Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясының материалдары



жүктеу 5.01 Kb.

бет1/27
Дата08.09.2017
өлшемі5.01 Kb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27


 
 
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ 
ПАВЛОДАР МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИНСТИТУТЫ 
 
МИНИСТЕРСТВО ОБРАЗОВАНИЯ И НАУКИ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН 
ПАВЛОДАРСКИЙ ГОСУДАРСТВЕННЫЙ ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ ИНСТИТУТ 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
ҮЗДІКСІЗ БІЛІМ БЕРУДІҢ ӨЗЕКТІ 
МӘСЕЛЕЛЕРІ 
 
Академик Т.С. Садықовты еске алуға арналған 
 
халықаралық ғылыми-практикалық конференциясының материалдары  
 
___________________________ 
 
АКТУАЛЬНЫЕ ПРОБЛЕМЫ 
НЕПРЕРЫВНОГО ОБРАЗОВАНИЯ 
 
материалы международной научно-практической конференции, 
 
посвященной памяти академика Т.С. Садыкова 
 
 
 
 
 
ТОМ 1 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Павлодар 
2015 


 
 
УДК  37.0(063) 
ББК  74.00 
 
Ү 23 
 
 
Бас редактор: филос.ғ.д., профессор Н.Р. Аршабеков  
Жауапты редактор: т.ғ.к. А.С. Ілиясова  
 
Ү 23 
Үздіксіз  білім  берудің  өзекті  мәселелері:  Академик  Т.С.  Садықовты  еске 
алуға  арналған  халық.  ғыл.-практ.  конф.  матер.  =  Актуальные  проблемы 
непрерывного  образования:  мат-лы.  междунар.  науч.-практ.  конф.,  посвя-
щенной  памяти  академика  Т.С. Садыкова  /  под.  общ.  ред.  Н.Р. Аршабекова; 
отв. ред. А.С. Ильясова. – Т. 1. – Павлодар: ПГПИ, 2015. – 279 с. – На казах-
ском, русском, английском. 
 
ISBN 978-601-267-361-6 
 
 
Жинаққа  «Үздіксіз  білім  берудің  өзекті  мәселелері»  академик 
Т.С. Садықовты  еске  алуға  арналған  халықаралық  ғылыми-практикалық 
конференциясының материалдары кірді. 
 
Жинақтың  негізгі  бөлімдері  келесі  тақырыптар  мәселелерін  көтереді: 
жоғары  педагогикалық  білім  беру:  қазіргі  жағдайы  және  даму  болашағы; 
қазіргі  кезеңдегі  білім  беруді  дамытудың  өзекті  мәселелерінің  психология- 
лық-педагогикалық  аспектілері;  Қазақстан  Республикасында  бейіндік  білім 
беруге  көшу  жағдайындағы  білім  беру  кеңістігінің  жағдайы;  философия, 
тарих 
және 
саясаттанудың 
өзекті 
мәселелері; 
лингвистика 
мен 
әдебиеттанудың өзекті мәселелері.  
 
Жинақ  жоғарғы  және  орта  мектеп  оқытушыларына,  магистранттарға 
докторанттарға, студенттерге арналған. 
 
 
В  сборник  вошли  материалы  международной  научно-практической 
конференции  «Актуальные  проблемы  непрерывного  образования»,  посвя- 
щенной памяти академика Т.С. Садыкова. 
 
Основные  разделы  сборника  отражают  следующие  проблемы:  выс- 
шее  педагогическое  образование:  современное  состояние  и  перспективы 
развития;  психолого-педагогические  аспекты  актуальных  проблем  разви- 
тия  образования  на  современном  этапе;  состояние  образовательного  про- 
странства  в  условиях  перехода  на  профильное  обучение  в  Республике  Ка- 
захстан;  актуальные  вопросы  философии,  истории  и  политологии;  акту- 
альные вопросы лингвистики и литературоведения.  
 
Сборник  предназначен  для  преподавателей  высшей  и  средней  школы, 
магистрантов, докторантов, студентов. 
 
 
 
 
 
 
 
 
© Павлодарский государственный педагогический институт, 2015. 


 
 
УВАЖАЕМЫЕ УЧАСТНИКИ КОНФЕРЕНЦИИ! 
 
Позвольте приветствовать руководителей и работников  учреждений 
образования, представителей НПО Республики Казахстан, а также пред- 
ставителей сферы образования и науки ближнего и дальнего зарубежья – 
всех,  кто  принимает  заинтересованное  и  активное  участие  в  работе  на- 
шей конференции. 
Цель  конференции:  обсуждение  проблем  непрерывного  образова- 
ния, модернизации процесса подготовки педагогических кадров.  
Обращение к проблеме непрерывного образования и выделение ее в 
число  актуальнейших  направлений  психолого-педагогических  теорий  и 
практик  в  середине  XX  века  явилось  результатом  быстрого  научно-
технического прогресса, который предопределил замену формулы «обра- 
зование на всю жизнь» формулой «образование через всю жизнь».  
ЮНЕСКО,  ОЭСР  (Организации  экономического  сотрудничества  и 
развития),  Римский  клуб,  Еврокомиссия,  Всемирный  Банк  и  др.  опреде- 
ляют непрерывное образование как ключевое понятие и считают его ос- 
новной целью в образовании каждого.  
Ключевой тезис непрерывного образования «Учиться, чтобы быть», 
выдвинутый  еще  в  1972  г.  Эдгаром  Фором:  «Учиться,  чтобы  знать; 
учиться,  чтобы  работать;  учиться,  чтобы  сосуществовать;  и  учиться, 
чтобы  быть»  –  эти  четыре  положения  являются  ориентирами  образова- 
тельной  политики  в  XXI  веке  и  послужат  основой  развития  общества, 
стремящегося к непрерывному образованию. 
Важно  отметить, что значительная часть исследований проблем не- 
прерывного  образования  изначально  осуществляется  под  эгидой 
ЮНЕСКО  и  Организации  экономического  сотрудничества  и  развития 
(ОЭСР).  Бесспорным  свидетельством  актуальности  и  перспективности 
развития  непрерывного  образования  является  подключение  на  совре- 
менном  этапе  крупных  финансовых  учредителей  в  лице  Всемирного 
Банка,  корпораций  Microsoft,  Intel,  которые  разрабатывают  идеи  непре- 
рывного учения в контексте развития глобальной экономики знаний.  
Сейчас  в  Казахстане  происходит  развитие  и  модернизация  образо- 
вания  на  всех  уровнях.  Мы  становимся  очевидцами  целого  ряда  пози- 
тивных  изменений,  происходящих  в  системе  образования  республики. 
Одним из основополагающих документов сегодня для нас является Госу- 
дарственная программа развития образования РК на 2011–2020 годы. Эта 
программа  уникальна  по  своему  содержанию  и  перспективам,  отражает 
ведущие мировые тенденции и отвечает целям развития страны. 
Ключевой фигурой модернизации образования становится учитель.  
Реалии и динамичность происходящих в системе образования изме- 
нений требуют жесткого «переформатирования» системы подготовки пе- 
дагогических кадров в вузах. 


 
 
К числу общемировых  и европейских  тенденций развития высшего 
образования, в том числе и педагогического, относят: способность пред- 
восхищать  эволюцию  потребностей,  постоянную  адаптацию  образова- 
тельных  программ  к  будущим  потребностям,  повышение  адекватности 
высшего педагогического образования. 
Глава  государства  отмечает:  «Мир  стремительно  меняется,  и  каж- 
дый  день  адресует  нам  все  новые  и  новые  вызовы,  и  мы  должны  успе- 
вать  реагировать  на  них  адекватно,  более  того,  действовать  на  опереже- 
ние...». 
Организуя подготовку педагогов нового поколения, надо стремиться 
к тому, чтобы  высшее педагогическое образование работало на будущее 
и в силу этой своей миссии опережало систему требований, предъявляе- 
мых «здесь и сейчас». 
Именно задача подготовки профессионала нового типа, сочетающе- 
го в себе высокие нравственные качества и культуру предметных знаний, 
способность  рефлексивно  работать  на  стыке  наук,  умение  управлять 
сложными системами, должна стать безусловным приоритетом для педа- 
гогической науки и практики ХХI века  в воспитании и обучении компе- 
тентного профессионала.  
Актуальная  сверхзадача  профессионального  образования  ближай- 
шего  будущего  –  совместить  несколько  важнейших  ориентаций  совре- 
менного образования, которые до сих пор разделялись:  усвоение знаний 
и  развитие  мышления,  получение  информации  и  генезис  практических 
навыков, обучение и воспитание.  
С  нашей  точки  зрения,  органичное  соединение  в  одном  человеке 
Личности и Мастера (специалиста) есть прообраз профессионала нового 
типа.  
Ведь, как говорил в свое время выдающийся персидский поэт и пи- 
сатель Муслихиддин Саади, обучившийся науке, но не применяющий ее, 
похож  на  человека,  который  вспахал  поле,  но  не  засеял  его.  Требуется 
кардинальное  изменение  самой  философии  педагогической  подготовки, 
формата  обучения  через  внедрение  субъект-субъектной  модели  и  пере- 
ход  на  дуальное  обучение,  корректировка  содержания  образования  и  на 
выходе  –  защита  академического  портфолио  по  специальности,  плана 
профессионального развития выпускника с оценкой его функциональной 
грамотности. 
Возможность обмена мнениями, аккумулирования и обобщения все- 
го  ценнейшего  опыта,  инноваций  в  сфере  непрерывного  образования, 
поиск путей решения проблем модернизации процесса подготовки педа- 
гогических  кадров,  накопленных  участниками  нашей  конференции,  це- 
нен для нас всех. Мы все весьма заинтересованы узнать профессиональ- 
ное  мнение  и  получить  рекомендации  наших  и  зарубежных  коллег  по 
широкому кругу вопросов, вынесенных на нашу конференцию.  


 
 
Хочу  поблагодарить  участников  работы  по  подготовке  нашего  фо- 
рума:  авторов  докладов  и  научных  сообщений,  организаторов  и  помощ- 
ников, чьими усилиями созданы условия для полноценной работы нашей 
конференции.  
Позвольте,  уважаемые  коллеги,  пожелать  участникам  конференции 
плодотворной, напряженной и содержательной работы и выразить наде- 
жду, что наше сотрудничество будет развиваться в будущем, обретет  ус- 
тойчивый, системный и содержательный характер. 
 
Н. Аршабеков
ректор Павлодарского государственного 
педагогического института, доктор 
философских наук, профессор  


 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Пленарлық мәжілістің  
баяндамалары 
 
Доклады  
пленарного заседания 
 


 
 
ТҰЛҒАНЫҢ ӘЛЕУМЕТТЕНУІ МЕН ЭТНОСТЫҚ 
ӘЛЕУМЕТТЕНУІНЕ ӘСЕР ЕТЕТІН ФАКТОРЛАР 
 
Б.Ә. Әмірова 
Пс.ғ.д., проф. ҚарМУ, Қарағанды қ. 
 
Тұлғаның өзіндік дамуына белгілі бір әлеуметтік топ әсер ететіндігі 
бізге  мәлім.  Себебі  адамның  адамзаттық  сапаларының  барлығы  топқа 
тән  ережелер  мен  әдет-ғұрыптар,  дәстүрлер  негізінде  қалыптасады.  Бұл 
жөнінде  американ  психологы  Тодд  Нельсон  былай  дейді:  «біздің 
әрқайсысымыз  белгілі  топтың  мүшесіміз.  Сол  топқа  қатысымыздың 
барлығы өзіміздің даралық белгілерімізді, өзімізді-өзіміз бағалауымызды 
сезінуімізге байланысты. Сонымен қатар басқа топ мүшелеріне де біздің 
дұрыс  көзқараста  болуымызды  туғызады»  [10,77].  Ендеше,  топтың  өзі 
жеке  тұлғалардың  оған  деген  позитивті  немесе  негативті  көзқарасын 
қалыптастыруға  себепші  болады.  Ғалымның  осы  тұрғыда  түсіндіруі 
бойынша,  әлеуметтік  топтың  тұлғаға  тікелей  әсер  етуі  оның  бойында 
белгілі таптаурындар мен бағытты қалыптастырады. 
Осыған  байланысты  тұлғаның  әртүрлі  әлеуметтік  жағдайларға, 
микро  және  макро  топтарға  икемделуін  көрсететін,  әлеуметтік  және 
психикалық  бейімделу  негізіде  қабылдаған  әлеуметтік  ережелер  адам 
санасында  пайда  болып  көрініс  беретін  жаңсақ  нанымдарды  белгілейді. 
Ендеше  жаңсақ  нанымдарды  жоққа  сенумен  сәйкестендіруге  болмайды. 
Себебі жоққа сену тұрмыстық өмірден  қалыптасатын дәлелсіз феномен, 
ал  жаңсақ  наным  дәлелді  сананың  психофункционалдық  қызметінің 
нәтижесі.  
Сонымен,  әлеуметтену  ұғымы  адамның  әлеуметтік  ортаға  кіруі 
және  мәдениеттік,  психологиялық  факторларға  икемделу  процесі. 
И.С. Кон  әлеуметтенуді  индивидтің  әлеуметтік  тәжірибелерді  меңгере 
отырып,  нақтылы  тұлға  болып  қалыптасуы  деп  көрсетеді  [2].  Яғни, 
әлеуметтену  үдерісінде  тұлғаның  өз  бойына  сіңірген  мінез-құлық 
таптаурындары  өмірлік  жағдайларға,  адамдардың  бірін-бірі  қабыл- 
дауына,  эмоционалдық  жай-күйлеріне  байланысты  позитивті  және 
негативті түрде өзгерістерге ұшырасып отырады  
Тұлғаның  автономдылығы  әлеуметтік  тәжірибесі  мен  әлеуметтік 
байланыстар  жүйесін  өзектендіріп  қана  коймайды,  сонымен  қатар  жаңа 
индивидуалдық 
тәжірибелердің 
құрылуына 
әкеледі. 
Әлеуметтік 
тұрпылану  және  тұлғалық  автономдылық  тенденциялары  әлеуметтің 
(социумның)  қоғамдық  өмірде  адамның  нышандарын,  қабілеттерін, 
рухани және субъективтік жағынан өндірілуін көрсетеді.  
Сонымен, әлеуметтену адамның болмыстық ортада референтті және 
индиферентті  өзін-өзі  дамытуынан  көрінеді.  Әлеуметтенудің  кезеңдерін 
анықтау,  оның  еңбек  іс-әрекетінде  жүретіндігінен  басталатындығын 


 
 
көрсетуге  мүмкіндік  береді.  Еңбек  іс-әрекетіне  байланысты,  әлеумет- 
тенудің келесі кезеңдерін еңбекке дейінгі, еңбектік, еңбек етуден кейінгі 
уақыт деп көрсетуге болады. 
Сөйтіп,  әлеуметтену  адамның  икемделу,  сабақтасу,  өзін-өзі  дамыту 
барысында  мәнін  аша  бастайды.  Себебі,  әлеуметтену  тұлғаның  өмір 
бағыттылығын  белгілейтін  өзін-өзі  анықтау,  өзін-өзі  қолдану  және 
өзіндік  өзектену  сияқты  тұлғалық  мағынасын  ашуға  негіз  болады. 
Ендеше,  оның  диалектикалық  бірлігі  тұлғаның  қоршаған  ортамен  өзара 
әрекет етуінде. Адам өзінің әлеуметтену үдерісін ана құрсағында жатып 
та жүзеге асырады.  
Әлеуметтенудің  негізгі  механизмдері  интериоризация  мен  эксте- 
риоризация  болып  табылады.  Солармен  қатар  басқа  да  психологиялық 
механизмдерде  көрінеді.  Олар:  өзін-өзі  шектеу  механизмі,  біртектілену 
механизмі,  жобалау  механизмі,  интроспекция  механизмі.  Яғни, 
әлеуметтік  қарым-қатынастық  үдерісте  адам  өзін-өзі  ыңғайсыз,  диском-
фортты  сезінуі,  өзгенің  әрекетін  қабылдауда  коформдыық  немесе 
нонкоформдылық құбылыстарды байқатуы, өзінің жағымсыз сипаттарын 
басқаларға  көшіруі,  өз  кемшіліктерін  біреудің  түрткісі  ретінде 
қабылдауы,  мәселен,  қазақ  халқының  бойындағы  ұлтқа  тән  емес 
қылықтарды кеңес өкіметінің кемшілігі, немесе орыс халқының тигізген 
әсері деп қарау осыған  дәлел  бола алады, тағы басқа да құбылыстардың 
пайда  болуына  Адам  санасында  пайда  болған  жаңсақ  нанымдар  негіз 
болады.  Бұл  әрекеттердің  барлығы  әлеуметтену  процесі  барысында 
басқаның  мұқтажына  ену,  яғни  эмпатиялық  құбылыс  арқылы 
қалыптасады.  Әлеуметтену  процесінің  жүзеге  асуына  негіз  болатын 
жағдайлар оған әсер  
Тұлғаның  әлеуметтену  ортасының  бірі  –  оның  отбасы.  Себебі 
отбасы  қоғамды  құрушы  әлеуметтік  топ  болып  есептеледі.  Қандай  да 
болмасын  отбасы  қоғам  талабына  сай,  арнаулы  қоғамдық  мемлекеттік 
заңдар  мен  тұлғалық  құқық  заңдары  негізінде  қалыптасып,  өзінің 
отбасылық дәстүрлері мен ережелері негізінде өмір сүреді. С.В. Ковалев 
қазіргі  заманғы  отбасына  анықтама  бергенде,  оны  былай  көрсетеді: 
«Отбасы  –  ата-аналық,  туысқандық,  ерлі-зайыптылық  байланыстар 
арқылы іс-әрекетте балалардың әлеуметтенуін көрсететін қоғам. Ал, егер 
ерлі-зайыптылық,  ата-аналық,  туысқандық  қатынас  болмаса  отбасының 
орнына «жанұялық топ» деген ұғым қолданылады» [4, 50]. 
Отбасының  құрылуында  негізгі  мотивациялық  факторлар  мыналар: 
бала  өсіріп,  тәрбиелеуге  деген  ниет,  эмоционалды  байланыс,  жалғыз- 
дықтан  қорғанушылық  және  психологиялық  қорғану  механизмдері. 
Адамның  өзі  қалаған  әлеуметтік  ортасында  оның  мүшелеріне  деген 
махаббатты,  достықты,  аттракцияны,  симпатияны  және  эмпатиялық 
көріністерді  беретін  жанұяның  әр  түрлі  модельдерін  сақтауға 
ұмтылысын көрсетуге болады. 


 
 
Сонымен  қатар  отбасының  атқаратын  қызметіне  байланысты 
ерекше өзіндік және өзіндік емес деп бөлуге де болады.  Ерекше өзіндік 
қызметіне репродуктивтік (баланың тууы); әлеуметтенушілік (балаларды 
тәрбиелеу);  қорғанушылық  жатады.  Ал,  өзіндік  емес  қызметіне  жанұя 
институты  енгізген  әлеуметтік  –  тарихи  шарттарды  жатқызуға  болады. 
Сонымен  қатар,  отбасы  мүшелерінің  денсаулығын  қадағалау,  микро- 
климатты  бұзбау,  өндіріс  пен  тұтынушылықты  ұйымдастыра  білу  және 
үй  шаруашылығын  жүргізе  білу  дегі  қызметтері  болып  табылады.  Бұл 
жағдайлар  даму  барысының  әр  кезеңінде  жаңарып,  өзгеріп  отыруы  да 
мүмкін.  
Дәстүрленген  отбасына  туысқандық  арқылы  ұйымдасқан  жанұя 
типін,  ал  қазіргі  заманғы  отбасы  деп  экономикалық  және  тұлғалық 
қызығушылықтары арқылы көрінетін отбасыларды айтуға болады.  
Осыған  байланысты  әлеуметтік  және  мәдени  құндылықтармен 
тұлғаның  әлеуметтенуінің  негізгі  «фигуралары»  баланың  ата-анасы 
болып табылады. Әр отбасында өзіндік құрылымы, балалардың әлеумет- 
тік  және  психологиялық  дамуын  көрсететін  заңдар  мен  механизмдер, 
тәрбие беру әдістері және өзара әрекет ету жүйесі қалыптасады.  
Отбасындағы  тәрбиені  анықтайтын  гуманистік  бағыттылық  болуы 
міндетті.  Сондықтан  ондағы  қатынастарды  да  дамыту  үшін,  оның  әр 
мүшесіне еркіндік беру, оның отбасындағы мәртебесін нақтылы сезінуге 
мүмкіндік жасалуы қажет.  
Отбасылық  қарым-қатынас  оның  қауымдастық  негізіне  қарай 
өзгешеліктерді  байқатуы  мүмкін.  Мәселен,  қазақ  халқының  отбасылық–
туысқандық  қарым-қатынасында  өзіндік-психологиялық  ерекшеліктерді 
байқататын  жағдайлар  өте  көп.  Сол  сияқты  неміс,  корей  халықтарының 
да  отбасылық–туысқандық  қатынастарында  ерекшеліктер  бар.  Ендеше, 
отбасын  тұлғаның  әлеуметтенуіне  әйел  адамның  рөлі  өте  жоғары. 
Себебі, ол – ана. 
Қалада  тұратын  қазақ  әйелдерінің  қазақ  әйеліне  тән  жансақ 
нанымдардан  туындайтын  мынадай  қасиеттердің  көрінетіні  байқалды: 
тәрбиелі, шыдамды, қонақжай,  көпшіл,  сыпайы, ұятты, өмірге сеніммен 
қарайды, белсенді, кең пейілді, өзіне сенімді, шешен, басқа  халықтарды 
құрметтейді,  өз  есебі  бар,  адал  ниетті,  эгоист  емес,  өздерін  жоғары 
бағалайды, іскер, еңбекқор, материалдық байлыққа қызығады, агрессив- 
ті, өз ортасына тәуелді, тұйық, бағынушы деген қасиеттерді көрсетті. 
Ауылдық жерде тұратын қазақ әйелдерінің қазақ әйеліне тән жансақ 
нанымдардан  туындайтын  мынадай  қасиеттердің  көрінетіні  байқалды: 
тәрбиелі,  шыдамды,  қонақжай,  көпшіл,  сыпайы,  ұятты,  кең  пейілді, 
достық  пейілді,  адал  ниетті,  байлыққа  қызықпайды,  эгоист  емес,  өмірге 
сенімсіз  қарайды,  өз  есебі  жоқ,  өздерін  төмен  бағалайды,  басқа 
халықтарды  құрметтемейді,  іскер  емес,  көп  сөйлемейді,  жалқау, 

10 
 
 
белсенсіз,  өз  ортасына  тәуелді,  тұйық,  бағынушы,  өзіне  сенімсіз  деген 
қасиеттерді көрсетті. 
Отбасындағы  әйелдердің  әлеуметтік  рөліне,  тұлғаның  қалыптасуы- 
на  этностық  жансақ  нанымдардың  әсер  ету  мәселесіне  байланысты 
жүргізілген  Кеттел  әдістемесі  арқылы  алынған  мәліметтерді  талдау 
барысында  қалада  тұратын  қазақ  әйелдерінің,  ауылдық  жерде  тұратын 
қазақ әйелдерінің және орыс ұлтының әйелдерінің жоғарыда көрсетілген 
орташа көрсеткіштерін келесі 9-суреттен көруге болады.  
 
Кеттелл бойынша көрсеткіштер
2
2,5
3
3,5
4
4,5
5
5,5
6
6,5
7
7,5
8
A
B
C E
F G H
I
L M N O Q1 Q2 Q3 Q4
Қалада
тұратын қазақ
әйелдері
Ауылдық
жерде тұратын
қазақ әйелдері
Орыс ұлтының
әйелдері
 
 
45–65 жас аралығындағы қалада және ауылда тұратын  
әйелдердің әлеуметтік рөлін сезіну ерекшеліктері 
 
Балалардың  әлеуметтенуі  үлкендерге  бағынуға  негізделіп  нақтылы 
ережелерді  орындаумен  анықталады.  Үлкендер  әртүрлі  рөлдерге 
арналған  талаптарға  икемделуге  мәжбүр  және  мұндай  жағдайда  өзінің 
артықшылығын  байқатуы  қажет.  Соның  негізінде  ол  өзінің  басқадан 
«соншалықты артықтығын» немесе «соншалықты төмендігін» көрсетеді. 
Эриксонның  психоәлеуметтік  біртектілену  теориясын  талдауы 
мінез-құлықтың  көптеген  механизмдерін  анықтауға  мүмкіндік  береді. 
Соның  ішінде,  адамның  ұлттық  негізде  біртектіленуі  оның  өз  ұлтының 
әдет-дағдыларын,  қимыл-әрекеттерін,  коммуникациялық  ерекшеліктерін 
бойына сіңіруі болып табылады. Бұл құбылыстар оның менталдылығын 
көрсетуі болып есептеледі.  
Осы  айтылғандарға  сүйене  отырып,  ұлттық  тұлғаны  қалыптасуын- 
дағы  негізгі  психологиялық  жағдайлар,  оның  әлеуметтенуі  мен 
этноәлеуметтенуі  мәдениеттену  жүйелерімен  сабақтастырыла  қаралу 
қажет.  Себебі,  оның  мінез-құлқы,  келбеті,  өмірлік  бағыт-бағдары 
жоғарыда көрсетілген құндылықтар негізінде қалыптасады. 

11 
 
 
Тұлғаның  ұлттық  қалыптасуындағы  негізгі  этноәлеуметтену 
факторлары  этномәдениретінде  құндылықтарды  айтуға  болады.  Оларға: 
тұрмыстық,  әлеуметтік,  тарихи  жағдайлар.  Атап  айтқанда,  Адамға  ат 
қоюдың,  білімберудің,  күнделікті  ақпараттық  жүйелердің,  театр,  кино 
мазмұндарының Оллпорт бұл жағдайларды, «...бала жаңсақ нанымдарды 
ата-анасынан  үйренбейді,  ақпараттық  атмосферада  бола  тұра  бойына 
жұқтырады», – дейді [5]. 
Адам  сана-сезіміне  әсер  етуі  тұлғаның  этноәлеуметтенуінде  елеулі 
рөл  атқарады.  Себебі,  бұл  факторлардың  танымдық  мәні  өте  жоғары 
екендігі  бұрынғы  жалпы  зерттеулерден  және  кейінгі  жылғы  этно- 
бағыттағы зерттеулер нәтижесінен көруге болады.  
Мысалы:  «Тарихи-экономикалық»  факторына  жататын  Абылай 
сияқты есімі бар адам қайсар, маманданған, тыңғылықты, эмоционалды, 
бір  беткей,  қатты,  сақ,  айқайшыл,  риясыз  деген  сипаттарға,  Амангелді 
сияқты  есімі  бар  адам  қайсар,  эмоционалды,  бір  беткей,  саналы,  сақ, 
айқайшыл, нақтылы, негізді, меншіл, деген сипаттарға, Зере сияқты есімі 
бар  адам  маманданған,  бір  беткей,  саналы,  білгір,  талғампаз,  нақтылы, 
анықталған, тұлғалы, мейірімді деген сипаттарға ие болады деп санайды. 
Ал,  «Тұрмыстық-әлеуметтік»  факторына  жататын  Ерсайын  сияқты 
есімі  бар  адам  алдын-артын  ойлайтын,  ашық,  бозарған,  ұзын  тұра, 
интуитивті,  аққұба,  кең  пейілді,  қисынды,  өз  есебіншіл,  нәзік, 
тәжірибесіз,  өркөкірек,  бұрмалаушы,  сөзге  сараң  деген  сипаттарға, 
Мұрат  сияқты  есімі  бар  адам  алдын-артын  ойлайтын,  бозарған,  ұзын 
тұра,  интуитивті,  аққұба,  өз  есебіншіл,  нәзік,  жұмсақ,  меншіл,  аңғырт, 
жалпы  үлгімен  деген  сипаттарға,  Ұлмекен  сияқты  есімі  бар  адам 
интуитивті,  кең  пейілді,  қисынды,  өз  есебіншіл,  нәзік,  тәжірибесіз,  бір 
беткей, жұмсақ, аңғырт, жалпы үлгімен, момын, көнгіш, ұялшақ, селсоқ 
деген сипаттарға ие болады деп санайды. 
Сөйтіп,  есімдердің  қойылуы  тұлғаның  санасында  өзіне  деген  теріс 
және  оң  жансақ  нанымдардың  көрінуі  негізінде  сана  –  сезімінің 
қалыптасуына,  адамның  мінезінің,  жүріс  –  тұрысының,  өмірге  деген 
қатынасының қалыптасуына, өзіндік өзектендірілуіне әсер етеді.  
Сонымен  қатар,  ұлттық  ойындар  мен  мақал  –  мәтелдердің  де  бала 
тәрбиесіне,  адамгершілік  сапаларға,  қарым-қатынасқа,  ілім-білімге, 
әсемдік-әдемілікке,  шаруашылыққа,  еңбек  және  оқу  іс-әрекеттеріне, 
адам  қызметінің  түр-түрлеріне,  эмойионалдық  жай-күйіне  т.с.с 
байланысты. 
Енді  заманауи  қазақ  фильмдерінің  жастардың  әлеуметтенуіне 
әсерінен мағлұмат алайық. Мысал ретінде, «Жетімдер» фильмін алдық.  
Жасөспірімдердің  қазақ  киносын  қалай  қабылдауын  анықтау 
мақсатында  құрастырылған  анкетаның  жалпы  нәтижесінің  көрсеткіші 
бойынша, жасөспірімдердің көрсетілген киноның негізгі ойын түсінгенін 
көруге  болады,  нақтырақ  айтқанда,  жетімдерге  көмек  көрсету,  жетім- 

12 
 
 
дердің тағдыры, ата-ананың қадірін бағалау, өмірдің қиыншылықтырына 
төзімділік  деген  жауаптарынан  байқалады.  Сонымен  қатар,  жасөспірім- 
дердің  басым  көпшілігі  кино  қазақ  халқының  рухани  салтына  сәйкес 
келетінің, яғни туыстық қатынастар, жетімдерді асырап алу, қазақ халқы 
жетімдерді жылатпаған деген жауаптарынан анық байқалады. Сондай-ақ, 
жасөспірімдерді  кейіпкерлердің  мына  істері  мен  әрекеттері:  жетім 
балалардың  қиын  өмірге  мойымауы,  ішімдіктен  аулақ  болу,  әпкесінің 
қамқорлығы  ойландыратының,  көкейінде  жүрген  сұраққа  жауап  ала 
алатынын, кинодан аяныш сезімін, адамгершілік қасиеттерді алғандарын 
көруге  болады.  Жасөспірімдер  фильмді  көруде  рефлексия,  яғни 
фильмнен  алған  әсерлерін,  психикалық  жай  күйлерін  талдай  алғаны 
көрінеді.  Сонымен  қатар,  жасөспірімдер  жаңашырлық(эмпатия)  сезімін 
бастан  кешіргенін  көре  аламыз.  Нақтырақ  айтқанда,  жасөспірімдердің 
жетім  балалардың  қиын  психикалық  жай  күйіне  жаңашырлық  білдіріп, 
жетімдерге көмек көрсету, асырап алу керек деген жауапарынан көрінеді. 
Жалпы  айтқанда,  көрсетілген  фильм  жасөспірімдердің  сана-  сезімін 
қалыптастыра алатын механизімдердің бірі, өйткені фильм мазмұнының 
моральдық-психологиялық бағытта болуы.  
Сонымен,  ұлттық  тұлғаның  қалыптасуы,  оның  өз  бойында  ұлттық 
және  қоғамдық  таптаурындарды  ұтымды  сіңіре  отырып,  сана-cезіміне 
әсер  ететін  әлеуметтену  және  этноәлеуметтену  факторларының  маңызы 
зор деуге болады.  
 


  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал