Халық ҚАҺарманы бауыржан момышұлының туғанына -100 жыл жүректе қалған 1975 жылғы мамыр айының 5 күні Оңтүстіктегі



жүктеу 45.36 Kb.

Дата10.09.2017
өлшемі45.36 Kb.

ХАЛЫҚ ҚАҺАРМАНЫ БАУЫРЖАН МОМЫШҰЛЫНЫҢ ТУҒАНЫНА -100 ЖЫЛ 

Жүректе қалған 

1975 жылғы мамыр айының 

5 күні Оңтүстіктегі «Сарыағаш» 

шипажайына жолым түсті. Ме-

нің алдымда ғана осында Қар-

қаралының тумасы, Сапар Ах-

метов ағай келген екен. Екеуміз 

шұрқыраса табысып, шипажай-

дың шығыс жағындағы, қос 

қабатты «Шахтер» деген кор-

пусынынан екі орындық бөлме 

алдық. 

Ертеңінде, таңғы асқа бара 



жатқанымызда Жамбыл облыс-

тық партия комитетінде нұсқау-

шы болып қызмет істейтін Зә-

уірбек деген жігітпен таныстық. 

Ол: «біздің корпустың екінші 

қабатындағы бір кісілік бөлмеге 

Баукең - Бауыржан Момышұлы 

орналасқан көрінеді. Мен әлі 

сәлем беріп үлгерген жоқпын», 

деді. Аты аңызға айналған ба-

тыр, даңқты қолбасшы, көрнекті 

жазушы, халқымыздың біртуар 

перзенті Бауыржан Момышұлы-

мен кездесіп, мүбарак қолын 

ұстап, сұхбаттасу кімге де болса 

зор қуаныш қой. Елең ете түстік. 

Батыр туралы жазылған 

А.Бектің «Арпалыс», М.Ғабдул-

линнің «Менің майдандас дос-

тарым», Д.Снегиннің «Шалғай 

шептерде», өзінің «Москва үшін 

шайқас» шығармаларының 

(Ә.Нұршайықовтың «Ақиқат пен 

аңыз», келіні З.Ахметованың 

«Шуақты күндер» кітаптары ке-

йінірек қолға тиді ғой) халық 

арасына кең тарап, қастерленгені, 

олармен өзімнің де таныстығым 

болар, жүздесуге құштарлығым 

артты. 


Алғашқы күні кездесуіміздің 

сэті түспеді. Ертеңінде Сапар 

ағай екеуміз корпустан аулақтау 

жерде, Баукеңнің түскі дәмге 

барар жолыңда күтіп тұр едік, 

баяу басып келе жатқанын бай-

қадық. Қолында таяғы бар. Кі-

таптан оқығанымыз, ел аузынан 

естігеніміз бар, «сұсты, қатал, 

турашыл» деген мінезіне қа-

нықпыз. Жүрек қағысымыз 

жиілеп, «сәлемімізді қалай қа-

былдар екен?», деп тұрмыз. Жа-

қындады. Сипаты біздің күтіп 

тұрғанымызды сезгендей. Таяна 

бергенде қос қолымызды бірдей 

созып, «Ассалаумағалайкум!» деп 

сәлем бердік. Қабағы сұсты екен. 

Бірақ, «Уағалайкумассалам!» деп 

қолымызды алды да ештеңе айт-

пастан, алған бағытымен жүре 

берді. 


Екі күннен кейін корпус-

тың алдындағы ағаштың көлең-

кесінде отырғанын көрдім. Қол-

таңбасын алайын деп, бөлмеден 

Ілияс Есенберлиннің «Алмас 

қылыш» романын алып шығып, 

сәлемдескеннен кейін, ойымда 

ештеңе жоқ, «Кешіріңіз... қолтаң-

баңыз!» деп кітапты ұстата 

бердім. Түсі суып кетті, алара 

қарап; «Қарағым, мен тек өз кі-

таптарыма ғана қолтаңба жа-

замын» деп, кітапты қолыма сылқ 

еткізді. Кешірім сұрадым. Қателік 

жасағаныма қысылып, қатты 

ыңгайсыздандым. Ертеңінде 

ем-домнан кейін шарқ ұрып із-

деп, Сарыағаш ауданының орта-

лығындағы кітап дүкенінен 

тауып, Баукеңнің «Ұшқан ұя» 

кітабының бірнешеуін сатып ал-

дым. Мақсатым - Батырмен қай-

та кездесіп, аз уақыт болса да сұх-

баттасу. 

Байқастап жүрміз, сәлем бе-

рушілер Баукеңнің бөлмесін бо-

сатпай қойды. Аптаға жуықтады. 

Бір күні сәтін салып, Сапар ағай, 

Зәуірбек үшеуміз бөлмесінде оңа-

ша қалғанындатап бастық. Есігіне 

таяғанымызда естідік, Мәдидің 

«Қаракесек» әнінің әуенін қоңыр 

даусына салып, айтып отыр 

екен. Арасында ыңылдап қояды. 

Аздап кідіріңкіреп, есікті ақырын 

тықылдатып қағып едік, арғы 

жақтан «да» деп күркіреген дауыс 

естілді. Үн жартасқа соққандай 

жаңғырығып естілді. Күн ыстық 

еді, әуе айналып жерге түскендей. 

Оған дүрсілдеген жүрек қосылды. 

Сәлем беріп, кіріп бардық. Ке-

реуетте жатыр екен, басын кө-

теріп, сәлемімізді қабылдап, қол 

алыстық. Аты-жөнімізді сұра-

ды. Қарағанды облысының Қар-

қаралы ауданынан келгенімізді 

айттым. «Киелі, аруақты жердің 

баласы екенсің, руың кім?» деп 

сауал тастады. Сұрақты маған 

қадап қойғаннан кейін, жал-

тақтамай жауап беруіме тура 

келді: «Қаракесекпіз» дедім ба-

тылданып. Жаңа біз есіктің сыр-

тынан естіген Мәдидің «Қара-

кесегінің» әуеніне салып ыңыл-

дай бастады да Баукең: «Сен 

маған балдыз екеніңді білесің 

бе?» деді. Ол кісінің алғашқы 

зайыбы, Бақытжанның анасы 

Жамал Қаллекидің - Қалибек 

Қуанышбаевтың қызы екенін 

біле тұрсам да, «Қалай жезде бо-

ласыз?» деп, жорта қарсы сұрақ 

қойдым. Сәл бөгелді де: «Мен 

Қаракесектің төрт қызын алдым» 

Алғашқыдағыдай емес, бо-

йымызды кеңге сала бастадық. 

Баукең де еркін әңгіме-дүкен 

құруға ыңғай білдірді. Қол-

тығыма қысып алып келген «Ұш-

қан ұя» кітабын қолына ұстата 

беріп, қолтаңба беруін сұрадым. 

Кітапты үн-түнсіз алды. «Не 

болар екен?» деген сыңаймен біз 

де үнсіз отырмыз. Қалам алап, 

кітап мұқабасының екінші бетіне 

араб қарпімен төрт жол өлең 

жазып, қолын қойды да маған 

ұстата берді. 

- Ау, жезде, арабша оқи 

алмаймын ғой, — дедім, тіпті, ер-

кіндеп. Кітапты қайтадан қолына 

алып, сол төрт жолды орыс 

қарпімен былай деп қайта түсіріп 

берді: 


Қап-қара Қаракесек 

күңнен туған, 

Би болып Қазыбегі бетін жуған. 

Атақты Ұлы Жүздің 

Бауыржаны 

Олардың өтпей жатқан 

қызын алған. 

Осы бір шумақты дауыстап 

оқып берді де, бетіме қарады. 

Қалай жауап береді деген оймен 

сынады ма, әлде намыстанып, 

шамданар ма екен күдігі болды 

ма, менің тарапымнан әрекет 

күткені байқалды. Сабырлы 

қалпымды бұзбай, аз ойланып: 

- Бауке, Сіздей аты аңызға 

айналған, әлемге әйгілі Ба-

тыр жезде тауып берген апала-

рымның-Қаркесектің қыздары-

ның талғамы өте жоғары бол-

ғанына мақтанып отырмын. Мұ-

ны өзіңіз де мойындайтын шы-

ғарсыз,- дедім. 

Кереуетте отырған Баукең 

жылы шырай білдіріп, орнынан 

сәл көтеріліп: «Мынаны қара, 

мынау мені жеңді» деп, қолын 

созып, алақанымды алды. Бау-

кеңнің ризашылығына ие болға-

ныма біршама көңілім көтеріліп 

қалды. Менен соң Сапар ағай 

да қолындағы кітабын ұсынды. 

Батыр бұл жолы да алдымен араб-

ша, одан соң кирилицамен: 

«Сапарға 

Нағашың қалмақ  б о л с а да, 

атаң қазақ екені көрініп тұр. 

«Төрт рет жездең», деп жа-

зып, қол қойып, қайтарды. 

Осыдан кейін Баукең жы-

лы шырай танытып, жезде мен 

балдыздар арасындағы жара-

сымды әзілге ерік беріп, әдемі 

сұхбаттастық. Демалысы бітіп, 

Баукең Алматыға қайтқанша ма-

ңайында болдық. Ұтымды сө-

зім ұнаған болуы керек, маған 

шапаны мен бөркін кигізіп, су-

ретке де түстік. 

Батыр үйіне қайтар қарсаңда, 

түстіктен кейін асханадан шыға 

беріс дәлізде тыныстап, Баукеңнің 

жанында жақын аталас келіні, 

одан соң мен отыр едік, жасы елуді 

алқымдап қалған, орта бойлы, 

толықтау, қарақат көз, қызыл 

шырайлы, әдемі де сүйкімді бір 

келіншек келіп, сәлемдесті де, 

кешірім сұрап, Батырға: «Сіз Ал-

матыға қайтады деп естіп едім, 

қашан жолға шығасыз?», - деді. 

Ақсақал тіктеніп: «Ертең қай-

там», деп жауап берді. «Сіздің 

Алматыдағы мекен-жайыңызды 

жазып алсам», деді келіншек 

тағы да. Тілінің «қотыры» бар 

Баукең ойланбастан: «Алматыда 

мені қай қатынымның үйінен та-

басың?», деп салды. Әдемі әйел 

уытты жауапқа қарсы ештеңе 

айта алмай, ыңғайсызданып, 

қып-қызыл болып, «кешіріңіз» 

деп кетіп қалды. «Көке,— деді 

жанында отырған келіні реніш 

білдіріп,— ұят болды ғой, неге 

дұрыс жауап бермедіңіз». 

Батырдың қабағы түксиіп кетті:--

Е-е, не боп қалды?! 

—Жаңағы кісінің сізге 

жолығайын деп келген себебі, 

әңгімелесіп, өмір жолыңызға 

қатысты сауалдар қойғысы 

келеді. Өзі араб, жапон тілдерін 

жетік меңгерген маман. Сіз 

туралы жазбақшы ойы бар 

тәрізді. 

- Е, оны қайдан білейін. Он 

бес минуттан кейін өзім жатқан 

корпустың алдына келсін, 

сен барып хабарла, сол жерде 

күтемін,— деді Баукең орнынан 

тұра беріп. 

Әңгімені естіп алғаннан 

кейін, кездесу қалай болар екен 

деп, сырттан байқастадық. Тура 

15 минут уақыттан кейін Баукең 

де, әлгі келіншек те уәделі жерде 

тоқайласты. Сұхбаттың соңын 

тосқан жоқпыз, өз жөнімізге кете 

бардық. Ертеңінде бізге жақсы 

ықылас-ниетін, батасын берген 

қартты Алматыға шығарып сал-

дық. 

Міне, мен көрген, тілдесу 



бақытына ие болған Баукең, қа-

зақ деген мәрт халықтың қа-

һарман ұлы осындай, өз ағат-

тығын мойындай алған, үлкен 

басын кішірейте білген тау Тұл-

ға еді. Кейінірек мүмкін бол-

ған жерлерде Батырдың кітап-

тарынан оқып, ойға тоқыған 

есті сөздерді айта жүрдім. 

Үлгілі өнегесін, әсіресе, өске-

лең ұрпақтың санасына орнық-

тыруға тырыстым. Ұлы Отан 

соғысындағы жеңістің 60 жыл-

дық мерекесі қарсаңында Қара-

гандының іргесіндегі Доскей 

аулындағы музыка мектебінің 

қабырғаларына Бауыржан Мо-

мышұлының өмір жолы мен 

патриоттық, отаншылдық маз-

мұндағы, тәрбиелік мэні зор на-

қылдары мен мәтелдерін ілгізіп 

қойдым. 


Қазір үйімде Баукең екеуміз-

дің Сарыағаш шипажайында 

түскен суретіміздің үлкейтілген 

көшірмесі тұр. Бұл - сонау бір 

әдемі де әсерлі күндердің аяулы 

ескерткіші. 



Боранқұл ЫСҚАҚҰЛЫ. 

СУРЕТТЕ: қазақ халқының 



қаһарман ұлы

 Бауыржан Мо-

мышұлы мен Боранқұл Ысқақ-

ұлы. 

Орталық Қазақстан.-2010.-6 қараша (№181-182).-5 б. 

ЖҮЗДЕСУ 




©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал