Хіх ғасырдың екінші жартысы мен XX ғасырдың басындағы Қазақстан



жүктеу 193.36 Kb.

Дата08.09.2017
өлшемі193.36 Kb.

ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен XX ғасырдың басындағы Қазақстан 

мəдениеті. Қазіргі қазақ мəдениеті 

 

Қазақстандағы  ағарту  ісін  жəне  мектеп  білімін  дамытуда  ХІХ  ғасырдың  екінші 



жартысының маңызы орасан зор болды. Егер 60-шы жылдарға дейін Қазақстан аймағында 

негізінен  дəстүрлі  мектептер  пен  медреселер  басым  болса,  ал  осыдан  кейінгі  кезеңде 

еуропалық кейіпте орыс-қазақ мектептері құрылып, дами бастайды.  

«Араб»  мектебі  деп  аталған  қазақ  балалары  қабылданған  алғашқы  мектеп  Омск 

қаласында  ХVІІІ  ғасырдың  басында-ақ  ашылған  (1779ж.).  Ішкі  Ордада  орыс-қазақ 

мектептерінің  ұйымдастырылуы  Бөкей  Ордасында  тұңғыш  қазақ  балаларына  арналған 

училище  ашылуымен  1841  жылы  басталған.  Қазақ  балаларына  арналған  алғашқы 

зайырлық  мектеп  жеті  жылдық  оқыту  мерзімімен  1850  жылы  Орынборда  ашылды.  Ол 

қазақ  мектептеріне  арналған  мұғалімдерді  дайындайтын,  19  жыл  ішінде  мектеп  мұғалім 

мамандығын  алған  48  адамды  дайындады.  Олардың  кейбіреулері  аудармашылар  болып 

жұмыс  істеді.  1866  жылы  үкімет  қаулысымен  7  орыс-қазақ  учаскелік  мектеп  ашылуына 

рұқсат  берілді,  ал  1896  жəне  1897  жылдары  осындай  14  мектеп  ашылды.  1868  жылғы 

«Ережемен»  қазақ  балаларына  арналған  орыс  мектептер  желісінің  кеңейтілуі 

қарастырылды. Сондықтан бір қатар уезд қалалары мен ауылдарында ауылдық бір класты 

училищелер  типті  орыс-қазақ  мектептері  ашылды.    Көп  мектептер  жанында  интернаттар 

болды. Бастауыш мектептер мұғалімдерін дайындау мақсатымен 1883 жылы Орскте қазақ 

мұғалімдер  мектебі  ашылды.  1887  жылы  Ырғызда,  ал  1891-1893  жылдары  Торғай  мен 

Қостанайда  қазақ  əйелдер  училищелері  ашылды.  Қазақстанда  əйелдердің  білім  алуының 

басталуы осы жылдармен байланыстырылады. 1916 жылы Ішкі Ордада 78 мектеп жұмыс 

істеп, онда 1942 оқушы білім алды, оның ішінде 1224 оқушы қазақ болды.  

ХХ  ғасырдың  басында  Қазақстандағы  халық  ағарту  ісі  өте  төмен  деңгейде  болды. 

Мемлекеттің  халық  ағарту  ісіне  жұмсаған  шығындары  өте  төмен  болды.  Орыс 

балаларының 1/3 бөлігі ғана бастауыш оқытумен қамтылды, мектептер мен медреселерде 

оқытылған  қазақ  балаларының  саны  туралы  анық  мəліметтер  жоқ.  Бұлардың  көпшілігі 

дəулетті  отбасыларының  балалары  болды.  Ауылдағы  қазақ  мектептері  қазақтардың 

көшпелі  өмір  салтына  ыңғайланған  болатын.  Мектептегі  сабақтар  жазғы  жайылымнан 

келгеннен  кейін  басталып,  жазғы  жайылымға  көшкенде  тоқтатылатын.  Қазақстанның 

кейбір  аудандарында  балалар  жаз  кезінде  де  оқытылды:  мектептер  ауылмен  бірге 

жайлауға  көшіп  баратын.  Сондықтан,  Қазақстанның  əр  түрлі  жерлерінде  оқу  жылы  əр 

түрлі  болды.  Мектеп  жұмысындағы  ең  үлкен  қиындық  мұғалімдердің  жетіспеушілігі 

болатын.  Ауылдарда  балаларды  моллалар  оқытқан.  Мектептердің  ең  көбірек  таралған 

типтері мектептер жəне медреселер - өлкенің ежелгі оқу орындары болған.  

Түркістан  өлкесінде  қыздарға  арналған  мектептердің  саны  көп  болатын.  Əйел 

мектептерінде  діни  мəтіндерді  оқудан  басқа  поэзия  зерделенді.  Мектептер  мен  жаңа 

медреселерді ашуға тек генерал-губернаторлар санкциясымен (көңіл аударыңыз!) «сенімді 

орыс  азаматтарына»  рұқсат  берілетін.  Мектептер  мен  медреселерде  орыс  цензурасымен 

рұқсат берілген баспа кітаптарын қолдануға рұқсат берілетін. Оқушылармен ұлты бірдей 

тұлғалар  ғана  мұғалім  бола  алатын.  Оқу  əкімшілігіне  мектептегі  сабақтар  барысын  жəне 

орнатылған  ережелердің  сақталуын    бақылау  жүктелетін.  1916  жылғы  көтерілістен  кейін 

барлық типті конфессионалды (діни) мектептер бақылануы күшейе түсті.  

Дəстүрлі  əлеуметтік-мəдени  өмірдің  күрт  өзгеруі  əр  қырлы  поэзияның  туындауына 

мүмкіндік  жасады,  мұнда  жоққа  кеткен  рухани  бағалықтар  жан  жақты  бейнеленді.  М. 

Əуезов сол кезеңнің поэзиясын «қайғы дəуірінің поэзиясы» - «Зар-Заман» деп атады. «Зар-

Зман  поэзиясының»  жарқын  өкілдері  Дулат  Бабатайұлы,  Шортанбай  Қанайұлы,  Мұрат 

Мөңкеұлы, Əбубəкір Кердері Шоқанұлы жəне т.б. 

Дулат  Бабатайұлы  (1802-1871жж.)  қазіргі  Шығыс  Қазақстан  облысының  Аягөз 

ауданының  аймағында  туып  өскен.  Ол  патша  самодержавиесі  басып  алып,  мемлекеттік 

аппарат  құрылғаннан  кейін,  Қазақстанда  отаршылдық  езгіден  кейін  елді  басқару 

жүйесінде орын алған ірі өзгерістердің (1822 жəне 1868 жж.) куəсі болды.  


Осының барлығы ақынның көз алдында өтіп жатты. Сондықтан да ол осы жылдарда 

тек  халық  өмірінде  ғана  емес,  елді  басқарған  тұлғалар  психологиясында  да  орын  алған 

өзгерістерді  терең  түсінді.  Дулат  өлеңдерінде    ежелгі  жерлері  мен  жайылымдарынан 

ажырап,  толық  кедейленуге  ұшыраған  елдің  ауыр  жағдайы  нақты  бейнеленеді,  сонымен 

қатар,  жаңа  билік  өкілдерінің  халыққа  жат  теріс  қылықтары  батыл  сыналады.  Ақын 

Қазақстанға  бұрынғы  хан  биліктің  қайтып  оралғанын  армандайды,  сол  кезде  халық 

мүдделері  мен  ел  тəуелсіздігі  үшін  аянбай  күрескен  Еспембет  биді  көкке  көтеріп 

мадақтайды.  

Мұрат  Мөңкеұлының  (1843  –  1906  жж.)  шығармашылығы  негізінен  Батыс 

Қазақстанда  орын  алған  оқиғалармен  тығыз  байланысты.  Патша  хан  ұрпақтарына  сыйға 

тартқан  жерлерден  басқа  жердің  барлығы  Ресей  мемлекетінің  меншігіне  өткенін, 

салықтардың  көлемі  өскенін,  жаңа  ережелерге  қарсы  көтерілісті  бейнеледі.  «Жиделі 

Байсын»  жəне  «Тескен  тау»  -  арман  еткен  өлкеге  көшу  идеясы  тарала  бастады.  Ол 

халықтың өз тəуелсіздігі үшін, арман еткен өлкеге көшу үшін күресінде күшті жаршысына 

айналады.  «Үш қиян» өлеңінде Мұрат қазақтардың Қазақстанды басып алу жəне отарлау 

жағдайындағы  ащы  өмірінің  суретін  бейнелейді.  Бұл  өлеңінде  ол  Асан  Қайғы,  Қазтуған, 

Орақ,  Мамай,  Телағыс,  Шора  жəне  Исатай  сияқты  туған  өлкесінде  бақытты  өмір  сүре 

алмай, бұл өмірден бастарынан бақыт кешірмей өтіп кеткен қаһармандар туралы жазады.  

Əбубəкір  Кердері  Шоқанұлы  (1858  –  1903  жж.)  өлеңдері  де  осындай  тақырыпқа 

жазылған.  Бұл  өлеңдерде  зар  заман  дəуірі  келгеннен  өзгерген  адамдардың  мінез-

құлқындағы,  өміріндегі  жағымсыз  құбылыстар  –  ежелгі  дəстүрлерді  сақтамауы,  оларға 

немқұрайлы  қарауы,  жастардың  үлкендерді  сыйламауы  жəне  тағы  басқалары 

соққыланады. Ақын адамдардың білім алуын жəне үйлесімді дамуын насихаттайды.  

Қазақ халқының тарихында Шоқан Уəлихановтың (Мұхамед Қанапия) алатын орны 

ерекше.  Шоқан  дарыны  тек  ағартушылық  майданда  ғана  емес,  ғылым  саласында  да 

ашылды десе болады.  

Ш. Уəлиханов  өзінің  ғылыми  қызметін  кадет  корпусының  тəрбиеленушісі  бола 

тұрып  бастаған.  Ш.Уəлиханов  Жалайырдың  «Жамиғат  тауарихынан»  көлемді  үзінділер 

алып,  оның  негізгі  бөлімдерін  алғаш  рет  орыс  тіліне  аударды,  шығыс  терминдерінің 

сөздігіне  түсінік  беріп,  оны  аудармаға  қосымша  берді.  Ол  Əбілғазының  «Шейбани-

намасынан»,  «Түркі  шежіресінен»  (И.Н. Березин  басылымы  бойынша)  көлемді  үзінділер 

жасап,  осылардың  негізінде  кейіннен  теориялық  жағынан  маңызды  «Қырғыз  шежіресін» 

жасады.  

1856-1858  жж.  Уəлиханов  үшін  ғылыми  тұрғыда  өсу  жемісті  болды.  Бұл  кезеңге 

оның  Ыстық  Көлге,  Құлжаға,  Қашғарға  жасаған  сапарлары  туралы  тамаша  күнделіктері, 

«Құқотай-ханның  өлімі»,  «Оңтүстік  Сібір  тайпаларының  тарихы  жөнінде  естеліктер» 

жатады.  

Шоқанның ғылыми еңбектері арасында оның Жетісуды, Ыстық Көлді, Тянь-Шаньді 

жəне  Шығыс  Түркістанды  тарихи-географиялық  шолуға  арналған  зерттеулері  үлкен 

қызығушылық  туындатады  («Жоңғар  очерктері»,  «Қырғыздар  туралы  жазбалар»  жəне 

т.б.).   

Ш.Уəлихановтың 

қазақ 

халқының 



тарихы 

мен 


этнографиясы 

бойынша 


зерттеулерінің,  сонымен  қатар,  қазақ  даласындағы  əлеуметтік-саяси  қатынастарға  тиісті 

мақалаларының  маңызды  ғылыми  бағалығы  бар.    Бұл  –  «Абылай»,  «Қырғыз  шежіресі», 

«Ежелгі  замандағы  қырғыздардың  қарулануы  жəне  олардың  əскери  қару-жарақтары», 

«Шұна-батыр»,  «Сот  реформасы  туралы  жазбалар»,  «Даладағы  мұсылмандық  туралы», 

«Қырғыздардағы  бақсылық  туралы»,  «Қырғыздардың  көшуі  туралы».  Ш.  Уəлиханов 

бірқатар  жұмыстарында  тек  тарихшы  жəне  этнограф  қана  емес,  əдебиетші,  публицист, 

тамаша  сөз  шебері  ретінде  көрінді.  Оның  қазақ  халық  поэзиясы  жəне  «Манас»  қырғыз 

эпосы бойынша жасаған аяқталмаған зерттеулері өте қызықты.             Ш. Уəлихановтың 

күнделіктері  кейде  үлкен  лирикалық  шегіністермен  əдеби  очерктер  стилінде  жазылған 

(«Құлжаға  сапарындағы  күнделігі»,  «Қашқарияға  сапарындағы  күнделігі»).  Бұл 

күнделіктерге табиғаттың бейнелі жəне көз тартатын сипатталуының халық өмірі туралы 

терең  біліммен  үйлесуі  тəн.  Құлжа  күнделігінде  Батыс  Қытай  халықтарының  тарихының 



негізгі  кезеңдері,  мəдениеті,  тұрмысы,  олардың  ежелгі  заманнан  ХІХ  ғасырға  дейінгі 

мəдени  өзара  қатынастары  көрсетілген.  Ш. Уəлиханов  сонымен  қатар,  Қазақстанды  жəне 

Орта  Азияны  мекендеген  халықтардың  ауызша  аңыздарын,  сирек  жазбаларын, 

нумизматика, сфрагистика ескерткіштерін, қолданбалы өнер үлгілерін қажымас жинаушы 

ретінде  белгілі.  Уəлихановтың  Орта  Азия  жəне  Шығыс  Түркістан  зерттеушісі  ретінде 

ғылыми  еңбектерін  əлемдік  ғылым  мойындаған.  Оның  еңбектері  орыс,  ағылшын,  неміс 

жəне  француз  тілдерінде  басылып  шығарылған.  Бұл  еңбектерді  көптеген  ғалымдар  жəне 

олардың  ішінде  ең  алдымен  П.  Семенов-ТяньШанский,  И.  Мушкетов,  М.  Венюков,  Н. 

Аристов  лайықты  бағалады.      И. Мушкетовтың  белгілеуінше  Уəлихановтың  Тянь-Шань 

жəне  Жетісу  географиясы  бойынша  еңбектері  «маңызды  ғылыми  қызығушылық 

туындатады  жəне  автор  бойындағы  кең  білім  мен  сирек  байқағыштықты  аңғартады». 

«Шоқан  Шыңғысұлы  Уəлиханов  шығыстану  майданында  жарқын  метеор  тəрізді  жылт 

етіп  өтті,  -  деп  жазды  белгілі  ғалым  Н.  Веселовский.  Орыс  ориенталисттері  оның 

тұлғасында  феноменалды  құбылысты  мойындап,  одан  түркі  халықтарының  тағдыры 

туралы ұлы жəне маңызды жаңалықтар күтті». Ресейдің ірі ғалым-шығыстанушыларының 

бірімен  айтылған  осы  толқытатын  сөздер  Уəлихановтың  еңбегіне  деген  көпшілікпен 

мойындалған баға болды.  

Қазақтың  ірі  ағартушысы  Ыбырай  Алтынсарин  қазақ  халқының  мəдениеті  мен 

əдебиетінің  қоғамдық  ой  тарихында  көрнекті  педагог-ағартушы  жəне  қазақи  мектептер 

ұйымдастырушысы,  этнограф,  фольклорист,  ақын,  прозашы  жəне  орыс  классиктерінің 

шығармаларының,  атап  айтқанда,  Крылов  мысалдарының  аудармашысы  ретінде  кең 

танымал.  1860  жылы  облыстық  басқарма  оған  Орынбор  бекінісінде  (Торғай)  қазақ 

балаларына  арналған  бастауыш  мектеп  ашуды  тапсырды  жəне  өзін  орыс  тіл  мұғалімі 

ретінде  тағайындады.  Ағартушылық  идеялармен  жігерленіп,  ол  ауылдарды  аралап, 

халыққа əлемдік білімнің мағынасын түсіндірді, оларды қаржы бөлуге насихаттады. Қазақ 

халқынан  қаржы  жинап,  ол  мектеп  құрылысына  кірісті.  1864  жылдың  8  қаңтарында 

мектептің салтанатты ашылуы өтті. Оқуға 16 ер бала жазылды. Мектеп жанында интернат 

ашылды.  1869  жылы  Алтынсарин  Торғай  уезінің  басқармасына  іс  жүргізуші  ретінде 

қызметке тұрып, осыдан кейін уезд бастығының аға көмекшісі міндеттерін атқарды жəне 

уезд  сотының  міндеттерін  уақытша  орындады.  1879  жылы    Торғай  облысы  бойынша 

мектептер инспекторы қызметіне тағайындалды.  

Ы. Алтынсарин  Қазақстанда  əйелдердің  білім  алуының  ұйымдастырылуының 

бастамасына  көп  еңбек  сіңірді,  оның  қолдауымен  осындай  мектеп  Ырғызда  ашылды. 

Кейін  интернаты  бар  əйелдер  училищелері  Торғайда  1891ж.,  Қостанайда  1893  ж., 

Ақтөбеде 1896 ж. ашылды. Жалпы ол төрт екі класты орталық «орыс-қазақ» училищесін, 

бір  қолөнерлік  училище,  бір  əйелдер  училищесін,  бес  болыс  училищелерін,  екі  орыс 

балаларға  арналған  училищелер  ашты.  Оқу-қосалқы  құралдар  ретінде  Ы.  Алтынсарин 

орыс-қазақ  мектептерінің  мұғалімдеріне  орыс  педагогтары  мен  жазушыларының 

еңбектері мен оқулықтарын ұсынды. Орыс-қазақ мектептерінің оқушылары үшін оның өзі 

екі  оқу  құралын  жазды:  «Қазақ  хрестоматиясы»  жəне  «Қазақтарды  орыс  тіліне  үйретуде 

бастауыш нұсқаулық». 

Ы. Алтынсарин 

жан-жақты 

білім 


алған 

тұлға 


болған. 

Оның 


ғылыми 

қызығушылықтарына этнографиямен айналысуда кірген. 1868 жылдың наурыз айында ол 

Орыс  Географиялық  Қоғамның  Орынбор  бөлімінің  отырысында  өзінің  «Орынбор 

ведомствосындағы қырғыздардың құда түсу жəне той жасау салттарының очеркісін» оқып 

сөз  сөйледі.  Мақала  көпшілікпен  мақұлданып,  көп  ұзамай  жарыққа  шықты.  Ыбырай 

Алтынсаринның  қазақ  халқының  көрнекті  ағартушысы  ретіндегі  еңбегін  асыра  бағалау 

мүмкін емес. Дəл осы тұлға əлемдік білім беру кеңістігіне бірігу негіздерін салып, көшпелі 

дəстүрлердің  күйреп  жатқан  жағдайында  өзінің  халқына  жаңа  тарихи  болмысқа 

бейімделуде көмек көрсетті. 

Абай Құнанбаев Семей облысының Шыңғыс тауларында дүниеге келген. 1886 жылы 

40  жасқа  толғанда  Абай  тамаша  «Жаз»  өлеңін  жазады,  өмірінің  қалған  жиырма  жылы 

мазмұнды шығармашылық, ақындық қызметте өтеді. Абай өлеңдер, прозалы қара сөздер, 

«Ескендір», «Масғұд», «Əзім туралы аңыз» жазды.  


Абайдың  барлық  шығармашылығы  жалқаулық  пен  жалған  ұятқа  келіспеушілік 

идеяларына толы. Оның ойынша адамның мінез-құлқы тек қиындықтармен күресуде, сол 

қиындықтарды жеңе білуде шынығады. 

ХІХ  ғасырдың  қазақ  əдебиетінде  көптеген  ақындардың  аттары  белгілі.  Олардың 

ішінде  Жанақ,  Шөже,  Шортанбай,  Орынбай,  Түбек,  Сүйінбай,  Шернияз,  Біржансал, 

Бақтыбай,  Əсет  сияқты  белгілі  ақындармен  қатар  Сара,  Рысжан,  Ұлбике,  Тəбия,  Ақбала 

деген ақын қыздардың аттарын атауға болады.  

Музыкалық  өнер.  ХІХ  ғасырдың  екінші  жартысы  Қазақстанда  музыкалық  өнердің 

өркендеу кезеңі болды.  

Құрманғазы  Сағырбаев  (1806  –  1879  жж.)  Бөкей  Ордасының  Жиделі  шатқалында 

дүниеге  келген.  Оның  60-тан  астам  күйлері  сақталған  (кейбіреулері  əр  түрлі  нұсқада). 

«Балбырауын»  күйінде  халық  мерекесі  беріледі;  «Сарыарқа»  музыкалық  суреттемесі 

тындаушыларды  туған  даланың  кең  байтағына  апарады.  Басқа  күйлері  халықтың  ащы 

тағдыры  туралы  толғандырады.  Өзінің  бірінші  шығармаларының  бірі  «Кішкентай»  күйін 

ол  Исатай  Таймановтың  көтерілісіне  арнады.  Көтеріліс  қатысушысы  бола  тұра,  ол  осы 

күйде  халықтың  феодал-байлардың  езгісінен  жəне  отаршылдық  кісенінен  азаттану 

ынтасын  нақтылы  түрде  көрсетеді.  Байлар  мен  патша  шенеуніктері  Құрманғазының 

əрекеттері  мен  шығармаларын  қарсылық  көрсетуге  үндеу  деп  көріп,  оның  ізіне  түсіп, 

түрмелерде қамады. 

Дəулеткерей  Шиғаев  та  (1820  –  1887  жж.)  көрнекті  композитор  болған.  Оның 

қырыққа жуық күйлері сақталған. Олардың барлығы лирикалық мазмұнды, көрнекті жəне 

мəнерлі.  Оларға  форма  қисындылығы,  стиль  тұтастығы  тəн.  Патетикалық  толықсу 

Дəулеткерейдің  «Жігер»  күйінде  беріледі,  «Бұлбұл»,  «Керілме»  күйлері  терең  жүрек 

сезімдерін туындатады. «Желдірме» күйінен нағыз халықтық рухы сезіледі. Бұл халықтық 

дəстүрлі ат жарысын бейнелейтін əсерлі, ритмі бойынша шапшаң пьеса. 

Тəттімбет  Қазанғаповтың  (1817  –  1860  жж.)  шығармашылығы  ХІХ  ғ.  аспаптық 

музыкасына  қосылған  ірі  үлес  болып  табылады.  Оның  домбыраға  арналған  «шертпе» 

стиліндегі  шығармалардың  авторы  жəне  орындаушысы  ретінде  атағы  шықты.  Оның 

күйлерінің  көпшілігі  жалынды,  лирикалық-көтеріңкі  сипатта.  Мұнда  Тəттімбет  туған 

өлкесінің  сұлулығын  дəріптеген  –  «Саржайлау»,  «Сары  өзен»,  жануарлардың  мінездері 

мен қылықтарының əдеби көркемделуін берді – «Ерке атан», «Бозайғыр» жəне т.б. 

Ықылас Дүкеновтың (1843 – 1916 жж.) композиторлық дарыны мен орындаушылық 

шеберлігі  қобыз  классикасының  қалыптасуына  үлкен  ықпал  етті.  Эпостық  аңыздар 

мазмұнының  негізінде  ол  əдеби  тұтастығы  бойынша  бірқатар  көрнекті  программалық 

күйлер жасады. Бұл «Қорқыт күй», «Қамбар күй», «Қазан күй» жəне т.б. Ықылас тəкаппар 

патша  шенеуніктері  мен  байлар  туралы  сатиралық  күйлер  де  жазған  –  «Жарым-патша», 

«Бес-төре».  Ықылас  күйлерінде  өмір  туралы,  халықтың  қайғы-қасіреті  туралы  толғаулар 

бейнеленген – «Жалғыз аяқ», «Жез киік». 

Бүгінгі күнде қазақтардың рухани мұрасы, ең бірінші кезекте, оның дүниетанымдық 

мазмұны  əлемдік  тарих  пен  мəдениет  контексінде  қарастырылады.  Қазақстанда  ХІХ 

ғасырдың екінші жартысында қоғамдық пікір өз дамуында аяқталған формаға жетпесе де, 

қазақтың  халықтық  шығармашылығының  озат  өкілдерінің  ғылыми  жəне  əдеби 

шығармашылығы  терең  философиялық  идеяларға  толы  жəне  сол  замандағы  қоғамның 

рухани ізденістердің бейнеленуі болып табылады.  



4. ХХ ғасырдың басына қарай дала өлкесі отарланған шет аймақ құқығымен ресейлік 

мемлекеттің  экономикалық  жəне  саяси  қатынастар  жүйесіне  нық  енді.  XVIII  ғасырдың 

бірінші  жартысында  басталған  құқықтық  жағдайын  рəсімдеу  процесі  аяқталды  десе  де 

болады. Сондықтан Ресей империясындағы кез келген саяси жəне тағы да басқа  оқиғалар 

далалық түкпірлеріне бірден жететін. 

Қазақстанда  ақпан  революциясының  қарсаңында  қазақ  өмірінің  жеке  салаларында, 

оның  құрылымында  болып  жатқан  терең  ішкі  өзгерістерді  дəлелдейтін  жаңа  құбылыстар 

туындай  бастады.  Əсіресе  бұл  өзгерістер,  экономикалық  өмірге  қарағанда,  жаңа 

қалыптасып  жатқан  қатынастарға  қатты  əсер  ететін  көшпелі  қоғамның  рухани  өміріне 

тиісті болды.  



ХІХ ғасырдың соңы – ХХ ғасырдың басы Ресей империясының қазақ жəне басқа да 

түркі  халықтарының  ұлттық  санасының  күрт  өсуінің  уақыты  болды,  бұл  қоғамдық-

саяси  өмірдің  белсендірілуінен,  мəдени  прогрестен,  ұлттық  тілдердің,  əдебиет  пен 

баспасөздің  орнығуы  мен  дамуынан,  реформалық  қозғалыстардың  (джадиды),  жаңа 

идеологиялық 

тұжырымдамаларының 

(пантюркизм, 

панисламизм, 

пантуранизм) 

таралуынан көрінді. ХХ ғасырдың басына қарай қазақтардың  мəдени жəне əлеуметтік-

саяси  шоғырлануы  мен  ұлттық  сана-сезімінің  қалыптасуына  шешуші  ықпал  еткен 

факторлар:  жалпыресейлік  сұлба  бойынша  басқару  жүйесін  бір  ізге  келтіру; 

орталықтандыру  процестерін  күшейту;  сауатты  жəне  қазақ  элитасының  білімді 

топтарының  қалыптасуы;  қарқынды  қоныс  аудару  саясатының  нəтижесінде  халық 

жағдайының  нашарлауы;  жер  пайдаланудың  дəстүрлі  жүйесінің  бұзылуы;    жерлердің 

тартып  алынуы.  Бұл  қоғамның  ойшыл  бөлігінің    экономикалық,  саяси,  мəдени,  оның 

ішінде  діни  құқықтары  саласындағы  төзуге  болмайтын  жағдайларды  ұғынуын 

тездетті.  

Патша өкіметі өзінің жоспарлары мен мəселелерін шешу үшін Дала өлкесінде білім 

мен мəдениет саласын  кеңейтуге мəжбүр болды. Өйткені оған білімді мамандар, сауатты 

қосалқы  шенеуніктер  аппараты  жергілікті  тұрғындар  санынан  жəне  арзан  жалдамалы 

жұмысшылардан  қажет  болды.  Қазақтың    ұлттық  зиялы  қауымы  сыртқы  жəне  ішкі 

факторлардың өзара ықпалдасуында өзінің орнығуын осылайша бастаған.  

Құрамы  мен  бағыты  бойынша,  қоғамдық-саяси  қызметінің  сипаты  бойынша  зиялы 

қауым  əр  түрлі  топтарды  біріктірді,  оның  негізгі  бөлігін    əкімшілік  өкілдері,  дəрігерлер, 

мұғалімдер,  адвокаттар  құрды.  Зиялы  қауымның  қатарлары  көзқарастары  мен  əрекеттері 

бойынша  айрықшаланатын.  Олардың  кейбіреулері  социалистік  идеяларды  ұстанып  

социал-демократтар мен эсерлер қатарына қосылды немесе  солармен бірігіп қызмет етті. 

Қазақтың  зиялы  қауымының  ықпалы  жағынан  маңызды  бөлігі  либерал-демократиялық 

жолын  ұстанды.  Бұл  негізінен  даланың  дербестігін  айрықша  түсінген  өкілдері  болды:  Ə. 

Бөкейханов, Б. Қаратаев, Ж. Ақпаев, А. Байтұрсынов жəне тағы басқалары.  

Панисламизм  мен  пантюркизм  теориялық  негіздерін  идеялық  қаруы  ретінде 

ұстанған ұлттық зиялы қауым да  қалыптасты.  

Панисламизм – діни-саяси идеология, оның негізінде төмендегі түсініктер жатыр: 

-

 



əлеуметтік,  ұлттық  жəне  мемлекеттік  тиістілігіне  қарамастан,  бүкіл  əлем 

мұсылмандарының рухани бірлігі туралы; 

-

 

олардың  жоғары  дін  басшысының  (халифтің)  қоластында  саяси  бірігу  қажеттілігі 



туралы. 

Олардың 

санасындағы 

жəне 

ұлт-азаттық 

қозғалыстағы 

мұсылмандық 

ынтымақтастық,  «діндегі  бірлік»    идеясы  түркі  халықтарының  туыстығы, 

тағдырларының тарихи ортақтығы туралы түсініктер кешенімен тығыз шиеленіседі.  

Еуразиялық  кеңістіктік  тұтастығы  теориясы  суперэтникалық  «тұрандық» 

ортақтастыққа  келтірілетін  «тұраншылдық»  идеяларында  бейнеленген.  «Тұран» 

түсінігі  орал-алтай  тілдік  əулетінің  барлық  этностары  жатқызылған  «тұрандық» 

халықтардың арғы отаны ретінде қарастырылған. Түркі əлемі осы ауқымды «Тұранның» 

осі  ретінде  шамаланды  –  осыған  сəйкес  түркішілдік  пен  тұраншылдық  шоғырланған 

көрінісі  ретінде  бейнеленді.  Пантюркизм  түрік  тілінің  парсы  жəне  араб  тілдерінен 

келген сөздерден тазарту арқылы бір ізге келтіру бағытында алғашқы қадамдар жасады 

жəне  пантюркизм  идеологиясы  Орталық  Азиядағы  патша  өкіметіне  қарсы 

көтерілістердің маңызды негізі болды.  

Осы  идеяларға  негізделе  отырып,  ұлттық  зиялы  қауым  өкілдері  1905  ж.  желтоқсан 

айында  Оралда  бес  облыстан  сайланған    делегаттарының  съезін  өткізді.  Ресейдің 

конституциялық-демократиялық  партиясының  мүшелері  бола  отырып    жергілікті 

бөлімшесін  құрды.  Өйткені  кадет  партиясының  бағдарламасы  қазақи  сана-сезімінің 

көзқарасына үндесіп сəйкес келді. Ұлттық мүддені қорғау қарқыны саяси түрде басталды 

деп айтуға болды.  

1906  ж.  ақпан  айында  Семейде  қазақтардың  екінші  съезі  өтті,  ол  кадеттерге  жақын 

бағдарламаны  мақұлдады,  бірақ  оған  өлкеге  крестьяндардың  қоныс  аударуын  тоқтату, 


Қазақстанның  барлық  жерлерін  жергілікті  халықтың  меншігі  деп  мойындау,  ұлттық 

мектептер  ашу    туралы  жəне  т.б.  талаптар  енгізді.  Бұл  саяси  ағым  Ə.Бөкейханов, 

А.Байтұрсынов,  М.Тынышбаев,  М.Шоқаев,  М.Дулатов,  Б.Қаратаев  сияқты  жəне  басқа  да 

қазақтың  зиялы  қауымының  көрнекті  қайраткерлерімен  басқарылды.  Олар  дін  тұту 

еркіндігі үшін, əсіресе үкімет пен жергілікті органдардың мұсылмандарға қарсы істеріне, 

ұлттық  мəдениеттің  дамуы,  сонымен  қатар,  қазақ  тілінің  Қазақстанда  басқа  тілдермен 

бірдей таралуы үшін шықты.  

Қазақстан  халқының  саяси  санасын  көтеруде  саяси  партиялардың  сайлаушылар 

дауыстары  үшін  күресі  өрістеген  Мемлекеттік  Думаға  сайлау  өткізілуі  белгілі  рөл 

атқарды.  Ұлттық  зиялы  қауымның  түрлі  идеялық-саяси  ағымдарының  пікірін  толық 

бейнелейтін «Айқап» журналы жəне «Қазақ» газеті болды.  

1911 – 1915 жж. шыққан «Айқап» журналы (баспагері мен редакторы – Мұхамеджан 

Сералин (1871 – 1929 жж.) Қазақстандағы идеялық-саяси ойдың аграрлық-демократиялық 

бағыттарын 

көрсетті. 

Бұл 


журналда 

Ж.Сейдалин, 

Б. Қаратаев, 

С. Торайғыров, 

С. Сейфуллин,  Б. Майлин  жəне  басқада  қызметтестер  болды.  Журнал  беттерінде  қазақ 

ауылындағы 

аграрлық 

қатынастар, 

ағарту 

жəне 


білім 

беру, 


ақша-тауарлық 

қатынастарының  даму  мəселелері  ашылып,  патша  үкіметінің  отаршылдық  саясаты 

əшкереленді.  «Айқап»  журналындағы  басты  мəселе  аграрлық  мəселе  болды.  «Айқап» 

беттерінде  ақша-тауарлық  қатынастардың  даму  мəселелеріне,  мал  шаруашылығының 

қарқындылық  мəселелеріне,  қазақ  шаруашылығының  нарықпен  тығыз  байланыстар 

орнатуына, кооперациялар ұйымдастыру қажеттілігіне ерекше орын бөлінетін.  

1912  -  1918  жылдар  аралығында  жарық  көрген  «Қазақ»  газеті  либерал-

демократиялық  бағыттағы  идеяларды  бейнеледі.  Бұл  газетте  Ə.  Бөкейханов,    

А. Байтұрсынов,  М. Дулатов  қызметтес  болған.  Басты  аграрлық  мəселеде  олар  жерге 

мемлекеттік  меншікті  (Ресей  империясының)  жою,  оны  қазақтар  меншігіне  беру,  жерді 

сатуға  тыйым  салу  талаптарын  қойды.  «Қазақ»  газетінде  экономикалық  кеңістікте  мал 

шаруашылығының  рөлі  туралы,  мал  шаруашылығын  қарқындату  туралы,  кооперативтік 

қозғалыс туралы мақалалар жазылды. 

Жалпы,  өлкенің  əлеуметтік-экономикалық  жəне  қоғамдық-саяси  өмірінің  дамуы 

туралы көзқарастарының əр түрлімгіне қарамастан, «Айқап» журналы мен «Қазақ» газеті 

өз беттерінде қазақ халқының жалпы ұлттық идеялары мен мүдделерін көрсете білді.  

 

Қазіргі заманғы ғылымдар жүйесінде мəдениеттанудың алатын орны 



      Мəдениеттану  жеке  пəн  ретінде  ХІХ  ғасырдың  соңғы  ширегінде  қалыптаса  бастады, 

сондықтан  да  оны  əлі  де  болса  буыны  бекімеген  жас  ғылымдар  саласына  жатқызамыз. 

Мəдениеттану — мəдениет туралы ғылым, сонымен қатар философиялық ілім, өйткені ол 

философияның  басты  саласы,  мəдениет  философиясын  қамтиды.  Мəдениеттану  қоғамда 

болып жатқан түрлі процестерді (материалдық, əлеуметтіқ, саяси, адамгершілік, көркемдік 

тағы басқалары) барынша қамтып, мəдениет дамуының жалпы заңдылықтарын, оның өмір 

сүруінің  принциптерін  жəне  бір-біріне  этно-əлеуметгік,  саяси-моральдық,  ғылыми, 

көркемдік жəне тарихи сипаттамаларымен, жағдайларымен ерекшеленетін түрлі мəдениет 

түрлерінің өзара байланыстарымен, төуелділіктерімен зерттейді. 

      Мəдениеттану  пəні  сонымен  қатар  жергілікті  жəне  аймақтық  мəдениеттердің  сапалы 

ерекшеліктерін,  олардың  өзара  байланыстары  мен  мəдениеттің  басқа  түрлерімен 

мирасқорлығын,  қарым-қатынасын  зерттей  отырып,  адамзат  баласының  біртұтас  мəдени 

даму  процесінің  жалпы  заңдылықтарын  аңықтайды.  Демек,  мəдениеттану  пəні  түрлі 

қоғамдар  барысындағы  мəдени  өмірді  жан-жақты  қамти  отырып,  ондағы  басты  мəдени 

процестерге  ғылыми  тұрғыдан  талдау  жасайды.  Мəдениеттануды  тек  қана  гуманитарлық 

ғылымдар  саласына  ғана  емес,  жалпы  теориялық  пəндер  қатарына  да  жатқызуға  болады. 

Өйткені  бұл  пəн  адамзат  баласының  мəдени  өміріндегі  толып  жатқан  құбылыстарды 

жүйелі  түрде  қарастырады.  Ал  мəдени  процестердің  мəнін  ашып  көрсетуде  түрлі  ғылым 

салаларының 

өкілдерінің, 

атап 

айтқанда 



этнографтардың, 

əдебиетшілердің, 



социологтардың, 

психологтардың, 

тарихшылардың, 

демографтардың 

жəне 

тағы 


басқалары  ат  салысатынын  ескерсек,  мəдениеттанумен  барлық  ғылым  саласының 

айналысатындығын  айқын  аңғаруға  болады.  Шындығында  да,  мəдениеттануға  осы 

уақытқа  дейін  түрлі  ғылым  салалары,  атап  айтқанда,  антропология,  психология,  тарих, 

педагогика зор ықпал етті. Енді осы аталған ғылым салаларының мəдениеттануға қалайша 

ықпал ететіндігін қарастырып көрейік. Антропологияның басты бағытының бірі — қоғам 

мен  адамды  салыстырмалы  тұрғыдан  зерттеу.  Осы  тұрғыдан  алып  қарағанда, 

«антропология»  мəдениет  деген  ұғымның  мағынасын  анықтауда  үш  жағдайға  назар 

аударады. Олар: 1) Қоғам мен адам-ның мəдени қалыптасуы (ағартушылық); 2) Қоғамдық 

жəне  адамзаттық  салт-дəстүрлердің,  əдет-ғұрыптардың,  қалыптасқан  дағдылардың, 

қоғамдық  мекемелердің  жəне  тағы  басқалары  жиынтығы  (бірлігі);  3.  Белгілі  бір 

қалыптасқан  мəдени  жүйенің  басқа  мəдени  құндылықтарға  қарсылығы.  Мəдениетке 

антропологиялық тұрғыдан берілген бұл анықтаманы мəдениеттану саласындағы көптеген 

сыншылар «жалпылама» деп есептеп, оның эмперикалық сипатта екендігін баса көрсетеді. 

Сонымен қатар олар «əлеуметтік антропология» əлеуметтанудың (социологияның) негізгі 

əдістері  мен  үлгілерін  қабылдап,  осы  ғылымға  мүлде  бет  бұрып  кетті  деп  пайымдап,  ал 

«мəдени  антропология»  деп  аталатын  антропологияның басты  саласы  —  психология  мен 

тарихқа  ден  қойды  деп  тұжырым  жасайды.  Əрине,  түрлі  пəндерге  бағдар  жасау  өзіміз 

қарастырып  отырған  антропология  саласында  ғана  емес,  жалпы  мəдениетті  түрлі 

мағынада  түсіндіруге  өкеліп  соғары  сөзсіз.  Осы  орайда  ерекше  атап  өтетін  бір  жəйт, 

ғасырлар  бойғы  даму  жолынан  өткен  социология  да  дəл  баяғыдай  жаратылыстану 

ғылымдарына сүйенеді, əлеуметтік ғылымды əлеуметтік философияға қарсы қояды. Дүние 

жүзі  халықтары  мен  этникалық  топтарының,  тайпаларының  мəдени  жəне  тұрмыстық 

ерекшеліктерін, олардың шығу тегі мəселелерін, олардың жер жүзіне таралып қоныстануы 

мен  мəдени  тарихы  қарым-қатынастарын  зерттейтін  этнография  ғылыми  адамзат 

баласының өткен заман мен бүгінгі таңдағы мəдениеттің мол мұрасын игеруде жəне оны 

ғылыми  тұрғыдан  ашып  көрсетуде  айрықша  роль  атқарып  отыр.  Этнография  ғылымы 

белгілі  бір  халықтың  қай  этносқа  жататындығына  қарамастан,  олардың  қайсысының 

болсын материалдық жəне рухани мəдениет саласындағы жетістіктеріне үлкен құрметпен 

қарауға  үйрете  отырып,  мəдениеттану  ғылымының  қалыптасуына  өзінің  қомақты  үлесін 

қоса  білді.  Егер  антропология  мен  этнография  адамның  биологиялық  белгілеріне  сүйене 

отырып,  мəдениетпен «жаратылыстану  ғылымдары»  ретінде  үйлесімділік  тапса,  қоғамды 

жүйелі  түрде  қарастыратын  əлеуметтану  (социология)  ғылымының  биологиямен 

байланысы  жоқ.  Социология  мемлекет,  таптар,  топтар,  сословие  жəне  одан  да  ұсақ 

қоғамдық топтарды этникалық белгілеріне қарай емес, олардың қоғамда алатын орны мен 

атқаратын қызметіне қарай зерттейді. Көп уақытқа дейін КСРО-да социология марксизмге 

жат  ғылым  ретінде  саналып,  тарихи  материализмге  қарама-қарсы  қойылды.  Шын 

мəнісінде,  социология  мəдениеттанушыларға  қоғамның  əлеуметтік  əр  тектілігіне 

байланысты  мəдениеттің  материалдық  жəне  рухани  көріністерін  дұрыс  түсініп,  ой 

елегінен  өткізуге  көмектеседі.  Пролетарлық  мəдениет,  ақсүйектік  мəдениет,  сауықтық 

мəдениет  сияқты  мəдениеттану  пəнінде  кездесетін  ұғымдар  социологиямен  тығыз 

байланысты. 

     Мəдениеттану  саласындағы  ғылыми  зерттеу  жүмыстарында  түрлі  əлеуметтік  топтарға 

жататын  адамдардың  қызметі  мен  іс  əрекеті  заңдылықтарын  зерттейтін  əлеуметтік 

социологияның  мөліметтерінің  алатын  орыны  ерекше,  өйткені  олардың  мəдени  іс-өрекет 

көріністері  белгілі  бір  психологиялық  сарынға  байланысты  болғандықтан,  мəдениет 

саласындағы  зерттеу  жүмыстарында  бұл  факторларды  ескермеске  болмайды.  Мысалы: 

жер  мен  табиғатқа  ерекше  сезіммен  қарайтын  ауыл  психологиясының  өзіндік 

ерекшеліктерін  білмей  жəне  байыбына  бармай  түрып,  —  «шаруа  мəдениеті»  жайында 

толық түсінік ала алмаймыз. 

     Ұлттық  мəдениеттің  ойдағыдай  зерттелуі  этникалық  немесе  ұлттық  психологияның 

мəліметтеріне де тығыз байланысты болып келеді. Нақты тарихи тəжірибе негізінде əрбір 

нəсілдің,  тайпалар  мен  халықтардың  психикалық  өмір  салтының  ерекшеліктерін  байқай 

отырып,  «этнопсихология»  рухтың  не  белгілі  бір  ұлттың  қайталанбайтын  өзіндік 


қасиеттері 

жөніндегі 

Гегельдің, 

Гумбольдтың 

жəне 

олардың 


ізбасарларының 

философиялық  қағидаларына  барып  тірелді.  Ресейде  жекелеген  халықтардың,  олардың 

ішінде  орыс  халқының  мəдени-психологиялық  сипаттамасын  Н.А.  Бердяев  тамаша 

сипаттап 

берген 

болатын. 



Этнопсихологиялық 

зерттеулер 

ұлттық 

мəдениетті 



жасаушылардың  психологиялық  ерекшеліктерін  есепке  ала  отырып,  кез  келген  ұлт 

мəдениетінің  өзіне  ғана  тəн  сипатын  ашып  көрсетуде  қомақты  табыстарға  жетіп  отыр. 

Мысалы: орыс биінің, аргентин тангосының, негр музыкасының терең ұлттық мөнін осы 

тамаша  рухани  дүниелерді  өмірге  келтірген  халықтың  ұлттық  мінезін  ескергенде  ғана 

толық  түсінуге  мүмкіндік  алған  болар  едік.  Халық  туралы  жəне  қоғамдық  факторларға 

байланысты  оның  даму  заңдылықтары  жайындағы  демография  ғылымының  да 

мəдениеттануға  тікелей  қатысы  бар.  Ұлттық  мəдениеттің  тоқырауы  немесе  оның  орны 

толмас  ауыр  зардаптарға  ұшырауы  —  қоғамдық  саяси  жағдайларға  жəне  тағы  басқалары 

тікелей  байланысты  екендігін  дəлелдеп  жатудың  қажеті  бола  қоймас,  өйткені  мың  өліп, 

мың  тірілген  қазақ  халқының  өткен  тарихы  сөзімізге  нақты  дəлел  бола  алса  керек. 

«Азшылық»  халықтардың  немесе  тұтастай  өркениеттердің  құрып  кетуі  отаршылдықпен, 

басып алушылдықпен, шектен тыс қанаушылықпен, табиғи апаттармен, эпидемиялармен, 

маскүнемдікпен, нашақорлықпен жəне тағы басқалары тығыз байланысты болды. 

      ХХ  ғасырда  мəдениеттану  ғылымының  дамып,  одан  əрі  қалыптасуына  өзіндік  үлес 

қосқан  ғылым  салаларына  сипаттама  беруді  аяқтай  отырып,  тағы  бір  ғылым  саласын 

ерекше  атап  өтуді  жөн  кəрдік.  Ол  —  белгілер  мен  таңба  жүйесін  зерттейтін  семиотика 

ғылымы.  Бұл  жас,  өрі  қажетті  ғылым  саласы  аз  уақыт  шеңберінде  мəдениеттану 

ғылымымен  біте  қайнасып  кетті  десек  қателеспеген  болар  едік.  Семиотикалық  тəсіл 

лингвистика,  əдебиет,  кино,  театр  теориясында,  қоғамдық  ғылымдарды  жəне  басқа  да 

ғылым салаларында кеңінен қолданылуда, онымен тіпті информатика мен кибернетика да 

тамаша  үндестік  табуда.  Демек,  мəдениеттанудың  басқа  ғылым  салаларымен  өзара 

сабақтастықта 

дамуына 

жəне 


«мəдениет» 

мəселесімен 

барлық 

ғылымдардың 



айналысатындығына  қарап,  «мəдениеттану  жеке  пəн  ретінде  бар  ма?»  деген  ой  да  туып 

қалуы  ғажап  емес.  Біздің  айтарымыз,  мəдениеттану  —  ғылымның  жеке  саласы  ретінде 

өзінің алғашқы қадамын жасауда, сондықтан оның болашағы да зор болмақ. 

      Əрине, жоғарыда атап көрсеткеніміздей, мəдениеттану ғылымының дамуына көптеген 

ғылымдар  ат  салысуда,  соған  қарамастан  бұл  пəннің  өзіндік  бағыт-бағдары,  бет-бейнесі 

бар.  Мəдениетке  өзіндік  баға  берушілік  сол  бір  ғылыми  ізденістің  басты  белгісі  болса 

керек,  сондықтан  да  бол  ар  мəдениеттанушылар  «мəдениет»  мəселесімен  тығыз 

айналысуда. 

Кейде 

мəдениеттану 



саласында 

қанша 


теория 

болса, 


соншама 

мəдениеттанушылар  бар  деген  пікір  де  айтылып  қалады.  Шындығында  да,  теориялар 

санының көп болуы, мəдениетке де көзқарастардың саналуан болуымен оның əр тұрғыдан 

қарастырылуына əкеліп соқты. Мысалы: Мəдениетті «семиотикалық» тұрғыдан қарастыру 

бар. Бұл ағымның басты өкілі Ю. Лотман жəне мəдениетті «əдебиеттік» (С.С. Аверинцев), 

«тарихи»  (Л.Н.  Баткин),  «методологиялық»  (А.  Кробер,  К.  Клохкон),  «антропологиялық» 

(М.  Мид)  жəне  тағы  басқа  тұрғыдан  пайымдаулар  бар.  Əрине,  олардың  «мəдениет» 

мəселесіне  байланысты  пікірлерінің,  түсініктерінің  айырмашылықтары  бар  екендігі 

даусыз  жəне  оны  ешкім  жоққа  да  шығара  алмайды,  бірақ  олар  бірін-бірі  жақсы  түсінеді, 

мəдениеттануға  тікелей  байланысты  ортақ  мəселелер  көтереді.  Ендеше,  бұл  пəнді  терең 

зерттеуге  құлшынушылық,  мəдениетке  байланысты  түрлі  көзқарастар  жүйесінің 

қалыптасуы  сөзсіз  қуантарлық  жағдай,  ол  гуманитарлық  ғылыми  пəннің  туып  келе 

жатқандығының  белгісі  деп  санауымыз  керек.  Шындығына  келсек,  əрбір  ғылым 

салаларының  өкілдері  мəдениетті  өз  мамандықтары  тұрғысынан  қарастырады.  Бірақ  бұл 

ғылымдар  бір-бірімен  тығыз  байланысты  болғандықтан  бірінсіз-бірі  өмір  сүре  алмайды. 

Олай  болса  əдебиетші  тек  таза  əдебиетші  болып  қалмайды,  өйткені  ол  мəдениеттануды, 

тарихты, психологияны игергенде ғана нағыз əдебиетші бола алады. Өз кезегінде тарихшы 

да,  психолог  та,  социолог  та  сол  сияқты.  Мəдениеттің  əртүрлі  тұрғыдан  қарастырылуы, 

мəдениет  мəселесіне  деген  үлкен  қызығушылықтан  туса  керек.  Оған  дəлел  ретінде  1964 

жылына  қарай  батыс  əдебиетінде  мəдениетке  257  анықтама  берілгендігі  жөніңде 

Американ мəдениеттанушылары А. Кребер мен К. Клохконның мəліметтерін келтірсек те 


жеткілікті сияқты. Ал одан кейін қаншама уақыт өткендігін жəне дүниедегі болып жатқан 

мəдени  өзгерістерді  есепке  алсақ,  мəдениет  ұғымының  шеңбері  бұрынғыдан  да  кеңейе 

түседі. Əрине, əкімшілдік-əміршілдік жүйе жағдайында мəдениеттану пəні біздің елімізде 

жүйелі  түрде  оқытылмады.  Гуманитарлық  ғылымдар  саласында  да  өзінің  нақты  орнын 

таба  алмады.  Осы  орайда  көптеген  ғалымдар  ұлттық  мəдениеттің  тоқырауын  Ұлы  Қазан 

революциясымен  де  байланыстырады.  Шындығында  да  экономикалық  жəне  саяси 

берекесіздіктің  басты  себебі  —  мəдениетсіз  саясаттың  салдары  болып  саналады.  Ендеше 

тəуелсіздікке  енді  ғана  қолы  жеткен  Қазақстан  Республикасының  алдында  тұрған  басты 

мақсат  —  18  халықтың  рухани  байлығы  —  мəдениетті  қалпына  келтіру,  ал  мəдени 

өркендеусіз  еліміз  өркениетті  елдердің  қатарына  еш  уақытта  қосыла  алмайтыны  ақиқат. 

Бұл мақсатты жүзеге асыруда  мəдениеттану пəнінің қосар үлесі қомақты болмақ. Əрине; 

мəдениеттану гуманитарлық ғылымдардың ықпалымен дамуда, бірақ соған қарамастан ол 

жеке  пəн  болып  қалыптасу  процесін  бастан  кешіруде.  Оған  дəлел  ретінде  қазіргі 

мəдениеттанудың  біртіндеп  философияның  əкелік  қамқорлығынан  шығып,  өзіндік  бағыт 

алуын айтсақ та жеткілікті сияқты. Мəдениеттанушы ең бірінші кезекте мəдени қызметтің 

нəтижелерімен (мəдени шығармашылықтың нəтижелері, музыка, кескіндеме туындылары 

жəне  тағы  басқалары)  санасса  да,  оның  басты  мақсаты  —  теренде  жатыр,  дəлірек 

айтқанда,  мəдениеттің  рухын  игеру  болып  табылады.  Бұл  жағдайда  мəдениетті  игерудің 

екінші — «коммуникативтік» жағы келіп шығады. Ол білім беру мен тəрбиенің, адамның 

адамгершілік  тұрғыдағы  қарым-қатынастарының  дəрежесіне  байланысты  болып  келеді. 

Ең соңында мəдениеттің негізі, оның түйіні мен маңызы туралы мəселе келіп туындайды. 

Ғалымдар  оны  тілмен  де,  рəміздік  жүйесін  қабылдаған  ұлттың  психологиялық  түрмен 

жəне  акрализация  тəсілімен  жəне  тағы  басқалары  байланыстырады.  Қалай  болғанда  да 

дүниенің  тұтастығы,  қоғамның  интеграциялық  негізі  жəне  этностың  рухани  кеңістік  — 

мəдени  дəстүрлердің  дамуында  ең  басты  факторлар  болып  қала  береді.  Мəдениеттану 

ғылыми пəн дəрежесіне жету мақсатында, сөзсіз мəдениет археологиясына сүйенеді, оның 

генезисін,  өмір  сүруі  мен  дамуының  құпияларын  ашып,  мəдени  мұрагерліктің  тəсілдерін 

жетілдіреді. Бұл жүмыс үш дəрежеде жүзеге асырылады: 

1.

 

Мəдениетті, оның базистік негіздерін сақтау; 



2.

 

Мəдениетті жаңғырту, мəдениеттің дамуына жаңаша ықпал ету; 



3.

 

Мəдениетті трансляциялау немесе мəдениет əлемін халықтың игілігіне айналдыру. 



Бұл  үш  дəреженің  арқасында  мəдениеттің  сандық-салалық  (ғылым,  техника,  өнер, 

философия,  экономика  тағы  басқалары)  сапалық  сипатын  тереңірек  ашып  көрсетумен 

қатар,  мəдениеттің  құрылымын,  тұтастығын,  даму  заңдылықтарын  ашып  көрсетуге 

мүмкіндік аламыз. Осы айтылғандар ғылыми пəн ретінде мəдениеттану пəні жөнінде жəне 

оның алдында тұрған міндеттер жайында кейбір қорытындылар жасауға мүмкіндік береді. 

Біздің  ойымызша,  мəдениеттану  пəнінің  басты  мəселесі  —  адамзаттың  ерекше  өмір  сүру 

тəсілі  ретінде  мəдениеттің  қалыптасып  дамуы,  оның  генезисі  болып  табылады. 

Мəдениеттанушылардың  бұл  орайдағы  басты  мақсаты  дүниежүзілік  жəне  ұлттық 

денгейдегі  тарихи-мəдени  процестерді  тарихи  шындық  тұрғысынан  түсіндіріп  қана 

қоймай, оларды болжай, əрі басқара білу. Ең бастысы мəдениеттану ғылыми мəдениеттің 

қайнар  бұлағынан  сусындай  білуі  қажет.  Адамзат  баласы  өз  шешімін  таппаған  көптеген 

мəселелерге белшесінен батуы қазіргі заманғы мəдениеттің көп жағдайларда өз бастауын 

ұмыта  бастағандығынан  да  болуы  керек.  Ендеше  адамзаттың  мəдени  жаңғыруына  бұл 

мəдениеттану  пəнінің  қосар  үлесі  де  қомақты  екендігін  ескерсек,  əлі  де  болса  буыны 

бекімеген  бұл  жас  ғылым  саласының  болашағы  зор  болатындығына  күмəн  келтіруге 

болмас. 


 

 

 



 

Мəдениет пен өркениет 

Мəдениет  ұғымын  тереңірек  түсіну  үшін,  оған  мағыналық  жақындығы  бар  кейбір  басқа 

ұғымдармен  арақатынасын  қарастырып  өтейік.  Осы  сипатта  біздің  зердемізге  бірінші 

түсетін ұғым — өркениет. Өркениет (цивилизация) семантикалық жағынан алғанда (латын 

тілінің  —  «цівіліс»  сөзі)  азаматтық  дегенді  білдіреді.  Римдіктер  бұл  ұғымды 

«варварлықтар» 

деп 

өздері 


атаған, 

басқа 


халықтар 

мен 


мемлекеттерден 

айырмашылықтарын  көрсету  мақсатында  қолданған.  Яғни,  «өркениет»  олардың 

түсініктері  бойынша  азаматтық  қоғамы,  қалалық  мəдениеті,  заңға  негізделген  басқару 

тəртібі бар Рим империясының даму дəрежесін білдіреді. Ғасырлар бойы қалыптасқан осы 

екі ұғымның мағыналарын төмендегідей топтастыруға мүмкіндік бар: 

 



Мəдениет пен өркениет бір. Олар синонимдер (И. Гердер, Э.Б. Тайлор). 

 



Өркениет  —  мəдениеттің  ақыры,  оның  кəрілік  шағы,  руханилықтың  антиподы 

(Ж.Ж. Руссо, Ш. Фурье, О. Шпенглер). 

 

Өркениет  —  мəдениеттің  прогресі,  болашаққа  бой  сермеуі,  қоғамның 



парасаттылық деңгейі (Ф. Вольтер, Д. Белл). 

 



Өркениет — тағылық пен варварлықтан кейінгі тарихи-мəдени саты (ЖЫ. Морган). 

 



Өркениет — этностар мен мемлекеттерге тəн мəдениеттің оқшау түрі (А. Тойнби, 

Н.Я. Данилевский жəне тағы басқалары). 

 

Өркениет мəдениеттің техникалық даму деңгейі, оның материалдық жағы. 



      Бұдан  көретініміз,  мəдениет  пен  өркениет  бір-бірімен  байланысты  ұғымдар  екен. 

Мəдениеттанушы Г. Чайлдтың пікірінше, өркениетке еңбектің қоғамдық жолмен бөлінуі, 

қалалардың пайда болуы, жазбаша мəдениеттің дамуы, қолөнер мен сауданың өркендеуі, 

азаматтық  қоғам  мен  мемлекеттің  орнауы  жатады.  Мəдениетті  тұлғалық  сипатта 

қарастырғанда,  бірнеше  елеулі  түсініктерге  тоқтала  кету  қажет,  олардың  ішіндегі 

маңыздылары:  мəдени  əрекет,  мəдени  орта,  мəдени  игіліктер  мен  қажеттіліктер  жəне 

мəдени  ұйымдар  мен  ұжымдар.  Бұлардың  арасында  ең  түбегейлісі  —  мəдени  əрекет. 

Əрекеттену  —  жалпы  адам  мен  қоғамның  өмір  сүру  тəсілі,  тіршіліктің  тірегі.  Мəдени 

əрекет  деп,  əдетте,  мəдениет  игіліктерін  өндіруге,  таратуға,  тұтынуға  бағытталған 

мақсатқа  сəйкес  əлеуметтік  іс-қимылдарды  атайды.  Мəдени  игіліктерді  толассыз  жасау 

нəтижесінде адам өзінің де мəдени деңгейін көтереді. 

       Осы  əрекеттің  қайнары,  түпкі  қозғаушы  күші  ретінде  ғылым  адамның  талап-

мұқтаждарын,  мəдени  қажеттіліктерді  бөліп  қарастырады.  Осылардың  қатарына  біз 

мынандай  адамдық  қажеттіліктерді  жатқызамыз:  өмірдің  мəні  мен  мағынасын  іздеу, 

өмірден  өз  орнын  табуға  ұмтылу,  шығармашылыққа  талпыныс,  альтруизм,  гумандылық 

жəне  тағы  басқалары.  Мəдени  орта  ұғымы  мəдениеттің  коммуникациялық  (қатынастық) 

табиғатымен  тығыз  байланысты.  Мəдени  орта  заттықматериалдық,  əлеуметтік  ұйымдар 

мен  ұжымдардан,  рухани  қызмет  орындарынан  тұрады.  Оларға  техника  мен  құрал-

жабдықтардың  даму  деңгейі,  тұрмыстық  мəдени  дəрежесі,  адамдардың  білімділігі, 

кəсіптік  шеберлігі,  рухани  мəдениетті  сақтау  жəне  насихаттау  ұйымдары  (мұрағаттар, 

мұражайлар, кітапханалар, клубтар жəне тағы басқалар) жатады. 

      Қайсыбір  ұлттық  мəдениетті  алсақ  та,  ондағы  салт-дəстүрлер  жүйесіне  бірден 

назарымыз  ауады.  «Салт-дəстүр,  —  дейді  белгілі  философ  Гердер,  —  тіл  мен  мəдениет 

бастауларының анасы»

[2]

. Мəдениет өзінің кең мағынасыңда бір ұрпақтың келесі ұрпаққа 



жолдаған өмір сүру тəсілі болғандықтан, осы жалғастықты, мұрагерлікті жүзеге асыратын 

салт-дəстүрлер  жүйесі  мəдениет  өзегін  құрастырады.  Əсіресе,  жазу-сызу  болмаған  ерте 

заманда мəдениет ырымдар мен сəуегейлікке, сенім-нанымдарға, дəстүрлі түсініктерге иек 

артқан.  Ал  салт-дəстүрлерге  Ғұзыхан  Ақпанбет  мынандай  баға  береді:  «Олар  —  терең 

философиялық ойдың, ғасырлар бойы жинақталған тəжірибенің сұрыпталған тұжырымы, 

негізгі нəрі, қысқа да көркем бейнесі» 

[3]

. Ғасырлар бойы күнделікті іс-тəжірибе негізінде 



сұрыпталған  жазу-сызу  мен  азаматтық  қоғам  əлі  жоқ  кезде  қалыптасқан  салт-дəстүрлер 

мен əдет-ғұрыптар мəдени мирасқорлықтың жалғыз мүмкіндігі болды. Ескі ырымдар мен 

əдет-ғұрыптардан  надандық,  анайылықты  емес,  қазіргі  ұлттық  мəдениеттердің  архетипін 

аңғарған  жен.  Кез  келген  ұлттық  мəдениеттің  негізі  мен  ділін,  ондағы  адамгершілік 



қасиеттер мен дүниетанымды ұғыну үшін мəдениеттің тағы бір түп-тамыры дінге жүгіну 

қажет. Тоталитарлық жүйе ұлттық мəдениеттерді құрту мақсатында, дінді «апиын» деген 

марксизм қағидасын басшылыққа алып, ешқандай қасиетті тірліктері жоқ, шолақ белсенді 

мəңгүрттерді тəрбиелеуге тырысты. 

Ал шыңдығында діни Ренессанс («ренессанс» — француз сөзі — қайта жаңғыру) мəдени 

дамуда  орасан  зор  роль  атқарды.  Дінге  дейінгі  дүниетаным  ретіндегі  мифте  табиғат 

қасиетті  күштерге  баланса,  ұлттық  немесе  дүниежүзілік  діндерде  адам  мен  қоғамның 

құдіреттілігіне  басты  назар  аударылады.  Осының  нəтижесінде  өркениет  қалыптасады. 

Жалпы  алғанда,  дінтанусыз  мəдениеттану  жоқ.  Мəдениеттің  өзекті  бөлігі  —  өнер. 

Таңбалы  тастағы  кескіндер  мен  тағы  адамдардың  ырым-билерінен  бастап,  Рафаэль  мен 

Микеланджелоның  мəңгілік  туындыларымен  жалғасқан,  халықтың  шығармашылық 

рухынан туған талай сұлу дүниелерсіз, өнер əлемінсіз, қандай мəдениеттің болсын рухын 

сезіне  алмаймыз.  Шынында  да,  өнер  мəдениеттің  алтын  қазынасы,  адамның  ұлылығын 

білдіретін ғажап көріністердің бірі — оның əсемдікке, сұлулыққа ұмтылуы. Осыған дейін 

қарастырылған  анықтамалардан  бір  түйінді  ой  айтуға  болады:  мəдениет  —  адам  əлемі. 

Мəдениет көріністерінде адамдық парасат, оқыл-ой, ізгілік пен əдемілік заттандырылып, , 

игіліктер дүниесі құралған. Сонымен бірге мəдениет адамды Ы тұлға деңгейіне көтеретін 

негізгі  құрал.  Əл-Фараби  айтқандай,  адам  —  «хайуани  мадани»,  яғни,  мəдениетті  жан. 

Адам — табиғат туындысы жəне ол үшін табиғи орта мəңгілік ; қажеттілік болып қалады. 

Мəдениет  адамнан  табиғатты  бөліп  алады  деген  пікір  қанша  рет  айтылса  да,  адамның 

табиғи  шығармашылықтың  ең  жоғары  үлгісі  екендігіне  күмəн  жоқ.  И.  Гердердің  тілімен 

айтқанда, адам — табиғаттың бірінші азаттық алған пендесі. 

      Ғасырлар  —  адамның  мəдени  дамуының  куəсі.  Бірақ  осы  алға  қарай  жылжу  Жер-

Анаға  əр  уақытта  жайлы  бола  бермеді.  Адам  қоршаған  ортаны  өзіне  ыңғайлы  тұраққа 

айналдыруға  тырысты,  алайда  осы  белсенділік  коп  жағдайда  табиғатты  күйзелтіп, 

құлдыратып  жіберді.  Мəдениет  пен  табиғатты  қарама-қарсы  қоюдың  бір  түрі  адамның 

табиғи антимəдениеттілігі жөніндегі ілімдер еді (киниктер, Ницше). Контрмəдениет атты 

ХХ  ғасыр  туындысы  бұқаралық  мəдениеттегі  руханилықтың  затқа,  тауарға  айналуына 

қарсы қозғалыс сипатында болды. Мəдениет пен табиғатты үштастыруға тырысатын ілім 

—  мəдени  антропология.  Оның  негізін  салушылардың  бірі  —  Э.  Уилсон.  Əрине  аталған 

ілімдер  табиғи-биологиялық  заңдылықтарды  тым  əсірелеп  жібереді,  əйткенмен  оның 

қисыны  бар  сияқты.  Өйткені,  ХХ  ғасыр  мəдениет  пен  табиғат  дилеммасының  адам 

тағдыры  үшін  қауіпті  екендігін  көрсетіп,  заман  талабына  сəйкес  экологиялық  мəдениет 

ілімін  тудырды.  Адамдық  шовинизмді  тежейтін  бұл  ілімнің  негізі  есебінде  мынадай 

идеяларды атап өткен жөн: 

 



академик В.И. Вернадскийдің Ноосфера (парасатты орта) туралы ілімі; 

 



Рим клубының экологиялық тұжырымдары; 

 



Тейяр де Шарденнің адам жөніндегі гуманистік эволюциялық теориясы; 

 



ЖЫ.Һ.  Толстой,  М.  Ганди,  А.  Швейцер,  Э.  Фромм  тағы  басқалары  дамытқан 

гуманистік этика тағы басқалары 

Тағы  айта  кететін  жайт,  осы  экология  мəселелеріне  байланысты  Шығыс  пен  Батыстың 

арасындағы  айырмашылық  туралы.  Интровертивтік  Шығыс  мəдениеті  табиғатқа  жақын, 

ол үстемдік етуге шақырған жоқ. 

       Сонымен,  мəдениет  адам  мен  табиғатты  бөліп  тұрған  «қытай  қорғаны»  емес, 

керісінше,  олардың  арасындағы  нəзік  үндестік  жəне  рухани  қыл-көпір.  Осы  үндестікті 

(гармонияны) одан əрі жетілдіру — адамзаттың алдындағы келелі міндет. 

       Адам  жəне  мəдениет  мəселесін  тереңдете  түсетін  тағы  бір  жайт  адамның 

қабілеттілігіне, жан-жақтылығына, шексіздігіне байланысты. Американ ғалымы К. Поппер 

айтқандай,  адам  бірдей  үш  дүниеге:  физикалық,  ментальдық  (психикалық)  жəне 

идеалдыққа  жатады.  Сонда  мəдениет  осылардың  қайсысымен  көбірек  анықталады  деген 

занды сұрақ туады. Егер біз мəдениетті тек материалдық жəне рухани бөліктерге бөлудің 

қарадүрсін  шеңберінен  шыға  алсақ,  онда  мəдениеттің  өзінің  ішкі  мағынасында  идеалды 

екендігіне  көзіміз  жетеді.  Себебі,  адамды  қоршаған  заттар,  дүние  —  бұл  мəдениеттің 

сыртқы  көрінісі  ғана,  оның  мəні  —  руханилықты  адам  əрекетінің  нəтижесінде 



заттандыруда  жатыр.  Мəдениеттің  ішкі  мəні  қоғамдағы  өмір  сүріп  жатқан  адамдардың 

өзіндік санасында, парасаттылық сезімдерінде, рухани ізденістерінде айқындалады. 

Ж.  П.  Сартрлық  көсемсөзді  қайталасақ,  адам  əлемге  еркін  жіберілген,  ол  еріктілік 

жазасына  кесілген.  Осы  сипатта  мəдениеттің  құпиясы  —  адамдағы  «Мендік».  Одан 

сыртқа ерекше бір нүр — азаттық, жауапкершілік, адамгершілік сəулесі нүр шашып тұр. 

Мəдениетте адам ғажап биік деңгейге көтеріледі. Мəдениет дегеніміз менің өмірім, менен 

бөлінген, мен өлгеннен кейін де тірі болатын менің шығармашылығым. 

       Енді  мəдениеттің  қоғамда  атқаратын  қызметтерін  талқылайық.  Алдымен  қоғам  жəне 

мəдениет  ұғымдарында  қаншама  ұқсастық,  үндестік  болғанымен,  олардың  арасындағы 

мағыналық, айырмашылықты естен шығармаған жөн. 

      Қоғам  —  əлемнің  бір  бөлігі,  белгілі  бір  мақсаттарды  іске  асыру  жолында  əрекет  етіп 

жатқан субъектілердің (тұлғалардың, топтардың, этностардың, мемлекеттердің) байланыс 

нысандары.  Яғни,  қоғам  ұғымындағы  негізгі  мəселе  —  адам  жəне  оның  ұйымдасу 

нысандары,  бұл  ретте  қоғамды  зерттейтін  басты  ілімді  əлеуметтану  деп  атайды.  Ал 

мəдениет  осы  тұрғыдағы  қоғамның  белгілі  бір  қасиеті,  көрінісі,  сипаты  мазмүнында 

қолданылады. 






©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал