Хандық ДӘуірдегі эстетикалық МӘдениеттің Қалыптасу ерекшеліктері



жүктеу 94.07 Kb.

Дата10.09.2017
өлшемі94.07 Kb.

Ж.Б.ОШАҚБАЕВА

(Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны және дінтану институты)



ХАНДЫҚ ДӘУІРДЕГІ ЭСТЕТИКАЛЫҚ МӘДЕНИЕТТІҢ ҚАЛЫПТАСУ

ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Аннотация

 Мақалада қазақ ойшылдары шығармаларының эстетикалық ойларының негізгі өзегі –

үйлесімге ұмтылу, жақсылық пен жамандықтың арақатынасы, тұрмыс эстетикасы екендігі

сарапталған.   Өз   шығармалары   арқылы   ақын-жыраулар   жан   сұлулығы   мен   тән

сұлулығының   үйлесімділігіне   үндейді,   әсемдікке   ұмтылуға   шақырады.   Бейнелерді,

кейіпкерлерді көркем сипаттау арқылы сөз өнерінің жоғары үлгісін көрсеткен ойшылдар

шығармаларының эстетикалық-тәрбиелік маңызы осында.

Кілт   сөздер:  эстетика,   өнер   философиясы,   мәдениет,   әсемдік,   сұлулық,   махаббат,

бақыт, сезім, мейірім, көркемдік. 



Ключевые слова: эстетика, философи искусства, культура, красота, любовь, счастье,

чувство, нежность, привлекательность.



Keywords:  esthetics, art philosophy, culture, beauty, love, happiness, feeling, tenderness,

appeal.


Қазақ халқының қалыптасуы барысындағы эстетикалық ой-пікірлердің дамуы бірнеше

кезеңдерден өткен. Халықтың эстетикалық құндылықтары алдымен фольклорда – тұрмыс-

салт жырларында, аңыздар мен мифтерде, батырлық және лирикалық эпоста көркем түрде

баяндалған. Халықтың дәстүрлі тұрмысы мен бүкіл тыныс-тіршілігіне ежелден бастап-ақ

сұлулық,   эстетикалық   көркемдік   тән   болды.   Эстетикалық   бастама   дәстүрлі   тұрмыста,

күнделікті іс-әрекетте көрініс тауып, ондағы сұлулық пен мейірімділік ұғымдары қатар

қойылды. Даланың әсем көркі аңызды, жырды, тарихты өзі туғызды, әр өзен, таудың аталу

тарихы   аңызға   айналып,   жырға   қосылды.   Көшпелі   қазақтың   сан   қилы   құбылыстарын

көзімен көріп, көңілімен түсінуі  ән мен жырдың тууына  түрткі болды. Көш бойы жол

қысқарту   мақсатымен   әңгімеші,   жыршылар   түрлі   әңгіме,   жырлар   айтып,   ол   ауыздан

ауызға тарады. Бұл халықтың әдет-ғұрпына сіңісіп, дәстүрге айналып кетті. 

Ауыз әдебиеті әсемдік пен сұлулыққа толы, онда ғасырлар бойы ел арасына тараған

халықтық эстетиканың мол байлығы сақталған. Ауыз әдебиетінде халық жеке бастың мұң-

мұқтажынан   гөрі   халық   мүддесін   жоғары   қойды,   онда   ел   мәселесі,   бірлік,   әлеуметтік

жағдай басты орын алды. Әрқашан халық біртұтас, жұрт болуды, жау шақыншылығына


біріге соққы беріп, ел тыныштығын берік сақтауды мақсат етті. Осы мәселелерді ақын-

жырауларымыз өз шығармаларына арқау етті. 

Эстетикалық көзқарасты тәрбиелеудің негізгі құралы – өнер. Ол шындықты көркем,

сезімді қабылданылатын бейнелер арқылы бере отырып және осылар арқылы адам сезімі

мен   санасына   әсер   етіп,   оның   көзқарасын   қалыптастыруға   жәрдем   етеді.   Сөздi   өнер

ретiнде   қарастырсақ,   өнер   –   өз   кезегiнде,   эстетика   iлiмiнiң   негiзгi   объектiсi.   Немiс

философы Гегель эстетика терминiн «өнер философиясы» десек дұрыс болар едi деген

екен. Маркс өнер әсемдiкпен тығыз байланысты, ол адамдарға эстетикалық ләззат берiп,

оны   ұғындыратын   пән   деп   қарады.   Егер   сен   өнерден   ләззат   алғың   келсе,   онда   сен

көркемдiк   жағынан   бiлiмдар   адам   болуың   қажет   дейдi.   Өнер   дегенiмiз   –   адамның

болмысты   бейнелеуiнiң   айрықша   формасы,   өнердiң   түрлерi   көп:   сәулет   өнерi,   сымбат

өнерi, кескiн өнерi, әуез өнерi және сөз өнерi. Қандай сәулеттi сарайлар, әсем суреттер,

әдемi ән-күй болсын, сөзбен суреттеп, көрсетуге болады, сөз өнерiнiң ерекшелiгi осында.

Сөз өнерi өмiрдi әр қырынан көрсете алады. Ол адам өмiрiнiң ой-сезiмiне ой жiбере алады,

адамның   ең   күрделi,   ең   нәзiк   толқу-толғанысын   түсiнiп,   баяндап   бере   алады.   Ауыз

әдебиетiмен   қатар   халық   музыкасы   да   дамыды.   Қазақ   халқы   өлеңге   шешен   сөйлеуге

қандай шебер болса, ән салуға, күй шығаруға да дарынды болды. Өлең-жырлары ой мен

сезiмге толы болып, әсемдiк пен сұлулық ұғымдарын тудырды. Қазақтар өнердi жоғары

бағалаған, оның қоғамдағы орнын, күнделiктi тұрмысқа қажеттiгiн, қай өнердiң болсын,

адам өмiрiне ықпал ететiндiгiн жақсы бiлген. 

Қазақ халқы үшін өмір сүру, мәнді өмір сүру ең басты құндылықтардың бірі. Халық

өмірді, жарық дүниені жоғары бағалайды. Жарық дүниені түсіну, білу – адамның рухани

тәжірибесінің негізі. Қазақ философиясында, дүниетанымында Жарық дүниеге көзқарас,

онымен   қарым-қатынас   негізгі   орын   алады.   Қазақ   Жарық   дүниенің   шексіз   шалқарын

көзбен де, қиялмен де көріп, ой көзіне салады. Қазақ философиясының Жарық дүниеге

көзқарасының биіктігі мынадай ой-тұжырымда: бір жағынан «бұл дүние – біртұтас десе,

екінші   жағынан   «адам   мен   әлем   біртұтас»   деп   түйеді»   [1,   3б].   Осы   біртұтас   дүниеде

адамның   өз   орнын   сезіне   білуі,   ол   орнының   Жарық   дүниенің   үзілмес   өмірінің   керегі

екендігін білу – өз алдына бір шоқы. Жарық дүние бүкіл Әлемді бейнелейді, сонымен

бірге адам әлемін, адамдардың тіршілігін аңғартады.

Қазақтың   төлтума   эстетикалық   мәдениеті   хандық   дәуірінде   қалыптасты.   Ол   ақын-

жыраулар   шығармаларында   өзінің   шарықтау   шыңына   жетті.   Асан   қайғы,   Қазтуған,

Доспанбет, Шалкиіз, Ақтамберді, Бұқар жырау, Шал, т.б. ақын-жыраулардың эстетикалық

ізденістері көшпенділердің дүниені қабылдауын білдіреді.

«Таза мiнсiз асыл сөз, ой түбiнде жатады» – Асан қайғы сөздiң нарқы мен парқын

бiлiп, қадiрiн түсiнген шешен. Ол кiмнен болса да қасиеттiң рухын күттi. Өмiр сүрудiң

негiзгi мәнi туралы айта келiп, Асан қайғы жақсылардан үлгi алып, жамандардан бойды

аулақ   салудың  қажеттiлiгiн,   жас  ұрпақтың   ата-анасын,   үлкендердi   сыйлап  қастерлеуiн,

олардың  ақылын  тыңдап  үнемi  басшылыққа   алуын,  iзгi  ниеттi   жайсаң  жан  болып  өсу

қажеттiгiн еске салады. Оның толғауларында адамға деген мейiрiмдiлiк, қайырымдылық,

сүйiспеншiлiк қай жағынан болса да, бiрiн-бiрi толықтырып жатады, туған-туыстармен тiл

тигiзiп, қырқыспайтын, бет жыртысып көңiл қалдырмайтын татулық сезiмi айқын бiлiнедi.



Әдептiлiктiң әр қыры мен сыры — бақыт көрiнiсiне лайық. Дегенмен бақыт — адамға

деген ерекше сыйласу мен махаббат сезiмнiң үйлесiмi мен иiрiмi. Бақытты жандар ғана

өзара түсiнiсе де, жақындаса да, бiрiге де алады. 

Бақытқа кедергi – ағайын мен ел арасындары бiтiмсiздiк, ондағы мүдде алшақтығы,

қасиет кенжелiгi, сөйлесу қағидасының бұзылуы. Сөйлесуде өзара түсiнiк жетiспесе, онда

үйлесiмдiлiктiң,   ынтымақтың   болуы   мүмкiн   еместiгiн,   зияндық   —   күйзелiс   көрiнiсi,

адамгершiлiктегi ғарiптiк белгiсi. 

Бұл заманда не ғаріп?

 Ақ қалалы боз ғаріп

Жақсыларға айтпаған

 Асыл, шығын, сөз ғаріп;

 Замандасы болмаса,

 Қариялар болар тез ғаріп...

 Ата жұрты бұқара

 Өз қолыңда болмаса,

 Қанша жақсы болса да,

 Қайратты туған ер ғарiп [2, 27-б.] 

Адамның   iшкi   дертi   азғындаған   уақытта,   замандағы   ғарiптiң   түрi   де,   зардабы   да

көбеймек. Ғарiптiк — заман ағысы адамзат тiршiлiгiне ыңғайсыз жағдайда дерт болып

асқындамақ. Бiрақ Асан қайғы заманды құрастырушы мен билеушiлердiң мiнез-құлқын,

iс-әрекетiн сынап мiнедi. Адамын тану арқылы ақын заманды тануға, заманның ағымын

пайымдауға талпынды. Мұраты биiк адам мен ұрпақ қана заманды өз талаптарына сай

дұрыстауға ықылас-ынта бiлдiредi..

«Бақыт – өз басың үшін көксейтін игілік, – дейді әл-Фараби, – өйткені [бақыттың] ар

жағында   адамның   қолы   жете   алмайтын   бұдан   артық   нәрсе   жоқ.   Бақытқа   жетуге

көмектесетін   еркін   әрекет   –   тамаша   әрекет.   Мұны   туғызатын   әдет-ғұрып   –

қайырымдылық.   Қайырымдылық   дегеніміз   оның   өзі   белгілеген,   бірақ   бақытқа   жету

мақсатынан   туған   жақсылық.   Бақытқа   жетуге   бөгет   жасайтын   әрекет   жаман   немесе

сұмпайы   әрекет   болмақ.   Бұл   әрекетті   туғызатын   әдет-ғұрып   –   кемшілік,   кесапат,

пасықтық»   [3,308б].  Бақыт   дегеніміз   —   өзі   болмысының   шарттары   мен   адамның   кең

ауқымды   ішкі   қанағаттанушылығына   сәйкес   келетін,   өмірінің   толыққандылығы   мен

маңыздылығын, өзінің адамдық мұратына жету күйін көрсететін моральдық сана ұғымы.

Бақыт мұраттың сезімдік-эмоциялық формасы болып табылады. Бақыт ұғымы белгілі бір

нақты объективті жағдайды немесе адамның субъективті күйін сипаттап қана қоймайды,

сонымен   бірге   адам   өмірінің   қалай   болуы   керек   екендігі,   ол   үшін   ненің   игілікті   бола

алатыны туралы түсініктерді де саралайды. Осыған байланысты бақыт ұғымы нормативті-

бағалық сипат алады. Бақыттың мазмұны әр адамның өз өмірінің мұраты мен мағынасын

қалай түсінуіне  байланысты. Көптеген адамдар бақытты махаббатпен байланыстырады.



Махаббат   жолында   бүкіл   өмірін,   байлығын,   мансабын   сарп   еткендер   де   аз   емес.   Осы

жерде   қазақтың   батырлық   жырлары   мен   лиро-эпостарының   кейіпкерлерін   еске

түсірейікші. Қыз Құртқа үшін Қобыланды, Гүлбаршын сұлу үшін Алпамыс, Қыз Жібек

үшін Төлеген, Баян сұлу үшін Қозы Көрпеш өздері сүйген арулар үшін өмірлерін қиюға да

дайын еді.

Махаббат   үшін   аңызға   татитын   ерліктер   мен   адамды   таңғалдыратын   әрекеттерге

баратындар барлық кезеңдерде де, барлық елдерде де аз болмаған. Шын ғашық адамдар

үшін құйылып жатқан байлығың да, асып тұрған мансабың да қажетсіз болып қалуы әбден

мүмкін. Қарсы жыныс өкіліне деген алабұртқан құлшыныс, жұптасып өмір сүруге ұмтылу

құбылыстары  о бастан  тек адамдарға  ғана тән,  табиғи,  сонысымен де заңды  құбылыс.

Сондықтан да махаббатпен өмір сүру бақыттылықтың басты белгілерінің бірі болып келді

және бұдан былай да бола береді. «Кейде есер көңіл құрғырың, махаббат іздеп талпынар»

немесе «Махаббат — өмір көркі» дегенде, ұлы Абай бақытты өмір сүрудің осы факторына

сүйеніп айтса керек.

Шын махаббат екі жақтың психологиялық және тән үйлесуінен, олардың бірін-бірі

үнемі   аңсап   тұруынан,   түптеп   келгенде,   өмірге   ұрпақ   келтіруге   бастап   апаратын

жұптасқан тұрмыс құруынан көрініс  береді. Махаббат – адам өмірінің  аса нәзік,  оның

бақытына тура қатысы бар маңызды қыры.

Сұлулық  — материалдық және рухани дүниенің  адамды ләззатқа бөлейтін сипаты,

әсемдік, әдемілікпен тектес эстетикалық ұғым. Сұлулық объектілердің сыртқы және ішкі

қырларын   бірдей   қамтиды.   Ал   әсемдік   құбылыстардың   сыртқы   көзге   түсетін   және

пішіндік   ерекшеліктерін   эстетикалық   тұрғыдан   қабылдауға   жатады.   Сұлулықтың,   ең

алдымен,   тепе-теңдік,   тұтастық,   үйлесімділік,   ырғақтылық   сынды,   табиғи   өлшемдерін

эстетикалық түйсінуде  адамның сезім мүшелерімен қатар, оның ішкі түйсігі мен ақыл-

парасаты ерекше рөл атқарады. Пішіннің сыртқы сұлулығы оның ішкі мазмұнымен сәйкес

келмеуі   мүмкін.   «Жылтырағанның   бәрі   әдемі   емес»   демекші,   керісінше,   сыртқы

сұрықсыздық   пен   сиықсыздық   тасасынан   жоғары   жан   сұлулығын   кездестіру   әбден

мүмкін.


Асан   қайғы   толғауларында   қазақ   даласының   сұлулығы,   жер   байлығы,   аң-құстар

тыныс-тiршiлiгi, олардың географиялық мекен-жай күйi тiлге тиек болады. «Аққу құстың

төресi,   ен   жайлап   көлде   жүредi»   деген   шумақтан,   сұлулық   сүйкiмдiлiктi   ұштайтынын

пайымдаймыз.   Көркемдiктiң   жан   семiртетiнiн,   сүйкiмдiлiктiң   тән   тазалығына   еритiнiн

«Бұл   заманда   не   ғарiп»   деген   өлеңiнен   аңғарамыз.   Жыраудың   «Иiс   майын   жамандап,

жұпар қайдан табасың? Көлдiң суын жамандап, Едiл қайдан табасың?» дегенi атамекендi

ардақтай бiлуге шақырғанындай. 

  Қазтуған   жыраудың   шығармашылығындағы   эстетикалық   үрдістерді   –   оның   туған

жермен қоштасу жырынан көреміз. 

 

Алаң да алаң, алаң жұрт,



Ағала ордам қонған жұрт,

Атамыз біздің бұ Сүйініш

Күйеу болып барған жұрт,

Анамыз біздің Бозтуған

Келіншек болып түскен жұрт,

Қарғадай мынау Қазтуған батыр туған жұрт,

Кіндігімді кескен жұрт,

Кір-қонымды жуған жұрт,

Қарағайдан садақ будырып,

Қылшанымды сары жүн оққа толтырып,

Жанға сақтау болған жұрт! [2,32-б.]

Бұл жолдарда адамды баурап алар ерекше бір күш, адамды елітіп, ерітетін нәзік бір

эстетикалық сезім жатыр! Туған жерге, оның өзін қоршаған, әлі адам қолы бүлдірмеген

табиғатқа деген махаббаты көрініс тапқан. Еділ жөнінде айтылған:

 Шырмауығы шөккен түйе таптырмас,

 Балығы көлге жылқы жаптырмас,

 Бақасы мен шаяны

 Кежідегі адамға

 Түн ұйқысын таптырмас [2,32-б.] 

деген   жолдар   нағыз   суреткердің   қолынан   шыққан.   Сүйкімсіз   шөп   шырмауықтың

қалыңдығы,   адамға   тыныш   ұйқы   ұйықтатпайтын   бақа-шаянының   көптігі   де   жырауға

соншалық ыстық. Туған жердің қасиеттілігінің бір белгісі іспеттес. Осы тамаша толғау:

Сөйткен менің Еділім,

Мен салмадым, сен салдың,

Қайырлы болсын сіздерге

Менен қалған мынау Еділ жұрт! –

деп   Еділ   бойында   қалған   түрік   тектес   руларға   бақыт,   береке,   тыныштық   тілеумен

аяқталады. 

 Қазақ халқы үшiн ол орталық – Жер, туған жер, Отан. Жыраулар дүниетанымы осы

жермен, табиғатпен бөлiнбес бiрлiкте көрiнедi. 

Жабағылы жас тайлақ,



Жардай атан болған жер.

Жатып қалған бiр тоқты

Жайылып мың қой болған жер.

Жыраудың туған жерге деген махаббатында шек жоқ. Оның өзiн қоршаған, адам қолы

бүлдiрмеген табиғат туралы түсiнiгi, өмiрге көзқарасы көрiнедi. Табиғат аясындағы ақын

қиялы өзiнiң ұшқырлығымен, кеңдiгiмен таң қалдырады. 

 Қазақ дүниетанымында ел мен жер егiз деген ұғым бар, – дейдi Нұрланова Қ.Ш. – бұл

принциптi түсiнiк қазақтың табиғат – Ана деген рухани ойын жеткiзсе, сонымен қатар

табиғатқа деген ерекше қарым-қатынас, оны ерекше сезiну бар [1, 3б]. Ел мен Жер егiз деп

бiлген   халық   табиғаттың   адаммен   байланыс   жақындығын   аса   бiр   даналықпен,

көрегендiкпен тұжырымдаған. Табиғат пен адамның егiз сынды байланысын көркем түрде

жеткiзе бiлген. Қазтуған жырау ең алдымен адам баласы жерге борышты, осы жерде Ол

дүниеге келдi, өзiнiң адамдық кейпiне ие болды дейдi. Жер – Ана, жер – сенiң асыраушың,

оны   тек   пайдаланып   қана   қоймай,   гүлдендiрiп,   өсiру   керек.   Жер   адам   өмiрiмен

байланыста қаралады.

Жорықтың  алдыңғы   шебiнде,   айтыс-тартыстың   басы-қасында,  елдiң   бел ортасында

жүрген Шалкиiз жырау елдiк пен ерлiк, жақсылық пен жамандық, шеберлiк пен шикiлiк

мәселелерiне баса көңiл аударған, кiсiлiк қасиеттерге әр сақтан қайта-қайта оралған.

Жақсының жақсылығы сол болар,

Жаманменен бас қосып,

Сөйлемекке ар етер,

Жаманның жамандығы сол болар,

Сөйлесе дәйiм бетін қара етер,

Бiр жақсыға басың қосып сөз айтсаң,

Сол жақсы жамандығың жақсылыққа жыр етер [2,44б].

Жаманның жауы — тiлi мен пиғылында, икемсiз қылығында. Ерiккеннен қызыл тiлiн

тыймайды, жалғандықты жамылған сусыма сөзi аузына сыймайды. Қисынсыз қылығымен

көрiнгендi   қинайды.   Iске   ебi   жоқ,   бос   сөзi   көп   есiктен   күле   кiрiп,   күңiрене   шығады.

Жамандар қоңқалап, бiр жақсыны көре алмайды. Жаман ұшқан жапалақтай аяқ астынан

табылады, жағасы оның тайғақ, әркiмге ұрынады. Жақсы мен жаманды адамдық пен күрес

өлшемiмен iспеттеген Шалкиiз жырау тағлымы мол өсиеттер қалдырды: 

Атаның ұлы жақсыға,

Малыңды бер де басың қос,

Бір күні болар керегі...

Жаманға сырыңды қосып сөз айтпа,


Күндердiң күнi болғанда,

Сол жаман айғақ болар басыңа [2, 44б]. 

Ақтамберді   жырау   шығармалары   –   эстетикалық   ойлардың   қайнар   көзі   деп   айтуға

толық негіз бар. Өйткені оның поэзиясы әсемдікті, әдемілікті, трагедиялық жағдайларды

суреттеуге   арналған.   Өз   шығармалары   арқылы   өзі   өмір   сүріп   отырған   заманының

эстетикалық идеалын көрсетуі және оған ұмтылуы Ақтамберді поэзиясының эстетикалық

құндылығын толықтырады. 

 Жағалбай деген ел болар,

 Жағалтай деген көл болар,

 Жағалтайдың жағасы

 Жасыл да байтақ ну болар [2,66б].

Өзінің толғауларында эстетикалық талғамның жоғары деңгейін көрсете отырып, Бұқар

жырау эстетикалық тәрбие туралы құнды ойлар айтады. Бұқар жыраудың шығармаларын

талдау арқылы олардағы  эстетиканың  негізгі  өзегі  – үйлесімге  ұмтылу,  жақсылық пен

жамандықтың   арақатынасы,   тұрмыс   эстетикасы   болып   табылатыны   көрінеді.   Сонымен

қатар жырау толғауларында трагедиялық сарын басым жатыр. Өз шығармалары арқылы

жырау жан сұлулығы мен тән сұлулығының гармониясына үндейді, әсемдікке ұмтылуға

шақырады.   Бейнелерді,   кейіпкерлерді   көркем   сипаттау   арқылы   сөз   өнерінің   жоғары

үлгісін   көрсеткен   Бұқар   жыраудың   шығармаларының   эстетикалық-тәрбиелік   маңызы

осында.


Бұқар   жыраудың   бас   тақырыбы:   дүние   көркi   —   адам,   адам   көркi   —   оның   жасар

игiлiгi, белдi қасиеттерi; дүние – бай мен жарлы-жақыбайға ортақ, алма-кезек, мұнда мәңгi

байлық та, жарлық та, көптiк те, жалғыздық та жоқ. Адамның табиғатынан белсендi тұлға

екендiгiне жырау айрықша мән бередi. 

Адамзаттың баласы

Атадан алтау тумас па,

Атадан алтау туғанмен

Оның iшiнде бiреуі арыстан болмас па!

Арыстанның барында

Жорғасы болса мiнiсiп,

Торқасы болса киiсiп,

Толғамалы қамшы алып,

Толғай да толғай дәурен сүрмес пе [2,116-б.], – 

деген толғауы осы ойдың айғағындай. 



Сөз болып отырған кезеңдегі жырдан дауыл тудырған саңлақ жыраудың тағы бірі –

Үмбетей   жырау.   Үмбетейдің   жыр-толғауларында   эстетикалық   ойлар   өзі   өмір   сүріп

отырған заманның тұрмыстық келбетінен туындап, сол кездің құндылықтарын сипаттау

арқылы   көрінеді.   Мәселен,   тұрмыс-тіршілігі   көшпелі   мал   шаруашылығымен   тығыз

байланысты болған қазақ қоғамында төрт түліктің орны ерекше болғандығы мәлім. Соған

байланысты   біз   шығармашылығын   талдап   отырған   жыраудың   толғауларында   төрт

түлікке, олардың сынына байланысты жолдар көптеп кездеседі. Бұл бағыттардың ұрпақ

үшін, оның эстетикалық тәрбиесі үшін маңызы өлшеусіз.

XVIII   ғасырда   өмір   сүріп,   өзінің   артына   үлкен   поэтикалық   мұра   қалдырған   ақын

Тәтіқараның   шығармаларының   қазақ   педагогикалық   ойлар   тарихындағы   алатын   орны

ерекше.   Өзінің   өлеңдерінде   ақын   салыстырулар   арқылы   түрлі   эстетикалық

категорияларды   көрсетіп,   олардың   мәніне   үңілген.   Жалпы   алғанда,   Тәтіқара   ақынның

шығармаларында   тек   эстетикалық   тәрбиеге   ғана   емес,   сонымен   қатар   патриоттық-

отансүйгіштік,   адамгершілік   тәрбиеге   қатысты   ойлар   бір-бірімен   астасып,   тұтас   тәлім-

тәрбиелік идеялар жүйесіне айналған.

Ұрпақтың   эстетикалық   тәрбиесі   үшін   маңызы   зор   өлеңдер   Шал   ақында   көптеп

кездеседі. 

Дос болма майда тілді күлгенменен, 

Бимағына сырты жылтырап жүргенменен,

Әркім де өз дегенін істеп жатыр

Итке айып сала ма үргенменен [2,141-б.], – 

деп өсиет айтқан Шал ақын сыртқы сұлулық пен ішкі сұлулықтың арақатынасын ашып

берді. Өлеңдерінде Шал ақынның ішкі дүниесі, оның эстетикалық қабылдау жүйесі анық

көрініс   береді.   Ақынның   түсінігінде   өмірдегі   үйлесім   –   артына   ұрпақ   қалдыру   болып

табылады.   Шал   ақынның   шығармашылығын   талдау   барысында   ондағы   эстетикалық

ойлардың   қарым-қатынас,   мінез-құлық,   жақсылық   пен   жамандық,   әсемдік   пен

ұсқынсыздық,   асқақтық   пен   төмендік   эстетикасына   қатысты   құрылғанын   көреміз.   Бұл

ақынның алдындағылардан ерекшелігі – ол тек сипаттап қана қоймай, сонымен бірге үлгі

алуға,   жаманнан   жиренуге,   жақсыдан   үйренуге   шақырады,   яғни   тікелей   эстетикалық

тәрбие беруге бағытталған. 

 Адамды жөн білетін дана деп біл,

 Істерін жалқау жанның шала деп біл,

 Құр жасы елулерге келсе-дағы

 Білімсіз сондай жанды бала деп біл.

 Жаман сол – жақсы сөзді ұға алмаса,

 Ғалым болмас ұстаздан дұға алмаса,



 Молла есімін алған жан толып жатыр

 Не керек ғылым бойға жұға алмаса [2,137-б.].

 Ақын-жыраулардың пікірінше, адамгершілігі өте күшті, жомарт, ақкөңіл, парасатты,

қарапайым,   адал   адам   ғана   бақытты   бола   алады,   ал   пасық,   өркөкірек,   сараң   адамның

бақытты   болуы   мүмкін   емес.   Ақын-жыраулар   табиғат   пен   қоғамдағы   жақсы-жаман

құбылыстарға тоқталып, терең философиялық ой туғызады. Мысалы, Шал ақынның: 

Жамандар өзін-өзі зорға балар,

Бір өзінен басқаны төмен санар

Жақсылар ағын судай, асқар таудай,

Жаймалап қайда жақсы орын алар [2,12б], –

деген жырында жақсылықты мақтап, дәріптейді, жамандықты сөгіп, елге жиіркенішті етіп

көрсетеді. Адамның аласы да, құласы да бар, жаманы да, жақсысы да бар, адалы да, арамы

да   бар.   Жақсы   өзін   кең   ұстайды.   «Жаман   адам   кетсе,   дүние   кеңіп   қалғандай   болады.

Жақсы адам кетсе дүние кеміп қалғандай болады. Қандай ауыр сөз! Сонымен бірге қандай

әділ сөз!» – дейді Т.Рысқалиев [4,197б]. Бірақ мұндай сөзді айтпау мүмкін емес, халқымыз

осындай сөзбен жақсылықты сезіндіріп, жамандықтан безіндіріп отырған. «Жақсылықтың

ешбір айнымайтын өлшемі – адамдардың әлеммен қатынасында да, өзара қатынастарында

да,   олардың   ешқашан   өшпес   құндылықтар   екенін   мойындап,   олардың   жалпы   дүние

болуының негіздерін сақтау, қастерлеу және оны бұзатын, былғайтын, оны тәрк ететіннің

бәрін де жамандық деп қарау», – дейді Қ.Әбішев [5,259б]. 

  Жыраулар өмір жайлы, достық жайлы, адамгершілік, ерлік жайлы, тіршілік жайлы

жыр   шерткен.   Олар   өмір   диалектикасына   да   терең   көз   жіберген,   дүниенің   бірқалыпта

тұрмайтынын,   үнемі   өзгерісте   болатынын   дұрыс   пайымдаған.   Жыраулар   поэзиясында

адамгершілік, этика, мораль мәселелері кең орын алған. Оларда бүгінгі жастар ғибрат,

тағылым алар дүниелер молшылық. Жыраулар поэзиясы өзінің әлеуметтік, адамгершілік

сарынымен ғана емес, көркемдік сапасымен де құнды. 

 Қазақ мемлекетiнiң негiзi елдiң рулық арақатынасынан құралса, оның қайнар бұлағы

туысқандық, мейiрiмдiлiк, сезiмнiң артуы арқылы құралатынын жыраулар жақсы түсiндi.

Ол кездегi алға қойған саяси-әлеуметтiк талап қазақ деген ұлттық сананы рулық, жүздiк

ұғымның   шеңберiнен   асырып,   түбi   бiр   тұтас   мемлекеттiк   дәрежеге   көтеру   едi.

Жыраулардың   арманы   қазақ   жұртын   қабырғалы   мемлекет   қатарына   қосу   болды.

Халықтың басын бiрiктiремiз деп талай қиындықты бастан кешiрдi, алдаспан жырлары

ханды да, қараны да аямады. Олардың әрбiр жырын жеке бiр тарих деуге болады, себебi

сол кездегi халықтың әр қадамын бейнелеп, құнды мәлiметтер берiп отырады. 



ӘДЕБИЕТ

1 Нұрланова К.Ш. Жарық дүние / / Қазақстан - Заман. - 1997, 1 қаңтар. (ин Каз.)

2 Бес ғасыр жырлайды: ХV ғасырдан ХХ ғасырдың бас кезіне дейінгі қазақ ақын-

жырауларының шығармалары. Үш томдық. (Құрастырған. М.Мағауин, М.Байділдаев). -

Алматы: Жазушы, Т.І. 1984. – 256-б. (ин Каз.)

3 әл-Фараби. Философиялық трактаттар. - Алматы: Ғылым, 1973. – 446-б. (ин Каз.)

4 Рысқалиев Т.Х. Даналық пен түсініктің үлгілері. – Алматы: Асыл кітабы, 1999. –

237-б. (ин Каз.)

5 Әбішев К.А. Философия. – Алматы, 1999. – 264-б. (ин Каз.)



REFERENCES

 1 Nurlanova K.SH. Zharyc dunie / / Kazakhstan-Zaman. - 1997, 1 cantar. (in Kaz.)

 2 Bes gasyr zhyrlaydy: XV gasyrdan XX gasyrdyn bas kezіne deyіngі kazak akyn-

zhyraularynyn shygarmalary. Үsh tomdyk. (Kyrastyrgan. M.Magauin, M.Bajdіldaev). - Almaty: 

Zhazushy, Т.І. 1984. - 256 b. (in Kaz.)

 3 Al-Farabi. Filosofiyalyc traktattar. - Almaty: Gylym, 1973. – 446 b. (in Kaz.)

 4 Ryscaliev T.H. Danalyc pen tusіnіktіn ulgіlerі. – Almaty: Acyl kіtaby, 1999. – 237 b. (in 

Kaz.)


 5 Abіshev K.A. Philosophy. – Almaty, 1999. – 264 b. (in Kaz.)

Резюме

Ж.Б. Ошакбаева

(Институт философии, политологии и религиоведения КН МОН РК)

СВОЕОБРАЗИЕ ФОРМИРОВАНИЯ ЭСТЕТИЧЕСКОЙ КУЛЬТУРЫ ЭПОХИ 

КАЗАХСКОГО ХАНСТВА



В   статье   анализируются   эстетические   воззрения   мыслителей   эпохи   казахского

ханства,   выявлены   взаимосвязь   и   направление   традиции,   новаторства   в   эстетической

культуре   казахов.   Автор   отмечает,   что   казахские   мыслители,   распространяя   свое

искусство   среди   народов,   не   боялись   высказывать   правду   и   критические   суждения.   В

статье особо подчеркивается сила эстетического воздействия их произведений, основной

идеей которых выступает любовь к человеку. 



Ключевые слова:

Summary

Zh.B. Oshakbayeva

(Institute of philosophy, political science and religious studies of KN of MAUN of RK)

THE PECULIARITY OF THE FORMATION OF AESTHETIC CULTURE 

OF THE KAZAKH KHANATE

This article analyzes the aesthetic views of thinkers of the Kazakh Khanate, revealed the

relationship and the direction of tradition, innovation in aesthetic culture of Kazakhs. The author

notes that Kazakh thinkers, spreading his art among the people were not afraid to speak the truth

and critical judgment. The article highlights the power of the aesthetic impact of their work, the



basic idea of which stands the love of man.

Keywords:

Поступила 27.06.2013 г.




©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал