Хат (әңгіме) Мағауия сембай



жүктеу 33.86 Kb.

Дата09.09.2017
өлшемі33.86 Kb.

 

 

30.04.2015ж



 

 

Хат 



(әңгіме) 

Мағауия СЕМБАЙ

 

 

Қалың  қардың  кӛбесі  сӛгілген.  Күн  сәулесі  жерге  жантаймай,  тік  түсе  бастаған  кез.  Кәпия  түс 



әлетінде  азын-аулақ  шӛбін  беріп,  бір  отар  қойды  ӛріске   ұзатып,  ұлын  іздеген.  Күл  тӛгетін  тӛбенің  үстіне 

шығып алып, тапжылмай тұр. Беті  – батыста. 

– Құлыным-ау, не қарап тұрсың? – деп айқайлады Кәпия. 

– Әкемді қарап тұрмын. Келетін уақыты болды ғой, – деп  даусын созды Сапарғали. 

Сәлден соң ауылға  қарай жүгірді. 

–  Келе  жатыр.  Түйенің  сүйреткісімен.  Әкем  келе  жатыр,  –  деп  арсалаңдап,  ұшып  келіп  анасын 

құшақтай алды. 

Кәпия  да  ұлын  бауырына  басып,  батысқа  қараған.   Кӛз  ұшында  түйенің  қарасы  қарауытты.  Жүрегі 

атқақтап  кетті.  Майданнан  хат  алған  алдында.  Шәмбекенің  жараланғанын,  емделген  соң  елге  қайтатынын 

білетін. Дәл бүгін келетінін болжамаған. 

 ♦ ♦ ♦ 

Шәмбеке тескентау ӛткенде иманын айтты. Суырдың ініне кіріп кеткендей болды. Паровоз  қара айғырдай 



кісінеп, ақырып-шақырып ес кетті, жан шықты дегенде ӛтті-ау әйтеуір, қияметтің қыл кӛпірінен. Кәпиясы 

жанында.  Су  ішкен  бұлағын,  бүлдірген  терген  сайын,  ат  жалын  тартып  мініп,  болыстың  жанында   жүріп, 

қызығын  тауыса  алмаған  кербез  Кентін  тастап,  итжеккендер  еліне  қашып  келеді.  Шыбын  жаны  мен  шы-

рылдаған жарын аман алып қалу үшін. Тескентаудан шығып, жарық дүниеге ӛткенше, осы азапты сапарына 

не себеп болғанын санасында саралап та үлгерді 

Жарының жасауына келген алты қанат ақбоз үйде Иса қажыны күтіп алған. Қайнағасы болып келеді. Кешегі 

Ақбайдың  Жақыбымен,  Спаның  болыс  Әміресімен  тең  сӛйлесетін  кӛреген  жан  еді.  Қой  сойды,  қолын 

қусырды. Патшадай күтті. 

– Шәмбеке, Қарауыл мен Боқты кӛтерілісінен ештеңе ӛнбеді.  От қаруға тӛтеп бере алмадық. Қытайға ӛтіп 

барам. Жан пида ғой. Артта қалған балалар үшін қамығам.  Ӛзің де байқа. Тіліңді тістемейтін бірбеткейсің 

ғой.  Аузыңды  буып  жүр.  Мына  қызылдардың  түрі  жаман.  Атылып  кетуің,  абақтыға  жабылуың  әбден 

мүмкін. Ағайын да оңып тұрған жоқ. Тектілер тентіреп, тексіздер тӛбеңде ойнайтын заманға тіреліп тұрмыз 

ғой, – деп қажы терең күрсінген. 

Айтқаны  айдай  келді.  Қарқаралыға  бара  қалған.  Қылышынан  қан  тамған  Угар   іздеп  жатыр  деген  соң, 

кеңсесіне емес, үйіне барған. Шор атадан тарайтын ағайынды еді. «Шормыз, құдайдан  бергіден  де  зормыз» 

дейтін әулеттен болатын екеуі. 

– Шәмбеке, не бүгін, не ертең соттың үкімі шығады. Кӛзіңді жоғалт. Ресей ӛтіп кетсең, іздей қоймас. Сені 

алып  қалуға  шамам  келмеді.  Мұндай  заман  болатынын  қайдан  білейін?  –  деп  ұнжырғасы  түсіп,  жүні 

жығылып отыр екен Угардың. 

Айбатынан арыстан айылын жиятын Угар ағасы усойқы болғанда, сайда саны, құмда ізі қалмайтынын ұқты 

Шәмбеке. Қарагер атқа қамшы басты. Шауып жетті ме, ұшып жетті ме жарына, есінде жоқ. Жасаулы үйді, 

кіндік  кескен  туған  жерді  тастап,  Семей  асып,  тескентау  ӛтіп  келе  жатқан  беті  осы.  Кім  кӛрсетіп,  арыз 

жазғанын да біліп келеді. Ӛз қолыңды ӛзің кесесің бе? Ағайыннан азарсың, безе алмайды екенсің. Сүйекке 

сіңген ғадет. Ата-баба салған сүрлеу. Шыға  алмайсың. 

Орыстың  жылқысын  бақты.  Ат  құлағында  ойнайтын  Шәмбекеге  қожасы  әбден  разы.  Әйтеуір  тамақтары 

тоқ.   Ұзын  құлақтан  хабар  жетеді  елден.  Халық  аштан  қырылған.  Сорпа  бетіне  шығатындары 

атылған,   айдалған.  Спанның  Әміресі  оққа  байланған.   Жақсы  мен  жайсаң  ту-талақай  болған.  Шәмбеке 

тәубесін мың қайталайды. Ӛкініштісі  – шекесі торсықтай тӛрт ұлы қаз тұрған бетте қызылша  тиіп қынадай 

қырылды. «Ауасы жақпаған, – деп ойлады Шәмбеке, –  жат жердің». 

Елге  оралып  келеді.  Құндақтаулы  Сапарғали  алаңсыз  ұйықтап  жатыр.  Тӛрт ұл  тұрмаған  соң  Шәмбеке  ой-

ланған.  «Еркек  тоқты  құрбандық  емес  пе?».  Жарының  аяғы  ауыр  болған  сәттен  елге  жетуге  қам  жасаған. 

Атылар, айдалар. Ұрпағын ата-баба мекеніне жеткізсе болды. Еті тірі, рухы мықты Шәмбеке де үгіліп  кете 

жаздаған сонда. Құдайы бар екен. Екінші дүния соғысы басталып, СССР-ге Германия басып кірді. Майданға 

алынатын  болды.  Артта  қалған  Сапарғалиды   туған  нағашысының  атына  жаздыртты.  Қара  танымаса  да, 

қайдағыны жүрегі сезген. Баланың болашағына кесапаты тиеді деп. Шәмбеке сотталғанын ұмытпаған. 

Кәпия соғысқа аттанып бара жатқан туған ағасы мен еріне кебенек пішіп, әдемілеп, әдіптеп кигізіп жіберді. 

Ырымдаған  еді.  Екеуі  де  жараланып,  мүгедек  болып  оралды.  Бес  уақ  намазын,  оразасын  елден  жасырып, 

қаза жібермейтін. Алла тілеуін берді. Сұрапыл соғыстан екеуі де аман қайтты. 



Шәмбеке  үкіметтің  малын  бақты.  Елден  ерек  малсақ  еді.  Жұлдызы  жанбады.  Ауылынан  13  Социалистік 

Еңбек Ері шыққанда, аты да аталмай қалды. 1931 жылы сотталған дерегі КГБ-нің архивінен сопаң етіп шыға 

келіпті.  Оған  бола  қайғырып,  қапалана  қойған  жоқ.  Алматыда  оқып  жатқан  Сапарғалиы  аман  болса,  одан 

артық  не  керек?   Каникулға  келерінде  есік  пен  тӛрдей  күреңді  жаратып,  алдынан  түлкі  құтқармайтын  қос 

тазысын  баптап  қоятын.  Осы  ӛңірге  әйгілі  атты  «Шәмбеке  күрең»   дейтін  ел.  Алыстан  ат  арытқандар 

аттай  қалап тазыларынан күшік алатын. 

–  Әке,  оқу  бітіретін  жылы  үйленем.  Анам  екеуіңнің,  нағашымның  қолдарын  жылы  суға  малам.  Қалада 

тұрасыңдар, – дейтін жетіп тұрған ұлы. 

 

Сол күні қос тазы қоймай ұлыды. Күрең шылбырын үзіп, шарбақтан секіріп, құла түзге қашты. Жамандыққа 



қимаса  да,  қос  мұңлықтың  жүректері  бір  пәленің  болғанын  сезді.  Сонау  итжеккендер  елінен  туған  жерге 

аман  жеткізген  құйтақандай  ұлы  Түркімен  жерінде  әскери  ойында  суға  кетіпті.  Тосын  ӛлім.  Ат  қойып, 

бауырымдаған, басу айтқан ел қисапсыз. Шәмбеке мен Кәпия ғұмырларында тұңғыш рет самолетпен ұшып, 

Мары  қаласына  барды.  Сапарғалидың  достары  алып  барған.  Естері  кіресілі-шығасылы  екеуі  қайдан  жол 

тапсын. Ол жақта күн ыстық. Ұлын жерлеп қойыпты. Кәпия сүйегін алып қайтамын  деп, зар жылады. Бұл 

жаққа қарағанда діндар Түркімен елінің молдалары рұқсат бермеді. Аузынан Алла түспейтін Кәпия бәріне 

кӛнді. «Маңдайға жазғаны сол болар», – деді. 

Тӛсі сыздады. Кенжесі Мирас тӛртке келсе де, емшектен шықпаған еді. Сол күні ананың тұла бойы тастай 

қатты. Ауылда қалған Мирас та ботадай боздап, ақыры уанып тынды. Екеуі егіліп елге келді. Жұрт Шәмбеке 

жынданып кетер деп  қауіптенген. Басу айтып, қайғыларын бӛліскен жұртты тыңдамады. Тізесіне отыруға 

ұмтылған Мирасты қағып жіберетін. 

– Сен ер жетерсің, ер жеткенше ес кетер,– дей беретін Шәмбеке. 

–  Неміспен  соғыста  мен  ӛлсем,  ұлым  тірі  қалар  еді.  Екеумізді  бірдей  Алла  ала  қоймайды  ғой,  –  деп  сан-

дырақтаған күндері де болды. 

Қос тазысы ұлып-ұлып,  айдалаға барып ӛлді. Күрең ӛзінен-ӛзі арам қатты. Шәмбеке Кент тауын жаяу кезіп 

кетті.  Осы  ӛңірдегі  аруақ  қонған,  Алла  алқаған  ошақ  опырылып  түсе  жаздады.  Бәрін  бір  үшбу  хат  сүйеп 

жіберді.  Дӛңгелек  үстел  басындағы  шамды  ортаға  алып,  жапыр-жұпыр  отыра  қалысты  бәрі.  Мирас  та 

мектепке барып, қара танып қалған. Үлкен әпкесі таңдайы тақылдап, шау тартып қалған әкесі мен шешесіне, 

бауырларына  қаттырақ  дауыстап  зуылдатып  оқи  жӛнелді.  Шәмбеке  асықтырмай  қайта-қайта  қайталатып 

оқытты. Хатты  қолына  алды.  Маржандай  әріптеріне  ұзақ  қарап  отырды.  Мирасқа   жанарын  тоқтатты.  Хат 

Сапарғалидың сол жазда үйленуге уәделесіп қойған қызынан келген еді. Хат мазмұны белгілі  – басу айту, 

қайғыға  ортақтасу.  Сапарғалидың  бауырларының  амандығына,  азамат  болуларына  тілек.  Хат  жиі  келіп 

тұрды. Келген сайын Кәпия жылайды. Шәмбеке бір жолы Мирасын шақырып алып хат жаздырды. 

«Сапарғалидың  інісі  бар.  Қазақтың  жолымен,  әмеңгерлікпен  Мирасқа  тұрмысқа  шық»,  –  деп  жаздыртып, 

АВИА  конвертпен  Алматыға  салып  жіберді.  Үшбу  хат  сап  тыйылды.  Амалы  құрып,  далбасалағанын 

Шәмбеке білді. Біле тұра, солай жасады. 

Қайғысын қайратына жеңдірді. Жалғызының тілеуін тіледі. Басынан  құс ұшырмады. Оқытты. Кейін қалада 

тұрды бәрі. Жалғыз ұлы Шәмбеке мен Кәпияны кӛздері жұмылғанша күтті. Ӛлер алдында немерелері бәйек 

болып,  Шәмбекенің  аузына  су  тамызып  тұрды.  Әйтеуір  тағдырына  налыса  да,  артына  назаланбай  кете 

барды. 


 

Мирасқа ұзын құлақтан хабар жетті. Қарқаралыдағы бір тойға келген Сапарғали ағасының баяғыда уәделес-

кен қызы іздепті. «Сапарғалидың тӛрт жаста қалған бауыры бар еді, тірі ме?» – деп сұрастырса керек. 

– Бәлі, ол облыстың ауыл шаруашылығын тізгіндеп отырған білдей басқарманың бастығы. Аты жүріп, атағы 

шығып тұрған азаматымыз, – деп мақтапты ауылдастары. 

Еңбек демалысын алған бетте Мирас тау-тасты талғамайтын жүрдек кӛлікпен Семейге тӛтелей тартты. Бая-

ғыда  Иса  қажы,  әкесі  Шәмбеке  салт  атпен  салдыртып  жететін  жолға  түскен  Қайнар  арқылы.  Жолшыбай 

Абай мен Шәкәрім басына соғып, құран оқытты. 

Тәтесі ауруханада екен. Телефон арқылы алдында хабарласқан. Маңдайынан сүйді. Қолына торкӛз дәптерге 

жазылған хатты ұстата берген. Мирас баяғыдағы ӛз хатын алып, алақанымен аялай берді... 



 




©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал