Ххі ғасырдың озық технологиялары



жүктеу 35.18 Kb.

Дата14.04.2017
өлшемі35.18 Kb.

ХХІ ғасырдың озық технологиялары 

Ибрагимова М.Н., Нусупбаева С.А. 

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультеті Жоғары оқу 

орнына дейінгі дайындық кафедрасының оқытушылары 

E-mail: ibragimova.meruert 



 

         



Тірек сөздер: технология, инновация, кредит, әдіс. 

 

ХХІ  ғасыр  озық  және  жаңа  технологиялар  ғасыры  болғандықтан,  бүгінгі 



таңда  білім  жүйесінде  де  осы  технологияларды  заман  талабына  сай,  кеңінен 

қолдану  сапалы  білімге  жетелейді.  Әсіресе  халықаралық  деңгейдегі  кредиттік 

жүйеге  өткен  жоғарғы  оқу  орындарында  білім  алушыға  инновациялық  үрдісте 

білім  берудің  жаңа  жолдарын  ашары  сөзсіз.  Ал  «инновация»  деген  ұғымға 

қысқаша  тоқталатын  болсақ,  бұл  нақты  қойылған  мақсатқа,  ойға  алынған  жаңа 

нәтиже.  «Инновация»  деген  ұғымды  кейбір  авторлар  «жаңалық»,  «жаңа  әдіс», 

«өзгеріс»,  «әдістеме»,  «жаңашылдық»  деп  атауға  болатындығын  атап  көрсетеді. 

Демек  инновациялық  технологияларды  пайдалану  дегеніміз  тек  қана  жаңа  әдіс 

ойлап  табу  деген  сөз  емес,  сонымен  қатар  бұрын  қолданып  келген  әдістерге 

жаңаша түр беру немесе сол әдіске өзгеріс енгізу болып табылады.  

Жылдан  жылға  жан-жақты  дамып  жатқан  еліміздің  білім  жүйесі  де  түрлі 

жаңа  бағыттарға  бет  бұруда.  Алдымен  ЖОО-ры  кредиттік  жүйеге  бет  алған 

болатын,  енді    ЖОО-ға  дейінгі  білім  беру  мекемелеріне  де  енгізу  қолға  алынып 

жатыр.  Бұл ЖОО-ға  дейінгі  білім беруде  инновациялық  технологиялардың  жаңа 

бағыттарын қарастыруды талап етеді.  

Тарих пәнінен сабақ беру барысындағы басты мақсат білім алушыға адамзат 

пайда  болғаннан  бастап,  бүгінгі  күнге  дейінгі  олардың  жүріп  өткен  тарихи 

жолдарының  аса  маңызды  фактілерін,  оқиғаларын,  құбылыстарын  оқып  үйрету, 

сонымен  қатар  адамгершлігі  мол  тұлға  ретінде  қалыптастыру  болып  табылады. 

ҚазҰУ-дың  Жоғарғы  оқу  орнына  дейінгі  білім  беру  факультетінің  ерекшелігі 

мұнда  шетелден  келген  қазақ  диаспора  өкілдері  мен  шетел  азаматтары 

оқитындықтан тарих сабағын оқытуда жаңаша әдіс-тәсілдерді пайдалануды талап 

етеді.  Мысалға  қазақ  диаспора  өкілдерінің  негізгі  бөлігі  Қазақстан  тарихынан 

мүлдем  бейхабар.  Сонымен  қатар  өзіміздің  Қазақстан  азаматтарымен 

салыстырғанда олар еліміздің тарих беттерін жаңадан ашады.  Сондықтан оларға 

еліміздің тарихын жеңіл әрі түсінікті тілмен және неғұрлым көрнекілік құралдар 

қолдана  отырып  түсіндіру  қажет.  Шетелден  келген  қандастарымыздың  тарихқа 

деген  көзқарасын  дұрыс  қалыптастыру  үшін  тарих  сабағын  оқытуда  мынадай 

әдіс-тәсілдерді қолдану қажеттігі туындап отыр: 

1.

 



Бұрында  сабақ  барысында  қолданып  келген  көрнекілік  әдісі.  Мұнда 

әрине  бірінші  кезекте  сабаққа  қатысты  суреттер,  кітаптар,  кестелер. 

Бүгінгі технологиялар дамыған заманда бұрынғыдай бұл көрнекіліктерді 

қолтықтап  жүрудің  қажеттігі  жоқ.  Барлығы  кішкентай  ғана  флешкада 

сақталады  және  сабақ  барысында  проектор  арқылы  тыңдаушыларға 

көрсетіледі.  Бұл  біріншіден,  оқытушы  мен  тыңдаушының  уақытын 

үнемдесе;  екіншіден,  сапалы  білім  алуға  жол  ашады;  үшіншіден, 

тыңдаушының  көріп-есте  сақтау  қабілеттілігін  арттырады;  төртіншіден, 



тыңдаушылардың  жаңа  технологияларды  дұрыс  пайдалана  білуіне 

мүмкіндік береді. 

2.

 

Проектор қолдану арқылы ауызша баяндау әдісі тек әңгімелеу, түсіндіру, 



баяндау,  әңгімелесу,  проблемалық  баяндаулармен  шектелмейді.  Дәріс 

слайд түрінде жасалып, сабақ барысында кездесетін термин сөздер басқа 

түспен  айрықшаланып,  көрсетіліп  отырады.  Яғни  дәріс  тыңдаушының 

көз  алдында  интерактивті  тақтада  көрсетіліп  тұрады.  Дайын  дәрістерді 

кез-келген  тыңдаушы  өзіне  көшіріп  алып,  сол  арқылы  алдын-ала 

дайындалып келуіне мүмкіндік береді. Бұл дегеніміз болашақта ЖОО-ға 

дейінгі білім беру ордасына енгізілетін кредиттік технологияға біршама 

жақын десек те болады. Өйткені бұл тыңдаушының даралануына жағдай 

туғызады.  

               Шетелден  келген  қандастарымызға  ана  тілімізді  меңгерту  де  үлкен 

проблемалардың  бірі  болып  табылады.  Мысалға  Қырғызстан,  Өзбекстан, 

Монғолия  елдерінен  келген  қазақ  диаспора  өкілдерінің  басым  көпшілігі  орыс 

тілдерін  жақсы  біледі  де  ана  тілін  шала  біледі.  Бұл  жағдай  кеңестік  дәуірде 

орыстанып  кеткен  қалаларымызды  қалай  қазақтандырамыз  деп  жүргенде 

жанымызға  қатты  батады.  Өздерін  қазақпын  деп  орыс  тілінде  ғана 

сөйлейтіндерінің  келешегі  бізді  ойландырмай  қоймайды.  Ал  Қытайдан, 

Түркменстан елдерінен келген қандастарымыз қазақ тілінде сөйлеп, орыс тілінде 

ақсайды.  Алайда  олар  қазақ  тілінде  сөйлегенімен  орфографиялық  қателерді  көп 

жібереді. Өйткені Қытайда олар қытайша немесе қазақша оқыса да төте жазумен 

жазғандықтан кириллица әріптерінде жазу оларға қиынға соғады. Мысалға тарих 

пәнінен  сабақ  түсіндіргенде  тез  жазып  алуға  қиналады.  Сондықтан  да  тарих 

сабағында  қазақ  диаспора  өкілдеріне  лекция  оқығанда  олар  жазғандарын  кейде 

өздері  түсінбей  жатады.  Осы  кезде  слайдтармен  жасалған  лекция  оларға 

тақырыпты дұрыс көшіруіне мүмкіндік беріп, олардың көріп есте сақтау қабілетін 

арттырады.  Олардың  тарихи  терминдердің    дұрыс  жазуына  көңіл  аудартады.  Біз 

қала атауларының, тархи тұлға есімдерінің, тархи терминдердің дұрыс жазылуына 

көңіл аударуымыз қажет.  Өйткені осы мәселе тыңдаушылардың тест тапсырған 

кезінде  алдарынан  үнемі  кездесіп  отырады.  Егер  жаңа  жоғарыда  аталған 

терминдердің  дұрыс  жазылуын  білмесе  тыңдаушы  сол  сұраққа  көп  уақыт 

жоғалтуы  мүмкін.  Ал  бұл  атауларды  тақтаға  үнемі  жазып  отыру  оқытушы  мен 

тыңдаушының  уақытын  алады.  Сол  себепті  осы  мәселеде  де  компьютерлік 

технологияларды үздіксіз пайдалану көп көмегін тигізеді. 

        Тыңдаушының есінде фактілерді, даталарды бекіту тәсілдерінде де слайдтар 

түрінде  жасалған  кестелер,  тірек-сызбалар  маңызды  рөл  атқарады.  Дәріс 

барысында  тыңдаушыға  логикалық  сұрақтар  қою  арқылы  танымдық-

шығармашылық  қабілеттерін  дамыту  да  қарастырылады.  Қазіргі  кезде  тарих 

сабағында  интербелсенді  әдістерді  қолданудың  да  тиімділігі  артып  отыр. 

«Интербелсенді  оқыту  бірінші  мезетте  білім  игеру  процесінде  қатысушылардың 

тиімді қарым-қатынасына негізделеді.»    

       Үй тапсырмасын сұрау барысында интербелсенді семинар сабағын жүргізуге 

болады.  Оның  ішінде  пікір-сайыс  семинар  сабақтарының  қолданылуы 

тыңдаушының  өзіндік  пікір  қалыптастыруына  септігін  тигізеді.  ЖОО-ға  дейінгі 



білім 

беру 


факультеті 

тыңдаушыларды 

кешенді 

тест 


тапсыруға 

дайындайтындықтан  міндетті  түрде  тыңдаушының  білімін  тест  алу  арқылы 

тексеру әдісі қолданылып отырады. Сонымен қатар сабақ барысында сұрақ-жауап 

тәсілдері  де  үздіксіз  пайдаланылып,  неғұрлым  тыңдаушының  білімін  шыңдауға 

септігін тигізеді.  

Қазіргі кезде шетел тыңдаушылары мен шетелден келген қандастарымызға 

қазақ  тілін  меңгертуде  кез-келген  пән  бойынша  жаңа  инновациялық  

технологияларды қолдану әдісі өте тиімді деп айтуымызға болады.  

      Шетелден  келген  өзге  ұлт  өкілдеріне  тарихты  дәріс  түрінде  ғана  оқыту  бұл 

қателік.  Өйткені  тарихымызға  қатысты  дүниелердің  барлығын  құр  сөзбен  айтып 

жеткізе  алмаймыз.  Олар  оның  аудармасын  күтеді.  Бұл  кезде  де  бізге  проектор 

арқылы  слайдтармен  тарихи  суреттерді  көрсету  арқылы  түсіндіру  тыңдаушыға 

сөздік  қорының  дамуына  ықпал  етеді.  Мысалға  ежелгі  кездегі  адамдардың 

тұрмыста  пайдаланған  заттарын,  тұрған  жерлерін  слайдтағы  суреттер  арқылы 

көрсетіп,  «бұл  не?»  деген  сияқты  сұрақтар  қою  арқылы,  оның  жауабын  қазақша 

айтып  өз  тілдерінде  қалай  айтылатындығын  сұрап,  тілдік  қорын  дамыту 

технологиясын пайдаланымыз. Осылайша күнделікті сабақта жаңа инновациялық 

технологияларды пайдалану арқылы сабақ жүргізу білім  сапасын арттырады.  

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: 

1.

 



Құнапина  Қ.Қ.,  Құмғанбаев  Ж.Ж.,  Махаева  А.Ш.  Қазақстан  тарихынан 

әдістемелік-анықтамалық нұсқау. 2011-2012 оқу жылы. 214бет., 99-бет. 

2.

 

Ибадуллаева Ы.М. Қазақстанда білім беруде компьютер және жаңа ақпарат 



технологиясын 

қолдану.// 

Гуманитарлық 

ғылымдар 

Академиясының 

 

ХАБАРШЫСЫ, №1(11), 2005, 133-137. 



Резюме.  В  данной  статье  рассмотрена  значимость  использования  новой 

технологии на уроках по истории Казахстана.  



 

 

 






©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал