Халықаралық Ғылыми-тәжірибелік конференцияның ЕҢбектері



жүктеу 0.53 Mb.

бет29/38
Дата22.04.2017
өлшемі0.53 Mb.
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   38

АҚПАРАТТЫҚ  ЖҤЙЕНІҢ  ЭЛЕМЕНТТЕРІН ЖІКТЕУ 
 
Қҧрбаналиев Л.Т., Жумашева Т.У., Дайыров О. Ж. 
Қ.А. Ясауи атындағы  Халықаралық қазақ-тҥрік университеті, 
 М.Әуезов атындағы ОҚМУ, Шымкент 
 
Резюме 
 
В статье приведены основная классификация элементов и их функций при решений задач процессов 
управления информационной системы.   Изложены  классификация  и  функций  моделей  элементов 
относительно  и  соответственно  своим  особенностям    обработка-проектирование  информационной 
системы. 
 
Показаны  особенности  моделей  жизненного    цикла    программного  продукта  проектирования 
информационной системы. 
 
  The  main  classification  of  elements  and  their  functions  are  given  in  article  at  solutions  of  problems  of 
management processes of information system. 

211 
 
  Are  stated  classification  and  functions  of  models  of  elements  relatively  and  according  to  the  features 
processing design of information system. 
Features of models of life cycle of the software product of design of information system are shown. 
 
  Ақпарат  жҥйесі  бақа  да  жҥйелер  секілді  элементтерден  тҥзелетіндіктен  де,  ол  элементтер 
басқару  ҥрдісіндегі  есептерді  шешуде  әр  тҥрлі  функцияларды  атқарады  [1].  Элементтер  ӛз 
ерекшеліктеріне  қарай  және  сол  ерекшеліктеріне  сәйкес  ақпарат  жҥйесін  ӛңдеу  мен  жобалауға  қарай 
бӛлінеді.   
  Атқарушы  бӛлімдер  немесе  ішкі  жҥйелер  әдетте  басқару  жҥйесінің  атқару  ҥлгісі  ретінде 
сипатталынады. Атқарымдық ҥлгі арқылы кеңістік пен уақыт бойынша объектінің ішкі қызметтері мен 
есептері бейнеленеді. Осы ҥлгі мен оған қойылатын талаптар арқылы басқару объектісінің қҧрылымы 
қалыптасады [2]. 
  Дегенмен, бір объект ҥлгіні тҧрғызу мҥмкін емес. Сол себепті, басқару жҥйесінің жалпы ҥлгісі 
келесі белгілер бойынша бӛлінеді [2]: 
-  ҥлгінің  динамикалық  қасиеттеріне  сәйкес  талаптарды  бәсеңдету  ҥшін  басқару  деңгейлеріне 
байланысты; 
-  ҥлгінің  сызықты  емес  қасиеттеріне  сәйкес  талаптарды  бәсеңдету  ҥшін  ӛндірістік  сипатқа 
байланысты. 
  Басқару  деңгейлеріне  байланысты  атқарымдық  ішкі  жҥйелердегі  ҥлгілер  негізінен  былай 
бӛлінеді [2]: 
  - басқару объектісінің дамуын болжау
  - басқару объектісінің келешекке арнап жоспарлау; 
  - басқару объектісінің қҧрылымын ҧйымдастыру; 
  - басқару объектісінің қызметін ағымдық жоспарлау; 
  - басқару объектісінің қызметін жедел реттеу
  - басқару объектісінің қызметін есептеу, бақылау және талдау. 
  Ӛндірістік сипатқа байланысты атқарымдық ішкі жҥйелердегі ҥлгілер былай бӛлінеді [2]: 
  - ғылыми – зерттеу немесе тәжірибелік жҧмыстарды басқару; 
  - объектінің ӛндірістік қҧрылымын қалыптастыруды басқару; 
  - негізгі ӛнімді ӛндіруді басқару; 
  - объектінің қосымша – қызмет кӛрсетуші ӛндірісін басқару; 
  - кӛлік ҥрдісін басқару; 
  - негізгі қорларды пайдалану ҥрдісі мен ӛндіріс қуатын басқару; 
  - математикалық – техникалық жабдықтауды басқару; 
  - еңбек қорларын басқару
  - ӛнім ӛткізуді басқару; 
  - объектідегі қаржы-қаражат жабдықтарын басқару; 
  - басқарушы жҥйенің дамуы мен атқарылуын басқару. 
  Ақпарат  жҥйесінің  жабдықтаушы  бӛліміндегі  ішкі  жҥйелер  атқарымдық  бӛлімінің  әрекет  етуі 
ҥшін немесе басқару, шешу ҥшін қажет. 
  Жабдықтаушы бӛліміндегі ішкі жҥйелер келесі тҥрде бӛлінеді [2]: 
  - ақпараттық жабдықтау; 
  - техникалық жабдықтау; 
  - математикалық жабдықтау; 
  - бағдарламалық жабдықтау; 
  - ҧйымдастырумен жабдықтау; 
  - ленгвистикалық жабдықтау; 
  - қҧқықтық жабдықтау; 
  - эргономикалық жабдықтау. 
  Жабдықтау бӛліміндегі ішкі жҥйелер әрқайсысы ӛз алдына бӛлек тақырып болғандықтан, олар 
туралы  тереңірек  мағлҧмат  басқа  пәндерде  қарастырылады.  Дегенмен,  жабдықтаушы  бӛлімдегі  ішкі 
жҥйелердің қысқаша сипатын тӛмендегідей қарастыруға болады: 
-  ақпараттық  жобалаудың  негізгі  міндеті  –  басқарылатын  объектіні  сипаттайтын  динамикалық 
ақпаратты тҧрғызып, ҧдайы жаңартып отыру
-  техникалық  жабдықтау  –  ақпарат  жҥйесінің  атқарымдық  және  жабдықтаушы  бӛлімдеріндегі 
ішкі  жҥйелерін  қамти  отырып,  оларды  жҧмыс  істетумен  қамтамасыз  ететін  барлық  техникалық 
жабдықтар жиынтығын қҧрайды; 

212 
 
- математикалық жабдықтау деп – жҥйедегі есептерді шешіп, ақпаратты ӛңдеуде қолданылатын 
математикалық әдістер мен ҥлгілер, тәсілдер қарастырылады; 
-  бағдарламалық  жабдықтау  –  ақпарат  жҥйесін  жобалау  (тҧрғызу)  мен  жҧмыс  істеуге  арналған 
әдістер мен жабдықтардың, шаралардың жиынтығы
-  лингвистикалық  жабдықтау  –  есептеу  техникасы  арқылы  ақпаратты  ӛңдеу  тиімділігін  кӛтеру 
мен  адам  және  компьютер  арасындағы  қатынасты  жеңілдету  мақсатында  мәтіндерді  сығу  және  жою 
әдістерін, кәдімгі тілді қалыптастыру ережелері мен тілдік жабдықтардың бірігуін бейнелейді; 
-  қҧқықтық  жабдықтау  –ақпарат  жҥйесінің  тҧрғызылуы  мен  қызметін  және  ҧйымдастырылуын 
реттейтін сҧрақтар мен нормативтік актілерді, сондай-ақ жҥйеге қатысты мамандардың қҧқықтары мен 
міндеттрінің және жауапкершіліктерінің бірігуін сипаттайды; 
-  эргономикалық  жабдықтау  –  ақпарат  жҥйесіндегі  адам  қызметінің  тиімділігін  қолдап, 
кӛтермелейтін әдістермен жабдықтардың бірігуі.  
Бағдарламалық  ӛнімнің  ӛмірлік  циклінің  сарқырама  (ағылшын  тілінде  waterfall  model)  моделін 
1970 жылы Уинстоном Ройс ҧсынды. Бҧл модельде жоба орындауда барлық қадамдар қатаң тәртіппен 
орындалады. Әр қадам толық аяқталып, қҧжатпен рәсімделеді [3]. 
Бағдарламалық ӛнімнің ӛмірлік циклінің каскадты моделінің этаптары: 
1. Қойылатын талаптарды қҧру; 
2. Жобалау; 
3. Іске асыру; 
4. Тесттілеу; 
5. Енгізу; 
6. Эксплуатация және сҥйемелдеу. 
70  жылдары  Т.  Гилба  эволюциялық  модельді  (ағылшын  тілінде
   
iterative  and  incremental 
development, IID), ҧсынды. Бҧл модель итеративті модель және инкрементальді модель деп те аталады. 
Бҧл  модельді  әрбір  қадам  мини  жоба  ретінде  іске  асырылады.  Әрбір  итерацияның  мақсаты  – 
бағдарламалық жҥйенің жҧмыс істейтін нҧсқасын ӛңдеу болып табылады. 
Шиыршық моделін (ағыл.
 
spiral model) 1980 жылдардың ортасында Барри Боэмом қҧрастырды. 
Бҧл модель Деминга PDCA (plan-do-check-act) цикліне негізделген. 
Шиыршық моделі арықылы бағдарламалық ӛнім қҧрғанда бірнеше итерация жасалады [3]. 
Әрбір итерацияда мыналар бағаланады: 
 
Жобаны орындау қҧны және мерзімі; 
 
Тағы бір итерацияны орындау қажеттігі
 
Жҥйеге қойылатын талаптардың толықтығы және нақтылығы; 
 
Жобыны аяқтаудың мақсаты. 
Қазіргі таңда шиыршық модельдің келесі бақылау нҥктелерінің тобы анықталған [3]: 
1. Concept of Operations (COO) — жҥйе концепциясы; 
2. Life Cycle Objectives (LCO) — ӛмірлік циклдің мақсаты және қҧрамы; 
3. Life Cycle Architecture (LCA) — ӛмірлік циклдің архитектурасы; 
4. Initial Operational Capability (IOC) — қҧрылған бағдарламаның бірінші версиясы; 
5. Final Operational Capability (FOC) –— дайын ӛнім. 
 
Әдебиеттер 
1.
 
Емельянова  Н.З.  Основы  построения  автоматизированных  информационных  систем.  М.: 
ИНФРА, 2005.- 416 с. 
2.
 
Голицына О.Л., Максимов Н.В. Информационные системы.-М.: ММИЭИФП, 2004.- 329 с. 
3.
 
Попов И.И. Информационные ресурсы и системы: реализация, моделирование, управление.–
М.: ТПК АЛЬЯНС, 1996.– 408 с.
  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

213 
 
ӘОЖ 372.8.53.022 
 
ФИЗИКА ПӘНІНЕН СТУДЕНТЕРДІҢ БІЛІМДЕРІН  ТЕКСЕРУ ЖӘНЕ БАҚЫЛАУ 
ӘДІСТЕРІ 
 
Махамбетова М. 
Аймақтық Әлеуметтік Инновациялық Университеті  Шымкент, Қазақстан 
 
Резюме 
В статье рассмотрены традиционные способы контроля знаний и современные методы учета и 
оценки знаний и умений, названы структурные элементы знаний по физике – научные факты, физические 
понятия, законы и закономерности, гипотезы и теории. 
 
Summary 
In the Article examined the traditional control means knowledge and modern methods accounting and of 
knowledge іn Physics – scientific facts, concepts, laws and patterns,  hypotheses and theories

 
Білім  беру  -  тиісті  оқу  орыны  арқылы  ғылыми  мағлҧмат  беріп,  адамның  танымын,  білімін, 
дағдысын,  дҥниеге  кӛзқарасын  жетілдіру  процесі.  Білім  беру  оқыту  мен  ӛз  бетінше  іздену  негізінде 
жҥзеге асырылады. Студенттердің білімдерін, дағдыларын тексеру - оқытудың ең керекті және кҥрделі 
элементі.  Білім  мен  дағдыны  тексеру  арқылы  білімгерлердің  қолданған  әдісінің  тиімділігін, 
материалды қалай меңгергендігін және бҥкіл топтың ҥлгерімін білуге болады.  
Білім мен білік жҥйесі оқу әрекеті ҥстінде  меңгеріледі. Кез келген әрекеттің ішкі және сыртқы 
қозғаушы    кҥштері  болады.  Оқу  әрекетінің  қозғаушы  кҥші  -  қызығу.  Адам  қызығады,  сол  себепті 
оқиды. Сыртқы қозғаушы кҥштер – жазадан қорқу, жоғары бағаға, білім туралы қҧжат алуға ҧмтылу т. 
с.  с.    Әрекет  рет-ретімен  жҥзеге  асырылатын  іс-қимылдардан  тҧратын  жоспар  бойынша  орындау 
нәтижелі  болмақ.  Физика  курсында  білімді  меңгеру  және  тексеру  ҥшін  оның  қҧрылымдық 
элементтерін білу қажет. Білімнің қҧрылымдық элементтері – ғылыми фактілер, физикалық ұғымдар, 
заңдылықтар мен заңдар, гипотезалар мен теориялар. Физикалық білімнің негізі қалану ҥшін қажетті 
элемент  –  ҧғымдар.  Физикалық ҧғымдарды қалыптастыру  барысында білім  алушылар  тӛмендегілерді 
білулері керек: 
-  материяның қҧрылымдық формасын – зат және ӛріс; 
-  заттың, ӛрістің, денелердің қасиеттерін; 
-  физикалық қҧбылыстар мен процесстерді; 
-  физикалық шамаларды; 
-  физикалық қҧрал-жабдықтар мен қондырғыларды. 
Студенттердің білімін тексеру сапасын жоғарылату ҥшін олардан білім элементерін жақсы білуді 
және білім кӛздерімен жҧмыс істей білуді талап ету қажет. 
 Білім  мен  дағдыларды  тексерудің  негізгі  екі  тәсілі  бар  екендігі  белгілі:  ауызша  және  жазбаша. 
Білімді ауызша тексеру - кең тараған тәсіл. Оның кӛмегімен оқытушы мен білім алушының арасында 
тікелей байланыс жҥзеге асады. Білімді ауызша тексеруді сабақтың басында, қайталау уақытында және 
жаттығулар ҥрдісінде, жаңа материалды оқып-ҥйрену кезінде қолданады. 
Білімдерді ауызша тексеру тәсілі мынадай формаларда ӛтуі мҥмкін: жеке дара сҧрау; бір мезгілде 
бірнеше  студентті  сҧрау;  жаппай  сҧрау;  сынақ  алу.  Жеке  дара  сҧрау  барысында  студент  физикалық 
қҧбылысты,  заң  немесе  қҧрылғыны,  қҧралдың  жҧмыс  істеу  принципін,  есептің  шешуін  жҥйелеп 
тҥсіндіреді, тәжірибе жасайды.  
Жаппай сҧрау  сабақтың кез келген кезеңінде ӛткізуге болады. Материалды қайталағанда, жаңа 
материалды  оқып-ҥйрену  ҥрдісінде,  ӛзіндік  жҧмыстың  тҥрліше  формаларында.  Білім  тексерудің  тек 
жаппай  сҧрау  формасымен  әуестенуге  болмайды.  Себебі  студенттер  мҧнда  ҧсақ-тҥйек  сҧрақтарға 
жауап беруге дағдыланады да, толық жауап беруге  келгенде қиналады. Жаппай сҧрау кезінде бағаны 
сҧрау аяқталғанда, сондай-ақ сабақтың аяғында қояды. 
Білімдерді  тексерудің  жазбаша  тәсілі  бақылау  жҧмыстар,  тест,  физикалық  диктант, 
эксперименттік бақылау жҧмыстарын ӛткізу жолымен жҥзеге асырылады. Бақылау жҧмысын орындау 
барысында  тәрбиелеу  функциясы  мен  оқыту  функциясы  іс  жҥзінде  байқалмайды,  ал  дамытушылық 
функциясы  маңызды  роль  атқарады.  Шынында  да  бақылау  жҧмысы  біршама  қысқа  уақыттың  ішінде 
кӛлемі  едәуір  кең  мәселелері  бойынша  студенттердің  білімін  тексеріп  шығуға  мҥмкіндік  беретін  
тексерудің ӛте тиімді формасы. Ауызша тексеруде қысылғандықтан кейбіреулер  қойылған  сҧрақтарға 
дҧрыс жауап бере алмай қалады, бҧл тексерудің осы тҥрінің кемшілігі болып табылады. Ал, бақылау 

214 
 
жҧмысы кезінде жауап бергенде мазасызданатын, сасып-сасқалақтайтын студенттер бақылау жҧмысы 
кезінде ойлануға  уақыты жеткілікті болады және байсалдылықпен жҧмыс істей отырып, жақсы нәтиже 
кӛрсетеді. Қорытынды жазбаша жҧмыстардың ҧзақтығы сабақ бойына созылуы мҥмкін. 
1864  ж.  Англияда  бірінші  рет  оқу  ҥрдісінде  қолданылған  тест  тәсілі  қазіргі  кезде  білімді 
тексеруде  кеңінен  қолданылады.  Бҧл  әдістің  оң  жақтары  мен  кемшіліктері  туралы  кӛп  айтылады. 
Алайда тестілеу білімді тексерудің тиімді тәсілдердің бірі болып қалуда.  
  Физикалық диктант – білім тексерудің бір тҥрі болып табылады. Оқытушының ауызша койған 
сҧрақтарына және тапсырмаларына студенттер жазбаша нақты жауап берулері керек. Соңынан кейбір 
жауаптарды талқылауға болады. 
  
  Оқушылардың  дағдыларын  бақылау  білімді  тексеру  барысында  жҥргізіледі.  Мысалы,  ауызша 
сҧрауда студенттің ой саптауы, физикалық қҧбылыстар мен процесстерді тҥсіндеруі, ӛз ойын айта білуі 
тексеріледі.  Егерде  оқытушы  эксперименттік  бақылау  жҧмысын  ҧйымдастырған  болса,  онда 
студенттердің  білімдерімен  қатар  эксперименттік  икемділіктерін  тексеруді  кӛздеген  деп  тҥсінеміз. 
Эксперименттік  дағдыларды  бақылау  лабораториялық  жҧмыстарды  және  физикалық  практикумды 
орындау барысында жҥзеге асырылады. 
Қазіргі  кезде  ендірілген  кредиттік  оқыту  бойынша  студенттердің  білімін  тексеру  балдық-
рейтингтік жҥйе арқылы жҥзеге асырылады. Бҧл жҥйеде білімді тексерідің ағымдық бақылау, аралық 
бақылау,  студенттің  ӛзіндік  жҧмысын бақылау  және  қорытынды  бақылау  ӛткізіледі. Аралық  бақылау 
арқылы жалпы бағалаудың 60%, ал қорытынды бақылауда 40% жинақтау ҧсынылады. 
Кредиттік оқыту жҥйесінде ағымдық бақылаудың бірнеше тҥрі болады:  
-
 
Ауызша сҧрау; 
-
 
Жазбаша бақылау; 
-
 
Бақылаудың аралас тҥрі; 
-
 
Проблемалық  сипаттағы  мәселелерді  талқылау,  топпен  жҧмыс  (пікір-таластар,  тренингтер, 
«дӛңгелек стол», кейс-стади т.б.; 
-
 
Берілген тапсырмаларды қорғау, презентациялар жасау; 
-
 
Тесттер арқылы білім тексеру; 
-
 
Курстық жҧмыстар орындау. 
Білімді  бағалаудың  кӛпбалдық  әріптік  жҥйесі  іс-жҥзінде  қолдануда  қолайсыз  екені  байқалады. 
Ӛйткені  бҧл  жерде  білімді  тексеру  тҥрлері  кӛп  болғаны  орынды,  бірақ  оны  баға  тҥрінде  есепке  алу 
ҥшін  оқытушы  біріншіден  бағаны  әріптік  жҥйеде  белгілеп,  екіншдені  сандық  эквивалентін  қойып, 
ҥшіншіден пайыздық сипатта кӛрсетіп, соңында бағаны дәстҥрлі жҥйе бойынша кӛрсетуі керек. Біздің 
ойымызша, мҧндай жҧмыс студенттердің білімін бағалауды қиындатып, жазуды кӛбейтеді.  
    Білім  мен  дағдыларды  тексеру  мәселесінде  болатын  ӛзгерістер  оқыту  барысында 
қолданылатын  әдістерге,  сабақтың  мақсаттарына,  пәннің  ерешелігіне  және  ӛз  бетінше  орындайтын 
жҧмыстардың  ҧйымдастырылуына  байланысты  болады.  Кейінгі  жылдары  білімді  және  дағдыларды 
есепке  алып  тексеруде  білім  алушылардың  портфолиосы  болу  керек  екендігі  туралы  айтылады. 
Портфолио  –  білімгердің  оқу  жылы  (семестр)  бойы  істеген  жҧмыстарын  кӛрсететін  қҧжаттар 
жиынтығы.  Ол  студенттің  дамуын,  жетістіктерін  және  жіберген  қателерін  кӛрсетеді.  Портфолиода 
жинақталған  қҧжаттар  студенттің  оқу  ҥрдісіне  қалай  қатысқанына  дәлел  болады  және  оқу  барысын 
жан-жақты талдауға, бағалауға мҥмкіншілік береді. 
Портфолионы оқу ҥрдісіне еңгізу ҥшін тӛмендегідей жҧмыстар атқарылуы қажет.  
Біріншіден,  мотивация  жасау.  Студенттерге  портфолионы  не  ҥшін  қҧрастыратынымызды 
тҥсіндіру  керек.  Портфолионы,  ӛздерінің  еңбектері  нәтижесінде  қомақты  жетістіктерге  ие 
болғандарына кӛз жеткізіп, оны ӛзін-ӛзі бағалау мҥмкіншілігі деп қабылдаулары керек. 
Екіншіден, алдымызға қойған мақсатқа байланысты портфолионың тҥрін анықтау. Портфолио - 
білім алу барысындағы елеулі еңбектерінің дәлелі бола алатын қҧжаттар жинағы.  
Ҥшіншіден, тапсыру мерзімін анықтау. Оқытушы портфолионы семестрдың соңында талап етсе 
болады, сонан соң студент жҧмысын әрі қарай жалғастырады.  
Тӛртіншіден, оқушылардың білімдері мен дағдыларын бағалау. Семестрлер және оқу жылының 
соңында  портфолиода  жинақталған  материалдар  бойынша  талдау  жҥргізіп  қорытындылар  жасалады. 
Портфилионың ішіне жинақталатын материалдардың ҥлгісі ретінде тӛмендегі тізімді ҥсынамыз: 
1) Студент туралы мәліметтер;                                                                                                          
2) Пән бойынша алдына қойған мақсаттары
3) Пәнді игеруге арналған жҧмыс жоспары және кҥтетін нәтижелері
4) Терминологиялық сӛздік (глоссарий); 
5) Оқу материалдары (тірек лекциялар, конспектілер, Интернет материалдары  т.б.);  

215 
 
6) Жазбаша бақылау жҧмыстары, тест сҧрақтары мен алған нәтижелері; 
7) Лабораториялық жҧмыстар есебі; 
8) Ғылыми-ізденіс жҧмыстары (баяндамалар, ғылыми жҧмыстар, мақалалар  т.б.); 
9)  Шығармашылық  жҧмыстар  (ӛзі  жасаған  қҧралдар  және  қойған  тәжірибелердің  сипаты, 
қҧрастырған есептер, сӛзжҧмбақтар т.б.) 
10)  Студенттің  жетістіктерін  кӛрсететін  мақтау  қағаздары,  сертификаттар,  дипломдар,  пікірлер 
т.б. 
Жоғарыда  айтылғандарға  сҥйене  отырып  портфолионың  оқу  ҥрдісінде  ӛз  орны  бар  деп  айта 
аламыз.  Білімді  тексерудің  дәстҥрлі  әдістерімен  бірге,  студенттің  оқу  ісіндегі  жетістіктерінің  айғағы 
бола  алатын  портфолионы  іс-тәжірибеде  қолдануды  кеңейту  керек  шығар.  Студенттің  білімі  мен 
дағдыларын есепке алып объективті баға қоюда портфолионың қосар ҥлесі мол. 
Сонымен,  бҥгінгі  кҥнде  білім  мен  дағдыны  есепке  алу,  тексеру  және  бағалау  мәселесі 
оқытушылардан  жаңа  технологияларды  меңгеруді,  терең  әдістемелік  білімді,    педагогикалық 
шеберлікті  талап  етеді.  Студенттердің  білімін  есепке  алу  және  тексеру  әдістерін  жаңа  заман 
талаптарына сай етіп жҥргізу бҥгінгі таңда ӛзекті мәселелердің бірі болып тҧр.  
 
Әдебиеттер: 
1.
 
Мастропас  З.П.,  Синдеев  Ю.Г.  Физика:  Методика  и  практика  преподавания.  Ростов  на  Дону.: 
Феникс, 2002. -288 с.  
2.
 
О.Ф.Кабардин,  С.И.Кабардина, В.А.Орлов  Задания для  контроля знаний  учащихся  по  физике в 
средней школе. Пособие для учителей. М., «Просвещение», 1983. -142 с.  
3.
 
Контроль  знаний  учащихся  по  физике.  Под  ред.  В.Г.Разумовского,  Р.Ф.Кривошаповой.  –М.: 
Просвещение, 1982. -208 с. 
 
   
ӘОЖ 514(075.3) 
 
ИНФОРМАТИКА ПӘНІНДЕ ГРАФТАР ТЕОРИЯСЫН ҚАРАПАЙЫМ  
ЕСЕПТЕР ШЕШУДЕ ҚОЛДАНУ 
 
Медетбеков М.М., Момбекова М.С., Белесова Д.Т., Шаймерденова Г.С. 
М.Әуезов атындағы ОҚМУ, Шымкент, Қазақстан 
 
Резюме 
В этой статье рассматривается простые задачи которые применяется в теории графов. 
 
Summary 
In this article considered  simple tasks that is used in the theory of the graphs. 
 
Информатикада ешбір ережелерді қолдануға келмейтін, тек ойлау арқылы шығарылатын есептер 
логикалық есептер деп аталады. Осындай логикалық есептерді шешуде графтар қолданылады. 
Граф деп қандай да бір берілген пункттерді қосатын сызықтар жҥйесін айтамыз, яғни әуелі біз 
берілген обьектілерді нҥктелер арқылы кескіндейміз, оларды берілген шарттар арқылы кескінділермен 
қосамыз, нҥктелер мен кесінділер арасында операциялар орындаймыз. 
Графтар  теориясы  бас  қатырғыларды  шешумен  байланысты  XVIII  ғасырда  туды.  Графтар 
теориясынан  ең  бірінші  еңбекті  белгілі  швед  математигі  Эйлер  1736  жылы  жазды.  Әуелгі  кезде  бҧл 
теория  тек  топологияның  ӛркендеуіне  байланысты  графтар  теориясы  математиканың  бір  саласы 
ретінде ең алғаш ХХ ғасырдың 30 жылдарында венгер математигі Кенигтің еңбегінде айтылады. 
Графтар  теориясы  (
ағылш.
  graph  theory)  —  тҥйіндері  нҥктелер  жиыны,  ал  тҥйіндердің 
жалғасуы  (қабырға  деп  аталатын)  парлы  екі  нҥкте  болып  келетін  тор  тҥрінде  бейнеленеді.  Егер 
тҥйіндердің жалғасу реті айтарлықтай маңызды болса — бағытталған граф әйтпесе бағытталмаған граф 
болады.  Графтар 
информатикада
  кеңінен  қолданылады,  айталық, 
алгоритмдер
  схемасы  немесе 
программалар
 бағытталған графтарға жатады. 
Түрлері: 
 
Бағдарланбaғaн граф (Неориентированный граф) — тӛбелерді қосатын доғаларының  
бағыты болмайтын граф.  
 
Бағдарланған граф (Ориентированный граф; directed graph) - әр тҥрлі тӛбелер жҧбын  

216 
 
жалғастыратын қабырғалармен бірге тҥйіндердің (немесе тӛбелердің) қҧр ақырғы жиыны. Егер е 
қабырғасы  Vl  және  V2  тӛбелерін  жалғастырса,  онда  Vl  мен  V2-ні  инцидент  деп  атайды  және  бҧл 
тӛбелер кӛршілес болып саналады, е — реттелмеген жҧп (V1 және V2). Әдетте, граф кӛрнекті 
формада
 
ҧсынылады, сонымен бірге тӛбелері нҥктелермен немесе кейде ҧқсастыру мақсатымен ентаңбаланған 
басқа мҥсіндермен, ал қабырғалары сәйкес нҥктелерді жалғастыратын сызықтармен кескінделеді. Егер 
әрбір  қабырғаға  бағыт  кӛрсетілсе,  онда  мҧндай  граф  бағдарланған  граф  деп  аталады.  Бҧл  жағдайда 
қабырға әр тҥрлі тӛбелердің реттелген жҧбының жиынын ҥйымдастырады және оларды кӛбінесе доға 
деп атайды. Бағдарланған граф кӛрнекті тҥрде ҧсынылған кезде әрбір доға жебелікпен жабдықталады.  
Граф  теориясы  ғылымның  дискретті  математика,  логика,  комбинаторика,  тағы  басқа 
салаларында  қолданылады.  Сондықтан  бҧл  тақырыпты  оқыту  жалпы  білім  беретін,  мәдениет 
танытатын,  математикалық  мән-мағынасы  ерекше.  Кҥнделікті  ӛмірде  кӛптеген  графикалық 
иллюстрациялар, геометриялық елестер және т.б. кӛптеген тәсілдер пайдаланылады. 
Кенигсберг  кӛпірі  жайындағы  есепті  алғаш  рет  Л.Эйлер  (1707-1783)  графтар  теориясы арқылы 
қарастырды. Бҧдан 100 жыл ӛткен соң әсіресе Англияда жаратылыстану ғылымының барынша әр тҥрлі 
формадағы  саласында  гарфтар  теориясы  қолданыла  бастады.  Электр  тізбегі  мен  кристалл  моделін 
молекуланың структурасын зерттеуге, сондай-ақ ойындар теориясы мен программалауда, биология мен 
психологияда кеңінен қолданылды. 
Студентке әрбір логикалық пікірдің дәмін сезіне білу керек және бҧл жерде графтарды қолдану 
логикаға назарын аударуға кӛмектеседі. Графтардың тҥзулері қабырғалары деп, ал нҥктелері тӛбелері 
деп  аталады.  Графтардың  тӛбелері  тек  нҥктемен  ғана  емес,  сонымен  қатар,  дӛңгелектермен  немесе 
басқа да фигуралармен берілуі мҥмкін. 
Студент граф арқылы есеп шығара отырып, ӛзінің логикасын дамытады. Есептерді граф арқылы 
шешуді есеп шығару кезінде қолдана білсе, онда олардың пәнге деген қызығушылығы артады.  
"Граф"  сӛзі  информатикалық  әдебиетте  жаңадан  пайда  болған  ҧғым.  Сонымен  қатар,  граф  тек 
қана  информатикада  ғана  қолданылып  қоймай,  тіпті  техника  мен  кҥнделікті  ӛмірде  де  басқа 
атаулармен (схема, диаграмма,т.б) кездеседі. 
Әсіресе  граф  кӛптеген  логикалық  есептерді  шығаруда  кӛмектеседі.  Графтар  есептерді  немесе 
олардың шығару жолдарын адам есіне лезде сақтап алуы ҥшін де қолданылады. 
G графы деп  Х тӛбелер жиынынан және олардың кейбіреулерін қосатын сызықтардан тҧратын  
жиынды айтады. Доға деп бағытталған қабырғаны ҧғамыз.Сонымен, G графы екі элементтен тҧрады: 
қабырғадан,тӛбеден.Оның белгіленуі: G(Х,Е), мҧндағы Х-тӛбелер жиыны,Е-қабырғалар жиыны. 
Егер Е жиынында барлық жҧптар реттелген (қабырғалары бағытталған) болса, онда бҧл-орграф. 
Граф  тӛбелері  қабырғамен  қосылмауы  (іргелес  емес),  тӛбелері  қабырғамен  қосылуы  (іргелес)  тіпті 
кӛптеген  қабырғалармен  (еселі)  қосылған  болуы  мҥмкін.  Сонымен  қатар  тӛбенің  ӛзі-ӛзімен  қосылуы 
мҥмкін(жіп тҥрінде). 
   Егер х тӛбесін басқа бір тӛбемен қосатын болса,онда х тӛбесі Е
x
 қабырғасына қарсы жатады.  

1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   38


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал