ҚҰҚЫҚ негіздері



жүктеу 6.1 Mb.

бет1/57
Дата12.05.2017
өлшемі6.1 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   57

 

 



 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚҰҚЫҚ НЕГІЗДЕРІ 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ 



 

          Өткен 2012 жылы  Қазақстан  Республикасының  Президенті – Ұлт 

көшбасшысы  Нұрсұлтан Əбішұлы Назарбаетың «Назарбаев Университетіндегі 

Қазақстан  білім  қоғамы  жолында»  атты  интерактивті  дəрісін  барлық  жастар, 

студенттер,  ұстаздар  қауымы  зор  ықыласпен  тыңдады.  Бұл  дəріс-

тыңдаушылардың  барлығына  да  үлкен  серпін  беріп,  келешекке  деген  зор 

сенімді ұялатты, жастардың болашағына жол ашты. Дүниенің кілті, жетістіктің 

негізі білім, ғылым екендігін айғақтай отырып, Ел Президенті жастарға, алдағы 

уақытта олардың атқаратын міндеттерін де саралап берді. 

         Қазақстанның өсіп-өркендеуінің кілті жастарда. Ел дамуының жаңа кезеңі 

мен  тəуелсіздігіміздің  үшінші  он  жылдығында  білімді,  тəрбиелі,  өнегелі 

жастарды  қалыптастыру  тəуелсіз  мемлекетіміздің  өркен  жаюының  негізі 

екендігін де Елбасы баса айтты. Президент дəрісінде елімізде құқықтық білімді, 

құқықтық  білімді,  құқықтық  сана  мен  тəрбиені,  одан  əрі  өмір  талабына  сай 

жетілдіру қажеттілігі баса айтылды. 

         Конституцияға  сəйкес  Қазақстан  Республикасы  демократиялық  зайырлы, 

əлеуметтік, құқықтық мемлекет. 

         Құқықтық мемлекеттің негізі атқаратын қызметі қоғамдық өмірдің барлық 

салаларын  заң,  əділетті  құқық  нормасымен  ретке  келтіру,  басқару,  қызмет 

көрсету  салаларында  заң  талаптарын  басты  басшылыққа  ала  отырып,  адам, 

қоғам, мемлекет мүддесіне адал қызмет атқару болып табылады. 

Өйткені,  құқықтық  норма-əділет  жолы,  адам,  қоғам,  мемлекет  мүддесінің 

үйлестірушісі,  заңдылық  пен  демократияның  даму  негізі.  Осыған  орай, 

Президент дəрісінде Қазақстанның өркендеуі, гүлденуі, дүние жүзінде алдыңғы 

қатарлы  мемлекет  санатында  көрініу  үшін  құқықтық  сауаттылықты,  тəрбиені, 

сананы жетілдіру қажеттілігіне басты назар аударылғаны баршаға аян. Еліміздің 

əрбір азаматы өз құқығын, бостандықтарын, міндеттерін білуі тиіс, əрбір азамат 

құқық  нормаларын,  заңдылық  талаптарын  берік  ұстануы  керек.  Сонда  ғана 

мемлекетіміз  саяси,  экономикалық,  əлеуметтік  тұрғыдан  дамып,  тəртіп 

нығаяды.  

Құқықтық  сана,  құқықтық  мəдениет  жəне  құқықтық  тəрбие  əрбір 

азаматтың қалыптасуының, өсіп-жетілуінің басты қағидасына айналуы тиіс. 

Құқықтық  сана  дегеніміз-тұлғаның  қолданыстағы  немесе  қабылданатын 

құқық нормаларына деген көзқарастары мен сезімдерінен, оларға тиісінше баға 

беру мүмкіндіктерінің жиынтығы болып табылады. 

Бұдан  құқықтық  сананың  негізінен  құқықтық  психология  жəне  идея 

жиынтығынан  құралатынын  көреміз.  Құқықтық  психология  қолданыстағы 

құқық  нормаларын  жетілдіруге,  жаңа  құқықтық  нормаларды  қабылдау 

қажеттілігінің  денгейін,  сезімін  білдірсе,  құқықтық  идея  құқықтық  сананың  өз 


 

дəрежесіне  көтерілуінің  нəтижесінде  адам,  қоғам,  мемлекет  мүддесі  үшін 



қажетті құқық нормаларының қабылдану қажеттілігін білдіреді. 

  

Құқықтық  сана  сезімнің  басты  мақсаты-адам,  азамат,  қоғам  мүддесіне 



сəйкес келетін, олардың мүдделерін қанағаттандыратын құқықтық нормаларды 

ортақ  игілік  үшін  қабылдау  қажеттілігінің  негізгі  бастамашысы  болып 

табылатындығында.  Құқықтық  мəдениет  боса  құқық  нормаларын  білу,  толық 

түсіну,  оларды    басшылыққа  ала  отырып  адамзаттың  ортақ  мүддесіне  қызмет 

істеуді білдіреді. 

 

Құқықтық  мəдениет  құқықтық  сана  сезіммен  тығыз  байланысты  жəне 



содан  негіз  алып  дамиды,  жетіледі.  Субъектінің  өзінін  іс-əрекетінде  құқық 

нормаларын  басшылыққа  алуы  оның  құқықтық  мəдениеттінің  ерекшелігін, 

дəрежесін білдіреді. 

 

Құқықтық  тəрбие-қоғам  мүшелерінің  құқықтық  санасы  мен  құқықтық 



мəдениетін 

қалыптастырудағы 

мемлекеттік 

органдар 

мен 

қоғамдық 



ұйымдардың  іс-əрекетінің  көрінісі  болып  табылады.  Мемлекет  неғұрлым 

құқықтық  тəрбиеге  ерекше  мəн  берсе – құқықтық  сана,  құқықтық  мəдениет, 

құқықтық  білім  биік  дəрежеден  көрініс  табады.  Өйткені  құқықтық  сана, 

мəдениет, құқықтық ғылым – тəртіптің қайнар көзі, бастауы. 

 

Тəртіп барлық жетістіктердің қайнар көзі, негізі Президент дəрісіндегі осы 



айтылған  идеяларды  жүзеге  асыру  үшін  не  істеуіміз  керек  деген  сұрақ 

тұындайды.  Ол  үшін – отбасында,  бала  бақшада,  орта  мектепте,  жоғарғы  оқу 

орындарында  құқықтық  тəрбие,  білім  беруді  заман  талабына  сай  жетілдіру 

қажет.  Əрбір  отбасы  бала  тəрбиесінде  дəстүрлі  əдет-ғұрып  заңдарының  тиімді 

жақтарын  ұрпақтар  санасына  сіңіріп,  оларды  заңды  құрметтеуге,  əділеттілікке, 

туращылдық жолға түсетіндей етіп тəрбиелеуі қажет. 

 

Бала  бақшаларда – еліміздің  Ата  Заңы  Конституцияда  көрсетілген – 



адамның,  азаматтың  басты  құндылықтары – құқықтары  мен  бостандықтары 

туралы  айқындалған  түсініктердің  мазмұнын  мемлекеттің,  мемлекетіміздің 

рəміздерін  маңызын,  мемлекеттік  құрылысының  негізгі  ұғымдарын  түсіндіру 

қажет.  Орта  мектепте  оқылатын  құқық  негіздері  пəнін  қайта  сапалы  түрде 

дайындап, Қазақстанның негізгі заңы Конституциясына негіздеп шығару керек, 

осы пəнге бөлінген сағат санын көбейтіп, бір жүктемеге толтырып, дəріс беретін 

пəн  мұғалімінің  арнаулы  заң  білімі  болуына  талап  қойған  жөн.  Өйткені,  білім 

сапасы ұстаздың мамандығына, білгірлігіне тікелей байланысты.  

 

Жоғарғы оқу орындарында қазіргі кезде «Мемлекет жəне құқық негіздері 



пəні балама пəн ретінде оқытылады. Яғни, студенттердің қалауы бойынша оқу 

жоспарына  енгізіледі.  Бұл  дұрыс  емес.  Мемлекет  жəне  құқық  негіздері  пəні 

барлық  жоғары  оқу  орындарының  оқу  бағдарламасында  міндетті  түрде 

оқытылатын  пəн  болуы  қажет.  Президент  дəрісінде,  сондай-ақ,  Президенттің 

жалпыға  бірдей  еңбек  қоғамның 20 қағидалары  атты  мақаласында  да  құқық 

негіздері  оқу  құралын  даярлау,  жоғарғы  білімді  оқу  орындарын  бітірген 



 

жастардың  құқықтық  білімді  меңгеру  қажеттілігі  нақты  көрсетілген.  Осыған, 



орай осы аталған пəн бойынша жаңа оқу құралын дайындау қажеттілігі өзінен-

өзі  туындап  отыр.  Құқықтық  білімді  жетілдіру  саласында  бұқаралық  ақпарат 

құралдарының  маңызы  да  ерекше.  Елімізде  құқықтық  сауаттылықты 

насихаттайтын арнаулы телехабар арнасы да қажет.  

 

Құқықтық білімді, сананы, тəрбиені жетілдіру – кең байтақ Қазақстанның 



барлық жерінде үздіксіз, біркелкі, биік дəрежеде жүзеге асырылуы керек.           

 

  Білім берудің негізгі көзі – білікті ұстаз екені ақиқат жəне осыған орай заң 



оқу орындарында ұстаздық қызметке алғанда ең алдымен олардың өзі оқытатын 

пəннің  шын  мəніндегі  білгері  екендігі  сот,  тергеу,  құқық  қорғау  қызметіндегі 

тəжірибесі,  болашақ  заңгерлерді  əділеттілікке  тəрбиелейтін  өзіндік  адами 

қасиеттері, дəріс берудегі шешендік ерекшеліктері басты назарға алынуы керек. 

Оқытушыларды конкурстық қызметке алғанда оларды ең алдымен студенттерге 

дəріс  оқытып,  білім  деңгейі  туралы  студенттердің  де  пікірі  басшылыққа 

алынғаны  жөн.  Өйткені  қазір  ғылыми  дəрежесі  барлар  көп,  ал  студенттерге 

дəріс  беру,  шынайы  ұстаз  болу  өте  жауапты  іс.  Жоғары  білімді  заңгерлердің 

білім саласы тиісті дəрежеде болса, мемлекетімізде заңдылық пен құқық тəртібі 

де  биік  деңгейде  болады  заңдылық  пен  құқық  тəртібі  биік  деңгейде  болады. 

Сонда ғана біз алдыңғы қатарлы 30-мемлекеттің қатарында боламыз. 

Тəуелсіз Қазақстан Республикасының өркендеуіне, дамуына, дүние жүзіне 

танылуына  тікелей  əсер  етіп  жатқан  құнды  құндылықтардың  бірегейі  елімізде 

жүзеге  асырылып  жатқан  құқықтық  реформа  болып  табылады.  Құқықтық 

реформаны  жетілдіру – елімізде  мемлекеттілікті  нығайтуға,  əрбір  қоғам 

мүшесінің  құқықтық  сана-сезімін  жетілдіруге,  Қазақстан  Республикасын 

құқықтық  мемлекет  ретінде  əлемге  танытуға  жол  ашатын  бірден-бір  жасалған 

алғышарт.  

Қазіргі  уақытта  Қазақстан  Республикасы  əлемге  өзін  демократиялық, 

зайырлы, құқықтық, əлеуметтік мемлекет екендігін əлі де танытуға тиіс. Осыған 

орай,  Қазақстан  Республикасының  Президенті-Елбасы  Н.Ə.Назарбаевтың 

«Қазақстанның əлеуметтік  жаңғыртылуы: жалпыға ортақ еңбек қоғамына қарай 

20  қадам»  атты  құнды  мақаласында  өте  көкейкесті  болып  табылатын. 

«Қазақстан құқығы» пəнін жетілдіруге аса мəн беру қажеттігін атап өтті, оның 

болмауы,  жастардың  құқықтық  нигилизмі  мен  сауатсыздығына  соқтырады  деп 

Президент ескерту жасады. 

Қазіргі  уақытта  еліміз  бойынша  өскелең  ұрпаққа,  тұрғындарға  құқықтық 

білім  беруді  жетілдіру,  осыған  орай  окулықтар  мен  оқу  құралдарын  өмір 

талабына  сай  дайындалған  заңдарға  негіздеп  қайта  дайындау  міндеті  алға 

қойылып отыр. Өйткені, мемелекет, қоғам, жеке адам іс-əрекеттерінің барлығы 

дерлік  құқық  нормалары  арқылы  реттеліп  жүзеге  асырылды.  Демек,  қоғамның 

əрбір  мүшесі  өз  құқығын,  міндетін  заң  нормалары  негізінде  жүзеге  асыруы 

керек. Өйткені, құқық нормалары адамның туған сəтінен бастап өмірінің сонғы 


 

сəтіне  дейінгі  қолданылатын  заңдылық  құралы.  Қазіргі  кезде  кез-келген  адам 



қоғам,  мемлекет  арасындағы  қарым-қатынас  құқықтық  нормалар  арқылы 

реттеліп,  жүзеге  асырылды.  Қоғам  мүшелері  əсіресе,  жастар  конституциялық, 

əкімшілік,  азаматтық,  қылмыстық,  жер,  су,  экология,  салық,  қаржы,  еңбек, 

отбасылық құқық салаларын білуі қажеттілік. 

Осы  оқу  құралының  басты  мақсаты - Қазақстан  Республикасының 

азаматтарының  құқықтық  санасын,  құқықтық  мəдениетін,  құқықтық  білімін 

жетілдіруге  арналған.  Оқулық  Қазақстан  Республикасының  заңдарына 

негізделген  жəне  ол  құқық  мəселесіне  қызығушылық  білдіретін  барлық 

оқырмандарға арналған. 

            

Жауапты редактор-Заң Ғылымдарының докторы, профессор, 

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері А.Н. Ағыбаев. 

      


 

 

 



 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1-ТАРАУ. МЕМЛЕКЕТ ТЕОРИЯСЫНЫҢ НЕГІЗДЕРІ 



 

1.1

 

Мемлекет жəне құқықтың пайда болуы 

1.2

 

Мемлекеттің түсінігі жəне мəні 

1.3

 

Мемлекеттің типтері мен нысандары 

1.4

 

Мемлекеттің механизмі жəне мемлекеттің функциясы 

1.5

 

Құқықтық мемлекет жəне азаматтық қоғам 

1.6

 

Құқықтың түсінігі, мəні, қағидалары жəне функциялары 

1.7

 

Құқықтың 

қайнар-көздері 

(нысаны), 

құқықтың 

нормасы, 

құқықтық қатынастар 

1.8

 

Құқық шығармашылық жəне құқықты жүзеге асыру 

1.9

 

Құқық бұзушылық жəне заң алдындағы жауаптылық 

 

 

1.1 Мемлекет жəне құқықтың пайда болуы 

Алғашқы  қауымдық  биліктің  орнына  мемлекеттік  билік  шамамен 5-6 мың 

жыл  бұрын  келді.  Жердегі  алғашқы  мемлекеттер  Солтүстік-Шығыс  Африкада, 

Оңтүстік-Батыс  жəне  Оңтүстік-Шығыс  Азияда,  атап  айтқанда  Мысырда, 

Бабылда, Үндіде жəне Қытайда пайда болды. 

Мемлекеттің  пайда  болуы  туралы  осы  заманғы  ғылыми  көзқарастардың 

негізі  тарихи  материализмді  ұстанған  классиктердің  еңбектерінде  көрініс 

тапқан.  Соның  бірі  Ф.Энгельс.  Оның  «Отбасының,  жеке  меншіктің  жəне 

мемлекеттің пайда болуы» атты еңбегі аса маңызды болып есептеледі.  

Ф.Энгельстің  пайымдауынша  алғашқы  қауымның  ыдырауы  жəне 

мемлекеттің  пайда  болуы  қоғамның  өндірістік  экономикаға  бет  бұруы, 

өндірістік күштің дамуы, қоғамдағы өндірістік қатынастардың өзгеруі нəтижесі 

заңды  болып  табылды.  Бұл  үдеріс  алғашқы  мемлекеттердің  құрылуына  дейін 

пайда болған жəне ол баяу дамып келді.  

Ф. Энгельс мемлекеттің пайда болуының негізгі себептерін көрсеткен: 

Біріншіден, 



еңбектің 

бөлінуі – мал 

шаруашылығының 

егін 

шаруашылығынан  бөлінуі,  қол  өнер  өндірісінің  бөлінуі  жəне  сауда-саттықтың 



орын  алуы.  Еңбектің  бөлінуі  халық  санының  өсуі  жəне  олардың 

қажеттіліктерінің  артуы,  өндіріс  құралдарының  дамуы  себебінен  пайда  болған 

үрдіс. Аталғандардың барлығы шаруашылық жүргізу үшін жаңа мүмкіншіліктер 

ашты. Жекелеген тайпаларға өзін өзі керекті игіліктермен қатамасыз ету қажетті 

болмай  қалды.  Оларға  нақты  өнімді  өндіру,  ал  өндірістің  қалдығын  өзге 

тайпаның өндіргеніне ауыстырып алған  пайдалырақ бола бастады. Нəтижесінде 

мал шаруашылығы, егін ісі, қол өнерішілер жəне саудагерлер пайда болды.  

Екіншіден,  жеке  меншіктің  пайда  болуы – еңбектің  өсуі  қауымдық 

шаруашылықтың  жеке  топтардың  не  жеке  адамдардың  шаруашылығына 


 

бөлінуіне  əкеп  соқтырды.  Қауымдық  меншік  алғашқысында  топтық  меншік 



болып, кейінректе жеке меншікке айналды.  

Үшіншіден,  таптардың  пайда  болуы – таптар  еңбек  ету  үрдісінде  өзінің 

материалдық  жағдайымен  ерекшеленетін  адамдардың  тобы  болып  табылды. 

Əлеуметтік  қызмет  пен  мүліктік  жағынан  бөліну  адамдардың  жеке  жəне 

шаруашылық дербестігіне, олардың өзара тəуелсіздігіне əкеп соқтырды. Қоғам 

бірнеше  топтарға  бөлінді  жəне  олардың  мүдделері  бірі-біріне  қарама – қайшы 

бола  бастады.  Таптық  күресті  тоқтататын  күш  қажет  болды.  Ол  мемлекет 

болды. 


Жоғарыда  айтылғандарды  қорыта  келе,  мемлекет  қоғамның  өзіндік 

дамуының өнімі ретінде, онда пайда болған қарама-қайшылықтардың нəтижесі 

ретінде  пайда  болды.  Ф.Энгельс  мемлекетті – құрал,  инструмент  ретінде 

қарастырды. Дəлірек айтсақ оның ойынша, мемлекет - экономикалық қанаушы 

таптың  қаналушы  таптың  қарсылығын  басуға  жəне  қанауға  арналған  құрал 

болып табылды.  

Мемлекеттің  пайда  болуы  туралы  мəселені  зерттеуге  көптеген  ғалымдар 

ұмтылған.  Осы  ретте  мемекет  жəне  құқықтың  пайда  болуы  туралы  бірнеше 

ілімдер  қалыптасып  үлгерді,  олардың  əр  қайсысы  мемлекеттік  ұйымдардың 

пайда болу қайнарын өзіндік тұрғыдан түсіндіреді. 

Сол теорияларды қарастырып өтейік: 

Теологиялық теория – негізін салушы ортағасырлық философ жəне теолог 

Фома  Аквинский (1225-1274) болды,  кейінгі  өкілдерінің  қатарына  бельгиялық 

философ Мерсье Дезирені (1851-1926) жəне француз философы Жак Маритенді 

(1882-1973)  жатқызуға  болады.  Бұл  теорияның  түп  негізгі  идеясы  мемлекетті 

Құдай жаратқан, ал мемлекеттік билік Құдайдың жердегі билігінің жалғасы деп 

түсінілді.  Құдайдың  билігі - азаматтардың  басқарушыларға  толығымен  бағыну 

қажеттілігін  білдіреді.  Мемлекетке  бағынбау  Жаратқанға  бағынбау  деп 

есептелді. 



Патриахалдық  теория – бұл  теорияны  дамытқан  ежелгі  грек  философы 

Аристотель  (б.э.д 384-322), сондай  ақ  орыс  əлеуметтанушы,  публицист  Н. 

Михайловский (1842-1904) жəне  т.б.  болды.  Аталған  теорияның  түпкі  идеясы 

бойынша  мемлекет  бір  отбасының  дамуының  нəтижесі  ретінде  есептелді. 

Басқарушының  билігі  отбасыдағы  əкенің  шексіз  билігінің  жалғасы  ретінде 

қарастырылды.  Мемлекеттегі  басқарушы,  отбасыдағы  əке  секілді  сайланбайды 

жəне оның билігі өзгермейді əрі шексіз болып табылады. Билікке қарсы шығуға 

болмайды,  тек  əке  өзінің  отбасының  қалған  мүшелеріне  қамқорлық  жасай 

алады. 

Органикалық  теория – бұл  теорияның  өкілдері  ежелгі  грек  философы 

Платон  (б.э.д 427-347) жəне  ағылшын  философы  Г.  Спенсер (1820-1903) жəне 

т.б.  болған.  Бұл  теорияның  идеясына  сəйкес  мемлекет  жəне  құқық  туралы 

көзқарас адамның ағзасы туралы көзқарасқа сай келеді. Мемлекет - əлеуметтік 



 

дамудың  нəтижесі  болып  табылады,  ол  биологиялық  дамудың    бір  түрі. 



Мемлекет  əрбір  ағза  секілді  мидан  (басқарушы)  жəне  оның  берген 

тапсырмаларын орындауға арналған органдардан тұрады.  



Келісім-шарт  теориясы – ХVII-XVIII  ғасырларда  пайда  болды,  өкілдері 

француз  философы,  ағартушы  Жан  Жак  Руссо (1712-1778), ағылшын 

философтары  Томас  Гоббс (1588-1679) пен  Джон  Локк (1632-1704), орыс 

жазушысы  А.Н.  Радищев (1749-1802) жəне  т.б.  болған.  Бұл  теория  бойынша 

мемлекет  пен  құқық  соғыстар  мен  қақтығыстарды  тоқтату  мақсатында 

азаматтардың  саналы,  ерікті  түрде  бір  келісімге  келуі  нəтижесі  ретінде 

қарастырылады. Азаматтар өз еркі мен билігінің бір бөлігін мемлекетке береді. 

Олар  заңдарды  сақтауға,  салық  төлеуге  міндеттенеді,  ал  есесіне  билікті 

ұстаушыдан өз мүдделері мен қауіпсіздігін қорғауды талап етуге құқылы болып 

табылады.  Мемлекет  келісім  бойынша  өз  азаматтарына  қамқорлық  жасайды. 

Келісім – шарт теориясы мемлекетті танып, зерттеу үшін үлкен серпіліс болды, 

себебі ол биліктің пайда болуы туралы діни көзқарастарды жоққа шығарды. Бұл 

теория демократиялық идеяны дамытты.    

Күштеу теориясы – XIX ғасырда пайда болды, оның өкілдерінің қатарына 

неміс философы Е.Дюрингті (1833-1921), неміс саяси қайраткері К. Каутскийді 

(1854-1938) жатқызуға болады. Олар мемлекет пен құқықтың пайда болуын бір 

тайпаның екінші бір тайпаны жаулап алуы сияқты əскери жəне саяси сипаттағы 

факторлармен  түсіндірген.  Алғашқы  қауымдық  құрылыс  кезеңінде  көптеген 

соғыстар  жүргізілді,  аумақты  күштеп  басып  алу,  бір  тайпаның  екінші  бір 

тайпаны басып алу орын алды.          

Психологиялық  теория - XIX ғасырда  пайда  болды,  оның  белгілі  өкілдері 

француз əлеуметтанушысы Г. Тард (1843-1904), австриялық психолог З. Фрейд 

(1856-1939), орыс философы Л. Петражицкий (1867-1931) жəне т.б. болды. Бұл 

теорияның  өкілдері  мемлекеттің  жəне  құқықтың  пайда  болуын  адамзаттың 

психикалық  белгілерінің  көрінуімен,  адамзат  санасының  заңдылықтарымен 

түсіндірген. Барлық əлеуметтік заңдылықтар адамның мінез-құлықтары, қызмет 

етуі арқылы іске асырылады. Сондықтан да адамның психикалық жай-күйі осы 

заңдылықтардың  жүзеге  асырылуына  əсер  етеді.  Мемлекетте,  құқықта 

белсеңділер 

мен 


бəсеңділердің 

арасындағы 

психологиялық 

қарама-


қайшылықтарды шешудің құралы ретінде қарастырылады. Қоғам екіге бөлінеді: 

психикасы  күштілер  (билік  жүргізуге  ұмтылатындар)  жəне  бағынуға 

психологиялық түрде бейім адамдар. 

Қазіргі  кезде  заң  ғылымын  зерттеуші  көптеген  ғалымдар  жоғарыда 

аталғандардың ішінде мемлекеттің жəне құқықтың пайда болуын шынайы түрде 

ғылыми  негіздейтін  ілім  ретінде  К.Маркс  пен  Ф.Энгельстің  тарихи-

материалистік теориясын көрсетеді.  

 

 



 

1.2 Мемлекеттің түсінігі жəне мəні 

Мемлекеттің  ұғымын  ашып,  қарастыру  шын  мəнісінде  ол  туралы 

көзқарастарды  анықтауды  қалыптастыру  болап  табылады.  Сонау  антикалық 

дəуірде мемлекет барлық қоғам өмірін реттеп отырған. Аристотель мемлекетті 

жақсы  өмір  сүру  үшін  көптеген  тайпалар  мен  ауылдардың  бірігуі  ретінде 

көрген.  Ежелгі  гректерде  мемлекетті  азаматтардың  барлық  саналы  жəне 

өнегелік мүдделерін бір жерге шоғырлау деп есептеді. Мемлекет үнемі тарихи 

даму үстінде болған құбылыс.  

Қазіргі  кезде  мемлекетке  сан-алуан  анықтама  беруге  болады.  Мемлекет – 

қоғамдағы  саяси  биліктің  ұйымдастырылуының  ерекше  нысаны  болып 

табылады.  Мемлекет – қоғамның  мүддесі  мен  еркін  ресми  білдіретін  саяси 

биліктің ұйымы. Мемлекет  - биліктің аумақтық ұйымдастырылуы. Мемлекет – 

қоғам  дамуының  нəтижесі.  Мемлекетке  бұрыңғысын,  қазіргіні,  болашағын 

сипаттайтын  барлық  белгілерін  көрсететін  жалпы  ұғымын  беру  мүмкін  емес. 

Қоғам  дамуының  нəтижесінде  мемлекеттің  мақсаты  мен  міндеттері, 

механизмдері мен функциялары үнемі өгерістерге ұшырап отырады. Мемлекет 

– қоғамды реттеп отыратын институт, құрал болып табылады.  Мемлекет түрлі 

заңдарды  қабылдау  арқылы  қоғам  өмірінің  барлық  салаларына,  қоғамдық 

қатынастарға  ықпал  етеді.  Мемлекет – ұйымдастырылған  күрделі  механизм. 

Мемлекеттің қызмет етуі үшін мемлекеттік басқару органдары қажет жəне оны 

атқаратын  лауазым  иелері  болуы  керек.  Мемлекет – адами  ресурстарды 

басқаратын  ұйым.  Мемлекет  өз  тұрғындарының  əл-ауқатын  көтермелеу  үшін 

еңбек етуге жағдай жасайды, оның жүйесін қалыптастырады.  

Сонымен, мемлекет дегеніміз - өз билігін елдің барлық аумағы мен халқына 

тарататын,  басқарудың  арнайы  аппаратына  ие,  барлығына  міндетті  ережелер 

қабылдайтын,  егемендікке  ие  болып  табылатын,  қоғамның  еркі  мен  мүддесін 

білдіретін биліктің егеменді, аумақтық, біріңғай саяси ұйымы болып табылады. 

Мемлекеттің  қоғамдағы  объективтік  қажеттіліктерін  білу  үшін,  жəне  неге 

мемлекетсіз  қоғамның  өмір  сүре  алмайтындығын  жəне  дамымай  қалатынын 

анықтау үшін мемлекеттің мəнін ашу қажет. Мемлекеттің маңызды белгісі оның 

бүкіл қоғамды басқаратын биліктің жалғыз саяси ұйымы екендігінде, олай болса 

мемлекеттің мəнін ашатын көзқарастарды қарастырып көрелік: 

мемлекеттің  таптық  мəні – мемлекет  экономикалық  жағынан  үстем 

таптың билігінің саяси ұйымы ретінде қарастырылады. Бұл жерде мемлекет тек 

осы  үстем  таптың  мүддесін  қамтамасыз  етеді.  Ал  қаналушы  таптың  мүддесі 

үнемі  қанағаттандылырымай  қалады,  сондықтан  қоғамда  үнемі  қақтығыстар 

орын алады жəне оны жою үшін зорлық əдістері қолданылады.   

мемлекеттің  жалпы  əлеуметтік  мəні – мемлеке  түрлі  таптар  мен 

əлеуметтік  топтардың  мүдделерін  қамтамасыз  ету  үшін  жағдай  жасайтын 

биліктің саяси ұйымы ретінде анықтауға болады.  


10 

 

мемлекеттің  ұлттық,  діни  мəні – мемлекеттің  жүргізетін  саясатында  бір 

ұлттың, бір діннің мүддесінің басым болуы. 

Жалпы  айтқанда  мемлекеттің  мəні  санқырлы,  оны  тек  таптық  не  жалпы 

əлеуметтік деп шектеп қоюға болмайды.  

 



  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   57


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал