І88Ы 1 8 1 1 1 8 2 3 пму хабаршысы



жүктеу 50.2 Kb.

Дата01.03.2017
өлшемі50.2 Kb.

І88Ы  1 8 1 1 - 1 8 2 3

ПМУ хабаршысы 

Вестник ПГУ

ФИЛОЛОГИЯЛЫҚ СЕРИЯ

ІУІӘШҺҮР-ЖҮСІП  КӨПЕЙҰЛЫ 

ЖАЗБАЛАРЫНДАҒЫ  БАЛАМАЛАРДЫҢ 

ҚОЛДАНЫЛУ ЕРЕКШЕЛІГІ

М.Н.  Барат ова 

С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік 

университеті

«Ит» баламасын кәдеге жарату өрісін іздесек, оныңда ерте 

кездегі адебиеттен бастау алатынына көз жеткіземіз. — «Иг» 

баламасы хақында айтылған Б.  Хасанов пікірі назар аудар- 

тады:  «Түркі тілдерінде (ертеден), әсіресе қазақ тілінде, көп 

қсшданылатын метафора - «ит». Қазақ жағдайында пайдалы 

жағы (мысалы, үй крруда) басым болсада, үнемі жағымсыз адам 

итке бапанады ...Ескерге кететін бір жөйт, ағылшын адебиетінде 

ит кебіне семьяның бір мүшесі, нағыз шын берілген адамның 

бейнесінде алынады. Тіпті Европа адебиетінде сенімділіктің 

үлгісі, символы ретінде қолданылады» [1, 82-83 б.]. Енді «ит» 

баламасына қатысты, тек метафора емес, арасында теңеу, сөз 

түрпенуі т.с.с. орьш алған өрнектердің біздің бағытымызға, 

тақырыбымызға байланыстыларының бір тобын келтірейік:

1. Арыстандар басы болса ит бір күн,

Арыстандар жасар еді ит тірлік!

Жүсіп Баласағүн - XI ғ

. [2, 222 б.].

2. Дүние боқ, соңыңнан итше жорттым,

Іздеп оны артынан күн-түн қудым.

Қожа Ахмет Иассауи - X III ғ

. [3,45 б.].

3. Әкесі мен шешесі баланы ақдыр,

О да өзіндей ит болсын, азғыр-азғыр.

Абай - X IX  ғ

. [4, 98 б.]

ӘӨЖ 882.151.212.2


10

Вестник ПГУ Лі4, 2008

4. Шөлдеп барып ішермін деген қымыз,

Көп иттер дым қоймапты, ұрлап ішіп. 

Мәшһүр Жусіп [5]

5. Қазанға қайнап қанша піспеуменен,

Біз қалдық көңіл құрғыр өспеуменен.

Не екенін танымайтын ит ап кетпек,

Бір сүйектің орнында тістеуменен.

Бұ да сонда.

6. Көрдің бе болған бағбан гұлге құмар,

Ол итке гүл мен сабан бір бас шығар.

Бұ да сонда.

7. Бір иттен бір ит барып алып келген,

Онан бір ит саудалап алып келген. 

«Өлмегенге - дегендей - өлі балық»,

Кез болдым күйінішті үйге кісісі өлген.

Бұ да сонда.

8. Таққа мініп, басына тәж қойғанмен,

Иттің кетпес ойынан жерік асы.

Бұ да сонда.

9. Ит мойнына гауһарды таққанменен, 

Айналдырып жібермес басқа затқа.

Бұ да сонда.

Алғашқы  мысалда,  Жүсіп  Баласағұнда,  иттің 

арыстандарға басшылық жасауы соңғының құлдырауына 

әкелетіні  шегеленсе,  екіншіде,  Қожа  Ахмет Иассауида 

лирикалық  қаһарманның  ит  төрізді  «күн-түн»  қуған 

дүниенің «боқ», яғни мәнсіз екені діттелген. Абай да ба- 

ласын теріс  әрекетке  азғырған  ата-анасы  ісін бағалауға 

«ит» баламасын қолданса, Мәшһүр Жүсіптен келтіріл ген



серия 

Филопогическая

11

алғашқы  мысалдарда сол  мағынаға  үндестікті  көреміз. 



Ал, Мөшһүр Жүсіптен келтірілген кейінгі мысалдардың 

бөрінде бүл баламаның өр түста түрлі мәнге ие болып, өз 

мағынасын көп кеңейткенін байқаймыз. Мәселен, бесінші 

мысалдагы  «ит ап  кетпек» сөз қолданысының тек итке 

байланысты  емес,  сол секілділердің бәріне де тән екені 

айқын. Бүл бағамдауды содан кейінгі жетінші, сегізінші 

мысалдар туралы да қолдануға болады. Сырт қарағанда, 

соңғы екі үзіндіде әңгіме тек итке қатысты алынғандай 

болып  көрінгенмен,  мүнда  да  тұспалдауға  иек  арту 

көмегімен мағына кеңеюі, түрленуі жүзеге асқан.

Жалпы  түркі  поэзиясында  белгілі  бір  баламаны 

қолдану  көмегімен  сөз  магынасын  кеңейту,  бейнелеу 

өрісін арттыру «есік» баламасына да тән:

. 1. Тірілерці баққан ажал - бір есік,

Түбі бөрің бүл есікке кіресің!

Жүсіп Баласағүн - X I ғ

. [2,  147,  186 б.].

2. Ырза болып, Елік жиі шақырды,

Қүты тасып, бақ есігі ашылды.

Бү да сонда.

3. Ғашық есігін Мөулім ашты маған сыйлы,

Топырақ қылып, әзір бол деп мойнымды иді.

Қожа Ахмет Иассауи - X III ғ

. [3,  18, 83 б.].

4. Тариқаттың сарайында тайрандадым,

Хақиқаттың есігін аштым, достар.

Бү да сонда.

5. Махаббаттыңның есігін мен бірінші аштым,

Сондықтан да есігіңнің түтқасында сақина секілдімін.

Хорезми |  X IV  ғ

. [6,  109 б.].


12

Вестник ПГУ Ла4,2008

6. Туғанда дүние есігін ашады өлең,

Өлеңмен жер қойнына кірер денең.

Абай-ХІХғ. [4,93 б.].

7. Қолы ашық бүл дүниеде мырзаларға

Үжмақтан періштелер есік ашар.

Мәшһүр Жүсіп [7].

8. Жолаушы жатқан өтіп, бүл бір - тесік,

Шығады мыңнан біреу тауып есік.

Біле алмай қайсысынан шығарымды,

Болып түр мүны айтудан тілім тесік.

Бү да сонда.

Алғашқыда «есік» сөзі жеке түрып, екіншіде дерекеіз 

үғым «бақ» сөзімен тіркесу арқылы ауыспалы мағынаға 

көшіп, өз мағынасын көп кеңейткен. Үшінші, төртіншіде 

де дерексіз үғымдармен  септесу  нәтижесінде сөз боя- 

уы, ажары арта түскен. Атап айтқанда, «ғашық есігін», 

«хақиқаттың есігін» ашу қарапайым пенде мүмкіндігінің 

зораюы  дәлелі  ретінде  берілген.  Хорезмиде де дерек- 

сіз үғым  «махаббат» сөзіне  «есік»  баламасын  қосарлау 

арқылы сөз мағынасы түрленуімен бірге адам мүмкіндігі 

кеңдігі әспеттеле түскен. Абай мен Мәшһүр Жүсіп те осы 

игі дөстүрді жалғастырып,  көркем адебиеттің бейнелеу 

мүмкіндігін, әсерлілігін арттыра түскен.

«Айиа»  баламасын  қолданудағы  Мәшһүр Жүсіптің 

XIV   ғасырдағы  Хорезми  дөстүрін  сәтті  жалғастыруы 

көңіл бөлерлік:

1. Сүйіктімнің жүзін көргенде,

«О, жанымның айнасы» - деймін.

Хорезми - XIV ғ

. [6, 115 б.].

2. Биязы сөзі жатық, майда болар,

Кеудесі - көңілі зерек - айна болар.


серия 

Филологическая

13

Асылдың асыл затын тануменен,



Өзінде жақсы құлық пайда болар.

Мәшһүр Жүсіп [8].

3. Айна қыл өзіңді - өзің түзетуге,

Бұ жүрген жақсы, жаман көп адамды.

Бұ да сонда.

Көріп  отырғанымыздай,  Хорезмиде  көзге  көрінбес 

ұғым  «жан»  өрнегі  мен  «айна»  баламасын  жіптестіру 

лирикалық қаһарманның ішкі сезіміне терендеуге қызмет 

етсе,  Мөшһүр Жүсіпте алғашқы  мысалда дерексіз ұғым 

«көңіл» өрнегін айнаға балау нөтижесінде ақиқатты тану 

мүмкіндігі  айқындалса,  кейінгіде  «...көп  адамды»  өзін 

түзетуге айна қылу мөселесі көтерілген. Сол арқылы тағы 

да  сөз  мағынасы  кеңеюі  көмегімен  ақынның  бейнелеу 

құралдары жетілдіріліп, әсерлілігі көп артқан.

«Теңіз» баламасын қолдануда да X I ғасырдағы Жүсіп 

Баласағұн  мен  Х У І-Х ІХ   ғасырлардағы  қазақ  ақындары 

үндестігі назар аудартады:

1. Кісі көңілі-түпсіз теңіз, ойласаң,

Білім - інжу, түбінде - анық, қойма сан.

Жүсіп Баласағүн - X I ғ

. [2, 69,  134 б.].

2. Білімділік — шым бүркеген бір теңіз,

Бұрқырар су, аяқ басып жүрсеңіз.

Бұ да сонда.

3. Темір еді ханымыз,

Теңіз еді халқымыз

Тебірлерге қалғанда

Теңселер сойды ауыр ноғай жұртыңыз.

Шалкиіз Тіленшіұлы - ХҮ-ХҮІ ғ. [9, 76 б.].


14

Вестник ПГУ Лё4,2008

4. Жүрек — теңіз, қызықтың бәрі — асыл тас,

Сол қызықсыз өмірде жүрек қалмас.

Абай-ХІХғ. [4, 306 б.].

5. Қуандық, Сүйіндік пен егіз еді,

Ақылға - Мүса — Арғынның теңізі еді.

Мөшһүр Жүсіп [10, 298 б.].

Міне,  мүндағы  алғашқы  екі  үзіндіде деректі  ұғым 

«теңіз» дерексіз ұғымдар «кісі көңілі», «білімділік» мәнін 

ашуға пайдаланылса, үшіншіде бүл адамдар көптігін жет- 

кізуге кірістірілген. Абайда адам сезімі терендігін және 

көп қырлылығын т.с.с. әспеттеу үшін бұл балама енгізіл- 

се, Мәшһүр Жүсіпте белгілі бір қайраткердің ақылы мол 

екенін діттеуге алынған.

Осы  орайда Жүсіп  Баласағұнда белгілі  бір сезімді 

жалғастыру дапелі ретінде «жіп» баламасы алынса, Мәшһүр 

Жүсіпте керісінше соны үзу үшін берілуі - бәрі әдебиеттегі 

бейнелілік  ауқымының кең екенін,  дәстүр  жалғастығы, 

сабақтастығының үнемі мол екенін дәлелдей түседі:

1. Кешірдім де, жалғадым сөз - жібімді,

Айтқын - неге теріс бурдың жүзіңді?

Жүсіп Баласағүн - X I ғ

. [2, 107 б.]

2. Қайрат қыл, жалқаулықтың жібін үзіп,

Көрген жан түңілмесін күдер үзіп.

Мөшһүр-Жүсіп [11,94, 131 б.].

3. Дүние үшін бірін-бірі көрмей безіп,

Ағайын - татулықтың жібін үзіп.

Бұ да сонда.

Сөз  магынасын  кеңейтіп,  оның  бейнелеу  қуатын 

өсіріп,  өсерлілігін  арттыру дегенде,  Мәшһүр Жүсіптің 

деректі  ұғымды  білдіретін  «кілт»  баламасын  дерексіз



серия 

Филологическая

15

ұғым көрінісі «шаттық», «сөз» өрнектерімен жіптестіруге 

сүйеніп, бейнелілік, өсерлілік көкжиегін  кеңейтулері де 

көркем өдебиеттің бейнелеу қүралдарымен толығу тари- 

хында атап өтерлік жетістік дер едік:

1. Айран-асыр, тамаша, аң-таң қалдық,

Тіл-кілт, сөз-асыл тас, кеуде-сандық.

Мөшһүр Жүсіп [10, 223 б.].

2. Шат болсаң, шаттықтың да кілтін ашар,

Өлген үміт тіріліп, өрге басар.

Бү да сонда [10, 271  б.].

3. Пайғамбар қиын сөздің кілтін ашты,

Шат болып періштелер таңырқасты.

Бү да сонда [10, 297 б.].

Жел сөздің түнып жатқан кілтін аштым,

Әр түрлі тоқтау айтып, көңілін бастым.

Бүрынғыдан, соңғыдан түк қалдырмай,

Уатып, жүбату ғой менің қастым.

Бү да сонда [12, 231  б.].

Мүның бәрі нені көрсетеді? Кез келген сөз қолданысын 

адцыңғы бай дөстүрмен салыстырмай, жеке балама мәнін 

де,  ақын стилін де  анықтау  мүмкін  емес.  Ақындардың 

өзінен  бүрынғы  дөстүрлі  сөз  өрнектерін  әрі  қайталап, 

өрі түрлентіп, дамытып  қолданулары - бәрі  әрі  дәстүр 

жалғастығын, әрі тыңіэденістер ауқымын кең дәйектеуге 

мүмкіндік  береді.  Соның  нәтижесінде  ғана белғілі  бір 

ақынның,  атап  айтқанда,  Мәшһүр  Жүсіптің  стилін 

неғүрлым жан-жақты бағамдауға қол жеткізе аламыз.

ӘДЕБИЕТ

1. 


Хасанов  Б.  Қазақ тілінде  сөздердіц  метафоралы 

қолданылуы.- Алматы: Мектеп,  1966.-207 б.



16

Вестник ПГУ ЛІ4, 2008

2. Жүсіп Баласағұн. Қүтты білік.- Алматы: Жазушы, 

1986.- 616 б. (Ауд. А.Егеубаев).

3.  Қожа Ахмет Иассауи.  Диуани  Хикмет,  Алматы: 

Мұратас, 1993.-262 б.

4. Абай. Шығ., 1-том, Алматы, Ғылым, 1977.-454 б.

5. МәшһүрЖүсіп. Шығ. 1-том.- Павлодар: ЭКО, 2003.- 

Б. 225,6, 7,284  және 4-том, 2004.-Б.135,202.

6.  Хорезми. Оғыз-наме.  Мүхаббат - наме.- Алматы: 

Ғылым, 1986.-208 б.

7. Мәшһүр Жүсіп. Шығ. 1-том.- Павлодар: ЭКО, 2003.- 

Б. 211 б. және 2- том.-Б.  17.

8. Мәшһүр Жүсіп. Шығ. 1-том.- Павлодар: ЭКО, 2003.- 

Б.  15 б. және 4- том, 2004 .-Б.118 б.

9. ХУ-ХҮІІІ ғасырлардағы қазақ поэзиясы. -Алматы: 

Ғылым, 1982.-  240 б.

10.  Мәшһүр  Жүсіп.  Шығ.  1-том.  -Павлодар:  ЭКО,

2003.-436 6.

11.  Мәшһүр  Жүсіп.  Шығ.  4-том.-  Павлодар:  ЭКО,

2004.-535 6.

12. МөшһүрЖүсіп. Шығ. 1-том.- Павлодар: ЭКО, 2003.- 

Б. 225,6,7,284 және 4-том, 2004.-Б.135, 202.

Резюме

В статье анализируется своеобразное использование 

сравнении в произведениях М.Ж.Копеева 

Кеіише


Іп 

іһе 

агіісіе аиіһог апаіуіесі 

іһе сііхііпсііуе 

циаіііу о/ 

іізіщ  іһе сотрагізоп іп іһе ргдфісі о/

М.ТҺ.Корееч.




©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал