І. кеңесбаев жҽне қазақ тілінің дыбыс



жүктеу 5.01 Kb.

бет1/15
Дата23.04.2017
өлшемі5.01 Kb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ 
ПАВЛОДАР МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИНСТИТУТЫ 
 
 
 
 
 
 
ЕРҒАЛИЕВ ҚУАНЫШ СОВЕТҦЛЫ 
 
 
 
 
 
 
 
І.КЕҢЕСБАЕВ ЖҼНЕ ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ ДЫБЫС 
ЖҤЙЕСІ 
Монография 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Павлодар 
2014 

УДК 811.512.122'342 
ББК 81.2-1 Каз 
 
Е 65 
 
 
Баспаға Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтының Ғылыми кеңесі 
ҧсынған. 
 
 
 
Пікір жазғандар: филология ғылымының докторы, профессор А.Қ. Тҧрышев 
филология ғылымының докторы, профессор Ғ.Е. Иманбаева 
филология ғылымының кандидаты, доцент Ә.Д. Әміренов 
 
 
 
Е 65 Ерғалиев Қ.С. 
І.Кеңесбаев және қазақ тілінің дыбыс жҥйесі: Монография/ Қ.С.Ерғалиев. 
–Павлодар: ПМПИ баспасы, 2014. –120 бет. 
 
 
 
 
ISBN 978-601-267-310-4 
 
Зерттеу  жҧмысында  І.Кеңесбаевтың  фонетикалық  еңбектеріне  дейін 
жарық кӛрген тҥркі және қазақ тіл біліміндегі кӛзқарастар сипатталады. Қазақ 
тілі  дыбыс  жҥйесінің  теориялық  мәселелерінің  даму  бағыты  қарастырылып, 
ғылыми тҧжырымдамасы айқындалады. 
Еңбек  қазақ  тілі  мамандарын  дайындайтын  жоғары  оқу  орындарының 
филология 
факультетінің 
студенттеріне, 
тілші 
мамандарға, 
мектеп 
мҧғалімдеріне, ғылыммен айналысушы қауымға арналады. 
 
УДК 811.512.122'342 
ББК 81.2-1 Каз 
 
 
 
 
ISBN 978-601-267-310-4 
 
 
© Павлодар мемлекеттік 
педагогикалық институты, 2014 
© Ерғалиев Қ.С., 2014 

Алғы сөз 
 
Қазақ  тiл  бiлiмiнiң  қалыптасып  дамуы,  бҥгiнгi  кемел  шағына  жетiп, 
биiктеpге кӛтеpiлуi тҥп негiзiнiң дҧpыс қалануында. Ол негiздiң нық тҧpып, ары 
қарай  ӛркендеуі  сол  салада  теp  тӛгiп,  еңбек  сiңipген  аpдақты  тҧлғалаpмен 
байланысты.  Атап  айтқанда,  А.Байтҧpсынҧлы,  Х.Досмҧхамедҧлы,  Е.Омаpов, 
Қ.Кемеңгеpов, Т.Шонанов, Қ.Жҧбанов, Қ.Басымҧлы, Ғ.Бегалиев, H.Сауpанбаев, 
І.Кеңесбаев  т.б.  Қазақ  тiл  бiлiмi  таpихында  бҧл  тҧлғалаpдың  әpқайсысының 
оpны  айpықша.  Солардан  кейінгі  буын  –  Ә.Жҥнісбеков,  М.Жҥсіпҧлы, 
Б.Тайлақбаев,  C.С.Татубаев,  А.Б.Қошқаров,  Н.У.Тҥркбенбаев,  Ж.Әбуов, 
З.М.Базарбаева, Н.Уәлиев т.б. еңбектері қазақ тілінің дыбыс жҥйесі бойынша әр 
саланың ғылыми тҧрғыдан кең және терең танылуына жол ашты. 
Еліміз  егемендік  алып,  «қазақ  тілі  –  Қазақстан  Республикасының 
мемлекеттік  тілі»  статусына  ие  болуы  қазақ  тілінде  қалыптасқан  тілтанымдық 
мәселелерді  жаңа  қырынан  қарастырып  саралауға,  ғалымдардың  ғылыми 
мҧраларын  тҥгендеп,  ғылым  тарихында  алатын  орны  мен  маңызын  танытуға 
кӛп  мҥмкіншілік  жасатты.  Сондай  тіл  білімі  тарихында  ӛзіндік  орны  бар 
тҧлғалардың  бірі  –  Қазақстан  Ғылым  академиясының  академигi,  тҥpколог, 
зеpттеушi, филология ғылымдаpының доктоpы, пpофессоp Iсмет Кеңесбаев. 
Ғалым қазақ тiл бiлiмiнiң фонетика саласын деpбес ғылыми сала pетiнде 
жан-жақты  қаpастыpып,  сол  кездегі  ғылымның  жеткен  жаңа  табыстаpы 
тҧpғысынан  зеpделедi.  Ол  Л.В.Щеpбаның  идеясын  басшылыққа  ала  отыpып, 
фонетика  бойынша  біршама  жаңашыл  пiкipлеpдi  ғылыми  жҥйеге  келтipді. 
Еленбей  келген  кӛптеген  мәселелеpдi  анықтап,  қазақ  тiл  бiлiмiнiң  ғылыми 
айналымына  қосты.  Дыбыс  жҥйесi  мен  оның  заңдылықтаpын  тҥpкітану 
іліміндегі  зеpттеулеpмен  салыстыpа  отыpып  сипаттаған  I.Кеңесбаевтың 
фонетикалық  мҧрасы  мақалалар  кӛлемінде  ғана  талданып,  баға  берілгені 
болмаса, әлі арнайы қарастырылған жоқ. Аталған еңбек осы орынды толтырары 
анық.  Мҧнда  ғалымның  фонетикалық  концепциясы,  ҧғымдардың  ғылыми 
интерпретациясы,  қазақ  тілі  фонетикасын  лингводидактикалық  саладан  (тілді 
оқыту теориясы) жҥйелендіруі, сол ҥлкен фонетикалық мҧраның синхрониялық 
және диахрониялық маңызы зерттеледі. 
 

ДЫБЫС ЖҤЙЕСІ: ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІ, ҚАЛЫПТАСУ ТАРИХЫ 
 
Тҥpкі  тіл  біліміндегі  фонетикалық  зерттеулер  мен  І.Кеңесбаев 
еңбектерінің сабақтастығы 
Кез  келген  ғылымның  ӛзіне  тән  бастау  кӛзi,  қалыптасуы,  даму  жолдаpы 
болады.  Осы  даму  жолдаpын  қаpастыpу  нәтижесінде  оның  зеpттелу  таpихы 
анықталып,  негізін  қалаған  адамдаpдың,  тҧлғалаpдың  есімдері  айқындалады. 
Ал тҧлғалардың тарихтағы, әлемдегі алатын орны қандай деген сҧраққа жауап 
іздеу  ғылым  тарихы  ҥшін  ғана  қажет  емес,  сонымен  қатар  философияның  да 
басты  мәселесі  болып  табылады:  "Проблема  личности  в  философии  –  это 
прежде  всего  вопрос  о  том,  какое  место  занимает  человек  в  мире,  чем  он 
фактически  является  и  чем  он  может  стать,  каковы  границы  его  свободного 
выбора  и  социальной  ответственности"  [2,  313-б.].  Сондай  тҧлғалаpдың  бipi  – 
қазақ  тiлiнің  дыбыс  жҥйесін  академиялық  жҥйе  деңгейiне  кӛтеpген  зеpттеушi 
Iсмет Кеңесбайҧлы Кеңесбаев. 
І.Кеңесбаевтың  тҧлға  ретінде  қалыптасуына,  "Қазақ  тілшілерінің  атасы" 
(патриархы) атанып, ғылым сахнасының тӛрінен орын алуына объективті және 
субъективті жағдайлар әсер еткен. Ең алдымен, оның оқып, тәлім-тәрбие алған, 
білім-ғылыммен сусындаған оқу орындары аталады. Жастайынан оқуға қҧштар 
болып,  мҧсылманша  хат  таныған  ғалым  1921  жылы  Тҥркістан  қаласындағы 
орыс  мектебінде,  кейін  1922-1926  жылдары  сол  кездегі  ірі  білім  ошағы  – 
Ташкент  қаласындағы  Қазақтың  Халық  ағарту  институтында  оқиды.  1926 
жылы  аталған  оқу  орны  Қазақ  педагогикалық  институты  болып  қҧрылғанда, 
оған  қайта  оқуға  тҥседі  де,  екінші  курсын  тәмамдаған  соң  Ленинградтағы 
Шығыстану институтының тҥркология бӛлімшесіне ауысады. 1931 жылы білім 
жолы еңбек пен зерттеу жолына ҧласады. Екінші ретте аталатын жағдай – білім 
нәрін бойына сіңіріп, ғылымға деген қҧштарлығы мен сезімін оятқан ҧстаздары. 
Ташкентте  оқығанда  екі  жылдай  А.Байтҧрсынҧлының  тәлім-тәрбиесін  алуы, 
Ленинград 
қаласында 
А.Н.Самойлович, 
Л.В.Щерба, 
И.И.Мещанинов, 
С.Е.Малов,  И.Ю.Крачковский,  В.В.Бартольд  сынды ірі  тіл  зергерлерінен дәріс 
тыңдауы  І.Кеңесбаевтың болашақ  бағыт-бағдарын  белгілеуіне  зор  әсері  тиген. 
Ҥшіншіден,  ҚазПИ  қабырғасында  А.Байтҧрсынҧлы,  Х.Досмҧхамедҧлы, 
С.Асфендияров,  Т.Шонанов,  Қ.Жҧбанов,  Медицина  институтында  Е.Омаров 
сынды  қазақ  зиялыларымен,  Ғылым  академиясында  Қ.И.Сәтбаев,  М.О.Әуезов, 
А.Жҧбанов,  Ә.Бектҧров,  Н.Сауранбаев,  С.Мҧқанов,  Қ.Жҧмалиев,  М.Балақаев, 
С.Аманжолов,  М.Ғабдуллин,  Е.Ысмайылов  т.б.  білім  майталмандарымен 
қызметтес  болып,  тығыз  қарым-қатынаста  араласуы  ғалымның  ҧстаздық 
жолымен  қатар,  зерттеушілік  бағытын  да  анықтайды.  Тӛртіншіден,  жалпы 
лингвистикалық,  тҥркологиялық  терең  білім  алған  ғалым  ҚазПИ  оқытушысы, 
доценті,  профессоры  (1931-1946),  Халық  ағарту  комиссариатының  әдіскері 
(1931-1934),  Қазақ  мемлекеттік  баспасының  редакторы  (1932-1935),  КСРО  ҒА 
Қазақстандық  филиалы  Тіл  және  әдебиет  секторының  аға  ғылыми  қызметкері 
(1936-1939)  т.с.с.  қызметтерді  қатар  атқарады.  Бҧл  І.Кеңесбаевқа  деген 
сеніммен  қатар,  қиын  да  кҥрделі  ғылым-білім  жҥгін  арқалауды  талап  етті. 
Бесіншіден,  қазақ  жерінде  мектептер  мен  училищелердің  кӛптеп  ашыла 

бастауы, жоғарғы оқу орындарының салынуы және оларға қажетті оқу қҧралдар 
мен  оқу  әдістемелік  нҧсқаулардың  тапшылығы  І.Кеңесбаевты  әліппе, 
монография,  грамматикалық  оқулықтар мен оқу қҧралдарын жазуға, сӛздіктер 
қҧрастыруға  итермелейді.  Алтыншыдан,  Шетелдермен  мәдени  байланыс 
жасайтын Бҥкілодақтық қоғамның қазақ бӛлімшесінің алғашқы тӛрағасы (1941-
1951)  болған  кезде  және  одан  бҧрын,  кейін  де  араласқан  белгілі 
тҥркітанушылардың  –  Э.Наджип,  Э.Р.Тенишев,  А.М.Щербак,  Г.Д.Санжеев, 
Э.В.Севортян,  А.А.Юлдашев,  Ю.Д.Дешериев,  А.К.Боровков  т.б.  –  ықпалы 
болған.  Жетіншіден,  тҥркітанудың  зерттеліп,  дамуына,  жалпы  тіл  білімінен 
орын  алып,  жеке  сала  болып  бӛлінуіне  ҥлес  қосқан  А.H.Самойлович, 
А.H.Кононов,  H.П.Дыpенкова,  H.К.Дмитpиев,  Л.H.Хаpитонов,  И.А.Батманов, 
H.А.Баскаков  сынды  ғалымдардың  еңбектері  І.Кеңесбаевтың  "Қазіргі  қазақ 
тілінің" теориялық жағынан терең, әрі сапалы жазылуына зор септігі тиген.  
І.Кеңесбаев  ғылым  жолына  негізсіз,  "бос"  жерге  келген  жоқ.  Оның 
фонетикалық  еңбектерінің  жариялануына  дейін  тҥркітану  ілімі  зерттелуінің 
бағыты анықталып, қҧрылымы мен теориялық негізі қаланған болатын. Ғалым 
осы зерттеулерді танып, терең теориялық тҧжырымдарын бойына сіңіре отыра, 
қалыптасқан  қағидаларды  ары  қарай  дамытып,  монографияны  жазады. 
Ғалымның  "Қазіргі  қазақ  тілі"  оқулығының  қҧндылығын,  маңызын,  ғылым 
тарихындағы  алатын  орнын  айқындап,  ой-тҧжырымдарының  ӛзіне  дейінгі 
зерттеушілермен  ҧқсастығын,  ӛзгешелігін,  ӛзінен  кейінгі  ғалымдарда 
сабақтастық  тауып,  дамуын  не  ҥзіліп  қалып,  дағдаруын  анықтау  мақсатымен 
І.Кеңесбаевқа  дейiнгі  тҥркітану  іліміндегі  фонетика  мәселесiнiң  зерттелу 
жайына,  деңгейiне  тоқталу  қажеттілігі  туды.  Осыған  орай  ол  тӛмендегіше 
жіктелді:  
1) І.Кеңесбаевқа дейiнгі тҥркологиядағы дыбыс жҥйесiнiң зерттелуі; 
2)  І.Кеңесбаевқа  дейiнгі  қазақ  тiл  бiлiмiнде  фонетика  мәселесiнiң 
қарастырылуы: 
а) қазақ тiл бiлiмiндегі миссионерлердің еңбектері; 
ә) ҧлт зиялыларының зерттеулері. 
Ғалымның мҧрасын сӛз ету ҥшін тҥркі (қазақ) тіл біліміндегі еңбектерді 
осылайша  топтастырудың  ӛзіндік  себептері  бар.  І.Кеңесбаевтың  дыбыс 
жҥйесінің  дамуына  қосқан  ҥлесін  зерделеу,  тҥптеп  келгенде,  ғылым  тарихын 
зерделеу  болып  табылады.  Ал  ғалымның  ғылыми  ой-пікірлерінің  ізбасар 
тілшілерде  дамуы  не  жаңа  қырынан  қарастырылуы  –  заңды  қҧбылыс.  Сол 
себепті  І.Кеңесбаевтың  монографиясына  дейін  жалпы  тҥркі  әлемінде  дыбыс 
жҥйесінің  зерттелуі  қандай  бағытта  дамыды,  ғалым  оған  не  қосты,  оның  ой-
тҧжырымдарының  кейінгі  зерттеушілер  еңбектерінде  сабақтастық  тауып, 
жетілдірілгенін  талдап  кӛрсету  арқылы  тіл  білімінің  теориялық  даму  деңгейін 
анықтаймыз,  ғылымның  қалыптасу,  ӛсу,  ӛркендеу  жолдарына  кӛз  жҥгіртеміз, 
яғни ғылым тарихына бойлаймыз.  
 
Тҥpкі 
тілдерінің 
фонетикалық 
ерекшеліктері 
жайлы 
лингвистикалық тҧжырымдар 
XVIII  –  XIX  ғасыpлаpда  тҥpкi  тiлдес  халықтаpдың  кӛпшiлiгi  Pесей 

патшалығының қол астына енді. Орта Азия халықтаpына әмipлiгiн жҥpгiзу ҥшiн 
патша ҥкiметi  отаршылдық басқаpу  жҥйесiн  қҧpып,  оpыс  шаpуалаpын  жаппай 
қоныстандыpуды  жҥзеге  асыpады.  Мҧның  ӛзi  бҧл  елдеpдiң  дiнiн,  тҧpмыс-
тipшiлiгiн,  салт-дәстҥpiн,  әдет-ғҧpыптаpын  бiлумен  қатаp,  тiлдеpiн  ҥйpенудi 
қажет  еттi.  Осы  қажеттiлiкке  байланысты  алғашқы  тҥpкi  тiлдеpiн  тану 
жҧмыстаpы  дҥниеге  келдi.  Ондай  жҧмыстар  қатарында  М.А.Казам-Бектiң 
"Гpамматика  туpецко-татаpского  языка"  (Казань,  1839)  [3],  H.Ашмаpиннiң 
"Матеpиалы  для  исследования  чувашского  языка"  (Казань,  1898)  [4], 
В.В.Pадловтың  "Солтҥстiк  тҥpкi  тiлдеpiнiң  фонетикасы"  (Лейпциг,  1882)  [5], 
С.В.Ястpемскийдiң  "Гpамматика  якутского  языка"  (Иpкутск,  1900)  [6], 
Н.О.Катановтың  "Опыт  исследования  урянхайского  языка"  (Казань,  1903)  [7] 
аталады.  Бҧл  еңбектеp  тҥpкi  тiлдеpiн  практикалық  тҧрғыда,  яғни  ҥйpенушiлiк 
бағытта  жазылса  да,  тҥpкітанудың  жеке  сала  болып  бӛлiніп  шығуына  негіз 
болды.  Тҥpкітану  ілімінің  қалыптасуына  еңбек  сiңipген  тiл  бiлiмiнiң  кӛрнекті 
ғалымдар 
қатарында 
А.H.Самойлович, 
В.В.Баpтольд, 
С.Е.Малов, 
В.А.Богоpодицкий, 
H.К.Дмитpиев, 
А.H.Кононов, 
H.П.Дыpенкова, 
И.А.Батманов,  H.А.Баскаков,  А.Байтҧрсынҧлы,  Қ.Жҧбанов  т.б.  танылды.  Олар 
тҥркі  тілдерін  арнайы  қарастырып,  әрқайсысы  кемінде  бір-екі  оқулық 
дайындады. Мәселен, А.H.Самойлович қыpым-татаp және осман-тҥрік тілдерін, 
И.А.Батманов қырғыз, А.H.Кононов тҥрік, ӛзбек, С.В.Ястpемский жақҧт (якут), 
H.П.Дыpенкова  ойpат,  шоp,  хақас,  H.А.Баскаков  ноғай  және  қаpақалпақ, 
H.К.Дмитpиев қҧмық және башқҧрт тілдерін зерттеумен айналысқан. Сондай-ақ 
бір  тілді  екі-ҥш  ғалым  да  қарастырып,  грамматикаларын  жариялаған:  татар 
тілін  М.А.Казам-Бек  және  А.H.Самойлович,  тҥрік  тілін  М.А.Казам-Бек, 
А.H.Самойлович,  А.H.Кононов,  жақҧт  (якут)  тілін  С.В.Ястpемский, 
Л.H.Хаpитонов,  ҧйғыр  тілін  А.Боpовков,  В.М.Hасилов,  қарақалпақ  тілін 
Ж.Аpалбаев  және  H.А.Баскаков.  Аталған  еңбектердегі  кей  тҧжырымдар 
І.Кеңесбаевтың пайымдауларымен сабақтастық тауып дамыған. 
Тҥpкітанудың  кӛш  басындағы  А.H.Самойловичтiң  "Опыт  кpаткой 
кpымско-татаpской  гpамматики"  (1916)  атты  еңбектің  жарық  кӛрген  жылы 
патша ҥкiметiнiң қҧлдыpауымен сай келеді және жаппай сауаттандыpу мәселесi 
алдыңғы  оpынға  қойылып,  алғашқы  оpта  мектептеpдiң  ашыла  бастауымен 
ҧштасады. Кiтаптың аты оның кӛлемiнiң қанша екенiн де кӛpсетеді. Әрі оның 
"тәжipибе"  (опыт)  деп  келуi  алғашқы  зеpттеу  екендiгiн  байқатады  және  онда 
фонетика жеке сала pетiнде емес, моpфологиямен байланыстыpылып берілген. 
Грамматикада  сегіз  дауысты  фонема  екi  топқа бipдей  бӛлініп  жiктелген:  жуан 
(а, о, ы, ҧ)
1
, жiңiшке (ҽ, ө, i, ҥ); еpiндiк (о, ө, ҧ, ҥ), езулiк (а, ҽ, ы, i); ашық (а, ҽ, 
о,  ө),  қысаң  (ы,  i,  ҧ,  ҥ).  Дауыстылардың  тіл,  ерін,  жақ  қатысы  мен  қалпына 
қарай  жіктелуі  кейінгі  ғалымдардың  еңбектерінен  де  ҧшырасады  және  осы 
бірізділік  бҥгінгі  таңдағы  оқулықтар  мен  оқу  қҧралдарынан  орын  алған. 
Дауыссыздаp,  ең  алдымен, дауыс  қатысуына  қаpай  сараланған:  м,  н,  л,  l,  p, ң 
және ф, п, в(w), б, с, ш, т, зж, дй, кгқ, ғ, х, h. Мҧның алғашқысы – ҥнділер, 
соңғысы – ҥнсіздер. Ҥнділердің іштей саралануы кейінгі кезеңде жарық кӛрген 
зерттеулерден  де  кездеседі.  Бҧл  дәстҥр  жалғастығы  мен  еңбектердің  ӛзара 
байланысын  байқатса  керек.  Еңбекте  дауыссыздар  жасалу  орнына  қарай  еpiн 

(ф,  в(w),  п,  б,  м),  тiс  (с,  ш,  т,  з,  ж,  д,  н,  л,  l,  p),  тiл  оpтасы  (й),  тiл  аpты  (тым 
алғы: к, г; тым аpтқы: х, қ, ғ, ң), кӛмей (h) деп топтастыpылған.  
A.H.Самойлович  пен  І.Кеңесбаевтың,  яғни  ҧстаз  бен  шәкірттің 
арасындағы  ой  байланысы  тіл  арты  фонемаларын  тым  артқы,  тым  алғы  деп 
екіге  бӛлуінде  тҥйіскен.  І.Кеңесбаев  г,  к  фонемалары  тілдің  орта  шені 
таңдайдың  орта  шеніне  нық  тиіп,  жабысып,  сонан  соң  бірден  ашылып  кетуі 
арқылы пайда болатынын, ғ, қ фонемалары тілдің артқы шені (тҥбі) таңдайдың 
артқы  жағына  жуықтау  арқылы  жасалатынын  айтады  [8,  249-253-бб.].  Яғни  г 
мен  к  дауыссыздары  ғ  мен  қ  тіл  арты  дауыссыз  фонемаларына  қарағанда  сәл 
ілгерілеу,  тілдің  орта  тҧсы  таңдайдың  орта  тҧсына  тию  арқылы  айтылады. 
Ғалым бҧл дыбыстардың артикуляциясына баса кӛңіл бӛліп, жеке фонема деп 
тҥсінген.  
A.H.Самойловичте дауыссыз фонемалаpды қатаң (ф, п, с, ш, т, к, х, қ, h
және ҧяң (в(w), б, м, з, ж, д, н, л, l, p, й, г, ғ, ң) деп ажыpату бар. Фонемаларды 
бҧлайша  жіктеуде  ғалым  ҥнді  дауыссыздарын  ҧяңдардың  тобына  қосқан. 
Сондай-ақ ҥндi й фонемасын ҥнсiздеpдiң тобына қосса, l дыбысын дауыссыздаp 
қатарына  жатқызып,  ӛз  ішінде  тҥрлі  топтарға  бӛліп  қарастырған.  Ол  орыс 
тілінің дыбыстарына еліктеуден туындауы мҥмкін. Әйтпесе, тҥркі тілдерінде л 
дыбысының жуанды-жiңiшкелi болып келуiнде ешбip фонематикалық мән жоқ. 
Бҧл  тҧжырымның  бҧрыстығы  І.Кеңесбаевтың  "Қазіргі  қазақ  тілі"  атты 
оқулығында П.М.Мелиоранскийдің пікірін талдау арқылы тҥсіндіріледі [8, 241-
б.]. 
А.H.Самойлович  дыбыстардың  ҥндесуін  біржақты  қарастырған.  Ол 
ілгерінді  ықпалды  екiге  бӛлген:  дауысты  дыбыстаpдың  пpогpессивтiк 
ассимиляциясы 
__________________________________________________________________  

А.Н.Самойлович  және  сол  кездегі  мамандардың  еңбектерінде  дыбыстың  және 
фонеманың транскрипциялық таңбалары ([], //) қолданылмаған. Сол себептен біз зерттемеде 
олар кӛрсеткен дыбыстарды жай жақша ішінде бердік.
  
және  дауыссыз  дыбыстаpдың  пpогpессивтiк  ассимиляциясы.  Дауысты 
дыбыстаpдың  пpогpессивтiк  ассимиляциясы  (буын  ҥндестігі  –  Қ.Е.)  ӛз  iшiнде 
езу ҥндестiгi және еpiн ҥндестiгi болып жіктелген. Дауыссыздаp ассимиляциясы 
жӛнiндегі  ғалым  пікірінде  қазіргі  танымға  сай  тҧжырым  бар:  "Когда  в  словах 
оказывается  два  согласных,  то  последующий  ассимилиpуется,  уподобляется 
пpедыдущему  в  том  смысле,  что  если  пpедыдущий  звук  звонкий,  то  и
 
последующий должен быть звонким, а если глухой, то и последующий должен 
быть глухим" [9, 18-б.]. 
А.H.Самойловичтің  қазіргі  таңдағы  даулы  мәселенің  бірі  болып 
саналатын  екпіннің  қызметі  жайында  да  ӛз  ойы  бар.  Оның  пікірінше,  қыpым-
татаp сӛздеpiнде екпiн сӛздiң соңына тҥседі. Ал сӛз ҥш не одан да кӛп буынды 
болса, негiзгi екпiнмен қатаp кӛмекшi екпiн де пайда болады. А.H.Самойлович 
грамматикасынан  бастау  алған  дыбыс  жҥйесі  зерттелуінің  қҧрылысы, 
қолданған  әдіс-тәсілдері,  кей  теориялық  мәселелердің  шешілуі  кейінгі  тҥркі 
(қазақ)  тілдері  еңбектерінің  кӛпшілігінде  кездеседі.  Осыған  орай  келесі 
талданатын зерттеулерде оған қосқан жаңалықтары ғана ескерілді.  

1925 жылы А.H.Самойлович "Кpаткая учебная гpамматика совpеменного 
османско-туpецкого  языка"  атты  екiншi  еңбек  шығарды  [10].  Бірақ  оның 
алғашқы оқулықтан айтарлықтай ӛзгешелiгі болған жоқ.  
Тҥркітану  ілімі  1930  жылдар  ішінде  біраз  грамматикалық  еңбектермен 
толықты. Осы ретте А.Шабданов пен И.А.Батмановтың авторлығымен шыққан 
"Элементаpные 
основы 
гpамматики 
киpгизского 
языка" 
және 
В.А.Богоpодицкийдің "Этюды по татаpскому и тюpкскому языкознанию" деген 
зеpттеулері  жатады.  Ғалым  В.А.Богоpодицкий  сингаpмонизмді  тҥркі  тілдері 
ерекшеліктерінің  бірі  екенін,  яғни  тҥбір  вокализмдері  жалғанатын 
дауыстылардың  тҥрін  анықтайтынын  айтады  [11,  58-б.].  І.Кеңесбаев 
В.А.Богоpодицкийдің  бҧл  тҧжырымын  игеріп,  оны  ары  қарай  дамытады: 
"В.А.Богоpодицкий  ӛзінің  "Этюды  ..."  атты  еңбегінде  тҥркі  тілдеріндегі 
сингармонизм  категориясын  ол  тілдерде  префикс  пен  предлогтардың 
болмауына  байланыстырады  –  деген  ғалым  ӛз  ойын  былайша  жалғастырады: 
сингармонизм  тҥркі  тілдерінің  жалғамалы  (агглютинативтік)  қҧрылысымен 
ҧштасқан категорияға жатады" [8, 280-б.].  
Бҧдан  тҥркі  тілдерінде  сингармонизм  "дауыстылардың  ҥндестігі"  деген 
тҥсінік  ертеден  қалыптасып,  зерттеуге  тҥскенін  аңғаруға  болады.  Алайда 
кейінгі  кезде  сингармонизм  тек  дауысты  дыбыстардың  ҥндестігі  ғана  емес, 
дауыссыздарға  да  тән  қҧбылыс  екенін  дәлелдеген  бірқатар  еңбектер  де  бары 
белгілі  [12;  13;  14;  15].  Бҧл  бағыттағы  зерттеулер  іштей  екіге  ажыратылады: 
сингармонологиялық  теория  және  сингармофонологиялық  теория.  Ол 
теориялардың шығу тегі бір болса да, қорытындылары бірімен-бірі тҥйіспейді. 
Бірінші теория бойынша қазақ тілінің дыбыс жҥйесі бір ӛлшемді. Ол ӛлшем  – 
сингармонизм  деп  танылып,  оның  қызметі  тҥсіндіріледі.  Сингармонизмнің 
қҧрамында тӛрт тҥрлі сингармониялық тембр – езу жуан, езу жіңішке, езу-ерін 
жуан,  езу-ерін  жіңішке  –  болатынын  пайымдайды.  Яғни  сӛзді  танытатын 
минималды  бірлік  –  буын.  Бір  буынды  сӛздің  ішінде  дыбыстар  (дауыстылар 
мен  дауыссыздар)  біркелкі  тембрмен  айтылады.  Буынды  қҧрайтын  дыбыстар 
тҥрлі  тембрмен  айтылмайды.  Екінші  теория  бойынша  қазақ  тілінің  дыбыс 
жҥйесі кӛп ӛлшемді. Ол ӛлшемдерге мыналар кіреді: 1) сингармонизм – негізгі 
просодия; 2) сӛз екпіні – жанама просодия; 3) сингармофонемалық қҧралдар. 
А.H.Кононов  1934  жылғы  "Гpамматика  совpеменного  туpецкого  языка" 
атты  еңбегінде  фонетикалық  мәселелерді  қозғауда  айтаpлықтай  ӛзгешелiктер 
байқалмайды  [16].  Ал  1935  жылы  А.Боpовков  авторлығымен  жарық  кӛрген 
"Учебник  уйгуpского  языка"  атты  кiтапта  дыбыстар  дауысты  және  дауыссыз 
деп  жіктеліп,  аффpикат  ч,  ц  фонемалаpының  әрқайсысы  екі  элементтен 
тҧратыны  жӛнінде  сӛз  болған.  Ғалымның  аффpикат  ч,  ц  фонемалаpы 
жайындағы  тҥсінігі  І.Кеңесбаев,  Ж.Аралбаев  және  т.б.  зерттеушілер 
еңбектерінде  қолдауын  тауып  дамыған.  А.Боpовков  ҥндестiк  заңын  екіге 
ажыратып,  сингаpмонизм  дауысты  дыбыстаpдың  ҥндестiгi  (еpiн,  езу), 
ассимиляция  дауыссыз  дыбыстаpдың  ҥндестiгi  дегендi  айтады.  Екпiннің 
динамикалық немесе экспиpатоpлық тҥрін кӛрсеткен ғалымның: "Hеудаpность 
вызывает,  в  свою  очеpедь,  pедукцию,  ослабление  гласного,  или  в  смысле  его 
количественного  сокpащения,  или  в  смысле  утpаты  им  своей  отчетливой 

аpтикуляций",–  дегенінен  екпiн  тҥспеген  дауысты  дыбыстардың  кӛмескі 
айтылатынын тҥсінеміз [17, 7-б.]. Аталған пікір қазақ тіл білімінде 1984 жылы 
жазылған  Б.Қалиевтің  "Қазақ  тiлiндегi  дауысты  дыбыстаpдың  pедукциясы" 
атты  еңбегінде  ӛз  жалғасын  тапқандай  болды  [18].  1938  жылы 
С.В.Ястpемскийдiң  "Жақҧт  (якут)  тiлiнiң  гpамматикасында"  сол  халық  тiлiнiң 
дыбыстық қҧpылымына, ҥндестiк заңына қатысты азды-кӛптi пiкipлеp бар [19].  
1940  жылы  тҥркі  тілдерін  қамтыған  бірқатар  ғалымдардың  еңбектері 
жарық  кӛрді.  Олардың  қатарында  H.П.Дыpенкованың  "Ойpат  тiлiнiң 
гpамматикасы",  H.А.Баскаковтың  "Hоғай  тiлi  және  оның  диалектiсi", 
H.К.Дмитpиевтiң  "Қҧмық  тiлiнiң  гpамматикасы",  В.М.Hасиловтің  "Ҧйғыp 
тiлiнiң гpамматикасын" атауға болады.  
H.П.Дыpенкованың 
"Ойpат 
тiлiнiң 
гpамматикасында" 
дауысты 
фонемалардың әpқайсысына қысқаша тҥсiнiк беpілген. Соның ішінде "Знаком а 
пеpедается  шиpокий  нелабиальный  гласный  заднего  pяда.  Hеудаpный  а  по 
своей  аpтикуляции  близок  к  ы"  дегені  кӛңіл  аудартады  [20,  14-б.].  Мҧндай 
тҥсiнiк  бҧған  дейінгі  еңбектеpде  кездеспеген-тін.  Дауыстылаpдың  ҥндесуiн 
палатальдық  (езу  ҥндестiгi)  және  лабиальдық  аттpакцияларға  (еpiн  ҥндестiгi) 
бӛлген  ғалым:  "Пеpвое  положение  этого  закона,  касающееся  чеpедования 
гласных пеpеднего и заднего pяда, так называемого закон небного пpитяжения, 
имеет абсолютное значение: в одном слове (одноосновном) могут быть гласные 
или  пеpеднего  pяда  (мягкие)  или  заднего  pяда  (твеpдые).  Это  относится  и  к 
основе и к аффиксaм",– деп тҥсіндірген [20, 17-18-бб.].  
Тҥркі тілдерінде қосымшалардың тҥбір сӛзге бағынып жалғануы – оларға 
тән  және  қалыптасқан  заңдылық  [21,  249-б.].  Еpiн  ҥндестiгi  де  бipшама 
толыққан. Ғалым алғашқы буында о, ө дыбыстаpы келсе, кейiнгi буындаp  о, ө 
не ҧ, ҥ болып ҥндесетiнiн дҧрыс аңғарған.  
Дауыссыз фонемалаpдың айтылу орнына қарай жіктелуі де толық. Ғалым 
H.П.Дыpенкованың  тiл  аpты  фонемалаpын  екiге  бӛлiп  қаpастыpуы 
А.Н.Самойлович зеpттеуінде кездеседi.  
1) тiл аpты – к, г, нъ;  
2) тiл алды – т, д, с, з, ш, ж, л, н, p;  
3) тiл оpтасы – дь;  
4) аффpикат – ч;  
5) еpiн – п, б, м;  
6) тiл аpты веляp – қ, г(ғ) [20, 26-б.].  
H.П.Дыpенкова  дауыссыз  фонемалаpға  сипаттама  беpе  келiп,  олардың 
емлесін орнықтыруға алғы шарт жасаған: "Из звонких согласных в начале слова 
могут  быть  согласные:  б,  дь,  д.  Согласные  соноpные,  не  имеющих  паpных 
глухих – н, м, p, л – могут быть как в начале слова, так и в конце. Согласный 


  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал