И. Т. Пославский 1898 ж. «Орыс Тҥ ркістаны» атты басылымда жарияланған



жүктеу 49.62 Kb.

Дата10.03.2017
өлшемі49.62 Kb.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ТЕМІРДІҢ ОТЫРАРДА ДҤ НИЕ САЛУЫ ТУРАЛЫ АҢЫЗ 

 

Иманқҧ лова Айгерім Қайнар 



Университетінің Тарих мамандығының магистранты 

 

Ғылыми жетекшісі – тарих ғылымдарының кандидаты, профессор Кадиркулова Г.К. 



 

И.Т.  Пославский  1898  ж.  «Орыс  Тҥ ркістаны»  атты  басылымда  жарияланған 

мақаласында:  «Орта  Азияның  екінші  бір  ҧ лы  қиратушысы  Темірлан  Әзірет  Сҧ лтанға  зиарат 

жасап  қайтқан  соң  әрқашан  Отырарға  келіп  тоқтап,  ең  ыстық  жаздың  40  кҥ нін  осы  арада 

ӛ

ткізеді  екен.  Кезекті  зиараттық  сапарынан  кейін  Темірланға  осы  жерде  суық  тиіп,  һижраның 



807  ж.  17  шабанында,  яғни,  1405  ж.  18  ақпанында  дҥ ние  салды.  Айбатты  жаулап  алушының 

қайтыс  болғаны  жӛ нінде  хабар  қала  тҧ рғындары  арасында  қатты  ҥ рей  туғызып,  олардың 

кӛ пшілігі  тауға  қашып  кетіпті»,  [1,  с.  236-237]  –  деп  жартылай  жазба  деректердегі  хабарларға 

сҥ йенген, ал жартылай халық қиялынан туған пікірді ортаға салады. 

 

Н.С. Лыкошин де Темірдің Отырарда ӛ лгені ел есінде сақталғанын кӛ рсетеді [2, с. 171-



172]. «Отырардың осы жерде болғанын жергілікті халық аңыздары кӛ рсетеді, Отырар мен онда 

Темірланның қайтыс болуы  олардың жадында жақсы сақталған»– деп жазады А.К. Кларе [3, с. 

46].  Алайда  аталған  еңбектерде  аңыз  мәтіні  келтірілмейді.  Әмір  Темірдің  Отырарда  қайтыс 

болуы туралы аңызды 1991 ж. 16 қазанда Шәуілдір ауылы тҧ рғыны Нарымбетов Мамасадықтан 

жазып алдық. М. Нарымбетов ақсақал бҧ л аңызды ӛ з әкесі Бабахан қарының аузынан естігенін 

айтады.  Бабахан  қары  туралы  О.  Дастанов  ӛ з  кітабында  «діни  сауаты  бар,  ӛ з  ата-бабасының 

тарихын жақсы білетін діндар адам» [6, 71-б.], – деген мінездеме қалдырған. Аңызға сҥ йенсек, 

Темірланның  ауырып  дҥ ние  салуына  келесі  жағдайлар  себепкер  болыпты:  «Қақаған  қыс 

болатын.  Осы  кезде  Темір  жорыққа  аттанбақ  болыпты.  Айналасындағылар  «тақсыр,  әскерді 

қырып  аламыз,  жорыққа  кӛ ктемде  шығайық»,  –  депті.  Сонда  Темір  сарбаздарын  рухтандыру 

ҥ

шін  аркінің  ҥ стіне  шығып,  шаштаразды  шақыртып  шаш  алдыртыпты.  Қатты  желде  шашын 



суға  жібіткендіктен  Темірге  суық  тиіп,  қайтыс  болыпты.  Оның  мәйітін  былғарыға  тігіп, 

Самарқанға  әкеткен  екен».  Аңызда  айтылған  кейбір  жағдайлар  басқа  деректермен  қошталады. 

1941  ж.  Самарқандағы  Гур  Эмир  кесенесіндегі  Темір  мәйітін  зерттеген  антрополог  М.М. 

Герасимов  оның  бас  сҥ йегінде  ҧ зындығы  3  см  шаш  қалдықтары  табылғанын  жазады.  Яғни, 

бҧ л  Темірдің  ӛ лер  алдында  шашы  болғанын  қуаттайды.  М.М.  Герасимов  осыған  қарап  Темір 

жорықта жҥ ргендіктен шашын алмаған болса керек деген пікір айтады [7, с. 513-514]. 

 

 

 



 

 

285 



Аңыздағы  «арк»  сӛ зі  назар  аударарлық.  Аңызды  баяндап  берушінің  ӛ зі  бізге  «арк» 

сӛ зінің  мағынасын  тҥ сіндіріп  бере  алмады.  «Арк»  деп  Орта  Азияда  ертеден  тек  ірі,  әдетте 

астаналық  дәрежедегі  қалаларда  ғана  болатын,  билеушілер,  әкімдер  тҧ ратын  қорған-қамалды 

атайды , бҧ л орыстың кремль, француздың цитадель сӛ зінің синонимі. Мҧ ндай қорған ішінде 

билеушінің сарайы болады. 

 

Аңызда  айтылғандай  Әмір  Темірдің  қайтыс  болар  алдында  Қытай  елін  басып  алмақ 



болып  Самарқаннан  ҥ лкен  әскермен  жорыққа  шыққаны  белгілі.  Темір  қайтыс  болған  жылы 

қыстың  қатты  суық  болғанын  барлық  жазба  деректер  қоштайды.  Отырарда  Әмір  Темірдің 

ауырып  дҥ ние  салғаны,  кейін  оның  денесін  Самарқанға  апарғаны  туралы  аңыз  бен  жазба 

деректердегі мәліметтердің бір–біріне сәйкес келетінін байқау қиын емес. 

 

Алайда  Әмір  Темірдің  ауру  себептері  аңыз  бен  жазба  деректерде  әрқилы  жазылады. 



Аңыз бойынша «қатты желде шашын суға жібіткендіктен Темірге суық тиіп, қайтыс болыпты». 

Жазба  деректердегі  мәліметтерге  қарағанда  Әмір  Темірдің  ауру  себебінің  тӛ ркіні  басқада 

болған  кӛ рінеді.  Шараф  ад-дин  Әли  Йаздидің  кӛ рсетуінше,  Отырардағы  Бердібек  сарайында 

тҧ рып  жатқан  Темірдің:  «807  ж.  10  шаабанда,  сәрсенбі  кҥ ні  денсаулығы  ауытқып,  ыстығы 

қатты  кӛ теріледі.  Қалтырап  отырып,  Темір  ӛ з  кҥ нәларына  қатты  ӛ кініп,  Қҧ дайдан  кешірім 

сҧ рап,  олардың  орнын  сауапты  істермен  толтыруға  уәде  етті.  Науқасы  кҥ шейіп,  аурулары 

кӛ бейе тҥ сті». Тәжірибелі дәрігердің барлық ем-домдауы нәтиже бермейді, бір ауруы басылса, 

екіншісі пайда болып, науқасы ҥ дей  тҥ сті. «Жаны  қиналғанына қарамастан Темірдің ақыл-есі 

сау  болып,  ӛ з  әскерінің  орналасуы  мен  жағдайын  сҧ растырумен  болды.  Ол  ауруының 

дәрілерден  кҥ штірек  екенін  сезген  соң  ӛ лімге  дайындалып,  әйелдері  мен  әмірлерін  шақырып 

алып,  ӛ сиет  сӛ зін  айтады».  Шараф  ад-дин  Әли  Йазди  Темірдің  кеселінің  себептерін  ашпай, 

қысқа  қайырып:  «Бҧ л  қайғылы  оқиға  807  ж.  17  шаабан,  сәрсенбі  кҥ ні  тҥ нде  болды»,  –  деп 

оның дҥ ниеден ӛ ткенін кӛ рсетумен ғана шектеледі. 

 

Шахрух  сарайының  тарихшысы  Хафиз-и  Абрудың  1417  ж.  бастаған  тарихи  еңбегінде 



Темірдің  Отырарға  келіп,  аса  кӛ п  мӛ лшерде  шарап  ішкені  айтылады.  Тарихшы  Темірдің 

бҧ рын-соңды  ішімдікке  қҧ мар  еместігін,  бірақ  Отырарға  келген  соңғы  сапарында  ішкен 

шарабы  оның  кеселінің  басты  себебіне  айналғандығын  кӛ рсетеді.  Ибн  Арабшахтың  [4,  с.  51] 

«Аджаиб  ал-макдур  фи  ахбари  Тимур»  атты  шығармасында  Темірдің  қатты  суықта  Отырарға 

келіп  шарап  әкелуді  тапсырғанын  және  сырқаттанған  Темірді  емдеген  дәрігерлер  оның 

маңдайына, ішіне мҧ з  қойып жазбақ болғанын жазады.  Ал ресми және биресми дерек кӛ здері 

негізінде  Мҧ хаммад  Фадлаллах  Мусеви  жазған  жылнамада  Темірдің  Отырар  қаласына  келген 

соң неден ауырғаны нақты кӛ рсетіледі: «...Темірде шарапқа деген қҧ марлық пайда болды және 

ҥ

ш кҥ н  сонымен  уақытын ӛ ткізді;  осыдан кейін  ол араққа кӛ шті де тағы ҥ ш кҥ н арақ  ішті, 



тамақтан нәр татпады. Ақыры ішкі ыстық оның денсаулығына әсер етті, айналасындағылар бҧ л 

арақ ішкеннен болған бас ауру деп тҥ сіндірді. Темір тағы бірнеше жҧ тым шарап алдыртты» [4, 

с.  54].  Ҥ ш  тарихшының  да  аурудың  бір  ғана  себебін  меңзеуі  шындықтың  бет-пердесін 

ашқандай. Тҧ ра сӛ збен айтқанда, Темір шарапты шектен тыс кӛ п ішкеннен қайтыс болған. 

 

Кейде  ешбір  деректермен  айғақталмайтын,  Темірді  тіпті,  Тҥ ркістан  қаласында  дҥ ние 



салған  екен  деген  әңгіменің  де  бар  екендігін  айта  кеткен  жӛ н.  Оған  сенсек,  «...бір  сапармен 

келгенде,  қатты  сырқаттанып  осы  жерде  қайтыс  болған  деседі.  Оның  айтқан  ӛ з  ӛ сиеті 

бойынша,  ол  Самарқанға  қайтуы  тиіс  керек  еді.  Бірақ  халық  арасында  шу  шықпасын  деп, 

білдірмей  «Амир  науқас»,  деп  жол  жҥ ріп  кетеді.  Сол  жолда  Отырардан  бері  жайласқан  Темір 

стансасына келгенде, бір демалыс жасалған кӛ рінеді. Соның қҧ рметіне «Темір» аталып кетіпті. 

Содан  жҥ ріп  отырып,  «Темірлан»  деген  жерге  барғанда  халық  Ақсақ  Темірдің  қайтыс 

болғанындығын  біліп  қойып,  сыр  ашылған  кӛ рінеді.  Міне,  «Темірлан»  аталуы  содан  шыққан 

екен деседі. Ол Темір арқылы ылаң шықты деген ҧ ғымды білдіреді». 

 

Бҧ л әңгіменің жасанды  екенін,  оның кейінірек,  ХХ ғ. пайда болғанын байқауға болады. 



Себебі,  бірде-бір  жазба  деректе  оның  Тҥ ркістан  қаласында  ӛ лгені  айтылмайды.  Әмір  Темір 

ӛ

мір 



 

286 


сҥ рген дәуірде Тҥ ркістан атты қала болмаған-ды. Қазіргі Тҥ ркістан қаласы ол кезде Йасы деп 

аталатын еді. Йасы қаласын тек ХVІ ғ. екінші жартысынан бастап қана Тҥ ркістан деп атаған [5, 

с.  96].  Бҧ ндай  жаңсақ  пікір  сол  дәуірде  Сырдарияның  орта  ағысындағы  аймақтың  Тҥ ркістан 

деп  аталғандығынан  пайда  болған  болса  керек.  Мырза  Мҧ хаммед  Хайдар  Дуғлатидің  Темір 

дҥ ние салар қыста Тҥ ркістанда болды деп жазуы осыған байланысты болған [8, с. 82]. Атақты 

тарихшы Тҥ ркістан деп қаланы емес, аймақты айтып отыр. Ал Отырар осы аймақтың астанасы 

болған. 

 

Әмір  Темір  «Темір»  атты  теміржол  станциясында  дҥ ние  салыпты  деген  әңгіме  ХХ  ғ. 



туындысы. Оның ешқандай тарихи негізі жоқ. Себебі, Темір станциясы ХХ ғ. басында Орынбор-

Ташкент  теміржолының  салынуымен  пайда  болды.  Жергілікті  халық  Әмір  Темірдің  нақ 

Отырарда  қайтыс  болғанын  жадында  сақтаған.  Бҧ л  жӛ нінде  жоғарыда  келтірген  ХІХ  ғ.  аяғы 

мен  ХХ  ғ.  басындағы  орыс  зерттеушілерінің  жазбаларында  айтылады.  Олардың  бірде–бірі 

«Темір» атты темір жол станциясын, не болмаса басқа жерді меңземейді. Әмір Темірдің  ӛ лгені 

жӛ ніндегі  барлық  ортағасырлық  деректерде  оның  Отырар  қаласы  ішінде  орналасқан  Бердібек 

сарайында қайтыс болғанын және оның мәйіті тікелей Сырдария ӛ ткеліне жеткізіліп, одан кейін 

Сырдарияның сол жағалауымен жҥ ретін жолмен Самарқанға апарылғаны кӛ рсетіледі. Темірдің 

денесін  қазіргі  Оңтҥ стік  Қазақстан  облысындағы  Темірлан  ауылы  арқылы  да  әкетпеген. 

Темірлан ауылы ескі жазбаларда, ескі карталарда жоқ. Темір станциясы орнында ортағасырлық 

дәуірге  жататын  елді  мекен  жоқ.  Оның  Темір  деп  аталуы  сол  жерге  жақын  Темірарық  атты 

каналдың жҥ руіне байланысты болғанын кітаптың алғашқы бӛ лімінде кӛ рсеткен болатынбыз. 

Темірдің Отырарда қайтыс болғаны туралы хабардың Моғолстан ханына қалай жеткені жӛ нінде 

Мырза  Мҧ хаммед  Хайдар  Дуғлатидің  еңбегінде  суреттеледі.  Атақты  тарихшы  бҧ л  әңгімені 

әкесінің  аузынан  естіген  екен.  Моғолстан  ханы  ерте  кӛ ктемде  тҧ ңғыш  қымыз  тойын  ӛ ткізіп 

жатқанда Темірден  елші келіп,  оған хат жеткізеді.  Хаттағы талаптармен танысқан  хан қолында 

қымызға  тола  кесені  ҧ стаған  кҥ йде  терең  ойға  кетеді.  Оның  кӛ ңілін  аулап  әмір  Қҧ дайдат: 

«Алманы аспанға лақтырып, оның жерге тҥ скенше, Жаратқан ием жҥ з рақымшылық, ал келесі 

жылға  дейін  бірнеше  мың  рақымшылық  жасайды»,  –  деген  сӛ з  бар.  Сондықтан  осы  сәтті  Сіз 

кӛ ңілді, қуанышты ӛ ткізуіңіз керек», – дейді. Бҧ л сӛ з аяқталғанша олардың назарына қара ат 

ҥ

стінде шауып келе жатқан ақ киімді адам ілігеді. Ол адам аттан тҥ сіп, жаяу келуге тиіс орынға 



тоқтамай,  мәжіліске  жиналып  отырған  жерден  асып,  жасауылдардың  тоқтату  әрекеттеріне 

мойынсынбай,  хан  отырған жерге жақындап,  «Отырарда Әмір Темір  дҥ ние  салды!» – деп жар 

салып,  ат  басын  кері  бҧ рып  шауып  кетеді.  Оған  «Тоқта,  мән-жайды  айт»,  –  деген  нҧ сқаулар 

айтылғанмен, ол оны елемей, шауып кете береді. Оның соңынан қаншама атты кісі жіберілсе де, 

ол  ешкімге  жеткізбей  ғайып  болады.  Бҧ дан  басқа  хабар  болмайды.  Қырық  бес  кҥ ннен  соң 

расында да Әмір Темірдің Отырарда дҥ ние салғаны жӛ нінде хабар келеді [8, с. 82-83]. 

 

Әдебиеттер 



 

1.

 



Пославский  И.Т.  Развалины  города  Отрара  //  Протоколы  заседаний  и  сообщения 

Туркестанского кружка любителей. Год ІІІ. – Ташкент, 1898. – С. 236 - 238.  

 

2.

 



Лыкошин Н.С. Догадка о прошлом Отрара // Протоколы заседаний и сообщения 

Туркестанского кружка любителей. Год ІV. – Ташкент, 1899. С. 171-176.  

 

3.

 



Кларе  А.  К.  Древний  Отрар  и  раскопки,  произведенные  в  развалинах  его  в  1904  г.  // 

Протоколы заседаний и сообщения Туркестанского кружка любителей. Год ІХ. – Ташкент, 1904.  

 

– С. 13-42.  



 

4.

 



Зимин  Л.А.  Подробности  смерти  Тимура  //  Протоколы  заседаний  и  сообщения 

Туркестанского кружка любителей. Год ХVІІІ. – Ташкент, 1914. – С. 37-55.  

 

5.

 



Агеева  Е.И.,  Пацевич  Г.И.  Из  истории  оседлых  поселений  и  городов  Южного 

Казахстана // ТИИАЭ, т. V. – Алма–Ата: Издательство Академии наук Казахской ССР, 1958. –  

 

С. 3-215.  



6.

 

Дастанов О. «Әулиелі» жерлер туралы шындық. – Алматы: Қазақстан, 1967. – 80 б.  



 

287 


7.

 

Герасимов М. Портрет Тамерлана // Тамерлан. – Москва: Гураш, 1992. – С. 506–



514.  

 

Мирза Мухаммед Хайдар. Тарих–и Рашиди. Введ., пер. с перс. А.Урунбаева, Р.П. 



Джалиловой, Л.М. Епифановой. – Ташкент: Фан, 1996. – 727 с.

 




©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал