И е ак и ые м о ы о ч ния interactive methods of teaching 2014 а ана Astana м ал м к м к омощь чи лю Help for the teacher



жүктеу 49.3 Kb.

Дата15.09.2017
өлшемі49.3 Kb.

ЖА А

ІЛДЕМЕЛЕ

ы

м н о

а ы

ЫЕ

ДХ

ДЫ

о а ании и о

ч нии

NEW APPROACHES

in teaching and learning



И

Е

ЕЛ Е

ДІ

ы

а ы



-

л

И



Е АК И

ЫЕ

м о ы о


ч ния

INTERACTIVE

methods of teaching

2014

А ана Astana



М ал м

к м к


омощь чи

лю

Help for the teacher



УДК 373.5.

ББК 74.2

Ә 55

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ 

Педагогикалық шеберлік орталығының 

Әдістемелік кеңесі ұсынғаң



Пікір жазғандар: педагогика ғылымдарының докторы, профессор Тұрғынбаева Ботагүл,

                                педагогика ғылымдарының докторы, профессор Рысбаева Аршагүл



Ә 55   Әлімов А.Қ. 

 

Оқытудығы интербелсенді әдіс-тәсілдер. Оқу құралы / А.Қ. Әлімов. – Астана: «Назарбаев 



Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы, 2014. – 188-бет.

ISBN 978-601-7417-48-2 

Оқу құралында орта мектепте интербелсенді (интерактивті) оқу әдістемесін оқу үдерісінде 

қолдану мәселелері қарастырылады. Құралда интербелсенді оқу мен оқытудың философия- 

лық және методологиялық негіздемесі келтіріліп, интербелсенді оқу әдістемесінің  мектептегі 

практикалық қолданысы сипатталады. 

Құрал  білім  беру  ұйымдарының  жетекшілеріне  және  педагог  қызметкерлерге,  педагог  

кадрлардың біліктілігін арттыру курстарының тыңдаушыларына, педагогикалық мамандықтар 

бойынша оқитын ЖОО және колледж студенттеріне арналады.



УДК 373.5

ББК 74.2

Ә 55

ISBN 978-601-7417-48-2 

©  «Педагогикалық шеберлік орталығы» 

  «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ


МАЗМҰНЫ

Кіріспе .............................................................................................................................................5

Интербелсенді әдістеменің негізгі мәселелері  ...........................................................................7

       Интербелсенді әдістеме - өзара әрекеттесу мен әрекет арқылы үйрену/үйрету .............10

       Бірлескен әрекеттер - интербелсенді оқу/оқытудың негізі ...............................................12 

Үйренудің ең тиімді әдіс-тәсілдері  ............................................................................................15

Оқудың/оқытудың негізгі мәселелері  .......................................................................................19

       Білім игеру - қайталау емес, ал сабақ - тексеру емес ........................................................19

       Сөз үйретпейді, әрекет үйретеді ..........................................................................................21

       Не нәрсеге үйрену/үйрету керек? ........................................................................................22

Сыни ойлау мен оны жүзеге асыру ............................................................................................34

       Сыни ойлауды сабақта қалай қолдануға болады?  .............................................................36

Білім түрлері .................................................................................................................................38 

       Репродуктивтік және конструктивтік (сындарлы) білім түрлері ......................................38

       «Қызық» деген не? ................................................................................................................41

Диалог – адамгершілікке үйренудің негізгі құралы .................................................................47 

Интербелсенді оқудың шарттары мен ережелері ......................................................................51 

      Жағымды психологиялық  орта орнату ................................................................................51 

      Мотивация (уәж) тудыру немесе қызығушылықты ояту ...................................................57 

      Сәттілікке бағытталу .............................................................................................................61 

      Бірлескен топтық жұмыс .......................................................................................................64 

      Интербелсенді оқуды ұйымдастыру ережелері ...................................................................69

Рефлексия мен кері байланыс .....................................................................................................72 

      Рефлексия мен кері байланыс тәсілдері ...............................................................................78 

Интербелсенді оқуда/оқытуда оқу мақсаттарын айқындау мәселесі ......................................85 

      Б.Блум таксономиясының танымдық деңгейлері ...............................................................92 

Бағалау туралы .............................................................................................................................95 

      Бағалау тәсілдері ....................................................................................................................97 

Сабақ құрылымы ........................................................................................................................112 

      Неліктен сабақ үш кезеңнен тұрады?.................................................................................112 

      Сабақ кезеңдерін проблемамен байланыстыру .................................................................117 

Интербелсенді әдістер ...............................................................................................................120 

Әр сабақта қолдануға тиімді интербелсенді тәсілдер ............................................................137 

       «Проблема айқындау» кезеңінде қолданылатын тәсілдер ..............................................137 

       «Проблема шешу» кезеңінде қолданылатын тәсілдер ....................................................143 

       «Проблема шешімін қолдану» кезеңінде қолданылатын тәсілдер .................................148 

       Жазу тәсілдері .....................................................................................................................156 

Ойсергектер ................................................................................................................................161 

Танысу ойсергектері ..................................................................................................................161 

Жағымды психологиялық ахуал қалыптастыратын ойсергектер ..........................................165

Логикалық ойлауға негізделген ойсергектер ...........................................................................169 

      Психологиялық тест түріндегі ойсергектер ......................................................................174 

      Топтарға бөлу тәсілдері .......................................................................................................178 

Қолданылған әдебиеттер тізімі .................................................................................................182 



ӘЛІМОВ АСХАТ ҚАМЗАҰЛЫ

Қазақстан 

Республикасы, 

Педегогикалық 

шеберлік 

орталығының Алматы қаласындағы филиалынын аға менеджері. 

  І.  Жансүгіров  атындағы  Талдықорған  педагогикалық 

институтын «Орыс тілі мен әдебиеті» және қосымша «Педагогика» 

мамандығы  бойынша  аяқтаған.  Филология  ғылымдарының 

кандидаты, доцент. 

Педагогикалық шеберлік орталығының Кембридж университеті 

Білім беру факультетімен  бірлесіп әзірлеген деңгейлі бағдарламасы 

аясында  Қазақстан  Республикасы  педагог  қызметкерлерінің  біліктілігін  арттыру  курсының 

тренері ретінде дайындықтан өтті.

Педагогикалық шеберлік орталығының Кембридж университеті Білім беру факультетімен 

бірлесіп әзірлеген деңгейлі бағдарламасы аясында Қазақстан Республикасының жалпы білім 

беру  ұйымдары  басшыларының  біліктілігін  арттыру  бағдарламасы  бойынша  тренерлерді 

оқыту курсынан өтті.

Қазақстан  Республикасы  білім  беру  ісінің  құрметті  қызметкері  (2008  ж.),  «Астанаға  10 

жыл» медалімен марапатталған (2008 ж.). 



5

КІРІСПЕ

Бүгінде біз ақпараттық қоғамда өмір сүрудеміз. Қазіргі дәуірдің әлеуметтік және экономи-

калық даму ерекшеліктерінің бірі ретінде автоматтандырылған және ақпараттық технология-

лардың тегеурінін атауға болады. Бұл ерекшелік тұрақты кәсіптердің өз қасиеттерін жоғалтып, 

өзгерістерге ұшырап, уақытша сипаттарды иеленуіне әкелуде. Мұндай жағдайда 

үйрене білу 

және 


үйренуге ұмтылу  адамның ең басты қабілеттеріне айналуда, бүгінде үйренуге үйрену 

керек. «Өмір бойы үйрену» идеясының қазіргі білім жүйесінің негізгі тұжырымдамаларының 

біріне  айналып  кетуінің  себебі  осындай  жәйттермен  байланысты.  Мәселе  «өмір  бойы  азық 

боларлықтай білім беру» идеясының енді «өмір бойы өздігімен үйрену» 

(«Life long learning») 

ұстанымына өзгеруінде болып отыр. 

Елбасы  Н.Назарбаев  2011  жылғы  Қазақстан  халқына  «Болашақтың  іргесін  бірге  қалай-

мыз!» Жолдауында «Өмір бойы білім алу» әрбір қазақ стандықтың жеке кредосына айналуы 

тиіс», – деп бекер айтпаған да болар.

«Өмір  бойы  үйрену»  тұжырымдамасының  негізгі  қағидалары  нәтижеге  және  оқушыға 

бағытталады.  Өмір  бойы  оқып-үйрену  дегеніміз  тұлғаның  әлеуметтік,  азаматтық  тұрғыдан 

жарқын  болашаққа  жету  мақсатында  өзінің  білім,  білік,  машық,  дағды,  құзыреттіліктерін 

үнемі жетілдіруі.

Өмір бойы оқып-үйрену келесі шарттарды ұстану арқылы жүзеге асырылады:

- үнемі жаңа білім игеру мен иемденуге ұмтылу;

- оқу/оқытуда жаңашыл және 



интербелсенді әдістерді қолдану;

- оқу/оқытуды бағалау.

Бүгінгі күні білім беру жүйесінде негізгі мәселелер мынандай: «Үйрену мен үйрету тек  

өзара белсенді әрекеттерге негізделген қарым-қатынас арқылы жүзеге асырылады» және 

«Тек әрекеттесу арқылы үйренуге/үйретуге болады». Білім беру философиясы мен когни-

тивтік (танымдық) психология адамның өз қолымен жасағанын есте сақтайтындығын, практи-

калық әрекеттер (бірінші кезекте бірлескен ұжымдық әрекеттер) арқылы үйренетіндігін, оған 

өзі жасағаны қызық екендігін дәлелдеді. Сол себепті қазіргі күні 



әрекеттік педагогика ең та-

нымал оқу жүйесіне айналған, яғни 



мектепте оқу процесінің негізін интербелсенді (интер- 

активті) әдістемелер құрауы керек: әрбір мұғалім әр сабақта интербелсенді әдістер, құрал-

дар мен тәсілдерді қолдануы қажет.



Интербелсенді  оқу/оқыту  бірінші  мезетте  білім  игеру  процесінде  қатысушылардың 

тиімді  қарым-қатынасына  негізделеді.  Ағылшын  тілінен  келген  «интерактив»  сөзі  де  осы 

ұғымды білдіреді: «inter» дегеніміз «өзара» мағынасында, ал «act» - «әрекет жасау» дегенді 

білдіреді. Басқаша сөзбен айтқанда, «интербелсенді» дегеніміз біреумен тығыз қарым-қаты- 

наста болу, онымен бірлесе әрекет жасау, диалог құру. Сонымен, 

«интербелсенді» дегеніміз диа- 

лог арқылы үйрену/үйрету, яғни мұнда оқу процесінің негізін «үйретуші – үйренуші», «үйре-

нуші – үйренуші», «үйренуші - өзімен өзі» форматтарында жасаған қарым-қатынас («әңгіме», 

«сұхбат», «бірлескен әрекеттер») құрайды.

Интербелсенді оқу/оқыту білім игеру процесін келесідей ұйымдастыруға ынталы:

1)  барлық үйренушілерге бірлескен таным процесіне белсенді араласуға мүмкіндік жасау;

2)  әрбір үйренушінің өзінің үйренгені мен өз білімі туралы  түсініктерін ортаға салып, 

бірлесе талқылап, олар туралы ой толғауына мүмкіндік жасау.

Интербелсенді  оқу/оқыту  бірлесе  үйрену  идеяларын  ұстанады.  Бірлесе  үйренуде  әрбір 

үйренуші танымның (оқу, үйренудің) мазмұны мен қорытынды нәтижесіне өз үлесін қосып, 

басқалармен өзінің білгенімен, идеяларымен, түсінігімен алмасады, жоғары нәтижеге (білімге) 

қалай жете алатындығын  анықтайды. Мұндай қарым-қатынастағы бірлескен әрекеттер бірін-

бірі жақтыру, өзара сыйласымдық пен қолдау  атмосферасында өтіп, жаңа білім игеруге жағдай 

жасайды. 



6

Интербелсенді оқу/оқыту көптеген жұмыс түрлері мен әрекеттері арқылы жүзеге асыры-

лады, мәселен: бірлескен жұмыстар (жұптық, топтық, бүкіл аудиторияның), жеке және 

бірлескен ізденіс пен зерттеу жұмыстары, ситуативтік және рөлдік ойындар, ақпараттың 

әртүрлі  көздерімен  жұмыс  жасау  (кітап,  лекция,  Интернет,  құжаттар,  мұрағат,  басқа 

адамдар: оқушылар, мұғалімдер, мамандар т.б.), шығармашылық жұмыстар т.б.

Интербелсенді оқуда/үйренуде



 білім алушылар мынандай білім, білік, дағды, құзырлылық, 

машықтарды иемденеді: терең және жүйелі ойлану;  ақпаратты өздігімен түсініп, оны та-



разылап, екшеп, оның ішінен керектісін таңдап алу;  ақпаратты жан-жақты талдау және 

бағалау;  өздігімен жаңа түсінік пен білім құрастыру; пікірталастарға қатысып, өз ойы мен 

пікірлерін дәлелдеу; шешім қабылдау және қиын мәселелерді шешу; өз біліміне, өміріне деген 

жауапкершілікті тереңінен сезіну; басқалармен тиімді қарым-қатынас құру. Бұл дағдылар 

мен құзыреттіліктер болашақта білім алушыларды бүгінгі күні тіпті де болжауға мүмкін емес



 

проблемалардың шешімдерін табуға жетелейді. 

Қолыңыздағы 



кітаптың басты мақсаты – мектеп мұғалімдерін интербелсенді оқу/оқыту-

дың негізгі идеялары мен әдіс-тәсілдерімен таныстырып, оларды өз тәжірибесінде қолдануға 

шақыру. 

Интербелсенді  оқу/оқыту  бірінші  кезектте  диалогқа  негізделетіндіктен,  автор  оқу  құра-

лында өз оқырмандарымен әңгіме, сұхбат құруға ниеттелді. Осы мақсатта автор басқа кітап-

тарындағыдай мұнда да 



күрделі ғылыми стильден саналы түрде бас тартып, баяндаудың 

негізгі  тәсілі ретінде оқырманға бағытталған эссеистік стильді таңдады. Бұл стильді қолдану 

арқылы автор оқырманмен диалог құрып, сұхбаттасуды мақсат тұтты, оқырмандармен өзінің 

субъективті ойларымен бөлісуге ұмтылды.

Мұндай шешімдердің өміршеңдігі мен ұтымдылығына, оқу құралының пайдасы мен қа-

жеттілігіне оқырмандар әділ баға беріп, өз ойлары мен пікірлерін келтіреді деген үмітпен  ав-

тор  барлық  ескертпе  мен  ұсыныстарды  ризашылықпен  қабылдайтындығын  білдіріп,  өзінің 

электрондық поштасын жариялауды жөн көрді: 



alaska_19@mail.ru.

Теруге 19.06.2014 берілді. Басуға 17.07.2014 қол қойылды. 

Пішімі А4  Кағазы 80 гр/м

2

. Сандық басылыс. 



Шартты б. т. 19,53. Таралымы 200 дана. Тапсырыс № 198

«Педагогикалық шеберлік орталығы» ЖМ типографиясында басылды.

010000, Астана қ., Түркістан көшесі, 2

e-mail: info@cpm.kz, тел.: +7 (7172)-79-96-11



Document Outline

  • .D0.9C.D0.BE.D1.82.D0.B8.D0.B2.D0.B0.D1.
  • .D0.97.D0.B0.D0.BA.D1.80.D0.B5.D0.BF.D0.
  • .D0.98.D0.B7.D1.83.D1.87.D0.B5.D0.BD.D0.
  • .D0.9E.D1.86.D0.B5.D0.BD.D0.B8.D0.B2.D0.




©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал