Химия пәнін физикамен байланыстыра отырып оқыту



жүктеу 32.43 Kb.

Дата30.04.2017
өлшемі32.43 Kb.

«ХИМИЯ ЖӘНЕ ХИМИЯНЫ ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ» секциясы 

Секция «ХИМИЯ И МЕТОДИКА ПРЕПОДАВАНИЯ ХИМИИ» 

 

 



ХИМИЯ ПӘНІН ФИЗИКАМЕН БАЙЛАНЫСТЫРА ОТЫРЫП 

ОҚЫТУ 

 

Елемесова П.С., Джакенова А.Н. 

№56 мектеп-лицейі 

 

Кіріктірілу  –  бұл  бір  оқу  материалының  әр  түрлі  саладағы  жалпы 



білімдермен  тоғысуы,  бір-бірімен  етене  араласып  кетуі.  Кіріктірілген 

сабақтар  оқушыға  әлем  туралы,  заттар  мен  құбылыстардың  өзара 

байланыстары  туралы  біртұтас  мағлұмат  береді,  олар  құрылысы  бойынша 

белгілі  қалыпқа  сыймайды,  сондай-ақ,  оқу  сағаттарын  барынша  үнемді 

пайдалануға мүмкіндік береді. Осы тектес сабақтарда оқушылардың бейнелі 

ой-өрісі  дамып,  шығармашылық  мүмкіндіктері  ашылады.  Кіріктірілген 

сабақтардың құрылымы нақтылығымен, сыйымдылығымен, орамдылығымен, 

сабақтың  әр  сатысындағы  оқу  материалының  логикалық  өзара  келісімімен, 

материалдың зор ақпараттық мүмкіндігімен ерекшеленеді. Кіріктірлген сабақ 

оқушылардың  жан-жақты  білім  алып,  әр  түрлі  салада  өз  ойын  жетілдіруге, 

құбылыстарды  салыстыра  білуге  бағыт  береді.  Соның  ішінде  химия  мен 

физиканың  байланысы  туралы  айтатын  болсақ:  Химиялық  физика  - 

заттардың  химиялық  құрылысы  мен  химиялық  түрленулерін  түсіндіретін 

физикалық заңдылықтар туралы ғылым. 

Химиялық физиканың ғылым болып қалыптасуына кванттық механика, 

атом  мен  молекулалар  құрылысы  физикасының  жедел өркендеуі  үлкен әсер 

етті.  Бір  мезгілде  көптеген  бөлшектердің  қатысуымен  жүзеге  асатын 

химиялық 

процестерді 

қарастыратын 

физика 

химиядан 



негізгі 

айырмашылығы - химиялық физика жеке бөлшектердің және олардың өзара 

әрекеттесуін зерттейді. 

Химиялық  физика  атомның  электрондық  қабығының  құрылысын 

зерттейді.  Сондықтан  ғылымның  бұл  жаңа  саласын  кеңес  физиктері 

электрондық  химия  деп  атаған  (1927).  Атомның  электрондық  құрылысын 

зерттеуден  алынған  физиканың  жаңалықтары  периодты  заңның  физикалық 

мәнін,  элементтердің  периодтық  жүйесіндегі  қасиеттерінің  өзгеру 

заңдылықтарын түсіндірді. 

9  сыныпта  «Темір»  тақырыбын  кіріктіре  оқыту  оқушыларға  металдар 

жөнінде мол мағлұмат береді.  

Сабақтың тақырыбы: Темір.  

Сабақтың түрі: Кіріктірілген сабақ.  

Кіріктіру нысаны: Химия ғылымы  

Кіріктірілетін пән: физика 

Сабақтың  мақсаты:  Темір  металы  жөнінде  білімдерін  кеңейту. 

Оқушылардың  білімдерін  жүйелендіру,  пәнге  деген  біртұтас  көзқарас 

қалыптастыру.  



«ХИМИЯ ЖӘНЕ ХИМИЯНЫ ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ» секциясы 

Секция «ХИМИЯ И МЕТОДИКА ПРЕПОДАВАНИЯ ХИМИИ» 

 

Сабақтың міндеті: 1.Темір элементін жан – жақты зерттеу арқылы темір, 



оның  қосылыстары,қолданылуы,  маңызы  жөнінде  білімдерін  кеңейтуге 

жағдай жасау.  

2.Оқушылардың  ойлау,  қорытындылау,  жүйелеу  қабілеттерін  дамытуға 

ықпал ету.  

3.Оқушылардың  шығармашылық  мүмкіндігін  дамыту,  қабілетін 

арттыру, қосымша материалдар арқылы эстетикалық тәрбие беруге қолайлы 

орта құру  

Көрнекілік:  Слайдтар  (интернеттен  алынған  материалдар),  электронды 

оқулық  (9  сынып  химия  ),  металдар  коллекциясы,  табиғи  минералдар 

коллекциясы,  периодтық  кесте,  суреттер,  реактивтер,  қосымша  әдебиеттер, 

химия энциклопедиясы,интерактивті тақта...  

І.  Ұйымдастыру  кезеңі:  1.Топқа  бөліну.  (сандар  арқылы)  2.  Сәлемдесу, 

түгелдеу, сабақ мақсатымен таныстыру. 

ІІ.  Жаңа  сабақ:    1.  Қызығушылықты  ояту.  Болжау  стратегиясы  арқылы 

сабаққа  ой ашар  жасау.  Сұрақ.  Ертеде қай  металды    «аспаннан  түскен»  деп 

есептеген?  Балалар  алдыменен  жеке,  жұпта,  топта  жұмыс  жасап,  ойларын 

жинақтап  алып,  сосын  әр  топ  басшылары  топтың  ойын  топ  арасында 

жариялайды.(жұмыстарын А3) қағазына түсіруге болады 

2.  Мағынаны  ашу.  Осы  тақырыпта  бүгінгі  күні    жан-жақты  зерттеуге 

байланысты өз міндеттерімізді бөліп алайық. 

 - оқырмандар тобы 

 - Химиктер тобы 

- Физиктер тобы  

-болашақ ғалымдар тобы 

-оқырмандар оқулық көлемінде жұмыс жасайды 

-химиктер 

(темірдің 

периодтық 

жүйедегі 

орыны, 


ашылу 

тарихы,қолданылуы) мәтін көлемінде жұмыс жасайды. 

-Физиктер  топта  жұптасып  (Атом  құрлысы(электрон,  протон,  нейтрон 

саны,  салыстырмалы  атомдық  масса,  табиғатта  таралуы  және  маңызы, 

физикалық қасиеттер) мәтін көлемінде жұмыс жасайды 

-Болашақ 

ғалымдар  өз  ақпараттарын  ортаға  салады.(Темірдің 

геохимиялық  қасиеттері,  биологиялық  маңызы,    құранда  темір  туралы, 

Абайдың жұмбағы, Темір туралы мақал – мәтелдер) мәтін көлемінде жұмыс 

жасайды 


Әр топ өз мәліметтерін жеке, жұпта, топта талқылап топ арасына шығып 

жариялайды. Топтар арасында сұрақ-жауаптар болады. 

3. Ой толғаныс: 

Деңгейлік тапсырмалар  

І. «Қанағат»  

1. Реакцияны аяқта, теңестір.  

Fe+O

2

 →  



Ca+Cl

→  



Mg+S → 

«ХИМИЯ ЖӘНЕ ХИМИЯНЫ ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ» секциясы 

Секция «ХИМИЯ И МЕТОДИКА ПРЕПОДАВАНИЯ ХИМИИ» 

 

2. Ион алмасу реакциясын аяқта, толық қысқартылған иондық теңдеуін 



жаз  

BaCl


2

+ H


2

SO

4



 → 

3. Массасы 80 г кальцийдің зат мөлшерін тап.  

ІІ. «Талап»  

1.  Ca  →CaO→Ca  (OH)2  →CaSO4  өзгерістерді  жүзеге  асыруға  мүмкін 

болатын химиялық реакцияларды жаз.  

2. 80г кальций жанғанда жұмсалатын оттегі және ауа көлемін тап.  

3. Реакцияларды аяқта, теңестір.  

Al(OH)


3

 → Al


2

O

3



+?  

Mg+HCl →MgCl

2

+?  


ІІІ. "Терең ой”  

30г натрий алюминаты қанша көлем көміртек (ІҮ) оксидімен әрекеттесе 

алады?  

1. 2NaAlO

2

+CO


2

=Na


2

CO

3



+Al

2

O



3

 V(CO


2

) қ.ж. →?  

2. 200г 15%-тік натрий хлоридімен күміс нитраты әрекеттескенде қанша 

г күміс хлориді түзіледі.  

NaCl+AgNO

3

=NaNO



3

+AgCl↓  


3. KСlO

3

 →KCl+O



2

 теңдеуіндегі барлық коэфициенттер жиынтығын тап. 

Сабақты  қорытындылау  мақсатында:  «Movie  Maker»  программасында 

жасаған «Металдар» туралы бейне баян  тамашалау. 

ІҮ. Үйге тапсырма: 1.§40 2. Шойын мен болат туралы іздену жұмыстары 

Ү. Бағалау:  Жиынтық бағалау. Кері байланыс парағы. Ұнады! Ұнамады! 

Сұрақ? 

 

Әдебиеттер тізімі 



 

1.

 



Меньшикова Т. В. Интегрированный урок по теме: Магнитное поле 

Земли  (физика,  география,  биология,химия)  //  Фестиваль  педагогических 

идей  «Открытый  урок».  2006-2007  учебный  год.  -  сайт  ИД  «Первое 

сентября»; 



2.

 

Темірболатова  А.  Химия  9сынып  Каз.шк.  Есептер  мен  жаттығулар 



жинағы 2009ж 

 




©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал