И (Ағыл) 07 А97 шетел тілін оқытуда интерактивтік ақпараттық технологиялық



жүктеу 1.49 Mb.

бет1/14
Дата06.04.2017
өлшемі1.49 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14

Қазақ мемлекеттік қыздар  

педагогикалық университеті                                                            Хабаршы №5 (47), 2013 ж.

5

 

 





 

УДК 4И (Ағыл) 07 

А97 

 

 



 

ШЕТЕЛ ТІЛІН ОҚЫТУДА ИНТЕРАКТИВТІК АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ 

ҚҰРАЛДЫҢ ҚОЛДАНЫЛУЫ 

 

Ашимова Н.С. 



– магистр, оқытушы 

(Алматы қ., Қазақ мемлекеттік  

қыздар педагогикалық университеті) 

 

Аннотация:  Шетел  тілін  оқытудағы  негізгі  мақсат  –  тілді  коммуникативті 

қалыптастыру және дамыту, оны еркін игеру. Тілді еркін меңгеру үшін білім алушылардың 

шығармашылық қызығушылығын қалыптастыратын жағдай туғызу керек. Бұл ӛзекті мәселе - 

білім беру саласындағы инновациялық үрдістердің күрделілігі мен қайшылықтары әрі жаңа 

құбылыстармен  әрекеттесуі.  Мақалада  шетел  тілін  оқытуда  интерактивтік  ақпараттық 

технологиялық құралдың қолданылуы қарастырылған. 



Түйін  сөздер:  интерактивтік  ақпараттық  технология,  information  technology, 

коммуникативті,  бейнефильм,  электрондық  почта,  мультимедиалық  презентация, 

анимациялық суреттер. 

Елбасы  Нұрсұлтан  Назарбаев  «Болашақта  еңбек  етіп,  ӛмір  сүретіндер  бүгінгі  мектеп 

оқушылары,  мұғалім  оларды  оларды  қалай  тәрбиелесе  Қазақстан  сол  деңгейде  болады. 

Сондықтан,  ұстазға  жүктелетін  міндеттер  ауыр»  деген  болатын.  Қазіргі  заман  мұғалімінен 

тек ӛз пәнінің терең білгірі болу ғана емес, тарихи танымдық, педагогикалық-психологиялық 

сауаттылық, саяси экономикалық білімділік және ақпараттық сауаттылық талап етілуде. Ол 

заман талабына сай білім беруде жаңалыққа жаны құмар, шығармашылықпен жұмыс істеп, 

оқу  мен  тәрбие  ісіне  еніп,  оқытудың  жаңа  технологиясын  шебер  меңгерген  жан  болғанда 

ғана білігі мен білім жоғары жетекші тұлға ретінде ұлағатты саналады 

1



Шетел  тілін  оқытудағы  негізгі  мақсат  –  тілді  коммуникативті  қалыптастыру  және 



дамыту,  оны  еркін  игеру.  Тілді  еркін  меңгеру  үшін  білім  алушылардың  шығармашылық 

қызығушылығын  қалыптастыратын  жағдай  туғызу  керек.  Бұл  ӛзекті  мәселе  -  білім  беру 

саласындағы  инновациялық  үрдістердің  күрделілігі  мен  қайшылықтары  әрі  жаңа 

құбылыстармен  әрекеттесуі  болып  табылады.  Соңғы  жылдары  оқу-тәрбие  үрдісіндегі  жеке 

тұлғаны  дамытуға  бағытталған  оқытуға  үлкен  мән  берудің  ӛзі  еліміздегі  ӛзгерістердің 

маңыздылығын  кӛрсетеді.  Қазіргі  таңда  жаңа  әлеуметтік  жағынан  қорғанған  адам-  ол 

технология ауысуына және нарық талабына сай терең білімді, жан-жақты адам. Сондықтан, 

білім алушы теориялық біліммен қатар практикалық білімнің алғы шарттарын меңгеруі тиіс. 

Бұл мақсат ақпараттық технологияны пайдалануда жүзеге асады.  

Ақпараттық  технологияның  негізгі  мақсаты 

  білім  алушы  қазіргі  қоғам  сұранысына 



сай  ӛзінің  ӛмірлік  іс-әрекетінде  дербес  компьютер  құралдарын  қажетті  деңгейде  пайдалана 

алатындай жан-жақты дара тұлға тәрбиелеу 

2



Ақпараттық технология (information technology) – 

1)

 

объектінің,  үрдістің  немесе  құбылыстың  күйі  туралы  жаңа  ақпарат  алу  үшін 



мәліметтерді  жинақтау,  ӛңдеу,  жеткізу  тәсілдері  мен  құралдарының  жиынтығын 

пайдаланатын үрдіс.  

2)

 

ақпаратты ӛңдеу үшін пайдаланатын технологияның, элементтердің, құрылғылардың 



немесе әдістердің жиынтығы. 

Ақпаратты  жеткізу  әдістері  мен  механизмдерін  және  оларды  жазып,  жинақты 

құрылғыларын  қамтитын  жалпы  ұғым.  Сонымен,  ақпараттық  технология  ұғымы

ӛңделген, 



жинақталған ақпаратты пайдаланушыға жинақталған түрде жеткізу әдістері, құрылғыларын, 

Казахский государственный женский 

педагогический университет                                                                    Вестник №5 (47), 2013 г. 

 



элементтерін  қамтитын  жиынтық.  Яғни,  ақпаратты  бізге  жинақты  түрде  жеткізу 



технологиясы болып табылады 

3



Бүгінгі  күні  Қазақстан Республикасының  білім  туралы  тұжырымдамасы  ойлы,  ӛнерлі, 



білімді  тұлғаны  қалыптастыруға  бағытталған  және  қазіргі  білім  жүйесі  оқушылардың 

танымдық  белсенділігін  дамытатын  оқытудың  дәстүрлі  емес,  белсенді  түрін  және  әдістерін 

оқу үрдісіне енгізу бағытында құрылуы тиіс. Білімді дамыту үшін білім берудің үйреншікті 

әдісінен  оқыту  үрдісінде  білім  алушылардың  пәнге  деген  қызығушылықтарын  арттыратын 

білім берудің жаңа белсенді әдісіне кӛшу керек. Бұл тапсырманы оқыту үрдісінде тек жаңа 

технологияларды қолдану арқылы жүзеге асыруға болады.  

Барлық экономикалық дамыған елдерде білім беру жүйесі толық ақпараттандырылған. 

Білім  беру  үрдісін  ақпараттандыру 

  жаңа  ақпараттық  технологияларды  пайдалану 



арқылы  дүниежүзілік  озық  тәжірибелерге  сүйеніп  жаңа  типті  оқыту,  әр  білім  алушының 

қабілетін  жан-жақты  дамыту  үшін  қолайлы  жағдай  туғызу,  оқу  тәрбие  үрдісінің  барлық 

деңгейлерінің тиімділігі мен сапасын жоғарылатуды кӛздейді.  

Қазіргі  кезде  жаңа  білім  жүйесі  интернеттің  пайда  болуының  арқасында  дамығанын 

барлығы мойындайды.  

Бастысы,  шетел  тілін  меңгеруде  ақпараттық  технологиялардың  алатын  орны  зор. 

Интернет арқылы білім алушы грамматикалық, лексикалық, фонетикалық жаттығулар, оқуға 

және  грамматикаға  арналған  тесттермен  жұмыс  істеу  мүмкіндігін  туғызып,  шетел  тілін 

үйренушіге  аутентті  мәтіндерді  қолдану,  үйреніп  отырған  тіл  азаматын  тыңдау,  олармен 

қарым – қатынас жасау табиғи тілдік ортаны қалыптастырып қана қоймай, ӛзі оқып отырған 

тіл  елінің  тарихы  мен  мәдениеті,  салт-дәстүрлері,  экономикалық  даму  ерекшеліктерін 

қамтитын танымдық білімдерін кеңейтеді. 

Кӛптеген  әдіскерлер  видеофильм,  электрондық  почта,  мультимедиалық  презентация, 

анимациялық суреттер және т.б. кӛмегімен шетел тілінде сӛйлеу қабілетін қалыптастыратын 

жаттығуларды  құрастырумен  айналысып  жатыр.  Ал  шетелде  болмай-ақ,  сол  елдің  тілінде 

сӛйлей  алу  қабілетіне  ие  болу  оңай  емес.  Сондықтан,  оқытушылардың  маңызды 

тапсырмасының бірі шетел тілі сабағында жаңа технологиялардың түрлі амалдарын қолдана 

отырып,  сӛйлеушінің  шын  жағдаяттарын  құру  болып  табылады.  Шетел  тілін  үйрету 

үрдісінде  компьютер  технологияларын  қолдану  сабақты  қызықты  жолмен  ӛткізуге 

кӛмектеседі.  Мысалы,  анимациялық  суреттер,  видео-кӛріністер,  әр  түрлі  дыбыстық 

презентациялар,  бейне-конференция,  анықтама  каталогтары,  жүйеде  сӛйлесу  білім 

алушылардың  бар  ойын  ӛзіне  бағыттайды,  сонымен  қатар,  оқу  үрдісінде  білім  алушының 

белсенділігі  оянады.  Нәтижесінде,  білім  алушы  ақпаратты  жеңіл  әрі  тез  қабылдайды  және 

білім  алушының  ынтасы  мен  қызығушылығы  жоғарылайды.  Тілді  ақпараттық-

коммуникативтік  технология  арқылы  оқыту  –  тіл  үйренушінің  ӛз  бетімен  тіл  үйрену 

қабілеттерін жетілдіруіне игі ықпал ететін тиімді жүйе болып табылады. 

Қорыта  айтсақ  дарынды,  білімді  жастар  ғана  егеменді  еліміздің  ертеңін  баянды  етіп, 

қоғамның  әлеуметтік  –  экономикалық  дамуына  үлес  қоса  алады.  Сондықтан,  студенттер 

оқытушы  берген  білімді,  іс-әрекет  тәсілдері  мен  бағалау  ӛлшемдерін  қамтитын  қоғамдық 

және ұжымдық тәжірибе тағылымдарын игеріп қана қоймай, оны әрі қарай ӛзінің нысаналы, 

белсенді зерделі танымдық іс-әрекетімен сабақтастыруы тиіс.  

 

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 

1.

 

Э.Е. Нұртаева. Болашақ мұғалімдерді электронды оқулықпен жұмыс істеуге даярлау. 



– Алматы: -2007б 15 б. 

2.

 



Ү.И.Кӛпжасарова., А.С.Далабаева. Кӛптілді білім беру саласында ақпараттық 

технологиялардың рӛлі. ҚарМУ хабаршысы педагогика сериясы. -2010.-№1, 81-85 б. 

3.

 

И.Г.Захарова. Информационные технологии в образовании: Учеб. Пособие для 



студ.высш.учеб, заведений. М.:Академия, 2003. 

 


Қазақ мемлекеттік қыздар  

педагогикалық университеті                                                            Хабаршы №5 (47), 2013 ж.

7

 

 



РЕЗЮМЕ 


В данной статье рассматривается цель обучения иностранному языку. Также значение 

использования  средств  интерактивных  информационных  технологий  в  обучении 

иностранному языку.  

SUMMARY 


This  article  deals  with  the  aim  of  teaching  foreign  languages.  Also  the  importance  of 

meaning  and  using  interactive  informational  technologies  in  teaching  foreign  languages  is 

discussed. 

 

 



 

 

УДК372 65 



А32 

 

ШЕТЕЛ ТІЛІН ОҚЫТУ ҮДЕРІСІНДЕ МӘДЕНИ-ӘЛЕУМЕТТІК ҚҰЗІРЕТТІЛІКТІ 

ҚАЛЫПТАСТЫРУ 

 

Айтжанова Г.Д. -

 ф.ғ.к., доцент, PhD 

(Алматы қ., Қ.И. Сәтбаев атындағы  

Қазақ Ұлттық техникалық университеті) 

 

Аннотация:  Қазіргі  кезде  шетел  тілін  кәсіби  түрде  меңгерудің  қажеттілігі  ӛскелең 

заман  талабынан  туындаған  мәселе  екендігі  баршаға  мәлім.  Бұл  саяси  экономикалық  және 

жеке  ұлтаралық,  халықаралық  мәдени  байланыстардың  жандануы  нәтижесінде  қарым-

қатынастың  жаһандануынан  туындап,  біздің  ӛмірімізде  маңызды  рӛлге  ие  болып  отырған 

мәселе.  Шетел  тілін  білу  еңбек  нарығында  маманның  құндылығын  арттыратын  бірден-бір 

фактор болып отыр. Сонымен қатар жұмысқа тұруына  немесе ол жұмыскердің жалақысының 

кӛлеміне де әсер етеді. Болон конвенциясының шешіміне сәйкес шетел тілі мамандарын түрлі 

деңгейде  дайындау  талап  етіледі.  Соның  ішіне  оқушылардың  белгілі  дәрежедегі  қарым-

қатынас  ӛнімділігін  үйлестіру  және  алдына  мақсат  қоя  отырып,  мәдениетаралық 

коммуникативтік құзіреттілігін қалыптастыру кіреді. 

Түйін  сөздер:  құзіреттілік,  салыстырмалы  лексика,  топонимика,  жалқы  есімдер, 

коммуникативтілік. 

Шетел  тілін  оқыту  үдерісінде  мәдени  әлеуметтік  құзіреттілікті  қалыптастыру  шетел 

тілін  белгілі  бір  мазмұнда  оқытуға  негізделген  кез  келген  оқу  орнында  жүзеге  асырылады. 

Және оның құрамдас бӛліктері болып тақырып аясы, мәтіндер, қарым-қатынас жағдаяттары, 

филологиялы және елтану, тілдік біліктілік, оқу және сӛйлеу дағдылары болып табылатынын 

ғалымдар  дәлелдеген.  Оқыту  мазмұнының  маңызды  бӛлігі  елтану  ғылымы  –  бұл  ғылымды 

меңгеру  мамандардың  ӛз  ана  тілімен  қатар  шетел  тілінде  де  ауызша  және  жазбаша 

толыққанды  қарым-қатынас  жасауының  міндетті  шарты.  Қазіргі  ғылым  бұл  жағдайды 

мәдениеттанудың және мәдени әлеуметтік құзіреттіліктің құрамдас бӛлігі деп қарастырады. 

Мәдени-әлеуметтік құзіреттілік оқыту объектісі бола отырып, тек қана коммуникативтік 

қызмет  атқарып  қана  қоймай,  мінез-құлыққа  іс-әрекет,  ойлау,  бӛгде  тілде  сӛйлеуші 

әңгімелесушінің  сезімі  мен  санасы  әсер  ету  қызметін  де  атқарады.  Мәдени  әлеуметтік 

құзіреттілік бір мезгілде заманауи ізгілендіруге бет алуды және білім алудың ізгілендірілуін 

кӛрсетеді. Осы мақсатқа жету барысында бӛгде мәдениетпен жақындастырады, жаңа мәдени 

әлеуметтік  біліммен  қаруландыру  үдерісінде  шетел  тілін  үйренушінің  сауаттылық  деңгейін 

арттырады,  дүниетанымын  кеңейтеді.  Сондықтан,  мәдениетаралық  коммуникативтік 

құзіреттілікті мәдени әлеуметтік құзіреттіліктің құамдас бӛлігі ретінде меңгеру аса маңызды 

мағынаға ие. 


Казахский государственный женский 

педагогический университет                                                                    Вестник №5 (47), 2013 г. 

 



Қазіргі  ғалымдардың  анықтауы  бойынша,  мәдени  әлеуметтік  құзіреттіліктің 



мағынасына «ұлттық мәдениет элементтері, белгілі бір тілде сӛйлеушілердің ұлттық, мәдени, 

тілдік  дағдылары  және  сол  мәдени  әлеуметтік  мән  мәтіндегі  элементтерді  қолданудағы 

икемділіктері,  ӛз  тілінде  сӛйлеуші  қабылдай  алатындай  әдет-ғұрыптары,  ережелері  мен 

заңдылықтары,  ӛлке  тану  білімі,  әлеуметтік  шарттылықтары  және  мәдени-әлеуметтік 

таптаурындары»  кіреді.  Демек,  мәдени  әлеуметтік  құзіреттілікті  қалыптастыру  мәселесін 

шешу  дегеніміз  –  оқушыларға  тиімді  әдіс-  тәсілді  меңгерту  мақсатында  аталған 

құзіреттіліктің жеке құрамдас бӛліктерін зерттеу керек. 

Мәдени-әлеуметтік  құзіреттілік  -  күрделі  ұғым.  Оның  құрамдас  бір  бӛлігі  ретінде 

салыстырмалы  лексика,  топонимика,  жалқы  есімдер  т.б.  қарастыруға  болады.  Берілген 

мәселені зерттеу барысында тілі оқылатын ел туралы, оның мәдени ерекшеліктері мен әдет-

ғұрпы  туралы  мәдени  әлеуметтік  хабар  беретін  аутентикалық  мәтіндердің  жанрлық- 

стилистикалық түрлерінен кӛрінеді. Мұнда хабарламаның кӛрнекілік дереккӛздері диалогтық 

және монологтық сӛйлеу дағдыларын қалыптастырудың негізі бола алады (әсіресе, ӛз тілінде 

сӛйлеушілердің  тұрмысы  мен  мінез-құлығын  кӛсетеді)  және  мәдени  әлеуметтік  бағыттағы 

мәтін  түріндегі  видео  және  аудио  материалдар,  кинофильмдерді  де  пайдалануға  болады. 

Берілген  материалдарды  пайдалана  отырып,  сонда  қамтылған  мәдени-әлеуметтік  білімді 

игеру мәдениет аралық байланысқа түсуші тіл үйренушінің мәдени-әлеуметтік құзіреттіліктің 

лайықты  деңгейіне  жетуінің  басты  шарты.  Аутентикалық  материалдарды  қолдану  тіл 

үйренушілерге нақты пайдаланудағы бӛгде мәдениеттің шынайы болмысымен етене танысуға 

үлкен мүмкіндіктерге қол жеткізуге жол ашады. Қарым-қатынасқа түсуші үшін ӛте маңызды 

хабарламаларға және тәжірибе алмасуға қол жеткізу мүмкіндігі тағы бар. 

Мәдени-әлеуметтік  құзіреттілікті  қалыптастыру  үшін  қолданылатын  дидактикалық 

материалдар  негізіне  мәдениетаралық  шет  тілдік  қарым-қатынас  жағдайында  ӛрбитін 

объектілер  мен  мәдени  іс-шаралардың  стереотиптері,  үйреншікті  сценарийлер  жатады  және 

бұл белгілі берілген құзіреттілікке бара-бар түсініктер. 

Аутентикалық  материалдардың  оқу  үдерісі  барысында  кӛрнекілік  құралдармен  кең 

кӛлемде  жарақталуының  маңызы  зор,  олай  болмаған  күнде,  оқыту  бағдарламасының 

мақсатына  жету  жолында  айтарлықтай  қиындықтар  туындауы  мүмкін.  Мұндай 

материалдарды  сараптау  және  оларды  ұйымдастыру  барысында  шетел  тілін  оқытудың  

жалпы  дидактикалық  және  әдістемелік  нұсқаулықтарын  басшылыққа  ала  отыру,  сонымен 

қатар  шетел  тілін  оқыту  барысында  әдістемелік  басылымдар  арқылы  кӛпшілікке  кеңінен 

таралған  талаптарды  ескере  отыру  қажет.  Сараптау  баысында  аталған  материалдардың 

шеттілдік мәдениеттің оқушылар үшін қолжетімді болуын ұмытпаған жӛн. 

Ғалымдар  мәдени-әлеуметтік  құзіреттілікті  қалыптастыру  үшін  қолданылатын 

материалдарды сараптаудың талаптарын жете зерттеп шықты. Олар: 

-

 



Пайдаланылған материалдардың аутенттілігі; 

-

 



Ақпараттың қанықтылығы; 

-

 



Берілген ақпараттың жаңашылдығы; 

-

 



Заман талабына сай және кӛкейкесті болуы; 

-

 



Оқушылардың қызығушылықтарының ескерілуі; 

-

 



Сӛйлеу дағдыларының оқылатын шетел тіліндегі әдеби нормаларға сәйкес келуі

-

 



Материалдардың ел танушылық және тілдік ел танушылық құндылығының болуы

-

 



Оқушылардың шетел тілін меңгеру деңгейінің таңдалып алынған және пайдаланылған 

материалдармен сәйкес келуі; 

-

 

Таңдалып  алынған  материалдардың  тематикалық  принциптермен  біртіндеп 



күрделенуін ұйымдастыру. 

-

 



Шетел тілін үйрету мақсатында таңдалып алынған материалдарға қойылатын ең негізгі 

талап,  кӛптеген  ғалымдардың  айтуы  бойынша  бұл  материалдардың  ақпараттық  қанықтығы. 

Материалдардың  ақпараттық  қанықтығы  деген  ұғымға  тереңірек  үңілсек,  оқу 

материалдарында мәдени әлеуметтік, фондық білімнің толық бейнеленуі. Сондықтан берілген 



Қазақ мемлекеттік қыздар  

педагогикалық университеті                                                            Хабаршы №5 (47), 2013 ж.

9

 

 



материалдардың  ел  танушылық  және  тіл  танушылық  сияқты  құндылығын  түсіндіре  кету 

орынды. Ондай материалдардың әлеуметтік мәдени дәрежесі оқушылардың коммуникативтік 

құзіреттілігі  дәрежесіне  сәйкес  келеді.  Түрлі  бағдарламада  әлеуметтік  мәдени  құзіреттілікті 

меңгеруге тек қана жоғарыда кӛрсетілген түрлі материалдарды негізге ала отырып қана қол 

жеткізу  мүмкін.  Олар  мәдениет,  әдет-ғұрып,  салт-дәстүр  тілі  оқылып  жатқан  елдің 

материалдық құндылықтарынан жан-жақты ақпарат бере алады. 

-

 



Зерттелінген және пайдалануға берілген әдістемелік оқулық материалдардың маңызды 

ерекшелігіне  олардың  кӛкейкестілігін  жатқызуға  болады.  Материалдар  оқушының  мәдени 

әлеуметтік ӛсуіне ықпал етіп, оларды мәдени әңгімеге жетелейді, яғни, соның арқасында олар 

рухани жетіледі  «тілі оқылып  жатқан елдің әлеуметтік мәдени портретін ұғыну, этникалық, 

нәсілдік  және  әлеуметтік  тӛзімділік,  сӛйлеу  мәнері  және  әлеуметтік  мәдени  сыпайылық, 

келіспеушіліктерді  бейбіт  жолмен  шешу  тәсілдерін  іздеу».  Әлеуметтік  құзіреттілікті 

қалыптастыру  үшін  қолданылатын  оқу  материалдарына  қойылатын  жоғарыда  атап  ӛтілген 

талаптар  мәтінді таңдау кезінде ескерілгені  орынды. Аталған талаптардан басқа мәтіндерді 

зерттеу  кезінде  байқалған  жағдай  мәтіндерге  кейбір  қосымша  талаптар  қою  керек  екендігін 

кӛрсетті. Ол қосалқы талаптарға мыналар жатады: 

-

 

коммуникативтілік, жаңа ақпаратпен жабдықталған, оқушыны еліктіре алатын мәдени 



әлуметтік  қарым-қатынастың  түрлі  жағдаяттарын  кӛрсететін  белгілі  тақырыптағы  мәтіндер 

шетел тілінде қарым-қатынас жасауды ұйымдастырудың негізі бола алады

-

 

мәдени әлеуметтік мәселелерді жүйелі талқылауға ынталандыратын күрделі ӛзгешелік; 



-

 

ӛрістеуші шама – оқушылардың танымдық қызығушылығын жетілдіру мүмкіндіктері, 



шетел тілін меңгеруге деген ынтасын жоғарылату, студенттің ӛздігінен жетілуіне ықпал ету. 

Шетел  тілін  үйретуге  дайындық  бүкілевропалық  құзіреттілікке  сай  берілген  пәнді 

меңгеруді әр түрлі деңгейде жүзеге асыруды жобалайды. Кӛңіл бӛле кететін жайт жоғарыда 

кӛрсетілгендей  таңдалып  алынған  мәтіндердің  ұйымдастырылуы  әр  деңгейге  сай  ерекше 

болуы. Бұл талаптар: 

-

 



А1-А2 деңгейі(мәдени әлеуметтік құзіреттілікті құрудың бастапқы сатысы) жоғарыда 

аталған талаптардың аутентикалық мәтіндердің дағдыландырылуы

-

 

А2  -  В1  деңгейлері  мәтіндерді  графикалық  нұсқада  аутентикалық  мәтіндерді  кіргізе 



отырып, біртіндеп күрделендіре, дыбыстық нұсқада беру

-

 



В1-В2  деңгейлері,  кейде  С1деңгейі  мазмұны  мен  құрылымы  жағынан  күрделенген 

мәтіндерді біртіндеп шет тілдік сӛйлеу дағдыларын үйренуге пайдаланудың тиімді жолы. 

-

 

Мәдени-әлеуметтік  құзіреттілікті  меңгеру  оқу  үдерісі  аясында  бағдарламада 



кӛрсетілген шарттарды негізге ала отырып жүзеге асырылады. Тілдік материалдарды меңгеру 

және әлуметтік мәдени мазмұндағы белгілі тақырыптар сабақтың белгілі кезеңінде жүргізіліп 

отырады (олардың кӛлемі мәтінге байланысты). Бұл кезеңдердің саны бағдарламада берілген 

мәтіндердің санына байланысты. 

-

 

Ғалымдардың  айтуынша,  мәдени-әлеуметтік  құзіреттілікті  меңгеру  үдерісі  алты 



кезеңге  бӛлінеді,  олардың  әр  қайсысын  игерген  оқушы  құзіреттіліктің  жаңа  сатысына 

кӛтеріліп отырады. Берілген кезеңдерге тоқтала кетсек: 

-

 

бірінші  кезеңде  оқушының  лингвистикалық  бірнеше  шектеулі  мүмкіндіктері 



ескеріледі, олар қарапайым мәдени әлеуметтік құбылыстары туралы хабарының болмауынан 

кӛрінеді; 

-

 

екінші  кезең  күнделікті  тұрмыстық  жағдаяттарда  ӛз  ана  тілінде  сӛйлеушілермен 



қарым-қатынас  жасауға  мүмкіндік  береді-амандаса  білу,  ӛтініш  жасау,  жол  сұрау,  тамақ 

сатып алу, қоғамдық кӛлікті пайдалана білу, бұл жерде кӛбіне оқушылар тілі оқылатын елдің 

мәдениетін жетік білмегендіктен мағыналық кедергілерге тап болады

-

 



үшінші кезең алдына үйреншікті орта жағдаятында қарым-қатынас жасау, әдеп сақтау, 

түрлі ауызша коммуникативтік әрекеттерді жасау (талап-тілегін айту, сыйлық жасау, кешірім 

сұрау, зат сатып алу, сату, кейбір керекті  мәселелерді, жеке жұмыстарын  шешу) деңгейінде 

мәдени әлеуметтік құзіреттілікті меңгертуді мақсат етіп қояды. 



Казахский государственный женский 

педагогический университет                                                                    Вестник №5 (47), 2013 г. 

 

10 


-

 

тӛртінші  кезеңнің  мақсаты  әлеуметтік  және  кәсіби  құзіреттілікті  бұрынғыдан 



жоғарырақ деңгейге жеткізу (әдеби сӛйлеу стилі, коммуникация үдерісінде қиындықтарға тап 

болмау үшін тілі оқытылған елдің мәдениетін дәлме-дәл қабылдау) 

-

 

бесінші  кезең  мәдени  әлеуметтік  құзіреттілікті  меңгертуді  табиғи  деңгейге  жақын 



меңгертуді  мақсат  етеді;  мұнда  қарым-қатынасқа  түсуші  ӛзінің  сапалы  білімін  ұлттық 

мәдениеттің  қызметін  түрлі  салада  пайдалану,  құбылыстарды  ӛзінің  туған  елінің 

мәдениетімен салыстыра отырып үйренуге, ұлттық әзілді түсінуге қол жеткізеді; 

-

 



алтыншы  кезеңде  оқушы  мәдени  әлеуметтік  құзіреттілікті  меңгерудің  ең  жоғары 

сатысына кӛтеріледі. Енді ол шетел тілін ӛз ана тілімен бірдей дәрежеде пайдаланады. 

Мәдени-әлеуметтік құзіреттілікті аталған кезеңдердің әр қайсысында сапалы меңгеруге 

қол жеткізу үшін шетел тілін оқытудың жалпы дидактикалық және әдістемелік принциптерді 

есепке ала отырған жӛн. 

Мәдени-әлеуметтік  құзіреттілікті  қалыптастыру  табиғи  оқу  үдерісінде  оқу  жоспарына 

кедергі  келтірмей, бекітілген құжаттар негізінде жүзеге асырылуы тиіс екенін анықтап айта 

кету керек.  

 



  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал