«халық жауларының» ұлағаттылықты бойларына Нұрперзент домбай



жүктеу 56.59 Kb.

Дата20.02.2017
өлшемі56.59 Kb.

«ХАЛЫҚ ЖАУЛАРЫНЫҢ» 

ұлағаттылықты бойларына 

Нұрперзент ДОМБАЙ, 

«Мысты өңір». 

Әзім ағамен және Айткүл апамен кейінгі уақытта таныстым. Тағдырла-

ры ұқсас. Екеуінің де әкесі сонау түнекті 1937 жылы «халық жауы» ретінде 

ұсталып, атылып кеткен. Аянышты-ақ өмір. 

Енді оқырман қауымга бұл екі кісіні кеңірек таныстыра кетейін. 

Әзім Дайрабаев 1932 жылы Ақтөбе облысының Ырғыз ауданына қарасты 

Ырғыз поселкесінде дүниеге келеді. Мектеп бітірген соң Алматыдағы Қазақ 

кен-металлургия институтына түсіп, оны ойдағыдай тәмамдайды. Кен 

инженері мамандығын алып шығады. Содан жолдамамен Қарағанды облысын-

дағы Жезқазған кен басқармасына тап болады. Атақты «Петро» шахтасын-

да ауысым, учаске бастығы, бас инженердің орынбасары қызметтерін атқа-

рады. Жезқазған кен басқармасы кәсіподағы комитетінің төрағасы, Оңтүстік 

Жезқазған кеніші парткомының хатшысы секілді жауапты істерді де талап-

тағыдай алып журеді. Мұнан кейінгі жұмыстар —Жезқазған қалалық партия 

комитетінің өндіріс-көлік бөлімінің меңгерушісі, Жезқазғанмыс қорыту зау-

ыты парткомының хатшысы, «Жезқазғантүстіметалдар» ғылыми-өндірістік 

бірлестігі кәсіподақ комитеті төрағасының орынбасары болып кете береді. 

Наградалар да баршылық. Кеудесінде «Құрмет белгісі» ордені, «Еңбектегі 

ерлігі үшін», «Еңбек ардагері» медальдары жарқырайды. 

Әзекеңнің зайыбы Айткүл Қуанышова болса ол да ақтөбелік-ырғыздық. 1935 

жылы туған. Ташкент қаласындағы ауылшаруашылық институтының эко-

номика факультетін бітіреді. Жезқазған кен-металлургия комбинатының 

күрделі құрылыс басқармасында табан аудармай отыз жылға жуық еңбек етеді..-

«Еңбек ардагері» медалінің иегері. Бес баланың анасы. 

әзім

 АҒАНЫҢ 

ӘҢГІМЕСІ 

Әкем Мұса Дайрабаев өткен ғасырдың алғашқы 

жылдарында халық ағарту саласында қажырлы-

лықпен қызмет еткен адамдардың бірі. Ол кісі 1882 

жылы Ырғыз уезінің Құбакөл ауылында дүниеге 

келеді. Орынбордағы мұғалімдік семинарияға 

түсіп, оны 1904 жылы бітіріп, елге оралады. 

Елге оралған соң, яғни 1909— 1920 жылдар ара-

лығында Ырғыздағы Ыбырай Алтынсарин салды-

рған мектепте, орыс-қазақ екі кластық училищеде 

оқытушы, директор қызметтерін атқарады. Мате-

матика, физика, химия пәндерінен сабақ береді. 

Аталған училищеде қазақ жеткіншектерімен бірге 

орыс балалары да  о қ ы ғ а н . Ырғыздағы ауыл 

мектептеріне қарағанда мұндағы берілетін білім 

тереңірек болған. Училищені бітіргендер далада 

қалмаған,  ұ с т а з д ы қ т ы ,  с о н д а й - а қ  б а с қ а  д а 

қызметтерді  а т қ а р ғ а н . Реті келгенде Ырғыз 

өңіріндегі ауыл мәдениетінің көтерілуіне, отбасы, 

ошақ қасты шаруаның соңында жүрген ата-ана-

лардың сауат ашуларына, балаларын оқытулары-

на әрдайым көмектесіп отырған. 

1917 жылдың 1 шілдесінде патша өкіметі қазақ 

облыстарында «малдың-жанның, жер-су, шаруа-

ның есебін» ала бастағаны тарихтан белгілі. 

«Қазақ» газетінің сол жылғы 234-і нөмірінде белгілі 

қайраткерлер Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұр-

сынов, Міржақып Дулатов бастаған зиялылардың 

қазақ халқын «есебін дұрыс» бермесе «ұрылады, 

ұтылады» деп дәл есеп беруге шақырған үндеу-

хаты жарияланды. Олар «Бұл жолғы есепте мал-

дың-жанның, жер-су, шаруаның есебін дұрыс» 

көрсету арқылы қазақ халқының байтақ жерінің 

аумағын, көлемін, тұтастығын сақтап, ұлттық 

мүддені қорғауды қолға алады. «Енді бұрынғы қате 

ізді баспалық, үлгілі жолға түселік, мына ұлы 



Әзім мен Айткүл. 

дүбірге қосылалық, тиісті бәйгемізден құр қал-

майық, жұрт болалық. Егер  қ а з а қ болып мұны 

істемесек, кейінгі нәсіл-нәсіптің көз жасына қалға-

ның... Заманның сазына көзіміз жеткен. Алда да со-

лай»дептүсіңдірді. «Торғай һәмЫрғызуезініңесебін 

алуға өзіміздің оқыған қазақжігіттерін лайық көрдік» 

деп ішінде менің әкем де бар 40 жігіттің есімі үндеу-

хатта атап көрсетілген. 

Білімді, тәрбиелі әрі халықарасында беделді әкем 

осы есеп алуға қатысып, тапсырманы 

жауапкершілікпен, тиянақтылықпен орындап шық-

қан. 

Зиялылардың есеп алудағы бұл құңды еңбектері 



кейін, 1920 жылы Қазақ АССР-ы құрылғанда ұлттық 

мүддені қорғауға негіз болғаны белгілі. 

1918 жылы Ырғызға Әліби Жанкелдин келеді. Жаңа 

өкімет орнату мәселесімен айналысады. Ырғыз 

жігіттерінен партизан отряды ұйымдастырылады. 

Осы жасаққа кірген Ұзақбай Құлымбетов, Баймен 

Алманов, Әбіш Тойбазаровтардың қатарында әкем 

д е б а р е д і . 

1920 жылы Ырғыз уездік революциялық комитеті 

мен жұмысшы-шаруалар, солдаттар депутаттары 

уездік кеңесі атқару комитетініңтөрағасы Темірбек 

Жүргенов болған кезде әкем осы комитеттің төра-

лқа мүшесі және саяси бюросының бастығы міндетін 

атқарды. 

Темірбек Жүргенов 1921 жылы оқуға кеткеннен 

кейін де әкей 1922 жылдың ақпан айына дейін Ырғ-

ыз уезінде президиум мүшесі, саяси бюро бастығы 

қызметін атқарды. Сол дүрбелең жылдары көкірегі 

ояу, ел үшін, ел бірлігі үшін қызмет еткен Ұзақбай 

Қүлымбетов, БайменАлманов, Темірбек Жүргенов-

термен қоян-қолтық жұмыс істеді. Әкем жоғарыда 

аты-жөндері аталған қайраткерлерден жасы жағы-

нан үлкенірек еді. Содан да ірі қалаға жұмысқа бар-

май 1922 жылдың басынан 1926жылдыңаяғынадейін 

Ақтөбе педтехникумында мұғалім және Ақтөбе гу-

берниялық оқу бөлімінің инспекторы, кейіннен бас-

қарушы болып қызмет етеді. 

Жазушы Ғалым Ахметов «Ағалар, сен таңда, 

жас ұрпақ, зерделе» деген бір еңбегінде «жиырма-

сыншы жылдары губерниялық оқу бөлімін Мұса 

Дайрабаев, Ақтөбе уездік оқу бөлімін Қуаныш 

Жұбанов басқарды. Екеуімен де қызметтес бол-

дым, өте жақсы адамдар еді» деп жазады. Тағдыр-

дың мынасына қарамайсың ба — сол екі кісінің 

балалары қосылып шаңырақ құрдық. 

Әкем Ақтөбедегі педагогикалық техникумда 

оқитын шәкірттеріне математика, физика 

пәндерінен дәріс берген. Техникум ұстаздары да 

кілең ығай мен сығайлар болған. Солардың бірі 

атақты тілші-ғалым, кейін Қазақ пединститутының 

профессоры болған, ол дүние салғанда «Құдай-

берген Жұбанов қазақ әдебиеті мен мәдениетінің 

мұхиты еді. Мұхитымыздан қапыда қол үзіп қал-

д ы қ қой» деп ұлы Мұқаң — Мұхтар Әуезовті 

күрсіндірген Құдайберген Жұбанов еді. Екеуі қат-

ты араласқан. Қ.Жұбановтан басқа ұстаздар 

ішінде Шах Үдербаев, Қуаныш Жұбанов, «Кедей» 

газетінің редакторы Кенжеғали Абдуллин және 

басқалар болған. Бұл педтехникум сол кезеңде 

Ақтөбе губерниясында алғашқы педагогтар дай-

ындайтын үлкен білім ұясы болды. Педтехникум 

түлектері жаңағы айтқан ұстаздардан тәлім-

тәрбие, тыңғылықты білім алып, ағарту, мәдени-

ет, қаржы (экономика саласында), басшы партия, 

кеңес қызметкерлері болып, еліне қызмет етті. 

Әкем 1927 жылдан 1937 жылға дейін Ырғыз қала-

сыңдағы Ыбырай Алтынсарин атындағы мектепте 

мұғалім, кейін директор болды. Осы жылдарда Ыр-

ғыздың көптеген жастарын оқытып, ауыл балала-

рын интернат үйіне тартып, жақсы тәлім-тәрбие 

бере білді. 

Мен үш жасқа толғанда әкем шешемді, мені 

алып Алматыға барыпты. Алматыда поездан 

түскен әкемді сол уақыттағы Қазақстанның оқу-

білім министрі Темірбек Жүргенов қарсы алып, 

съезге келген делегаттар үйіне орналастырған. 



Бұл суретп бұдан тура 

80 жыл бұрын, яғни 1926 жылы 

түсірілген. 

Мұнда Мұса Дайрабаев 

үшінші қатарда сол жақта 

бірінші тұр. Ал бірінші қатар-

дың бергі шетіндегі Қуаныш 

Жұбанов, осы қатардың оң жа-

ғындағы екінші—ұлтқа белгілі 

Құдайберген Жұбанов. 

Мысты өңір.-2006.-12 мамыр.-8 б. 



Ұ Р П А Ғ Ы 

сіңдіріп өсті 

Съезд Қазақстанның 15 жылдығына арналады. Әкем 

съезге қатысып, «Қазақстанға 15 жыл» медалімен 

марапатталады. Алайда, артынша адал қызметтері 

жоққа шығарылып, жалған жаланың құрбаны бола-

ды. 1937 жылдың 8 қарашасында тұтқындалып, 

түрмеге қамалды. Әлі есімде. 1937 жылдың күзі. Ыр-

ғыздағы үйімізге екі атты милиционер келіп, мені 

және інім Оразды сыртқа шығарып жіберіп тінту 

жүргізді. Әлгі екеу әкемді жаяу қалпында, алдары-

на салып айдап бара жатқаны көз алдымда. 1938 

жылы 2 ақпанда Ақтөбе облысы НКВД «үштігінің» 

үкімімен ол ату жазасына кесіледі. Кейін бұл жаза 

ұзақ мерзім түрмеде отыруға өзгертіледі. Сол кез-

де саяси тұтқындар туралы ешқандай мәлімет алуға 

мүмкіндік жоқ-тын. Ол жағын «мемлекеттік жазалау 

машинасы» өте құпия ұстаған. Сол себепті әкейдің 

сот үкімінен кейінгі тағдыры тіпті белгісіз болып 

қалған. Оның 1943 жылдың 12 қазанында түрмеде 

қайтыс болғаны тек кейін — саяси қуғын-сүргін 

құрбандары ақталған кезде ғана жарияланды. Ел 

мәдениетін көтеруге, мектептер аштыруға, балалар-

ды жаппай оқуға тартуға, педагог ұлт кадрларын 

дайындауға үлес қосқан ағартушы-ұстаз өмірінің 

беттері осындай. 

АЙТКҮЛ АПАНЫҢ 

ӘҢГІМЕСІ 

Әкем Қуаныш Жұбанов 1916 жылы Ақтөбедегі 

мұғалімдер семинариясын  б і т і р е д і . Сөйтіп, 

мұғалімдік қызмет атқарады. Сөйтіп жүргенде 1922 

жылы Ырғыз уездік оқу бөлімінің меңгерушісі 

қызметіне жоғарылатылады. Бұл қызметте 1925 жыл-

дың қазанына дейін болады. 

1925 жылдың бірінші қазанынан Ақтөбе губерни-

ялық оқу бөлімінің инспекторлығына және педаго-

гикалық техникумның мұғалімдігіне шақырылады, 

екі жұмысты қатар атқарды. 1927 жылдан 1929 жыл-

д ы ң аяғына дейін Ақтөбе уездік оқу бөлімінің 

меңгерушісі мен педагогикалық техникумдағы 

мұғалімдік қызметті де қоса атқарып жүреді. Ал, 

1932-1937 жылдары Арал қаласындағы балық ком-

бинатының оқу комбинатында мұғалім болып жұмыс 

істейді. 

Әкем сауатсыздықты жоюда, оқу-ағарту саласын-

да көп жұмыстар тындырған. Уезде 218 мектепті жа-

ңадан аштырған. Ол қызмет еткен педтехникумда 

қазақтың білімді, басшы кадрлары түлеп ұшқан. 

1937 жыл біздің отбасымызға да үлкен қасірет бо-

лып келді. Ауыл белсенділерінің жалған жаласымен 

әкем түрмеге жабылды. 1937 жылы 15 қарашада 

Ақтөбеде «үштіктің» шешімімен ең жоғарғы жазу — 

ату жазасына кесіледі. Сол жылы сол үкіммен аты-

лады. Тергеу кезінде ойлап тапқан айыптары: 

ұлттық шпиондық-диверсиялық бүлдіруші ұйымның 

белсеңді мүшесі, Алашорданың белгілі қайраткері... 

Әкем ұсталған кез еміс-еміс есімде қалды. Ауыл-

дағы бір апайдың үйінде отбасымызбен қонақта 

жүргенбіз. Сырттан әскери киімді екі адам кіріп 

кедді. Мен әкемнің алдында отырғанмын. 

— Сізге келдік, — деді әлгілер әкеме. 

Осыдан кейін бізді үйімізге жеткізді де әкемді 

өздерімен алып кетті. 

Әкем түрмеге жатқанда мамаммен бірге мен де 

барып тұрыппын. Кейде іштегілерді сыртқа шыға-

рып, сап түзеп түрғызып қояды екен. Мен солар-

дың ішіндегі әкеме қарап жүгіретін көрінемін. 

Әкеммен бірге ол отырған камераға да барыппын. 

Өзгелері есімде жоқ. 

Әкемді ұстап кеткеннен кейін екі баламен қалғ-

ан анам  к ө п  қ и ы н д ы қ т а р  к ө р е д і . Бірақ, 

кедергілердің бәріне төтеп береді. Сіңілім Мари-

ям екеумізді қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға 

шоқтырмай өсірді. Екеуміз де жоғары білім алдық. 

Үйлі-баранды болдық. 

Анам салмақты, көп сөйлемейтін, ұстамды, би-

язы,  т ө з і м д і ,  м е й і р і м д і , кешірімді кісі еді. 

Немерелерін де жақсы тәрбиеледі. 

Негізі анам жәй жерден шықпаған. Ырғыз тари-

хында айтулы Алаш азаматтарының қатарында Ал-

мат Тобабергенов пен оның баласы Самырат Ал-

матов құрметпен аталады. Олар көшпелі еліне оты-

рықшылдықты насихаттап, жерді иелену, 

мәдениетті игеру, ауыларасында салт-дәстүрдің 

озығын орнықтыру, лауазым құдіретін ел 

мүддесіне бағындыру қызметімен танылған. Алмат 

Орынбор губернаторының қарамағындағы 54-і ди-

станция бастығы лауазымына тағайындалып, за-

уряд-хорунжий мәртебесіне ие болады. Самырат 

та әкесінің ұлағатты тәрбиесімен бой түзеген. Бо-

лыс болған. 1913 жылы орынборлық делегация 

құрамында Романовтар әулетінің 300 жылдық 

мерекесіне қатысу үшін Петербургке барады. Са-

мыраттың адамдарға деген қайырымдылығы ерек-

ше болған. Менің анамның әкесі осы айтулы Са-

мыраттың үлкен ұлы Әбдіқадыр болатын. Ол кісі 

де зор атақтарымен төңірегіне танымал болған. 

Анам ұзақ өмір сүрді. Ол да әкесі сияқты 92 жа-

сында өмірден озды. 

*** 

Әзім ағамен Айткул апаны тыңдап отырып 

адам көңілі тебіренбеуі мүмкін емес. 

Қандай күрделі тағдыр еді! 

Әзім аға сөз арасында күйеулерінен жастай 

айрылған Мұса мен Куаныштың зайыптары

Айткүл екеуінің аналары Шынасыл мен 

Камиланың қайсарлықтары, төзімділіктері 

жөнінде де айрықша айтып өтті. 

Олар тағдырдың қатал ісіне мойынсұнбай 

балаларын аман-есен ержеткізу үшін қолдан 

келген мүмкіндіктің бәрін жасаған. 

Шынасыл ана қолхозда өгіз жеккен соқамен 

жер жыртқан. Қыс айларында шанамен шөп 

тасып, қоғам малын сақтауға үлес қосқан. 

Камила ана болса соғыс жылдары тұрмыс 

қажетін өтеу комбинатында жұмыс істеп, 

жауынгерлерге жүннен тон, жылы киімдер 

тіккен. Әзім Дайрабаев пен Айткүл Куанышова 

бес бала тәрбиелеп өсірді. Олардың бәрі де қазір 

қызмет істейді. Бірі әскери қызметкер болса, 

енді бірі кәсіпкер, енді біреуі ғылыми 

қызметкер... Немерелер де қарттардың көңілін 

жадыратып, шадыман шаттық сыйлап жүр. 

Өмірден көріп-түйгені мол ерлі-зайыпты 

Әзім мен Айткүл тәуелсіз Қазақ елінің 

өсіп-еркендеуіне, әлемдегі өркениетті елдермен 

терезесі тең болуына мудделі. 

"Өткеннің мұң-қайғысы, ауыртпалықтары 

өзімен кетсін. Енді қайтып көңілді қояу 

салмасын" дейді олар. 

Мысты өңір.-2006.-12 мамыр.-9 б. 






©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал