И еллек аль ые шк лы



жүктеу 414.39 Kb.

бет1/3
Дата12.09.2017
өлшемі414.39 Kb.
  1   2   3

«

»

АЗА

АЕ

ЗИ

КЕ ЛІК МЕК Е

Е І Д

«

»

А

АЗА

АЕ

И

ЕЛЛЕК

АЛЬ ЫЕ ШК ЛЫ

AEO NAZARBAYEV INTELLECTUAL SCHOOLS

"

"

А ана


2016

Э

ЕК И



ЫЕ

И

ИМЕ Е И



МА И

Й К


И И

Й

А



Й

ЗИ

М ал м



к м к

омощь чи лю

Help for the teacher

АЛЫ

А

Ы

ШЫ А ЫМДЫ

ЛЕ І

КЕ І АЙЛА Ы

ЙЫМДА

Ы

ДЫ

ИІМДІ

Ж ЛДА Ы


2

ӘОЖ 317.14

К 14

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ 

Педагогикалық шеберлік орталығының Әдістемелік кеңесі ұсынған

Рекомендовано Методическим советом Центра педагогического мастерства

АОО «Назарбаев Интеллектуальные школы»

Пікір жазған

Әлимов Ә.Қ., ф.ғ.к., Педегогикалық шеберлік орталығы 

  

 

   

К 14 Каирова Д.Т. 

Қалыптастырушы  танымдық  кері  байланысты  ұйымдастырудың  тиімді  жолдары: 

Әдіст. құрал. / Т.Д. Каирова. – Астана: «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық 

шеберлік орталығы, 2016. – 50 б.



ISBN 978-601-7916-10-7

Бұл  әдістемелік  құрал  танымдық  кері  байланыс  дегеніміз  не  және  оның    сабақтағы  орны 

жайында түсіндіріп, нақты ұғымды жеткізеді.   Оқушының оқуда жетістікке жетуіне қолдау көрсетуде 

қандай жұмыс түрлерін ұйымдастыруға болатынын көруге болады. Автор келтірілген кері байланыс 

алу түрлеріне түсініктемелер жасау арқылы сабақта қалай қолдануға болатынын, танымына қалай 

әсер ететінін көрсетеді. Құралда кері байланысты танымға бағыттауға жоспарлау мен тиімділікті 

бағалауға  ерекше  көңіл  бөлінеді.  Өйткені  табыстылық  тек  тыңғылықты  жоспарлау  мен  аралық 

бағалау жағдайында ғана орын алады. 

Әдістемелік  құралда  ұсынылған  тұжырымдар  орта  білім  мазмұнын  жаңарту  аясында 

мұғалімдердің сабақтарында қолдануға пайдалы болады. 

  Методическое  пособие  доступно  и  точно  дает  определение    когнитивной  обратной  связи, 

объясняет  ее  значимость  при  планирововании  современного  урока.  В  пособии  даны  образцы 

обратной связи, которые можно предоставить учащимся для организации поддержки их обучения. 

Комментируя виды  обратной  связи, автор дает идеи  применения  её на уроке, что отражено в 

предложенных планах уроков. Особое внимание уделено предоставлению когнитивной обратной 

связи.   Приведенные в пособии примеры обратной связи дают учителям возможность организации 

процесса достижения поставленных целей. 

Материал  пособия  будет  полезен  для  учителей  в  контексте  реализации  идей    обновления 

содержания среднего образования.  

ӘОЖ 371.14 

К 14

ISBN 978-601-7916-10-7

©  «Назарбаев  Зияткерлік  мектептері»  ДББҰ 

Педагогикалық шеберлік орталығы, 2016

©  АОО  «Назарбаев  Интеллектуальные  школы» 

Центр педагогического мастерства, 2016


3

МАЗМҰНЫ

 

Кіріспе .............................................................................................................................4

1 - Бөлім. Кері  байланыс ...............................................................................................6

Кері байланыс деген не? ................................................................................................6

Танымдық кері байланыс тиімділігі .............................................................................8

Топтық жұмыс барысындағы кері байланыс. ..............................................................9

2 - Бөлім.  Кері байланыс орнатуда ескеретін мәселелер мен ережелер .................. 11

Кері байланыс/пікір ...................................................................................................... 11

3 - Бөлім. Танымға бағытталған кері байланыс ұсына аласыз ба? ...........................37

4 - Бөлім. Кері байланыс үдерісін жоспарға енгізу ....................................................41

Қорытынды ....................................................................................................................47

Пайдаланылған әдебиет тізімі .....................................................................................48

Пайдалануға ұсынылған әдебиет ................................................................................49


4

КІРІСПЕ

                                                                                                     Жүрекке де айна керек.

                                                                              Күніне бір мəрте, немесе аптасына 

тым болмаса айына өз-өзіңнен есеп ал...

Көкіректе сəулесі жоқтың, көңілде сенімі жоқ [1]                                                                                                                                             

Абай.

Жалпы білім беру үдерісінде кері байланыс ұсыну оқу жетістіктерін жақсарту 

мақсатында  табысқа  жету  критерийлерінің  бірі  ретінде  кеңінен  қолданылуда. 

Қалыптастырушы бағалау оқушылардың жетістікке жетудегі тиімді құралдардың 

бірі ретінде қарастырылып отыр. Кері байланыс түрлерінің ішінде танымдық кері 

байланыс жан–жақты қарастырылған. Хэтти және Тимперли зерттеулеріне сүйене 

отыра  танымға  бағытталған  кері  байланыстың  оқушылар  біліміне  әсерін  айқын 

көруге болады. Әдістемелік құрал кері байланыстың тиімді жолдарына жан-жақты 

тоқтала  отыра,  мұғалімге  пайдалы  кеңестер  ұсынады.  Төменде  берілген  сабақ 

жоспарында  кері  байланыс  түрлері  үлгі  ретінде  егжей  –тегжейлі  көрсетілген. 

Орта  білім  мазмұнын  жаңарту  шеңберінде  құрылған  сабақ  үзінділерінен  тиімді 

кері  байланыс  орнату  жолдарын  қарастырамыз.  Кері  байланыс  беру  барысында 

пайдалануға болатын тіркестер мен ұсыныстар мысал ретінде беріледі. Оқушымен 

байланыс орнату кезінде мұғалімнің кері байланысына қойылатын талаптар және    

алгоритмдер ұсынылады. 

Табысты  мұғалімдер  сабақтарында  кері  байланысты  сәтті  пайдалануда. 

Дегенмен, кері байланыс үдерісі  оқушылардың қаншалықты білім алғанын өлшей 

алады? Қолданыстағы кері байланыс көбінесе эмоционалды тұрғыда қалыптасып 

бара жатқаны ешкім үшін құпия емес. Сабақта жетістікке жетелейтін, оқушылардың 

өзін-өзі  реттеуге,  метатанымына  әсер  ететін  құралдардың  бірі  –  танымдық    кері 

байланыс. Кері байланыс арқылы   оқушы өзінің қай деңгейде екенін,  жұмысын 

қалай жақсартуға болатынын, өз даму жолын көре алады.   

     Мұғалім  сабақтың тиімділігі мен сапасын арттыру мақсатында оқушыларды 

үнемі    кері  байланыс  үдерісіне  тартады.  Кері  байланыс  қаншалықты  жұмысты 

дамыта алады?

 

Сабақ жоспарлауда, тапсырмаларды саралау мен басымдықтарды 



айқындауда    [Хэтти мен Тимперли]  (2007) [2] кері байланыстың төрт деңгейін 

белгілейді:

y

y

жауапкершілік туралы кері байланыс;



  

y

y



тапсырманы қорыту туралы кері байланыс

y

y



өзін-өзі реттеу туралы кері байланыс;

y

y



тұлғаға бағытталған кері байланыс.  

5

Хетти  зерттеулерінде  кері  байланыстың  өзектілігі  мен  танымға  әсерін 

көрсеткен.  Берілген  зерттеулердің  негізінде  оқушылардың  танымына  әсер  ететін 

әдістерді  саралай  отыра,  оларды  қолдануға  байланысты  нұсқаулықтар  берілген. 

Кері байланыс ұйымдастыру оқушы  білімінің дамуымен қатар, сараптама жасау, 

өзін-өзі реттеу дағдыларын дамытуға машықтайды. Жасалған әрекет негізінде өзіне 

есеп бере отыра қалай білім алу керек екенін, өзінің қалай оқып жатқанын түсінеді. 

Сондықтан сабақтарда кері байланыстың орны ерекше маңызды. 

Жалпы  кері  байланысты  қалыптастырушы  бағалаумен  біртұтас,  бөлінбейтін 

үдеріс. «Тиімді оқыту» бағдарламасында «Қара жәшік» ішіндегі жұмыс метафорасы 

оқушының оқу сапасын жақсартуда кері байланыстың маңыздылығы көрсетілген.

Сабақта кері байланыс үдерісі жүйелі қолданылатын болса, оқу мақсатына жету 

өлшемі айқындала түседі. Мақсат пен кері байланысты үйлестіру алгоритімдерін 

пайдалану да маңызды. Алгоритмдер мұғалімнің кері байланыс берудегі дағдыларын 

шыңдай  түседі.  Сабақтың  сапасы  мақсат  және  оған  жету  жолдарының  тиімді 

ұйымдастырылуына байланысты. Сабақта мақсатқа жетудің табысты өлшемдерінің 

бірі – кері байланыс.

«Кара жәшік» 

ішіндегі жұмыс

Сұрақтың тиімді

қойылуы

Оқушымен бірге



критерийлерді

талдау


Сыныптасын және

өзін-өзі бағалау

Кері байланысты

қамтамасыз ету

 1-сурет[3]

Берілген сурет бағалау арқылы оқуды жақсарту бойынша зерттеуден алынған. 

Зерттеу нәтижелері бір қарағанда қарапайым болып көрінетін бес басты фактордан 

тұрады.


 

Оқушыларды тиімді кері байланыспен қамтамасыз ету.

Оқушылардың өзіндік оқуға белсенді қатысуы.

Бағалау нәтижелерін ескере отырып, оқытуды өзгерту.

Бағалаудың  оқушылардың  өзін–өзі  бағалауы  мен  қызығушылығына  едәуір 

ықпал ететіндігін мойындау, бұл өз кезегінде білім алуға түбегейлі ықпал етеді. 

Оқушылардың өзін-өзі бағалай алуы және өздерінің оқуын қалай жақсартуға 

болатындығын түсінудің қажеттілігі.[3]

Берілген факторларды қарастыра отыра оқушыларды тиімді кері байланыспен 

қамтамасыз ету бірінші кезекке шығарылғанын көруге болады. Өйткені білім алуды 



6

реттеу мен саралау мұғалімнің міндетінде. Сондықтан берілген білім қаншалықты 

меңгерілгенін, олқылықтарды қалай түзетуге болатыны жайында оқушылар жүйелі 

түрде  кері  байланыспен  қамтамасыз  етіліп  отыруы  керек.  Кері  байланыс  белгілі 

деңгейде осы келтіріліп отырған бес факторға қатысы бар. Өзіндік оқуға белсенді 

қатысу үшін өзіне сенімділік керек. Сенімділікті кері байланыс арқылы қамтамасыз 

етуге болады. Бағалау нәтижелерін ескеруде тиімді кері байланыстың орны ерекше. 

Өзін – өзі, өзге оқушыларды бағалау үшін өз танымына, біліміне рефлексия жасайды. 

Құралдағы  кері  байланыс  ұйымдастыру  әдістері  жаңартылған  білім  беру 

бағдарламасын тиімді жүзеге асыруға септігін тигізеді. 



1 - БӨЛІМ. КЕРІ  БАЙЛАНЫС  

КЕРІ БАЙЛАНЫС ДЕГЕН НЕ?

Танымдық эмоционалдық

Әлеуметтік

2-сурет [3]

Қазақстан Республикасының білім берудегі басты мақсаты:

 

жан - жақты дамыған, 



білімді, өмір сүруге бейім, өзіндік ой - толғамы бар, адамгершілігі жоғары, бәсекеге 

қабілетті жеке тұлға тәрбиелеу. Осы мақсатты жүзеге асыру үшін оқушыға білім 

мазмұнын терең игерудің тиімді жолдарын іздестіріп, шығармашылыққа жетелейтін 

қазіргі заман талабына сай ғылыми-әдістемелік біліммен қаруланған, білікті маман, 

шебер мұғалім дайындау қажет.[2] Білім алуда сенімді, өзіне есеп бере алатын тұлға 

қалыптастыру  үшін  оқушылармен  кері  байланыс  орнатудың  маңыздылығы  мен 

қажеттілігі  туындап  отыр.  Жаңашыл  мұғалім  –  оқыту    технологиясы  жүйесімен 

оқушыларды  өмірге  дағдыландыру  құзыреттілігін    айқындау  бағытындағы  әдіс-

тәсілдерді жетік меңгерген тұлға. 

Қазіргі  әлеуметтік-педагогикалық  ғылым  түсінігінде  (ағылш.  feedback 

-«фидбэк»), термині жиі қолданылады.

Әлеуеті жоғары мұғалім оқушыларының сабақта не үйренгеніне міндетті түрде 

назар  аударады.  Алынған  білімді  өлшеу  жолдарының  бірі  тиімді  кері  байланыс 

орнату. Кері байланыс аспектілерінің бірі танымдық кері байланыс орнату.

 

1-сурет  



кез келген білім алу үш аспекті бойынша жүзеге асады. Бұл ақпарат сізге деңгейлік 

7

курстан  таныс.  Кері  байланыс  үдерісі  де  эмоционалдық,  танымдық,  әлеуметтік 

аспектілері бойынша қарастырылады. Кері байланыс деген не? Оны жүзеге асыру 

жолдары  қандай?  Танымдық  кері  байланыстың  сабақ  барысындағы  өзектілігі 

қандай? Осы сұрақтарға жауап іздеп көрейік. 

  Барлығымыз  кері  байланыс  алу  жолдарын  ұйымдастырамыз.  Тиімді  кері 

байланыспен  барлық  оқушыларды  қамтамасыз  ету  маңыздылығы  туындап  отыр. 

ОЛ оқушыға не береді? Оқушы өз әрекетін реттей алады, сабақта не үшін әрекеттер 

жасалғанын түсінеді, өз оқуына жауапкершілік алады, болған жағдайға рефлексия 

жасап үйренеді, өзін-өзі реттеуге машықтанады. 

Мұғалімге не береді? Мұғалім тиімді жоспарлауға, сабаққа нақты мақсат қоюға, 

оқушы  ерекшеліктерін  анықтауға,  сабағына  өзгеріс  енгізуге  мүмкіндік  алады. 

Осыған орай сабақта танымдық кері байланысты кеңінен ұйымдастыру қажеттілігі 

туындап отыр. 

Оқушыны тиімді кері байланыспен қамтамасыз ету   ережелері. 

Жалпы: 


1.  Мұғалім  кері  байланысы  уақытылы  болуы  тиіс,  туындаған  даудың 

әрқайсысына қолдау көрсете отыра тоқтату керек. 

2.  Бір  сөзді  қайта  қолданудан  қорықпаңыз,  себебі  айтылған  ойдың  түсінікті 

болғаны маңызды.  

3.  Кері байланыс субъективті және ой талқылауға ашық. 

4.  Кері  байланыс  үдерісіне  қатысушыларға  мәселені  жан-жақты  талқылауға 

жеткілікті уақыт берілуі тиіс.  

5.  Сіз беретін кері байланыс оқушы жасаған жұмыс шеңберінде болуы керек. 

Оқушы сабақтың қай кезін фокус етіп алып тұрғаныңызды біліп, бар күшін 

салуға мүмкіндік алатындай болуы шарт; 

6.  Кері байланыс барысында адам қандай да сезімге ие, соның негізінде өзіндік 

пікір қалыптасады. Сезімнің жағымды болуына назар аударыңыз.  



Жағымды: 

y

y



Сөйлеп  тұрған  адамға  кері  байланыс  бергіңіз  келсе  қысқа  қағытпа 

сөздерді  (реплика)  мейлінше  жиі  қолданыңыз,  реплика  алаңдаушылық 

туындатпайтын болсын; 

y

y



Жұмыстың  жақсы  жақтарын  тым  көтермелеудің  қажеті  жоқ,  мәнін 

қарапайым сөздермен беру жеткілікті

y

y

Мадақтау мәселені шешуге бағытталуы керек; 



y

y

Ұзақ сөйлемеңіз.



8

Жағымсыз: 

y

y



Сыни  ескертпенің  мәнін  асыра  айтудың  қажеті  жоқ,  сынды  байыппен 

тұжырымдаңыз.

y

y

Сыни ескертуді жалпылама көрсетпеңіз, нақты жағдайға қатысты көрсетіңіз.



y

y

Ұсақ сыни ескертуге жол бермеңіз, нақты мәселелерді көрсетіңіз.



y

y

Кемшілікті  көрсеткенде  сыналған  жұмыстың  оң  жақтарын  да  көрсетуді 



ұмытпаңыз.

y

y



Факт бойынша ресми сөйлеңіз. Ұсақ- түйекті айтып үйретуге, намысына 

тимеуге тырысыңыз.

y

y

Сында  мәселенің  шешімін  көрсетуден  гөрі,  сол  шешімді  табуда  қолдау 



көрсетудің  маңызы зор.

y

y



Сыни  ескертуді  жоққа  шығармаңыз,  байыппен

 

ойлана  отыра  фактілер 



келтіріңіз.

y

y



Бірден шабуыл жасап сынды бетіне баспаңыз (арты дауға ұласуы мүмкін); 

y

y



Айтылған сынға ренжуге асықпаңыз, сындарлығына назар аударыңыз.

y

y



Сыни  ескертулер  көлемін  шектеу  үшін  қайта  сұраңыз  және  түсініксіз 

сұрақтарды анықтаңыз.

y

y

Сыни  ескерту  бір  жақты  пікірге  негізделгені  болжанса,  басқа 



қатысушылардың пікірін білуге тырысыңыз.

y

y



Егер  сын  қажетті  деңгейде  дәлелденбесе,  өз  негіздемелеріңізді  қайталап, 

түсініктемені кеңейтіңіз. [5] Материалдар аударма жасау арқылы сараланып 

алынған.

ТАНЫМДЫҚ КЕРІ БАЙЛАНЫС ТИІМДІЛІГІ

Көбіне кері байланыстар эмоцияға бағытталып жатады. Мысалы: Сабақ ұнады 

ма? Өзіңді сабақта қалай сезіндің? Әрине осының барлығы да маңызды болғанымен 

оқушының өзін-өзі реттеуіне әсер ете алмайды. Оқушы тек өз эмоциясын жазады, 

мұғалім өз кезегінде сабағына өзгеріс енгізе алмайды.  Кері байланыс оқушының   

біліміне  бағытталмағандықтан  маңыздылығы  жойылып  кетеді.  Сондықтан  кері 

байланыс  орнату  танымға  бағытталуы  тиіс.  Кері  байланыс  ұйымдастыруда 

төмендегі қағидаттарды ұстаныңыз. Неліктен танымдық болатынына назар аударып 

отырыңыз. 

y

y



бағыттаушы сұрақтардың  маңыздылығын ескеру; (қайда? қалай? кімдер? 

неліктен осылай жасады?)   

y

y

Кері байланыс үдерісінде қолданған әдістер жаңа немесе тың идея әкелуге 



бағытталсын; (джигсо, сана аллеясы, пікірлер сызығы, стоп –кадр т.б.)

y

y



әдістер  оқушылардың  қалай  оқу  керектігін  түсінуіне    бағытталуы 

(метатаным);

y

y

Ойларын  жинақтау,  зерттеушілік  дағдыларын  дамыту  мақсатында 



графикалық  органайзерлерді  қолдану;  (дара  диаграмма,  қос  диаграмма, 

Венн даграммасы)



9

y

y



берілген  әдістер  мақсатты  өлшеуге  бағытталсын;  (сабақта  мақсат  отбасы 

мүшелерінің  мінезі  болса,  әдіс  осы  мақсаттың  жүзеге  асуын  көретіндей 

болу керек. Атамның мінезі..., Әжемнің мінезі ...)

y

y



кері байланыс алу  және беру  мүмкіндігін ойластыру; (әр сабақта 5 минут)

y

y



кері байланыс тұлғаны бағалауға емес, жұмысты түзетуге бағытталсын;

y

y



кері байланыс алу тек эмоция түрінде қалмасын; (сабақ ұнады, ұнамады)

Әрине  «ЖАРАЙСЫҢ!»  деген  сөз  керемет.  Бірақ,  оқушының  нені  біліп  неге 

үйрену  керек  екенін  көрсете  алмайды.    Білімнің  оқушы  танымына  қалай  әсер 

еткенін өлшеу  маңызды. 

Мысалы: «Сабақтан түйген 3 ой ...., осыған дейін таныс болған 2 ақпарат ..., 

түсініксіз 1 сұрақ ...          жазыңыз»  деген ұсыныстар сабақтан алынған білімге 

байланысты болуын ойластырыңыз.

y

y



сынып толығымен кері байланыс үдерісіне тартылуы тиіс

Топтық жұмыстарды ұйымдастыру оқушылардың танымына оң әсерін тигізеді. 

Жасалған  жұмысқа  кері  байланыс  беруде  ойландыратын  тұстары  баршылық. 

Топтық  жұмыстарды  талдау  мен  модерация  жасау  кезінде  төменгі  қағидаттарды 

ұстанғаныңыз жөн. 

                           



ТОПТЫҚ ЖҰМЫС БАРЫСЫНДАҒЫ КЕРІ БАЙЛАНЫС.

Кері  байланыс  топтық  жұмыста  3  ақпарат    аймақ    байланысын  реттеу  үшін 

қажет:

y

y



Жеке мәнді ақпарат аймағы (топта отырған бір мүшені қызықтыратын, оны 

дамуға жетелейтін ақпарат болуы);

y

y

Әлеуметтік мәнді ақпарат аймағы (топ мүшелерінің барлығының дамуына 



әсер ететін қажетті ақпарат);

y

y



Мазмұнды мәнді ақпарат аймағы  (топтық жұмысты жүзеге асыратын нақты 

ақпарат). 

Топтық жұмысты ұйымдастыру тәжірибесінде кері байланыстың 2 түрі белгілі: 

жағымды  (келісім,  жағымды  мінездеме,  қолдау)  және  жағымсыз  (пікірді  жоққа 

шығару, теріс бағалау, нақты бір адамға бағытталған сын). Мұғалім мәселенің мән-

жайын толық меңгеріп қана қоймай, кері байланыс  берушілер мен алушылардың 

ерекшелігін ескеру керек. Кейде қатысушыны шектен тыс мақтау оның зерігуіне 

әкеледі немесе ирония ретінде қабылданады.    

 

 



y

y

 қысқа, жағымды сөздерді қолдану; 



y

y

 жағымды көзқарасты бекіту үшін қысқа негіздемелер келтіру. 



Жағымды  кері  байланыс  топтың  ахуалын  немесе  қатысушының  жеке 

қанағаттанушылығын жақсартып қана қоймай, олардың топтық әрекеттегі белсенді 

рөліне жағдай жасайды. 


10

Топтық  жұмыста  кері  байланысты  мейлінше  жиі  қолдануға  болады,  бірақ 

қатысушыларда  дұрыс  бағыт  пен  өзіндік  көзқарас  қалыптасу  үшін  сын  мен 

мақтаудың көлемін, құрылымын естен шығармау керек. Мұғалімнің кері байланысы 

топ мүшелері үшін үлгі боларлықтай деңгейде болсын. Кері байланыстың өзіндік 

моделі ретінде қызмет ету керек. Осының барлығы оқушының танымының дамуына 

жағдай жасайды.[5] Материалдарға саралана аударма жасалған. 

 Кері байланыс ұйымдастыру машығыңызды шыңдауда төмендегі  кесте көмек 

болады.    Кері  байланыс  білдіруде  бағалаудан  аулақ  болыңыз,  жұмыс  бойынша 

фактілер  келтіріңіз.  Даму  траекториясын  анықтауға  көмек  болатын  тұстарына 

баса  назар  аударыңыз.  Жұмысты  дамытуға  арналған  ресурстар  ұсыныңыз  (кітап 

атаулары, интернет сілтемелері).

                                                                                                 

Бағалаусыз  кері байланыс

1-кесте[5]

Баға беру

Бағалаусыз

1.  Үстеулер

2.  Сын есімдер

3.  Жаргонизмдер

4.  Пікірлер

5.  Сынаулар

6.  Абсолюттау 

(үнемі, 


әрқашан, 

ешқашан)


7.  Сын, наразылық,   мысқыл және т. б. 

1.  Етістіктер

2.  Атаулы есімдер

3.  Айғақтар

4.  Сандар

5.  Сезімдерді атау

6.  Эмоциялық қолдау

7.  Адам қандай болса, сол қалпында қабылдау

 

Айтылған ойды бағалаусыз кері байланысқа көшіру технологиясы:



1.  Баға ретінде айтылған ойды сезім арқылы қайта құру (ұнады, ұнамады).

2.  Айғақ  бойынша  бағыттаушы  сұрақ  қою  (нақты  не  көрдің,  не  естідің?) 

Мимикасы  мен  қимылынан,  дауыс  ырғағынан  не  көре  алдың?  Қатысушы 

нақты не істеді? Тыңдаушы әрекетінде нақты не болды?) [6]                                                                                                                                           



2- кесте [5]

Сұрақтар


Алдын ала бағалау

Қалыптастырушы 

баға 

Жиынтық баға



Бұл не? 

Оқушылардан ақпарат 

жинау мақсатында 

қолданылады. 

Оқушылардың оқуы 

жайында ақпарат 

беретін баға  

Оқушыларда қандай 

білім қалыптасқанын 

көрсететін баға.

Қашан 

қолданылады?



Сабақ алдында немесе 

зерттеу басында.

Сабақ, модуль 

барысында зерттеудің 

кезеңдерінде. 

Сабақ соңында, 

зерттеу бірлігінде.

Неліктен 

қолданылады? 

Оқушының дайындық 

деңгейін анықтап 

нұсқаулық беру үшін. 

Оқушылардың 

дамуын бақылау мен 

нұсқаулық беруге 

өзгеріс енгізу үшін  

Оқушылардың 

білімдері жайында 

дәлелдемелер 

жинақтауда.



11


  1   2   3


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал