Хроника студенческой жизни Еуразия гуманитарлық институтының газеті №54, 2013 ж желтоќсан окончание на ст



жүктеу 302.29 Kb.

бет1/3
Дата15.09.2017
өлшемі302.29 Kb.
  1   2   3

Хроника

студенческой жизни

Еуразия гуманитарлық институтының газеті



№ 54, 2013 ж. желтоќсан

окончание на стр. 2

Құрметті әріптестер мен 

студенттер!

Сіздерді  келе  жатқан  Жаңа  жыл 

мерекесімен  құттықтаймын!  Ұлу 

жылында  Отанымыз  –  Қазақстан 

Республикасы 

ұлтымыздың 

ұлы 

мұраты  жолында  биік  белестерді 

бағындырып, өз халқының ынтымақ-

бірлігін  сақтап,  береке-байлығын 

еселеп,  көрші  мемлекеттермен 

тату-тәтті  қарым-қатынаста  болып, 

әлем назарының құрметіне бөленді. 

Өздеріңіз  еңбек  етіп,  білім  алып 

жатқан Еуразия гуманитарлық инсти-

тутының  да  ұжымы  еліміздің  қол 

жеткізген  табыстарына  өз  үлесін 

қосып,  қазіргі  жоғары  білім  беруге 

қойылып  отырған  заманауи  талап-

тарды  абыроймен  жүзеге  асырып, 

жарқын  болашаққа  сеніммен  бара 

жатқанына мен бек қуаныштымын. 

Алтын  жалды  арман  тұлпа-

рымыз Жылқы жылы да шабысынан 

жаңылмай, үнемі бабын сақтап, білім 

мен  ғылым  аламанының  жеңімпазы 

болсын! Барлығыңызға шын жүректен 

мықты  денсаулық,  сәулелі  ғұмыр,  ба-

янды  бақыт,  үздік  білім,  нәтижелі 

шығармашылық табыс тілеймін!

Құрметпен, ректор, академик 

А.Қ. Құсайынов

Қазақстанның 

жаңа 

дәуірде 


қол  жеткізген  барлық  табысының 

қайнар  көзі  –  Тәуелсіздік.  Тәуелсіз 

ел  болғандығымыздың  арқасында 

ғана  Қазақстанның  сөзі  мен  ісін 

бүкіл  әлем  таныды.  Дүниенің  бір 

бұрышында  қазақ  деген  халықтың 

үлкен  істер  тындыра  алатын  өресі 

мықты,  өрісі  кең  халық  екенін  әлем 

білді. Қазақстанның биік табысына қол 

жеткізген президенттік билік және осы 

жылдары  мемлекетті  басқарған  Елба-

сы Нұрсұлтан Назарбаевтың дара тұлға 

екеніне де ешкім күмәндана алмайды.

  16  желтоқсан  –  еліміздің 

егемендігін жариялаған күн. Сол күні 

көгімізде  Тәуелсіздік  туы  желбіреді. 

Содан  бері  22  жылға  таяу  уақыт 

өтті.  Осы  өшпес  жылдар  белесінде 

Қазақстан экономикасы қарыштап да-

мыды.  Саясаттағы  сындарлы  бағыт 

өз  жемісін  беруде.  Береке-бірліктің 

арқасында әлем таныған іргелі мемле-

кетке айналдық.

Ғасырлар  бойы  арман  еткен 

егемендікті  қазақтың  басына  қонған 

бағы,  астына  орнаған  тағы  деуге  бо-

лады.  Қазақ  елі  талай  белестерді 

бағындырды.  Желтоқсанда  жарқ  ет-

кен жалынды жастар қазаққа азаттық 

таңын  сыйға  тартқандай  болды. 

Осылайша  күллі  жаһанға  қазақтың 

қайратын, айбынын танытты.

Қазіргі  тәуелсіз  Қазақстан  –  ата-

бабаның  орындалған  шұғылалы  ар-

маны,  сарғайып  күткен  сағынышы. 

Тәуелсіздік  таңын  аңсаған  ата-

бабаларымыздың 

асқақ 


арманы 

орындалды  десек,  қателеспейміз. 

Сондықтан  да  тәуелсіздік  тарихы  ар-

найы әңгімеге үнемі тиек боларлықтай 

ұлы  тақырып  екендігін  қазіргі  ұрпақ 

ешқашан  естен  шығармауы  керек. 

Тәуелсіздікке ынтымағы жарасқан, ау-

ыз бірлігі берік халық қана қол жеткізе 

алатынын  өткеніміз  нақты  дәлелдеп 

берді.  Сондықтан  о  бастан-ақ  рулар 

тайпаларға,  тайпалар  одақтарға,  ал 

тайпалық одақтар елге, халыққа айна-

лу үшін үздіксіз күресті, жан алысып, 

жан  берісті.  Өйткені  халық  болып 

қалыптаспай,  тәуелсіздікті  баянды 

түрде қолда ұстап тұру да мүмкін емес 

еді. Мұны бұрынғылар жақсы түсінді. 

Тәуелсіз  мемлекет  болғаннан 

кейін  оның  өз  заңдары  мен  талап-

тары  болуы  қажет.  Осы  негізде 

Ата  заңымыз  қабылданып,  Ата 

заңға  сүйене  отыра  қоғамдық 

келеңсіздіктерді  реттейтін,  адам 

құқықтарын  қорғайтын  заң  жобала-

ры  қабылдана  бастады.  Қабылданған 

заңдарды  жүзеге  асырушы  сот  билігі 

өз біліктіліктерін көрсете білді. Сонау 

тәуелсіздік  алғаннан  кейінгі  қазіргі 

сот  саласының  айырмашылығы  жер 

мен көктей. Техника мен өркениеттің 

дамыған  заманына  тұспа-тұс  келген 

біздің  егемендігіміз  қарыштап  даму-

да.  Алға  қарай  ілгерілеу  мақсатында 

судьялар  мен  сот  мамандарына 

қажетті  жағдайлар  жасалып,  сот 

мәжілістерін  өткізу  заманауи  тех-

никамен  жабдықталып  өткізілуде. 

Әрбір  сотқа  қатысушы  тараптар  сот 

шешімдерін ғаламтор арқылы оқи ала-

ды. Қазіргі техниканың дамыған зама-

нында заңды білмейтін азамат кемде-

кем. Жылдан-жылға дамып, өркендеп 

келе  жатқан  біздей  жас  мемлекеттің 

алдағы  жетістіктері  өте  мол  деп  нық 

сеніммен айтуға болады.

Өткен  жиырма  екі  жылдың 

ішінде  не  атқардық  деген  сауал  ту-

са,  тізбектеп  сөзбен  жеткізу  мүмкін 

емес.  Сан  ғасырға  жетерлік  іс  тын-

дырылды  және  жүзеге  асырылды. 

Қазақстан  тәуелсіз  дербес  мемле-

кет  болып  қадам  басып,  әлеуметтік-

экономикалық 

жүйе 


өзгерді. 

Қазақстан  Республикасы  адамдардың 

өмір  сүру  деңгейінің  көтерілуі  мен 

жұмыспен  қамтамасыз  етілуіне,  са-

яси  тұрақтылық  пен  азаматтардың 

топтасуына  негізделген  мемлекет  бо-

лып,  бүгінгі  күні  қоғамдық  өмірдің 

барлық  салаларында  алға  басушы  ел 

ретінде танылып, экономикасы, білімі 

және  мәдениеті  тұрақты  мемлекет-

тер  қатарынан  көрінуде.  Қазақстан 

Тәуелсіздігінің  алғашқы  күндерінен 

бастап,  құқықтық  мемлекет  құруды 

таңдағаны  мәлім.  Осы  аяда  елімізде 

сот  жүйесін  реформалау  басталды. 

Бұл  тұрғыда  1995  жылы  халықтың 

қолдауымен 

қабылданған 

жаңа 

Конституцияның  алар  орны  бөлек. 



Ата  заңымыз  елімізді  өтпелі  кезеңде 

тура  жолынан  тайдырмай,  өзінің 

тұтастығы  мен  ішкі  тұрақтылығын 

қамтамасыз  етті.  Осының  бәрі 

тәуелсіз елдің мақтанышы деуге бола-

ды. Туы көкте қалықтаған, ынтымағы 

жарасқан ел болайық!

А. Блялова,

ЮКС-3-3 тобының студенті

1991  жылы  16  желтоқсанда 

Қазақстан  Республикасы  Президенті 

Н.Ә. Назарбаев «Қазақстан Республика-

сының  мемлекеттік  тәуел сіздігі  ту-

ралы»  Қазақстан  Республика сының 

Консти туциялық За ңы на қол қойды. Бұл 

айтулы күн еліміздің тұрғындары үшін 

мереке болып табылады.

Қазақстандықтардың  жү рек  тө-

рін де  еліміздің  тәуел сіз дігін  әлем 

мемлекет  терінен  бірінші  болып  та-

нып, 

қуанышымызды 



бөліс кен 

туысқан  Түрік  Республика сының 

ыстық  ықыласы  әр дайым  сақта-

латыны хақ.

Қазақстан  Республика сын  та-

ну  туралы  мәселе  Түркия ның  Ұлы 

Ұлттық  Мәжі лісінің  күн  тәртібіне  ке-

зектен  тыс  қойылып,  қуа нышты  хабар 

жарты  сағат  өтпей  Қазақстанға  жетті. 

Туыс қан  Түркия  Қазақ стан  Республика-

сы Президенті Н.Ә. На зарбаевқа Алматы-

да тіркелген елшілер арасында бірінші бо-

лып сенім грамотасын тапсырды.

Келесі  күні,  яғни  17  желтоқсанда 

Алматыдағы 

Орта лық 

алаңда 

Қазақстан  Республикасы  Президенті: 



«Дер бес 

мемлекет 

құру 

қазақ 


халқының  ғасырлар  бойы  аңсаған 

арманы  еді.  Міне,  енді  сол  күнге  де 

жеттік.  Қуанышымыз  ұзағынан  бол-

сын, ардақты ағайын!»,-деп жиналған 

сан  мыңдаған  адамдар  алдында 

тебірене ойын жеткізді.

Әрине, бұл күнге халқымыз өзінің 

өмір шеңдігі, күрескерлігі әрі парасат-

ты лы  ғымен  жетті.  Ішкі  және  сыртқы 

факторлардың  әсерінен  біртіндеп 

дербес тігінен 

айырылған 

қазақ 

ханды ғының  көрнекті  ұлт  өкілдері 



тәуелсіздікті  қал пына  келтіру  мен 

азаттық  қағидаларын  барынша  ел 

зердесіне  сақтауда  ерен  табандылық 

пен  байсалдылық  танытып  отыр-

ды. Оған өткен тарихи жолымыз куә. 

Қазақ  мемлекеттігі  үшін  кемел  жа-

сында опат болған хан Әбілқайырдан 

бастап  1986  жылғы  желтоқсанның 

ызғарлы  күндерінде  әміршіл  тота-

литарлық  жүйеге  қасқая  ашық 

қарсылық көрсеткен қазақ жастарына 

дейінгі  аралықтағы  жылдарды  қазақ 

елінің  өз  еркіндігі  мен  бостан дығы 

жолындағы күрес дәуірі деп атауға бо-

лады.

Әрине, Тәуелсіздікке жету қанша-



лықты  қиын  болса,  оны  ұстап  тұру 

соншалықты  күрделі  екені  де  анық. 

Оның  бекуі  шынайы  жарасымдылық 

пен  гуманистік  ұстанымдарға  адал 

болумен  байланысты.  Қазақ станда 

ондай  негіздер  орныққандығы  ту-

ралы 

Алматыдағы 



Республика 

алаңын да  Қазақстан  Тәуелсіздігінің 

бірінші  жыл ды ғына  арналған  митин-

гіде  Алматының  төртін ші  такси 

паркінің  жүргізушісі,  Халық  депу-

таттары  қалалық  кеңесінің  депута-

ты  Е.Казачев:  «Қазақстан  халқының 

ара сын  дағы  достық  болған,  бар  және 

бола  береді.  Осы  жерде,  біздің  ортақ 

Отанымыздың  жерінде  біз  тату-тәтті 

тұруға,  оның  игілігі  мен  гүлденуі 

үшін  күресте  бірігуге  тиіс піз.  Бәріміз 

құрметтейтін  Прези денттің,  Республика 

Үкі метінің,  оның  бүкіл  халқы ның  күш-

жігері  арқасында  біз  қазіргі  қиыншы-

лықтарды табыспен жеңетінімізге сене-

мін»,- деп мәлімдеді.

Сонан  бері,  міне,  22  жыл  өтті. 

Қазақстан байсалды ішкі және сыртқы 

саясатымен  өзінің  дербес  мемлекет 

ретінде әлем қауымдастығымен бірге 

өмір сүруге қабілетті екенін танытты.

Қазақстан  халықаралық  өмірде 

бірнеше  маңызды  бастамасымен  абы-

ройлы  беделге  ие  болуда.  Еліміз  осы 

жылдар  ішінде  көптеген  елдермен 

екі  және  көпжақты  келісімдер  жа-

сап, оларды мемлекетіміздің жоғарғы 

өкілетті  органы  Парламенті  арқылы 

ратификациялады.  1990  жылы  Ре-

сеймен  жасалған  ең  бірінші  шарттан 

бастау  алатын  ратификацияланған 

отандық  шарттар  саны  қазір  мыңнан 

асып, 


отандық 

заңнамамыздың 

қомақты бөлігіне айналды.

Тәуелсіз  мемлекеттілікті  қас-

терлей  білу  қажеттілігі  туралы 

академик  С.  Зимановтың  «Егемен 

Қазақстан»  газетінің  1995  жылы  24 

қаңтарда жарияланған «Мемлекеттілік 

шаңырағы  шайқалмасын»  атты  ма-

қа ла сындағы  «Қаза қс тандағы  ұлт-

тық  мемлекет тігімізді  барған  сай-

ын 


жетілдіріп, 

нығайта 


түсу 

жөнінде  қажымай  талмай  айта  бе-

ру  әрі  орынды,  әрі  қажет.  Өйткені 

мұның  өзі  көп  ұлтты  қоғамымыздың 

мүддесіне  игі  қызмет  ететін  барын-

ша  сенімді,  неғұрлым  тиімді  жүйе 

жасауымызға  мүмкіндік  береді»  де-

ген тұжырымының қазіргі кезеңде де 

маңызды  екенін  Қазақстан  Республи-

касы  Парламенті  мәжілісінің  депута-

ты Қ. Сұлтановтың үстіміздегі жылғы 

8  желтоқ сан  күні  қазақ  теледидары-

на  берген  сұхбатындағы  «Жастарға 

отансүйгіштік, патриот тық сезімдерін 

дарыту,  адамгершілік  пен  ізгілік 

қағидаттарын  берік  ұстануды  наси-

хаттап,  шыңдау  –  Тәуелсіздігіміздің 

кепілдігі»  деген  пайымдауы  онан  әрі 

бекіте түседі. 

Мемлекетіміздің 

Тәуел сіз дігін 

баян ды  етуге  Еура зия  гуманитарлық 

институ тының  да  қосатын  өзіндік 

үлесі бар. 1995 жылы бой көтерген оқу 

орны бүгінде саны жағынан да, сапасы 

жағынан да жоғарғы көрсеткіштерімен 

сипатталады.  Тек  бір  дерек  келтірсек 

жеткілікті. Егер 1999 жылы ЕАГИ-дің 

бірінші түлектері 40 адам болса, биыл 

олардың саны 607-ге жетті.

Еуразия  гуманитарлық  инсти-

тутын  бітірген  мамандар  мемлекет-

тігімізді  онан  әрі  нығайту  жолында 

келелі  табыстармен  ұжымымызды, 

қоғамымызды  қуанта  берсін,  халқы-

мызға  қастерлі  де  қымбатты  мереке 

құтты болсын!

Қ.З. Ыдырысов,

мемлекеттік-құқықтық пәндер 

кафедрасының профессоры, 

заң ғылымдарының 

кандидаты



ОКТЯБРЬ

3 октября – прошла встреча руководителей ву-

за со студентами выпускного курса, сдающих ВО-

УД. На встрече руководство вуза  рассказало сту-

дентам  о важности подготовки и сдачи ВОУД. Сту-

денты задали интересующие их вопросы.

Студенты  1  курса  специальностей  «Перевод-

ческое  дело»,  «Юриспруденция»,  «История»  вме-

сте с преподавателем истории М.М. Джанпеисовой 

посетили Мемориальный комплекс и музей памяти 

жертв политических репрессий в с. Акмол. 



4 октября – в конференц-зале института про-

шел концерт, посвященный Дню Учителя. 



9-10 октября - во дворце «Жастар» прошел по-

луфинал межрегиональной лиги КВН. Команда ЕА-

ГИ «Париж» по итогам двух дней игр, заняв вто-

рое место среди восьми команд–участниц, прошла 

в финал.

17  октября  –  состоялась  встреча  студентов  1-2 

курсов с представителями ОФ «Елорда жастары» при 

Управлении  внутренней  политики  акимата  г.  Аста-

ны  по  разъяснению  Послания  «Стратегия  «Казах-

стан-2050» - новый политический курс состоявшего-

ся государства». Особое внимание в ходе встречи бы-

ло уделено вопросам борьбы с деструктивными рели-

гиозными течениями и организациями.



18  октября  –  преподаватель  кафедры  госу-

дарственно-правовых  дисциплин  Ф.Т.  Байболато-

ва вместе со студентами групп ЮК-2-16, ЮК-3-15, 

ЮКС-2-4    специальности  «Юриспруденция»  при-

нял участие в телепередаче «Алаң» на националь-

ном телеканале «Казахстан» на тему «Қылмыстық 

Кодексті ізгілендіру өз нәтижесін берді ме?». Сту-

денты высказали свое мнение по проблемам гума-

низации Уголовного кодекса.

22 октября - в Евразийском гуманитарном ин-

ституте  состоялась  встреча  лидеров  комитета  по 

делам молодежи с г-ном Хольгером Кусе, профес-

сором  Дрезденского  Технического  университе-

та  (Германия),  руководителем  проекта  по  студен-

ческому  самоуправлению,  реализуемого  при  под-

держке Европейской комиссии. Председатель КДМ 

Нұргүл Тырнахан рассказала гостю о приоритетах го-

сударственной молодежной политики в Республике Ка-

захстан, а активисты КДМ Тендик Байкенов, Анар Сар-

сембай и Перизат Оңғарбек представили деятельность 

КДМ ЕАГИ. В ходе встречи были намечены перспекти-

вы сотрудничества между органами студенческого са-

моуправления ЕАГИ и европейских вузов.



29 октября – студенты 2 курса групп КЯЛ-2-

12, КЯЛ-2-13, ИЯ-2-9, ИЯ-2-10, Ф-2-24  вместе с со-

трудником  деканата  Э.Б.  Шайхсламовой  приняли 

участие  в  торжественных  проводах  призывников 

для прохождения срочной службы в рядах ВС РК в 

рамках патриотической акции «Молодежь Астаны 

и армия - едины».

Состоялась встреча студентов 1 курса с сотруд-

никами  автошколы  «Форсаж-Астана»:  директором 

автошколы  Д.М.  Тургужиновой  и  преподавателем 

правил дорожного движения К.Г. Бисембаевым, на ко-

торой была прочитана лекция по правилам дорожно-

го движения на тему «Пешеход на дороге». Студентам 

было рассказано о проблемах предупреждения нару-

шений правил дорожного движения пешеходами.

30 октября -  на кафедре экономических и мате-

матических дисциплин прошла конференция в рам-

ках  Дней  духовного  согласия  народа  Казахстана. 

Участники  конференции  обсудили  вопросы  межна-

циональных отношений в стране, затронули пробле-

му борьбы с терроризмом и экстремизмом в мире. 



НОЯБРЬ

1 ноября – студент 2 курса специальности «Ка-

захский язык и литература», председатель дебатно-

го клуба «ЕАГИ - ВИКТОРИЯ» Жуандық Мағауия 

получил сертификат за участие в республиканском 

дебатном турнире «Мәңгілік ел».

2 ноября – студенты и преподаватели институ-

та приняли участие в открытии 16 фестиваля творче-

ской молодежи «Шабыт» во Дворце мира и согласия.

Жаӊа   ж ы лыӊы збен!

16 ЖЕлтОҚСАн - ҰлттыҚ мЕРЕкЕ күні

Тәуелсіздік - ел тұғыры!


2013  жылғы  14-26  қазанда  Алматы 

қаласының Балуан Шолақ атындағы спорт 

сарайында бокстан ересектер арасындағы 

әлем  чемпионаты  өтті.  Әлемнің  111 

елінен  келген  былғары  қолғап  шеберлері 

қатысқан  жарыста  Қазақстан  құрамасы 

толағай  табыстарға  жетті.  Төрт  алтын, 

екі  күміс,  екі  қола  медальды  қоржынына 

салған  біздің  команда  бірінші  орынды 

иеленді.    Команданың  бұл  жетістігінде  64 

келі салмақта өнер көрсеткен халықаралық 

дәрежедегі спорт шебері Мерей Ақшаловтың 

үлесі зор болды. Барлық сайыстарда жеңіске 

жеткен Мерей әлем чемпионы атағын жеңіп 

алды. 

Ақшалов  Мерей  1988  жылы  Шығыс 



Қазақстан  облысы,  Аягөз  қаласында 

дүниеге  келген.  Еуразия  гуманитарлық 

институтын  өткен  жылы  бітіріп,  заңгер 

мамандығын  алған.  Қазақстан  Республи-

касының,  Азияның  чемпионы,  Пекиндегі 

олимпиадаға 

қатысқан, 

Болгарияда, 

Түркия да,  Украинада  өткен  халық аралық 

турнирлердің  же ңім пазы.  АҚШ-та  өткен 

әскерилер  арасындағы  чемпионатта  әлем 

чемпионы  атанған.  «Астана-Арланс» 

командасы  құрамында  Дүниежүзілік 

бокс  сериясы  (WSB)  кубогінің  финалы-

на  қатысқан.  Мерейдің  бұл  соңғы  жеңісі 

емес  екендігіне  сенеміз  және  Олимпиада 

биігінен көрінуіне тілектеспіз.

Аргентинаның Посадос қаласында 12-

17 қарашада джу – джитсудан Әлем чемпи-

онаты өтті. Отыз бес елдің спортшылары 

қатысқан  бұл  жарыста  Қазақстанның  ко-

мандасы жергілікті шеберлерді ғана алға 

жіберіп, жүлделі екінші орынды иемденді. 

Әлем  чемпионатында  77  келі  салмақта 

өнер  көрсеткен  Еуразия  гуманитарлық 

институтының  құқықтану  факультетінің 

түлегі Нұрсұлтан Ершуов алтыннан алқа 

тағып,  әлем  чемпионы  атанды.  Сондай-

ақ ол халықаралық спорт шебері атағына 

қол жеткізді. Джу-джитсудың үш түрінен 

де,  джу-джитcу  subnmition,  джу-джитcу 

kombat, джу-джитcу shi-ai, шаршы алаңға 

шыққан  Нұрсұлтан  әлем  чемпионы 

атағын  әкелген  алтын  медалімен  қатар, 

ел  қоржынына  екі  күміс  медаль  сал-

ды.  Нұрсұлтан  1992  жылы  Атырау  об-

лысы Жылы ой ауданында  дүниеге кел-

ген.  Ол  біздің  институтты  биыл  бітіріп 

заңгер мамандығын алған болатын. Сегіз 

қырлы  жігіт  өткен  жылы  «Институттың 

үздік  студенті»  атанған.  Бұған  дейін 

қоян  қолтық  күрес  өнерінен  Қазақстан 

спорт  шеберлігіне  кандидат  атағын 

алған.  Ол  кикбокстан  жастар  арасын-

да  өткен  Республикалық  чемпионаттың 

күміс  жүлдегері.  Нұрсұлтан  әдебиетті 

сүйіп оқиды, әңгімелері, өлеңдері өңірлік, 

республикалық  басылымдарда  жарияла-

нуда. Институт студенттерінің жинағына 

да Нұрсұлтанның өлеңдері енгізілген. Ар-

гентинада  әнұранымызды  шырқатып, 

көк  туымызды  желбіреткен  Нұрсұлтанды 

жеңістерімен  шын  жүректен    құттықтап, 

әрқашан  биіктерден  көріне  беруіне 

тілектестігімізді білдіреміз.

Қ.С. Қалдыбаев, 

мемлекеттік-құқықтық пәндер 

кафедрасының аға оқытушысы



4 ноября – в ЦКЗ «Казахстан» прошел общегород-

ской  праздник  «Посвящение  в  студенты»,  в  котором 

приняли участие студенты 1 курса совместно с кура-

торами и администрацией института. Студентам 1 кур-

са были вручены студенческие билеты представителя-

ми маслихата г. Астаны. В рамках праздника состоял-

ся праздничный концерт, в котором приняли участие 

звезды казахстанской эстрады. 



5 ноября – студенты группы ИЯК-2-7 и ИЯСК-2-1 

вместе с куратором С.Е. Давлетовой приняли участие в 

записи телепередачи «Аймақтар аламаны» на телека-

нале «Хабар».



8 ноября – во дворце «Жастар» прошел финал меж-

региональной лиги КВН. Команда ЕАГИ «Париж» за-

няла 5-е место.

10 ноября – студенты 1-2 курсов ЕАГИ приняли 

участие в качестве болельщиков в финале «Кубка Ка-

захстана по футболу–2013» на стадионе «Астана-Аре-

на», проводимого в рамках празднования 100-летия ка-

захстанского  футбола.  В  праздновании  знаменатель-

ной  даты  принимали  участие  Президент  Республики 

Казахстан Н.А. Назарбаев, члены Правительства, пре-

зидент  УЕФА  Мишель  Платини  и  другие  высокопо-

ставленные гости из УЕФА и ФИФА.

11 ноября – студентка 3 курса специальности «Ка-

захский язык и литература» Дана Сайлаубекова успеш-

но выступила с докладом «Явления фольклорной ци-

клизации в эпосе «Огуз каган» на Международной на-

учно-практической  конференции  «Наука  в  современ-

ном мире: теория и практика» в г. Уфа (Россия, Башкор-

тостан) и получила сертификат. Научным руководите-

лем  является  магистр,  ст.  преподаватель  кафедры  ка-

захской и русской филологии Г. Сағынадин.

14 ноября – в конференц-зале Евразийского гума-

нитарного  института  прошел  традиционный  внутри-

вузовский праздник «Посвящение в студенты». Меро-

приятие  состояло  из  торжественной  части  и  концер-

та, подготовленного силами комитета по делам моло-

дежи. Все присутствующие в зале исполнили Гимн ЕА-

ГИ.  Студенты  первого  курса  выслушали  пожелания 

старшекурсников и произнесли клятву. В концертной 

программе приняли участие танцевальный коллектив 

«Шаттық», домбровый ансамбль «Серпер», студия во-

кала,  вокально–инструментальная  группа,  коллектив 

современного  танца,  поэтический  клуб,  театральная 

студия.  Завершилось  мероприятие  ФЛЕШМОБОМ  с 

участием всех первокурсников.



15 ноября – в Евразийском гуманитарном инсти-

туте  по  инициативе  кафедры  экономических  и  мате-

матических  дисциплин  прошло  праздничное  меро-

приятие, посвященное 20-летию Национальной валю-

ты тенге. Студентами кафедры был организован празд-

ничный концерт, а участники клуба «Қаржыгер» пре-

зентовали фоторепортаж об истории эволюции тенге. 

С поздравительной речью  выступила заведующая ка-

федрой, к.э.н., доцент И.В. Порядина, которая вручила 

всем выступающим студентам благодарственные пись-

ма и грамоты победителям конкурса стенгазет.



  1   2   3


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал