Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары



жүктеу 234.37 Kb.

бет1/3
Дата01.04.2017
өлшемі234.37 Kb.
  1   2   3



ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ 

І.ЖАНСҮГІРОВ АТЫНДАҒЫ ЖЕТІСУ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ 

 

МИНИСТЕРСТВО ОБРАЗОВАНИЯ И НАУКИ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН 

ЖЕТЫСУСКИЙ ГОСУДАРСТВЕННЫЙ УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ И. ЖАНСУГУРОВА 

 

MINISTRY OF EDUCATION AND SCIENCE OF THE REPUBLIC OF KAZAKHSTAN 

ZHETYSU STATE UNIVERSITY NAMED AFTER ILYAS ZHANSUGUROV 

 

 



 

 

«ҒЫЛЫМ, БІЛІМ ЖӘНЕ ИННОВАЦИЯ  -  «ҚАЗАҚСТАН – 2050» СТРАТЕГИЯСЫНЫҢ 

ОРЫНДАЛУЫНЫҢ МАҢЫЗДЫ ФАКТОРЛАРЫ» 

Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция 

 

МАТЕРИАЛДАРЫ 

23-24 қазан 

3-бөлім 

 

 

МАТЕРИАЛЫ 

 

Mеждународной научно-практической конференции 

«НАУКА, ОБРАЗОВАНИЕ И ИННОВАЦИЯ –  ФАКТОРЫ РЕАЛИЗАЦИИ СТРАТЕГИИ 

«КАЗАХСТАН – 2050» 

23-24 октября 

3 часть 

 

 



 

MATERIALS 

 

of the International Scientific-practical conference 

"SCIENCE, EDUCATION AND INNOVATION - FACTORS OF IMPLEMENTATION  

OF THE STRATEGY "KAZAKHSTAN - 2050" 

October 23-24 

3  part 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Талдықорған – Талдыкорган – Taldykorgan 

2015 жыл – 2015 год – 2015 year 

 




ӘОЖ 001 

КБЖ 72 

Ғ 96     

 

 

 

 

 

Редакция алқасы:   Ә.Е. Бектұрғанов (бас редактор), М.Т. Кантуреев (бас редактордың  

орынбасары), Г.Т. Кыдырбаева, Е.С. Андасбаев, Е.Б. Мукажанов, С.И. Мурыгина. 

 

   


 

 

 



 

Ғ96  «Ғылым,  білім  және  инновация  -  «Қазақстан  –  2050»  стратегиясының 

орындалуының  маңызды  факторлары»  халықаралық  ғылыми-практикалық  конференция 

материалдары. 3 бөлімнен тұрады. 3-ші бөлімде 400 бет. Қазақша, орысша, ағылшынша. –

Талдықорған: І. Жансүгіров атындағы ЖМУ, 2015. 



ISBN 978-601-216-340-7     

 

 



 

 

 



 

                

        Жинақ  материалдары    докторанттарға,  магистранттарға,  студенттерге  және  ғылыми 

мәселелермен айналысатын оқырмандарға арналған.  

 

         



        

 

                                                       



 

 

                                             



 

 

 



                                   ӘӨК 001(063) 

КБЖ 72 

                                                                                          

                                                                                             

  

 



 

 

 



 

 

 



ISBN 978-601-216-340-7 

 

   



 

© І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті, 2015 

© ҚАО баспа бөлімі, 2015

 

 



375 

Можно  наблюдать  негативное  воздействие  на  важнейшие  институты  гражданского  общества. 

Семья, культура, идеология, мораль, философия, ценности, мировоззрение, образование, информация, 

подаваемая в средствах массовой информации, - всё подвергается деформации. 

Учёные  отмечают,  что  в  настоящий  период  ситуация  со  сферами  позитивной  социализации 

личности  стала  ещё  более  тревожной.  В  частности,  исследователи  говорят  не  просто  о  семейной 

десоциализации,  а  об  упадке,  крахе  института  семьи,  замене  его  альтернативными  формами 

сосуществования  мужчин  и  женщин,  родителей  и  детей.  Результаты  исследований  наглядно 

показывают ситуацию в обществе: очевидно, что в стране идет превосходство криминала и негативизма 

над  людским  сознанием.  Моральные  нормы,  ценности,  традиции  сменяются  психологией 

вседозволенности,  неуверенности  в  будущем,  незащищённости  и  ненужности,  всевластия  денег  и 

насилия. 

Криминогенные  факторы  мест  лишения  свободы  оказывают  негативное  воздействие  и  на 

государственные институты. Происходит их криминализация. Они перестают выполнять свои функции, 

в том числе по защите прав, свобод и законных интересов граждан. [5,17] 

Можно  сказать,  что  сегодня  законодательная,  исполнительная  и  судебная  ветви  власти, 

правоохранительная система испытывают сильнейшее давление со стороны криминалитета. 

В  рамках  легалистского  общества,  на  базе  мест  лишения  свободы  возникает  и  развивается 

неформальная  организация,  чья  деятельность  не  совпадает  с  интересами  этого  общества  - 

криминальное  общество,  со  своей  культурой,  философией  и  нормами.  Паразитируя  на  легалистском 

обществе,  пользуясь  его  достижениями  в  различных  областях,  представители  криминального  мира 

навязывают законопослушным гражданам свои идеи, взгляды, принципы, обычаи и традиции [6, 49]. 

В  вопросах  нейтрализации  криминогенности  мест  лишения  свободы  решающая  роль 

принадлежит  государству,  так  как  у  него  в  руках  сосредоточены  рычаги  управления,  контроля  и 

правоохранительная  система  как  институт  принуждения.  Однако  все  усилия  государства  в  этом 

направлении будут тщетными и безуспешными, если они не будут опираться на поддержку основной 

массы, большей части общества. 

 

ЛИТЕРАТУРА 

1.

 

Конституция Республики Казахстан. – Алматы: Юрист, 2013. – 38 с. 



2.

 

Уголовно-процессуальный Кодекс Республики Казахстан. – Астана: LEM, 2012. – 386 с 



3.

 

Уголовный кодекс РК. Комментарий. Общая часть. Алматы, 2004.  



4.

 

Поленов Г. Ф. Уголовное право Республики Казахстан. Алматы, 2001 г.  



5.

 

 Виницкий  Л.В.,  Русман  Г.С.  Судебный  контроль  за  избранием  мер  пресечения  в  виде 



заключения под стражу, домашнего ареста. – М.: «Юрлитинформ», 2008. – 192 с. 

6.

 



Петрухин И.Л. Судебная власть: контроль за расследованием преступлений. – М.: ТК Велби, 

Изд-во проспект, 2008. – 288 с. 

 

 

ӘОЖ: 81  23   



 

САЯСИ МЕТАФОРАНЫ ОҚЫТУДЫҢ ИНТЕРБЕЛСЕНДІ ӘДІСТЕРІ 

 

 Садуақасова С.Ә. 



І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті, Талдықорған қ.,  

saida-otan@mail.ru  

 

Ақпараттық технологиялардың қарыштап дамуы, бұқаралық ақпарат құралдары рөлінің уақыт 

өткен  сайын  арта  түсуі,  саяси  іс-әрекеттердің  сахналық  қойылымдарға  ұласуы  -  түрлі  қоғамдық-

саяси,  әлеуметтік-экономикалық,  әдеби-мәдени  өзгерістерді  басынан  өткеріп  отырған  қоғам 

мүшелерінің  назарын  саяси  дискурсқа  аударуына  ықпал  етті.  Осыған  орай,  бұрынырақ  шешен 

сөйлеудің негізгі көріктеу құралы қызметін атқаратын, ал қазіргі таңда ойлаудың және айтылар ойды 

дәйектеу, прагматикалық әсер ету күші жоғары құрал болып табылатын  саяси метафораларды бүгінгі 

студент – болашақ педагог мамандарға оқытудың маңызы зор.  

Буржуазиялық идеолог Аллен Далес «Соғыс аяқталды. Тіршілік біртіндеп түзелуге бет алып, 

дүние тыныштала бастады. Осындай кезде біз қолымыздағының бәрін, яғни, алтынымызды, басқа да 

байлығымызды,  бар  күшімізді  басқаларды  ақымақ,  мәңгүрт  етуге  жұмсауға  тиіспіз.  Адам  миы, 

санасы өзгеруге бейім. Дүниені алақұйын етіп, басқалардың асылын жасанды жасыққа айналдыруға 

және де олардың сол жасанды жасығын «асылым» деп қабылдауға мәжбүр етуіміз керек. Қалайша? 


376 

Әдебиеті мен өнерін, мысалы, олардың әлеуметтік мақсат-мүддесін өшіріп, салт-дәстүрін мазақ қып 

көрсетіп, суреткерлерін қалың көпшіліктің көкейкесті ой-ниеттерін зерттеуден, айшықтап көрсетуден 

айырамыз. Төңірегінде не болып жатқанын аңғара алатындар, түсінетіндер азаяды. ...Бала кездерінен, 

жасөспірім  шақтарынан  бастарын  шырғалаңға  душар  етіп,  әбден  азғындатамыз.  Сөйтіп,  олардан 

түйсіксіз,  отансыз  тобыр  жасаймыз»  деп  жазған  [1].  Осындай  жағдайдың  алдын  алу  үшін  қазіргі 

студент, ертеңгі маманды әртүрлі дереккөзден алған білімді, ақпаратты ой елегінен, сын талқызынан 

өткізіп, саралай білетін тұлға  етіп дайындау қажеттілігін ескере отырып, біз «Медиамәтін және саси 

метафора»  курсын  жоғары  оқу  орны  студенттеріне    оқыту  барысында  олардың  медиамәтінмен 

танысып қана қоймай, оны интерпретациялауды (автордың/агенттіктің мақсатын талдай білу, оқиғаға 

қатыстылардың  іс-әрекетін  ауызша  және  жазбаша  сипаттау),  оны  өзінің  және  өзгелердің 

тәжірибесімен салыстыра білуді (фактілер мен көзқарастарға баға беру, себеп-салдарын, уәжділігін, 

нәтижесін  анықтау,  өзін  оқиғаға  қатыстылардың  орнына  қоя  білу),  өз  көзқарасын  білдіруді  игеруі 

керек, сонымен қатар, мәдени мұраны, медиамәтінді бағалау әдістері мен белгілерін  меңгеруі қажет 

деп  санаймыз.  Осы  мақсатқа  оқытудың  интербелсенді  әдістерін  пайдалана  отырып  жетуге 

болатындығын анықтадық. Сондай тиімді әдістердің бірі Case-study әдісі.  

Case-study  әдісін  жоғары  кәсіптік  білім  беру  тәжірибесіне  енгізу  қазіргі  таңда  өзекті 

мәселелердің бірі болып табылады, ол екі үрдіске байланысты болып отыр: 

-  біріншісі  жалпы  білім  беруді  дамытудан,  оның  нақты  білім  беруге  ғана  емес,  кәсіби 

құзыреттілік, ойлау әрекетінің дағдылары мен біліктерін қалыптастыруға, жеке тұлғалық қабілеттерін 

дамытуға  бағытталуынан  туындап  отыр.  Мұнда  ойлау  парадигмасын  өзгертуге,  сан  мыңдаған 

ақпараттар ағынынын саралап, өңдей білуге үйретуге ерекше назар аударылады.  

- екіншісі маман сапасына қойылатын талаптарды дамытудан туындайды, себебі қазіргі маман 

әртүрлі  жағдайларда  оңтайлы  шешім  таба  білу,  дағдарыс  туындаған  жағдайда  тиімді  әрі  жүйелі 

ұсыныстар жасай білу қабілетін игеруге тиіс.    

Біз  «Ықпал  ету  психолингвистикасы  және  саяси  метафора»  тақырыбын  меңгертуде  аталған 

әдісті пайдаландық. Студенттерге үкіметтік емес  ұйымдардың халық арасында саяси сауаттылықты 

қалыптастыруда  ықпал  ету  қызметін,  басқару  жүйесін  талдау  және  оңтайлы  шешімдер  ұсыну 

мақсатында кейс жазу тапсырылды.  

Студенттер 4 адамнан топқа бөлінеді. Әр топтағы студенттің өз міндеті болады: 

1.  Сарапшы  –  әрбір  топтың  өзінің  сарапшысы  болады.  Сарапшының  міндеті  микротоптарға 

қатысып  отырған  оқушылардың  жауаптарын  қорытындылау.  Студенттер  кейс  жазу  барысында 

сарапшымен ақылдасып отырады.  

2.  Жол  сілтеуші  –  кейс  жазуда  бастамашы  болып,  бағыт  сілтеп,  дұрыс  жолды  айтады. 

3. Баяндаушы – кейстің тұсаукесерін жасайды.  

4. Қарсы сұрақ қоюшы – басқа топтың кейсіне сын-пікір білдіріп, сұрақ қоюшы.  

Кейс құрылымы мынадай бөліктерден тұруға тиіс: 

Сюжеттік бөлім – ақпаратты қамтитын, қоршаған ортаны түсінуге мүмкіндік беретіндей етіп, 

мәліметтер алынған дереккөзін көрсете отырып жағдайды сипаттау: кейс жазуға негіз болған нақты 

жағдаяттың  бар  болуы;  ұйымның  атауы,  орналасқан  жері,  мақсаты,  қызмет  бағыттары,  басты 

тұлғалардың  лауазымы  мен  аты-жөндері;  жалпы  осы  саланың  қазіргі  жай-күйі;  ұйым  жұмысының 

әлсіз және мықты тұстары;  басқару стратегиясы, серіктестері; басқа ұйымдармен қарым-қатынасы; 

ұйымның қаржылық жағдайы; маркетингтік ақпараттар; қызметкерлердің өзара қарым-қатынасы. 

Жағдайды  дұрыс  түсінуге,  бағалауға  мүмкіндік  беретін  ақпараттық  бөлім:  ұйымның  даму 

кезеңдері,  дамуындағы  маңызды сәттер,  жетістіктері  мен  сәтсіздіктер;  ұйымның  жұмыс істеу  стилі, 

басшылықтың басқару стилі; мәселені қысқаша сипаттау (мүмкіндігінше бірнеше пікірді салыстыру); 

әрекеттер мен ықпал етуші факторларын көрсете отырып жағдайдың даму хронологиясын анықтау; 

мәселені  шешуге  бағытталған  іс-шаралар  (егер  қолданылған  болса)  және  оның  нәтижесі;  аталған 

мәселені шешу үшін қандай ресурстар бөлінуі мүмкін.   

Кейс құрылымы: 

-

 



Мұқаба (кейс атауы, авторы, жылы); 

-

 



Кіріспе (оқиға сипатталады, басталу уақыты көрсетіледі); 

-

 



Негізгі  бөлім  (негізгі мәселелерді  анықталау,  сұрақ  қою,  жоспар  құру,  жұмыс  түрін, 

жауаптыларды айқындау, жұмыс тиімділігін дәлелдеу, ақпарат көздері, жағдайға  проблемалық, 

жүйелі,  праксеологиялық,  болжамдық  талдау  жасау  (талаптары  ұсынылады),  жағдай  моделін  құру; 

қалыптасқан  мәселеге,  жағдайға  түсініктеме  беру,  себептерін  анықтау;  қосымша  ақпарат  жинақтау, 

салыстыру; шешу жолдарын, механизмдерін ұсыну; сметалық жоспарын жасау); 

-

 

Қорытынды жасау; 



-

 

Кейс мәтінін даярлау (10-15 бет); 



377 

-

 



Қосымшалар  (статистикалық  мәлімет,  стратегиялық  жоспар,  қызметкерлер  жайлы 

ақпарат, нормативтік құжаттар, сауалнама нәтижесі, есептер т.б.). 

-

 



Кейсті қорғау, таныстырылым жасау. 

Үкіметтік емес ұйымдардағы мәселені талдау барысында мыналар ескерілді: 

 

Аналитикалық 

қызметтің 

көптүрлілігі 

Оларға сипаттама 

Негізгі түрлері 

Проблемалық 

талдау 

Проблемаларды атап көрсету, 

проблемалық өріс қалыптастыру

оларды жіктеу 

1. Жағдайдың проблемалық  мазмұнын 

талдау. 


2. Жағдайдың проблемалық шарттарын 

талдау. 


3. Жағдайдың проблемалық нәтижесін 

талдау. 


Жүйелі талдау 

Құрылымымен  және 

функцияларымен сипатталатын 

кейбір жүйелер сияқты объектіні 

жүйелік жол жағынан қарастыру. 

1. Дескриптивті анализ, яғни бар 

құрылымдар негізінде, функция 

қалыптасады. 

2. Конструктивті анализ яғни, берілген 

функциялар негізінде құрылым 

құрылады. 

Праксеологиялық 

талдау 

Қызметтік процесстерді 

оптимизациялау көзқарысына 

байланысты қарастыру. 

1. Қызметті оптимизациялау жолдарын 

талдау. 


2. Қызметті 

алгоритимизациялау  және  үлгілеу. 



Болжамдық талдау 

Жағдайдың болашақ дамуына 

қатысты болжауды 

қалыптастыру. 

1. Жүйенің болашақ күйі берілсе және 

болашаққа жетудің мүмкіндіктері 

анықталған болса нормативті 

болжамдық талдау.   

2. Трендттік модельдер құру 

арқылы  болашақтың жағдайы 

анықталатын ізденісті  болжамдық 

талдау. 


 

Студенттерге  кейс  жазу  үшін  Алматы  облысындағы  келесі  үкіметтік  емес  ұйымдар 

ұсынылды:  

1.

 



«Сыни ойды дамыту» ҚБ 

2.

 



«Жастар үні» Жеке қоры ҚБ 

3.

 



«Жастар заң орталығы»  ҚБ 

4.

 



«Нұр Отан» партиясы жанындағы «Жас  Отан» Жастар қанаты» қоғамдық бірлестігінің 

Алматы облыстық филиалы 

5.

 

«Жастар саясаты» ҚБ 



6.

 

«Адам құқығы, демократия және заңдылықты сақтау қоғамы» ҚБ 



7.

 

«Деструктивтік діни ағымдардан жапа шеккендерге Алматы облысы  бойынша көмек 



көрсету орталығы» ҚҚ 

Оқу үдерісінде сase-study әдісін пайдалану тиімділігі: 

-    мәселелік  оқыту  қағидаларын  қолдану  –  шынайы  мәселелерді  шешу  дағдысын 

қалыптастыру, топтың бірыңғай проблемалық өрісте жұмыс істеу мүмкіндігі, бірақ оқу үдерісі өмірде 

кездесетін  жағдаяттар  кезінде  шешім  қабылдау  механизмдерін  имитациялайды,  ол  терминдерді 

жаттап, содан соң қайта айтып беруден әлдеқайда тиімді, себебі ол терминдерді білуді және түсінуді 

ғана емес, сонымен қатар, мәселені шешудің логикалық  схемасын құруда, өзінің пікірін дәйектеуде 

оларды пайдалануды талап етеді; 

- топта жұмыс істеу дағдысын игеру; 

- қарапайым жалпылау дағдысын қалыптастыру; 

- таныстырылым жасай білу; 

-  баспасөз  конференциясын  ұйымдастыру,  мәселені  қоя  білу,  жауабын  дәйектеу  дағдысын 

меңгеру. 

 Кейсті  талдай  отырып,  студенттер  өмірде  кездесетін  осыған  ұқсас  мәселелерде  пайдалануға 



378 

болатын дайын шешімдер алады. Талданған кейстердің студент тәжірибесінде неғұрлым көп болуы, 

оның  қалыптасқан  жағдайда  шешімнің  дайын  схемасын  пайдалану  ықтималдылығын  арттырады, 

едәуір күрделі мәселелерді шеше білу дағдысын қалыптастырады. Case-study әдісі студенттің жоғары 

дайындығын, олардың өз бетімен жұмыс істеуін талап етеді, ойлау қабілетін дамытады. Бұл бәсекеге 

қабілетті,  креативті  ойлай  білетін  кәсіби  маман  қалыптастырудың  бірден  бір  алғышарты.  Себебі 

«адамның ең басты жетістігі – ойлау қабілеті. Кеңістік пен уақыт шеңберінде біз ешкім емеспіз, тек 

ой арқылы ғана биікке көтеріле аламыз» (Блез Паскаль). 

Келесі қызықты әрі тартымды әдіс - Ертегі технологиясы. Ертегілер тарихтың тереңінен сыр 

шертіп, халық ауыз әдебиетінен бастау алады. Бүкіл әлемде ертегі оқу үрдісі баланың ойлау қабілеті 

мен  қиялын,  образды  ойлауын  дамыудың  құралы  ретінде  мойындалған.  Ертегіні  баяндау  кезінде 

елестетіп  ойлау  арқылы пайда  болатын  образдар шығармашыл  ойлай  білетін  тұлға қалыптастыруға 

ықпал  ететін  фактордың  бірі.  Себебі  қиялдай  білу  дегеніміз  -  жаңа  нәрсені  ойлап  табу. 

Өнертапқыштарды  шабыттандыратын,  ойын  іске  асыруға  бағыттайтын  ең  басты    нәрсе  –  қиял.  

Қиялдай  білген адам  жаңаша, дұрыс  ойлай біледі.  Себебі  «жаңа  идеялар  ұсынып, жақсы  мүмкіндік 

бере  алатын  ойды  ғана  дұрыс  ой  дей  аламыз»  (Д.  Браус).  Сонымен  қатар,  ертегіде  сипатталатын 

адамгершілік  құндылықтарды  насихаттаудың  да  маңызы  зор.  Себебі  студент  ол  құндылықтарды 

өзгелерге насихаттау үшін ең алдымен өз бойынан табылуы қажеттігін түсінеді.    

  Аталған  әдісті  пайдалану  үшін  студенттердің  барлығы  білетін  халық  ертегісі  таңдалады. 

Оның белсенді бір кейіпкері болады Одан кейін тағы бір белгілі ертегінің сюжеті алынады. Оның да 

белсенді кейіпкері болады. Бір ертегінің кейіпкері басқа ертегіге еніп, оның сюжетін ауыстыра алады. 

Белгілі режиссер Михаил Ромм фильмнің ең басында «көрерменді кеңірдектен алуды» ұсынады, бір 

сұмдықтың  болатынын  көрерменнен  өзге  ешкім  білмеуі  қажет.  Бейхабар  кейіпкерлердің  бірнәрсеге 

ұшырап  қалуы  мүмкін  екенін  ойлаған  көрерменнің  дегбірі  кетіп,  бүкіл  фильм  бойы  экранға  кіріп 

кетердей болып телміреді.  Осы тәсілді ертегі құрастыруда да негізге алуға болады.  

Ертегі құрастыруда мыналарды ескеру талап етіледі: 

1.

 

Ертегіні таңғажайып оқиғадан бастаған дұрыс. 



2.

 

Ертегі  оқиғасының  тәрбиелік  мәні  болуы  қажет.  Ол  жақсылыққа,  мейірімділікке  үйретуі 



керек. 

3.

 



Оқиғадағы шиеленіс үнемі шарықтап, күтпеген жерден шешімі табылғаны дұрыс.  

4.

 



Ертегі жан-жақты жақсы сипатталып, саяси метафоралардың көмегімен суреттеледі. 

5.

 



Кейіпкерлердің мінездері айқын болуы тиіс. Ерекше мінез – ерекше ертегі. 

6.

 



Әрбір кейіпкердің өз есімдері болуы қажет. 

7.

 



Ертегіде табиғат, кейіпкерлердің түр-түсі, киімі, шашы, бойы, көзінің түсі сипатталады. 

8.

 



Бас  кейіпкер  айтатын  негізгі  ойға  екпін  түсіру  қажет.  Мысалы:  «Қане,  мен  барып 

ойланайыншы» дейді де, ойланып болған соң бір жақсы ой немесе шешім айтады. 

9.

 

Ертегідегі  ойдан  шығарылған  нәрсе  шындықпен  жанасып,  логикалық  тұрғыдан  ойға 



қонымды болуы тиіс. 

Біз  оқу  үдерісінде  ұлттық  көзқарасқа  негізделе  қалыптасқан  саяси  метафораларды 

қатыстырып,  ертегі  құрастыруды  тапсырдық.  Ертегінің  тақырыбы:  «Тәуелсіздік    тарландары» 

замануи ертегісі. Ертегінің идеясы: тәуелсіз, азат, бейбіт өмір. Басты мақсат: саяси метафораларды 

қатыстыра отырып, “Ер Төстік” қазақ халық ертегісі желісінің негізінде “Қазақфильм” түсірген “Ер 

Төстік  және  айдаһар”  анимациялық  мультфильмі  мен  Голливуд  туындысы  “Галактика  сақшылары” 

кейіпкерлерін  араластыра  ертегі  құрау.  Суреттер  беріледі,  соның  желісінде  ертегі  құрау  қажет. 

Ертегі кейіпкерлері ретінде: Ер Төстік – Ерназардың ұлы, батыр;  Бапы хан – жерасты патшалығын 

басқарып отырған хан; 

Кенжекей – Төстіктің жары; Таусоғар, Желаяқ, Көлтауысар – Төстіктің достары; Айдаһар; 

Бекторы  –  Бапы  ханның  қызы;  Мыстан  кемпір  –  қиратушы,  соғысқұмар;  Шойынқұлақ  – 

мыстан кемпірдің ұлы; Питер Джейсон Квилл – тонау, маскүнемдікке салыну, алаяқтық үшін іздеуде 

жүрген  жан.  Ол  өзін  “Жұлдызды  лорд”  (әйгілі  қарақшы)  деп  атайды;  Гамора  –  жауынгер,  жендет, 

талай  адамды  өлтіргені  үшін  іздеуде;  Дракс  –  қиратушы,  әйелін  және  отбасын  өлтіргендерден  кек 

алушы;  Ракета  –  50-ден  аса  көлік  ұрлағаны  үшін  іздеуде,  қамаудан  қашудың  шебері;  Грут  – 

ракетаның оққағары;  Йонду, Ронан, Каратн – қарақшылар; Небула – Гамораның сіңлісі ұсынылды. 

Сюжет  оқиғаның  басталуы;  байланысуы;  шиеленісуі;    шарықтау  шегі;  шешімін  табуы  негізінде 

өрбиді. Ауыз әдебиетінің үлгілерін жастайынан жадына тоқып өскен Қ.Садуақас ойының тереңдігін, 

қиялының  ұшқырлығын  «Тәуелсіздік    тарландары»  замануи  ертегісін  жазуда  шебер  көрсеткендігін 

атап өткеніміз жөн деп білеміз.  

Қоғамдық  пікір  мемлекеттің  даму  бағытын  айқындауда,  даму  даңғылдары  мен  өрлеу 

бағыттарын  анықтауда  қай  заманда  да  маңызды  болған,  бола  береді  де.  «Қоғамдық  пікір  дегеніміз 


379 

қоғамдық  сананың  өзіндік  көрінісі  болатын  әлеуметтік-саяси  құбылыс,  жалпы  қоғамға  немесе 

әлеуметтік, саяси қауымдастықтарға, жеке топтарға тән, қоғамдық өмірдің өзекті мәселелеріне деген 

ашық немесе жасырын қатынасын сипаттайтын және бағалауын білдіретін күрделі әлеуметтік-рухани 

құрылым.  Қоғамдық  пікірді  жан-жақты  талдау  мен  есепке  алусыз  қоғамның  өзін-өзі  басқаруын, 

билікті ұйымдастырудың демократиялық түрлерін дамыту мүмкін емес» [2].  

Тіл қоғамнан тыс өмір сүрмейді. Қоғамда болып жатқан кез келген оқиға оның тілінде көрініс 

табады.  Қазіргі  саяси  дискурстағы  саяси  метафораның  қызметін,  медиамәтінді  қабылдауда  оның 

тигізер  ықпалын  теориялық  тұрғыда  түсіндірумен  қатар,  тәжірибе  жүзінде  студенттердің  өздеріне 

анықтатудың  маңыздылығын  ескеріп,  қоғамдық  пікірді  анықтауда  ең  жиі  қолданылатын  тәсіл 



сауалнама жүргізуді тапсырдық.  

«Медиамәтіндерді  қабылдауда  кездесетін  кедергілер  және  саяси  метафора»  тақырыбын  ашу 

үшін  студенттер  сауалнама  жүргізуге  жан-жақты  дайындалып,  ізденіс  жұмыстарын  жүргізді.  Біз  өз 

тарапымыздан сұхбат алу барысында сұхбатқа қатысушыға қоятын сұрақты дұрыс тұжырымдаудың 

маңыздылығын түсіндіріп, сұрақ таңдауда әдістемелік көмек көрсеттік.  

Сауалнама  респонденттердің  саяси  метафораны  түсіну  және  қабылдау  деңгейін  анықтау 

мақсатын  көздеді. Тапсырма  бойынша  сауалнама 16-35  жас  аралығындағы  респонденттер  арасында 

жүргізіліп,  олардың  әлеуметтік  мәртебесі,  білімі,  жынысы  т.б.  категориялары  ескерілуі  тиіс. 

Сауалнама нәтижесі сарапталып, өңделіп, тиісті қорытындылар шығарылды.  

Студенттер құрастырған сауалнамаларда қамтылған кейбір сұрақтарды ұсынамыз: 

1. «Саяси метафора» ұғымы сізге таныс па? Егер иә болса, түсінік беріңіз. 

2. Сөйлеу барысында саяси метафораны қолдану қаншалықты маңызды? 

3.  Сіз  саяси  метафораны  қолданасыз  ба?  Қолдансаңыз,  қандай  саяси  метафораларды  жиі 

пайдаланасыз? 

4. «Қазақстан әлемдік үздіктер аламанында өз орнын иеленіп, өз нәсібесін алуға тиісті. Сонда 

біз  әлемдегі  өркендеп-өскен  отыз  елдің  ішіне  қосылып,  солармен  тереземіз  тең  болып, 

Қазақстанның беделін, халқымыздың жағдайын жақсартамыз. Бұл дәліздегі жол өте керек». Берілген 

мысалдардағы саяси метафораның мәнін ашыңыз.  

5. Адамдар күнделікті өмірде саяси метафораны қатыстырып сөйлеу дағдысын қалыптастыру 

үшін не істеуі қажет? 

6. Қазіргі қоғамда шешен сөйлейтін саясаткерлерден  кімдерді атар едіңіз?  

7. Қызығып хохол, гүржі, қырғыздарға,  

Қолыңа төңкеріспен тізгінді алма.  

Қасыңда ақырып тұр жаралы Аю,  

Төбеңде  айналып  жүр  құзғын,  қарға  деген  Балғынбек  Имаштың  қайырымындағы  «тізгін», 

«Жаралы Аю» метафораларына түсінік беріңіз:  

 

А) билік, Ресей Федерациясы



 

Ә) ат әбзелі, Канада; 

 

Б) машина, Ресей Федерациясы; 



8. Берілген тіркестерге сипаттама жазыңыз: 

Атымтай Жомарт –  

Көлтауысар –  

Жиреншенің қараша үйі –  

Ахиллес өкшесі –  

Аққу, шортан һәм шаян -  

9. Саяси метафора қандай мақсатта жұмсалуы мүмкін? 

10. Берілген тіркестерді мазмұнына сай сәйкестендіріңіз: 

 



Ергежейлі 



 

Сауда 


 

Саяси 



 

Бұлты 


 

Дағдарыс 



 

Індеті 


 

қоғам  



 

Партия 


 


  1   2   3


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал