Химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі



жүктеу 375.82 Kb.

бет1/3
Дата08.09.2017
өлшемі375.82 Kb.
  1   2   3

 



 

 

 

 

Химия-биология бағытындағы  

Назарбаев Зияткерлік мектебі  

жанындағы жатақхананың 2015-2016 оқу жылында  

атқарған қызметі бойынша 

ЕСЕБІ

 

 

 



 

 

 



Атырау қаласы 

2015-2016 

 

 



ЖАТАҚХАНА ҚЫЗМЕТІНІҢ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛУЫ 

Атырау  қаласы  химия-биология  бағытындағы  Назарбаев  Зияткерлік  мектебі 

жанындағы  жатақхана  қызметінің  басты  мақсаты  тәрбиеленушілердің  қалыпты 

демалысына  жағдайлар  туғыза  отырып,  шығармашылық  ізденісін  қолдау,  көшбасшылық 

қасиет, үлкеннің кішіге деген қамқорлығын, оқу-танымдық қызығушылығын оята отырып,   

әлеуметтік ортада өзін-өзі мәдениетті ұстауға тәрбиелеу болып табылады. 

2015-2016  оқу  жылында  жатақханаға  орналасқан  оқушылар  саны  132  болды. 

Олардың ішінде ер бала саны – 40, қыз балалар саны – 92.  

Педагогикалық жоғары білімді 9 тәрбиеші, 4 көмекші тәрбиеші 3 медбике бекітілген 

жұмыс кестесі бойынша өз міндеттерін атқарды. 

Әдеттегідей  оқу  жылының  басында  атқарылатын  қызмет  бағыттары  және  тәрбие 

бағыттары бойынша үйлестіруші көшбасшылар белгіленді: 

-

 

«Ұйымдастыру-басқару  жұмысы»  және  «Азаматтық-отансүйгіштік  тәрбие» 



бағыты бойынша – Б. Рахымжанова

-

 



 «Мониторинг  бойынша  іс-шаралар  және  тәрбие  үдерісінің  әдістемесі»  және 

«Алуан мәдениетті дамыту бағыты» бойынша – Ж. Молдағалиева; 

-

 

«Білім беру үдерісін қолдау шаралары» және «Көшбасшылық  қасиетті  дамыту» 



бағыты бойынша – Г. Құдабаева; 

-

 



«Ата-аналармен жұмыс» және «Зияткерлік дамыту» бағыты бойынша Б. Қасаева; 

-

 



«Рухани-адамгершілікке тәрбиелеу» бағыты бойынша Г. Тынымбаева; 

-

 



«Тәні мен психологиялық саулығының дамуына тәрбиелеу» бағыты бойынша – 

С. Сюнов; 

-

 

«Көркем-эстетикалық тәрбие» бағыты бойынша – Б. Тыныбаева. 



Сонымен  қатар  бөлінген  көшбасшылық  жатақхана  қызметінің  басқа  да  тұстарын 

қамтыды. Олар: 

 

Оқушылар кеңесіне жетекшілік ету – А. Аяп; 



 

Қыз  балалар  және  ер  балалармен  жұмыс  –  Ж.  Қуанышкереева,  Б.  Тыныбаева,  С. 



Сюнов; 

 



Тәрбиешілер кеңесінің хаттамасын жүргізу – Г. Тынымбаева; 

 



Жатақхана қызметкерлері жиналысының хаттамасын жүргізу – Г. Құдабаева; 

 



Ата-аналар жиналысын хаттамасын жүргізу – Б. Қасаева; 

 



Оқушылардың тамақтану табелін жүргізу – Ж. Молдағалиева; 

 



Үйірме жұмыстары бойынша үйлестіруші – Г. Тынымбаева; 

 



Аквариум тазалығын қадағалау – Ж. 

Куанышкереева., С. Сюнов., Б. Тыныбаева;

 

 

ТӘРБИЕ БАҒЫТТАРЫ БОЙЫНША АТҚАРЫЛҒАН ШАРАЛАР 



Азаматтық-отансүйгіштікке тәрбиелеу

 

Міндеті:  Отанға,  оның  тарихына,  мәдениетіне, 

дәстүріне,  табиғатына  деген  сүйіспеншілікке  тәрбиелеу; 

отбасына, қоғамға, еліне деген азаматтық жауапгершілікке 

тәрбиелеу. 



Күтілетін  нәтиже:  Тәрбиеленушілерді  патриоттық  тәрбиелеуге  сәйкес  шаралар 

жүйесі;  тәрбиеленушілердің  патриоттық  санасы,  әлеуметтік  белсенділігі  және  азаматтық 

жауапкершілігінің өсуінің жағымды динамикасы; 

Қазіргі қоғамдағы тұлғаның өзін-өзі анықтауына қажетті адамгершілік қасиеттерін 

қалыптастыру:  мемлекетке,  билік  органдарына,  мемлекеттік  рәміздерге,  заңдарына, 

Конституцияға, азаматтық борыш сезіміне, өзіне талап қоя білуіне деген құрметі. 



 



Өткізілген тәрбие шаралары: 

03.09.2015  ж.  «Ата  Заңым  ардағым!»  тақырыбымен  өткізілген  тәрбие  шарасының 

мақсаты

 

құқықтық  білім,  тәрбие  беру  арқылы  оқушылардың  бойына  заңға  деген 



сүйіспеншілік  сезімін  ұялатып,  өз  құқығын  білетін  Конституциядағы  міндеттерді 

орындайтын  азаматты  тәрбиелеу  болды.  Оқушылар  Ата  заң  туралы  викториналық 

сұрақтарға  жауап  бере  отырып,  адам  бостандығы  мен  құқығын  сыйлайтын  және  оны 

қорғайтын жеке тұлға ретінде білімдерін толықтыра түсті.  

Соынмен  қатар  қыркүйек  айының  алғашқы  аптасы  «Мәңгілік  Ел»  Жалпыұлттық 

идеясының құндылықтарына негізделген мектеп құндылықтарын зерделеуге арналды. Әр 

топ  оқушылары  Зияткерлік  мектебіміздің  құндылықтары  туралы  шағын  бейнероликтер 

дайындап,  қатарымызға  жаңадан  қосылған  7-сынып  оқушылары  үшін  тәрбие  мектебінің 

үлгісін көрсетті.   

12.09.2015  ж.  Қазақ  хандығының  550  жылдығына  орай  «Ұлылар  ісін  жалғайтын, 

біздер  батыл  ұрпақпыз,  Бабалардың  ұлы  ісін  отбасымен  қолдаймыз!»  тақырыбында 

ұйымдастырылған тәрбие шарасының мақсаты ұлы бабаларымыздың ерлігін бағалай білуге 

тәрбиелеу,  сол  арқылы  еліне,  жеріне  деген  сүйіспеншілік  сезімдерін  қалыптастыру; 

тәрбиеленушілерді  Отансүйгіштікке,  батылдыққа    жігерлілікке,  қайсарлыққа  тәрбиелеу; 

ата-аналар, тәрбиешілер мен оқушылардың   ынтымақтастық  қарым-қатынасын арттыру  

топтың намысын  қорғауға баулу болды. 

Ата-аналары  және  топ  тәрбиешілерімен  бірлесе  додаға  түскен  оқушылар 

командалық жарысқа бар ынта жігерімен қатысып, топтың намысын   қорғап, қазақстандық 

патриотизмді  жоғары  бағалайтын,  салауатты  өмір  салтын  сүйетін,  ынтымақтастықта  

тәрбиеленген ұрпақ үлгісін көрсетті.  

24.10.2015 ж. жалғасын тапқан тәрбие шарасы қазақ хандығы құрылуының тарихи 

оқиғалар  тізбегін  еске  түсіре  отырып,  танымдарын  арттыру;  тарихи  ұлы  тұлғалардың 

ерліктерін  насихаттай  отырып,  отансүйгіштікке  тәрбиелеу;  тарихи  қала  –  Сарайшық 

топырағында  билік  құрған  қазақ  хандарының  тарихын  зерделеу;  өткенді  бағалап, 

болашаққа  бағдар  беруге  баулу  мақсатында  «Сырға  толы  Сарайшық»  тақырыбымен 

«Сарайшық» өлкетану мұражайына жол тартқан саяхатқа ұласты. 

 18.11.2015  ж.  «Егемен  Қазақстан»  газетінде  жарияланған  қоғам  және  мемлекет 

қайраткері Шәмшә Көпбайқызы Беркімбаеваның «Бір адам қазған құдықтан мың адам су 

ішеді «Қадім» және «Жәдид» мектептерінен «Назарбаев зияткерлік мектептеріне» дейін» 

мақаласын талқылауға арналған оқушылар конференциясы болып өтті. 

Ауқымды  тақырыптарды    «Жәдид»  мектептерінен  қазіргі  «Назарбаев  Зияткерлік 

мектептеріне» дейін болған маңызды оқиғалар туралы сөз қозғалған конференцияда қазақ 

даласындағы  мектептердің  ашылуына  еңбегі  сіңген  Жәңгір  хан,  Ы.Алтынсарин, 

А.Байтұрсынов  сынды  қазақ  жанашырлары,  алғашқы  мектептердің  басынан  кешкен 

қиындықтары туралы әңгіме қозғалып, талдау жасалды. Президентіміздің білім жолындағы 

жаңа бетбұрысы – халқымыздың болашағы үшін салған ең үлкен инвестициясы деп ұғынған 

жас  зияткерлер,

 

оның  қайтарымы  халқымыздың  баға  жетпес  құндылығы  боларын  түсіне 



білді.          

23  қараша-1  желтоқсан  аралығында  Елбасының  сан  қырлы  талант  иесі,    әлемдік 

аренадағы  танымал  көшбасшы  ретінде  таныта  отырып,  еліміздің  еңсесін  тіктеп, 

мемлекеттігімізді  нығайтып,  халқымызды  әлемге  танытып,  алаш  баласының  абройын 

асқақтатқан  Елбасының  өмірлік  қағидаты  мен  құнды  тәжірибесін  зияткер  оқушылардың 

біліуіне,  түсінуіне,  үлгі  тұтуына  ықпал  ету  мақсатында  Тұңғыш  Президент  күніне  орай 

«Елбасы салған сара жол»  тақырыбында апталық өткізілді.  


 

Тұңғыш Президентіміздің салиқалы саясатымен алға адымдаған Тәуелсіз еліміздің 

тарихы  мен  табыстары  туралы  бейнебаяндар  мен  деректі  фильмдерді  тамашалаған 

оқушылар  викториналық  сұрақтарға  жауап  беріп,  спорт  саыстарына  қатысты,  Елбасына 

деген  ыстық  лебіздерін  өлеңдері  мен  эссе  тақырыптарына  арқау  етті.  Тұңғыш 

Президентімізбен  жүздесу  сәтінен  сыр  шерткен  ата-аналармен  кездесіп,  апталықты 

«Тұңғыш  Президент  күні  -  тарихи  маңызы  зор  мереке»  тақырыбымен  өткізілген  әдеби 

кешпен қорытындылады.  

10.12.2015  ж.  өздерінің  құқықтарын  біліп  қана  қоймай,  жауапкершіліктерін 

сезіндіру, жеке адамның, қоғамның, мемлекеттің өмірлік маңызды мүдделерінің ішкі және 

сыртқы қатерден қорғалуына үлесін қосатын жастарды тәрбиелеу мақсатында тарих пәнінің 

мұғалімдерімен  бірлесе  отырып  «Қауіпсіздік  және  жауапкершілік»  тақырыбында  тәрбие 

шарасы өткізілді. Топтық жұмыстарға белсене араласқан оқушылар тәртіп, қауіпсіздік және 

жауапкершілік туралы мәліметтер алды. 

Сәуір айында туған жерге, туған жердің белді тұлғаларына құрмет танытып, бағалай 

білуге тәрбиелеу мақсатында жоспарланған шара аясында оқушыларымыз өлкеміздегі Ұлы 

Отан  соғысы  ардагерлері  мен  қоғамымызға  еңбек  сіңірген  қайраткерлерге  арнап 

ризашылықтарын  білдірген  хаттарын  жазып,  жатақханамыздың  айлық  басылымы  «Жас 

қыран»  газетіне  жариялады.  Және  бұл  үрдісті  жаңа  оқу  жылында  жалғастырып, 

ризашылықтарымызды ақ тілек иелеріне, олардың отбасыларына табыс етуді жоспарладық.  



Зияткерлік ой-өрісін дамытуға тәрбиелеу 

 Міндеті: сыни және шығармашылықпен ойлауды дамытуға сай 

болу,  проблемаларды  шеше  білу,  зерттеу  және  АКТ  дағдыларын 

кеңейту; тәрбиеленушілердің әр түрлі бағыттағы білімін кеңейту.  



Күтілетін  нәтиже:  тәрбиеленушілердің  танымдық,  ойлау,  есте 

сақтау қабілеттерін  дамыту, басқа да белгілі бір қабілеттерін анықтау; 

тәрбиеленушілердің ғылыми-жобалық дағдыларын қалыптастыру. 

17.09.2015  ж.  өткізілген  апталық  Қазақстандағы  Тілдер  мерекесіне  қарай 

ұйымдастырылып, оқушыларды ұйымшылдыққа, достыққа, өзін-өзі тануға, айналасындағы 

ортамен  қарым-қатынас  орната  білуге,  адамгершілікке,  ана  тілін  сүйіп,  қастерлеуге 

тәрбиелеу, олардың зияткерлік әлеуетін көтеру мақсатын көздеді. Балалар өздерін ана тілін 

құрметтеп, қастерлейтін, туған елге деген сүйіспеншілігі жоғары, өзге тілдерге құрметпен 

қарап, тілдік сауаттылығын жан-жақты дамытуға дайын ұрпақ ретінде өздерін таныта білді. 

Оқушылардың  жас  ерекшеліктерін  ескере  отырып  тәрбие  шараларының  өту  әдісі, 

тақырыптары  өзгеріп  отырды.  Мысалы,  7-сынып  оқушылары  үшін  «Тапқыр  достар» 

сайысы, 8,9- сынып оқушылары үшін тіл туралы өз ойларын тарқату мақсатында «Тіл – ұлт 

болашағы»  тақырында  эссе  жазу,  10,  12-сынып  оқушыларының  қатысуымен 

Елбасымыздың тіл туралы саясатын жүзеге асырып, ҚР-ның мемлекеттік тілі-қазақ тілінің 

мәртебесін  көтеруге  баулып,  танымдық  қабілеттерін  арттыру  мақсатын  көздеген  «Тіл 

тірегіміз-соғып тұрған жүрегіміз» тақырыбында мерекелік кеш өткізілді.  

Жыл  бойы  өткізілген  интеллектуалдық  ойындар  мен  тренингтер  оқушылардың 

логикалық  ойлау  қабілетін,  дүниетанымын,  қызығушылығын  арттырып,  шығармашылық 

ізденіске баулуды, ұқыптылыққа, бірлікке, ынтымақтастыққа, шапшаңдыққа, белсенділікке 

тәрбиелеп,  білімге  деген  құштарлығын  арттыруға,  олардың  ақпараттық  кеңістіктегі 

көшбасшылығын дамытып,  қажетті ақпараттарды өз бетінше іздеп таба білуге және есте 

сақтау қабілетін дамытуға арналды.  «Білімді мыңды жығар!», «Кітап-рухани байлықтың 

қайнар  көзі»,  «Назарбаев  Зияткерлік  мектебінің  лидері»,

  «


Зияткер  көшбасшы» 

тақырыптарымен  өткен  интеллектуалдық  бағыттағы  тәрбие  шаралары  оқушылардың 



 

танмдық ой-өрісін арттырып ғана қоймай, олардың үнемі  ынтымақтасқан ортада бірлесе 

жұмыс атқара білулеріне, ортада өзіндік ой-пікірлерін ашық танытып, сыни көзқарастарын 

дамыта білуге ықпал етті. 



Рухани-адамгершілікке тәрбиелеу 

Міндеті: 

жауапкершілік, 

құрмет, 

адалдық, 

адамгершілік,  мейірімділік,  имандылық  сияқты  қасиеттерді 

қалыптастыру,    өз  халқының  мәдениетін,  салт-дәстүрін,  әдет-

ғұрпын меңгеру 

Күтілетін  нәтиже:  адамгершілік  қасиеттері,  сезім, 

көзқарас, 

саналы 

мінез-құлықты 



қалыптастыру; 

тәрбиеленушілерді  жалпыадамзаттық  құндылықтарды:  қайырымдылық,    мейірімділік, 

көңіліне ортақтасу, жанашырлық, альтруизм, төзімділік, жомарттылық, қарапайымдылыққа 

бағдарлауға үйрету; алыс және жақынға көмек көрсетуге, бейбітшілікке, көршілермен тату 

болуға, адам өмірінің құндылықтарын түсінуге ұмтылуға дайын болу; адалдық, әдептілік, 

жауапкершілік, гуманизм, еңбексүйгіштік, үлкендерге құрмет көрсету сияқты адамгершілік 

қасиеттерге тәрбиелеу. 

Өзіндік сананы дамытуға жағдай жасауды, жеке тұлғаның әдеп ұстынымын, оның 

қоғам  өмірінің  нормалары  мен  дәстүрлерімен  келістіретін  моральдық  қасиеттерін  және 

бағдарларын  қалыптастыруды,  жас  зияткер  бойындағы  рухани-адамгершілік  тәрбиесін 

дамытуды  көздеген  тәрбие  шараларының  легі  08.10.2015  ж.  өткізілген  «Біз  Елбасымен 

мақтанамыз!» атты Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаевтың БҰҰ Бас ассамблеясының 70-

сессиясының  жалпы  дебатында  сөйлеген  сөзін  зерделеуге  арналған  тәрбие  шарасымен 

басталды.  

Біріккен Ұлттар Ұйымының қолдауымен Жаһандық Стратегиялық Бастама  – 2045 

жоспарын  жүзеге  асырудың  алғашқы  қадамы  болып  табылар  «Жаңа  Болашақ»  (NEW 

FUTURE) концепциясын әзірлеуге шақырған Елбасының ұстанымын ой түйсігінен өткізе 

білген шәкірттер рухани адамгершілік пен парасаттылықтың үлгісін үйренді.    

 Оқушылар топтарға бөлініп, келесі сұрақтар бойынша өз ойларын қорғады: 

1. Жаһандық Стратегиялық Бастама – 2045 жоспарын әзірлеуді жүзеге асырылуын 

қалай елестетесіздер? 

2. «Жасыл технологияларды» дамыту жөніндегі пікірлеріңіз қандай? 

3. БҰҰ штаб-пәтерін Азияға көшіру мәселелеріне көзқарасыңыз қандай? 

4. ХХІ ғасырдағы мәдениеттер мен пікірлерге деген толеранттылық пен қолдау және 

оларды ұлғайту туралы пікірлеріңіз? 

5. Терроризм мен экстремизмнің алдын алу жөніндегі пікірлеріңіз? 

6. Әлемдік кеңістіктегі Қазақстанның оң имиджін қалыптастырушы  ең қарапайым 

10 идеяңызды ұсыныңыздар.  

«Бірлігі        жарасқан      Қазақстан»,  «Мамандықтың  бәрі  жақсы»,  «Өзіңді  атақты 

тұлғалармен  салыстыр»,  «Көрісу  мерекесі»,  «Қош  келдің,  Наурыз!»,  «Әдептілік-

адамгершілік бастауы», «Кітап-рухани байлықтың қайнар көзі», «Шындық шыңы-ақиқат» 

тақырыптарында  өткен  тәрбие  шаралары  жас  зияткерлердің  тарихи-мәдени  және  рухани 

құндылықтарды  бағалап,  болашақ  мамандықтары  туралы  ойланып,  ізденуге,  халық 

құрметіне  бөленіп  жүрген  тұлғалар  бойындағы  жақсы  қасиеттерді  үлгі  тұтып,  әдептілік, 

адамгершілік мектебінен үлгі алуларына өз үлесін қосьы.  

Сонымен қатар рухани қазынасын байытар кітап әлеміне үңіліп, «100 кітап» жобасы 

аясында өткізілген «1. 2. 3» акциялары мен «Библиосумерки», «Bookbingo», «Графикалық 

органайзер», «Бар мәселе – қалпақта» іскерлік ойыны, «Белгіленген поэзия», «Интеллект 



 

карта», «Әлем картасы» сияқты іскерлік ойындар мен тренингтер барысында оқушылардың 

кітап оқуға қызығушылығы артып, жатақхана мен кітапхана арасындағы байланыс нығая 

түсті.  


Тәрбие  үдерісінде  мұғалім  мен  оқушының  екі  жақты  байланысқан  қызметін 

сипаттайтын  өзара  тұрақты  әрекеттестіктің  жүзеге  асырылуын  зерттеуге  арналған 

сауалнама барысында оқушылардың кітап оқу, рухани даму қабілетін анықтау мақсатында 

қойылған сұрақтарға орай оқушылар өздерінің сүйікті шығармаларымен, өздері жиі оқитын

 

аудио  кітаптар  және  онлайн  шығармаларымен  бөлісті.  (Ол  туралы  мәліметтерді 



мониторинглеу бойынша атқарылған жұмыстар есебінен оқи аласыз). 

Тәні мен психологиялық саулығының дамуына тәрбиелеу 

Міндеті: денсаулыққа деген дұрыс көзқарасты қалыптастыру, 

тәні мен психологиялық денсаулығын сақтауда алдын алу шараларын 

жүргізу,  зиянды  заттарды  пайдалануды  және  компьютерлік 

ойындарға  тәуелділіктің  алдын  алу,  спортқа  деген  сүйіспеншілікті 

дамыту 

Күтілетін нәтиже: оқушылардың физикалық, психологиялық 

және әлеуметтік денсаулығын сақтауға және нығайтуға жағдай жасау; жас ерекшеліктеріне 

қарай  жүйелі  бағытталған  және  қызметтің  пәндік  сипаты  туралы  заманауи  түсінігіне 

сүйенетін  дамушы  ортаны  құру,  жетістікке  жетудің  бірден-бір  жолы  ретінде 

тәрбиеленушілердің  салауатты  өмір  салтына  қарым-қатынасын  қалыптастыру  үшін, 

тәрбиеленушілердің  тұлғалық  және  психологиялық  өсуінің  дамуы  және  маңызы; 

тәрбиеленушілердің денсаулығын сақтау және нығайту. 

Тәні  мен  психологиялық  саулығының  дамуына  тәрбиелеу,  ең  алдымен, 

оқушылардың  саулығына,  қауіпсіздігіне  көңіл  аударудан  басталады.  Сондықтан  да 

оқушылар жатақхана орналасқан бойда, 01.09.2015 ж. техникалық қауіпсіздік ережесімен 

таныстырып, төтенше жағдайларда әрекет ету ережелерін үйрету, тәртіп сақтауға, жұмыс 

кезінде  қоғам  мүлкіне асқан  жауапкершілікпен  қарауға  тәрбиелеу  мақсатында  өткізілген 

татақхана  оқушыларынң  жиналысында  мектептің  техникалық  қауіпсіздік  және  өрт 

қауіпсіздігі  жөніндегі  инженері  есте  сақтауға  қажетті  нұсқаулықтармен  таныстырып, 

қауіпсіздік шарларымен таныстырды. 

«Дені  саудың  жаны  сау»  көңілді  ойындар  сайысы  (10.09.2015  ж.),  «Ұлылар  ісін 

жалғайтын,  біздер  батыл  ұрпақпыз,  Бабалардың  ұлы  ісін  отбасымен  қолдаймыз!» 

тақырыбында  ата-аналармен  бірге  өткізілген  спорттық  шара  (12.09.2015  ж.),    «Көңілді 

мәре»  эстафеталық  сайысы  (16.09.2015  ж.),

 

«Жас  шахматшы»  сайысы  (27.10.2015  ж.), 



“Толағай”  эстафеталық  жарысы  (сенбі,  жексенбі  күндері)  оқушылардың  бос  уақыттарын 

тиімді  өткізіп,  денсаулығы  мен  тән  сұлулығының  қалыптасуына  тәрбиелесе,  біршама 

тәрбие  шаралары  оқушылардың  эмоционалдық  ахуалын  қадағалап,  психологиялық 

түрғыдан қалыптан ауытқымауларын бақылауға бағытталды. 

«Дені  сау  ұрпақ  –  еліміздің    болашағы»  (15.10.2015  ж.),  «Зиянды  әдеттерден  сақ 

бол!» (16.11.2015 ж.), «Нашақорлыққа жол жоқ!»  (23.11.2015 ж.), психологтармен  тренинг 

(әр сәрсенбі сайын), “Маған өмір керек, мен өмірге керекпін” тақырыптарында медбикелер, 

педагог-психологтардың  қатысуымен  өткізілген  тренингтер  мен  тәрбие  шаралары 

салауатты өмір салтын ұстанып, оқушылардың психологиялық хал-ақуалын, мінез-құлық 

ерекшеліктерін, танымдық процестерін, оқуға деген мотивациясын анықтау, өмірге деген 

бейімділік,  табандылық  қарым-қатынаста  болуын  қалыптастыру,  өмірдің  құндылығын 

сезіндіру,  бір-бірімен  қарым-қатынас  машығын  қалыптастыру,  тәрбиелеу  мақсаттарын 

көздеді. 


 



Алуан мәдениетті дамыту 

Міндеті: 

мәдениетаралық 

қарым-қатынас 

дағдыларын, 

толеранттылық 

және 


жаһандық 

ойлауды 


қалыптастыру; 

шығармашылық  тұрғыда  өзін-өзі  дамытуға  қабілетті  және  өсіп  келе 

жатқан  ұрпақтың  әлеуметтенуінің  және  ұлтымыздың  этномәдени, 

ұлттық-аумақтық базалық  деңгейінде құрылуы және қалыптасуының 

қажетті  құралы  ретінде  этномәдени  және  азаматтық  анықталуын 

жүзеге асыратын ұлттық салт-дәстүр, әлемдік мәдениет құндылықтары, қазақ халқының ана 

тілін және ұлттық мәдениетті дамытуы және кеңейтуі негізінде үйлесімін тапқан және жан-

жақты дамыған тұлғаны қалыптастыру; 



Күтілетін  нәтиже:  өзге  халықтарды,  мәдениеттің,  өркениеттің,  өмірлік 

құндылықтардың,  тұрмыстық  мәдениетін  қоса  құрметтеу  және  түсіну;  адамдар  және 

халықтар  арасындағы  қарым-қатынастың  қажеттілігін  түсіну;  қарым-қатынас  жасай  білу 

қабілеті;  өзге  әлеуметтік  және  ұлттық  топтармен  қарым-қатынас  құқығын  ғана  емес, 

сонымен  қатар  міндеттерін  де  ұғыну;  белсенді  ұлтаралық  ынтымақтастықтың  және 

бәсекелестіктің қажеттілігін ұғыну; өзара іс-қимыл және өзара алмасуға жету жолындағы 

әр  түрлі  мәдениеттің  ерекшеліктерін  түсінуге  негізделген;  өзге  этностың  және 

қоғамдастықтың проблемасын шешуге дайын болу. 

Жаһандық  дағдарыс  барысындағы  Қазақстан  экономикасының  салаларын  және 

антикризистік  бағдарламаның  принциптерін,  қазіргі  қаржы  жүйесінің  дамуын  қарастыру 

мақсатында 30.10.2015 ж. «Ел және шетел жаңалықтары» тақырыбында өткізілген тәрбие 

шарасы  оқушылардың  топтық  жиындарында  ақпараттар  легімен  танысып  отыру 

дағдыларына ұласты. 

Сонымен  қатар

 

әр  елдің  мәдени  ерекшеліктері  туралы  фильмдерді  тамашалау  да 



балалардың  демалыс  күндері  уақыттарын  тиімді  әрі  пайдалы  өткізулері  үшін  пайдалы 

болды. 


Әр  айдың  соңында  оқушылардың  туған  күндерін  атап  өтуге  арналған  «Сен  туған 

күн» айдарымен өткізілп тұрған көңілді кештері барысында да оқушылар көңілді ән-күй, 

ойындармен  қатар  түрлі  ұлт  өкілдеріне  тән  ерекшеліктерден  көрініс  беретін  қызықты 

сәттерді сыйға тартып отыруды әдетке айналдырды. 



Көшбасшылық  қасиетті  дамыту 

Міндеті:  басқару  дағдыларын,  тиімді  байланыс,  іскерлік, 

ұйымдастырушылық 

дағдыларын 

қалыптастыру; 

біртұтас 

мектепішілік  ұжымды  қалыптастыру  арқылы  тәрбиелік  жүйені 

құру;  тұлғаның  жалпы  адамзаттық  құндылықтарымен  қатынасы, 

мектептің қоғамдық өміріне қатысуы арқылы тұлғаның әлеуметтік 

нормаларды  меңгеруі;  іс-әрекет  түрлеріне  бағытталған  ауқымды 

таңдауды  ұсыну  арқылы  әр  тұлғаның  өзін-өзі  тануы,  өзін-өзі 

танытуы және іске асыруы үшін жағдай жасау; белсенді өмірлік ұстанымды қалыптастыру, 

шығармашылық  және  бастамалар,  көшбасшылық  және  ұйымдастырушылық  қасиеттерді 

дамыту. 

Күтілетін  нәтиже:  тәрбиеленушілердің  азаматтық  позициясын,  демократиялық 

мәдениетін  қалыптастыру;  тәрбиеленушілер  ұжымының  білім  беру  үдерісін  басқаруға 

қатысуы;  қоғам  өміріндегі  жағымды  өзгерістерге  бағытталған  әлеуметтік  маңызы  бар 

жобалар  мен  бағдарламаларды  жүзеге  асыру;  тәрбиеленушілердің  түрлі  мәдениеттік  іс-

әрекеттерді жүзеге асыруы. 

  


 


  1   2   3


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал