен  оны  тарату  құралдарының  әлеуметтік 

тарихи мән-маңызын түсіну, бағалау жөніндегі М. Шоқайдың дүние-

танымдық  көзқарастары,  тіпті  көбінесе  тікелей  айтыла  бермейтін 

ұстанымдары жалпы алғанда мынаған саяды деуге болар: қандай да 

болмасын деректердің молдығы, оның шеңберінің кеңейе беруі, әсі-

ресе, олардың қалың бұқараның барлық топтарына таралып отыруы, 

оған тосқауылдың жоқтығы әрбір жеке жанды да, әлеуметтік топтар-

ды да еркін етеді, адамдар бостандығының негізгі алғышарттарының 

бірі. Соның ішінде, әрине, ұлттық бостандыққа жетудің де. 

М.  Шоқайдың  осы  ой  түйіндері  қазіргі  заманғы  жаһандану 

үрдісінде,  информациялық  революцияның  ішкі  логикасынан  да 

көруге болады. Батыстық қарым-қатынас пен шығыстық қарым-қа-

тынастардың үлкен айырмашылығы бар екені белгілі. Батыстағы 

қарым-қатынас деректерді барынша толық болуына байланысты, 

әрі логикалық жүйелі болуы тиіс. Ол ойланудан көрі пайымдауға 

арналған. Пікір жарысы ғана ақиқатқа әкеледі. Шығыстық қарым-қа-

тынас негізінде ойға түрткі болатындай ғана хабарға бағышталған. 

Сондықтан да хабар тұтас түрінде беріледі, ол өзгерген ахуалды 

тұтас  күйінде  сипаттай  алуы  тиіс.  Басты  нәрсе  өз  пікіріңді  айту 

емес, басқаның пікіріне тосқауыл қоймау. 

Ал қазіргі тарихи жағдайды алсақ, бұқаралық ақпарат құрал-

дары  (БАҚ)  универсалдық  сипатқа  ие  болуда.  Яғни  бүкіл  адам-

зат үшін бірдей сипатта. Тек сонда ғана БАҚ өз кезінен озық алда 

бола отырып, келешек дамудың жолдарын болжай алуға мүмкіндік 


141

бере  алады.  Көптеген  елдер  дамыған  мемлекеттер  қатарында 

болу  үшін  әлемдік  қарым-қатынас  принциптеріне  сай  келетін 

өзінің ұлттық деректік ішкі құрылымдарын түзуде. Деректік қарым-

қатынас  саласындағы  революция  мемлекеттердің  жаңаруына, 

информациялық  қоғам  құру  ұмтылыстарына  қызмет  етуде. 

Көптеген  елдердің  билік  органдары  деректік  құрылымдардың 

дамуының әртүрлі жолдарын, қарым-қатынастық ахуалды өзгерту 

проблемаларын қарастыруда. 

Екінші жағынан, деректік процестердің әлемдік ауқымда күш 

алуын біраз елдерде қауіпті құбылыс ретінде қарау да етек алып 

отыр.  Бұл  көбінесе  кейбір  азиялық  елдерде  басым.  Ондай  қар-

сылықтың түп негізі дәстүрлі, байырғы құндылықтарға тым әсіре 

мән беруден туындайды. 

Мәдени  бірегейлікті  жоғалтып  алу  қаупінің  арғы  жағында 

мәдениеттің  ішкі  өзегі  болып  есептелетін  әр  халықтың  өзіне  тән 

құндылықтарын оның сыртқы көріну формасымен шатастыру бар. 

Біздіңше жаһандану (глобализация), қазіргі дерек тасымалдау құ-

ралдары әр цивилизацияның түпкі өзектерін бұза алмайды. Егер 

олар бұзылып жатса, ол бұзылу осы процестердің нәтижесі емес, 

адамдардың  өздері  бұрынғы  құндылықтардан  баз  кешіп,  жаңа 

құндылықтарға бой ұрып жатқандығынан. Мәдениет – жалпы сондай 

құндылықтардың көріну формасы. Мәдениеттің ішкі ерекшеліктері 

сол  құндылықтардың  ерекшеліктерімен  анықталады.  Егер,  мы-

салы, шығыс өркениетінің адамдары берік қауымдасқан ортаның 

ғасырлар бойы бекіп қалған іс, қатынастардың нормаларын ұстану 

арқылы  жеке  адамның  жеке  өзгелігіне  айрықша  мән  бермейтін 

болса, ол күрт өзгерістерді онша қаламайды. Мәңгі тұрақты норма-

лар мен әдет-ғұрыптар ол үшін бағалы. Бірақ өмір өзгеріп, көптеген 

жеңілдіктер әкеліп, жеке адамның қауымдастықтардан тәуелсіздігін 

күшейте  берсе,  ол  сол  жаңа  құндылықтарды  және  оның  сыртқы 

көріну  формаларын  артық  санай  бастауы  мүмкін.  Сонда  да  бол-

са, сол деректену үдерісі кең жайылып жатқан Еуропа халықтары 

өздерінің ұлттық өзгешеліктерін жоғалтып жатқан жоқ. Ондай үдеріс 

айрықша күшті бел алған шығыс елі, Жапония, өзінің өзгеше рухани 

бет-пішінін сақтап отыр. Ол жолға түскен халықтар құндылықтарын 

жоғалтуы да мүмкін, жоғалтпауы да мүмкін, және бұл жаһандану 

мен деректік үдерістің салдары емес, керісінше халықтың өзгеше 

рухани  келбеті  деректік  ағымдарға  өзінің  ерекше  табын  түсіруі 

ықтимал. Еуропа халықтары да соңғы екі-үш ғасырдың барысын-

да көптеген өзгерістерді, төңкерістерді бастан кешірді. Сондықтан 

да  батыс  адамдары  үшін  өзгерістер  үйреншікті  нәрсе  және  ол 

өзгерістер оларға сырттан таңылған жат процестер емес, олардың 


142

өздерінің  қалап,  өздері  іске  асырып  жатқан  істері.  Және  де  де-

ректену  үдерістерінің  ұлттық  ерекшеліктерге  соншалықты  қауіпті 

емес екендігіне олардың өздері де куә болып отыр. Әмбебаптық 

(универсалдық) сипат көбінесе түпкі рухани ерекшеліктерден көрі 

сыртқы формальдық, техникалық, тәсілдік қырларды қамтиды. 

1996  ж.  наурызында  Бангкокта  10  азия  және  15  еуропа 

одағы мүшелері басшыларының кездесуі болды. ХХІ ғасырдағы 

екі  құрлық  арасындағы  іс-қатынастарын  үйлестіру  мәселелері 

талқыланды.  Олар  сауданы,  қаржыландыруды,  деректендіру, 

теле-қарым-қатынастарды, қоршаған ортаны және мәдениет ал-

масуларды  еселеп  дамыту  мәселелерін  талқылады.  Дегенмен 

азиялық елдерге өңірлік бірігу мен ынтымақтаса өркендеу идея-

лары жақын. 

Еуропа  елдерінің  шағынырақ  бөлігіне  өздерінен  әлдеқайда 

қуаттырақ  көршілерінің  және  АҚШ-тың  «мәдени  имперализміне» 

белгілі бір сақтықпен қарай отыруы олардың бірігуіне кедергі бола 

алмай  отырса,  азия  елдерінде  қарым-қатынас  құралдар  жүйесін 

құруда сыртқы қуатты ықпалдарға тосқауылдар қоюға ұмтылушылық 

бар. Мұндай тосқауылдар олар үшін ұлттық құндылықтарды сақтау 

үшін қажет деп есептеледі. 

Батыс  мәдениетінің  ықпалы  Азияның  басқа  өңірлеріне  қара-

ғанда Тынық мұхит аймағында, Оңтүстік-шығыс өңірлерінде әсіресе 

басым болды. Ол елдердің көпшілігі ХХ ғасырда тәуелсіздігін алған. 

Тәуелсіздік оларға өзіндік мүдделерін анықтауға, өз даму бағыттарын 

ұстануға  мүмкіндіктер  ашты.  Ақпараттарды  тарату  орталықтары 

ашыла  бастады.  Әсіресе  теледидар  жүйелерінің  дами  бастауына 

жергілікті  коммерциялық,  өнеркәсіптік  ұйымдар  қызығушылық  та-

нытқан. Бұл елдерде сонымен бірге азаматтық қоғам институттары, 

демократиялық жүйелердің нышандары пайда болды. 

Қазіргі заманда БАҚ өте маңызды рөл атқаруда, өйткені бү-

гінде  адам  БАҚ-тан  тек  ақпарат  (жаңалықтар  ретін)  алып  қана 

қоймайды, сонымен қатар, одан мінез-құлықтық стереотиптерін де, 

құндылықтарды да, идеалдарды да және т.б. өз бойына дарытады 

десек қателеспейміз. «Ақпараттық қоғамда», бейнелеп айтқанда, 

ақпарат құралдары өнеркәсіптің бір саласы іспетті. Себебі, қалың 

көпшілікті идеологиялық «өңдеуден» өткізу үшін шығарылатын ақ-

параттық өнім негізінен өнеркәсіпке тән әдіспен дайындалады. Бү-

гінгі таңда ақпараттардың таралуы дүниетанымның қалыптасуына 

әсер етуші факторлардың арасында алдыңғы қатарға шықты.

Ақпарат «көпқабатты» субстанция. Ақпаратты қабылдаған әр 

қолданушы артында көптеген кодтар бар. Демек, алынған ақпаратты 

сол кодтардың әрқайсысында әртүрлі тану, көру мүмкіндігі бар деген 


143

сөз. Ол да бір компьютерде шрифтардың сәйкес келмеуіне байла-

нысты жіберілген мәтіннің түсініксіз айдақ-сайдаққа айналғандығы 

да әлде бір мәтіннің түрлі шрифте түрліше кескінделетіні де бір. 

Кез келген әлеуметтік «жалпыақпараттық кеңістік (алаңқай)» өзін 

әу бастан жанама мағыналармен толықтырып отыратын әмбебап 

«гипермәтінді» білдіреді. Бұл еш күмәнсіз ақиқат нәрсе.

Ақпараттың кең таралу мұқтаждығының өзі тек демократия жо-

лына түскен елдерде пайда бола бастайды. Ал әлдеқашан демо-

кратиялық  жағдайда  өмір  кешіп  келе  жатқан  халықтар  ақпарат-

тардың қоғамдағы әрбір тобына, әрбір мүшесіне, мекемесіне тиісті 

деңгейде жетіп жатпаса өмір сүре алмайды. Әрбір іс әлемде қандай 

өзгерістер болып жатқаны жөнінде күнделікті хабардар болып от-

ырмаса орындала алмайды. 

Керісінше, тоталитарлық, авторитарлық қоғамдарда биліктегі 

топтар ақпараттың кең, жан-жақты тарап жатуына мүдделі емес. 

Билік  саласы  ақпарат  тарату  құралдарына  көбінесе  жабық.  Жо-

ғарғы билік орындарында отырған шенеуніктердің істері көп жағ-

дайда халықтың мүддесімен жанаспайтын, тіпті ол мүддеге қайшы 

келетіндіктен  олар  деректендіру  істеріне  үнемі  тосқауыл  қойып 

отырады. 

Бірақ, демократия жолына түскен шығыс елдерінде (Жапония, 

Тайвань,  Тайланд,  Малайзия,  Сингапур  т.б.)  шенеуніктердің  оз-

бырлығына шек қойыла бастаған. Өйткені товарлы өнеркәсіп да-

ми  бастаған  елде  кәсіпкерлерге  экономика  саласындағы  еркін 

әрекет  ету  ауадай  қажет,  ал  ондай  еркін  әрекет  үшін  ақпарат 

көздері  ашық  болуы  тиіс.  «Ақпараттандың,  ендеше  қаруландың» 

–  дейтін  қанатты  сөз  осыдан  шығады.  Сол  сияқты  әрбір  азамат 

та  әлеуметтік  саяси  істерде  білікті  де  еркін  араласып,  соларды 

атқаруда белсенді қатысып жүру үшін болып жатқан оқиғалардан 

деректес болуы керек. Ақпарат – біздің дәуіріміздегі еркіндіктің 

құралы. Ақпарат құралдарының жетіліп шыңдала беруі оның бүкіл 

дүниеге таралуына күндердің күнінде ешбір тосқауыл қалмауына 

алып келетіндігінде сөз жоқ. Яғни оған тосқауыл қойып, өздеріне 

жақпайтын  хабарларды  қалың  бұқараға  жеткізбеуге  тырысатын 

кейбір  елдердегі  биліктің  әрекеті  бос  әурешілік.  Қазірдің  өзінде 

«бүкіләлемдік ақпарат таралу торының» өрісі саяси, мемлекеттік, 

ұлттық  шекараларды  білмейді,  өйткені  ақпарат  құралдарынсыз 

ешбір ел іс-әрекет ете алмайды, шаруашылық, мәдени үдерістерді 

іске  асыра  алмайды.  Ендеше  ақпарат  толқындарының  екпініне 

ешбір бөгет жасау мүмкін емес. Тек оларды пайдаланушылардың 

техникалық дәрежесі, сауаттылығы жеткілікті болу керек.


144

2009 жылы Иранда өткен президент сайлауы қорытындылары-

ның  бұрмалануына  қарсы  наразылық  толқындары  осыны  айқын 

көрсетті. Ресми билік болып жатқан наразылық шерулері жайындағы 

деректердің елден басқа дүниеге таралмауы үшін қанша әрекет жа-

саса да, ереуілшілердің қолындағы ұялы телефондарға түсірілген 

уақиғалардың көріністері, сөйленген сөздер, ұрандар т.т. басқа ел-

дерге солар арқылы жетіп жатты. Билік оны болғызбауға дәрменсіз 

болып қалды. 

Қазіргі араб елдеріндегі саяси толқыныстар да соны көрсетіп 

отыр. Өз елдеріндегі биліктің бұқарадан жасырып келген, оларға 

жат іс-әрекеттер туралы ақпараттарлы ереуілшілер әлемдік ақпа-

раттары арқылы біліп отыр. Бұл бұқараның өзіне жат билікке деген 

ашу-ызасын өршітуде.

Демократиялық  жолмен  дамыған  батыстық  өркениеттерде 

жеке адамның өзіндік дербестігіне оның табиғаттың, қоғамның күш-

терін игеру үшін жұмсайтын құралдарды үнемі шыңдап, жетілдіріп 

отыруы негіз болды. Оған үнемі ұмтылдырып отыратын оның түпкі 

құндылығы – үнемі жаңа бір күшке, күштілікке деген ынтызарлығы. 

Жалпы  қоғамдық  қатынастарында  үнемі  бәсекелестік  жағдайда 

болады. Яғни бәсекелестік қатынастар олардың бір-біріне тікелей 

тәуелсіздігінен туындайды. Тікелей тәуелділіктің орнына мүлікпен 

дәнекерленген тәуелділік орнайды. Әркімнің қоғамдағы орны оның 

әлеуметтік мағынадағы күштілік деңгейіне, орнықтылықтарына, не-

месе олардың жоқтығына байланысты. Күштілікке ұмтылу – белгілі 

бір  артықшылықтарды  иемдену  және  оны  пайдалану.  Ондай 

күштілік  адамдардың  қабілеті,  әртүрлі  байланыстары,  білімділік 

т.т.  нәрселер  түрінде  көрінеді.  Айтылып  отырған  күштілік,  әрине, 

бұлшық еттің күштілігі емес. Орта ғасырлардан кейінгі Жаңа дәуір 

адамдары  үшін  күштілік  –  басқалардан  белгілі  бір  артықшылық 

мағынасына ие болды. Жеке адамдар арасындағы бәсекелестіктің 

мән-мағынасында  заман  өзгерген  сайын  жаңа  түрлерге,  жаңа 

мағыналарға ауысып жатады. Бірақ, мәні мен іске асу құралдары 

мен  жолдары  қанша  ауысып  жатса  да  ұмтылатын  бір  тұрақты 

нәрселері бар. Олар, әсіресе, билік пен байлық. Адамгершіліктің 

принциптеріне қаншалықты қайшы келіп жатса да олар адамдардың 

жоғалмайтын құмарлықтарының бірі болып келеді. Жалпы объек-

тивтік  мазмұны  мен  атқаратын  функциясына  олар  өмірге  қажет, 

болуға тиіс нәрселер. Ал бірақ өмірде олар кейде шегінен асып, 

адамға қызмет ететін нәрселер болумен қатар, оларға жау, олар-

ды, керісінше, өзіне қызмет еткізіп, бағындыратын күшке айналып 

жатады.  Оның  жаттану  деп  аталатыны  белгілі.  Себебі  мұндайда 

адамдардың  өздері  тудырған  күштері  өздеріне  үстем  болып  тұр. 


145

Ж. Ж. Руссо, мысалы өз заманындағы деспотиялық, монархистік 

билікті осындай адамдарға жаттанған билік деп атаған /6/. 

ХХ  ғасырдың  соңғы  ширегінде,  ХХІ  ғасырдың  басында  өріс 

алған  ақпараттық  үдеріс,  оны  жеткізетін  құралдар  жоғарыда  ай-

тылған күштіліктің жаңа бір түрі болып шықты. Қазіргі тарихи кезеңде 

кім толық ақпаратқа ие болса, сол күшті, сол тәуелсіз, сол еркін. 

Күштілік, сол күштілікті қамтамасыз ететін амалдар мен құралдар 

түпкі  мақсат  емес:  біреулер  үшін  ол  басқаларға  үстемдік  етудің, 

ал екінші біреулер үшін басқалардан, өкіметтен т.б. бір күштерден 

тәуелсіз болудың, ондайлардың үстемдігінен құтылудың жолы. Ол 

осындай күштің қандай мақсатқа жұмсалатындығына байланысты. 

Бір мемлекеттер, трансұлттық компаниялар т.т. оны басқа мемле-

кеттерге басым, үстем болуға жұмсап жатса, әлсіздеу мемлекеттер 

оны тәуелділікке түсіп қалмас үшін немесе тәуелді ел болса, со-

дан құтылу үшін қолданып жатады. Яғни күш, оның құралдары түпкі 

әртүрлі құндылықтарға қызмет ете алады. Ендеше оны жақсылыққа 

да, жамандыққа да жұмсауға болады. Ақпараттар да басқа қандай да 

болмасын құралдар сияқты жақсылық пен жамандыққа бейтарап. 

М.  Шоқай  үшін  ақпараттық  үдеріс  ұлттық  тәуелсіздік  үшін 

күрестің айрықша қуатты құралы. Ол үшін қалың бұқараны, оның 

барлық тараптарын ақпарат процесіне тарту қажет. Тек сол арқылы 

ғана Түркістан халықтарының барлық топтарын тарту қажет. Өзі-

нің  тарихи  қалыптасқан  құлдық  жағдайын  түркістандықтар  тек 

сонда ғана саналы түрде түйсіне алады. Сонда ғана олар ояна-

ды. Сонда ғана олардың жан түкпірінде жаншылып қалған, бірақ 

алаңсыз өшпеген бостандыққа деген ұмтылыстары қайта тіріліп, 

оларды күреске жетелейді. 

Күрес үшін, сөз жоқ, көңілдің ояулығы, білім қажет. Осындай 

білім көздерін ашуға, оларды таратуға М.Шоқай көп күш жұмсады. 

Газет  журналдар  ашты.  Олардың  ішінде  10  жылдай  ай  сайын 

шығып  тұрған  «Яш  Түркістан»  журналы  айрықша  орын  алады. 

Француз тілінде шығып тұрған «Прометей» журналында Түркістан 

ұлттық қозғалысы мәселелері бойынша 100-ден астам мақалалары 

басылған.  Басқа  да  орыс,  француз,  ағылшын,  неміс,  түрік,  по-

ляк  тілдерінде  шығатын  газет,  журналдарда  жұмыстары  жарық 

көрді. Мысалы франция сыртқы істер министрлігінің баспа органы 

«Orient et Occident», «Эйшатик Ревью», «Matэn» журналдары мен 

газеттерінде Түркістандағы ахуал жайында шолулары жарық көрді. 

Осы мәселелерге көңіл аударған Ұлыбритания корольдігінің жабық 

мекемесінде  баяндама  жасап,  оның  баспа  органында  ол  жарық 

көрген.  Бұл  М.Шоқайдың  Түркістан  ұлттық  тәуелсіздік  күресіне 



бүкіл әлемнің көңілін аударуға үлкен мән бергендігін көрсетеді. 




©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал