Ыбырай Жақаевтың ерен еңбек жеңістері – патриотизм үлгісі Қр президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам»




Дата16.02.2017
өлшемі37 Kb.

Ыбырай Жақаевтың ерен еңбек жеңістері – патриотизм үлгісі 

ҚР  Президенті  Н.Ә.  Назарбаевтың  «Қазақстанның  әлеуметтік 

жаңғыртылуы:  Жалпыға  Ортақ  Еңбек  Қоғамына  қарай  20  қадам»  атты 

мақаласында  белгіленген  20  тапсырманың  орындалуы  еліміздің  әл-

ауқатының  жақсарып,  өмір  сапасының  артуының,  яғни  егемендігіміздің 

нығая түсуінің кепілі деп түсінуге болады. Әлеуметтік жаңғырту саясатының 

негізіне  шынайы  өндірістік  еңбекті  қою  қажеті  айтылып,  тек  еңбекпен  ғана 

барлық қиыншылықтарды жеңіп, алға қойған биік мақсаттарға жету жолдары 

айқын көрсетілді.  

Осы  орайда,  бүгінгі  таңда  жас  ұрпаққа  патриоттық  тәрбие  беруге 

еңбегімен  ер  атанған,  өткен  ұрпақ  өкілдерінің  өмірі  үлгі  боларлықтай. 

Дәлірек айтпақ болсақ, Сыр өңірінің мақтанышы, ақ күріштің атасы, Ыбырай 

Жақаевтың ерен еңбек жеңістері. 

Ы.Жақаев (1891-19.9.1981  жылы  қайтыс  болған)  —  әйгілі  күріш 

өсіруші,  Қызылорда  облысының  Шиелі  ауданындағы  “Қызыл  Ту”  (кейінгі 

Ы.Жақаев атында) кеңшарының звено жетекшісі болған. 

Оның  жастығы,  өмірдің  ащы  зардабын  тартудан  басталды.  Бұғанасы 

бекімеген жас бала әкесі екеуі байдың малын бағып «отымен кіріп, күлімен 

шығып»  жүргенде  тапқаны  тамағына  жетпейтін.  Сол  балаң  кездің  өзінде-ақ 

оның жүрегінің терең түкпірінде диқан болсам, аштық азабынан адамдарды 

арашаласам деген ой ұшқыны маздап жататын. 

Сонау 1929 жылы Ы. Жақаев туып өскен Қарғалы ауылында он кедей 

жиналып  серіктестік  құрғанда,  оның  бір  мүшесі  өзі  еді.  Кейіннен  атағы 

алысқа  жайылып  кеткен  Қызылорда  облысы  Шиелі  ауданының  «Қызылту» 

колхозының ірге тасы, түп қазығы еді бұл. 

Ы.  Жақаев  диқаншылық  еңбекті  Сыр  суын  кәдеге  жаратып,  дарияны 

ырыс арнасына айналдыру мақсатында жүргізілген канал қазу жұмыстарына 

қатысудан  бастады.  Жерге  деген  диқаншылық  сүйіспеншілігін  қиындыққа 

қаймықпай, табандылық пен мұқалмас жігерлікпен еңбек етумен танытты. 

Тәжірибенің де, таланттың да атасы – еңбек. Бұл – Ыбырай атамыздың 

ұстанған философиясы еді. 

Соғыс  майданында  қаза  болған  тұңғыш  ұлының  кегін  алудың  көзі, 

астықтан мол өнім алумен қайтаруды алдына міндет етіп қойды. Фашистерді 

жеңген Ұлы Жеңіс диқанның еңбекте де зор табысқа ие болған жылы еді. Әр 

гектардан  156  центнерден  өнім  алып,  елімізде  ешкім,  еш  уақытта  алып 

көрмеген ғажап жетістікке жетті. 



Адамдардың  арманы  деңгей  жағынан  әр  түрлі  болады.  Олардын 

бірімен  екіншісін  әсте  салыстыруға  келмейді.  Ыбырай  арманы  асқар  таудай 

биік  болды.  Соған  жету  үшін  ұзак  жол  жүрді,  үлкен  қиындықтар  көрді, 

сансыз  кедергілерден  сүрінбей  өтті.  Ақыры  ол  1949  жылы  қарауындағы  5 

гектар  күріштің  әр  гектарынан  171  центнерден  дән  жинап,  дүниежүзілік 

рекорд  жасады.  Даңқты  шебердің  омырауында  Социалистік  Еңбек  Ерінің 

алтын жұлдызы жарқырады. «Өз бақытымды еңбектен таптым. Нағыз бақыт 

еңбекте, неге жеткізсе де сол жеткізеді», - деуі де сондықтан болар. 

«Жеке шапқан жүйрік емес» деген халық даналығын Ыбырай ешқашан 

естен  шығарған  жоқ.  Ол  әрдайым  өзіне  ізбасар  іздеп,  жастарга  қамқорлық 

жасап жүрді. Диқанның ұрпақ алдындағы борышы өз білгенін жастарға мұра 

етіп  қалдыру  екені  оны  толассыз  толғантатын.  Осы  толғаныс  1964  жылы 

ауыл жастарын диқандыққа күріш өсіруге шақырған мынадай хат жазуға әсер 

еткен  еді:  «Кұрметті  менің  жас  достарым,  күріш  өсіруге  келгендер  мен 

енді   келетін  жастар!  Біздің  облысымыздың  Сырдың  бойында  екенін 

ұмытпаңдар. Сыр өңірінде күріш өсіруден дүние жүзілік рекорд жасалғанын 

естен  шығармаңдар.  Қазір  біздің  қолымызда  ғылым  мен  техниканың  озық 

тәжірибесі,  құралдары  бар.  Біздің  кеудемізде  энтузиастердің  қызу  қанды 

отты  жүрегі  бар.  Сондықтан  да  мен  сендерге  рекордтар  мен  аталарыңның 

еңбек эстафетасын сеніп тапсырамын!» [1]. 

«Ағаға қарап іні өсер» дейді халық мақалы. Қарт тарланның бұл шақы-

руы  жастар  жүрегіне  жол  тапты.  Әр  ауданнан,  әр  колхоздан,  әр  совхоздан 

алуан  мамандық  иесі  жігіттер  мен  қыздар  Сыр  маржанын  өсіруге  тілек 

білдіре  бастады.  Игі  бастама  бұлағының  қайнары  ашылды.  Диқанның  ізгі 

тілегі  орындалды.  Бақыт  пен  байлық  негізі,  рухани  өсудің  тегеуірінді  тетігі 

еңбекте  екеніне  жастардың  көзі  жетті.  Сыр  бойы  жасарды,  жаңарды.  Құм 

шағыл басқан кең далада жастар қолымен мәпелеп өсірілген егін жайқалды. 

Күріш өсіруге келген жастардың көпшілігі-ақ Ыбырай рекордын кайталады. 

Облыста Ыбырай Жақаевтың «Еңбек аттестаты» белгіленді. Оны әр жылдың 

қорытындысы  бойынша  жастарға  салтанатты  түрде  өзі  тапсырып  отырды. 

Бұл  өндіріс  озаттарының  еңбек  дәстүрлерін  жастарға  беруде  үлкен  ықпал 

жасады. 


Тарлан  күрішшінің  іс-өнегесін,  тәжірибесін  бүкіл  республика 

диқандарының  игілігіне  айналдыру  үшін  Шиелі  ауданының  «Қызылту» 

колхозында Жақаевтың озат тәжірибе мектебі ұйымдастырылды. 

Еңбегін  елге  өнеге  етіп,  көпті  соңынан  ерту,  екінің  бірінің  қолынан 

келе  бермейді.  Бастаманың  баянды  болуы  оның  құндылығында,  көптің 

жүрегіне  жол  таба  білуінде  болса  керек.  Жастардың  жүрек  жалыны  бүкіл 

өңірге  қызу  беріп,  дала  төсін  еңбек  дүбіріне  бөледі.  Күріш  өсіруші  жастар 

звенолары  құрылып,  жұрт  оларды  «Жақаевшылар  звеносы»  деп  атады.  Бұл 

кұрметті атақ Сыр бойында берік орын тепті. 


Жаңа  заманғы  жарқын  тұрмыстың  бал  дәуренін  бастан  кешіріп, 

бақытының  шалқар  сарайын  өз  қолымен  салған  Ыбырай  Жақаевқа  үкімет 

пен  ел зор құрмет көрсетті. Оның кең кеудесінде Социалистік Еңбек Ерінің 

қос  алтын  жұлдызы,  төрт  Ленин  ордені,  Еңбек  Қызыл  Ту  ордені,  Халықтар 

достығы  орденімен,  бірнеше  медальдар,  СССР  Халық  шаруашылығы 

жетістіктері көрмесінің алтын медальдары жарқырады. КПСС XXIII съезінің 

делегаты,  облыстық  және  аудандық  партия  комитетінің  мүшесі  ретінде 

атқарған  жұмыстары  қаншама.  Ол  СССР  Жоғарғы  Советіне  бір  рет, 

республика Жоғарғы Советіне төрт рет депутат болып сайланды. 

«Ел  ерімен  көрікті»  дейміз.  Сыр  диқаны  Ыбырай  Жақаевтың  елін 

көркейтуге  аса  зор  үлес  қосқаны  үшін  алғыс  жаудыра  отырып, 

«Жақаевшылар  маршын»  әуелете  шырқаған  жастар  қазіргі  таңда  да  даңқты 

диқан мерейін асқақтатуда [1]. 

“Ол  оқымаған,  бірақ  өмірден  көп  тоқыған  кісі.  Еңбектің  көзін  тауып, 

байлықтың өзін тапқан қайраткер. Еңбегімен өмірге өрнек салып, еңбегімен 

поэма  жазған  адам”,  –  деп  ақын,  жазушы  Асқар  Тоқмағамбетов  айтқандай, 

диқан  төккен  әрбір  тамшы  тер  өзіне,  еліне,  халқына  бақыт  пен  береке, 

абырой  мен  атақ,  өнеге,  дәстүр,  ырыс  болды,  нан  болды,  ән  болды,  тіптен 

тарихтың өшпес беттері болды деуге әбден сияды. Диқан бабаның тұла бойы 

тұнып тұрған жақсылық, қасиет. Олай дейтініміз, бір Ы.Жақаевтің өзі еңбек 

адамының  қаншалықты  құдіреттілігін,  мүмкіншілігінің  мол  екенін  көрсетті. 

Ыбырай Жақаев – дән патшасы, ақ күріштің атасы, ол өзінің өшпес тарихын 

кетпенмен,  термен  жазған,  бірнеше  ғасырда  дүниеге  бір-ақ  келетін  еңбек 

адамы еді [2]. 

Қызылорда  облысының 

Шиелі


 ауданындағы  бұрынғы  “Қызыл  Ту” 

ұжымшары, 

орта  мектеп, 

Қызылорда  қаласындағы  көше,  облыс  емдеу-

сауықтыру 

профилакторийі 

Жақаев 

есімімен 



аталады. 

1982 


жылы 

Шиелі


 ауданындағы  Жақаев  атында 

күріш


 өсіру  тарихы  мұражайы 

ашылған.  Қызылорда  қаласында  Жақаевқа  ескерткіш  орнатылған  [3],  дала 

академигі  атанған  Ы.Жақаев  есімі  Қазақ  күріш  шаруашылығы  ғылыми-

зерттеу  институтына  берілген  [4].  Бұл  еңбекпен  келген  бақыт,  үлкен  еңбек 

нәтижелері. 

2011  жылы  4-5  қараша  күндері  Шиелі  ауданында  Ы.Жақаевтың  120 

жылдығына орай «Жамағат жадындағы Жақаев» атты мерейтойдың өткізілуі 

де еңбек ерінің әрқашан ел санасында болуының айғағы.   

Ыбырай  Жақаев  қазақ  халқының  бұрынғы,  қазіргі  мемлекетіміздің 

тарихындағы  ірі,  іргелі  тұлғалардың  бірі.  Еңбек  сүйгіштіктің,  адамдықтың, 

адалдықтың, азаматтықтың өлшемі. 

 


Әдебиеттер: 

1 Әлисұлтанов Дәрібай. Ыбырай Жақаев. Очерк – Алматы: Жалын, 1976. – 24 

б. 



http://kztime.ru/refkaz/28/2637-ybyray-zha1179aev.html



 

3 Kk Wikipedia.org /wiki/  Ыбырай Жақаев 



Нұрымбетова Кенжекүл Қалдыбекқызы 

  тарих ғылымдарының кандидаты, 

  Ш.Ш. Уәлиханов атындағы 

   Тарих және этнология институтының 

  аға ғылыми қызметкері 

 

 



knurumbetova@mail.ru

, 727-272-68-46) 



 




©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал